Н. Ж. Шаймерденова п І к І р б І л д І р г е н д е р



жүктеу 0.87 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата24.03.2017
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.5 Ӛмір, дүние ұғымдарына байланысты  
метафоралардың түрлері 
 
Кӛркем 
әдебиетте, 
әсіресе 
прозалық 
шығармаларда 
жазушының  астарлы  ойлары  жазушы  метафоралары  деп  те 
аталады. Осы уақытқа дейін метафоралар тек поэзия тілінде ғана 
ӛрісі  ӛте  кең  деп  айтылып  келді.  Бірақ  қазақ  прозасын  биік 
шыңдарға кӛтеріп жүрген жазушыларымыздың  шығармаларында 
метафоралардың кӛптеп кездесуін кӛре аламыз. Ә.Нұрпейісовтің 
“Соңғы  парыз”  романы  –  терең    метафоралық  ой-толғаныстарға 
құрылған үздік шығарма. 
Сен тұтқиыл бұзылған түсі суық дүниеге шошына қарадың 
(298-б.). Ӛмірдегі қиналысты сипаттаушы автор дүниені адамдар 
бейнесіне  айналдырғандай  елестетеміз.    Ең  алдымен,  автордың 
сӛйлемде ӛзек етіп алған дүние сӛзінің мағынасын ашып алайық. 
Қазақ  тілінің  түсіндірме  сӛздігінде  Дүние  ар.  зат.  1.  Ӛмір, 
тіршілік. 2. Зат, мүлік, жиһаз, нәрсе. 3. Әлем, жер-жүзі, жиһан. 4. 
Табиғат,  жаратылыс.  5.  Табиғат  пен  қоғамдағы  белгілі  ортадағы 
ӛмір  сүретіндердің  тобы,  жиынтығы.  6.  Ауыс.  Белгілі  сӛздермен 
қосылып, мол, кӛп деген ұғымды білдіреді
1
. Бұл сӛйлемде дүние 
сӛзін қаламгер үшінші жер-жүзі мағынасында қолданып тұр. 
Таң  алдында  жауған  қардан  кейін  осынау  буалдыр  мұнар 
ішінде  түсі  суық  түксиген  дүние  –  мұзда  да,  жер  де  –  түгел 
аппақ  (13-б.).  Ӛмірдегі  қиналысты,  қатігездікті  сипаттаған  автор 
дүниені  адамдар  бейнесіне  айналдырғандай  сезінеміз.    Түкси  ет. 
Ашулы,  кейіп  кӛрсету,  қабағын  қарс  жабу
2
.    Қазақ  жазушылары 
түксиген  дегенді  жалпы  адамды,  яғни  тірі  жандарды  сипаттап, 
бейнелегенде кӛркемдеу үшін қолданады. Мұнда қаламгер ӛзінің 
                                                 
1
 Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі. – Алматы: Ғылым, 1976. – І т. –204-бет. 
2
 Сонда, 328-бет. 

 
65 
ӛмірге деген кӛзқарасымен, әлемді тануымын қоршаған ортаға  – 
жер-жүзіне  жан  бітіре,  оқырманға  соншама  әсерлі  етіп  жеткізіп 
бере  алған.  Мұндай  бейнелі  метафоралық  тіркес  қазір  тек 
суреткердің  ӛзінің  жеке  қолданысында  болғанымен,  ауыздан-
ауызға  таралып,    бірте-бірте  жатталады.  Сӛйтіп  соңында 
жалпыхалықтық  сипат  алып,  тілге  сіңісіп  халықтық  мүлікке 
айналуы мүмкін. 
Әшейінде  шексіз  кӛрінетін  далиған  дүниенің  бұл  кәзір, 
таусылған  жеріне  кеп  тұрғандай  (249-б.).  Заршылық  пен 
жоқшылық  қаһарына  ұшыраған  кейіпкер  ойын  танып  тұрмыз.  
Дали    ет.  1.  Кең  кӛлемді  алып,  жайылып,  созылып  жату.      2. 
Киімнің  етек-жеңі  шектен  тыс  кең  болу.  3.  Ауыс.  Масаттану, 
кӛңілі  шалқу,  мақтану
1
.  Жазушы  далиған  дүниені  бірінші 
мағынасында сын есімді тұлғалы метафора тұрғысында қолданып 
тұр. 
Сосын  тағы  да  ішінен:  “боқ  дүниенің  әуселесі  белгілі  еді 
ғой...” (246-б.). Дүние боқ. Опасыз ӛмір, алдамшы тірлік
2
. Жалпы 
бұл  тіркес  батырлар  жырында,  Манас  жырларында  кездеседі. 
Қаламгерлердің 
барлығының 
туындыларынан 
ӛмірден 
түңілгенде, 
азап 
тірлікті 
бастарынан 
кешкен 
кездегі 
кейіпкерлердің ойынан әлгіндегідей тіркестерді оқи аламыз.  Сол 
сияқты аталмыш жазушының қолданып отырған метафорасы осы 
негізде жасалған. 
Сонда  осы  адыра  қалғыр  боқ  дүние  аш  халыққа  жүрек 
жалғар не ас болуға, не кӛмусіз қалмаппа еді?... (246-б.).  Мұнда 
ӛмірден  әбден  мезі  болған  кейіпкер  бейнесін  кӛріп  тұрмыз. 
Ашынған  кейіпкердің  сӛзі  арқылы  автор  жаңа  метафоралық 
тіркестерді  дүниеге  әкелгенін  де  байқадық.  Бұл  сӛйлемде  де 
метафоралық  қолданыс  жоғарыдағы  келтірілген  мысалдарға 
сәйкес  келеді.  Яғни  ӛкініш  пен  жиіркеніш  араласқан  кейіпкер, 
ішіне  алай-дүлей  күйкі  тірліктің  кіржіңі  түскен  налушы 
(кейіпкер)  ӛмірдің  қаталдығын  сұм  деп  жеткізеді.  Жалпы, 
шығармада  автордың  ӛмірді,  заманды,  дүниені  суреттеуі  сол 
кезеңдегі 
халықтың 
тұрмыс-тіршілігімен, 
қоғамдағы 
іс-
әрекеттермен тығыз байланысты, ӛйткені, жазушы сол қоғамға ӛз 
кӛзқарасымен  қарап,  жан-тәнімен  суреттеуінен,    бейнелі 
                                                 
1
  Телия    В.  Н.    Вторичная  номинация  и  ее  виды  //  Языковая  номинация:  Виды 
наименований. – М., 1977. – С. 42. 
2
 Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі. – Алматы: Ғылым, 1976. – І т. –205-бет. 

 
66 
құралдарды  кӛптеп  қолдануынан    оқырман  қауым  бірден  әдемі 
әсер алады. 
Жазушы бір ғана дүние лексикасымен бірнеше метафоралық 
тіркестер  жасаған.  Келтірілген  мысалдардағы  метафоралар 
сырттай  ұқсастығынан  гӛрі,  логикалық-мағыналық  қана 
ұқсастықтары  сақталып  түзілген.  Дүниенің  астаң-кестеңін, 
заманның ӛзгеруін, ӛмір кӛрінісін кӛзбен кӛріп отырғанымыздай, 
нанымды  етіп,  бірнеше  бейнеде  жасаған.  Логикалық,  бейнелік 
ұқсастықтан  құрылған  бұл  секілді  тіркестердің  бойындағы 
кӛркемдеу  мәні  ерекше.  Метафоралық  тіркестер,  ең  алдымен, 
образды  суреттеу  тәсілі  болып  табылады.  Дүние  сӛзінен 
құрылған  метафоралар  әр  сӛйлемде  әр  түрлі  бейнелі  құбылысты 
танытады. 
Яғни 
метафора 
транспозициясы 
автордың 
қолданысында ӛзіндік сипат алады. Мұнда автор дүниені бір ғана 
бейнелі  образбен  суреттесе  болар  еді.  Бірақ  суреткердің 
шеберлігінің  арқасында  бірнеше  сӛз  тіркесіне,  яғни  метафора 
транспозициясына айналып тұр. Мұнда зат есім арқылы берілген 
“дүние”  сӛзі  образ  жасауға  негізгі  желі  болып  тұрғаны  анық. 
Қаламгер  дүниенің  ішіне  халықты,  тілді,  дінді,  мәдениетті, 
табиғатты  –  бәрін  кіргізу  негізінде  ӛзіндік  жеке-дара  образын 
жасаған. 
Тілдік  және  әдеби  тұрғыдан  статистикалық  қалпында  бӛліп 
қарағандықтан, метафораның тілді байытудағы, дамытудағы рӛлі 
әлі  де  толық  еленбей  келеді.  Метафораның  сӛздік  құрамды 
байытып,  дамытудағы  рӛлін  байқау  үшін  семантикалық-
стилистикалық  тұрғыдан  біріктіріп,  ӛзара  шарттас,  тығыз 
байланыста  зерттеу  керек.  Сонда  ғана  тілдегі  метафоралардың 
қалай пайда болғанын кӛз алдымызға елестете аламыз. 
Сӛз  зергерлерінің  тіліндегі  айшықты  сӛз  кестесі  – 
метафораның  қолданылу  аясы  ӛте  кең.  Метафора  –  мәтіннің 
экспрессивтік  бояуын,  стильдік  қасиетін  арттыратын  тілдік 
құрал. 
Сӛздердің  мағына  ауыстыру  арқылы  образ  жасалса,  мағына 
ауысуы  үшін  сӛздердің  бір-бірімен  тіркесуі  қажет,  сонда  ғана 
сӛздің  негізгі  мағынасына  қосымша  мағына  үстеледі.  Мысалы: 
Ӛмірінде түк бітірмей бір тұтам ӛмірді пұшайманмен ӛткізген 
неменің  дәмесін  қарай  гӛр!  (242-б.).  Сӛйлемінде  қаламгер 
ӛмірінде  бір  адамға  жақсылық  жасап,  қуаныш  сыйлай  алмаған 

 
67 
кейіпкердің  ӛмірін,  ӛлшемін  “бір  тұтам”  деп  кӛрсету  арқылы 
оның ӛмірден қомақты үлес алмағанын  түрлендіре кӛрсеткен. 
Ӛмір мен ӛлім – толғана білген жазушының қай қайсысының 
да  қалам  тартқан  тақырыптары.  Суреткер  ӛмір  мен  ӛлімді  жай 
хабарлау үшін сӛз етпейді, сонымен қатар тірліктегі ӛмірдің мәні 
мұндағы  сан  алуан  құбылыстары  мен  кейіпкердің  ӛмірдегі  орны 
жайындағы  ӛз  пайымын  толғау  үшін  ӛмір  мен  ӛлім 
тақырыптарын  метафораланған  сӛз  тіркестерімен  ӛрнектейді. 
Мәселен, Арпалыста ӛткен мына ит жегір ӛмірдің ақырғы демі 
ертең бітіп, қара жердің қойнына қалай кірді, солай борасын қар 
астында кӛмілген әлгі із сияқты сен де зым-зия жоқсың (247-б.). 
Шығарманың  мазмұнының  ӛмір  тіршілікке  арналған 
жерлерінде жазушы жай бейтарап мәнді жеке не күрделі сӛздерді 
қолданудан жиірек жүгініп, оқиғаны жай баяндамай, сол нәрсені 
суреттейді.  Жарықтықты  бұл  шын  аяды:  не  туғаны,  не  ӛлгені 
ешкімді  селт  еткізбейтін  осындай  қадірсіз  ӛмірдің  керегі 
қанша? (313-б.). Сӛйлеміндегі “қадірсіз” сын есімінің әдеттегідей 
“адам”  сӛзімен  тіркеспей  “ӛмір”  зат  есімімен  метафоралы 
компонент  жасауы  сӛйлемнің  экспрессивті  бояуын  қанықтыра 
түсетіні сӛзсіз. 
Бәрі кемді күн кӛз алдар, кӛңіл аулар ӛлшеулі болғанда, қайта 
осы мына адам бойындағы сезімнің ӛмірі ұзақ (159-б). 
Жоғарыдағы мысалда ілік жалғаулы абстрактілі зат есім мен 
зат есім тіркесіп, зат пен заттың табиғи байланысын білдіріп тұр. 
Яғни  зат  есім  тәуелденіп,  ілік  жалғаулы  сӛзбен  матаса 
байланысып,  меншіктілік  және  табиғи  қатынасты  айқындап 
тұрғаны  хақ.  Мұнда  жазушы  метафораны  ұтымды  қолдану 
арқылы  адам  бойындағы  сезім  пернелерінің  иірімдерін  сәтті 
суреттеген.  Жалпы  халықтық  тілдегі  бейнелілік  пен  кӛркем 
сӛздегі  бейнеліліктің  бірдей  болмайтыны  белгілі.  Яғни, 
жалпытілдік  образдар  –  кӛпшіліктің  меншігі,  ал  кӛркем  тілдегі 
образдар – жеке қаламгердің табысы, олардың беретін мағынада 
контексте айқындалмақ. 
Атрибуттық  қатынаста  жұмсалатын  сӛздердің  негізгі  түрі  – 
сын  есімдерден  болған  анықтауыштар.  Сын  есім  ӛздеріне  тән 
қасиеттерімен байланысты заттың сапалық белгілерін я тікелей, я 
ол  заттың  басқа  затқа  қатысы  арқылы  білдіретіні  белгілі. 
Анықтауыштар  сӛйлемде  заттың  әр  түрлі  белгісі  болып, 
бағыныңқы  мүше  ретінде  жұмсалғанымен,  олар  анықтайтын 

 
68 
затына,  сонымен  қатар  түгел  сӛйлемге  кӛңіл  бӛліп,  әсерлі  етіп 
тұрады.  Сондықтан  олар  әдебиетте  кӛрікті  ойдың  кӛркем  бояуы 
қызметінде  де  жұмсалады.  Тӛменде  келтірілген  мысалдарда 
дүние, тірлік зат есімдері метафора сын есімдерден оқшауланбай, 
қатар тұрып, қабыса байланысады. 
Ұзын  қара  кісі  артына  бұрышы,    бүгін  ертеңгісін  осында 
келерде атын тұсап қалдырған жағаға назар салып еді; бұлтты 
аспан  астында  мұнартқан  осынау  бұлыңғыр  дүниеден  жалғыз 
Бел-Аран бойын асырып тұр екен (131-б.). 
Сосын  шанаға  бұрылып,  қасқыр  ішікке  оранып  алған  әйелге 
қолын созып еді, Бәкизат шанадан түсуін түссе де, бірақ қас пен 
кӛздің  арасында  кӛктен  жауып,  жерден  борап  кеткен  мына  ақ 
түтек дүниеге  үрейлене қарап, аяғын  ілгері баспай қойды  (252-
б.). 
...қыз  ба  әлде  күйеуге  жаңа  шыққан  келіншек  болса  да  ӛзі 
білсін;  әйтеуір  осынау  кісі  бойын  еңселеп  баса  түскен  жер 
бетіндегі    жүдеу  тірлікке  қазинесі  кең  Құдайдың  құдіретімен 
кӛктен  жіберген  жалғыз  кӛз  қуанышындай  бір  әдемі  бикешті 
бұл жанына тақап келгенде кӛрді (310-б.). 
Сонымен  қатар  бұлыңғыр  дүние,  ақ  түтек  дүние,  жүдеу 
тірлік  сияқты  қолданыстардың  ұсынылуы  жазушы  тілінің 
ерекшелігін  танытпайды,  ӛйткені  бұл  тәсілді  ӛзгелерде 
қолданады,  бірақ  суреткердің  шеберлігін  кӛрсетеді.  Шеберлік  – 
кӛркем  шығармадағы  мазмұн  мен  түрдің,  яғни  идея  мен  оның 
тілдегі кӛрінісінің үйлесімі. Атадан балаға мұра ретінде сабақтаса 
беріліп  отыратын  қоғамдық,  табиғи  құбылыстарды,  ӛзгерістерді 
әр ұрпақ ӛз керегінше бағалап, сұрыптап, кейбір ӛзгерістер жасап 
келесі  ұрпаққа  қалдырады.  Мұндай  болмаған  жағдайда,  онда 
адамзат тарихында даму болмаған болар еді. 
Мұнда  бұлыңғыр  дүние,  ақ  түтек  дүние,  жүдеу  тірлік 
ауыспалы 
мағынасында 
жұмсалып, 
жеке 
автордың 
қолданысындағы  метафораларға  жатады.  Себебі,  жазушы-
ларымыздың  шығармаларын  оқи  отырып,    бұл  тіркес  тек  қана 
Қазақ  тілінің  түсіндірме  сӛздігінде  берілгендей,  “Соңғы  парыз” 
романындағы тіркесті кездестіре алмаймыз. 
Жазушы  шеберлігі  оның  тілінің  образға  байлығымен, 
ұйқасты  тапқырлығымен,  сӛйлеу,  жазу  үлгісінің  сонылығымен 
ерекше  кӛзге  түседі.  Суреткерлік,  ӛмірді  сурет,  образ  арқылы 
тану,  бейнелеу,  керекті  жерінде  оған  ӛзінің  ой-толғаныстарын 

 
69 
қосу  –  Ә.Нұрпейісовтің  жазушылық  ӛнерінің  басты  белгілері. 
Жазушы стиліндегі осындай әр қилылықтың түйіндесуі қат-қабат 
ӛмір  шындығын,  соған  деген  заман  кӛзқарасын  айқындау  үшін 
әдейі алғанға ұқсайды. 
...аспан асты азынаған айқай жел, ӛкірген теңіз, ежектеген 
толқын,  сәт  сайын  сатыр-сұтыр,  күтір-күтір  қирап  жатқан 
сең (389-б.). 
...тӛбеден ауған ай, әлгі бірде бұлтқа кіріп теңіз үстін ауыр 
қараңғылық басып, түнеріп тұрған-ды (385-б.) 
Осы  сӛйлемдерде  суреткердің  желдің  соғуын  азынаған 
айқайға, теңіздің толқуын адамның ӛкірген дауысына, теңіз үстін 
басқан қараңғылықтың мысының басымдығын кӛрсету үшін ауыр 
сӛзін  метафораларын  қолдануы.  Жазушы  тілінің  байлығы  мен 
бейнелігін танытады. 
Ә.Нұрпейісовтің  терең  тебіреніп,  қинала  толғанудан  туған 
шығармаларының  мазмұны  терең,  астары  қалың,  құрылысы 
қызық,  күрделі.  Жазушының  шабытын  шалқытып  суреттеген 
оқиғаларының  психологиялық  күйі  оның  сӛздерінің  екпін-
ырғағынан,  түйдек-түйдек  оралымдарынан,  сәтті  айтылған 
метафораларынан анық кӛрінеді. 
Ӛзегін  ӛртеп  бара  жатқан  сауалды  Жәдігер  ӛзінен  де  гӛрі 
осынау  рахымнан  нышан  сезілмей,  түнеріп  тұрған  түсі  суық 
дүниенің дәл ӛзінен сұрағысы кеп кетті (399-б.). 
Адамзат ӛзін қоршаған дүниені немесе ӛмірде болып жатқан 
құбылыстарды,  олардың  түрлі  қасиеттерін  сезім  мүшелері 
арқылы  қабылдап  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  құбылыс 
туралы  ӛз  кӛзқарастарын  білдіріп,  оны  ӛзгертуге,  ӛзіне  ыңғайлы 
түрде қайта жасауға әрекет жасайды. Сондықтан дүниені тану тек 
сезім  мүшелері  арқылы  оның  кӛшірмесін  қабылдау  ғана  деп 
түсінбеу  керек,  сонымен  қатар  қабылданған,  түйсінген 
мәліметтерді  адам  ойының,  санасының  елегінен  ӛткізіп,  оған 
ӛзінше  баға  беруге  тырысады.  Сол  сияқты  бұл  мысалдан  кӛріп 
отырғанымыздай ӛмірге деген, дүниеге деген ӛз түйген, түйсінген 
ойын  метафоралар  арқылы  жеткізіп  отыр.  Адамзат  қоршаған 
дүниеге,  ӛзі  ӛмір  сүретін  ортаға,  ондағы  болып  жатқан 
құбылыстарға  баға  беріп,  кӛзқарасын  білдіре  алмаса,  онда 
мәліметтің жинақтық бейнесін жасап, ӛз қажетіне сай пайдалана 
алмаған болар еді. 

 
70 
Әр  жазушы  ӛз  тілінде  дүние,  әлем  туралы  түсінігін  түрлі 
тілдік  фактілер  арқылы  кесіп,  пішеді.  Қоршаған  әлемнің  тілдік 
суреті  негізінен  алғанда  адамдар  санасындағы  дүниенің 
логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар 
арасындағы 
ұқсастық 
ұғым 
категорияларын 
жасайтын 
лексикалардың  толығуымен  әсер  етеді.  Сол  ұғым  түрлеріне  Ә. 
Нұрпейісов  метафора  арқылы  тұтастай  алғандағы  берген 
бағалары  тілдің  негізін  құрады,  әлемнің  ондағы  ұлт 
ерекшеліктерін танып білуге болады. 
Дүние,  ӛмір,  қоршаған  ғаламзат  кӛрінісі  шынында  да  зат 
құбылыс,  әрекеттердің  жинағы  сияқты  ғана  емес,  бұл  кӛріністер 
де қаншалықты нақтылы болса, оны қабылдап, танушы адамның 
да ӛзіндік ішкі кӛзқарасы да соншалықты нақты. Мұнда аталмыш 
қаламгер  ӛзі  таныған  іс  әрекет,  зат,  құбылысты  қабылдап  қана 
қоймай,  ӛз  түсінік,  әсерін  ӛз  ұлт  тілінде  кесіп,  пішіп  халыққа 
жеткізіп отыр [5 сурет]. 
Кӛркем  шығарманың  эстетикалық  әсерін,  автордың  ӛзіндік 
қолтаңбасын  стильдік  ерекшеліктерімен,  сондай-ақ  әр  түрлі 
әлеуметтік  мәдени  факторларды  баяндаудағы  тілдік  қордың 
байлығын  қаншалықты  жүзеге  асырғандығы  ӛрнекті  сӛздер 
табиғатын  танып  біліп,  жұмсай  алғандығынан  да  байқалады. 
Алайда мұнда автор кӛркем сӛз шебері ретінде метафорасыз сӛз 
құрауы мүмкін емес. 
Метафораның Ә.Нұрпейісовтің “Соңғы парыз” романындағы 
семантикалық  табиғатын  ашып,  айқындауда  оның  барлық 
мағыналық  сипаттардың  нысандарына  атау  бола  білу  қабілеті 
метафораның тілдік құбылыс ретіндегі әмбебаптығын дәлелдейді. 
К.К.Жоль    былай  деп  орынды  атап  кӛрсетеді:  “Метафора  – 
бұл  белгілі  бір  түрде  сынақ  алаңы  десе  болады,  онда 
пәлсапашылар мен психологтар  тілдің нақты деректеріне  сүйене 
отырып,  ойлау  мен  сананың  қызметі  мен  дамуының 
заңдылықтарын ашуға талпынады. Бәрімізге белгілі, сана жағдаят 
мәселелері  кезінде  белсенді  түрде  әрекет  жасайды.  Бұл 
шығармашылық  іс-әрекет  ӛзінен  ӛзі  тумайды,  ол  адамның 
қоршаған ортадағы ӛзгерістерге, қажеттіліктер мен құндылықтар 
жүйесіндегі ӛзгерістерге жауабы болып табылады”
1
. Мұнда автор 
                                                 
1
  Жоль    К.  К.      Мысль.  Слово.  Метафора.  Проблемы  семантика  в  философском 
освещении. – Киев: Наука ва думка, 1984. –С. 75. 
 

 
71 
метафораның  ойлау  жүйесінде  ерекше  орын  алатындығын 
айрықша айтып отыр. Шынында да, жазба және сӛйлеу тілімізде, 
әсіресе кӛркем әдебиетте, яғни прозалық шығармаларда метафора 
сӛз  әсемдігі  үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге  айқын  бейне  жасау 
үшін де қажет. 
Әдебиет  теориясының  қалыптасуына  ӛз  ықпалын  тигізіп 
жүрген  белгігі  ғалым  З.Қабдолов  метафораға  тӛмендегідей 
анықтама береді: “Әдеби тілдегі ең басты құбылыстардың бірі  – 
ауыстыру,  яки  метафора  сӛз  мәнінің  ӛңдерін  ӛзгертіп  айту, 
суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындап, ажарландыра 
түсу үшін оларды ӛздеріне ұқсас ӛзге затқа не құбылысқа балау. 
Сӛйтіп,  суреттеліп  отырған  заттың  не  құбылыстың  мағынасын 
үстеу мазмұнын тереңдетіп әсерін күшейту”
1

Қаламгер  тілінде  ең  алдымен,  идеялық-эстетикалық, 
кӛркемдік-құндылық  және  стильдік  мақсатта  жұмсалатын 
құбылыстың  бірі  –  метафора.  Осы  мақсаттағы  метафоралардың 
құрылымдық сипатының ӛзі алуан түрлі екені бірден байқалады. 
Метафора 
автордың 
ойлау 
қабілетіне, 
дүниетанымына 
байланысты  болып  келеді.  Сондықтан  метафораның  басқа 
түрлерімен  қатар,  авторлық  немесе  индивидуалды-авторлық 
метафораға  ерекше  кӛңіл  бӛлуге  тура  келеді.  Мұндай 
метафоралар  әрі  жазушының  шығарма  тілінің  кӛркемдігі  мен 
мазмұнының  тереңдігін  танытады.  Индивидуалды-авторлық 
метафоралар 
басқа 
метафоралармен 
салыстырғанда, 
кӛркемдігімен,  мағына  тереңдігімен  ерекшелінеді
2
.  Аталмыш 
жазушының  тілінде  метафоралық  сӛз  саптаудың  стильдік  сыры 
терең,  мәні  жан-жақты.  Кейбір  метафораның  жай  түрінің  күш-
қуаты  шындыққа  негізделген  болса,  яғни  балап  отырған  зат 
баланып  отырған  затқа  сырттай  болсын,  іштей  болсын 
ұқсастықты  сақтап  бейнеленген  болса,  ал  енді  бірқатар 
метафораларды  қолдануда  сырттай  ұқсастықты  сақтамай, 
логикалық-мағыналық  қана  ұқсастығы  бар  заттарды  не 
құбылысты бір-біріне телу арқылы кӛркемдеу де бар. 
Әрине  бұл  метафоралар  күнделікті  ӛмірде  немесе  басқа  да 
жазушыларымыздың  шығармаларында  қолданылып  жүргенімен, 
автордың  жеке  суреттеу  қабілеті  мен  тілдік  мол  байлығын 
                                                 
1
 Қабдолов  З.   Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1983.  – 456-бет.  
2
 Хасанов  Б.   Қазақ тілінде сӛздердің метафоралы қолданылуы. – Алматы, 1966. – 26-
бет.   

 
72 
байқауымызға  болады.  Бұдан  Ә.Нұрпейісов  туындысында 
бейнелеу  құралдарын  әр  алуан  кӛркемдік  бояу  бере  отырып 
пайдаланатынын  байқауымызға  болады.    Қаламгер  метафорасы 
заттардың сыртқы пішініне қатысты ақпараттарды айқындап қана 
қоймайды.  Сонымен  қатар,  беріп  нысандардың  әртүрлі  қасиетін 
ашуда да белсенді. Мұнда түсі, сапасы, түрі т.б. белгілері арқылы 
бір заттың немесе құбылыстың қасиетін бейнелі жеткізіп отыр. 
Ойды  образға  құрғанда  тілдегі  метафора  құбылысы  тәрізді 
бейнелеу  құралдары  жалаң  салыстыру  шеңберінде  ғана  қалып 
қоймайды.  Оның  қолданылуындағы  осындай  әр  тараптылығы 
туралы Д.Н. Шмелевтің мына бір пікірін келтірейік: “Бір-бірінен 
ұғымы  алыс  жеке  сӛздер  ӛзара  тосын  байланысқа  түскенде 
немесе контекстік бір жаңа ӛң алғанда олардың қай-қайсысының 
да әуелі негізгі мағынасы “орнынан жылжып, әртүрлі қозғалысқа 
түсіп  отырады.  Осының  нәтижесінде  кейде  кейбір  сӛздің  кенет 
кӛп  мағыналық  сипаты  ашылады,  яғни  ол  сӛздің  ӛзі  тіркескен 
жеке  лексемаға  қарай  әртүрлі  жаңа  мағына  алғаштық  қасиеті 
айқындалады”
1

Кӛркем шығармада метафораның туындауы тілдің жаратушы 
концептуалдық  жүйесімен  байланысты  және  олардың  әлемдегі 
стандарттық  жүйесі  мен  құндылығы  тіл  тұрғысында  ғана 
жинақталады. Яғни жеке авторлық метафораның ерекшелігі оны 
қабылдау  кезінде  әртүрлі  тәртіптегі  және  жоспардағы  кӛптеген 
ассоциациялар  пайда  болады.  Сӛздер  семантикасын  меңгеру 
барысында  оқушының  санасында  пайда  болатын  метафоралық 
мағына, қабылдайтын тұлғаның ерекшелігімен оның психикалық 
қалыбымен  интеллектуалдық  мінезімен  байланысты  субъективті 
ассоциациялардың  пайда  болуына  септігін  тигізеді.  Кӛркем 
шығармадағы  образды  метафора  образдық  потенцияны  іске 
асырады, тұтас кӛркем мәтінді бағындыруға тырысады. Образдық 
метафора  –  ең  алдымен  нақты  заттың  даралығын  байқау  әдісі, 
оның қайталанбайтындығын таныту. 
Байқап  отырсақ,  шағын  сӛйлемдегі  сын  есімдер  арқылы 
образдар  (поэтика)  дүниесіне  кіреміз.  Жазушы  мұндағы  теңіз 
ӛмірімен  жер  тағдырының  нашар  халін  суреттей  отырып,    ӛз 
бағасын, баламасын берген. 
Кӛркем  шығарма  тілін  әңгіме  ету  -  жазушының  суреткерлік 
шеберлігін,  эстетикалық  мүмкіндігін  талдау  деген  сӛз. 
                                                 
1
 Шмелев  Д. Н.   Слово и образ. – М., 1964. – 136-бет.
 

 
73 
Жазушының  сӛз  қолданысы,  стильдік  мақсатқа  қолданған 
сӛздердің  сыр  сипаты,  кейіпкер  образын  жасауға  қатысатын 
тілдік  элементтерді  қолдануы  оның  суреткерлік  ерекшелігін 
кӛрсетеді.  Сӛз  зергерлері  дәстүрін  дамытқан  қаламгер  –  прозаға 
ӛз стилін, ӛз қолтаңбасын ала келген суреткер. Яғни жазушының 
сӛз қолданысы дегеніміз – оның ӛз қолтаңбасы, шеберлік мәнері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет