Национальное воспитание



жүктеу 3.12 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата27.03.2017
өлшемі3.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. А.:Атамұра, 1999.

2.  Әбжанов  Х.  Алаш  қозғалысындағы  ұлттық  идея  эволюциясы  //  «Алаш  қозғалысы 

идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих және қазіргі кезең» халықаралық ғылыми-

практикалық конференция материалдары, Семей, 2008 жыл, 9 б.

3. Дулатұлы М. Шығармалары, 2 томдық. П-том, Алматы: Ғылым, 1997.- 343б. 

4. Аймауытов Ж. Шығармалары, 5 томдық, 5-том, Алматы: Жазушы, 456 б. 


24

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37.37.03

М.Н. Мусабеков 

Сулейман Демирел Университетінің PhD аға оқытушы

С.Н. Мусабекова

Ушинский ат.орта мектебінің мұғалімі 

Қарасай аудандық білім беру басқармасы

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ «ВИРТУАЛДЫ ШЫНАЙЫЛЫҚ» 

Мақалада жас ұрпақтың уақытын алып отырған ақпараттық-коммуникативтік техно ло-

гиялар әсері қарастырылған. «Компьютер фанаттары» және «геймер» ұғымдары пайда бо-

лып оның кеңістігіне өзндік бағытын айшықтаған сайын осылайша аталатын бала саны да 

ар туда. 

Түйін сөздер: ұлттық тәрбие, технология, білім, ғылым, жас буын

 

В  статье  рассмаривается  влияние  виртуальности  и  совершенствование  коммуниктив-



  влияние  виртуальности  и  совершенствование  коммуниктив-

ных тех но логии и их последствия влияния на молодежь. С каждым новым достижением 

в облас ти компьютерных технологий растёт количество людей, именуемых в просторечии 

«компью терными фанатами» или «геймерами». 



Ключевые слова: национальное образование, технологии, образование, наука, молодые

In article influence of virtuality and improvement of computers with their consequences. With 

each new achievement in the field of computer technologies the number of the people called in 

popular speech by «computer fans» or «gamers» grows. Representatives of this category spend the 

main time behind games as games on the computer become almost the main vital need.

Keywords: a National Education, technology, education, science, Young

Жас  ұрпақтың  уақытын  алып  отырған 

ақ  па   раттық-коммуникативтік  технология-

лар.  Олар  сананы  басқарудың  ең  за манауи 

тех но логияларын ұсынуда. Осы тектес тех  -

но логиялардың  бірі  компьютерлік  ойын 

тех нологиясы  болып  табылады.  ХХ  ға    сыр-

дың  соңында  «виртуалды  шын айы лық» 

ұғымы  пайда  болды.  «Виртуал ды»  сөзі 

ортағасырдағы латын тілінде «мүмкін; бел  -

гілі  бір  жағдайда  болатын  және  көрініс  та-

буы тиіс» [1] деген мағынаны бер  ген. Осы -

лайша,  кванттық  механикада  вир туал  ды 

бөлшектердің  бар  екендігі  тура лы  айтыл -

са,  психологияда  виртуалды  (жасырын) 

қабілеттер  бар  дегенді  айтады  және  т.б. 

Жоғарыда көрсетілген тех нологиялар жүйе-

сін дегі «виртуалды шын айы лық» ұғымының 

мәні мүл дем басқаша түсін дірі леді. Мәселен, 

Н.  А.  Носов  «виртуалды  шынайылық»  – 

бұл  «әртектес  объектілердің  (әртүрлі  саты-

лы деңгейде орналасқан) арасындағы өза ра 

бай ланыстың ерекше түрін, сондай-ақ олар -

дың  арасындағы  шыққан  нәтиже  мен  ин-

тер ак  тивтілік  сияқты  ерекше  қаты нас тар ды 

сипат тайтын  термин.  Виртуалды  дең гейдің 

объектілерін,  -  деп  жазады  ол,  -  төменде 

тұрған  деңгейдің  объектілері  қалып тас ты-

ра ды,  бірақ  өзінің  шыққан  нәтиже  деген 

мәр  тебесіне  қарамастан,  шынайылықты 

ту дыратын  объектілермен  онтологиялық 

тең  құқылы  тәрізді  өзара  байланысқа  түс-

еді.  Шынайылықты  тудыратын  виртуалды 

объектілердің  жиынтығы  виртуалды  шын -

айылықты  құрайды.  Пайда  болатын  шын-

айы  лықта  виртуалды  объектілерді  өн ді ріп 

жат қан  кезде,  олар  белгілі  бір  жерде  ғана, 

яғни  «осында  және  қазір»  тіршілік  етеді; 

пайда болу үдерісі аяқталғаннан кейін тиісті 


25

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

вир туалды  объектілер  жоғалады»  [1]  деп 

пайым дайды.  Цитатасы  келтірілген  автор-

дың пікіріне сәйкес, виртуалдылықтың анто-

нимі – тұрақтылық. Шынайылықты тудыру 

тұрақты  шынайылық  болып  табылады.  Бір 

виртуалды шынайылық дейді ол келесі дең -

гей дегі өзге виртуалды шынайылықты туды -

руы мүмкін, соңғысы үшін алдыңғысы тұрақ-

ты шынайылық болады. Басқа автор былай 

деп  жазады:  «Заманауи  техникалық  құрал-

дар дың көмегімен виртуалды шынайылыққа 

шомып  кетуге  болады,  онда  субъект  шы-

найы және виртуалды әлемнің заттары мен 

оқи ғаларынайыра алмайды: әлем оған тіке-

лей  сезіну  үшін  беріледі,  ал  олар  бұл  дең-

гей де ажыратылмайды» [2]. Өйткені вирту-

алды  шынайылықтың  сезімталдық  бейнесі 

бей  ненің бейнесі тәрізді. Бұл түсініктегі дәл 

осы виртуалды шынайылық қазіргі таралған 

компью терлік ойындардың негізінде жатыр.

Компьютерлік  ойын  шынайы  өмірдің 

қия лын  жасайды.  Сонымен  қатар,  ойыншы 

әлде бір ерекше демиург ретінде әрекет етеді. 

Мони тордағы кішкентай солдаттар, балуан-

дар,  ғарыштың  келімсектері,  құбыжықтар 

және т.б. ойыншының еркі мен назына бағы-

нып  қозғалады,  жүгіреді,  секіреді,  атыса-

ды  және  т.б.  Ойыншы  осы  компьютерлік 

әлем ге  сіңіп  кетіп,  қалауына  қарай,  өзін 

сол  ойындағы  белгілі  бір  кейіпкермен  тең-

дес тіруі  мүмкін.  Мұндай  теңдестіру  орын 

алса, ойыншы ойынның шынайы мүшесіне 

айна лады.  Нақтырақ  айтқанда,  ол  екіге 

бөлі неді:  біреуі  –  қолында  жүгіртпесі  бар, 

«мони тордың»  алдында  отырған,  екіншісі 

–  монитордың  арғы  жағындағы  ойындағы 

вир туалды  шынайылық.  Егер  ойынның 

шарт тары мен ережелері бойынша ойыншы 

кейіп кер  «қайтыс  болса»,  ойынды  жауып, 

басы нан  қайта  бастап  оны  «тірілтіп  алуға» 

болады. Компьютерлік ойынның ерекшелігі 

–  өзін  белгілі  бір  кейіпкерге  теңдестірген 

ойын шы  ойындағы  белгілі  бір  жүрістің 

мінез-құлқындағы эмоцияны сезінуі мүмкін, 

бірақ  ол  үрей,  ауру  немесе  ұжданының  ал-

дын да  азап  шегу  сияқты  нәрселерді  бастан 

кешір мейді. Ол ойын барысы мен ойынның 

нәти жесі  үшін  ешқандай  жауапкершілікте 

бол майды.  Егер  ойында  «жақсылық»  пен 

«зұлым дық»  күштер  күресіп  жатса,  ойын-

шы  үшін  қай  жақты таңдап  ойнайтындығы 

бәрібір: компьютерлік ойын әділеттілік, кінә 

немесе  жаза  сияқты  түсініктерді  білмейді. 

Осы  жағынан  алғанда,  ойында  мазмұндық 

өлшем жоқ. 

С. А. Кириленко көрсеткен тағы бір ерек-

ше лік бар. «Көзге көрінетін әлемнің пішіндері 

мен заттары, – деп жазады ол, – компьютерлік 

ойын ның мәнін көрсетпейді. Бұл небәрі ақи-

қат  шынайылықты  –  компьютерлік  бағ дар-

ла маның  шынайылығын  жасырып  тұрған 

қабық  қана.  Осы  сияқты  сағатшы  сыр-

лаушы  мен  алтынмен  қаптағышты  қажет 

етсе,  бағдарламашы  да  өз  еңбегінің  жемі-

сін  көрсететін  суретшісіз  ісін  тындыра 

алмай ды.  Сағатшы  да,  бағдарламашы  да 

өзінің  әлемін  өзге  біреудің  қиялына  сіңі-

руге  мәжбүр,  оның  себебі  –  адамзат  ойы 

арқылы адам түсінбейтін, қолмен жа сай тын 

адамгершіліктен  жат  нәрсе  болып  көрінбес 

үшін олардың бойына өмір қия лын беру ке-

рек»  [3].  Кириленко  былай  толық тыра ды: 

«Талғампаз  Сағатшы  Данышпан  Бағдар ла-

ма   шыға  орнын  береді.  Егер  де    механизм 

әлемі  –  табиғаттың  өзгермейтін  заңдарына 

бағын ған resextensa әлемі болса, бағдарлама 

әлемі – бұл ой қозғалысының қағидаттарына 

сәйкес үлгіленетін rescogitans әлемі» [4]. 

Компьютерлік  ойындардың  бәрі  шартты 

түр  де рөлдік және рөлдік емес болып бөлі-

не ді.  Біріншісінің  қатарына  әртүрлі  логи-

ка  лық  компьютерлік  ойындар  (мәселен, 

шах  мат),  карта  ойындары  (пасьянс,  покер 

және т.б.), зеректілікті және жылдам әрекет 

етуді  талап  ететін  әртүрлі  ойындар  жата-

ды,  яғни  басқаша  айтқанда,  бұл  арка да лық 

ойындар  (әртүрлі  «жүгірістер»,  «атыстар» 

және  т.б.)  және  т.б.  Рөлдік  емес  компью-

тер  лік  ойындарда  ойыншы  мен  компью-

тер мониторында  көрсетілетін  виртуалды 

шы  н айылық  арасында  арақашықтық  сақ-

та  ла ды.  Ойыншы  ойын  кейіпкерлерінің 

біреуі    нің  рөлін  өзіне  қабылдайтын  болса, 

бұл  рөлдік  компьютерлік  ойындар  деп  ата-


26

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ла ды. Бұндай жағдайда нақты немесе қиял-

да ғы компьютерлік кейіпкердің рөліне кіруді 

ойынның  өзі  талап  етеді.  Мінеки,  осын дай 

ойындар барысында индивид компью термен 

шоғырланып,  ойынның  вир туалды  әлеміне 

кіріп кететін жағдай орын алуы мүмкін. Ал 

өзін  компьютерлік  кейіп кермен  толықтай 

теңдестіру  –  бұл  оқыс  жағдай.  Бұл  шарт-

ты  түрде  бөлінген  дүние  болса  да  (шартты 

болатын  себебі  –  олар дың  арасындағы  ше-

караны  ешқашан  да  бел гі леуге  болмайды: 

мәселен,  ойында  қаһар ман  ханшайымды 

құтқарады; мұнда ойын шы сол кейіпкермен 

теңдестіріледі,  бірақ,  осыған  қарамастан, 

арақашықтық  сақта ла ды),  маңызы  өте  зор, 

өйт кені рөлдік компью терлік ойындарға пси-

хологиялық  тәуел ділік тің  тетігі  мен  таби-

ғаты  рөлдік  емес  ком пьютерлік  ойын дарға 

қарай  білім  беру  тетік терінен  айтар лық тай 

ерекшеленеді.  Кез  келген  жағдайда,  ойын

 -

шы ның  рөлдік  компью терлік  ойындарға 



пси  хологиялық  тәуел ділігі  ойыншының 

жеке  тұлғасына  өте  күшті  әсер  етеді,  яғни 

бұл рөлдік емес компью терлік ойындарға да, 

ойыннан  басқа  компьютермен  жасалатын 

қыз меттерге  (мәселен,  компьютерлік  бағ-

дар  ламалау  және  Ғалам тор мен  жұмыс)  де 

тәуел  ділікті білдіреді.     

Компьютерлерді  жетілдіруге  байланыс-

ты  компьютерлік  ойындарды  да  жетілдіру 

жал ғасуда,  бұл  адамдардың  назарын  өзіне 

бір те-бірте  бұрынғыдан  да  көбірек  аудар-

тып келеді. Күні бүгінге дейін компьютерлік 

тех  никаның  дамығандығы  соншалық,  бағ-

дар   ламашылар мықты графикалық және ды-

быс  тық  тұрғыдан  сәнделген  айтарлықтай 

шы  найы  ойындар  әзірлеу  мүмкіндігіне  ие 

болды.  Оны  жетілдіру  жалғасуда.  Компью-

тер лік  технологиясаласында  жеткен  әрбір 

жаңа  жетістіктермен  қатар,  ауызекі  тілде 

«компьютерлік  фанаттар»  немесе  «геймер-

лер» (ағылшынның «game» сөзі – ойын) деп 

ата  латын  адамдар  саны  да  өсіп  келеді.  Бұл 

санат тың  өкілдері  негізгі  уақы тын  ойын 

ой нау мен  өткізеді,  өйткені  ком пьютердегі 

ойын дар  олардың  басты  өмірлік  қажет-

тіл і  гіне  айналған.  Бұл  ойынға  басымен 

кіріп  кетуді,  әлеуметтік  байланыстар  мен 

қарым-қаты настардың  шектелуін  білдіреді. 

Компью терлік ойындармен әуестену кейдеп-

ато логияға әкеп соғады: адам осы ойындарға 

тәуел ді болып қалады.  

Психологтар,  педагогтар  мен  мәдениет-

тану  шылар  дабыл  қағып  жүрген  компью-

тер лік-ойын тәуелділігінен басқа, қауіптілігі 

жағы нан бұдан кем түспейтін тағы бір фено-

мен бар. Оның мәні – кейбір ойыншылардың 

вир  туалды  шынайылықтың  ойын  оқиға-

лары   мен  (мәселе,  рөлдік  компьютерлік 

ойын    дарда  болып  тұр)  біте  қайнасып  кет-

кені соншалық, виртуалды және ақиқат шы-

на й ы  лықтың  арасында  айқын  шекараны 

бел  гілеуге  әрі  ақиқат  шынайылық  ішінде 

өзін  вир  туалды  сияқты  сезінуге  қабілетті 

емес.  Олар  өзін  де,  айналадағы  адамдарды 

да ойындағы виртуалды кейіпкерлер ретінде 

қабыл дап,  рөлдік  виртуалды  ойын дарды 

өткізу  ережелері  мен  тәртібін  іс  жүзіндегі 

нақты әлеуметтік-мәдени шындыққа, ал шы-

найы  жағдайды  ойын  жағдайына  өзгертеді. 

Ол  бәрін  гаджеттердің  констелляциясы 

ретінде қабылдайды (десек те, гаджеттің не 

екен дігі  туралы  оның  білмейтіндігісөзсіз). 

Вир туалды  ойындарды  ойнайтын  компью-

тер  мониторының  бергі  жағында  отырып 

жауап кершіліктің  не  екенін  білмейтіндігі 

тәрізді,  ол  өз  тәртібі  мен  іс-әрекеттеріне 

жауап кершілікпен  қарамайды.Соңғы  он 

жылда әртүрлі мемлекеттерде өздерінің кри-

миналды іс-әрекеттері үшін есеп бер мей тін 

ойын шылардың  осы  сияқты  кри миналды 

жағдайлары  орын  алған  екен.  Бұлардың 

саны  күн  санап  артып  келеді.  Демек,  ақ-

па раттық-коммуникативтік  технологиялар 

адам дардың,  әсіресе  жастардың  күнделікті 

өміріне  виртуалды  шынайылықты  енгізуге 

әсер етіп, оны виртуалдандырып сіңіп кетті, 

бұл  нақты  әлеуметтік,  экономикалық  және 

бас қа да мәселелерді елемеуге әсер етеді.  

Ұлттық мемлекеттердің үкіметтері, оның 

ішінде президент  Н. Ә. Назарбаев басқарған 

Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  атал-

мыш  факторларға  деген  стратегиясы  мен 

так тикасына  шеберлікпен  төтеп  бере  алды. 


27

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Бұл  көп  жағынан  үкіметтің  үмітін  ақ тап 

отыр.  Көп  жағынан  дейтін  себебіміз,  осы 

мәсе ле  тұр ғысынан  алғанда  барлық  мә селе 

әлі  шешімін  таппаған.  Жұмыспен  қам ту 

тап  шылығы,  жұмыс  орындарының  жоқ ты-

ғы сияқты себептерден жастар ауыл аймақ-

тарынан  қалаға  кетіп  жатқандығы  құпия 

емес.    Мемлекет  барша  халықты  жұмыс-

пен және лайықты жалақымен әлі қам тама -

сыз  ете  алмайды.  Сонымен  қатар,  қала  ай -

мақтарындағы  мәдениет  ауыл  аймақ тарына 

қараған  бұрынғыша  жоғары.  Осы ған  қар-

амастан,  радио,  теледидар,  ғаламтор  жас-

тардың  қалада  да,  ауылда  да  пайдалану 

мүмкіндігін  көрсетіп  отыр.  Демек,  үкімет 

алдындағы  міндет  қала  мен  ауылдағы  өмір 

деңгейінің  арасындағы  сапалы  айыр ма-

шылықты  қысқарту  ғана  емес,  шеттету, 

сондай-ақ  үгіт-насихат  және  ғибрат  сөз-

дер арқылы емес, жастарды қоғамды демо-

кратияландырудың  нақты  үдерістері  мен 

оларды  басқаруға  тарту  арқылы  үнемі 

патриоттық  тәрбие  беру.  Р.  М.   Шарипова: 

«Демократиялық  қоғамды  құру  үдерісі, 

нарық тық экономикаға өту, жалпы эконо ми-

ка лық,  саяси  және  әлеуметтік-мәдени  өзге-

рістер  жастардың  адамгершілік  және  руха-

ни  жағынан  дамуынсыз  мүмкін  емес»  [5] 

деп өте дұрыс айтқан.  Жастар дұрыс болса 

да,  кітаптағы  шынайылықты  меңгеріп  қана 

қоймай,  практикалық  өмірінде  де  қол да на-

тын  болса,  жоғарыда  айтылғандай,  толық-

қан ды дамуға мүмкіндік бар. [6]  Қазақстан 

қоға мының  алдында  тұрған  түбегейлі 

міндеттерді  шешу  үдерісінде  жастардың 

құн дылықты  бағыттарын  дұрыс  өзгертіп, 

олар дың  абстракцияланған  емес,  шынайы 

жал пы адамзаттық және ұлттық-мемлекеттік 

құн дылықтарды жасауына бағыттау жатыр. 



ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Носов Н. А. Виртуальная реальность //Новая философская энциклопедия. – В 4-х т. – Т. 

I.М.: Мысль, 2000. – б. 403 – 404.

2. Рузавин Г. И. Виртуальность //Новая философская энциклопедия. – В 4-х т. – Т. I. – М.: 

Мысль, 2000. – б. 404.

3. Кириленко С. А. Космос механической игрушки и универсум компьютерной програм-

мы //Виртуальное пространство культуры. Материалы научной конференции 11 – 13 апреля 

2000 г. – СПб.: Санкт-Петербургское философское общество, 2000. – б. 158 – 160.

4. Эстулин Д. Кто правит миром? Или вся правда о Бильдербергском клубе. – Изд. 2-е. – 

Минск: Поппури, 2009. – 283 б.

5. Шарипова Р. М. трансформация ценностных ориентаций в молодёжной среде Респу-

блики Казахстан //Материалы Международной научно-практичес-кой конференции «Моло-

дёжь  и  современность:  проблемы  мировоззрения,  политики  и  морали».  –  Семей:  СГПИ, 

2007.–б.259–260. 

6.  Абдирайымова  Г.С.  Ценностные  ориентации  современной  молодежи  (социологиче-

ский анализ): монография. – Алматы, 2005. - 302 бет



28

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 378.22

Е.М. Садықов

Тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі, Қарабұлақ орта мектебі «Мектеп жасына 

дейінгі шағын орталығы» бар мемлекеттік мекемесі. Алматы облысы, Алакөл ауданы, 

Қарабұлақ ауылы

 

ТАРИХ ПӘНІНЕН БОЛАШАҚ МАМАН ИЕЛЕРІНІҢ

КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мақалада тарих пәнінен болашақ маман иелерінің кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыру 

мә се  ле лері қарастырылған. «Құзіреттілік» ұғымына түсініктеме келтірілген. Болашақ ма-

ман   ды білімді пассивті тұтынушыдан, мәселені қоя алатын, оны шешудің жолдарын тал-

дай алатын, тиімді нәтиже таба алатын және оның дұрыстығын дәлелдей алатын белсенді 

шы ғар машыл  тұлғаға  айналдыру  қажеттілігі  айтылады.  Мамандар  даярлаудағы  маңызды 

мін деттердің бірі – болашақ кәсіби қызметінде білімдерін табысты қолдану үшін білім алу-

шыларда өзін-өзі білімін жетілдіру дағдыларын және өз бетімен білімге ие болу қабі лет-

ті ліктерін дамыту және тудыру болып табылады. Бұл тек болашақ тарих маман ие лері не 

ғана қатысты емес, барлық мамандар өкілдері үшін маңызды. Студенттің өзіндік жұмысы 

– болашақ маманның кәсіптік құзіреттілігін қалыптастыратын бірден бір құрал болып табы-

ла тын дығы ұсынылады. 



Түйін  сөздер:  кәсіптік  құзіреттілік,  құзіреттер,  біліктілік,  болашақ  тарих  маманы, 

бәсе кеге қабілеттілік, студенттің өзіндік жұмысы.

В статье рассмотрены проблемы формирования профессиональной компетентности бу-

ду  щего специалиста по истории. Приведены определения понятия «компетентность». В ста-

тье предлагается о необходимости перевести студента из пассивного потребителя знаний в 

активного его творца, умеющего сформулировать проблему, проанализировать пути ее ре-

ше ния, найти оптимальный результат и доказать его правильность. Подготовка высокок ва-

ли фицированных кадров является главным условием повышения конкурентоспособности 

Казахста на. Самостоятельная работа студента как средство формирования профессиональ-

ной компетенции будущего педагога. 

Ключевые  слова:  профессиональная  компетентность,  компетенция,  квалификация, 

будущий специалист по истории, конкурентоспособность, самостоятельная работа сту­

дента.

In the article problems of formation of professional competence of future teachers. Concept of 

the “competence” definitions are given. In article it is offered about need to transfer the student 

from the passive consumer of knowledge to his active creator, able to formulate a problem, to anal-

yse ways of its decision, to find optimum result and to prove its correctness. Preparation of highly 

qualified personnel is the main condition of increase of competitiveness of Kazakhstan. Indepen-

dent work of the student as means of formation of professional competence of future teachers.

Keywords: professional competence, competence, qualification, a specialist on the history of, 

competitiveness, independent work of the student.

Бүгінгі білім беру жүйесін жаңғырту жағ  -

дайын да  тарих  пәні  мұғалімдерінің  кә  сіби 

құзы  реттілігін  арттыру  өзекті  мәселелердің 

бірі.  Қазіргі  мектепті  жаңғырту  аясындағы 

та рих  пәні  мұға лім дері нің  қызметі  оның 

кәсі би шеберлігіне, білім ділігіне, мәдениет-


29

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

ті л  ігіне байланысты. Сон дық тан, тарих пәні 

мұға    лімдерінің кәсіби құзыре ттілігі жоғары 

бол   маса, олар тәрбие леп отырған жас ұр пақ-

тың да тарихи таны мы ның арта түсуі де екі 

талай. 


Ал  ертеңгі  мектеп  мұғалімдері  –  бүгінгі 

педа    го  гикалық  ЖОО-да  білім  алып  жат қан 

бола   шақ педагогтар. Демек, білім нің алтын 

кеңіші – жалпы білім беретін орта мек тепте 

бері  летін  білім  сапасы  –  тікелей  педа гоги-

ка  лық  оқу  орындарына  байла  нысты.  Сол 

себеп ті де, қоғамның жоғары педаго гикалық 

білім ді мамандарға қоя тын талаптары қазіргі 

таң  да күрделене түсуде. Жаңа қоғам мұға лі-

мі – ол рухани адамгершілігі жоғары, аза мат-

тық жауап кершілігі мол, белсенді, жасам паз, 

жан-жақты білімді, кәсіби құзіретті, өз тео-

рия  лық  білімін  практикада  әр  түрлі  педа-

го  ги калық  технологиялармен  жүзеге  асыра 

ала  тын өз  кәсібінің шебері бола білуі қажет. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» 

Стра тегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 

сая си бағыты» атты Жолдауында «Білім және 

кәсіби  машық  –  заманауи  білім  беру  жүйе-

сі нің,  кадр  даярлау  мен  қайта  даярлаудың 

негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған 

мем лекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары 

ел ге  айналуымыз  керек.  Барлық  жеткіншек 

ұр  пақтың  функционалдық  сауаттылығына 

да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті 

[1]. 


Қазіргі  таңда  Елбасы  жолдауында  атап 

көр     сетілгендей,  білім  берудің  мазмұнын 

жетіл     діре отырып, үздіксіз білім беру арқылы 

бола   шақ мамандарды кәсіби тұрғыдан жан-

жақ  ты жетілдіру мәселесі мемлекет тара пы-

нан қолға алынып,  болашақта атқа ры латын 

іс  тер  жоспарына  енгізіліп,  күн  тәр ті бі не 

қойы  лып отыр. Себебі, жоғары білікті кадр -

лар ды даярлау – Қазақстанның бәсекеге қа-

біл е т   тілігінің жоғарылауының басты шар ты 

болып табылады.

Бұл  мақсатты  жүзеге  асыруда  еліміздегі 

бі лім  беру  саласының  бағыт-бағдарын  ай-

қын   дайтын  Білім  беруді  дамытудың  2011-

2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағ-

дар    ламасы  қабылданғаны  бәрімізге  белгілі. 

Бұл мем лекеттік бағдарламасының мақсаты 

«Эко но миканың орнықты дамуы үшін сапа-

лы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету 

ар қы  лы  адами  капиталды  дамыту,  білім нің 

бәсе кеге  қабілеттілігін  арттыру»  [2].  Бұдан 

біз бәсекеге қабілетті ел болудың негіз гі та-

лап   т арының бірі білімді, өз ісінде құзі ретті, 

бә се кеге қабілетті және білікті адам капи  та-

лы  на ие болу екендігіне көз жет кіземіз. 

Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  білім  пара-

диг  масы білім, білік, дағды жиынтығын то-

лық  меңгерген,  қоғам  өміріне  белсене  ара-

ла сатын,  шығармашылықпен  ойлайтын, 

өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты 

із  деп,  талдайтын  және  оны  дамытуға  қабі-

лет  ті, кәсіби құзыретті, функционалды сау-

ат   ты  жеке тұлғаны қалыптастыруға ба ғы т-

талған.


Мемлекетіміздің тек саясат пен экономи-

ка емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар 

ау да руы еліміздің болашағы жайындағы ке-

мел  ойлардан  туындап  отырғаны  түсінікті. 

Өйт  кені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, 

адам  екені  белгілі.  Қай  қоғамда  болмасын 

ше  шу ші  фактор  –  адам  және  жеке  тұлға 

(адам капиталы) болып қала бермек.

Еліміздегі 

әлеу меттік-экономикалық 

және са я    си өз   герістер, Республика ның әлем-

дік  дең г ейде  білім  беру  жүйесіне  жету  де 

жа   с а   ған қадам дары осы кезге дейін пе да   го-

ги ка  теория сы  мен  практикасында  бекі тіл-

ген  білім беру парадигмаларын, жүйе лерін, 

әдіс    терін,  формаларын  жетіл  діру  тала  бын 

қой  ды. Білім берудегі жаңа басым дық тар  із -

гі ліктік педагогика, студенттердің тұлға лық 

әлеуе тін  анық тау  және  дамыту,  әлеу мет тік 

үдеріс тер мен тұлғааралық қарым-қаты нас   -

тарды ұйым дас ты рудың ерек ше фор ма сы ре-

тінде танылат ын оқыту үдері сі нің тиімділі -

гін арттыру болып отыр.

Тәуелсіз мемлекетімізде өз кәсібін терең 

түсіне білетін, білімі мен іскерлігін жан-жақ-

ты қолдана білетін, өзгермелі әлеуметтік және 

эконо  микалық жағдайда өмір сүруге дайын 

ғана  емес,  айналасындағы  шынайы  өмірге 

бел сен  ді  қатыса  отырып,  оны  жақсартуға 

ықпал  ете  алатын,  бәсекеге  қабілетті  жеке 



30

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

тұл ғаны  қалыптастыратын  жаңа  формация 

маман  дарды даярлау қажеттігі туындауда.

Педагогикалық білім беру жүйе сінде гі  бі-

лім бе ру мен тәрбие жұмыс тары ның  талапқа 

сай жетілдірілуі студент тердің бо ла   шақ кә сі-

би құзіретті маман болып қалып  тасуына зор 

ық пал етеді.

Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы жо-

ға  ры оқу орындарының білім жүйесінде бә-

се   кеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, 

ал ды  мен маманның кәсіби құзіреттілігін қа-

лып   тастыру  керек  деген    әр  түрлі  пікірлер 

жиі айтылуда.

Демек, тарих пәнінен болашақ педагогтық 

құзі ретті  маман  осы  ақпараттық  қоғамнан 

қа  лыс пай, жедел ойлаушы, жедел шешім қа-

был  даушы, ерекше ұйымдастырушылық қа-

білетті,  нақты  бағыт-бағдар  беруші  болып 

шы ғуы – бұл қазіргі заманның талабы.

Құзіреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің 

өзі  болашақ  маманның  педагогтық  кәсібін 

–  қазіргі  студенттердің  шығармашылық  қа-

бі  лет  терін  дамыта  отырып  ойлаудың,  ин-

тел  лектуалдық  белсенділіктің  жоғары  дең-

гейі не шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің 

же ті спеушілігін  сезінуге  үйрету  арқылы  із-

де  нуге  бағыт тауды қалыптастырудағы кү ті-

ле  тін нәтижелер болып табылмақ.

Сонымен, құзіреттер деп – оқытудың және 

өз дігінен  білім  алудың  нәтижесінде  қалып-

та сатын және адамның әлеуметтік ұт қыр  лы-

ғын анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құн-

ды  лықтар  мен  бейімділіктерге  негіз дел ген 

жал  пы қабілеттерді айтады. 

Атақты  педагог-психолог,  ғалымдардың 

пі кірі  бойынша  еңбек  нарығында  бәсекеге 

қа бі летті, кәсіби оңтайлы  маманның бойын-

да төмен дегідей құзіреттіліктер қалыптасуы 

қа жет:


•  бағдарлы  құзіреттілік  (азаматтық  бел-

сенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, 

ел жандылық, т.б);

• мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлт-

тық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының 

мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін 

салыстыру, саралай білу қабілеті);

• оқу-танымдық құзіреттілік (өзінің білім-

ді лік  қабілетін  ұйымдастыра  білу,  жоспар-

лай  білу,  ізденушілік-зерттеушілік  әрекет 

дағ  дыларын  игеру,  талдау,  қорытынды  жа-

сай білу);

• коммуникативтік құзіреттілік (адамдар-

мен  өзара  қарым-қатынас  тәсілдерін  білу, 

мем лекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халық-

ара лық  қатынаста  шетел  тілінде  қатынас 

дағ дылары болуы);

•  ақпараттық-технологиялық  құзіреттілік 

(ақ параттық технологиялармен, техникалық 

обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бе-

тін ше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте 

білу ді жүзеге асыра білу қабілеті);

• әлеуметтік-еңбек құзіреттілігі (әлеу мет-

тік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, 

шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағ дай-

лар да  жеке  басына  және  қоғам  мүддесіне 

сәй кес ықпал ете білу қабілеті);

•  тұлғалық  өзін-өзі  дамыту  құзіреттілігі 

(от басылық еңбек, экономикалық және саяси 

қоғам дық қатынастар саласындағы белсенді 

білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті) [3].

Сондай-ақ, құзіреттер – білімнің, іскер  лік-

тің және дағдылардың әртүрлі эле мент терін 

бел гілі  бір  жағдайда  адамның  өз  бетімен 

қол дану  қабілеттіліктерін  сипаттайды  және 

ин те грацияланған ұғым болып табылады.  

Құзіреттілік – 1) білімі мен дағдысы арқы-

лы  мәселені  өз  бетінше  шеше  алуға  мүм-

кіндігі бар жеке тұлға; 2) теориялық, таным-

дық  және  тәжірибелік  іскерлігін  меңгеру 

дә ре жесін  анықтайтын  тұлғаның  білімділік 

дең гейі [4].

Яғни,  құзіреттілік  дегеніміз  –  болашақ 

қыз метті кәсіби орындау үшін қажетті білім-

дер ді, тәжірибелерді және іскерліктерді мең-

ге ру екен.

Жоғарыдағы ойларды тұжырымдай келе, 

та рих пәнінен болашақ маман иесіне кәсіби 

құ зіреттілікті тиімді қалыптастыру үшін, ең 

алдымен студенттерді өз бетімен жұмыс жа-

сау ға,  сонымен  қатар,  ақпараттың  әртүрлі 

көз дерінен  білім  алуға,  жинақтауға  үйрету 

қа  жет тігін айтсақ болады. Маманның кәсіби 

құзі реттілігін  қалыптастырудың  мақ сат-

та  рын  табысты  іске  асыру  үшін,  оны  білім 

алу ға,  іскерлікке  үйрету  біруақытта  кәсіби 

қыз метке  қажетті  оқытылатын  пәндердің 

мағы насын танытуы, сондай-ақ, дүние тану-



31

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

ды, мотивациялық сфераны, творчестволық 

по тен циалды  және  жеке  бастың  басқа  да 

қасиет терін  дамытуды  қамтамасыз  етуі 

қажет.

Жоғары  педагогикалық  оқу  орнында 



оқы тылатын кез келген оқу пәні маманның 

бола шақ  кәсіби  қызметінің  контекстінде 

оқытылуы  қажет,  ал,  пәндердің  мазмұны  – 

ма манның  бейініне  байланысты  өзгертілуі 

қажет.  Сондықтан  да,  сабақтардың  өтілуі 

кезін де  қолданылатын,  соның  ішінде,  сту-

дент тің оқытушымен өткізілетін өзіндік жұ-

мы  сы кезіндегі материал болашақ маман дар -

дың  кәсіби  қажеттілігіне  жауап  беруі  тиіс, 

кәсібімен байланысқан практикалық маңыз-

ды лығы болуы қажет.

Педагогикалық  жоғары  білім  берудің 

негіз гі  міндеті  –  өзін-өзі  дамытуға,  өзінің 

білі мін  жетілдіруге  және  инновациялық 

қыз метке  қабілетті  (білім  беру  үрдісінде 

дәс түрлі  әдіспен  шектеліп  қалмай,  түрлі 

тиімді  инновациялық  технологияларды 

пай  далана  алуы),  маманның  шығармашыл 

тұл  ғасын  қалыптастыру  болып  табылады. 

Бұл  міндет  оқытушыдан  болашақ  маманға 

білімді тек ғана дайын түрде беру жолымен 

ғана шешілмейді. Болашақ маманды білімді 

пас сивті  тұтынушыдан,  мәселені  қоя  ала-

тын,  оны  шешудің  жолдарын  талдай  ала-

тын, тиімді нәтиже таба алатын және оның 

дұрыс тығын дәлелдей алатын белсенді шы-

ғар  машыл тұлғаға айналдыру қажет.

Ал, оқытушының міндеті – болашақ жо-

ға

  

ры білікті маман ретінде студенттің жақ сы 



жақ тарын көру және дамыту болып табы ла-

ды.  Білім  технологиясын  жүзеге  асырудың 

ше шуші  факторы  әрі  кілті  –  жоғары  педа-

го гикалық  білім  ордасында  дәріс  беретін 

оқы тушылардың  біліктілік  деңгейі  болып 

та бы лады.  Оқытушының  педагогикалық 

құ   зі реттілігі  деп  –  педагогикалық  қызметті 

жү  зеге  асырудағы  теориялық  және  прак ти-

ка  лық  дайындықтың  бірлігін  айтады.Осы-

ның барлығы болашақ маманда кәсіби құ з  -

і  реттілікті қалыптастыруға мүмкіндік ту ғы-

за  ды.


Қорытындылай  келе,  қоғам  дамуының 

ең  басты  шарты  –  білімді,  шығармашыл, 

құзі ретті  тұлға  тәрбиелеу  болып  табыла-

ды.  Халықаралық  сапаға  сай,  бүгінгі  білім 

кеңіс тігінің  талаптарына  жауап  беретін,  өз 

саласының  өте  білікті  маманы  болып  шы-

ғатын кәсіби деңгейі жоғары, күрделі өн ді-

рі с тік  мәселелерді  шеше  алатын  кәсіби  құ-

зіретті маман дайындау – сапалы білім дең-

гейі не  көтерілудің  кепілі  болып  табылады. 

Білімді,  интеллектуалды,  құзіретті  маман  – 

елі міздің басты байлығы.  

Бүгінгі педагог Тәуелсіз Қазақстанның бі-

лім жүйесін әлемдік деңгейге бағыттау мақ-

са ты туындап жатқан қазіргі таңда педагогтік 

ма ман дыққа  қойылатын  талаптарға  жауап 

бере алатын, білім мен іс-әрекетін ұйым дас-

ты ру іскерлігінің жоғары деңгейіне ие маман 

бо луы тиіс. Сонда ғана сындарлы ойлайтын, 

өзін дік  ізденіс  пен  ақпаратты  терең  талдау 

ма  шығын  игерген  оқушы  тәрбиелеп  шыға 

ала ды.


Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Пірәлиев С. Ж., Нәрібаев К. Н., Жампеисова Қ.Қ., Қойгелдиев М. К
ins pedagogiki psih -> Бас редактор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а
ins pedagogiki psih -> БАҒдарламасы 5В010200 бопә мамандығының білім беру бағдарламасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет