Н. О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы jbhim «Жануарлар биохимиясы»



жүктеу 2.7 Mb.
Pdf просмотр
бет7/19
Дата24.03.2017
өлшемі2.7 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

№8 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Гликолиз және кӛмірсулардың пентозалық тотығу жолы» 
Сабақтың мақсаты: Гликолиз және кӛмірсулардың пентозалық тотығу жолы жӛнінде толық мағлұмат беру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Гликолиз жӛнінде негізгі түсінік. 
2.
 
Гликолиз реакцияларының реттілігі. 
3.
 
Гликолиздің балансы және биологиялық маңызы. 
4.
 
Кӛмірсулардың пентозалық тотығу жолы. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Гликолиз және кӛмірсулардың пентозалық тотығу жолы жӛнінде қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Кӛмірсулар алмасуы» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 
Ескерту:  «Кӛмірсулар  алмасуы»  тақырыбы  бойынша  тест  тапсырмаларына  «Биохимия»  оқулығы  бойынша 
дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№9 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Липидтердің химиясы. Қарапайым липидтер» 
Сабақтың  мақсаты:  Липидтер  жӛнінде  толық  мағлұмат  беріп,  қарапайым  липидтердің  химиялық  құрамын, 
қасиеттерін түсіндіру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
«Липидтер құрылымы мен жіктелуі» тақырыбына мультимедиялық кӛрсетілім. 
2.
 
Липидтер жӛнінде жалпы түсінік. 
3.
 
Липидтердің жіктелуі. 
4.
 
Липидтердің құрамы және қасиеттері. 
5.
 
Маңызды қаныққан және қанқпаған май қышқылдары. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Липидтердің жіктелуін, биологиялық қызметін қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Липидтер химиясы» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
3.
 
«Липидтер химиясы» тақырыбына жаттығу жұмыстарын орындаңыз. 
 
Ескерту:  «Липидтер  химиясы»  тақырыбы  бойынша  тест  тапсырмаларына  «Биохимия»  оқулығы  бойынша 
дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№10 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Липидтердің химиясы. Кҥрделі липидтер» 
Сабақтың  мақсаты:  Күрделі  липидтер  жӛнінде  толық  мағлұмат  беріп,  күрделі    липидтердің  химиялық  құрамын, 
қасиеттерін түсіндіру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Күрделі липидтер жӛнінде негізгі түсінік. 
2.
 
Күрделі липидтердің жіктелуі. 
3.
 
Фосфолипидтер, құрамы мен құрылымы. 

4.
 
Балауыз, құрамы мен құрылымы. 
5.
 
Сфинголипидтер, құрамы мен құрылымы. 
6.
 
Стеролдар мен стеридтер, құрамы мен құрылымы. 
7.
 
Күрделі липидтердің биологиялық маңызы. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Күрделі липидтер, жіктелуі, биологиялық қызметі жӛнінде қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Липидтер химиясы» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 
Ескерту:  «Липидтер  химиясы»  тақырыбы  бойынша  тест  тапсырмаларына  «Биохимия»  оқулығы  бойынша 
дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№11 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Белоктар. Белок қҧрылымы, химиялық байланыстары» 
Сабақтың  мақсаты:  Белоктар  жӛнінде  толық  мағлұмат  беріп,  белоктардың  химиялық  құрылымын,  құрамын 
түсіндіру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Белоктар жӛнінде негізгі түсінік. 
2.
 
Белоктардың құрамы және 

-амин қышқылдары. 
3.
 
Белоктардың құрамындағы химиялық байланыстар. 
4.
 
Белоктардың қызметі және оның биолгиялық маңызы. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Белоктар, қасиеттері, биологиялық қызметі жӛнінде қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Белоктар және амин қышқылдары» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 
Ескерту:  «Белоктар  және  амин  қышқылдары»  тақырыбы  бойынша  тест  тапсырмаларына  «Биохимия»  оқулығы 
бойынша дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№12 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Белоктардың қасиеттері, белоктарды бӛлу әдістері» 
Сабақтың мақсаты: Белоктардың қасиеттері, белоктарды бӛлу әдістері жӛнінде толық мағлұмат беру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Белоктардың физико-химиялық қасиеттері. 
2.
 
Белоктардың электрофорездік қасиеттері. 
3.
 
Белоктардың ерігіштігі. 
4.
 
Белоктарға сапалық реакциялар. 
5.
 
Белоктарды бӛлу әдістері. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Белоктар, қасиеттері, биологиялық қызметі жӛнінде қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Белоктар және амин қышқылдары» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 
Ескерту: «Белоктар және амин қышқылдары» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларына «Биохимия» оқулығы 
бойынша дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№13 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Белоктар метаболизмі. Хромопротеиндер алмасуы» 
Сабақтың мақсаты: Белоктардың метаболизмі, хромопротеиндердің алмасуы жӛнінде толық мағлұмат беру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Белоктардың қоректік маңызы. 
2.
 
Белоктардың асқазанда және ішекте қорытылуы. 
3.
 
Гемоглобиннің қарында ыдырауы. 

4.
 
Гемоглобиннің ұлпаларда айналып ӛзгеруі. 
5.
 
Гемоглобиннің биосинтезі. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Белоктардың қоректік маңызы, қорытылуы, гемоглобиннің алмасуының биологиялық маңызы жӛнінде 
қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Күрделі белоктар алмасуы» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 
Ескерту: «Күрделі белоктар алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларына «Биохимия» оқулығы бойынша 
дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№14 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Белоктар метаболизмі. Нуклеопротеиндер алмасуы» 
Сабақтың мақсаты: Күрделі белоктар, нуклеопротеиндер метаболизмі жӛнінде толық мағлұмат беру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Нуклеопротеиндер метаболизмі. 
2.
 
Нуклеин қышқылдарының ыдырауы. 
3.
 
Пуриндік және пиримидиндік негіздердің катоболизмі. 
4.
 
Пуриндік және пиримидиндік негіздердің биосинтезі. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Күрделі белоктар, нуклеопротеиндер метаболизмі, оның биологиялық маңызы жӛнінде қысқаша баяндаңыз. 
2.
 
«Күрделі белоктар алмасуы» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 
Ескерту:  «Күрделі  белоктар  алмасуы»  тақырыбы  бойынша  тест  тапсырмаларына  «Биохимия»  оқулығы  бойынша 
дайындалыңыз. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
№15 тәжірбиелік сабақ 
Тақырыбы: «Қанның биохимиясы» 
Сабақтың  мақсаты:  Қанның  химиялық  құрамы,  физико-химиялық  қасиеттері  және  атқаратын  қызметі  жӛнінде 
толық мағлұмат беру. 
 
Сабақтың жоспары: 
1.
 
Қанның химиялық құрамы. 
2.
 
Қанның ұюы. 
3.
 
Қанның буферлік жүйесі және буферлік қасиеттері. 
4.
 
Лимфа. 
Әдістемелік нұсқаулар: 
1.
 
Қанның  химиялық  құрамы,  физико-химиялық  қасиеттері  және  атқаратын  қызметі  жӛнінде  қысқаша 
баяндаңыз. 
2.
 
«Қанның биохимиясы» тақырыбына тест тапсырмаларын орындаңыз. 
 
Ескерту:  «Қанның  биохимиясы»  тақырыбы  бойынша  тест  тапсырмаларына  «Биохимия»  оқулығы  бойынша 
дайындалыңыз. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы: «Қайнар», 1992. 
2.
 
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.
 
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001. 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 - зертханалық жҧмыс  
Сутегі иондарының концентрациясын Серенсен-Кларктің 
колориметриялық әдісімен анықтау 
Жұмыстың мақсаты. Студенттерді индикаторларды пайдалана отырып рН анықтау әдісімен таныстыру. 
Әдістің принципі. Зерттейтін ертіндінің рН-ын анықтау үшін оған тимол-блау индикаторын қосып, оның түсін рН-ы 
белгілі сондай мӛлшерлі тимол-блау индикаторы қосылған стандарт ертінділердің бояуымен салыстырады. 
Реактивтер мен құралдар 
100 мл колбалар - 6 дана. 
Пробиркалар - 7 дана. 
Жұмыс орындау тәртібі 
Бұл жұмыс үш  этаптан тұрады. 
1. Буфер ертінділерін әзірлеу. 
Нӛмірленген алты колбаға бюретканың және пипеткалардың кӛмегімен кестеде кӛрсетілгендей 0,2н КСІ, 0,2н НСІ 
және дистилденген су құйылады. Жұмыс дұрыс орындалған жағдайда алты колбаның әр қайсысындағы ертінділердің 
рН мәні таблицада кӛрсетілгендей болады. 
2. Түсті стандарт шкаласын дайындау. 
Нӛмірленген алты пробиркаға нӛмірленген алты колбаның әрқайсысынан 10 мл қоспа құйып, барлық пробиркаларға 5 
тамшыдан индикатор тимол-блау қосады. Бұл түрлі-түсті алты пробирка стандарт шкаласы болып саналады. 
Сондықтан олардың түсімен тексерілетін ертінділердің түсі салыстырылады. 
3. Зерттейтін ертіндінің рН-ын анықтау. 
Пробиркаға пипеткамен 10 мл тексерілетін ертіндіні құйып, оған 5 тамшы индикатор тимол-блау қосып, пайда болған 
бояуды  стандарт шкаласымен салыстырады. Тексеріліп отырған ертіндінің рН-ы түрлі-түсті стандарт шкаласының 
қай пробиркасымен дәл келсе, оның рН-ы соған тең болады. 
Қосымша нұсқау. 
1. Таблицада кӛрсетілген ертінділердің мӛлшерін дәл деп алып, жақсылап араластыру қажет. 
2. «Ерітінділер. Дисперсті жүйе» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма. 
Дәріс конспектісін пайдалана отырып «Ертінділер» тақырыбына дайындалу.  
 
2 - зертханалық жҧмыс  
 
Витаминдерге тән сапалық реакциялар 
Жұмыстың  мақсаты. А, Д және С витаминдеріне тән сапалық реакциялармен танысу . 
Әдістің  принципі.  Сапалық  реакциялар  витаминдердің  химиялық  құрылыстарының  айырмашылықтарына 
негізделген. 
Реактивтер мен құралдар 
Балық майы, үшхлорлы сурьманың хлороформдағы ертіндісі, концентрлі күкірт қышқылы, тұз қышкылы мен анилин 
коспасы  (анилиннің  15  бӛлігі  және  концентрлі  тұз  қышқылының  1  бӛлігі),  аскорбин  қышқылының  ертіндісі,  калий 
ферроцианидінің К3[Fе(СN)б] қаныққан ертіндісі, хлорлы темірдің 1% -ті ертіндісі, спиртовка, пробиркалар. 
Жұмысты орындау тәртібі 
А витамині 
1.  Үшхлорлы  сурьмамен  реакция.  Құрғақ  пробиркаға  1  мл  балық  майын,  10-12  тамшы  үшхлорлы  сурьманың  қанық 
хлороформды ертіндісін қүйып,  жақсылап араластырады. Егер А витамині  болса,  бірте-бірте  қызыл  түске ауысатын 
кӛгілдір түс пайда болады. 
2.  Күкірт  кышқылымен  реакция.  Құрғақ  пробиркаға  1  мл  балық  майын,  1  мл  концентрлі  күкірт  қышқылын  құйып, 
жайлап араластырады. Егер А витамині болса, алғашқыда күлгін, сосын бірте-бірте қызыл-қоңыр түс пайда болады. 
Д витамині 
1.  Анилинмен  реакция.  Құрғақ  пробиркаға  1  мл  балык  майын,  1  мл  анилин  мен  тұз  қышқылы  қоспасын  қүйып, 
араластырады.  Араластыра  отырып  кыздырады.  Сӛйтіп  қайнағанға  дейін  жеткізіп,  жарты  минут,  қайнатады.  Егер  Д 
витамині болса, сары түсті эмульсия алғашында жасыл түске боялып, сосын қызыл түске ауысады.  
С витамині 
Берлин лазурі түзілу реакциясы. Пробиркаға 1-2 мл аскорбин қышқылының, 1-2 тамшы калий ферроцианидінің және 1 
тамшы 1%  хлорлы темірдің ертінділерін кұяды. Кӛгілдір немесе жасыл кӛк түс пайда болып, біраз тұрғаннан кейін 
берлин кӛгінің тұнбасына айналады. 
Бұл  реакция  аскорбин  кышқылының  тотыға  келе  калий  ферроцианидін  тотықсыздандырып  оны  калий 
феррицианидіне айналдыру процесіне негізделген. 
Калий феррицианиді хлорлы темірмен реакцияға түсіп, берлин кӛгінің кӛк түсті тұнбасын түзеді. 
ЗК4[Fе(CN)6]   +   4ҒеСІ3 → Fе4[Fе(СN)6]3

  +  12КСІ 
                          калий феррицианиді                     берлин лазурі 
Егер аскорбин қышқылы болмаса, калий феррицианиді мен хлорлы темір қоңырқай түсті ертінді береді. 
В
2
 витамині 
Пробиркаға 10 тамшы рибофлавиннің ерітіндісін тамызып, оған 5 тамшы концентрлі тұз қышқылы (НСl) мен бір түйір 
мырыш  (Zn)  салғанда  сутегінің  күшті  түрде  бӛлінуі  байқалады.  Ерітінді  алдымен  қызғылт  түске  боялып,  кейін 
түссізденеді. Бұл реакция бӛлінген сутегімен рибофлавиннің алдымен қызғылт түсті родовлавинге (аралық қосылыс), 
кейін  түссіз  лейкофлавинге  тотықсыздануына  негізделген.  Біраз  тұрғаннан  кейін  ерітіндінің  жоғары  қабаты  (кейін 
ерітінді  толығымен)  сары  түске  боялады,  бұл  лекофлавиннің  ауадағы  оттегімен  тотығып,  рибофлавинге  айналуына 
байланысты. 
Қосымша нұсқаулар  

1. Калий ферроцианиді ертіндісі жаңадан дайындалып, суықта қанығуы керек. 
2. Үшхлорлы сурьма реакциясын жүргізгенде құрғақ пробиркаларды  пайдалану қажет, ал пробиркалар ылғал болса, 
онда үшхлорлы сурьмадан сурьманың хлороксиді пайда болып, ол А витаминімен  реакцияға түспейді. 
3. «Витаминдер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма 
1. Суда және майда еритін витаминдердің толық сипаттамасын бейнелейтін таблица-схема сызу.  
2. Оқулық пен дәріс конспектілері бойынша «Витаминдер» тарауына дайындалу. 
 
3-зертханалық жҧмыс  рН-тың амилаза ферментіне әсері 
Жұмыстың  мақсаты.  Амилаза  ферментінің  рН-қа  байланысты  активтілігін  анықтау  жӛне  оның  физика-химиялық 
касиеттерін зерттеу. 
 Әдістің принципі.  Сілекейде крахмалды мына схема бойынша ыдырататын амилаза ферметі  бар. 

6
Н
10
О
5
) n  +  nН
2
О     амилаза        декстриндер                      1/2n (С
12
Н
22
О
11

крахмал                                                                                            мальтоза 
Амилазаның активтілігіне  ортаның рН-ы әсер етеді, ӛте  жоғары  активтілік кӛрсететін ортаның рН-ы  оптималды рН 
деп аталады. Амилазаның активтілігін крахмалдың ыдырауына байланысты білуге болады. Ыдырамаған крахмал йод 
ертіндісімен кӛк түс береді, ал ферменттің әсерімен ыдырай бастағанда,  оның түсі де ӛзгере бастайды: сарғыш болып 
келіп, түссізденеді. 
Реактивтер мен құралдар 
1. Люголь ертіндісі 
2. Крахмалдың 0,5% -ті ертіндісі 
3. Nа2НРО4 0,2н ертіндісі 
4. Лимон қышқылының 0,1н ертіндісі 
5. Сілекей ертіндісі 
6. Колбалар - б дана 
7. Пробиркалар 2-8 дана 
8. Пипеткалар 
Жұмысты орындау тәртібі 
1. Сілекей ертіндісін дайындау. Таза пробиркаға (2-3 мл) сілекей жинайды, оны біраз тұндырып қояды. Колбаға 29 мл 
су құйып, оған 1 мл таза сілекей қосады. 
2. Бес нӛмірленген колбаны алып, бірнеше буфер ертінділерін дайындайды. 
3. Бес нӛмірленген пробирканы алып, әрқайсысына 3 мл тиісті буфер құйылады, 3 мл крахмалдың 0,5%  -ті ертіндісі 
және 1 мл сілекей ертіндісі қосылады. Әрбір пробиркадағы қоспаны жақсылап араластырып, бӛлме температурасында 
қалдырады. 
4. Әрбір 5 мин сайын № 3 және № 4 пробиркалардан Люголь ертіндісімен боялуға сынама алынып отырады, ол үшін 
осы  аталған  пробиркалардан  5-6  тамшы  ертіндіні  таза  пробиркаларға  тамызады,  оларға  1  тамшыдан  Люголь 
ертіндісінен қосады. 
5. Пробиркалардың бірінде қызыл-қоңыр түс пайда болысымен барлық бес пробиркаға 1 тамшыдан Люголь ертіндісін 
қосып, шайқайды, түсінің ӛзгеруін байқап отырады. Ең ашық түсті пробирканың  рН мәні амилазаның оптималды рН-
ына сәйкес келеді. 
Қосымша нұсқау 
1. Таблицадағы кӛрсетілген рН мәні буферлі ертінділердің компоненттерінің дәл кӛлемі араласканда ғана болады. 
2. «Ферменттер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Проблемалық сұрақтар 
1. Ферменттердің активтілігінің ортаның рН-ына тәуелділігін қалай түсіндіруге болады?  
2. Организмнің буферлі жүйесінің ферменттер әсеріне қандай маңызы бар?  
3. Крахмал ертіндісінің түсінің ӛзгеруін тіркей отырып, оны крахмалдың ыдыруына байланыстырып түсіндіру?  
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма 
Жұмысты  жақсы  орындау  үшін  оқулык  пен  лекция  конспектілерінен  ферменттердің  жалпы  касиеттерімен 
танысыңдар. 
 
4 - зертханалық жҧмыс  
Қандағы  каталазаның   активтілігін анықтау 
Жұмыстың мақсаты. Ферменттердің қасиеттерімен студенттерді таннстыру. 
Әдістің  принципі.  Каталаза  ферменттердің  аксидоредуктаза  класына  жатады  жӛне  сутегі  асқын  тотығын  мына 
теңдеумен ыдыратады: 
                                   2Н
2
О
2
      каталаза        Н
2
О   +  О
2
 
 
Каталазаның активтілігін білу үшін каталаза санын анықтайды. Каталаза саны - бір микролитр (мкл) қан ыдырататын 
сутегі асқын тотығының мг мӛлшері (саны).  
  Реактивтер мен құралдар        
 1. Дистилденген су 
 2. Зерттелетін кан 
 3. 1% -ті сутегі асқын тотығының ертіндісі 
 4. Н2S04   10% -ті ертіндісі 
 5. КМn04   0,1н ертіндісі 
 6. Конус тәріздес колбалар - 3 дана  
 7. Пипеткалар 1,5 және 10 мл 

 8, Микропипетка - 1 дана         
 9. Титрлеуге арналған бюретка  
10. Электроплитка  
11. Термостат 
Жүмысты орындау тәртібі 
Конус тәрізді колбаға 20 мл дистилденген су құйылады. Сол суға микропипеткамен 20 мкл қан қосып, араластырады. 
Бұл  қанның  негізгі  ертіндісі  (сұйылту  дәрежесі  1:1000).  Алынған  ертіндінің  бір  бӛлігін  (2-3  мл)  пробиркаға  құйып 
алып,  2  мин    қайнатады.  Екі  конус  тәрізді  колбаға  7  мл  дистилденген  су  құяды,  оның  үстіне:  біріншісіне  1  мл 
қайнатылмаған кан ертіндісін, ал екіншісіне 1 мл қайнатылған қан ертіндісін косады. Екі колбадағы 2 мл сутегі асқын 
тотығының  1%    ертіндісін  құйып,  оны  30  мин    термостатка  37-40°С  қояды.  30  мин    ӛткен  соң  екі  колбаға  да  3  мл 
Н2SО4   10%  ертіндісін қосып, әрбір колбадағы қоспаны тұрақты қызғылт түске боялғанша КМnО4 0,1н ертіндісімен 
титрлейді.  Қайнатылмаған  және  қайнатылған  қан  құйылған  колбалардың  титрлеу  айырмасын  анықтайды.  Бұл 
айырманы 1,7 кӛбейтіп, каталаза санын табады.   1,7 – Н2О2 1 мл КМnО4 0,1н ертіндісіне сәйкес келетін, мг мӛлшері . 
Қосымша нұсқау 
1. 2 мл сутегі асқын тотығының ерітіндісін алу қажет. 
2. «Ферменттер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Проблемалық  сұрақтар 
1. Ауылшаруашылық малдарының ӛнімділігіне каталаза ферменті калай әсер етеді? 
2. Жоғары және тӛменгі температуралардың әсерімен ферменттер қандай ӛэгеріске үшырайды? 
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма  
Оқулық  пен  дәріс  конспектілері  бойынша  «Ферменттер  классификациясы  және  олардың  биологиялык  маңызы» 
тарауын дайындау.  
 
5 – зертханалық жҧмыс  
Гормондарға  сапалық реакциялар 
Әдістің  принципі.  Бұл  тәсіл  гормондардың  химиялық  құрылысына  байланысты  түрлі-түсті  реакциялар  беруіне 
негізделген. 
Жұмыстың мақсаты. Адреналин ,инсулин және фолликулин гормондарына сапалық реакциямен танысу. 
Реактивтер мен құралдар 
1. Адреналин ертіндісі (ампула ішіндегі затты 100 мл.суғаерітеді). 
2. Темір хлоридінің 3%  ертіндісі. 
3. Инсулин ертіндісі. 
4. Натрий гидроксидінің 30%-ті ертіндісі. 
5. Мыс сульфатының 1% -ті ертіндісі. 
б. Концентрлі азот қышқылы. 
7. Фолликулин ертіндісі (спирттегі). 
8. Концентрлі күкірт қышқылы. 
9. Су моншасы. 
І0. Пробиркалар. 
11. Пипеткалар. 
Жұмысты орындау тәртібі 
Адреналин. Хлорлы темірмен тәжірибе. Пробиркаға аздап адреналиннің судағы ертіндісін  құяды және оған бірнеше 
тамшы хлорлы темір ертіндісін қосады. Әуелі жасыл түске боялып, ал сілті қосқаннан кейін қызыл түске айналады. 
Инсулин. 1. Биурет реакциясы, бұл реакция инсулиннің белоктың табиғатын дәлелдейді. Пробиркаға 1-2 мл инсулин 
ертіндісін және сілтілік реакцияға дейін сілті ертіндісін қосады (лакмус қағазының кӛмегімен). Содан кейін 2-3 тамшы 
мыс сулъфатының ертіндісін қосады. Сұйық  кӛгілдір күлгін түске боялады. 
2.  Концентрлі  азот  қышқылымен  реакция.  Пробиркаға  1  мл  концентрлі  азот  қышқылын  және  қабырғасьмен 
тамшылатып 1 мл инсулин ертіндісін косады. Екі сұйықтың бӛлінген жерінде анық кӛрінетін  сақина пайда болады. 
Фолликулин.  Концентрлі  күкірт  қышқылымен  реакция.  Пробиркаға  1  тамшы  фолликулин  ертіндісі  және5  тамшы 
концентрлі  күкірт  қышқылын  құяды.  Қоспаны  ыстық  суы  бар  стаканға  10-15  мин.  батырып  қояды.  Пробиркадағы 
сұйьқ сары түске боялып, қыздырған кезде қызыл түске ауысып жасыл флуоресценция береді. 
Қосымша нұсқау 
1.  Адреналинді  анықтағанда  натрий  гидроксидінің  орнына  1  тамшы  10%-ті  аммоний  гидроксиді  ертіндісін  қосуға 
болады. 
2. «Гормондар» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз. 
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма 
1. Оқулық пен дәріс конспектілері бойынша «Гормондар» тарауын дайындау.  
2. Гормондардың толық сипаттамаларын кӛрсететін сызбанұсқа сызу. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет