Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9887
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

 
 

95 
 
7. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
 
70.
 
 Пəндік нəтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар: 
1)
 
600-620 лексикалық минимумды; 
2)
 
сөз құрамын жəне түбірлес сөздерді ажыратуды; 
3)
 
сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тəсілдерін; 
4)
 
лексикалық  минимум  көлеміндегі  сөздердің  көптелу,  тəуелдену, 
септелу, жіктелу ерекшеліктерін;  
5)
 
етістіктің болымсыз түрін жəне «жоқ», «емес» сөздерін пайдалануды; 
6)
 
жай сөйлем құру тəсілдерін; 
7)
 
мəтіндегі  сөздердің  өзара  байланысын,  сөйлемдегі  сөздердің  орын 
тəртібін; 
8)
 
сөз тіркесінің сөзден, сөйлемнен өзгешелігін білуі тиіс. 
71.
 
 Сөйлесім əрекетінің түрлері бойынша: 
1)
 
тыңдалым:  жеке  сөз  тіркестерін  жəне  сөйлесу  кезінде  өзіне  қатысты 
жиі  қолданылған  сөздерді;  өзі  жəне  өз  отбасы  туралы,  мектеп  өмірі  туралы, 
мекен  жайы  туралы,  оқуы  жайлы  айтылған  сөздерді;  жай  сөйлем  түрінде 
қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну дағдыларын; 
2)
 
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну;  өзіне  таныс 
тақырыптар  бойынша  күнделікті  қолданылатын  сөйлемдерді  тауып  оқу; 
тақырып  көлеміндегі  мəтіндерден  өзіне  қажетті  сөзді  оқып  түсіну;  мəтіннен 
тірек  сөздерді  табу,  ұқсас  заттарды  салыстыра  сипаттау;  қазақ  тіліндегі 
өлеңдерді жаттау дағдыларын; 
3)
 
айтылым:  қарапайым  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қолдана  отырып,  өз 
отбасы жəне басқа адамдар туралы, өздерінің өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта 
алу; өз ойын қысқа сөйлемдер арқылы білдіру дағдыларын; 
4)
 
жазылым: 
тақырыптар 
көлемінде 
қысқаша 
сөйлемдер 
мен 
хабарландырулар  жазу;  мəтіні  оңай  хат  жазу;  біреуге  жазбаша  алғыс  білдіру; 
тақырып аясында түрлі мəліметтер жазу дағдыларын; 
5)
 
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  өзіне  таныс  тақырыптар  бойынша 
қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша 
сөйлемдер  арқылы  қолдай  алу;  еркін  сөйлесу  үшін  қарапайым  сөздер  мен 
тіркестерін түсіну, диалог пен полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс. 
 
 
8. 6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
 
72.
 
 Пəндік нəтиже бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар: 
1)
 
720-740 лексикалық бірлікті; 
2)
 
ұсынылған лексикалық бірліктердің мағыналарын; 
3)
 
сөздің бір жəне көп мағыналы болатындығын; 
4)
 
лексикалық  минимумға  кіретін  қос  сөздер,  біріккен  сөздердің  жасалу 
жолдарын; 

96 
 
5)
 
тілдік қатынаста сөз құрамын ажыратуды, сөз таптарының (лексикалық 
бірліктер аясында) сөзжасамдық ерекшеліктерін; 
6)
 
лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;  
7)
 
септік, тəуелдік, жіктік, көптік жалғауларын; 
8)
 
етістіктің  болымсыз  түрін  жəне  «жоқ», «емес»  сөздерін  қолданатын 
жағдайларды; 
9)
 
жай сөйлем құру тəсілдерін; 
10)
 
сөйлемде  үшін,  туралы,  сияқты  атау  септігін  меңгеретін 
септеуліктерді; 
11)
 
мəтіндегі жай сөйлемдердің байланысын; 
12)
 
жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемнің  қарапайым  үлгілерін 
қатысымдық тұрғыда қолдану жолдарын білуі тиіс. 
73.
 
 Сөйлесім əрекетінің түрлері бойынша: 
1)
 
тыңдалым:  жеке  сөз  тіркестерін  жəне  сөйлесу  кезінде  өзіне  қатысты 
жиі  қолданылған  сөздерді,  жеке  басына  байланысты  айтылған  мəліметтерді, 
сұрақтарды  түсіну  (жасы,  туған  жері,  тұратын  жері,  қызығушылығы,  оқуы, 
сүйікті  нəрселері);  үнтаспадан  тыңдаған  қысқа  хабарлардың  дұрыс, 
бұрыстығын  түсіну;  өзінің  достары,  тұрған  жерінің  табиғаты  жəне  өз  отбасы 
туралы,  мектеп  өмірі,  сүйікті  кейіпкерлері  жайлы  айтылған  сөздерді  түсіну; 
қысқаша айтылған хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын; 
2)
 
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну;  өзіне  таныс 
тақырыптар  бойынша  күнделікті  қолданылатын  сөйлемдерді  тауып  оқи  алу; 
түрлі  жанрдағы  мəтіндерді  дауыс  ырғағын,  фонетикалық  жəне  орфоэпиялық 
ережелерді  сақтай  отырып,  мəнерлеп  жəне  жүргізіп  оқу;  тақырып  көлеміндегі 
мəтіндерден  өзіне  қажетті  сөзді  оқып  түсіну;  мəтіннің  тақырыбы,  берілген 
қосымша суреттер бойынша мəтіннің негізгі мазмұнын болжай немесе анықтай 
алу дағдыларын; 
3)
 
айтылым:  қажетті  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қолдана  отырып,  өз 
отбасы  жəне  басқа  адамдар  туралы,  олардың  өмірі,  оқуы,  мектебі  жайлы  айта 
алу;  жеке  басы,  отбасы,  досы,  жақсы  көретін  ісі,  кейіпкері  жəне  мектептегі 
үйірмелері,  Астана,  өзі  тұратын  жердің  табиғаты  т.б.  туралы  əңгімелей  білу; 
оқыған мəтін бойынша хабарлама жасау, өз ойын жеткізу дағдыларын; 
4)
 
жазылым:  қысқаша  сөйлемдер  мен  хабарландырулар  жаза  алу;  мəтіні 
оңай  хат  жазу;  біреуге  жазбаша  алғыс  білдіру;  түрлі  мəлімет  жеткізе  алу; 
оқыған мəліметтерді жазу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы көретін спортшысы, 
əншісі  т.б.  туралы  мəліметтерді  қосып  хат  жазу;  тірек  сұрақтарға  сүйене 
отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жазу дағдыларын; 
5)
 
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  өзіне  таныс  тақырыптар  бойынша 
қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша 
сөйлемдер  арқылы  қолдай  алу;  еркін  сөйлесу  үшін  қарапайым  сөздер  мен 
тіркестерін  түсіну;  əңгімені  бастау,  жалғастыру  жəне  аяқтау;  амандасу, 
қоштасу,  танысу  сияқты  жағдаяттарда  диалог  құрау,  полилогке  қатысу 
дағдыларын меңгеруі тиіс. 
 

97 
 
 
9. 7-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
 
74.
 
 Пəндік нəтиже бойынша 7-сыныптың соңында оқушылар: 
1)
 
860-880 лексикалық минимумды; 
2)
 
сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеу жолдарын; 
3)
 
туынды жəне күрделі сөздердің жасалуын; 
4)
 
сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тəсілдерін; 
5)
 
лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;  
6)
 
етістіктің болымды, болымсыз түрлерін ажырата; 
7)
 
жай жəне құрмалас сөйлем құрудың қарапайым тəсілдерін; 
8)
 
мəтіндегі,сөйлемдегі сөздердің орын тəртібін; 
9)
 
тұрақты сөз тіркестерінің қарапайым түрлерін білуі тиіс. 
75.
 
Сөйлесім əрекетінің түрлері бойынша: 
1)
 
тыңдалым:  сөйлесу  кезінде  өзіне  қатысты  жиі  қолданылған  сөздерді, 
жеке  басына  байланысты  айтылған  мəліметтерді,  сұрақтарды  түсіну;  отбасы 
мүшелерінің  сөйлеу  тілі,  киім,  өзінің  сүйікті  ісі,  мектептегі  үйірмелер, 
Интернет,  т.б.  туралы  үнтаспадан  тыңдаған  қысқа  хабарлардың  дұрыс, 
бұрыстығын  түсіну;  қазақ  тілін  үйренуге,  денсаулықты  сақтауға  қатысты 
айтылған 
сөздерді 
түсіну; 
қысқаша 
айтылған 
жарнамалар 
мен 
хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын; 
2)
 
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну;  өзіне  таныс 
тақырыптар  бойынша  күнделікті  қолданылатын  сөйлемдерді  тауып  оқи  алу; 
мəтінді оқу түрлерін (мəтінді шолып оқу, таныса оқу, ізденіп оқу, зерттей оқу); 
мəтіннен  өзіне  қажет  мəліметтерді  іріктей  алу;  тақырып  көлеміндегі 
мəтіндерден өзіне қажетті ақпаратты оқып түсіне білу; мəтіннің тақырыбы мен 
берілген  қосымша  суреттер  бойынша  мəтіннің  негізгі  мазмұнын  анықтай  алу 
дағдыларын; 
3)
 
айтылым:  қажетті  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қолдана  отырып,  өз 
отбасы  жəне  басқа  адамдар  туралы,  олардың  өмірі,  оқуы,  мектебі  жайлы  айта 
алу;  өзінің  қазақ  тілін  үйренуі,  денсаулығына  қатысты  ой  айту;  белсенді 
лексикалық қорды пайдаланып сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мəтін 
құрастыру;  балаларға  арналған  компьютерлік  ойындар,  Интернет  туралы 
хабарлама  жасау;  мектептегі  үйірмелердің  жұмысы,  Астананың  сипаты,  т.б. 
туралы əңгімелеу; оқыған мəтін бойынша өз ойын жеткізе білу дағдыларын; 
4)
 
жазылым: сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мəтін құрастырып 
жаза  алу;  жеке  басы,  отбасы  туралы  мəліметті  қажет  ететін  іс  қағаздарын 
толтыра  білу;  жоспарланған  іс-шара  туралы  хабарландыру  жазу,  оларды 
сипаттап  жаза  алу;  біреуге  жазбаша  түрлі  мəліметтерді  жеткізе  алу;  оқыған 
мəліметтерді  жазу;  өзіне  ұнайтын  мəселелер  туралы  мəліметтерді  қосып,  хат 
жазу;  тірек  сұрақтарға  сүйене  отырып,  берілген  тақырыпта  шағын  шығарма 
жаза алу дағдыларын; 
5)
 
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  өзіне  таныс  тақырыптар  бойынша 
қысқаша  сөйлесе  білу;  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  сұхбаттарды 

98 
 
қысқаша  сөйлемдер  арқылы  қолдай  алу;  əңгімені  бастау,  жалғастыру  жəне 
аяқтау  жолдарын  ажырата  алу;  диалог  түрлерінің  құрылу  жолдарын  тауып 
(мысалы,  сұрақ-жауаптан  тұратын  диалог,  іс-əрекетке  итермелейтін  диалог, 
жаңа  хабарды  білуге  бағытталған  диалог  т.б.),  өз  мақсатына  қарай  орынды 
пайдалану;  жағдаятқа  сай  келісім  білдіру,  алғыс  айту,  кешірім  сұрау,  өтініш 
жасау дағдыларын меңгеруі тиіс.  
 
 
10. 8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
 
76.
 
 Пəндік нəтиже бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар: 
1)
 
990-1020 лексикалық минимумды; 
2)
 
сөздерге жұрнақ, жалғауларды дұрыс тіркеуді;  
3)
 
туынды  жəне  қос  сөз,  қысқарған  сөз,  біріккен  сөздердің 
ерекшеліктерін; 
4)
 
сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалардың мүмкіндіктерін; 
5)
 
лексикалық 
минимум 
көлеміндегі 
етістіктердің 
түрлену 
ерекшеліктерін;  
6)
 
етістіктің болымды, болымсыз түрлерін; 
7)
 
жай жəне құрмалас сөйлем құраудың тəсілдерін; 
8)
 
тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мəтелдерді ажырата білуі тиіс
77.
 
Сөйлесім əрекетінің түрлері бойынша: 
1)
 
тыңдалым:  нақты  айтылған  ойды,  əдеби  нормаға  сай  сөйлемдерді 
түсіну;  мектепке,  жазғы  демалысқа,  тамақтануға,  Қазақстанның  қалалары  мен 
табиғатына,  т.б.  қатысты  тақырыптар  бойынша  берілген  ақпараттарды  түсіну 
жəне  қолдана  алу;  сөйлеушілердің  анық  жəне  асықпай  айтқан  ойларын, 
пікірлерін толық түсіне алу дағдыларын; 
2)
 
оқылым:  күнделікті  жəне  өзінің  жеке  өмірі  мен  мектеп,  қоғам  өміріне 
байланысты  мəтіндерді  дұрыс  оқып  түсіну;  отбасындағы  сыйластыққа, 
жазушылардың  шығармашылығына,  Қазақстанның  тарихы  мен  бүгініне 
қатысты,  электрондық  байланыстар  жүйесін  пайдалануға  байланысты 
мəтіндерді оқып түсіну; мəтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сөздерді, мақал- 
мəтелдерді  таба  алу,  оларды  қарапайым  жағдаяттарда  өз  сөздерінде  орынды 
қолдану;  болған  жағдайға  байланысты,  сезімге  əсер  ететін  сөздер  мен 
сөйлемдердің мағынасын ұғына алу; 
3)
 
айтылым:  өз  ойын  жеткізу  барысында  түрлі  оқиғалар,  өз  арман-үміті, 
жоспарлары  жайлы  айта  алу;  денсаулыққа,  тамақтануға,  отбасындағы 
сыйластыққа,  е-пошта  қызметін  пайдалануға  қатысты  өз  көзқарасы  мен 
ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын; 
4)
 
жазылым: өзара байланысты əрі өзіне қызықты, қажетті мағлұматтарды 
қамтитын  қысқа  мəтіндерді  жаза  алу;  берілген  мəтінді  түріне  қарай  ажырата 
алу; тілдік қатынаста өз ойын басқаға жеткізе білу; өзінің жеке басына қатысты 
хат  жаза  алу;  ұсынылған  тақырып  көлеміндегі  мəселелер  бойынша  өз  ойын 
қысқаша жазбаша білдіру дағдыларын; 

99 
 
5)
 
тілдесім:  əртүрлі  жағдаяттарға  байланысты  сөйлесе  алу;  күнделікті 
қарым-қатынаста диалог, монологті берілген тақырып аясында өз бетінше құра 
алу; тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатыса алу; сөйлесім 
əрекетінде  сөйлеу  мəдениетінің  нормаларын  сақтап  қолдану,  диалог  пен 
полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс. 
 
 
11. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
 
78.
 
 Пəндік нəтиже бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар: 
1)
 
1140- 1180 лексикалық минимумды; 
2)
 
сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеп қолдануды;  
3)
 
туынды жəне күрделі сөздерді орынды пайдалануды; 
4)
 
сөзжасамның  негізгі  (сөз  тудырушы,  сөз  түрлендіруші)  қасиетін 
меңгеріп, тілдік қатынаста қолдануды; 
5)
 
лексикалық 
минимум 
көлеміндегі 
сөз 
таптарының 
түрлену 
ерекшеліктерін;  
6)
 
етістіктің рай, шақ түрлерін; 
7)
 
құрмалас сөйлемдердің байланысу тəсілдерін; 
8)
 
сөйлемдегі сөздердің орын тəртібін; 
9)
 
мəтіннің құрылымын білуі тиіс. 
79.
 
 Сөйлесім əрекетінің түрлері бойынша: 
1)
 
тыңдалым:  нақты  айтылған  ойды,  əдеби  нормаға  сай  сөйлемдерді 
түсіне алу; отбасы тəрбиесіне, Қазақстан суретшілеріне, мұражайлар мен сурет 
галареяларына  қатысты  айтылған  ақпараттарды  түсінеу  жəне  қолдана  алу; 
сөйлеушілердің ойын толық түсіне алу дағдыларын; 
2)
 
оқылым:  күнделікті  жəне  өзінің  жеке  өмірі  мен  отбасы  тəрбиесіне, 
Қазақстандағы  мəдени  орындарға,  радио,  теледидар  хабарларына  байланысты 
мəтіндерді  оқып,  түсіну;  мəтіндерден  тура,  ауыспалы  мағыналы  сөздерді, 
мақал-мəтелдерді таба алу, оларды қажетіне қарай өзінің сөйлеу тілінде орынды 
қолдану;  адамның  көңіл-күйіне  қатысты  жəне  сезімге  əсер  ететін  сөздер  мен 
сөйлемдердің мағынасын ұғына алу дағдыларын; 
3)
 
айтылым:  өз  ойын  жеткізу  барысында  түрлі  оқиғалар,  өз  арман-үміті, 
жоспарлары  жайлы  айта  алу;  денсаулыққа,  тамақтануға,  отбасындағы 
сыйластыққа,  е-пошта  қызметін  пайдалануға  қатысты  өз  көзқарасы  мен 
ұсыныстары туралы пікір білдіре алу дағдыларын; 
4)
 
жазылым: өзара байланысты өзіне қызықты əрі қажетті мағлұматтарды 
қамтитын қысқа мəтіндерді жаза алу; берілген мəтінді түріне қарай ажыратып, 
негізгі ойды тілдік қатынаста басқаға жеткізу; өзінің жеке басына қатысты хат 
жаза  білу;  ұсынылған  тақырып  көлеміндегі  мəселелер  бойынша  өз  ойын 
қысқаша жазбаша білдіре алу; мəтіндегі тілдік көркем-бейнелеуіш құралдарды 
таба  алу,  оларды  өзара  салыстыру,  өзінің  жазған  мəтінінде  қолдана  алу 
дағдыларын;  

100 
 
5)
 
тілдесім:  əртүрлі  жағдаяттарға  байланысты  сұхбаттаса  алу;  күнделікті 
қарым-қатынаста диалог, монологті берілген тақырыпқа сай етіп  құрау; тосын 
сұхбаттарға  (отбасы,  хобби,  жұмыс,  саяхат,  т.б.)  қатыса  алу;  сөйлесім 
əрекетінде  сөз  мəдениетінің  нормаларын  сақтап  қолдану;  тілдік  жағдаяттарға 
тəн  этикеттік  орамдарды  орынды  пайдалана  алу;  таныс  жағдайларға 
байланысты  нақты  берілген  конструкцияларды  пайдаланып,  ой  бөлісе  алу; 
пікірталастарда өз ойын түсінікті жеткізе алу дағдыларын меңгеруі тиіс.  
80.
 
 Тұлғалық нəтиже 5-9-сынып оқушыларының: 
1)
 
мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының жəне Қазақстан аумағында 
өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мəдениетіне, салт-дəстүріне 
жəне басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан; 
2)
 
туған жеріне, ауылына/қаласына деген шынайы сүйіспеншілігінен;  
3)
 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясының, 
мемлекеттік 
рəміздерінің құндылықтық мəнін тани алуынан; 
4)
 
адамдармен  қарым-қатынаста  жоғары  мəдениеттілік  танытуынан, 
этикалық нормаларды сақтай білуінен;  
5)
 
салауатты өмір салтын сақтауынан; 
6)
 
қоршаған  ортадағы  табиғатқа:  жан-жануарларға,  өсімдіктерге  ізгілікті 
қарым-қатынас жасауынан; 
7)
 
рухани-мəдени мұраларға деген саналы көзқарастарынан көрініс табуы 
тиіс. 
81.
 
 Жүйелі-əрекеттік нəтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары: 
1)
 
нақты айтылған ойды, əдеби нормаға сай құрылған сөйлемдерді түсіне 
алуынан;  
2)  тақырыпқа  қатысты  айтылған  ақпараттарды  талдай,  өңдей,  жинақтай 
жəне 
қолдана білуінен; 
3) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;  
4)  мəтіндерден  тура,  ауыспалы  мағыналы  сөздерді,  мақал-  мəтелдерді 
таба  алуынан  жəне  оларды  қажетіне  қарай  өзінің  сөйлеу  тілінде  орынды 
қолдануынан;  
5) өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;  
6)  мəселеге  қатысты  өз  көзқарастары  мен  ұсыныстары  туралы  пікір 
білдіре алуынан; 
7) ұсынылған тақырып көлеміндегі мəселелер бойынша өз ойын қысқаша 
жаза  алуынан,  онда  бейнелеуіш  құралдарды  орынды  қолдана  алу 
дағдыларынан;  
8) 
заманауи 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
меңгеруінен; 
9) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мəдениеттілігінен;  
10) күнделікті жағдаяттарға байланысты өзгелермен сұхбаттаса алуынан;  
11) белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан; 
12)  тосын  сұхбаттарға  (отбасы,  хобби,  жұмыс,  саяхат,  т.б.)  қатысып,  өз 
ой-пікірлерін білдіруінен;  

101 
 
13)  тілдесім  əрекетінде  қазақ  тілінің  сөз  мəдениеті  нормаларын  сақтап 
қолдануынан;  
14)  тілдік  жағдаяттардың  ерекшелігіне  сай  қазақ  тіліндегі  этикеттік 
орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрініс табуы тиіс. 
 
Учебная программа по предмету «Казахская литература»  
1. Түсінік хат 
 
1.
 
Оқу  бағдарламасы    Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы                 
23  тамыздағы  № 1080 Қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 
сəйкес əзірленді. 
2.
 
Бағдарлама  «Қазақ  əдебиеті»  пəнінің  мақсаты  мен  міндеттерін 
айқындай  отырып,  оқушыларды  қазақ  əдебиеті  тарихының  ежелгі  дəуірінен 
бүгінгі күніне дейінгі кезеңдерін жүйелі оқытуды көздейді.  
3.
 
Білім  мазмұнын  іріктеуде  көркем  шығармалардың  жүйелі,  ықшам-
далып  берілуі  жəне  əдебиеттiң  теориялық  мəселелерi,  көркем  шығармаларды 
талдау  жүйесi,  көркем  туындының  стильдiк  ерекшелiктерi  тұтастай  емес,  əр 
тақырыптың өзіндік ерекшелігіне қарай талдануы қарастырылды. 
4.
 
Бағдарламаны  құрастыру  барысында  шəкірттерге  білім  мазмұнын 
игертумен қатар, оларға ұлттық мəдени құндылықтарды таныту, оқушылардың 
тілдік  қорын  байыту,  əдеби  білімнің  жүйелілігі,  білім  мазмұнының 
сабақтастығы мен пəнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынды. 
5.
 
Бағдарламаның білім мазмұнына қазақ əдебиетінің үздік шығармалары 
ұсынылып,  олардың  ой  қазығы,  сюжеті,  композициясы,  жанрлық  сипаты  мен 
кейіпкерлерін,  ондағы  халықтық  əдет-ғұрып  пен  салт-дəстүрлер  көрінісін, 
табиғат  суреті  мен  қаламгерлердің  сөз  қолданыстарын  зерделеуге  баса  мəн 
беріледі. 
6.
 
Пəнді оқыту мақсаты:  
 
  қазақ əдебиетінің озық классикалық үлгілері арқылы оның басты идеялық 
бағытын,  тақырыптық,  мазмұндық  мақсатын  саралай  білетін  жəне  қазақ 
халқының  рухани  əлемін,  дəстүрін,  əдебиеті  мен  мəдениетін  бағалай  алатын, 
танымы жоғары, өркениеттi қоғамға сай тұлға қалыптастыру.  
7.
 
Пəнді оқыту міндеттері: 
1)
 
əдеби  көркем  туынды  арқылы  оқушының  мемлекеттік  тілді  меңгеру 
мүмкіндігін арттыру;  
2)
 
қазақ  халқының  əдебиеті,  тарихы,  тілі,  мəдениеті,  өнері  туралы 
біртұтас түсініктерін қалыптастыру; 
3)
 
көркем  əдебиетті  оқытуда  шығарманың  тақырыптық-идеялық  мəнін 
меңгерту жəне рухани-мəдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету; 
4)
 
оқушылардың  əдеби-теориялық  бiлiмдерiн  тереңдетiп,  шығарманың 
мазмұндық, жанрлық-стильдiк ерекшелiктерiн таныту; 

102 
 
5)
 
əдебиет  тарихы  бойынша  тиісті  мəліметтер  мен  əдебиеттану 
ұғымдарын  пайдалана  отырып,  көркем  шығармаларды  оқу  мен  талдау 
дағдыларын меңгерту; 
6)
 
қазақ  тілінде  сөйлеу  əрекеттерін  еркін  орындау,  əдеби  тіл  үлгісін 
пайдалана  отырып,  пəн  бойынша  өз  ойларын  қазақ  тілінде  өзгеге  жəне  топта 
қорғай білу. 
8.
 
Қазақ  əдебиеті  танымдық,  тəрбиелiк  қызмет  атқаратындықтан, 
бағдарламада  көрсетiлген  əдеби  бiлiм  мазмұны  осыған  дейінгі  сыныптарда 
берiлген  базалық  бiлiмнiң  табиғи  жалғасы,  бiртұтас  құрамдас  бөлiгі  болып 
табылады.  Қазақ  əдебиетiн  бiртұтас,  жүйелi  сипатта  оқыту  оқушылардың 
үйлесiмдi дамуына қызмет етеді.  
9.
 
Пəнаралық  байланыс  оқушының  дүниетанымдық  деңгейін  арттырып, 
туған  əдебиетінен  өзге  ғылым  салаларын  игеру  мақсатында  пайдалануына 
мүмкіндік береді: 
1)
 
«Қазақ тілімен»: көркем əдебиет мəтіндерінен стильдің түрлерін, кірме 
сөздерді,  архаизм,  жаңа  сөздерді  (неологизм)  табуға  бағыт  беріледі. 
Сөйлемдердің 
грамматикалық 
нормаларға 
сəйкестігін, 
құрылымын 
қарастырады; 
2)
 
«Қазақстан  тарихымен»:  əдеби  оқиғалардың  тарихи  факторлармен 
тығыз  байланыста  болатындығын  түсінуіне,  тарихи  деректерді  орынды 
пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады; 
3)
 
Жаратылыстану  циклі  пəндерімен:  танымдық  бағытта  берілетін 
материалдар  жаратылыстану  пəндерінің  мазмұнымен  тікелей  байланыста 
болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады; 
4)
 
«Музыка»  пəнімен:  əннің  идеялық-көркемдік  жəне  эстетикалық 
маңызын,  ұлттық  əуеннің  қазіргі  əндермен  ұқсастықтары  мен  айырмашылық-
тарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. 
10.
 
Оқу жүктемесінің көлемі: 
1)
 
оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде: 
5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында –68 сағат; 
2)
 
оқыту орыс, ұйғыр, өзбек, тəжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде: 
5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында –34 сағат. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет