Ұн шығару өнеркәсібінде кәсіпорындарға міндетті шығыстардың базисті нормалары құрастырылған және бекітілген



бет1/3
Дата15.04.2023
өлшемі23,87 Kb.
#82971
  1   2   3

V. Экология

Экологияның басқарудың тиімді жүйесі кәсіпорынның қоршаған ортамен қалай өзара байланыса алатындығын түсінуден басталады. Кәсіпорынның қоршаған ортамен өзара әрекетте болуы мүмкін қызмет элементтері, өнімдері мен қызметтері экологиялық аспекттер болып табылады. Оларға, мысалы, пайдаланылған сулар, қалдықтар, материалды тұтыну немесе қайта қолдану немесе шудың пайда болуы жатады. Қоршаған ортаны басқару жүйесін енгізуші ұйым ол қандай экологиялық аспекттерді бақылай алатындығын, ал қандай аспекттерге – әсер ететіндігін анықтауы қажет. Кәсіпорынның көптеген экологиялық аспекттері мен оларға байланысты қоршаған ортаған әсері бар, сондықтан маңызды (айтарлықтай) болып табылатын оларды анықтаудың критерийі мен әдістерін енгізу қажет. Технохимиялық бақылау


Ұн шығару зауытындағы өндірістік технологиялық лаборатория технологиялық процесстің негізгі кезеңдерінің жүргізілуін бақылауы, түсетін дәннің технологиялық басымдықтарын бағалап, оны тиімді пайдалануға нұсқау беруі, дайын өнімнің шығуын есептеуі, тұтынушыға таңдау мен шығару барысындағы оның сапасын бағалауы, оларды қоймаларда сақтау барысында оның сақталуын бақылауы қажет.
Өндірістік технологиялық лабораториялардың ең маңызды жұмыстарының бірі ұнның, ұнтақ жармасының және кебектердің шығу нормаларын дұрыс анықтау болып табылады. Мұндай есеп үшін дәннің басисті және нақты сапасын, дәннің нақты және базисті сапасының арасындағы айырмашылықты есептейтін жеңілдіктер мен үстемелердің базисті шығысы мен нормаларын білуі қажет.
Ұн шығару өнеркәсібінде кәсіпорындарға міндетті шығыстардың базисті нормалары құрастырылған және бекітілген.
Базисті сападағы дәнді өңдеу барысында тартылған ұнның белгілі бір типінде алынуы қажет өнімнің шығуын базисті деп атайды: ылғалдылық 14,5%; қоқыстардан босататын дәннің күлділігі 1,97; қоқыстың құрамы 1,0, оның ішінде минералды – 0,1; зиянды – 0,1 (кекіребалық пен қоянбеденің зиянды қоқыстарында 0,05); дән араласпасы – 1,0%; бидайдың сұрыпты кебектеріндегі натурасы – 750 г/л, қарабидайдың сұрыпты кебектерінде – 700 г/л.
Ұн шығарушы зауытқа сапасы базистіден ерекшеленетін дәндердің келуіне байланысты дайын өнімнің есептік шығуын анықтайды. Есептік шығуы – өңделетін дәннің нақты сапасына қарай базисті шығудың мөлшеріне жеңілдіктер немесе үстемелерді қолдана отырып есептік жолмен бекітілген, өнімнің саны (%, кг).
Кәсіпорын қызметін сараптау үшін өнімнің нақты шығуын есептейді (нақты өңделген дәннің массасына пайыз түрінде өрнектелген, алынған өнімнің салмақтық саны).
Ұн шығару зауытының жұмысын бақылау, шикізатты нақты пайдалануды анықтау, нақты кептіру немесе ылғалдандыруды, механикалық шығындар шамасын бекіту және дайын өнімнің нақты шығуын анықтау үшін ай сайын кәсіпорындарда өндірістік корпусты тазарту жұмыстарын жүргізеді. Оның нәтижесінде 117- маңызды есептік құжат формасына енгізеді. Тазарту барысында нақты кептіру немесе ылғалдандыруды (Х, %) келесі формула бойынша есептейді:
(3)
мұнда – өңдеуге түскен дәннің орташа есептелген ылғалдылығы, %;
- ұнның, ұнтақ жармасы мен кебектің орташа есептелген ылғалдылығы, %.
Егер дәннің бастапқы ылғалдылығынан жоғары болса, өнімнің ылғалдануы, ал егер аз болса – кебуі орын алған.
Өнімнің нақты шығуын, кептіру немесе ылғалдандыру есебін анықтаған соң, механикалық шығындарды бекітеді (дәнді өңдеу барысында түзілетін ұсталмайтын шығын). Механикалық шығындарды (А, %) келесі формулалардың бірімен есептік жолмен анықтайды:


(4)
+ (5)

мұнда ∆-дәннің құрғақ затының механикалық шығыны, %;


ИΣ-ұнның, ұнтақ жармасының, кебектің және қалдықтардың суммалық шығуы, %;
X1-нақты кептіру, %;
Х2-нақты ылғалдандыру, %.
Механикалық шығындардың қалыпты шамалары 0,1-0,2%.
Өнім шығуының есебін автоматтандыру және оның дәлдігін арттыру үшін ЭЕМ-да бидай мен қарабидайдың сұрыптық та, жапсырмалы да тартылған ұндарына жарамды өнімнің шығу есебінің алгоритмі құрастырылды. Алгоритмнің блок-схемасы шығу есебі барысында ескерілетін дәннің барлық нақты сапа көрсеткіштерінің есебін қарастырады. Алгоритм бойынша ЭЕМ-да есепті шешу бағдарламасы құрастырылған. Есепті шешу уақыты 28 с құрайды. Өнімнің шығу есебінің бағдарламасы ЭЕМ-ға бастапқы мәліметтерді енгізудің белгілі бір тәртібін қарастырады. Бастапқы мәліметтерді пайдаланудың кезектілігі келесідей: өнім шығуының мөлшеріне ықпал ететін дән сапасының көрсеткіштері; базисті сапалы дәннен дайын қнім шығуының нормалары; өңделген дәннің саны.
Бастапқы мәліметтерді белгілі бір кезектілікте көрсетілген ақпараттың перфолентасын ала отырып, мәліметтерді дайындау құрылғысында (МДҚ) әзірлеу қажет. ЭЕМ-ға шығу есебінің жұмыс бағдарламасын және бастапқы мәліметтері бар перфолентаны енгізеді. ЭЕМ үш кесте шығарады. Біріншісінде дән партиясының сапа көрсеткіштері берілген. Екінші кесте дән сапасының нақты көрсеткіштерін ескере отырып, өнімнің басты шығуына есептелген түзетулерді көрсетеді. Бұл кестенің нәтижелік қатарында дайын өнімнің есептік шығуы келтірілген. Үшінші кестеде өнімнің нақты өңделген түрлерінің килограммдағы есептелген түрлерімен салыстырмасы келтіріліп, олардың арасындағы айырмашылық пайыз түрінде көрсетілген.
Дайын өнімнің шығуына дәннің ылғалдылығы, жылтырлығы, күлділігі, дән натурасы, ондағы қоқыстар мен дән араласпасының болулары ықпал етеді. Әрбір сапа көрсеткішіне жеңілдіктердің (үстемелердің) нормалары диірмендерде технологиялық процесстерді ұйымдастыру мен жүргізу Ережелерінде көрсетілген. Шығуға енгізілген түземелерді әрбір көрсеткіш үшін жеке санайды. Сосын сапаның түрлі көрсеткіштері бойынша шығудың барлық өзгерістерін әрбір өнім үшін суммалап, белгіні ескере отырып, шығудың базисті нормасына қосады. Нәтижесінде ұнның, кбектің, қалдықтардың шығу есебін алады.
Әрбір өнім бойынша алынған сапаның бір көрсеткіші бойынша ауытқушылықтардың суммасы әрқашан нөлге тең. Жеңілдіктер суммасы әрқашан үстеме суммасына тең. Өнімнің есептік шығу суммасы әрқашан 100-ге тең болады. Түземелерді есептеу 0,01%-ға дейінгі дәлдікпен қабылданған.
Дәннің келесі сапасы барысында ұнтақ жармасын, жоғарғы, бірінші және екінші сұрып ұндарын өңдей отырып, бидайдың үш сұрыпты тартылған қны барысында өнім шығуының есебінің мысалын қарастырайық.
Ылғалдылы………………………………………………………………………2,79%
Жылтырлық …………………………………………….54%
Күлділік ……………………….................................1,68%
Қоқыстардың болуы....................…………………………………................................0,50%
Саңылауының өлшемі 1,7х20мм болатын елек қалдығында зақым келген немесе
өніп кеткен дәндерден басқа, дән араласпасының құрамы................ ......................1,53%
Саңылауының өлшемі 1,7х20мм болатын елек арқылы өтетеін ұсақ дән мен дән
араласпасының құрамы....................................................................................................2,29%
Саңылауының өлшемі 1,7х20мм болатын елек қалдығындағы, дән араласпасына
жататын, зақымдалған және өніп кеткен дәннің құрамы............................................0,04 %
Натура ……………………………………………...792 г/л
Өнімнің базисті шығуы келесі өлшемдерде берілген, %:
Ұнтақ жармасы……………………………………………………1
Жоғарғы сұрып ұны……………………………………………..25
«бірінші………………………………………………………34
« екінші………………………………………………………18
Ұн мен ұнтақ жармасының жалпы шығуы %:….....……...78
кебектер………………………………………………………......18,5
жемшөптік қалдықта......………………………………………2,7
жемшөптік емес қалдықтар және механикалық шығындар…...0,8
Барлығы . …………………………100
Ережеде келтірілген өнімнің шығу есебіне арналған нормалар кестесін пайдалана отырып, өнімнің шығуына ықпал ететін дәннің сапалық көрсеткіштері бойынша базиске берілетін жеңілдіктерді (үстемелерді) есептейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет