На праве хозяйственного ведения шымкентский высший



бет1/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ
ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ
МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ
КӘСІПОРНЫ



ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ
ПРЕДПРИЯТИЕ НА ПРАВЕ ХОЗЯЙСТВЕННОГО ВЕДЕНИЯ
ШЫМКЕНТСКИЙ ВЫСШИЙ
МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ
УПРАВЛЕНИЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ
ЮЖНО – КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ


«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргер мамандығы» пӘні бойынша Дәріс жинағы

Мамандығы: 0302000 - «Мейіргер ісі»


Біліктілігі: 0302054 - «Қолданбалы бакалавр»
Курс: I
Семестр: I


Құрастырушы: Сырлыбай Ф.Е..

Шымкент 2019 ж.


1 дәріс
1.Тақырыбы: Мейіргерлік үрдіс және мейіргерлік күтімнің жоспары.
2. Мақсаты: студенттерге мейіргерлік үрдіс және мейіргерлік күтім жоспары жайында түсінік беру, мейіргерлік күтімді жүзеге асыруды үйрету.
3. Дәріс тезистері:

  • Мейіргерлік үрдіс туралы түсінік.

  • Мейіргерлік үрдістің мақсаты.

  • Мейіргерлік көмекті жоспарлау.

  • Мейіргерлік үрдісті қолданудың маңызы.



Мейіргерлік үрдіс – кәсіптік мейірбикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.
Мейірбике ісінің мақсаты – мейірбикелік процесті жүзеге асыру. Емделушінің мәртебесін, оның қоғам мен әлеуметтік қажеттіліктерінде автономиясы мен үйлесімділігін қорғап, сыйлап мейірбике өз жұмысын кәсіби орындауға тырысады. Кәзіргі мейірбике ісі – ғылым және өнер болып табылады.
Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Ол тек науқас және олардың туыстарының алдында ғана емес, тұтас алғанда мемлекет алдында да жауапкершілікте. Сондықтан-да, медицина қызметкерлерінің арасында мейірбикелерге де үлкен міндеттер жүктелген. Мейірбикелер жоғары кәсіби шеберлік иелері болумен қатар бақылаушылық, науқастың бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістерді көретін, байқағыштық қасиеттерге де бай болғаны жөн. Олар ұстамды, өзінің сезімталдық берілгіштігін басқара білетін, эмоциялық тұрақтылықта тәрбиеленген жандар болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет