Н. Ж. Шаймерденова п І к І р б І л д І р г е н д е р


 Тілдік жүйедегі  және тіларалық транспозиция ұғымы



жүктеу 0.87 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата24.03.2017
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.2 Тілдік жүйедегі  және тіларалық транспозиция ұғымы 
 
Ауыспалылыққа ғалым А.М. Пешковский былайша анықтама 
береді: “Сӛз таптары аясындағы ауыспалылық  дыбыстық ӛзгеріс 
пен  мағынаның  ӛзгеру  ӛзегіндегі  жеке  сӛздер  бір  категориядан 
екінші категорияға баяу әрі біртіндеп ауысады [74, 142 б.]. Бір сӛз 
табынан екінші сӛз табына ауысатын сӛздердің әртүрлі жолдарын 
қарастыра 
отырып, 
А.А. 
Шахматов 
“субстантивтану”, 
“адъективтану”,  “адвербиализациялану”,  “вербализациялану”, 
“промина-лизациялану”  деген  терминдер  енгізеді.  Ғалым  бұл 
құбылыстың  мәнін  “кейбір  сӛз  таптары  ӛз  тұлғасын  ӛзгертпей, 
екінші  сӛз  табына  ауысатындығынан”  аңғарады  [75,  227  б.].  Ал 
А.С.  Бедняков    негізде  ауыспалылық  тек  түрлі  сӛз  таптарының 
аралығында ғана емес,  бір сӛз табының ішінде де болатындығын 
анықтап,  осы  мәселені  қарастырады  [76,  28-31  бб.]. 
Ауыспалылық  құбылыстың  әр  алуандылығы  осы  ұғымның  әр 
алуан  сӛздік  терминологиясының  туындауына  себеп  болады. 

 
89 
Мысалы: 
деривация, 
синтаксистік 
деривация, 
лексика-
грамматикалық субституция, транспозиция т.б. 
Тілдік  үнемдеу  заңдылығына  сәйкес,  соңғы  кезеңде  жаңа 
жасылымдар  тілдегі  қолданыста  бар  атаулардың  мағыналық 
ӛрісін кеңінен пайдалана отырып жасалып жататыны байқалады. 
Сондықтан  да  метафораның  сӛзжасамдық  маңызын  саралауда 
тілдік 
бірліктердің 
ӛзгеру 
аспектісін 
қарастырамыз.  
Сӛзжасамның  негізгі  мақсаты  атауға  зәру  нысанды  таңбалау 
болғандықтан, метафоралар да аталым қажеттілігін ӛтеуге қызмет 
етеді.  Транспозиция  негізінде  тілдік  бірліктерді  семантикалық 
немесе  қызметтік  салыстыру  қажет;  бұл  қарым-қатынас 
метафоралық  процесс,  мұнда  3  элемент  түрленеді:  бастапқы 
форма 
(транспозицияланатын), 
транспозиция 
құралы 
(транспозитор), 
нәтиже 
(транспозит). 
Транспозитор 
– 
айқындалушы және айқындауыш арасындағы  байланыс таңбасы. 
Мәселен, “Соңғы парыз” романында күлкіге байланысты бірнеше 
метафоралық сӛздердің бірнеше транспозициясы берілген: сайқал 
күлкі, мысқыл күлкі, берекесіз күлкі, қуақы күлкі. 
Жазушы  күлкі  деген  бір  сӛзге  байланысты  кӛптеген 
метафоралық  тіркестер  түзген:  а)  Қыз  бас-аяғына  асықпай  кӛз 
жүгіртті  де,  бағанағы  мысқыл  күлкіні  бетіне  қайта 
шаптырып,  теңіз  суына  қымсынбай  кіре  берді  (133-б.);  ә)  Сол 
арада ғана санаңа бірдеңе жеткен еді, құр қиялға әуейіленген ӛз 
қылығыңа  ӛзің  ұялғандай,  бетіндегі  берекесіз  күлкіні  дереу 
жиып  алып,  жан-жағыңа  қарап  едің-ау  (136-б.);  б)  ...әйтеуір 
торай  кӛздің  қарашығына  қуақы  күлкі  ұшқындады  (8-б.).  Бұл 
сӛйлемдерде  күлкі  сӛзімен  тіркесіп  қана  образ  жасалып  тұр. 
Бұлардың  дені  –  қаламгердің  ӛз  қалам  тартысынан  туындаған 
тіркестер. Күлкі сӛзімен тіркесу арқылы күнделікті қолданыстағы 
сӛздердің  ӛзі  бейне,  образ  тудырғаны  анық.  Бір  ғана    алғашқы 
қолданыстағы  жазушы  метафорасы  қазақтың  бірегей  жазушысы 
Әбдіжамил Нұрпейісовтің шеберлігін кӛрсетеді. 
Жазушының  табиғи  болмысы,  халқына  деген  жанашыр 
сезімге толы мінезі, адами ӛмір сүргені кӛз алдымызға елестейді. 
Сӛздік  қор  түсінікті  нәрсе  болғанымен,  оның  берер  мазмұны, 
мәні ӛзгеше құбылады. Мұндай қолданысты тілдің поэтикасында 
кӛркем сӛз ӛрнегі ретінде танимыз. Жазушы тілінде метафоралы 
сӛз  саптаудың  стильдік  сыры  терең,  мәні  жан-жақты.  Кейбір 
метафораның  жай  түрінің  күш-қуаты  шындыққа  негізделген 

 
90 
болса,  яғни  балап  отырған  зат  баланып  отырған  затқа  сырттай 
болсын,  іштей  болсын  ұқсастықты  сақтап  бейнеленген  болса,  ал 
енді  бірқатар  метафораларды  қолдануда  сырттай  ұқсастықты 
сақтамай, логикалық-мағыналық қана ұқсастығы бар заттарды не 
құбылысты бір-бірінен телу арқылы кӛркемдеу де бар: а) тұйық 
теңізде  келешек  жоқ  (225-б.);  ә)  ұлы  теңіз  ашулы  (13-б.);  б)  – 
Әй  құрдас,  -  деді  ӛкірген  теңіз  бен  азынаған  желден  даусын 
асырғысы  келгендей  айқайлап,  –  құрдас,  байқайсың  ба?  ...  (261-
б.);  в)  гүрілдеп  ӛкіріп  жатқан  теңізге  бір-ақ  батып  жоқ 
болғысы  келіп,  ӛлімге  шыныменен  бел  буа  түсті  де,  кенет  ӛз 
ойынан  ӛзі  шошып  кетті;  г)  ...  “Қасиетті  Кәрі  Арал  үшін  ... 
Кәне,  сол  үшін  ...  түрегеліп”  деп  тоқтап  қалды  (168-б.);  д)  ... 
ақырған ашық теңіз үстінде тұр (5-б.). ж) ...кӛз алдында ӛкіріп 
жатқан мына кәрі теңіздің бір қиясын бетке ұстар еді де, әлгі 
сықырлы аспанның ұшымен кӛк толқындардың шекесін тықтық 
шертіп кӛз кӛрмеске асып кетер еді (249-б.). 
Транспозицияның  екі  кезеңін  айрықша  атауымызға  болады:  
1)  Толық  емес  немесе  бастапқы  бірліктің  синтаксистік  қызметі 
ғана  ӛзгеріп,  оның  сӛз  табына  қатысты  тиістілігі  ӛзгермейді. 
Мұндай транспозицияның құралы  сӛз формасы болып табылады 
[1,  4  б.].  Қызметтік  сӛздер  –  жартылай  қызметтік 
десемантизацияланған  сӛз  (кәрі  –  кәрі  теңіз).  Жоғарыдағы 
келтірілген  қасиетті  Кәрі  Арал,    кәрі  теңіз,  тұйық  теңіз,  ұлы 
теңіз,  ӛкірген  теңіз,  гүрілдеп  ӛкіріп  жатқан  теңіз,  ақырған 
ашық  теңіз  деген  метафоралық  тіркестер  әр  сӛйлемде  әр  түрлі 
реңкте  қолданылған.  Яғни  қолданыс  қызметіне  қарай  қаламгер 
сӛйлемді  метафораны  ӛзгертіп  транспозициялап  беріп  тұр. 
Метафора  түр-тұрпаты  жағынан  да,  ішкі  мағына  жағынан  да  
елеулі  ӛзгерістерге  ұшыратудың  нәтижесінде,  бастапқы  түп-
тӛркіндеріне  ұқсамайтындай  күйге  жетіп,  жаңа  сападағы  сӛздер 
болып  қалыптасқан.  Дегенмен,  бір  теңізді,  бір  аумақты,  бір 
табиғатты 
суреттеп 
отырғандықтан 
ӛзара 
тіркескен 
метафоралардың  сырттай  болса  да  ұқсастықтары  сақталып 
құрылған. 
2)  Толық  немесе  морфологиялық  транспозициядан  жаңа  сӛз 
табы  жасалады.  Оның  құралы  жұрнақ  жалғау  қосымшалар. 
Транспозициядағы  әртүрлі  морфологиялық  немесе  синтаксистік 
конверсиялардың  айырмасы  –  тілдік  анализдің  ең  күрделі 
мәселелерінің  бірі.  Сӛз  ететін    немесе  соның  қызметіне  ӛтетін 

 
91 
категорияға  байланысты  (оның  негізі)  транспозициялану 
субстантивтену  (зат  есімдер  тобына  ауысу),  адъективтену  (сын 
есімдер  категориясына  ауысу),  вербалдану  (етістіктер  қатарына 
ауысу) 
адвербализация 
(үстеулер 
класына 
кӛшу), 
прономинализация (есімдіктер тобына кӛшіру). 
Транспозиция  кезінде  семантика  аспектісінде  жалпы 
мағынаны  сақтау  мүмкіндігімен  қоса,  мағына  жағынан  жылжу, 
әдетте  тарылу  болады.  Егер  транспозицияға  біріктірілетін 
тұлғалар  әр  түрлі  негіздерден  болса,  лексикалық  супплетивизм 
туралы  да  айтуға  болады.  Ең  алғашқы  рет  транспозиция 
теориясын  Ш.  Балли  жасады,  оның  жекелеген  аспектілерін  – 
(трансляция 
түрінде), 
бірінші 
деңгейдегі 
транспозиция 
ерекшелегенде (сӛздерді немесе негіздерді бір сӛз табынан екінші 
сӛз табына ауыстыру). О. Есперсен, А. Сэше, А. Фреем, Л. Теньер 
дамытты. Транспозиция идеясы трансформациялық әдіс негізінде 
жатыр. Қазіргі тіл білімінде транспозиция сӛзжасам, синтаксистік 
синонимдер,  семантика,  синтаксис,  троптар  теориясы  т.б. 
мәселелерге қатысты зерттеліп келеді. 
Кӛптеген  ғалымдар    транспозицияны  сӛздің  бір  сӛз  табынан 
екінші  сӛз  табына  кӛшуі,  ауысуы  тұрғысынан  қарастырады.  Ал 
атақты  ғалым                                  А.И.  Моисеев  1985  жылы  баспадан 
шыққан “Словообразования современного русского языка” деген 
монографиясында  транспозицияны  тілде  бар  сӛздерге  омоним 
жасайтын  тәсіл  тұрғысынан  қарастырады.  “Транспозиция  – 
образование омонимов к уже существующим словам” [77, 76 б.]. 
Сӛздердің  бір  сӛз  табынан  екінші  сӛз  табына  кӛшуі  тілде 
жаңа  мағыналы  сӛз  тудырады.  Сондықтан  оның  сӛзжасам 
мәселесі екені ешбір күмән туғызуы мүмкін емес. Сондай-ақ, бір 
сӛз  табы  сӛзінен  екінші  сӛз  табы  сӛзінің  жасалуы  дыбыстық 
құрамы  бар  жұрнақ  арқылы  да,  дыбыстық  құрамы  жоқ  нӛлдік 
жұрнақ  арқылы  да  жасалатыны  ғылымда  танылғаны  белгілі.  Ал 
транспозиция  термині  кӛп  жағдайда  нӛлдік  жұрнақ  арқылы 
жасалған  туынды  сӛздермен  байланысты  қолданылады.  Бұл 
мәселе  жалпы  тіл  біліміндегі,  орыс  тіл  біліміндегі    зерттеулерде  
түрліше  аталып,  түрліше  сипатталып  келгенімен,  оған  нақты 
ғылыми  сипаттама  берген  сӛзжасамның  кӛрнекті  маманы                     
Е.С.  Кубрякованың  пікірін  атап  ӛткен  жӛн.  Транспозиция 
мәселесінің  ғылымда  ерте  басталғанын  айтады,  ғалым  бір 
категорияның тілдік таңбасының екінші категорияға кӛшуі тілде 

 
92 
үлкен қызмет атқаратындығына сүйеніп, Ш. Баллиден мына сӛзін 
келтіреді:  “Ӛз  категорияларында  қамалып  қалған  белгілер 
сӛйлеудің  кӛптеген  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін 
құралдардың  шектеулі  кӛзі  қызметін  атқаратын  еді.  Алайда, 
категория  аралық  алмастырулардың  арқасында,  ой  босатылады, 
ал ой кӛріністері байытылады және әртүрлі реңктерге ие болады” 
деген  үзіндісін  кӛрсетіп  транспозиция  сӛзжасамда  үлкен  қызмет 
атқарады деп түйеді [78, 64]. Ш. Балли транспозициялық процесті 
зерттеу  барысында  қолданылып  отырған  терминдер  мен 
ұғымдарды  енгізді.              Ш.  Балли  енгізген  “транспозиция”, 
“транспозицияланатын”, 
“транспо-зициялаушы”, 
“транспозицияланған” 
және 
“функционалдық-семантикалық 
транспозиция”  деген  терминдер  тілде  ауыспалы  құбылыс  деп 
аталатын  зерттеу  аппаратына  кірді.  Ш.  Балли  пікірі  бойынша, 
транспозиция    ауысу  механизміне  негізделген.  Оған  қоса  ол 
синхронияға қатысты қызметтердің ауысуы [79, 133 б.]. 
Осы  кезеңге  дейін  транспозициялық  құбылыстың  бірнеше 
бағыттары  анықталды.  1.  Тарихи  лексикологиялық  бағыт 
ауыспалы  құбылыстарды  бір  сападан  екінші  сапаға  ауысатын 
құбылыс ретінде қарастырады.                           2. Құрылымдық-
семантикалық бағыт ауыспалықты зерттеудің негізгі мәселелерін 
синкретизм  шеңберінде  қарастырады.  Бұл  транспозициялық 
бірліктердің 
гибридтік 
қасиеттерін 
зерттеумен 
тығыз 
байланысты.  О.М.  Ким  транспозицияны  “белгілі  бір  қызметті 
атқару  барысында  түрлі  мағынаға  ие,  бір  субстанциялық 
сипатына  қарай  әртүрлі  элементтердің  бір-бірінің  орнына  ауыса 
алатын  мүмкіндігін  білдіретін”  кез  келген  жүйенің  жүзеге 
асуының әмбебап заңдылығы ретінде қарастырады [80, 4 б.]. 
Транспозиция  –  үздіксіз  қозғалыстағы  шынайы  құбылыс. 
Мұнда  жүйенің  барлық  топтары  ӛзара  байланысады,  әрі  ӛзара 
қызмет  атқарады.  Осы  бағыттағы  ӛкілдердің  пікіріне  сүйенсек, 
барлық деңгейде транспозицияның пайда болуының негізгі себебі 
– функционалдық түр. Ол мағына және қызмет ассимитриясының 
негізіндегі  шынайы  ой  шеңберінде  туындайды.  Бұл  ассимитрия 
бастапқы  ӛзінің  алғашқы  мағыналық  позициясынан  тыс 
позицияға түсіп, екінші жаңа мағынаға ие болады. Осылайша тіл 
құрылымында  болатын  ауыспалы  мағыналармен  салыстырғанда, 
транспозиция  –  бұл  уақыт  аралығына  кезеңсіз  функционалдық 
ауысымдардың  негізіндегі  “тіл  –  қызмет”  жүйесіндегі 

 
93 
бірліктердің  ӛзара  жанды  байланысу  қызметі.  Тіларалық 
транспозиция, ең алдымен, қарым-қатынас, ал осы ауыстырудың 
нәтижесі  қимыл,  белгілі  бір  кестеде  жүзеге  асатын  әрі  ӛзіндік 
кезеңдері  бар  процесс  болып  саналады.  Сонымен  тілдік 
құбылыстардың 
семантикалық 
немесе 
функционалдық 
салғастырылуы,  яғни  транспозиция,  қарым-қатынасты  да, 
қызметті  де  білдіреді.  Яғни  бастапқы  транспозициялық  бірлікке 
транспозицияланатын  бірлік  жатады.  Бұларды  лингвистикалық 
тұрғыдан  талдау  тілдің  ішінара  қазақ  тілінің  грамматикалық 
құрылымының  күрделі  даму  мәселелерін  шешуде  елеулі  үлес 
қосуға  мүмкіндік  береді.  Осы  мәселені  нақты  шешудің 
бағыттарының  бірі  –  тіларалық  транспозицияның  мағынасын 
анықтау. Тіларалық транспозицияның тілдік бірліктер қызметінің 
әмбебап  ерекшелігі  ретіндегі  жалпы  белгілері  бар.  Олар 
транспозициялық процестердің барлық түрінде – сӛз таптарының 
транспозициясында, 
грамматикалық 
тұлғалар 
транспозициясында, морфологиялық тұлғалы транспозициясында 
кӛрініс беруі. Транспозициялық процестің мәні мен нәтижелерін 
атап ӛтетін болсақ: 

 
коммуникациялық  бағыт-бағдарға  сай  тек  контексте 
зерттеледі, бақыланады; 

 
барлық  түрлердің  транспозициясы  барысында  кез  келген 
ӛзгерістің  не  семантикалық,  не  грамматикалық,  не  болмаса 
семантика-грамматикалық болуы міндетті

 
транспозицияның  тілдің  барлық  деңгейінде  кӛрінуі 
түрлі  дәрежеде  жүзеге  асады  (жеке  окказионалдық  қолданыстан 
типтік,  жалпы  қолданысқа  дейін).  Тілдің  даму  жолында 
транспозициялық құбылыстар мен ауыспалы жағдайының кейбір 
стереотип  қырлары  қалыптасты  (мысалы,  жалқы  және  жалпы 
есімдер транспозициясы); 

 
транспозицияны 
басқа 
лексикалық 
деривация 
процесінен,  оппозициялық  шарттарға  сай  тілдік  бірліктерді 
бейтараптандыруда шектеу керек

 
транспозициялық  құбылыстарды  синхрондық  және 
диахрондық  тұрғыдан  қарастыруға  болады.  Бұл  тілдік  бірліктер 
транспозициясын бақылауға мүмкіндік береді; 

 
транспозицияланған  лингвистикалық  бірлік  жаңа 
қызмет ортасына кіріп, жаңа сапаға бейімделеді; 

 
94 

 
транспозицияға  бір-бірімен  тығыз  байланысты  бірінші 
және  екінші  қызметтің  жүзеге  асу  негізіндегі  тілдік  бірліктердің 
екі жақты ӛзара қатынасы мен ӛзара енуі себеп болады

 
транспозиция – тілдегі функционалдық, прагматикалық 
және  синтагматикалық  қатынастардың  бір-бірімен  араласуы. 
Шынайы коммуникация бірлігі ретінде кез келген тілдік бірліктің 
оның  элементтермен  қасиеттеріне  бӛлінуін  емес,  керісінше, 
коммуникациялық  қызметтің  бірегей  мәнін  ашуға  негізделген 
интегралдық  анықтама  беруді  қажет  етеді  [81,  143  б.].  Аударма 
негізінде    кӛбінесе  коннотация    транспозиция  нәтижесінде 
алынған  тұлғаның  арасындағы  контрастық  әсер  ретінде  пайда 
болады.  Осылайша  семалар    “соқтығысады”,  оның  нәтижесінде 
негізгі 
мағынасын 
жояды 
немесе 
тұлғаның 
барлық 
қолданыстарына  қатысады.  Осыған  байланысты  лексика  мен 
грамматикада метафоралану пайда болды [82, 37 б.]. 
Тіларалық транспозиция және аударма негізіндегі туынды сӛз 
–  ӛзара  қызмет  атқарушы  екі  процесс.  Оларды  бір-бірінен 
айырып, 
анықтау 
мүмкін 
емес. 
Транспозицияның 
айырмашылығы оның тек грамматика, ал туынды сӛз лексикалық 
та,  грамматикалық  та  бірліктермен  тығыз  байланысты  деген 
негізде анықталады. 
Қай  халық  болсын  ӛз  ойын  айшықты,  кӛркем  беруге 
тырысады. Халық атау беруде тіршіліктің кілті саналатын заттар 
мен  құбылыстардың  түрлі  қасиеттерін  белгі  және  бағалау 
тұрғысынан алады. Соның бір белгісі, таңбасы  – метафора, яғни 
метафораның транспозициясы. Ӛйткені ол тілге жаңа ұғым, жаңа 
мағына үстейді. 
Жаңа нысандарға атау беруде адам ӛзінің санасындағы нақты 
бейнелердің қасиеттерін, белгілерін еске түсіре бастайды. Нақты 
заттардың  немесе  құбылыстардың  анықтамасы,  сол  заттың  адам 
тәжірибесі  арқылы  танылған  ақпаратынан,  энциклопедиялық 
білімнен тұрады. Метафоралық транспозицияда ұқсастық арқылы 
танылып,  екінші  бір  сӛйлем  немесе  сӛз  тіркестерінде  ауысып, 
ақпараттар алмасуы жүргізіледі. 
Е.С.  Кубрякова  транспозициямен  байланысты  лексикалық 
және  синтаксистік  сӛзжасам  десе,  Г.  Марчанд  транспозицияны 
сӛзжасамның аясына енгізіп, сӛзжасам арқылы сӛздің сӛз табына 
қатысы ӛзгереді немесе сӛз белгілі бір мағыналық топтан екінші 
мағыналық топқа кӛшеді деп пікір білдірген [78, 52 б.]. 

 
95 
Аталмыш  ғалым  туынды  сӛзді  жасаудағы  транспозицияны, 
оның  сӛзжасамдық  қызметін  анықтау  үшін,  құрылымы  әртүрлі 
тілдерді  салыстыру  және  негіз  сӛз  бен  туынды  сӛздің  құрамына 
мән беру керек деген пікірді айтады. 
В.Г. Гак сапаны қайта туындатудың теориялық мүмкіндігіне 
баса 
назар 
аударады. 
Автор 
трансформация 
лексика-
грамматикалық  құрылымның  негізінде  анықталу  мүмкіндігін 
атап  ӛтеді.  Мәтіндегі  әрбір  сӛздің  белгілі  мағынасы, 
морфологиялық  формасы  болатындығына  және  ол  синтаксистік 
қызмет  атқаратындығына  сүйене  отырып,  трансформацияның 
негізгі бес түрге бӛледі: 
1.
 
грамматикалық  категория  (септелу,  уақыт,  саны) 
транспозициясы; 
2.
 
сӛз таптарының транспозициясы; 
3.
 
сӛйлем немесе оның бӛліктері аралығындағы байланыс 
түрлерінің транспозициясы; 
4.
 
сӛз  ӛзінің  синтаксистік  қызметін  атқарғанда  болатын 
актанттық құрылым транспозициясы
5.
 
сӛз семантикасының транспозициясы. 
Транспозицияның  осы  аталған  5  түрінің  ӛзінен  кішігірім 
топтарға  бӛлуге  болады.  В.Г.  Гак  тіларалық  қатынастың  нақты 
мысалдары  арқылы  осы  мүмкіндіктердің  бірқатарын  кӛрсетті. 
Транспозицияның тӛрт формасы  бар:       1) тура транспозиция. 
Бұл  бір  сӛз  табының  басқа  сӛз  табымен  құрылым  жағынан 
ӛзгермей  ауыстырылғанда  қолданылады;  2)  бағынышты 
транспозиция.    Транспозицияның  нәтижесінде  қоса  қажет;  3) 
басқаратын  және  басқарылатын  сӛздің  синтагмасындағы  орын 
ауысуы;  4)  сӛздің  тиесілі  сӛз  табына  деген  қатынасын  сақтап, 
оның синтаксистік қызметінің ӛзгеруі жатады [83, 49 б.]. 
Аударма 
коммуникациялық 
қарым-қатынаспен 
тығыз 
байланысты рухани практикалық қызмет атқарады: 

 
аударма алғашқы емес, қайталанатын қызмет; 

 
бұл  қайталанатын  қызмет  табиғи  тілдердің  материалы 
тілдің  нормалық-бағалық  сәйкестік  жолымен  жүзеге  асады,  яғни 
бұл – тілдік-мәтіндік қызмет. 
Бірінші  деңгейдің  интегралдық  сипаты  болса,  аударманы 
туыстық  қызмет  қатарына  жатқызатын  болсақ,  онда  екінші 
деңгей  осы  қызметті  дифференциялайды.  Аударманың  нақты  да 
тура  моделін  құруға  мүмкіндік  туғызады.      Екінші  деңгейде 

 
96 
алдыңғы  деңгей  ұғымдарында  нақтыланатын  интерпретация 
ретінде әрі осы объектіге тән терминдер мен ұғымдарды, балама 
ерекшеліктерін  кӛркемдейтін  интерпретация  жүреді.  Ал  қостілді 
коммуникациямен 
байланысты 
үшінші 
деңгей 
аударма 
объектісінің инварианты  топтамасын кӛрсетеді. 
Жаңа түсініктер мен ұғымдарды атау үшін оларды ӛзге тілде 
бар  зат  немесе  құбылыстармен  байланыстыра  бастаймыз  және 
сол ұғымдар негізінде  аталым жасаймыз. Осындай  әрекеттермен 
метафора  арқылы  қоршаған  әлем  туралы  білім  қоры 
толықтырылып,  жаңа  аталымдар  туындайды.  Сондықтан  да, 
“тілдік  таңбаның  мағынасын  айқындауда  осы  болғанда,  тілдік 
таңбаның  бойындағы  қандай  концептуалдық  немесе  когнитивтік 
жасалым,  әлем  туралы  мәліметтер  тасқыны  қандай  ақпарат 
шоғырланады деген тұрғыдан келуіміз керек” [84, 23 б.]. 
Жалпы  ұғым-түсінік,  атау  қай  жолмен  жасалса  да,  оның 
туындауына  уәждемелік  белгілер  негіз  болады.  Метафоралық 
мағынаға  сӛз  арқылы  танылатын  деноттаттың  нағыз  кӛзге  түсер 
нысаны  –    түсі,  түрі,  кӛлемі,  қызметі  т.б.  негіз  болып,  қызмет 
атқарады.  Тіл  дайын  тілдік  бірліктердің  ішкі  қорын  пайдалана 
отырып,  дамып  жататыны  белгілі.  Метафора  тілді  сӛздің  білім 
қорының  мүмкіншіліктерін  аша  отырып  байытады.  Сӛздердің 
мағыналық  ӛрісі  дамуының  бір  ұшы  метафорада  жатыр.  Заттар 
мен  құбылыстардың  білім  қорындағы  ақпараттардың  алмасуы  – 
адамның  танымдық  қызметінің  жемісі.  Тілдегі  метафоралы 
мағыналы атаулар  – бұл ең алдымен әр халықтың тіліндегі әлем 
бейнесін  жасаудағы  ерекшеліктеріне  дәлел  болатын  мысалдар. 
“Тілдегі әлем бейнесі – бұл ұлттық мәдени мұраның дәлелі” [85, 
203].  Яғни  қазақ  тіліндегі  метафоралы  мағыналы  атаулардың 
жасалуының сырына үңілу, олардың транспозициясы (ӛзгеруі)  – 
тілдегі адамның танымдық әрекеттерін саралау, тіл мен ойлаудың 
арасындағы байланысты сипаттау болып табылады. 
Сӛз  шеберлеріне  қиыннан  қиыстырып,  асылды  саралау 
міндет.  “Тіл  ӛнері  –  дертпен  тең”  деген  қасиетті  заңды  табанды 
ұстаған  зергерлер  ӛзіндік  ою-ӛрнегімен,  ақындық  әуенімен 
ерекше 
танылмақ. 
Бұл 
ретте 
ақын-жазушыларымыздың 
қаламынан  индивидуалдық  метафоралар,  яғни  сӛздердің 
метафоралы  қолданылуы  пайда  болады.  Шабыты  шарықтаған 
қаламгерлердің  жүрегінен  қорғасынша  балқып  шыққандары 
олардың  кӛз  алдымызға  сырлы  сурет  әкеле  алатындары  ғана 

 
97 
халық  санасында  орын  теппек.  Бірақ  шешендік  –  шындығымен 
күшті.  Ұланғайыр  әлемдегі  ұсақ  шындықтың  ӛзі  бір  қырынан 
ғана  емес,  тұтас  кӛрінуі  тиіс.  Осы  принципті  берік  ұстаған 
суреткерлердің метафоралары ғана толыққанды шығады. 
Суреткердің  құралы,  ең  алдымен,  ойлау  мен  тіл.  Тілдік 
мәселелердің  ӛзге  салалармен  байланысы  адамның  ойлау 
процестерінің  ерекшелігін  жете  тануды  алға  тартады.  Адамның 
ойлау  әрекеттері  тәжірибе  арқылы  жинақталған  білім  қорына  әр 
түрлі    операциялар  жүргізумен  іске  асырылады.  Жинақталған 
білім  таңбалар  арқылы  белгіленеді.  Лексемалардың  мағынасы 
әлем  бейнесін,  яғни  шынайы  ӛмір  кескіндерін  суреттейді. 
Метафора  ӛзге  тәсілдер  сияқты  тілдің  дамуына  қызмет  етеді. 
Тілдің дамуы адамның танымдық тұрғыда дамуы, яғни қоршаған 
әлем  туралы  білім  қорының  толығуымен  астасып  жатады. 
Сондықтан  да  тіл  мен  ойлаудың  дамуы  бірінсіз  бірінің  жүзеге 
аспайтыны  және  олардың  жалпы  адамзат  дамуымен  астасып 
жататыны  белгілі.  Тіл  бірліктерін  осы  бағытта  қарастыру 
олардың мағынасын құраушы бірліктермен байланысын және сол 
байланыстардың сипатын ашуда маңызды болып табылады. Адам 
ойлау  әрекетінің  ерекше  кӛрінісі  ретінде  метафоралар 
табиғатының  дәл  осы  бағытта  зерделенуі  қажет  екені  туралы 
кӛптеген ғалымдар пікірі бір жерден  шығады. Демек, адам жаңа 
нәрсені тану барысында немесе таныс нәрсеге жаңаша қарауға ӛз 
санасындағы дайын құрылымды таңдайды. 
Шындық  болмыстағы  заттар  мен  құбылыстардың  атаулары 
тілдік  таңбалар  арқылы  белгіленеді.  Әр  таңба  астарында 
нысандардың беретін білім қоры ақпараттары сақталады. 
Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты
data -> Ұстаз ғалымның абыройы
data -> Интеллигенциясы: тарихи
data -> ТҮрік тілін үйренудегі ортақ СӨздер және олардың фонетикалық ерекшеліктері кумашева Назым
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Очерктің тілі мен стилі
data -> Бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет