Национальное воспитание



жүктеу 3.12 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата27.03.2017
өлшемі3.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ӘДЕБИЕТТЕР:

1.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  Страте-

гиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – 

Астана, 14 желтоқсан, 2012.

2.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.

3.  Сенкибаева  А.Т.  Мұғалімнің  кәсіби  құзырлылығын  дамыту//Білім  берудегі  менед-

жмент, №4,2009.



32

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

4.  Педагогика: қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік // Ғыл. жетекш. 

жасаған және жалпы ред. басқарған проф. Ш.К. Беркімбаева, проф. А.Қ. Құсайынов. – Ал-

маты: ROND&A баспасы, 2007. -248 б.



ӘОЖ 004.912

Е.Ә.Толқынов 

№26 орта мектептің физика және информатика пәнінің 1­санатты мұғалімі 

Алматы облысы, Іле ауданы, Н.Тілендиев ауылы

3D-МОДЕЛЬДЕУДЕ GOOGLE SKETCHUP ПРОГРАММАСЫН ҚОЛДАНУ 

ӘДІСТЕМЕСІ

Мақала  мазмұнында  ақпараттық  технология  барысындағы  3D-модельдеуде  Google 

Sketchup программасын қолданудың әдістемесі нақты мысалдармен жан-жақты ашылған.

Сондай-ақ, компьютерлік графика және оның түрлері жайлы түсінік берілген. «Модель», 

«Модельдеу», «Рәсімдеу», т.б. түсініктер мен Google Sketchup программасының мүмкін дік-

те рі туралы жзылған. 



Түйін  сөздер:  3D­модельдеу,  Google,  Sketchup  программасы,  оқыту  әдістемесі, 

ақпараттық технология.

В данной статье будет рассматриваться программа для создания 3D моделей, под назва-

нием Google SketchUp.

Так же дается представление о компьютерной графике и ее видах. Изучаются понятия 

«мо дель», «моделирование», «формализация» и другие. Рассказывается о программе Google 

SketchUp  и  ее  возможностях.  Знакомство  с  интерфейсом  программы  и  рассматриваются 

3D-примитивы.

Ключевые слова: 3D­моделирование,Google, программа Sketchup, методика преподава­

ния, информационные технологии.

This article will be considered a program for creating 3D models, called Google SketchUp.

Just it gives an idea of computer graphics and its forms. The concepts of «model», «simulation», 

«formalization»  and  others.  Google  SketchUp  is  told  about  the  program  and  its  possibilities. 

Introduction to the program interface and discusses 3D-primitives.

Keywords:  3D-modeling,  Google,  Sketchup  program,  teaching  methods,  and  information 

technology.

Информатика  пәні  оқушыларға  әлемдік 

ақ  па рат тық бейнені қалыптастыру мен ком-

пью терлік техниканы дамытудың теориялық 

не  гі зі  болып  табылады.  Ақпараттық  техно-

ло гия  типтерінің  жедел  дамуына  және  қа-

зiр    гi  кездегi  орта  бiлiм  беру  жүйесiндегi 

ин  фор матика  пәнінің  рөлiнiң  артуына  бай-

ла нысты  елiмiздiң  информатика  пәні  мұға

-

лiм дерiнің  алдына  үлкен  мiндет  қойып 



отыр. Ол міндет оқушылардың білімін қаз ір-

гі ақпараттық қоғамның негiзгi талапта рын 

қанағаттандыратындай деңгейге жет кi зу мен 

тікелей байланысты. Сол себепті де мек теп

 -

т егі информатика пәнін оқытудың тың әдіс-



те ме сін  үнемі  жетілдіріп  отыру  қажет  деп 

санаймыз.



33

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

Ақпараттық  технология  жетістіктерін 

ин форматика пәні арқылы оқыту және мең-

гер ту заман талабынан туындап отырған мә-

селе. Ең соңғы технологиялардың же

 

тіс  тік-



те рін  қолдана  білу  қазіргі  заман  адамы ның 

жетістігі  деп  түсіну  керек.  Сондай  жетіс-

тік тердің  бірі  ретінде  –  3D-модельдеуді 

атауға болады. 3D түсінігі ағылшын тілінен 

«3  Dimensions»,  яғни  «үш  өлшем»  деген 

ұғымды береді. 3D-модельдеу – бұл кез кел-

ген объектінің үшөлшемді моделін құру про-

це сі. Негізгі міндеті – объектінің визуалді кө-

лем ді кескінін әзірлеу болып табы лады. Үш  

өлшемді  графиканың  көмегімен  қандай  бір 

заттың  көшірме  нұсқасын  айнытпай  са луға 

болады және табиғатта болмаған ны сан ның 

кескінін жасауға да мүмкіндік бар [1]. 

Осындай міндеттерді жүзеге асыру ба ры-

сында  10-сынып  оқушыларына  инфор мат-

ика пәнін оқытуда 3D-модельдеу тақы ры бы 

берілген.  Бұл  оқушылардың  көркемдік  ой-

лау  қабілеттерін  дамытуға  және  геомет рия, 

сызу,  технология  сияқты  пәндерді  те рең 

мең геруіне  себеп  бола  алады.  Бе рі л ген  3D- 

мо  дель деу тақырыбы бағыты дамытушылық 

бо лғандықтан, оқушыларға шығармашылық 

ер кіндік  бер ген  маңызды  деп  түсіну  қажет 

са н ай мын.  Бұл  тұрғыда  оқушылардың  та-

ным     дық  белсенділігін,  шығармашылық 

және ойлау қабілетін дамытуға, информа ти-

ка   ға  қызы ғушылығын  арттыруға,  ең  басты, 

осы  ғылым  негізімен  тікелей  байланысты 

ма   ман  дықтарды таңдауына негіз бола алады. 

Үшөлшемді  (3D-графика)  графиканың 

не   гізгі  міндеттерінің  бірі  –  жоспарланған 

объ е к тіні  толық  сипаттау  және  оны  кес кін -

де летін  бейненің  талаптарына  сай  гео ме т-

рия   лық  қайта  өңдеу  жолымен  орналастыру 

бо   лып табылады.

3D-модельдеуді  жүзеге  асыруға  бағыт-

тал ғ ан  бірнеше  программалар  бар.  Олар:  

PixologicZbrush, Autodesk Mudbox, Autodesk 

3D max, Rhinoceros 3D, Google SketchUp.

Мектептегі  информатика  пәнін  3D- мо-

дель  деу тақырыбын қамти отырып оқытуда 

Google SketchUp программасы тиімді әрі үй-

ре нуге жеңіл болғандықтан осы программа 

ар  қылы  3D-графиканы  және  модельдеуді 

меңгертуді назарға алған дұрыс. 

 


34

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

1-сурет. Google SketchUp программасының интерфейсі.

SketchUp – қарапайым үшөлшемді объек-

ті лер ді модельдеуге мүмкіндік беретін про-

грам ма.  Бұл  программа  үйренуге  жеңіл  әрі 

ың ғай лылығымен  және  қолжетімділігімен 

ерек шеленеді. 2006 жылдың наурыз айында 

«Last  Software»  фирмасымен  бірге  сатып 

алын ған болатын [2]. 

Қазіргі кезде программаның екі нұсқасы 

бар:  бірі  –  шектеулі  SketchUp  Make  функ-

ция ларымен  шыққан  коммерциялық  емес 

те гін  нұсқасы;  екіншісі  –  SketchUpPro  деп 

ата латын 590$ тұратын ақылы нұсқасы. 

Google SketchUp программасы үшөлшемді 

гра фиканы  моделдьдеуді  жаңа  бастаған 

және  оны  аз  білетін  қолданушыларға  өте 

ың  ғайлы.  Әр  түрлі  ғимараттарды,  архи тек-

ту ра лық  нысандарды,  интерьер  дизайнын 

әзір леуге  және  сыртқы  жарнама  үлгілерін 

модель деудге мүмкіндік береді.

3D-модельдеуде  қолдану  әдістемесі. 

Google SketchUp программасы арқылы үш өл-

шемді графиканы модельдеуде қолдануда ар-

найы білімді қажет етпейді.  Програм маның 

ерек  шелігі сонда. Мұнда тек әзірлеме нұсқа-

ның үшөлшемді графикасын Декарттық ко-

ор   дината  жүйесінің  заңдылығына  сәйкес 

тұр   ғыза білу керек. Яғни, белгіленген осьтер 

бо йын  ша геометриялық проекция принципі 

қа  таң сақталуы қажет. Мұндай ереже 3D- гра-

фи  каны  жасауға  арналған  барлық  про грам  -

ма  ларға тән. Алайда Google SketchUp про  г-

рам масында  бұл  түсініктерді  меңгеру  және 

қол  дану өте қарапайым жолмен іске аса ды. 

Мысал  үшін  3D-графика  тұрғызуға  ар нал-

ған кәсіби бағыттағы, атап айтқанда 3D max 

сияқ ты программаларда 3D-модельдеу про-

це сі күрделі деп есептесек, Google SketchUp 

про граммасында  құрал-жабдықтар  көме гі-

мен  3D-графиканы  модельдеу  тез  әрі  қара-

па йым болып орындалады.

 


35

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

 

2,3-суреттер. Google SketchUp көмегімен тұрғызылған 3D-графика модельдері.



Google  SketchUp-ты  үйрену  барасында 

жұ мыс  аймағына  программадағы  құрал-

жаб дықтардың анықтамалығы ретінде Оқу-

лық  (Учебник)  қосымшасын  (2.2-сурет) 

ор  на ластыру  арқылы  кез  келген  аспаптың 

ат  қаратын  міндеттері  мен  оны  қолдану 

жайын  да  толық  ақпарат  беріледі.  Осы  қо -

сымша арқылы 3D-графика тұрғызу ана ғұр-

лым  жеңілдейді.  Себебі,  модельдеу  ке зін де 

қан  дай  да  бір  аспаптың  атқаратын  қыз меті 

ту ралы және оның не үшін керектігі ту ра лы 

жыл дам  ақпарат  алуға  болады.  Бұл  өз  ке-

зе гінде  оқушыларға  графикамен  және  гра-

фикалық  бағдарламалармен  жұмыс  іс теу 

дағдыларын және іскерлік қабілетін да мы ту-

ға мүмкіндік туғызады.

 


36

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

4-сурет. «Оқулық» қосымшасы

Программаның  құрал-жабдықтар  тақ-

та   сында  бірнеше  аспаптар  орналасқан.  Ол 

аспаптардың  көмегімен  тұрғызылатын  объ-

ектіні редакциялауға, жан-жағынан қа рау ға, 

басқа  объектілермен  біріктіруге,  көркем-

деу ге және тағы да басқа амалдарды жүзеге 

асы руға болады.  

 

5-сурет. Құрал-жабдықтар тақтасы.



Мысалы,

(Окружность)  аспабының 

көмегімен 

жұмыс  аймағында  кез 

келген шеңбер пішінді тұйық геометриялық 

объект салып, оны  үшөлшемді түрге келтіру 

үшін  (Тяни/Толкай) 

құралын  қолдануға 

болады.  Осы  жағдайда  мынандай  модель 

алуға болады: 

6-сурет. Объектінің үшөлшемді моделі.

Осы тұрғызылған объектіні жан-жағынан 

қарау  үшін 

  (Орбита)  аспабының 

көмегіне жүгінуге болады.  

Программада үшөлшемді графикалармен 

жұмыс  істеу  кезінде  оның  мынандай 

мүмкіндіктерін де білген дұрыс: 

-  программа  интерфейсінің  қарапайым-

дылығы әрі түсініктілігі;

-  *.3ds,  *.dwg,  *.ddf;  *.jpg,  *.png,  *.bmp, 

*.psd.   сияқты  екіөлшемді  графикалық  про-

грам маларда  орындалған  форматтармен 

жұмыс жасауға мүмкіндік бар; 

-  қосымша  орнатылған  плагиндер  арқы-

лы *.mxs, *.atl, *.dae, *.b3d файлдарына экс-

порт  тауға болады; 

- *.jpg форматына жұмыс аймағының кес-

кі нін түсіру арқылы ауыстыруға болады; 

-  ком поненттер  библиотекасы  (ағаш, 

жи һаз,  адамдар,  көліктер,  т.б.),    түрлі 

материалдар мен стильдер қоры

- уақыт мезгілдеріне және ұзындығы мен 

ен дігіне  байланысты  объектілерге  көлеңке 

беру мүмкіндігі қарастырылған; 

- қандай да бір қайталанатын әрекеттердің 

ма кростарын құру мүмкіндігі; 

- Googleжазбаларында онлайн-коллекция 

ретінде жұмыстарды орналастыруға болады; 

- Google Планета Земля программасымен 

толық интеграция (виртуалды глобус) [2]. 

Қорытындылай келе, қазіргі кездегі адам -

заттың  қолданысындағы  барлық  салалар-

да нақты және виртуалды әлемнің бейнесін 

жасау  және  оны  қандай  бір  құралдардың 

кө  ме гімен  орындау  арқылы  жеткізу  про-

цесі  күннен-күнге  даму  жағдайында,  кең 

тара  лып  отырған  компьютерлік  модель-

деу дің,  оның  ішінде  3D-графика  арқылы 


37

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

модель деуді  әр  оқушының  меңгеруі  аса 

ма ңызды.  Себебі,  қоғамның  қай  саласын 

алсақ та, компьютерлік модельдеусіз еш қан-

дай  жұмыстың  маңыздылығы  байқала  қой-

майды.  Сондықтан  да,  3D-модельдеу  мәсе-

ле сін  үйреніп,  жұмыс  барысында  қолдану 

қа жеттіліген  айналдыру  бүгінгі  күнде  ең 

өзек ті әрі тың болып табылады. 

Үшөлшемді  модельдеу  және  үшөлшем-

ді анима ция қолданысы уақыт өткен сайын 

мобильді түрде дамуда. Оған дәлел ре тін де 

қазіргі кездегі түрлі фантастикалық эф фек ті-

лер мен анимациялар арқылы жасалып жат-

қан жұмыстарды айтуға болады. 

Осындай жұмыстарды жасай алатын ма  -

ман   дар  бүгінгі  мектеп  қабырғасында  білім 

алып  жатқан  шәкірттер  екенінде  дау  жоқ. 

Олардың  ақпараттық  технлогия  дәуі рін де 

білім алуы түрлі технология лар мен құрыл-

ғы ларға  деген  ерекше  қызы ғу шылық та-

рын  арттыруда.  Мектептегі  информати ка 

пәніне  3D-модельдеу  тақырыбы  дер  ша  -

ғында  енгізіліп  отыр.  3D-модельдеуді  оқы  -

туға арналған программалар өте көп. Соның 

ішінде  осы  жұмыста  айтылған  Google 

SketchUp  программасы  оқушыларға  үй ре-

нуге жеңіл әрі ыңғайлы. Программа ин  тер-

фейсінің қарапайымдылығы әрі түсі нік тілігі 

ондағы  жұмыс  көлемінің  артуына  толық 

мүмкіндік  береді.  Себебі,  про грам ма да  бір 

рет  жұмыс  жасау  арқылы  оның  бір қа  тар 

функцияларын  тез  меңгеріп  алу ға  бола ды. 

Кеңістікте  проекциялау,  бір  объектіні  түр-

лендіру  арқылы  басқа  объектіге  айналды ру 

сияқты  қызықты  жұмыстарды  жүргізу  ар-

қы лы  оқушылар  бұл  программаны  жылдам 

мең геріп ала алады. 

Google  SketchUp  программасын  терең 

мең герту  арқылы  оқушылардың  шығар ма-

шылық  қабілеттерінің  артуына,  ақпарат тық 

технологиялармен  жұмыс  жасау  машық-

та рын  қалыптастыруға  және  келешектегі 

маман дықтарын 

таңдауларына 

толық 


мүмкіндік бар.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Wikipedia материалдары

2 Меженин А.В. «Технологии 3d моделирования для создания образовательных ресур-

сов». Учебное пособие. – СПб., 2008.



38

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 00.009

А.С.Жанбатыр 

Әл ­ Фараби атындағы ҚазҰУ,

Дінтану жән мәдениет кафедрасының

1­курс PhD докторанты

ТІЛ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ СӘЙКЕСТІК

(Г.ШЛЕЕ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ)

Мақалада профессор Гюнтер Шлеенің (Германия) Африка және басқа елдерде жүргізген 

дала лық  зерттеулерінің  нәтижесінде  тіл  және  этникалық  сәйкестік  мәселеріне  қатысты 

пікірлері келтіріледі. Зерттеуші ретінде ғалым Сомали, Камерун, Судан, Бенин елдеріндегі 

қақтығыстардың  арасында  жүріп,  тілдік,  діни,  нәсілдік,  рулық,  тайпалық,  этникалық 

айырмашылықтарды  талдап  қарастырған.  Г.Шлее  пікірінше,  тілдік  және  этникалық 

сәйкестіктер  әлеуметтік  ұйымдасудың  фундаментальді  сипаттамасы  болып  табылмайды. 

Мәдени  айырмашылықтар  бар,  бірақ  адамдар  көбіне  ол  шекаралардың  шеңберінде  қала 

бермейді немесе олардың іс-әрекетінде одан да күрделі көрсеткіштер тоғысады.

Түйін сөздер: 

тіл, этникалықтық, сәйкестік, мәдениет, ұлт

 

В статье рассматривается позиция по вопросам языка и этнической идентичности про-



фессора Гюнтера Шлее (Германия), которые он применил на основе полевых исследований 

в Африке и в других странах. Ученый изучал языковые,религиозные,расовые,родоплеменн

ые,этнические различия и особенности, непосредственно находясь в зонах конфликтов та-

ких стран, как Сомали, Камерун, Судан, Бенин. По мнению Г.Шлее, язык и этническая иден-

тичность не являются фундаментальными показателями социальной организации. Культур-

ные различия существуют,но люди очень часто пересекают эти границы или совмещают в 

себе гораздо более сложные характеристики.

Ключевые слова: язык, этничность, идентификация, культура, нация

The  article  deals  with  the  position  on  language  and  ethnic  identification  Professor  Gunther 

Schlee (Germany), which he used on the basis of field studies in Africa and in other countries. 

Scientist studied linguistic, religious, racial, tribal, ethnic differences and peculiarities, while di-

rectly in conflict areas in countries such as Somalia, Cameroon, Sudan, Benin. According G.Shlee, 

language and ethnic identity are not the fundamental characteristic of social organization. Cultural 

differences do exist, but people often cross the border, or combine a much more complex charac-

teristics.



Keywords: language, ethnicity, identification, culture,nation

Профессор Гюнтер Шлее (Gunther Schlee) 

Германия ның  Халле  қаласында  орналасқан 

Макс Планк атындағы әлеуметтік антро поло-

гия  Институтының  директоры,  әлеуметтік-

мәде ни  антрополог,  Африкадағы  этникалық 

қақ тығыстарды  зерттеуші  танымал  маман. 

Әлем нің көптеген елдерінде далалық зерт теу-

лер жүр гізу бойынша тәжиребесі мол ғалым. 

Г.Шлеенің пікірінше, этникалық сәйкестік 

де ген іміз  ұжымдық  сәйкестіктің  формасы 

бо ла тұрып, діни аффилиация, линидж, кла-

н ның және таптың мүшесі болу сияқты фе-

но  мендер  тобына  жатады.  Этникалықтық 

мә де ни  конструкт  болып  табылады  және 

оны  құрау  материалдары  да  мәдениетке 

жатады. [1]


39

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ

Тіл  және этникалық сәйкестік құбылы сы-

на Г.Шлеенің көзқарастары бұрынғы кеңес-

тік  немесе  қазіргі  ресейлік  ғылыми  ортада 

қалып тасқан  ұстанымдардан  анағұрлым 

ерек шеленеді. 

Тіл және этникалықтық мәселесін қарас-

ты ру барысында тілдің мәдени критерийлер 

ара сында  әдетте  (бірақ,  әрқашан  емес)  өте 

жоғары  бағаланатынын  және  этни ка лық 

шекаралардың  маркері  ретінде  пайдалана-

ты нын айта кетуіміз керек.

Егер  тіл  этникалық  шекараның  алғаш-

қы  мар кері  ретінде  пайдаланылса,  этника-

лық және тілдік бірліктер көбінесе бір-бірі-

мен үйлеседі (Barth 1969). Екінші жағынан, 

Европа  тарихында  мектеп  жүйесінде  және 

басқару  құралы  ретінде  көпшіліктің  тілі-

не  ерекше  басымдық  беріліп,  тілдік  аз шы -

лықтарға ұлттық тілдер немесе ерек ше ста-

тусы бар аймақтық тілдер жүктел ге нін біле-

міз  (Gellner  1981).  Тілдік  қауым дас тық тар 

мен  этникалық  бірліктер/ұлттардың  сәй кес 

ту ра  келуі  мемлекетаралық  деңгейде  тіл дік 

аре алдар  бойынша  саяси  шекараларды  ке-

сіп-пішу  есебінен,  ал  мемлекетішілік  дең-

гей  де  тілдік  саясатты  қолдану  аясын  жаңа 

ше ка  ра ларға  кеңейту  есебінен  жүргізілді. 

Осын  дай үдерістер әлем бойынша қаншама 

уа қыт  жүріп  жатса  да,  тек  аздаған  ұлттар 

ғана  тілдік  біртектілікке  қол  жеткізді 

(Ra`anan 1989). 

Кейбір жағдайларда этникалық және тіл-

дік  топтардың  атауы  сәйкес  келіп  жатса, 

кей де  басқа  критерийлер  көмегімен  жақсы 

анық талатын,  тілге  ешқандай  қатысы  жоқ 

этни калық  бірліктер  табылады.  Мысалы, 

солтүстік-шығыс Африкалық гарре тайпасы 

өздері нің генеалогиясы мен кландық ұйым-

да суы,  көшпелі  мәдениеті  бойынша  бір 

этни калық  топқа  жатады,  алайда  олар  төрт 

тіл дік қластерге бөлінген. Біреулері - оромо 

диа лек  тісінде,  екіншілері  -  af  rahanweyn, 

үшін  шілері – af garreh kofar, ал төртіншілері 

– сомали тілінде сөйлейді. [1]

Этносқа  қатыстылық  пен  бірлік  сезі мі-

не  негіз  болатындай  саяси,  мәдени,  эко но  -

микалық  элементтер  жеткілікті  болса,  бұн-

дай  этникалық  қауымдастықтар  тілдік  көп-

түр лілікті көтере алады. Егер ондай негіздер 

бол маса,  ешқандай  тілдік  біртектілік  ажы­

рау дан  сақтап  қала  алмайды.  Кезінде  бір-

тұтас болып есептелген бір тілдің өзі сая си 

жағдайларға  байланысты  бөлініп  ажы рап 

кетуі  мүмкін.  Сербхорват  тілінің  серб,  хор­



ват,  босниялық  болып  бөлінуін  осындай 

жағ дайға  мысал  ретінде  келтіруге  болады. 

Руандада  хутулар олармен бір - банту тілін-

де сөйлейтін тутсилерді қырып жойды.[1]

Ұлт және ұлттық тіл, олардың арасын да-

ғы  тығыз  байланыс  мәселесі,  тіпті  Европа 

үшін  өмірге  жақында  келген  саяси  идео ло-

гия жетістігі. Бастапқыда «ана тілі» ұғымы 

(Muttersprache)  басқару  және  оқыту  тілі, 

яғни латын тіліне қарағанда анасынан неме-

се  күтуші  әйелден  үйренген  тілге  қа тысты 

қолданылды  (Ahizweig  1994).  Роман тизм 

және кейінірек пайда болған тілдік ұлт шыл-

дық арқылы бұл термин саяси сипаттар ала 

бастады.  Қазіргі  Европаның  ұлттық  мем-

ле  кет  тері  өздерінің  қалыптасу  кездерінде 

тілдер  дің  таралу  картасына  аз  көңіл  бөлді. 

Мысалы, неміс, орыс не басқа ұлт өкілдері 

кезін де  француз  тілінде  сөйлеуді  мақтан 

тұтты. Мемлекеттердің этникалық сипат ала 

бастауы,  олардың  «мәдениеттенуі»,  бел гілі 

бір  тілге  байлана  бастауы  Европада  біртін-

деп жүзеге асты.

Тілдік  ұлтшылдық  нақты  тіл  және  сол 

тіл де сөйлейтіндердің әртүрлі мәдени аспек-

тіл ері  арасындағы  романтикалық  байланыс 

бар екенін меңзейді. Біздің сөйлейтін тілі міз 

біздің ойлауымызға әсер етеді деп есеп телі-

н еді, сонысымен тілге терең мәдени мағы на 

беріледі  және  тіл  тек  қана  әртүрлі  мәде ни/

этникалық  бірліктер  шекарасын  айқын-

дайтын маркер деген қарапайым түсінік тер-

ден ал шақтайды. 

Этникалық  сәйкестік  пен  тілді  таңдауды 

ген

   


дер және жас шамалары сияқты әлеу мет-

тік сәйкестік өлшемдерінен бөлек қарас ты-

ру ға болмайды. Мысалы, саны аз халық тар 

өкіл дері  жастары  ұлғайған  шақта  өзі нің 

ба ла  кезінде  сөйлеген  тіліне  қайта  ора луы 

мүмкін.  Тілдер  арасында  бұрындары  бол-



40

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ған  бай ланыстар,  этникалық  сәйкестікте 

көрі ніс  табатын  сөйлеуші  мен  мәдени  құн-

дылықтар  байланысы,  әсіресе,  кірме  сөз-

дер де  бейнеленеді.  Өте  белсенді  тілдік 

қаты настарда  кірме  сөздер  лексикамен 

шек телмей,  аздаған  не  едәуір  құрылымдық 

кірме лер пайда болады (Thomason, Kaufman 

1988).

Жазба тілі мен жазу жүйелерінде ауызекі 



тілге қарағанда киелі, қасиетті болып сана ла-

тын  этникалық  сәйкестіктің  рәмізі  іспеттес 

ба сым дықтар  күштірек.  Мысалы,  арамей 

тілін де  сөйлеген  христиандар  араб  тілінде 

жа    зып,  біраз  әдеби  шығармаларды  дүниеге 

кел  тірді,  сөйтіп  араб  тілінің  иеленушілері 

бол  ды,  дегенмен  өздерінің  сириялық  алфа-

ви тін  пайдаланды,  себебі  олар  араб  тілін 

Құран мен исламмен сәйкестендірді.

Жеке  адамның  сөйлеуі  мен  жеке  сөйлеу 

ак  тісі  аясындағы  тілдік  вариативтілік  тіл 

мен  этникалықтықтың  көптеген  аспек-

ті  лерін  ашып  бере  алады.  Сөйлеуші  бір 

тілден басқа тілге көшуі және сол тілдер дің 

біршама  стандартталған  түрлерін  пайда ла-

нуы мүмкін. Полиглоттар немесе бір тіл дің 

бірнеше варианттарын білетіндер сәйкес тік-

ті таң дауда еркіндігі бар.

Г.Шлее  пікірінше,  тіл  және  этника-

лық тықты  зерттеуде,  көптілді  және  мәде-

ни  гетерогенді  ситуацияда  қандай  тіл дер/

этникалық  сәйкестіктер  қандай  функ ция-

лар да сақталатынын анықтау үшін келесідей 

шама ларды ескеру қажет:



Каталог: docs -> ins pedagogiki psih
ins pedagogiki psih -> Пірәлиев С. Ж., Нәрібаев К. Н., Жампеисова Қ.Қ., Қойгелдиев М. К
ins pedagogiki psih -> Бас редактор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
ins pedagogiki psih -> Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а
ins pedagogiki psih -> БАҒдарламасы 5В010200 бопә мамандығының білім беру бағдарламасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет