Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина


 Оқу пəнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата15.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

4. Оқу пəнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны 
 
38.
 
Оқыту  орыс  тілінде  жүретін  мектептерде  аптасына 3 сағаттан, 
барлығы 102 сағат,  оқыту  ұйғыр,  өзбек,  тəжік  тілдерінде  жүргізілетін 
мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.  
39.
 
 Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады: 
40.
 
 Əлеуметтік-  тұрмыстық  ая – 40 /28 сағат. «Біз,  бəріміз,  мемлекеттік 
тілде сөйлейміз» – 10/8 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  сұраулы  сөйлем.  Құрмалас  сөйлем.  Шылаулар.  Лексика: 
тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен 
бейнетаспадағы отбасы мүшелеріне жəне олардың тілдеріне қатысты айтылған 
ақпараттарды  тыңдап  түсіну.  Тыңдалым  бойынша  қойылған  тест  сұрақтарына 
жауап беру. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту; 
оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Отбасы мүшелерінің 
тілдеріне  қатысты  оқығандарын  ауызша  мазмұндап  айту.  Оқыған  мəтін 
бойынша сұрақ қою; 
айтылым:  тақырып  бойынша  өз  ойын  айту.  Отбасы  мүшелері  жəне 
олардың қай тілде қалай сөйлейтіні туралы өз ойын айту;  
жазылым:  отбасы  мүшелерінің  тілдеріне  қатысты 9-10 сөйлемнен 
тұратын мəтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша баяндау, суреттеу, сипаттау 
мəтіндерін құрап жазу; 
тілдесім:  диалог-əңгіме.  Диалог-пікірталас.  Ұсынылған  тақырып 
бойынша сөйлесу. Отбасында сөйленетін тіл туралы достарымен пікірлесу;  
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  қазақстандық  отбасындағы 
сөйлеу тілі туралы мəтіндер. 
41.
 
 «Кітап – бағалы сыйлық» – 8/6 сағат:  
1)
 
тілдік бөлім: біріккен сөздердің жасалу жолдары, емлесі. Лепті сөйлем. 
Тұйық етістіктің септелуі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

85 
 
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен 
бейнетаспадағы  сыйлықтарға  қатысты  айтылған  ақпараттарды  тыңдап  түсіну. 
Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;  
оқылым:  оқу  мəтіндеріндегі  тірек  сөздерді  ажырату.  Сыйлық  түрлеріне 
қатысты  оқығандарын ауызша мазмұндап  айту. Оқыған  мəтіні бойынша  сұрақ 
қою; 
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айта алу. Құттықтауға қатысты сөз 
орамдарын пайдаланып, достарына тілек айту; 
жазылым: сыйлық түрлері мен олардың ерекшелігіне қатысты мəтін жазу. 
Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу;  
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  сөйлесу.  Сұрақтарға  жауап 
қайтара алу. Сыйлық ұсыну туралы достарымен пікір алмасу. Диалог-талқылау. 
Полилог-ойталқы; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  достарымен  өз  ұлтының 
сыйлық беру дəстүрі туралы сұхбаттасу. 
42.
 
 «Жазғы демалыста не істейсің?» – 8 /5 сағат: 
1)
 
тілдік бөлім: туынды сын есім. Күшейткіш үстеулер. Тəуелдік жалғау. 
Етістіктің  өткен  шағы.  Туынды  сөздердегі  түбір  мен  қосымшаның  үндесімі. 
Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен 
бейнетаспадағы  жазғы  демалысқа  қатысты  айтылған  ақпараттарды  тыңдап 
түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;  
оқылым:  оқу  мəтіндеріндегі  тірек  сөздерді  ажырата  алу.  Жазғы 
демалысқа қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;  
айтылым:  тақырып  бойынша  өз  ойын  айту.  Достарымен  жазғы  демалыс 
əсерлері туралы ой бөлісу; 
жазылым:  өзінің  жазғы  демалысын  қалай  жəне  қайда  өткізгені  туралы 
баяндамалық сипаттағы мəтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап 
жазу; 
тілдесім: диалог-сұхбат, диалог-талқылау. Ұсынылған тақырып бойынша 
сөйлесу. Жазда қайда демалуға болатыны туралы достарымен пікір алмасу; 
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: достарымен ауыл балаларының 
жазғы демалысы туралы сұхбаттасу. 
43.
 
 «Ас – адамның арқауы» – 8/5 сағат:  
1)
 
тілдік  бөлім:  күрделі  сөздер.  Септеулік  шылаулар.  Этнолингвистика-
лық атаулардың емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен 
бейнетаспадағы  ас  пен  адам  денсаулығының  байланысына  қатысты  айтылған 
ақпараттарды  тыңдап  түсіну.  Тыңдалым  бойынша  қойылған  тест  сұрақтарына 
жауап беру;  
оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Ас ішуге, тамақтану 
əдебіне қатысты оқыған мəтіндерінің мазмұнын айту; 

86 
 
айтылым: тақырып  бойынша өз ойын айту. Достарымен  тамақтану əдебі 
туралы ой бөлісу; 
жазылым:  ас  түрі  мен  ас  ішуге  байланысты  өз  ойын  баяндап,  сипаттап 
жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу;  
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша диалог-сұхбат, диалог-пікірталас. 
Ас ішуге байланысты өз пікірін айту. Тамақтану мен денсаулықтың байланысы 
туралы достарымен пікір алмасу; 
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық 
тағамдардың денсаулыққа пайдалылығы туралы пікірлесу.  
44.
 
 «Маған спорт киімі керек» – 6 /4 сағат:  
1)
 
тілдік  бөлім:  шартты  рай.  Ашық  рай.  Рай  жұрнақтарының  жазылуы. 
Тұйық етістік. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен 
бейнетаспадағы  киімге  қатысты  айтылған  ақпараттарды  тыңдап  түсіну. 
Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;  
оқылым:  оқу  мəтіндеріндегі  тірек  сөздерді  ажырату.  Киім  түрлеріне 
қатысты  оқығандарын  ауызша  мазмұндап  айту.  Оқыған  мəтін  бойынша  сұрақ 
қою; 
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту, достарына киім түрлері, киіну 
əдебі туралы өз ойын айту; 
жазылым:  өзінің  жазғы,  қысқы  киімдері  туралы  сипаттау,  суреттеу 
мəтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу; 
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  сөйлесу.  Киімге  қатысты  өз  ой-
пікірін білдіру. Полилог-пікірталас; 
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен ұлттық 
киімдердің ерекшелігі туралы пікірлесу.  
45.
 
 Əлеуметтік-мəдени  ая – 38/26 сағат. «Мен  əуен  тыңдаймын» – 10 /8 
сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  кірме  сөздер.  Өздік  етіс.  Буын  үндестігіне  бағынбайтын 
қосымшалардың  орфографиясы.  Лексика:  тақырып  көлеміндегі  лексикалық 
бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен 
бейнетаспадағы  музыкаға  қатысты  айтылған  ақпараттарды  тыңдап  түсіну. 
Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту; 
оқылым:  оқу  мəтіндеріндегі  музыка  жанрлары  мен  сазгерлерге,  қатысты 
оқығандарын ауызша мазмұндап айту; 
айтылым:  тақырып  бойынша  өз  ойын  айта  алу.  Музыка  жанрлары  мен 
сүйікті сазгерлері туралы айту; 
жазылым:  өзінің  ұнататын  музыкасы,  топтары,  сазгерлері  туралы 
сипаттау, суреттеу мəтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап 
жазу. Сұрақтарға жауап жазу; 

87 
 
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  сөйлесу.  Музыкаға  қатысты 
пікірлесу. Достарымен музыка, сазгерлер туралы ой бөлісу. Полилог; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  сыныптағы  достарымен, 
мұғаліммен  ұлттық  музыка  жанрларының,  сазгерлердің  ерекшелігі  туралы 
пікірлесу.  
46.
 
 «Менің əуес ісім» – 8 /6 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  термин  сөздер.  Ырықсыз  етіс.  Еріндік  дауыстылардың 
орфоэпиясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен 
бейнетаспадағы əуес іске қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну;  
оқылым: адамдардың əуес ісіне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап 
айту;  
айтылым:  тақырып  бойынша  өз  ойын  айту.  Достарымен  өзінің  əуес, 
сүйікті істері туралы сөйлесу; 
жазылым:  өзінің  ұнататын  айналысатын  ісі  туралы  сипаттау,  суреттеу 
мəтіндерін жаза алады. Берілген тірек сөздер мен жоспар бойынша мəтін құрап 
жазу;  
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  сөйлесу.  Өзінің  əуес  ісіне 
қатысты полилог-ойталқы;  
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  сыныптағы  достарымен, 
мұғаліммен өзінің, достарының əуес істері туралы пікірлесу.  
47.
 
 «Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары» – 10/6 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  тіркесті  сөздер.  Реттік  сан  есім.  Ортақ  етіс.  Спорт 
терминдерінің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен 
бейнетаспадағы  Қазақстан  спортшыларына  қатысты  айтылған  ақпараттарды 
тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;  
оқылым:  оқу  мəтіндеріндегі  тірек  сөздерді  ажырату.  Спорт  түрлері  мен 
белгілі спортшыларға қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту; 
айтылым:  тақырып  бойынша  өз  ойын  айту.  Жазылым.  Өзінің  ұнататын 
спорт  ойындары,  спортшылары  туралы  хабарлау,  суреттеу  мəтіндерін  жазу. 
Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу;  
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  спортқа  қатысты  пікірлесу. 
Достарымен  өзінің  ұнататын  спортшыларының  жеңістері  туралы  ой  бөлісу. 
Достарымен  спорт  түрлері  мен  сүйікті  спортшылары  туралы  сөйлесу.  Диалог-
сұхбат. Полилог-ойбөліс; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  сыныптағы  достарымен, 
мұғаліммен ұлттық спорт түрлері туралы пікірлесу.  
48.
 
 «Денсаулық – зор байлық» – 10/6 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  қос  сөздер.  Топтау  сан  есімдер.  Демеулік  шылаулар. 
Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;  
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

88 
 
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен 
бейнетаспадағы денсаулықты сақтауға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап 
түсіну;  
оқылым:  оқу  мəтіндеріндегі  денсаулыққа  қатысты  оқығандарын  ауызша 
мазмұндап айту. Оқыған мəтін бойынша сұрақ қою; 
айтылым:  тақырып  бойынша  өз  ойын  айту.  Достарымен  денсаулықты 
сақтау туралы сөйлесу; 
жазылым: өзінің денсаулықты сақтауға қатысты ойын хабарлау,  баяндау 
мəтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу; 
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  сөйлесу.  Денсаулыққа  қатысты 
мақал-мəтелдерді пайдаланып, достарымен пікірлесу. Диалог-сұхбат. Полилог-
ойкөкпар; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  денсаулық  сақтауға 
байланысты құрдастарымен сұхбаттасады.  
49.
 
 Оқу-еңбек  аясы – 24 /14 сағат. «Интернет.  Интернет  маған  не  үшін 
керек?» – 10/6 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  интернационалдық  терминдер.  Интернационалдық 
терминдердің  орфографиясы.  Лексика:  тақырып  көлеміндегі  лексикалық 
бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен 
бейнетаспадағы  интернетке  қатысты  айтылған  ақпараттарды  тыңдап  түсіну. 
Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту;  
оқылым: оқу мəтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Интернетпен жұмыс 
істеуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту;  
айтылым: тақырып бойынша өз ойын айту. Жазылым. Өзінің Интернетке 
қатысты  ойын  хабарлау,  баяндау  мəтіні  түрінде  жазу.  Берілген  тірек  сөздер 
бойынша мəтін құрап жазу; 
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  сөйлесу.  Интернетке  қатысты 
терминдерді  пайдаланып,  достарымен  пікірлесу.  Интернетте  жасайтын 
жұмыстары туралы полилог-ойталқы;  
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері 
білетін Интернет сайттары туралы пікірлесу. 
50.
 
 «Интернеттен қазақша ақпарат іздеймін?» – 14 /8 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  қимыл  есімдері.  Ауыспалы  осы  шақ.  Сан  есім  түрлері. 
Тұйық етістіктің емлесі. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі жəне үнтаспа мен 
бейнетаспадағы  тіл  үйренуге  қатысты  айтылған  ақпараттарды  тыңдап  түсіну. 
Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру;  
оқылым:  оқу  мəтіндеріндегі  тірек  сөздерді  ажырату.  Тіл  үйренуге 
қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту; 
айтылым:  тақырып  бойынша  өз  ойын  айту.  Достарымен  тіл  үйренуде 
жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу; 

89 
 
жазылым:  өзінің  тіл  үйренуге  қатысты  ойын  хабарлау,  баяндау  мəтіні 
түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мəтін құрап жазу;  
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  сөйлесу.  Тілге  қатысты 
достарымен пікірлесу;  
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы достарымен өздері 
білетін тілдері туралы пікірлесу.  
 
 
5. Оқу пəнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны 
 
51.
 
 Оқыту  орыс  тілінде  жүретін  мектептерде  аптасына 3 сағаттан, 
барлығы 102 сағат,  оқыту  ұйғыр,  өзбек,  тəжік  тілдерінде  жүргізілетін 
мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.  
52.
 
 Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады: 
53.
 
 Əлеуметтік- тұрмыстық ая – 32 /24 сағат. «Отбасы сыйластығы» – 12 
/10 сағат: 
1)
 
тілдік бөлім: құрмалас сөйлемдер. Сабақтас, салалас түрлері, ырықсыз 
етіс,  ортақ  етіс,  бұйрық  рай.  Сын  есімдер.  Құрмалас  сөйлемдер  интонациясы. 
Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:  
тыңдалым:  отбасы  сыйластығы  туралы  қысқа 1-2 минуттық  əңгімелерді 
тыңдап түсіну;  
оқылым: тақырыпқа байланысты əңгімелер, мəтіндер оқу; 
айтылым: монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы; 
жазылым: тақырыпқа қатысты əңгімелер жазу, өз ойын жазу; 
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  сөйлесу:  диалог-сұхбат,  сұрақ-
жауап, сұрақ-мəлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, жəне т.б; Отбасы сыйластығына 
қатысты достарымен полилог-ойбөліс; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  Қазақстандағы  отбасы 
мүшелерінің сыйластығы мəселелері; тақырыпқа байланысты əңгімелесу.  
54.
 
 «Мен ата-анама көмектесемін» – 10/7 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  құрамалас  сабақтас  салалас  сөйлемдер.  Етістер.  Есімше. 
Құрмалас  сөйлемдер  интонациясы.  Лексика:  тақырып  көлеміндегі  лексикалық 
бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім əңгімелерді тыңдап түсіну;  
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқып, мазмұнын түсіндіру;  
айтылым:  монологтік  сөйлеу:  жасаған  ісі,  істейтін  ісі,  күнделікті  ісі, 
ертеңгі істейтін ісі жəне т.б. туралы айту;  
жазылым: əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу; 
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  сөйлесу.  Ата-аналарына 
көмектескені туралы достарымен пікірлесу. Полилог-ойбөліс, диалог-сұхбат; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  əртүрлі  ұлт  өкілі  отбасында 
балалары əке-шешесіне қалай көмектесетіні туралы əңгімелер айту.  

90 
 
55.
 
 «Асханада тамақ ішемін» –10/7 сағат: 
1)
 
тілдік бөлім: өтініш, тілек айтуға қатысты этикеттік орамдар. Лексика: 
тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  тақырыпқа  қатысты  кішігірім  əңгімелер  тыңдап  түсіну. 
Оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу; 
айтылым: асханада ішкен тамағы туралы баяндау; 
жазылым: тақырыпқа байланысты əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы жазу; 
тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тамақтану əдебі туралы 
достарымен пікірлесу. Диалог-əңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  өзге  ұлт  өкілдерінің  тамақ 
мəзірі, дағдысы туралы əңгімелесу.  
56.
 
 Əлеуметтік-мəдени ая – 46 /30 сағат. «Қазақстан қалаларын аралағым 
келеді» – 16 /10 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  күрделі  сөздер,  біріккен  сөздер.  Лексика:  тақырып 
көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім əңгімелер тыңдап, түсіну;  
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу;  
айтылым: монологтік сөйлеу: қалалар туралы əңгіме айту, баяндау; 
жазылым: əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу; 
тілдесім:  сұрақ-жауап,  сұрақ-мəлімет  диалогтары.  Ұсынылған  тақырып 
бойынша  сөйлесу.  Қазақстан  қалалары  туралы  достарымен  полилог-ойкөкпар. 
Диалог-əңгіме, диалог-талқылау;  
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  басқа  ұлт  өкілдерімен 
Қазақстан қалалары туралы əңгімелесу. 
57.
 
 «Қазақстан балалар жазушылары» – 16 /10 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  тұйық  етістік.  Жалқы  есімдер.  Лексика:  тақырып 
көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім əңгімелерді тыңдап түсіну;  
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу; 
айтылым:монологтік сөйлеу: жазушының өмірбаяны туралы баяндау;  
жазылым: əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу; 
тілдесім:  сұрақ-жауап,  сұрақ-мəлімет  диалогтары.  Ұсынылған  тақырып 
бойынша сөйлесу. Қазақстан балалар жазушылары мен олардың шығармалары 
туралы достарымен пікірлесу; 
3) мəдениетаралық қарым-қатынас: қазақ жəне орыс балалар жазушылары 
туралы пікірлесу. 
58.
 
 «Шарын» шатқалына бардың ба?» – 14/10 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  туынды  зат  есімдер.  Бұйрық  рай.  Лексика:  тақырып 
көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 

91 
 
тыңдалым:  тақырыпқа  қатысты  кішігірім  əңгімелерді  тыңдап  түсіну 
(ұзақтығы 1-2 минут);  
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу; 
айтылым: өз ауылы /қаласы/облысының экологиясы туралы баяндау; 
жазылым: тақырыпқа байланысты əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы жазу; 
тілдесім:  сұрақ-жауап,  сұрақ-мəлімет  диалогтары.  Ұсынылған  тақырып 
бойынша сөйлесу. Қазақстан экологиясы туралы достарымен пікірлесу;  
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  табиғат  туралы  əр  ұлт 
өкілдерінің мақал-мəтелдері.  
59.
 
 Оқу-еңбек  аясы – 24 /14 сағат. «Уақытты  жоспарлап  үйренейік» – 
12/7 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  біріккен  сөздер.  Модаль  сөздер.  Лексика:  тақырып 
көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  тақырыпқа  қатысты  кішігірім  əңгімелерді  (ұзақтығы 1-2 
минут ) тыңдап түсіну;  
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндер оқу; 
айтылым:  монологтік  сөйлеу:  мектепте  не  істегенін,  əдетте  не  істейтінін 
айту;  
жазылым: əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу; 
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  сөйлесу.  Өзінің  жұмыс  күні 
туралы  достарымен  пікірлесу.  Диалог-əңгіме,  диалог-талқылау.  Полилог-
ойбөліс; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  білім  алуға  қатысты  қазақ 
халқының мақал -мəтелдері.  
60.
 
 «@-поштада қазақша сөйлесейік» – 12 /7 сағат: 
1)
 
тілдік бөлім: қимыл есімдері. Сын-қимыл үстеулері. Лексика: тақырып 
көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  тақырыпқа  қатысты  кішігірім  əңгімелерді  (ұзақтығы 1-2 
минут) тыңдап түсіну; 
оқылым: тақырыпқа қатысты мəтіндер оқу; 
айтылым:  монологтік  сөйлеу:  е-поштамен  не  істегенін,  əдетте  не 
істейтінін айту, баяндау; 
жазылым: əңгіме жазу, өз іс əрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу; 
тілдесім:  ұсынылған  тақырып  бойынша  сөйлесу.  Өзінің  е-  поштасы 
туралы  достарымен  пікірлесу.  Диалог-əңгіме,  диалог-талқылау.  Полилог-
ойталқы; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  тілдік  қарым-қатынасқа 
қатысты қазақ халқының мақал-мəтелдері.  
 
 
 
 

92 
 
6. Оқу пəнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны 
 
61.
 
Оқыту  орыс  тілінде  жүретін  мектептерде  аптасына 3 сағаттан, 
барлығы 102 сағат,  оқыту  ұйғыр,  өзбек,  тəжік  тілдерінде  жүргізілетін 
мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.  
62.
 
 Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады: 
63.
 
 Əлеуметтік-тұрмыстық ая – 32 /22 сағат. «Біз тату тұрамыз» – 16 /11 
сағат: 
1)
 
тілдік бөлім: тұрақты тіркестер. Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті 
мəні.  Кейінгі  ықпалды  қайталау.  Лексика:  тақырып  көлеміндегі  лексикалық 
бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  мəтінді  тыңдап,  айтылған  ойды  түсіну.  Қазақ  отбасы  туралы 
берілген сөйлемдерді түсіну жəне қолдану;  
оқылым: қазақ отбасы туралы мəтіндерді дұрыс оқу жəне түсіну. Болған 
жағдайға байланысты, сезімге əсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын 
ұғу;  
айтылым:  қазақ  отбасы  туралы  өзіне  таныс  жағдайлар  бойынша 
конструкцияларды пайдаланып өз ойын айту. 
жазылым: өзара байланысты қысқа мəтіндерді жазу. Қазақ отбасы туралы 
өзі  білетін  мəліметтерді  қатыстырып  сөйлем  жаза  білу,  өз  ойын  қысқаша 
білдіре алу;  
тілдесім:  қазақ  отбасы  жайындағы  сұхбаттарға  қатысу.  Қазақ  отбасы 
туралы көзқарасын айтып, пікір білдіру. Диалог-сұрақ. Диалог-мəлімет;  
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы тəрбиесі туралы қысқа 
мəтіндер, өлеңдер.  
64.
 
 «Қазақ отбасында тұрғым келеді» – 16 /11 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  этнолингвистикалық  атаулар.  Көмекші  есімдер.  Лексика: 
тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым: қазақ отбасының ерекшелігі туралы мəтінді тыңдап, айтылған 
ойды түсіну;  
оқылым: мəтіндерді дұрыс оқу жəне түсіну;  
айтылым: қазақ отбасындағы өзара сыйласымдылық туралы пікір білдіру;  
жазылым:  өзара  байланысты  қысқа  мəтіндерді  жазу.  Өзі  білетін 
мəліметтерді қатыстырып əңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру; 
тілдесім:  қазақ  отбасы  жайындағы  сұхбаттарға  қатысу.  Диалог-сұрақ. 
Диалог-мəлімет.  Өзіне  таныс  жағдайлар  бойынша  конструкцияларды 
пайдаланып сөйлесу;  
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  ұсынылған  қазақ  отбасылары 
туралы мəтіндерді оқу.   
65.
 
 Əлеуметтік-мəдени ая – 48/32 сағат. «Сурет галлереясына барамыз» – 
16 /11 сағат:  

93 
 
1)
 
тілдік  бөлім:  қалау  рай.  Лексика:  тақырып  көлеміндегі  лексикалық 
бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  мəтінді  тыңдап,  айтылған  ойды  түсіну.  Суретшілер  туралы 
берілген сөйлемдерді түсіну жəне қолдану;  
оқылым: суретшілер, сурет көрмесі, картиналар туралы мəтіндерді дұрыс 
оқу жəне түсіну;  
айтылым:  белгілі  бір  сурет  туралы  өз  пікірін  білдіру.  Сурет 
галлереясындағы  өзіне  таныс  жағдайлар  бойынша  конструкцияларды 
пайдаланып сөйлеу;  
жазылым: өзара байланысты қысқа мəтіндер жазу. Суретші мен суреттер 
туралы  өзі  білетін  мəліметтерді  қатыстырып  сөйлем  жазу,  өз  ойын  қысқаша 
білдіру;  
тілдесім:  сурет,  суретшілер  жайындағы  сұхбаттарға  қатысу.  Диалог-
сұрақ. Диалог-мəлімет; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  Ə.Қастеевтің  туындылары 
туралы пікір алмасу.  
66.
 
 «Мұражайға саяхат» – 16/11сағат:  
1)
 
тілдік бөлім: неологизмдер. Қос сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі 
лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  мəтінді  тыңдап  айтылған  ойды  түсіну.  Мұражай  туралы 
берілген сөйлемдерді түсіну жəне қолдану;  
оқылым:  мұражай,  мұражайдағы  экспонаттар  туралы  мəтіндерді  дұрыс 
оқу жəне түсіну; 
айтылым: ойын жеткізу барысында түрлі туындылар, экспонаттар жайлы 
айту.  Мұражайдағы  өзіне  таныс  жағдайлар  бойынша  конструкцияларды 
пайдаланып сөйлесу; 
жазылым:  өзара  байланысты  қысқа  мəтіндер  жазу.  Мұражай  туралы  өзі 
білетін мəліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша жазбаша түрде 
білдіру; 
тілдесім: мұражай жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-
мəлімет. Диалогке қатысу; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  ұлттық  аспаптар  мұражайы 
туралы əңгімелесу.  
67.
 
 «Мен ұнататын теле/радио хабар» – 16/10 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  өздік  етіс.  Лепті  сөйлемдер.  Лексика:  тақырып 
көлеміндегі лексикалық бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
тыңдалым:  мəтінді  тыңдап  айтылған  ойды  түсіну.  Радио,  теледидардан 
естіген сөйлемдерді түсіну жəне қолдану;  
оқылым:  көрген,  естіген  ақпараттары  туралы  мəтіндерді  дұрыс  оқу, 
түсіну;  

94 
 
айтылым:  өзіне  таныс  жағдайлар  бойынша  конструкцияларды 
пайдаланып сөйлеу; 
жазылым:  өзара  байланысты  қысқа  мəтіндер  жазу.  Теледидардан  көрген 
бағдарлама туралы жазу;  
тілдесім: теледидардан көрген, кино, бағдарламалар мен радиодан естіген 
жаңалықтар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мəлімет;  
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  Қазақстан  телеарнасындағы 
танымдық бағдарлама туралы əңгімелесу. 
68.
 
 Оқу-еңбек аясы – 22 /14 сағат. «Біздің елде орта мектепте білім алу. 
Қандай емтихандар тапсырамын?» – 11 /7 сағат: 
1)
 
тілдік  бөлім:  зат  есім.  Зат  есімнен  сын  есім  тудырушы  жұрнақтар. 
Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: 
айтылым:  ойын  жеткізу  барысында  көрген,  естіген  мəліметтері  жайлы 
айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;  
тыңдалым:  мəтінді  тыңдап  айтылған  ойды  түсіну.  Естіген  сөйлемдерді 
түсіну, қолдана алу;  
оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мəтіндерді дұрыс оқу жəне 
түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;  
жазылым:  өзара  байланысты  қысқа  мəтіндер  жазу.  Өзі  білетін 
мəліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;  
тілдесім:  естіген,  оқыған  жаңалықтары  жайындағы  сұхбаттарға  қатысу. 
Диалог-əңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс; 
3)  мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  орыс  тілді,  қазақ  тілді 
мектептерде оқылатын тілдер туралы əңгімелесу.  
69.
 
 «Менің арман мектебім» – 11/7 сағат:  
1)
 
тілдік бөлім: мақсатты келер шақ. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік 
бірліктер; 
2)
 
қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:  
тыңдалым:  мəтінді  тыңдап  айтылған  ойды  түсіну.  Естіген  сөйлемдерді 
түсіну;  
оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мəтіндерді дұрыс оқу жəне 
түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу; 
айтылым:  ойын  жеткізу  барысында  көрген,  естіген  мəліметтері  жайлы 
айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу.  
жазылым:  өзара  байланысты  қысқа  мəтіндер  жазу.  Мəтін  бөліктеріне  ат 
қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мəліметтерді қатыстырып сөйлем 
жазу, өз ойын қысқаша білдіру.  
тілдесім:  естіген,  оқыған  жаңалықтары  жайындағы  сұхбаттарға  қатысу. 
Диалог-сұрақ. Диалог-мəлімет;  
3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар өз арман 
мектебі туралы ой алмасады. 
Каталог: images -> files -> programmy
files -> Название теста: Мемелекет және құқық теориясы
files -> Рабочая программа по литературе в 7 классе (Образовательная система «Школа 2100») Статус документа
files -> Уроков русского языка в 9-м классе (70 часов 2 часа в неделю) Дата № п/п Тема урока
files -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
files -> Ақпаратты өңдеудің мультимедиалық құралдары • 5В070300 –Ақпараттық жүйелер, 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
files -> Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста
files -> Программа по русскому языку для 6 класса Гильмутдиновой Саджиды Сулеймановны, учителя I квалификационной категории
files -> Программа по русскому языку для 6 класса составлена в соответствии с
files -> Программа разработана


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет