Н. С. Досмағанбетов, Б. Н. Жабытай «табиғи капитал» ЖӘне экономикалық дамудың балама мүмкіндіктері



жүктеу 304.05 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.03.2017
өлшемі304.05 Kb.

Н.С. ДОСМАҒАНБЕТОВ, Б.Н. ЖАБЫТАЙ 

 

«ТАБИҒИ КАПИТАЛ» ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

ДАМУДЫҢ БАЛАМА МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

«Табиғи  капитал»  ұғымы  жайлы  алғашқы  ой-пікірлер  қазіргі 

уақытта,  «экологиялық  экономика»  деп  аталатын  жаңа  пайда  бола 

бастаған ғылыми бағыттың шеңберінде орын алып отыр. 1980-1990 

жылдардың аяғында «табиғи капитал» ұғымы Р. Костанз, Х. Дейли, 

Дж.  Бартоломью сияқты және басқа  да  ғалымдардың еңбектерінде 

пайда  болып  қалыптасты.  Дейлидің  пікірінше,  табиғи  капитал 

табиғи  қызметтер  мен  нақты  табиғи  ресурстар  ағынының  кӛзін 

білдіретін  қор  болып  табылады.  Осы  тұрақты  қор  кӛрсеткіші 

«экологиялық  қызметтерді»  ӛндіре  отырып  «табиғи  табысты» 

қалыптастыру  мүмкіндігіне  ие  болады.  «Табиғи  капиталдың» 

дәстүрлі  түсініктегі  кәдімгі  ӛндірістік  капиталдан  басты 

айырмашылығы – ол болашақта тауарлар мен қызметтердің құнын 

беретін табиғи ортаның жиынтық актив-қорлары болып табылады. 

Сондықтанда,  адамзат  баласына  болашақта  құнды  ресурстар  мен 

экологиялық  қызметтер  ұсынатын  «табиғи  активтер»  жиынтығы 

«табиғи капитал» деп аталады [1, 130]. 

1992  жылы  Рио-де-Жанейрода  ӛткен  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының қоршаған орта және даму бойынша конференциясында 

«ТАБИҒИ  КАПИТАЛ»  теориясы  алға  тартылды:  «Табиғи 



капитал  ұғымы  адамзат  баласына  табиғаттың  беретін  барлық 

сыйын  қамти  отырып,  «қоршаған  орта»  деп  аталатын  сапалы 

ортадан  алынатын  физикалық  ресурстармен  түсіндіріледі»

Сондай-ақ,  осы  конференцияда  табиғи  капиталдың  негізгі 

тұрпаттары анықталды: 

1) жаңартылмайтын (шығындалатын) энергетикалық ресурстар

2) 

қалпына 


келетін 

(кезеңділікпен 

қолданылатын) 

энергетикалық емес минералды ресурстар

3)  жаңартылатын  немесе  әлеуетті  түрде  жаңарып  отыратын 

энергетикалық ресурстар. 

Табиғи  капитал  теориясы  мынаны  болжайды,  яғни  табиғи 

жүйелер  қызметінің  жоғалуы  негізгі  ӛнеркәсіптік  капиталдың 

ӛсімінен  әрқашанда  ӛтеліп  отырады.  Алайда,  табиғи  капиталды 

ӛндірістік капиталмен үздіксіз алмастыруға болмайды, олай болса, 

табиғи  капиталды  капиталдың  басқа  түрімен  технологиялық 


алмастырудың  әрқашанда  шегі  болады.  «Табиғи  ресурстар» 

түсінігі экономикалық теорияда аз зерттелген деп саналады. Соңғы 

уақытқа  дейін  жалпы  экономикалық  ғылымда,  тіпті  жаңа  пайда 

болған  «экологиялық  экономика»  теориясында  да  «табиғи 

ресурстардың» 

негізгі 


жүйе 

құраушы 


белгілері 

толық 


анықталмаған,  сонымен  қатар,  табиғи  құбылыстарды  «ресурстар» 

және  «ресурс  еместер»  деп  бӛлудің  критерийлері,  «табиғи 

құбылыстардың» 

(табиғи 


объектілердің) 

«экономикалық 

құбылыстарға» (экономикалық объектілерге) ӛту үдерісінің сипаты, 

осы үдерістердегі ғылыми зерттеулердің рӛлі, жаңартылатын және 

жаңартылмайтын  «табиғи  құбылыстар»  мен  «табиғи  ресурстар» 

және  жаңартылатын  және  жаңартылмайтын  «табиғи  капитал» 

арасындағы  айырмашылықтарды  кӛрсетудің  критерийлері  толық 

анықталмаған.  Осыған  байланысты,  ӛндірістік  материалдық 

ресурстардың  құнын  анықтау  үшін  қолданылатын  әдістемелер 

бойынша  «табиғи  ресурстардың»  құнын  анықтауға  талпыныстар 

жасағанда үлкен қиыншылықтар туындайды. 

«Табиғи  ресурстар»  -  адамдардың  материалдық  және  рухани 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  қоғамның  қолданатын 

объектілері, табиғат үдерістері мен жағдайлары. Табиғи ресурстар: 

 

орнына  келтірілетін  және  орнына  келтірілмейтін  табиғи 



ресурстар; 

 



жаңартылатын және жаңартылмайтын табиғи ресурстар; 

 



алмастырылатын  және  алмастырылмайтын  табиғи 

ресурстар, және; 

 

қалпына  келтірілетін  және  қалпына  келтірілмейтін 



табиғи ресурстар болып бӛлінеді. 

Табиғи  ресурстарға  пайдалы  қазбалар,  энергия  кӛздері,  жер 

қыртысы,  су  жолдары  мен  су  қоймалары,  минералдар,  ормандар, 

жабайы  ӛсімдіктер,  құрлық  пен  судағы  жануарлар  әлемі,  мәдени 

ӛсімдіктердің  және  үй  жануарларының  генофонды,  кӛркем  ӛнер 

ландшафттары, сауықтыру орталықтары және басқалары жатады. 

Сонымен,  белгілі  болғандай,  табиғи  капитал  түсінігі  «табиғи 

ресурстардың  жиынтығы»  ретінде  қарастырылмайды.  «Табиғи 

капитал» мен  «табиғи табыс» табиғи ресурстарды сәйкесінше, қор 

және 


ағын 

ретінде 


ірілендіреді. 

Осындай 


агрегатталған 

кӛрсеткіштердің қалыптасуы қорлар мен ағындар кӛрсеткіштерінің 

алуан  түрлерін  ӛлшеуді  және  бағалауды  талап  етеді.  Табиғи 

ресурстардың  физикалық  қасиеттеріне  қарағанда  табиғи  капитал 



мен  табиғи  табыс  ерекше  бағалаушылық  қасиеттерге  ие  болып 

табылады.  Технологияның  дамуымен  байланысты  сарқылатын 

табиғи  ресурстарды  ӛндірістік  игіліктермен  ауыстыруға  тура 

келеді.  Олай  болса,  табиғи  ресурстар  ӛндірістік  үдерістің 

материалдық  негізі  (енжар)  болып  табылса,  ал  ӛндірістік  капитал 

ӛндірістік үдерістің ӛндіргіштік негізін (белсенді) құрайды.  

Дегенменде,  табиғи  капитал  жаңа  қалыптасқан  теориялық 

тұжырымдаманы  білдіргендіктен,  оның  тәжірибелік  қолданысы 

енді  ғана  орын  алып  келеді.  Демек,  табиғи  капиталды  бағалаудың 

негізгі  мәселелері  тәжірибеде  міндетті  түрде  туындайды.  Мысалы, 

экологиялық  қызметтердің  экономикалық  құнын  бағалаудың 

барлық талпыныстары бүгінгі күнге дейін ӛз жемісін бермей келеді. 

Табиғи  капиталдың  қызметі  алуан  түрлі  болып  табылады.  Соған 

сәйкес, табиғи капиталды жан-жақты бағалау қажет, атап айтсақ, ең 

алдымен,  экологиялық  және  әлеуметтік  жағынан,  содан  кейін 

экономикалық тұрғыдан бағалау қажет. 

Кез-келген  елдің  экономикалық  дамуының  негізінде  оны 

анықтайтын 

факторлары 

болады. 


Экономикалық 

ӛсудің 


факторларына капиталдың үш түрі жатқызылады: 1) адами капитал 

(еңбек  ресурстары);  2)  физикалық  капитал  (ӛндіріс  құрал-

жабдықтары);  3)  табиғи  капитал  (табиғи  ресурстар).  Міне,  осы 

аталғандардың  соңғысының  экологиялық  фактор  ретінде  соңғы 

кездері экономикалық дамуда маңыздылығы арта түсті. Экономика 

тек  экономикалық  заңдармен  ғана  ӛмір  сүрмейді,  олай  болса, 

экологиялық  заңдарды  да  есепке  алу  керек  деген  түсінік  артып 

келеді.  Демек,  экономиканың  әріқарайғы  дамуы  экологиялық 

«дәліздің» ӛте тар шеңберлерінде ғана мүмкін болады. 

«Табиғи»  капиталдың  негізгі  үш  қызметін  бөліп  көрсетуге 

болады: 

1.  Ресурстық  қызметі  –  тауарлар  мен  қызметтердің  ӛндірісін 

табиғи ресурстармен қамтамасыз ету; 

2.  Экожүйелік/экологиялық  қызметі  –  табиғаттың  әртүрлі 

сипаттағы  реттеушілік  қызметін  атқаруы:  зиянды  қалдықтарды 

ассимиляциялау,  климатты  және  су  жүйесін,  озон  қабатын  реттеу 

және т.б. 

3.  Эстетикалық,  этикалық,  адамгершіліктік,  мәдени,  тарихи 

аспектілерімен  байланысты  табиғат  қызметтері.  Бұлар  бір  сӛзбен 

айтқанда, «рухани» экологиялық қызметтер деп аталады. 



Экономиканы 

ұйымдастырудың 

дәстүрлі 

үлгілерінің 

(нарықтық,  жоспарлы,  т.б.)  жалпы  дерті  –  ӛндірістік  қызметте 

экологиялық  факторды,  табиғи  капиталдың  барлық  қызметтерін 

бағаламау  және  кӛзге  ілмеу.  Бұл  жерде  экологиялық  қызметтердің 

нарықтық  құны  жоқ,  тек  адамдарды  табиғи  ресурстармен 

қамтамасыз ету қызметтері ғана бағаланады. Осындай құбылыстар 

адамзаттың 

қолымен 

жасалған 

жаһандық 

экологиялық 

мәселелердің  пайда  болуына  алып  келді,  олардан  келетін 

экономикалық зиян бүгінгі күні орасан зор [2, 204].  

«Табиғи  капиталдың»  қазіргі  рыноктың  үдерісіне  дендеп  енуі 

экономиканы  ӛзін-ӛзі  ӛндіре  алу  қабілетіне  жағдай  жасап  отыр, 

яғни  экономикалық  дамудың  дәстүрлі  мүмкіндіктерінің  орнына 

оны дамытудың балама мүмкіндіктерін қолға алу қатынастары алға 

тартылып  келеді.  Бұған  не  себеп  болды?  Экономикалық  дамудың 

балама  мүмкіндіктерін  іздестірудің  қажеттілігі  бүгінгі  күні  неге 

туындап отыр? 

Басты  себебі  –  әлемдегі  қазіргі  экономикалық  жағдайдың 

қаржылық,  экономикалық,  экологиялық,  энергетикалық  және 

әлеуметтік-демографиялық 

сияқты 

жүйелі 


дағдарыстардың 

салдарынан  тұрақсыздыққа  ұрынуы  болып  отыр,  яғни  осындай 

кешенді  дағдарыстардың  шарықтау  шегі  2008  жылға  келіп  отыр. 

Бұл  үдерістердің  климаттық  ӛзгерістердің  негізінде  орын  алып 

отырғандығын  қазіргі  ғалымдар  байқап  отыр.  Олардың  ойынша, 

климаттық жағдайлардың шапшаң ӛзгеруі экологиялық жүйелердің 

бейімделу  шапшаңдығынан  және  адам  іс-әрекеттері  қарқынының 

жылдамдығынан  тез  болып  отыр.  Осының  бәрі  әлеуметтік-

экономикалық  даму  бағыттарын  түбегейлі  ӛзгертудің  қажеттілігін 

туындатып  отыр,  яғни  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  балама 

мүмкіндіктерін іздестіріп тұрақты экономикалық ӛсуді қамтамасыз 

етудің  жолдарын  қарастыру  қажет.  Сондықтанда,  қазіргі  уақытта 

экономика  мен  қоғамның  тұрақтылығы  міндеті,  жағымсыз 

әсерлерге  қарсы  тұра  алу  және  олардың  әсерлерінен  қалпына  келе 

алу  мүмкіндіктері,  сонымен  қатар,  энергетикалық  және  су 

ресурстарын  (жаңартпалы  ресурстарды)  пайдаланудың  тиімділігін 

одан әрі кӛтеру мәселелері  бірінші орынға шықты. Экономикалық 

дамудың балама мүмкіндіктерін сипаттайтын дамудың жаңа үлгісін 

іздестіру «жасыл» (экологиялық) экономика тұжырымдамасының 

қалыптасуына  жол  ашты.  Осындай  үлгінің  қалыптасуы  экономика 

мен  қоғамның  табиғат  жүйесіне  икемделуін  терең  түсінуге 


итермелейді.  Дәл  бүгінгі  осы  айтылып  отырған  кӛзқарастармен 

қазіргі 


әлем 

2012 


жылы 

Бразилияда 

ӛтетін 

«Рио+20» 



конференциясына жақындап келеді. 

Сарапшылардың 

пікірінше, 

қазіргі 


уақытта, 

әлемдік 


қауымдастық 

жоғарыда 

аталған 

дағдарыстардың, 

әсіресе, 

экономикалық,  экологиялық  және  азық-түліктік  дағдарыстарды 

еңсерумен  байланысты  аса  ӛткір  мәселелерді  шешуге  бел  буа 

кірісті. Бұған дер кезінде мемлекет басшысы да ӛркениеттің бірігуі 

мен әріптестік  танытуы жолымен  жаһандық  дағдарысты еңсерудің 

жаңа бағыттарын атап кӛрсеткен  болатын. Оның бір тетігі  ретінде 

Астана қаласының «Жасыл көпір» бастамасын атауға болады. Бұл 

бастаманы  алғаш  рет  Нұрсұлтан  Назарбаев  ІІІ  Астана 

экономикалық форумында кӛтерді. Осыған байланысты, Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев:  «Әлем  жаңа 

экологиялық  қауіпсіз  технологияларға,  олармен  тез  алмасуға  және 

жаңартылатын  қуат  кӛздеріне  зәру.  Осыған  орай,  былтыр  ӛткен 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  саммитінде  Қазақстан  Еуропа  мен 

Азия  арасындағы  «Жасыл  кӛпір»  атанған  жаңа  экологиялық 

декларация  құру  туралы  бастамашылығын  жариялады.  Бұл 

экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  және  «жасыл 

экономика»  құру  үдерісін  жақындатуға  және  тездетуге  мүмкіндік 

береді» деп атап ӛтті.  

Қазақстан  соңғы  жылдары  ӛзекті  экологиялық  мәселелерді 

шешуде  біршама  ілгері  жылжыды.  Ондаған  жылдар  бойы 

жинақталған  «тарихи»  ластағыштар  мен  депрессивті  аумақтардың 

қалпына  келтіру  салдарлары  сәтті  түрде  іске  асырылуда.  Бүгінгі 

таңда  Қазақстан  экономикасының  кӛптеген  салаларында  жоғары 

энергиялық  сиымдылық  сақталуда.  Мұнай-газ  секторында 

парниктік  газдар  шығарындыларының  үлесі  артып  келеді. 

Сондықтанда,  осы  үлестерді  қысқарту  үшін  еліміз  «Жасыл  даму» 

жолына  түсуі  қажет,  яғни  қоршаған  ортаның  бүтіндігін  сақтау 

отырып, экономикалық дамуға қол жеткізуі қажет. 



Қазіргі  тұрақты  даму  экономикалық,  әлеуметтік  және 

экологиялық  компонент  сияқты  үш  құрауыштың  арасындағы 

кешенді  өзара  байланыстың  орын  алуын  болжайды.Соңғы 

онжылдықта пайда болған «жасыл» экономика тұжырымдамасы 

тұрақты  дамудың  осы  компоненті  арасындағы  оңтайлы 

үйлесімділікті  қамтамасыз  етуге  негізделеді  және  дамыған, 

дамушы  және  өтпелі  экономика  жағдайындағы  мемлекеттердің 

барлығы  үшін  аса  қолайлы  жүйе  болатындығын  дәлелдеуге 

тырысады. 

«Табиғи капитал» кӛптеген елдердің экономикасында маңызды 

рӛл  ойнайды.  Қазақстан  үшін,  мысалы,  экономикада  пайдалы 

қазбалардың  маңыздылығы  ӛте  ерекше  болып  табылады,  яғни 

табиғи  ресурстардың  ӛте  мол  қоры  экономиканың  дамуында 

маңызды  рӛл  ойнайды.  Кӛптеген  елдер  ӛзінің  бай  табиғатының 

есебінен  экологиялық  туризм  үшін  табиғи  капиталдың  «рухани» 

қызметтерін қамтамасыз етіп мол табыстарға кенеліп отыр.  

Қазіргі 

уақытта, 

инвестициялау 

үшін 


Қазақстан 

экономикасының  басымдықты  секторларының  біріне  балама  



энергетика  (альтернативті  энергетика)  саласы  жатады.  Балама 

энергетика 

Қазақстан 

экономикасын 

дамытудың 

балама 


мүмкіндіктері  болып  табылады.  Экономикалық  дамудың  осындай 

балама  мүмкіндігі соңғы 15-20 жылда  әлемдік экономикада  басым 

рӛлді  ойнап  отырған  «болашақ  экономика»  секторларының  бірі 

болып табылады.  

Қазақстанның  экологиялық  мәселелерін  шешудің  және 

электроэнергетиканы  дамытудың  басым  бағытының  бірі  ретінде 



өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды кеңінен 

пайдалану  үдерісі  қарастырылып  келеді.  Қазақстанда  ӛздігінен 

жаңарып  отыратын  энергетикалық  ресурстардың  әлеуеті  ӛте  зор 

болып  табылады.  Жаңартпалы  энергетикалық  ресурстарға 

гидроэнергия, жел энергиясы мен күн энергиясы жатады.  



Гидроэнергия.  Кейбір  деректерге  сүйенсек,  Қазақстан 

территориясы  бойынша  гидроэнергетикалық  ресурстар  тең 

бӛлінбеген,  олардың  үлкен  бӛлігі  Қазақстанның  негізгі  үш 

аймағында шоғырландырылған: 

1) Оңтүстік-Шығыс аймағы, Іле ӛзені бассейні, Шығыс Балқаш 

кӛлі бассейні және Алакӛл кӛлдерінің топтамасы бассейні; 

2) Шығыс аймағы, Ертіс ӛзені бассейні; 

3) Оңтүстік аймағы, Сырдария, Талас, Шу ӛзендерінің бассейні. 

Қазақстан  үшін  энергияның  жаңартпалы  басым  кӛздерінің  бірі 

ретінде жел энергетикасы саласы саналады. Осыны ескере отырып, 

Қазақстанның  жел  атласы  жасалды.  Қазіргі  уақытта,  Қазақстанда 

жел  электростанцияларын  салудың  10  алаңы  зерттелген.  Мұндай 

алаңдар  электроэнергияның  коммерциялық  ӛндірісі  үшін  жалпы 

қуаттылығы  1000  МВт-ға  дейін  жететін  аса  ірі  жел 

электростанцияларын  салу  үшін  толығымен  пайдаланыла  алады. 


Бұл  жоспарда  Жоңғар  қақпасының  әлеуеттік  мүмкіндіктері  аса 

танымал екені белгілі. Қазақстандық танымал энергетик Александр 

Трофимовтың  мәліметтері  бойынша,  республикамыз  жан  басына 

шаққандағы жел энергиясы ресурстарының кӛлемі бойынша әлемде 

бірінші орынды иеленеді.  

Жел 

энергиясы. 

Қазақстанда 

жел 

энергетикасын 



пайдаланудың  басымдықтары  жел  энергиясы  ресурстарының  бар 

болуымен  анықталады.  Қазақстан  территориясының  жартысында 

желдің орташа жылдық жылдамдығы 5-6 м/с., ал кейбір аудандарда 

желдің  жылдамдығы  7-8  м/с.  құрайды.  Жел  электростанцияларын 

салу  ең  алдымен,  желіге  қосылмаған  шалғайдағы  аудандарды 

энергиямен қамтамасыз етумен шартталады.  

Елімізде  жел  энергетикасын  дамытуға  деген  қызығушылық 

келесі  артықшылықты  факторлармен  түсіндіріледі:  жел  –  бұл 

отынның  бағаларына  тәуелді  болып  табылмайтын  энергияның 

жаңартылып  отыратын  ресурсы;  жел  ресурсы  елдің  барлық 

территориясында  қол  жетімді  болып  табылады;  орнатылатын  жел 

энергетикасы  құрылғысының  қуаттылығына  бәсекенің  болуы; 

атмосфераға  зиянды  қалдықтарды  тастаудың  және  парниктік 

газдарды 

жіберудің 

болмауы; 

шалғай 

аудандарды 



электроэнергиямен 

жабдықтауды 

орталықсыздандырудың 

мүмкіндігі.  



Күн  энергиясы.  Күн  энергиясын  қалыптастырудың  және 

пайдаланудың  бірнеше  бағыттары  бар:  күн  сәулесі  электр 

энергиясын және жылуды қалыптастырады; ғимараттарды жылыту 

үшін  қолданылады;  ауаны  баптайды;  ыстық  сумен  қамтамасыз 

етеді; әртүрлі материалдарды кептіру үшін қолданылады.  

Қазақстанның  географиялық  орналасуының  солтүстіктік 

кеңдігіне  қарамастан,  еліміздегі  күн  энергиясының  ресурстары 

тұрақты 


және 

климаттық 

жағдайлардың 

қолайлылығына 

байланысты  қол  жетімді  болып  табылады.  Кейбір  зерттеу 

қорытындылары  бойынша,  елдің  оңтүстік  аймақтарында  күн 

энергиясының  әлеуеті  жылына  2500-3000  күн  сағатына  жетіп 

жығылады,  ал  күн  сәулесі  энергиясы  жылына  1300-1800  кВт/м. 

құрайды. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы және Арал теңізі 

сияқты  энергия  тапшы  аймақтар  күн  электростанцияларын  салу 

үшін аса қолайлы аудандар болып табылады [3, 41].  

2014  жылы  Қазақстанда  электроэнергияның  жаңартылатын 

ресурстарын  ӛндіру  энергияны  тұтынудың  жалпы  кӛлемінде  1 


пайыздан асады деген болжамдар айтылады. Экологиялық жағынан 

таза  технологияларды  дамыту  үшін  электроэнергияны  ӛндірудің 

жалпы  кӛлемінде  энергияның  жаңартылатын  кӛздерінің  үлесін 

арттыру  қажет.  Жақында  Астана  қаласында  ӛткен  KAZENERGY 

форумында  индустрия  және  жаңа  технологиялар  министрі  Әсет 

Исекешов  былай  деді:  «біздің  болжамымыз  бойынша  2014  жылға 

қарай  жаңартылатын  энергия  кӛздерін  ӛндірудің  кӛлемі  1  млрд. 

кВт/с.  құрайды,  ол  энергияны  жалпы  тұтынудың  шамамен  1 

пайызынан  асады,  ал  2020  жылға  қарай  3  пайызға  жетеді».  Ел 

үкіметі  бүгінгі  күні  осы  үлес  салмақты  арттырудың  қажеттілігін 

толық түсініп отыр және энергияның балама кӛздеріне инвестиция 

салу  үшін  қосымша  жаңа  серпіндер  жасаудың  жұмыстарын  қолға 

алып келеді.  

Танымал  сарапшы  Питер  Диксонның  айтуынша,  әлемдік 

энергетикалық  ресурстарда  дәстүрлі  энергетика  ресурстарының 

(мұнай,  газ,  кӛмір)  үлесі  бүгінгі  күні  74%-ды  құрайды.  Қоғамдық 

тұтынудың қазіргі қарқынды деңгейінде мұнай қоры 40 жылға, газ 

қоры 56 жылға және кӛмір 197 жылға ғана жетеді. Ал энергияның 

басқа  да  кӛздеріне  келетін  болсақ,  энергияның  жаңартпалы 

кӛздеріне (гидроэнергия, жел және күн энергиясы) 19,5%-дан, атом 

энергиясына  6,3%-дан  келеді  екен.  Бүгінде,  энергияның 

жаңартпалы кӛздері – бұл әлемде ӛте қарқынды дамып келе жатқан 

энергияның жаңа нысаны. Жыл сайын оның жаһандық ӛсу қарқыны 

10%-дан  асады  және  осы  қарқын  болашақта  да  сақталады  деген 

болжам бар.  

Электроэнергияның  балама  кӛздерін  ӛндіруден  Еуропалық 

Одақ,  АҚШ,  Қытай  және  Үндістан  сияқты  елдер  әлемде 

кӛшбасшылар ретінде саналады. 

Энергияның  жаңартпалы  кӛздеріне  деген  әлемдік  сұраныс 

тұрақты түрде ӛсіп келеді. ХХІ-ғасырдың ортасына қарай олардың 

үлесі  35%-ға  жетеді  деп  болжануда.  Энергияның  осындай 

кӛздерінің  тартымдылығы  және  оларға  қызығушылықтың  артуы 

осы 

ресурстардың 



сарқылмайтындығымен, 

энергия 


тасымалдағыштардың  әлемдік  бағаларының  ӛзгеруіне  деген 

тәуелсіздігінен және экологиялық тазалығымен байланысты. Соңғы 

аргументі  ерекше  ӛзекті  болып  табылады,  ӛйткені,  дәстүрлі 

энергетика  жергілікті  деңгейде  де,  жаһандық  масштабта  да 

қоршаған ортаға жағымсыз әсерін үнемі тигізіп отырады.  


Қазақстанның 

энергетикалық 

секторындағы 

қазіргі 


кәсіпорындар  атмосфераны  ең  ірі  ластаушылар  болып  табылады. 

Жыл  сайын  олар  атмосфераға  миллион  тоннадан  артық  зиянды 

қалдықтар  тастайды.  Халықаралық  энергетикалық  агенттіктің 

деректері  бойынша,  Қазақстан  парниктік  газдардың  ЖІӚ-ге 

шаққанда  қалдықтарын  тастаудың  үлесі  бойынша  әлемде  үшінші 

орынға  ие  болған.  Қазақстанда  тек  кӛмір  энергетикасынан  ғана 

келетін  қоршаған  ортаны  ластаудың  экономикалық  шығыны 

болжам  бойынша,  жылына  3,4  млрд.  долларға  бағаланады  екен. 

Сондықтанда,  балама  энергетиканы  елемеу  сол  энергетикалық 

ресурстарды 

ұтымсыз 

пайдалануға, 

олардың 

үнемділігін 

тӛмендетуге  және  энергиямен  жабдықтаудың  сенімсіздігіне  алып 

келеді,  сонымен  қоса,  адамдардың  денсаулығына  және  экологияға 

ӛте кӛп зиян тигізеді.  

Қорытындысында,  ел  экономикасы  үшін  энергияның  балама 

кӛздерін  қалыптастыру  және  пайдалану  арқылы  дамудың  сол 

балама мүмкіндіктерін іздеу – ӛте маңызды және жан-жақты мәселе 

деп  айтқымыз  келеді.  Ұлан байтақ  территориямызды ескеріп  және 

табиғаттың  берген  ресурстық  әлеуеті  мен  мүмкіндіктерін 

пайдаланып осындай энергия кӛздерін қолға алмаудың ӛзі біз үшін 

кешірілмейтін  іс  сияқты  кӛрінеді.  Бұл  іс  болашақ  дамудың  жолы 

болғандықтан,  оптимистік  кӛзқарас  тұрғысынан,  энергияның 

жаңартылатын  кӛздерін  кеңінен  пайдалану  алдағы  уақытта, 

отандық  экономиканың  шикізаттық  емес  секторларын  дамытуға 

ӛзінің зор үлесін қосары сӛзсіз. 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 



Б.У. Пухова. «Природный капитал», как составная часть 

природных ресурсов // Фундаментальные исследования. – 2008. - № 

2, стр. 130-132. 

2.

 



И.П.  Глазырина.  Природный  капитал  в  экономике 

переходного периода. – М.: НИА. Природа, 2001. – стр. 204. 



3.

 

Альтернативная  энергетика.  Приоритетные  сектора 



экономики // Справочник инвестора, 2010. – стр. 41. 

 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Қ атыстық сын есімдердің лексикалық тіркесімділігі
123456789 -> Бегімбай К. М. Дизайн және бейнелеу өнері салаларына
123456789 -> СҮттің Қоректік сапасы және сүттегі микроорганизмдер
123456789 -> Қазақ халқының ою-өрнектерінің Қолданылуы
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы
123456789 -> Қр президенттік мәдениет орталығының кіші ғылыми қызметкері
123456789 -> Адам қҰҚЫҚтары жүйесіндегі білім алу қҰҚЫҒЫ
123456789 -> Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды
123456789 -> Г.Қ. аЙҚынбаева оҚуШылаРДыҢ беЙІнДІк ҚабІлетІн аныҚтауДа психологиялыҚ- пеДагогикалыҚ ӘДІс-тӘсІлДерді қолДануДыҢ еРекШелІктеРІ
123456789 -> Артыкбаев Ж. О. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» Жаратылыс құпиялары туралы жыр


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет