Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина


Учебная программа по предмету «Казахский язык»



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет8/17
Дата15.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Учебная программа по предмету «Казахский язык»  
 
1. Түсінік хат 
 
1.
 
Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы                 
23  тамыздағы  № 1080 Қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 
сəйкес əзірленді. 
2.
 
Пəннің  маңыздылығы  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  мəртебесімен 
дəйектеледі. 
3.
 
Бағдарлама  өзге  тілде  білім  алатын  негізгі  мектеп  оқушыларын  қазақ 
тіліндегі  сөйлесім  əрекетін  мəдениетаралық  қатысым  құралы  ретінде 
меңгертуді көздейді.  
4.
 
Бағдарламада  тілді  меңгерту  бойынша  өркениетті  елдердің  тəжірибесі 
мен  отандық  озық  дəстүрлер  үйлестіріле  отырып,  өзге  тілді  мектептің  негізгі 
сатысында қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары белгіленді. 
5.
 
Əлемдік  білім  кеңістігінде  орныққан  «Шетел  тілдерін  деңгейлеп 
меңгертудің  еуропалық  жүйесінде»  белгіленген  тілді  игерудің  деңгейлері  мен 
олардың сипаттарының негізінде негізгі орта мектеп сыныптарында қазақ тілін 
үйретудің деңгейлері айқындалды жəне оқушының білім, білік, дағдылары орта 
мектеп  жүйесінде  тілді  деңгейлік  меңгерту  ерекшеліктеріне  сəйкестендіріліп, 
жіктелді: 
1)
 
5-7 сыныптардағы негізгі деңгей-А
2.1.2 
3 игерімді қамтиды: 
қалыптасу қарсаңындағы орташа игерім А 
2.1
 – 5-сынып;  
қалыптасу қарсаңындағы толық игерім А
2.1.1 
– 6-сынып;  
қалыптасқан бастапқы игерім А
2.1.2
 – 7-сынып; 
2) 8-9-сыныптардағы орта деңгей-А 
2.+ 
2 игерімді қамтиды: 

74 
 
қалыптасқан орташа игерім А 
2.2 
– 8-сынып; 
қалыптасқан толық игерім А 
2.+
 – 9-сынып.  
6.
 
Бағдарлама  қазақ  тілін  үйренуге  негіз  болатын  бөлімдер  арқылы 
оқушылардың  жобаланған  оқу  нəтижелеріне  қол  жеткізу  мүмкіндіктері 
қарастырады.  
7.
 
Пəнді  оқыту  мақсаты – негізгі  жəне  орта  деңгейлер  бойынша  қазақ 
тілін  қатысымдық  тұрғыдан  меңгерту,  оқушыны  өз  ойын  айқын,  түсінікті 
жеткізуге  үйрету,  коммуникативтік  қабілеті  дамыған  дара  тұлғаның  дамуына 
мүмкіндік жасау. 
8.
 
Пəнді оқыту міндеттері: 
1)
 
 оқушыларды  сөйлесім  əрекетінің  түрлерін  əлеуметтік  ортада  қолдана 
білуге үйрету; 
2) оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту; 
3) қарым-қатынас əдебі нормаларын меңгерту: 
4)  күнделікті  өмір  жағдаяттарында  қазақ  тілін  орынды  қолдана  білуге 
дағдыландыру; 
5)  оқушыны  қазақ  халқының  мəдениетімен,  əдебиетімен,  ұлттық  салт-
дəстүрімен таныстырып, мəдени ортада пайдалануға баулу; 
6)  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытып,  іскерлік 
дағдыларын жетілдіру; 
7)  оқушылардың  қазақ  тіліне  қызығушылығын  дамыту,  қазақ  еліне, 
мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тəрбиелеу.  
9.
 
Бағдарламаның  білім  мазмұнын  іріктеуде  қатысымдық-əрекеттік, 
қатысымдық-функционалдық,  функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру, 
ұлттық  ерекшеліктерді  ескеру,  оқу  материалдары  мазмұнының  аутенттілігі, 
шындық  өмірге  сəйкестігі,  оқушының  тілді  білу  деңгейіне  сай  келуі,  білім 
мазмұнының  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуға,  оның  өзіндік  жəне 
шығармашылық  қабілетін  арттыруға,  қажетті  іскерліктері  мен  дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды. 
10.
 
 «Қазақ  тілі»  пəнінің  білімдік,  тəрбиелік  мақсаттары  төмендегідей 
пəндермен тығыз байланыста іске асырылады: 
1)
 
«Қазақ  əдебиетімен»:  қазақ  тілін  жүйелі  əрі  сапалы  меңгертуде  оқу 
материалдары  қазақ  əдебиеті  шығармаларынан  алынатындықтан,  олардың 
арасындағы  байланыс  үздіксіз  жүргізіліп  отырады.  Олар  оқушыны  ойлауға, 
сөйлеуге  үйретумен  қатар  эстетикалық  талғамдарын  да  арттыруға,  көркем 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады; 
2)
 
«Орыс тілімен»: қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді 
салыстыру  əдісі,  бір  жағынан,  оқушының  дүниетанымын  кеңейтсе,  екінші 
жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге əсер етеді. Орыс тілі мен 
қазақ  тілінің  арасындағы  байланыс  сөз  əдебіне  қатысты  ерекшеліктерді 
ұғындыруда да маңызды болып саналады; 
3)
 
«Қазақстан тарихымен»: тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, 
басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады. Сөздердің 

75 
 
этимологиясын  түсіндіруде  де  тарихи  фактілерге  сүйену  оқушылардың  оқу 
мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді; 
4)
 
«Информатика»  пəнімен:  оқушыларға  ұсынылатын  өздік  жəне 
шығармашылық 
тапсырмаларды 
сапалы 
орындауға 
ақпараттық 
технологияларды  қолданудың  ықпалы  зор.  Интернет  көздерінен  материалдар 
тауып,  оларға  талдау  жасау,  ой  қорыту,  алынған  материалдарды  өз 
жұмыстарында  орынды  қолдануға  үйрететін  жұмыстар  оқушылардың 
ақпарттық мəдениетін дамытуға жол ашады; 
5)
 
жаратылыстану  циклі  пəндерімен:  қазақ  тілінің  жаратылыстану 
пəндерімен  сабақтастықта  меңгертілуі  оқушылардың  сөздік  қорларын 
молайтуға  жəне  түрлі  тілдік  жағдаяттарда  қазақ  тілін  орынды  қолдану 
дағдыларын  жетілдіруге  септігін  тигізеді.  Қазақ  тіліндегі  терминдерді  сауатты 
қолдануға мүмкіндік туғызады.  
11.
 
 Оқу жүктемесінің көлемі: 
1)
 
оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:  
5-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат; 
6-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат; 
7-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат; 
8-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат; 
9-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат; 
2) оқыту ұйғыр, өзбек, тəжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде: 
5-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат; 
6-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат; 
7-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат; 
8-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат; 
9-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат. 
12.
 
 Оқу  бағдарламасының  білім  мазмұнында  сағаттар  мөлшері  оқыту 
тіліне  байланысты  келесідей  үлгіде  көрсетілген.  Мысалы:  І.  Əлеуметтік-
тұрмыстық ая –32/18 сағат: «Біз үйде бір-бірімізге көмектесеміз» – 12/8 сағат. 
Мұндағы алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, ал соңғы сан өзбек, ұйғыр, тəжік 
тілді мектептерге арналып көрсетілген.  
 
 
3.
 
Оқу пəнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны 
 
13.
 
 Оқыту  орыс  тілінде  жүретін  мектептерде  аптасына 3 сағаттан, 
барлығы 102 сағат,  оқыту  ұйғыр,  өзбек,  тəжік  тілдерінде  жүргізілетін 
мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.  
14.
 
 Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды. 
15.
 
 Əлеуметтік-тұрмыстық  ая –32/18 сағат. «Біз  үйде  бір-бірімізге 
көмектесеміз» –12/8 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  зат  есім.  Атау  септік.  Жалқы  есімдер.  Тəуелдік 
жалғаулары.  Жекеше,  көпше  түрлері.  Шылау.  Лексика:  тақырып  көлеміндегі 
лексикалық бірліктер; 

76 
 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:  
тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 
тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну; 
оқылым:  отбасы  мүшелеріне  қатысты  мəтіндегі  сөздерді  лексикалық 
мағынасына сəйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 
айтылым: өз отбасы мүшелері туралы баяндау;  
жазылым: отбасы мүшелері туралы жазу; 
тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  өз  отбасы  мүшелері  туралы 
сөйлесу; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақ  балалар  əдебиетінің 
үлгілері.  
16.
 
 «Досыма е-mail жіберемін» – 10/6 сағат:  
1)
 
тілдік  бөлім:  реттік  сан  есім.  Ілік  септігі.  Жатыс  септігі.  Етістік.  Осы 
шақ. Етістіктің жіктелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 
тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;  
оқылым:  өзінің  е-mail-і,  мекенжайына  қатысты  мəтіндегі  сөздерді 
лексикалық мағынасына сəйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 
айтылым: өз е-mail-і, мекенжайы туралы баяндау;  
жазылым: өз е-mail-і, мекенжайы туралы мəлімет жазу; 
тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  өз  е-mail-і,  мекенжайы  туралы 
сөйлесу; 
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: əдеби-ақпараттық мəтіндер. 
17.
 
 «Ас дəмді болсын! Таңғы, түскі, кешкі ас» –10/6 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  сын  есім.  Барыс  септігі.  Етістік.  Ауыспалы  осы  шақ. 
Жіктелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 
тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;  
оқылым: тамақтануға қатысты мəтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына 
сəйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 
айтылым: өзінің сүйікті асы туралы айту; 
жазылым: өзі ұнататын тағам туралы жазу; 
тілдесім: сыныптастарымен, достарымен таңғы, түскі, кешкі тамақ туралы 
сөйлесу. Диалог-əңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  ас  қайыру,  бата  беру  туралы 
мəлімет. 
18.
 
 Əлеуметтік-мəдени ая –36 /26 сағат. «Менің елім – Қазақстан» –12/9 
сағат: 
1)
 
тілдік бөлім: септеулік шылау – сияқты. Ілік септігі. Барыс септігі. Зат 
есім, көптелуі, тəуелденуі. Менің елім – Қазақстан. Қазақстанның ел ордасы – 
Астана  қаласы.  Алматы – мəдени  орталық.  Қазақстанда  Қарағанды,  Атырау 

77 
 
қалалары  бар.  Алматы,  Қарағанды,  Атырау – ірі  қалалар.  Лексика:  тақырып 
көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 
тапсырмасы мен сыныптастарының сөздерін түсіну;  
оқылым:  Қазақстан  мен  оның  қалаларына  қатысты  мəтіндегі  сөздерді 
лексикалық мағынасына сəйкес түсініп оқу. Оқығанын мазмұндап айту; 
айтылым: Қазақстан мен оның қалалары туралы баяндау;  
жазылым: Қазақстан мен оның қалалары туралы өз ойын жазу; 
тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  Қазақстан  мен  оның  қалалары 
туралы сөйлесу. Диалог-сұрақ, диалог-талқылау. Полилог-пікір алмасу; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  Қазақстан  Республикасының 
Туы, Елтаңбасы, Əнұраны. 
19.
 
 «Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз» –12/8 сағат:  
1)
 
тілдік  бөлім:  жатыс  септігі.  Барыс  септігі.  Етістік.  Жіктелуі,  көпше 
түрі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 
(тапсырмасын),  сыныптастарының  сөздерін  түсіну.  Тақырыпқа  қатысты  қазақ 
əдебиетінің қарапайым үлгілерін түсіну;  
оқылым:  өзіне  таныс  тақырыптағы  мəтіндерді  дауыс  ырғағын,  сөздердің 
екпінін дұрыс қойып оқу;  
айтылым:  монологтік  сөйлесім.  Жаңа  жылды  қалай  қарсы  алатынын 
баяндау. Өзінің іс-əрекетін тəртібімен баяндау;  
жазылым: жаңа жылды қалай тойлайтынын 5-6 сөйлеммен қысқаша жазу; 
тілдесім:  диалог-реплика.  Бірін-бірі  құттықтау.  Рақмет  айту.  Сұрақ-
жауап; 
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: жаңа жылдық маскарад туралы 
мəтіндер.  
20.
 
 «Спортпен айналысамыз» –12/9 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  есімдіктер.  Жіктеу  есімдігі.  Өздік  есімдік.  Етістік. 
Болымсыз етістік: жұрнағы. Демеулік шылаулар. Лексика: тақырып көлеміндегі 
лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 
(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну; 
оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мəтіндерді мəнерлеп оқиды. Айтылым. 
Монологтік сөйлесім. Өзінің спорт үйірмесіне қатысу/қатыспауын айту. Өз іс-
əрекетін баяндау; 
жазылым: тақырыпқа қатысты тапсырмаларды жазбаша орындайды;  
тілдесім: 
диалог-егес. 
Диалог-қоштау. 
Сұраулық 
демеуліктерді 
пайдалану. «Иə» жəне «жоқ» болымсыз етістіктерді пайдалану; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  спорт  кешендері  туралы 
мəтіндер. 

78 
 
21.
 
 Оқу-еңбек аясы –34/22 сағат. «Менің мектебім. Мектеп ғимараты» –
12/8 сағат: 
1)
 
тілдік бөлім: сан есім. Есептік сан есім. Сын есім: күшейтпелі шырай: 
жап-жасыл.  Зат  есім,  көптелуі.  Лексика:  тақырып  көлеміндегі  лексикалық 
бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 
(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну;  
оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мəтіндерді мəнерлеп оқу;  
айтылым: монологтік сөйлесім. Өзінің мектебін сипаттау;  
жазылым: өз мектебін сипаттап 5-6 сөлемнен тұратын əңгіме құрастыру; 
тілдесім:  сыныптастарымен,  достарымен  өз  мектептері  туралы 
əңгімелесу. Диалог-талқылау; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  республикалық  физика-
математика  мектебі  мен  дарынды  балаларға  арналған  республикалық  мектеп-
интернаттар. 
22.
 
«Демалысты (каникулды) асыға күтеміз» –10/6 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  сан  есім.  Реттік  сан  есім.  Сын  есім.  Күшейтпелі  шырай. 
Шылаулар.  Жалғаулық  шылау.  Лексика:  тақырып  көлеміндегі  лексикалық 
бірліктер; 
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 
(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну; 
оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мəтіндерді мəнерлеп оқиды; 
айтылым:  монологтік  сөйлесім.  Мектеп  демалыстары  туралы  баяндау. 
Өзіне ұнайтын демалысты (неліктен ұнайтынын) айту; 
жазылым: тақырыпқа байланысты жазбаша тапсырмаларды орындайды; 
тілдесім:  мектеп  демалысына  қатысты  достарымен  əңгімелесу.  Диалог-
құптау. 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас:  мектеп  оқушыларына  арналған 
демалыс орындары (лагерьлері).  
23.
 
 «Қазақ тілі сабағында біз не үйренеміз?» –12 /8 сағат: 
1)
 
тілдік бөлім: шылау. Жалғаулық шылаулар. Етістік. Осы шақ. Жіктелуі. 
І жақ. Көпше түрі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  тақырыпқа  байланысты  диалогтік  қатысымда  мұғалімнің 
(тапсырмасын), сыныптастарының сөздерін түсіну;  
оқылым: өзіне таныс тақырыптағы мəтіндерді мəнерлеп оқу;  
айтылым: монологтік сөйлесім. Сабақта жасалатын іс-əрекеттерді ретімен 
баяндау;  
жазылым: тақырыпқа байланысты жазбаша тапсырмаларды орындау; 
тілдесім:  қазақ  тілі  сабағында  атқаратын  жұмыстары  туралы  өзара 
əңгімелесу. Диалог-əңгіме; 

79 
 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақтың  тұңғыш  тілші-
ғалымдары туралы мəтіндер. 
 
 
3. Оқу пəнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны 
 
24.
 
Оқыту  орыс  тілінде  жүретін  мектептерде  аптасына 3 сағаттан, 
барлығы 102 сағат,  оқыту  ұйғыр,  өзбек,  тəжік  тілдерінде  жүргізілетін 
мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.  
25.
 
 Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады. 
26.
 
 Əлеуметтік-тұрмыстық  ая –36 /24 сағат. «Менің  отбасым»,  «Менің 
анам – ең сұлу адам» –10 /6 сағат:  
1)
 
тілдік бөлім: тəуелдеулі септеу. Ілік септігі. Тəуелдік жалғауы мен ілік 
септігінің  байланысы.  Дыбыс  үндестігі.  Буын.  Буынның  түрлері.  Лексика: 
тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін жəне сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі 
қолданылған  сөздерді  түсіну  (өзі  жəне  өз  отбасы  мүшелерінің  сыртқы  келбеті 
туралы).  Жай  сөйлем  түрінде  қысқаша  айтылған  сөйлемдерді,  хабарландыру-
ларды түсіну; 
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну.  Отбасы  мүшелері 
тақырыбы  бойынша  күнделікті  қолданылатын  сөйлемдерді  тауып  оқу;  өзіне 
қажетті сөзді оқып түсіну. Қысқа, нақты, қарапайым мəтіндерді түсіну;  
айтылым:  қарапайым  жағдаяттарда  отбасы  мүшелері,  олардың  сыртқы 
келбеті жөнінде қысқаша айта алу; 
жазылым: отбасы мүшелерінің сыртқы келбетін сипаттап хат жазу; 
тілдесім:  күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  сұхбаттарға  қатыса  алу. 
Синтаксистік құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, 
сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті тілдесім жағдаяттарында қолдану; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақ  балалар  əдебиеті 
материалдары. 
27.
 
 «Менің достарым (олардың мінезі, жақсы қасиеттері)» – 8 /6 сағат:  
1)
 
тілдік  бөлім:  қатыстық  сын  есім.  Сын-қимыл  үстеуі.  Қазақ  тіліндегі 
сөздердің тасымалдануы. Сөз екпіні. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық 
бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  жеке  сөз  тіркестерін  жəне  сөйлесу  кезінде  өз  достарына 
қатысты  жиі  қолданылған  сөздерді  түсіну  (олардың  мінезі  мен  жақсы 
қасиеттері  туралы).  Жай  сөйлем  түрінде  қысқаша  айтылған  сөйлемдерді, 
хабарландыруларды түсіну; 
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну.  Достары,  олардың 
мінезі  мен  жақсы  қасиеттері  тақырыбы  бойынша  күнделікті  қолданылатын 
сөйлемдерді  тауып  оқу;  өзіне  қажетті  сөзді  оқып  түсіну.  Қысқа,  нақты, 
қарапайым мəтіндерді түсіну; 

80 
 
айтылым:  қарапайым  жағдаяттарда  достары,  олардың  мінезі  мен  жақсы 
қасиеттері жөнінде қысқаша баяндау;  
жазылым:  қысқаша  сөйлемдер  мен  хабарландырулар  жазу.  Достары, 
олардың мінезі мен жақсы қасиеттерін сипаттап хат жазу; 
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  достары,  олардың  мінезі  мен  жақсы 
қасиеттері  жөнінде  қысқаша  сөйлесу.  Күнделікті  тұрмыста  қолданылатын 
сұхбаттарға  қысқаша  сөйлемдер  арқылы  қолдау  жасай  алу.  Синтаксистік 
құрылымда үйренген қарапайым конструкцияларды пайдаланып, сөз тіркестері 
мен оралымдарды күнделікті жағдаяттарда қолдану; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  халық  ауыз  əдебиеті 
материалдары мен дос, достық туралы ұсынылған оқу материалдары. 
28.
 
 «Менің елімнің ақшасы» – 8/6 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  мекен  үстеуі.  Өткен  дыбыстарды  қайталау.  Буын 
үндестігі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін жəне сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі 
қолданылған сөздерді түсіну( дүкендегі заттар, ондағы іс-əркеттер, сауда жасау, 
ақша  жөнінде).  Жай  сөйлем  түрінде  қысқаша  айтылған  сөйлемдерді, 
хабарландыруларды түсіну; 
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну.  Дүкендегі  заттар, 
ондағы  іс-əрекеттер,  сауда  жасау  бойынша  күнделікті  қолданылатын 
сөйлемдерді тауып оқу; өзіне қажетті сөзді оқып түсіну;  
айтылым: 
синтаксистік 
құрылымда 
үйренген 
қарапайым 
конструкцияларды  пайдаланып,  сөз  тіркестері  мен  оралымдарды  дүкенге 
қатысты күнделікті жағдаяттарда қолдану;  
жазылым: дүкендегі заттар, ондағы іс-əркеттер, сауда жасау туралы жазу;  
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  дүкендегі  заттар,  ондағы  іс-əркеттер, 
сауда  жасау,  ақша  жөнінде  қысқаша  сөйлесу.  Дүкендегі  заттар  туралы 
мəліметтерді диалог-сұрақ арқылы айту;  
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тарихи-танымдық мəтіндер. 
29.
 
 «Елнұр туған күнге сыйлық таңдайды» – 10 /6 сағат: 
30.
 
тілдік  бөлім:  салыстырмалы  шырай.  Ілгерінді  ықпал,  кейінді  ықпал. 
Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін жəне сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі 
қолданылған сөздерді түсіну. Туған күн туралы əнді тыңдап, түсінгенін айту; 
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну.  Туған  күн 
тақырыбы  бойынша  күнделікті  қолданылатын  мəтіндерді  тауып  оқу.  Қысқа, 
нақты, қарапайым мəтіндерді түсіну. Мəтінге мазмұны бойынша жоспар құру;  
айтылым: 
синтаксистік 
құрылымда 
үйренген 
қарапайым 
конструкцияларды  пайдаланып,  туған  күн  туралы  айту.  Күнделікті 
жағдаяттарға сай қысқаша құттықтау сөз айта алу; 

81 
 
жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Туған күнмен 
байланысты  іс-əркеттер  туралы  жазу.  Досының  туған  күніне  арнап  құттықтау 
мəтінін жазу; 
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  туған  күнді  тойлау  жөнінде  қысқаша 
сөйлесу. Диалог-əңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  туған  күнге  байланысты  оқу 
материалдары. 
31.
 
 Əлеуметтік-мəдени ая – 36/24 сағат. «Астанамен  танысу. Астананың 
көрікті жерлері» – 12 / 8 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  біріккен  сөздер.  Бастауыш  пен  баяндауыштың  арасына 
қойылатын  сызықша.  Тоғыспалы  ықпал.  Лексика:  тақырып  көлеміндегі 
лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін жəне сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі 
қолданылған  сөздерді  түсіну.  Астана  туралы  мəтінді  тыңдап,  түсінгенін  айту. 
Жай  сөйлем  түрінде  қысқаша  айтылған  сөйлемдерді,  хабарландыруларды 
түсіну; 
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну.  Астана  тақырыбы 
бойынша мəтіндерді тауып оқу. Сипаттау мəтіндерінің мазмұнын түсіну;  
айтылым:  синтаксистік  құрылымда  үйренген  қарапайым  конструкция-
ларды пайдаланып, Астана туралы өз ойларын білдіру; 
жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу. Астана туралы 
өз ойын жазу; 
тілдесім: қарапайым жағдаяттарда Астана туралы қысқаша сұхбат-диалог. 
Күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  сұхбаттарды  қысқа  сөйлемдер  арқылы 
айту. Диалог-сұрақ, диалог-өтініш. Полилог-ойталқы; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  Қазақстанның  астаналары 
туралы мəтіндер. 
32.
 
«Көлік түрлері. Мен мектепке немен барамын?» – 8/5 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  күрделі  сөздер.  Тіркесті  сөздер.  Мөлшер  үстеу.  Лексика: 
тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  жеке  сөз  тіркестерін  жəне  сөйлесу  кезінде  көлікке  қатысты 
жиі  қолданылған  сөздерді  түсіну.  Жай  сөйлем  түрінде  қысқаша  айтылған 
сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну;  
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну.  Көлік,  көліктің 
түрлеріне  байланысты  мəтіндерді  тауып  оқу;  көлікке  қатысты  өзіне  қажетті 
сөзді оқып түсіну. Хабарландыру, жарнама сипатындағы мəтіндерді түсіну;  
айтылым: 
синтаксистік 
құрылымда 
үйренген 
қарапайым 
конструкцияларды пайдаланып, Астана тақырыбы бойынша сөз тіркестері мен 
оралымдарды сөйлеу тілінде қолдану; 
жазылым:  көлікпен  байланысты  қысқаша  мəтін  жазу.  Көлік,  көліктің 
түрлері,  бағдаршам,  оның  атқаратын  қызметтері,  мектепке  бару/келу  кезінде 
орындалатын іс-əрекеттер туралы жазу;  

82 
 
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  көлік,  көліктің  түрлері,  мектепке 
бару/келу  кезінде  орындалатын  іс-əрекеттер  жөнінде  қысқаша  сөйлесу. 
Күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  сұхбаттарды  қысқаша  сөйлемдер  арқылы 
қолдау. Диалог-əңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс; 
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: көлік қатынасына байланысты 
мəтіндер. 
33.
 
 «Табиғатты қорғайық» – 8/5 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  салт  жəне  сабақты  етістіктер.  Лексика:  тақырып 
көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  жеке  сөз  тіркестерін  жəне  сөйлесу  кезінде  жиі  қолданылған 
табиғат,  экология  туралы  сөздерді  түсіну.  Жай  сөйлем  түрінде  қысқаша 
айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну; 
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну.  Табиғат,  экология 
тақырыбы бойынша  күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; табиғат 
туралы өлеңдерді оқып, түсінігін айту;  
айтылым:  синтаксистік  құрылымда  үйренген  қарапайым  конструкция-
ларды  пайдаланып,  табиғат  жəне  экологияға  қатысты  сөз  тіркестері  мен 
оралымдарды күнделікті өмірде қолдану; 
жазылым:  қысқаша  сөйлемдер  мен  хабарландырулар  жазу.  Өзі  тұратын 
жердің табиғаты туралы қысқа əңгіме жазу; 
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  табиғат,  экология  жөнінде  қысқаша 
сөйлесу. Табиғат туралы диалог-мəлімет. Диалог-қоштау; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақ  ақындарының  табиғат 
туралы өлеңдері.  
34.
 
 «Менің сүйікті кейіпкерім» –10 /6 сағат:  
1)
 
тілдік  бөлім:  өткен  шақ,  келер  шақ.  Мезгіл  үстеу.  Лексика:  тақырып 
көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  мəтінді  тыңдау  кезінде  сүйікті  кейіпкеріне  қатысты  жеке  сөз 
тіркестерін  жəне  сөйлесу  кезінде  өзіне  қатысты  жиі  қолданылған  сөздерді 
түсіну. 2 минуттық  тыңдаған  əңгімені  түсініп,  айта  алу.  Жай  сөйлем  түрінде 
қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну; 
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну.  Сүйікті  кейіпкері 
туралы  күнделікті  қолданылатын  сөйлемдерді  тауып  оқу;  өзіне  қажетті  сөзді 
оқып түсіну; 
айтылым:  синтаксистік  құрылымда  үйренген  қарапайым  конструкция-
ларды пайдаланып, сүйікті кейіпкері жайлы айту; 
жазылым:  қысқаша  сөйлемдер  мен  хабарландырулар  жазу.  Сүйікті 
кейіпкері туралы қысқа сипаттамалық мəтін жазу; 
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  сүйікті  кейіпкері  жөнінде  қысқаша 
сөйлесу.  Күнделікті  тұрмыста  қолданылатын  сұхбаттарды  қысқа  сөйлемдер 
арқылы  толықтырып  айта  алу.  Диалог-сұхбат,  диалог-талқылау.  Полилог-
ойбөліс; 

83 
 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақ  жазушыларының 
шығармаларынан үзінділер.  
35.
 
 Оқу-еңбек  аясы – 30/20 сағат. «Мен  мектептемін.  Мектепте  не 
істеймін?» –10/7 сағат:  
1)
 
тілдік  бөлім:  қалау  рай,  бұйрық  рай.  Ауыспалы  келер  шақ.  Лексика: 
тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін жəне сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі 
қолданылған  сөздерді  түсіну  (мектеп,  мектептегі  шаралар,  өзі  атқаратын  іс-
əрекеттер,  кезекшілік, мектеп формасы туралы).  Жай сөйлем түрінде қысқаша 
айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну; 
оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мəтіндерді түсіну. Мектеп, мектептегі 
шаралар,  өзі  атқаратын  іс-əрекеттер,  кезекшілік,  мектеп  формасы  бойынша 
күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу;  
айтылым:  синтаксистік  құрылымда  үйренген  қарапайым  конструкция-
ларды пайдаланып, мектептегі іс-шаралар туралы айту; 
жазылым:  қысқаша  сөйлемдер  мен  хабарландырулар  жазу.  Мектеп, 
мектептегі  шаралар,  өзі  атқаратын  іс-əрекеттер,  кезекшілік,  мектеп  формасы 
туралы жазу; 
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  мектеп,  мектептегі  шаралар  жөнінде 
қысқаша сөйлесу. Күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарға қатысып, өз 
ойын жеткізе білу. Диалог-əңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  Ы.Алтынсарин  құрған  мектеп 
туралы əңгімелесу. 
36.
 
 «Менің сүйікті заттарым» – 10/7 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  жалаң  жəне  жайылма  сөйлемдер.  Көсемше.  Лексика: 
тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: жеке сөз тіркестерін жəне өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы 
сөйлесу  кезінде  өзіне  қатысты  жиі  қолданылған  сөздерді  түсіну.  Жай  сөйлем 
түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну; 
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну.  Өзі  сүйіп  істейтін 
ісі, хоббиі бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; 
айтылым:  синтаксистік  құрылымда  үйренген  қарапайым  конструкция-
ларды пайдаланып, өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы пікірін айту; 
жазылым: өзі сүйіп істейтін ісі, хоббиі туралы жазу; 
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  өзі  сүйіп  істейтін  ісі,  хоббиі  жөнінде 
достарымен қысқаша сөйлесу. Диалог-пікірталас; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қызықты  жəне  сүйікті  істерге 
қатысты мəтіндер. 
37.
 
 «Мектептегі үйірмелер» – 10 /6 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  сапалық  жəне  қатыстық  сын  есімдер.  Күшейткіш  үстеу 
(өте, тым). Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

84 
 
тыңдалым: мектептегі туралы тыңдағанын түсіну;  
оқылым:  қысқа,  нақты,  қарапайым  мəтіндерді  түсіну.  Мектептегі 
үйірмелер бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; 
айтылым: 
синтаксистік 
құрылымда 
үйренген 
қарапайым 
конструкцияларды пайдаланып, өзі қатысатын үйірме туралы баяндап айту; 
жазылым:  мектептегі  үйірмелер,  өзі  қатысатын  үйірме  туралы  жазу. 
Терме диктантын жазу;  
тілдесім:  қарапайым  жағдаяттарда  мектептегі  үйірмелер,  өзі  қатысатын 
үйірме жөнінде қысқаша диалог-сұхбат құру; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  мектептегі  үйірмелерге 
қатысты мəтіндер. 
 
 
Каталог: images -> files -> programmy
files -> Название теста: Мемелекет және құқық теориясы
files -> Рабочая программа по литературе в 7 классе (Образовательная система «Школа 2100») Статус документа
files -> Уроков русского языка в 9-м классе (70 часов 2 часа в неделю) Дата № п/п Тема урока
files -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
files -> Ақпаратты өңдеудің мультимедиалық құралдары • 5В070300 –Ақпараттық жүйелер, 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
files -> Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста
files -> Программа по русскому языку для 6 класса Гильмутдиновой Саджиды Сулеймановны, учителя I квалификационной категории
files -> Программа по русскому языку для 6 класса составлена в соответствии с
files -> Программа разработана


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет