Национальной академии наук республики казахстан



жүктеу 4.83 Mb.
Pdf просмотр
бет3/26
Дата06.03.2017
өлшемі4.83 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Резюме 
 
Мақалада  меншік  қатынастарын  корпорациялаудың  концептуалдық  негіздері  ұсынылған, «корпорация»  түсінігінің 
мəні, негізгі мақсаты мен атқару қызметі анықталған жəне ашып көрсетілген. Қазақстан Республикасында корпоративтік 
құрылымдардың пайда болуы жəне дамуы көрсетіледі.  
 
Summary 
 
The article dedicated to elaboration of the conceptual bases for corporatizing of property relations.  The essence of definition  
«corporation»  is disclosed and its main objective and functions exactly described.  The process of foundation and development of 
corporative structures in the Republic of Kazakhstan is shown. 
 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
16  
ƏОЖ 330.08 
 
А.Н. ДОҒАЛОВ, Н.С. ДОСМАҒАНБЕТОВ 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Астана қаласы 
 
«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ОҒЫЗ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ (IX-XIII ғғ.) 
ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАЙЛАСУЫНЫҢ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аннотация 
 
Мақалада «Қорқыт Ата кітабы» атты эпостық жыр туындысында ерте орта ғасырларда қазіргі Қазақстан 
территориясын  мекендеген  жəне  шаруашылықтың  негізгі  түрлерімен  айналысқан  түркі  тілдес 
мемлекеттердің  сол  кездегі  аса  қуатты  тайпаларының  бірі  болып  саналған  оғыздар  қоғамының  əлеуметтік-
экономикалық даму жағдайлары жан-жақты қарастырылған. 
 
Кілт сөздер: Қорқыт Ата, тыс оғыздар, іш оғыздар, ортағасырлық эпос, мол ақша, корпоративтік қауым, 
егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, байлық. 
Ключевые слова: Коркыт Ата, внешние огузы, внутренние огузы, средневековый эпос, большие деньги, 
корпоративное общество, земледельческое хозяйство, животноводческое хозяйство, богатство.        
Keywords: Korkyt Ata, external ogyz, medieval epic, much money, corporate community, crop, animal 
husbandry, wealth. 
 
«Оғыз» тайпаларының ежелгі түркі тілінде жазған «Қорқыт
1
 Ата кітабы» туындысы («Китаби дэ-
дэм  Коркут»)  түркі  тілдес  халықтардың  ортағасырлық  эпосының  жалғыз  ғана  жазба  мəдениетін 
сипаттайды. Бұл тарихи жəне əдеби ескерткіш ұзақ уақыт бойы тек Дрезден кітапханасының (1585 ж.) 
қолжазбаларында  ғана  белгілі  болған. 1950 жылы  Ватикан  кітапханасында  аталған  тамаша  тарихи 
эпостың (1549-1550 жж.)  басқа  бір  қолжазбасы  аса  нақты  өңделген  жəне  толықтырылған  түрінде 
табылып,  тарихшылар,  филологтар,  лингвистердің  бұдан  бұрынғы  зерттеулерінде  орын  алған  əртүрлі 
күмəнді көзқарастардың бірқатар жерлерін нақтылауға өз септігін тигізді.     
Еуропада  «Қорқыт  Ата  кітабы»  бастапқыда  орыс  жəне  итальян  тілдеріне  аударылған  нұсқалары 
пайда болды жəне тек 1958 жылы ғана оның неміс тіліндегі толық аудармасы аяқталды. Сол жылы 
түрік  зерттеушісі  Мухаррем  Эргина  өзінің  ғылыми  еңбегін  жариялады,  онда  Дрезден  жəне  Ватикан 
кітапханаларының қолжазбаларын кіргізген, яғни ондағы барлық мəтінінің транскрипциясы түріктің 
латындық əліппесінде беріледі жəне алдыңғы жиналған деректердің барлығы көрсетіледі.                      
Ежелгі  түрік  əдебиетінің  ескерткіштерін  игеруде  Орталық  Азияда,  Кавказда,  Қазақстанда, 
Татарстанда,  Башқұртстанда  жəне  басқа  да  елдерде  өмір  сүріп  жатқан  түркі  тілдес  халықтарының 
қазіргі өкілдерінің оғыз эпосы бойынша ортаазиялық жаңа əрі жан-жақты зерттеулері аса маңызды 
үлес  болып  табылады.  Олардың  ізденіс  нəтижелері,  негізінен,  кеңестік  ғылыми  басылымдарда, 
сондай-ақ  тəуелсіздік  алған  қазіргі  посткеңестік  кеңістіктегі  түркі  тілдес  мемлекеттердің  (аса  бай, 
əрі  қызғылықты  жəне  өткенгі  трагедиялық  тарихы  бар)  ғылыми  əдебиеттерінде  жинақталып 
жарияланған болатын.  
Əртүрлі  елдердің,  ғылымдардың,  мектептердің  жəне  бағыттардың  шамамен  бір  жарым  ғасырға 
жуық  жүргізген  ғылыми  зерттеулерінің  нəтижелерін  талдау  негізінде  «Қорқыт  Ата  кітабы» 
туындысы туралы келесідей жалпы қорытындыларды жасауға болады.  
Біріншіден,  ол  өте  ұзақ  уақытты  жəне  ежелгі  түріктік  оғыз  тайпалары  тіршілігінің  ұлан-ғайыр 
аумақтарын қамтиды, шамамен V-VI ғасырларға сəйкес келеді.  
Екіншіден, ежелгі түріктік оғыздардың осы жазба эпосы халықтың ауызша шығармашылығының 
туындысы ретінде ұзақ тарихи кезең аралығында бірқатар ғасырлар бойы біздің түсінігімізге жетіп 
жазылғанға  дейін  ауызша-поэтикалық  нысанында,  сəйкесінше,  бірнеше  рет  шығармашылық 
өңдеуден аса қиын жəне ұзақ үдерістен өтті.  
Үшіншіден, Қорқыт Ата əңгімелерінің немесе өлеңдерінің циклі, көптеген ғалым-зерттеушілердің 
пікірінше, оғыз тайпаларында олардың ең көне тарихи Отаны – Ұлы далада қалыптаса бастады (бұл 
туралы  «Қам  Бурабекұлы  Бамсы  Бəрік  əңгімесінің  баяны»  атты  əңгімесінде  айтылады – «… Төле 
құстың  түлегі
2
,  Түркістанның  бағанасы …» жəне VII-ші  əңгімеде – «... біз  жарлының  үміті 
                                          
1
 Қорқыт – орыс тіліндегі Коркут сөзінің қазақша транскрипциясы. 
2
 Қыран құс, сұңқар. 

№4. 2013  
 
 
17 
Түркістанның  бағанасы,  Төле  құстың  түлегі,  Амид
3
  суының  арыстаны,  Қарашықтың  қабыланы, 
Қоңыр аттың иесі, қалың оғыздың дəулеттісі, бақытты хан») [383 жəне 404 б.]. Сондай-ақ Қорқыт Ата 
туралы  көптеген  тарихи  деректер  (мысалы,  Кітаптың  құрметті  авторының  мүрдесі  Қазақстан 
Республикасының  қазіргі  Қызылорда  облысының  аумағында  жерленген  болып  табылады)  жəне 
қазақтардың, өзбектердің, түрікмендердің жəне хакастардың қазіргі заманғы фольклорлық жазбалары 
осыны тікелей жəне жанама түрде айғақтайды.   
Сондықтан да, əртүрлі бағыттарда қаралған Қорқыт əңгімелерінің цикліндегі ғылыми ізденістер 5 
ғасырдан  астам  уақыт  аралығында  қазіргі  Қазақстан  аумағының  əртүрлі  аймақтарының  үлкен 
бөліктерінде  тіршілік  еткен  ежелгі  түркілердің  аса  қуатты  тайпаларының  бірі – оғыздардың 
əлеуметтік-экономикалық  жағдайларының  белгілі  бір  жақтарын  əр  қырынан  баяндайды,  тарихи 
дамуда  қалыптасқан  келеңсіз  жағдайлардың  орнын  толтыруға,  сонымен  қатар  біздің  еліміздің 
экономикалық  тарихында  жəне  қазақ  экономикалық  ой-пікірлерінің  тарихында  орын  алатын  аса 
маңызды ғылыми-зерттеулердің «ақтаңдақ» беттерін ашуға мүмкіндік береді.  
Жалпы алғанда, Қорқыт Ата кітабы ертеректегі ортағасырлық эпостық туынды ретінде кіріспеден 
жəне  он  екі  əңгімеден  (жырлардан)  құралады.  Алайда  əрбір  əңгіме  өзінің  төлтумалық  аяқталған 
өзіндік мазмұнға ие, олардағы баяндалатын қаһарман-кейіпкерлер өжет тайпаластар, түркілердің аса 
қуатты қанаттарының бірі ретінде саналатын оғыз жауынгерлердің ынтымақтастығы суреттеледі.   
Əңгімелердің  кейіпкерлері  белгілі  бір  əлеуметтік  иерархиясы,  табыстарға  салық  салу  жүйесі  мен 
əскери олжалары бар ертефеодалдық орталықтандырылған оғыз мемлекетінің эпостық басқарушысы, 
хандардың ханы саналатын Байындыр [360 б.] билігінің қол астына біріккен. Мəселен, үш əңгімесінде 
(III, VII, IX) қарсыластарды жою кезінде əскери жорықтардан түскен олжаның бестен бір бөлігі оғыз 
мемлекетінің  бас  ханы  Байындырге  тиесілі  болған [385, 406, 416 б.].  Ал алынған байлықтың  негізгі 
бөлігі бектер арасында бөліске түсіп отырған – «Оғыз бектері олжаны өзара бөлісті…» [IV-ші əңгіме, 
393 б.].  Дегенмен, əңгімелер мəтінін  талдау  мынадай  қорытынды  жасауға  алып  келеді,  яғни  жалпы 
алғанда,  көшпенділердегі  мемлекеттік  билік  берік  жəне  тұрақты  болмаған.  Осындай  жағдайлардың 
басты себептерінің бірі ретінде оғыз мемлекетіндегі тайпалардың іш оғыздар жəне тыс оғыздар (Уч-
Ок и Боз-Ок) болып 2 ірі этникалық топқа бөлінуі саналады, бұл туралы алғашқы рет VI-шы əңгімеде 
айтылады [397 б.]  жəне  əрі  қарай IX-шы  əңгімеде [411 б.]  олардың  арасында  қанды  əскери 
шайқастарға дейін алып келетін терең қарама-қайшылықтар жиі туындап отырды деп айтылады. Ол 
туралы  «тыс  оғыздардың  іш  оғыздарға  қалай  қарсы  шыққандары  туралы  жəне  Бəріктің  қалай 
өлгендігі туралы сыр шертетін жыр» дəлел бола алады (XII-ші əңгіме) [425-428 б.].  
Орталық мемлекеттік биліктің əлсіздігі хандардың ханы Байындырдың тұрақты түрде қалыптасқан 
орталықтандырылған  қарулы  күштерінің  болмауы  да,  жігіттердің  əскери  жасақтарының  жекелеген 
рулар  мен  тайпалардың  билігінде  болуы  да  жəне  осыған  байланысты  əскери  олжалардың  негізгі 
бөлігінің салмақты хандар мен бектердің арасында бөлініске түсуі осыларды айғақтайды.  
«Кітапта»  келтірілген  мəліметтер  хандардың  ханы  жəне  жергілікті  салмақты  ел  билеушілері 
əртүрлі  соғыс  жорықтарында  белгілі  бір  төлемге  шетелдің  жалдамалы  қарулы  күштерін 
пайдаланғандығы туралы сөз етіледі  [VII-əңгіме, 405 б.]. 
Өз  кезегінде,  əрбір  салмақты  ел  билеушілерінің  (хандардың,  бектердің)  ірі  қалаларда  немесе 
отырықшы  халқы  бар  қыстақтарда  жеке  резиденциялары  мен  ғимараттары  болып,  олар  белгілі  бір 
айрықша  құқықтарға  ие  болып  отырған. IV-ші  жырда  Ақша  қала  Сүрмеліге  қайтып  оралған 
Қазанбектің жеті күн жəне жеті түн бойы жеңісін тойлағандығы туралы айтылады [393 б.]. Олардың 
қарамағында  əскери  жасақтар  болды  жəне  кей  уақыттарда  өздерін  хандар  деп  атаған  (Бұқаш  хан, 
Дерсе хан) [I-ші əңгіме, 360-361 б.].  
Сонымен қатар, оларда негізін алтын мен күміс құраған қазына – жеке меншік қаржылық базасы 
болды. Ол туралы «Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы əңгіменің баяны» деген II-ші əңгімеде 
бірнеше  мəрте  айтылады – «Алтын  ордаларын  шауып,  бақытсыздыққа  душар  болған  қыз-
келіншектерін  ұлардай  шулатты.  Жарау  аттарын  тартып  мініп,  топ-топ  қызыл  түйелерді  жетекке 
алды.  Күллі  қазынасын,  мол  ақшасын  тонады» [366 б.], «Сенің  жарау  аттарыңа  міндік,  топ-топ 
қызыл  түйелеріңді  жетекке  алдық. Сенің алтының  мен  күмісіңді, сенің  мол  қазынаңды  тонадық» 
[369 б.]. «Сен менің байлық қазынамды, менің үлкен ақшаларымды əкеттің; …» [371 б.].  
Мұндай  маңызды  өзін-өзі  қаржылық  қамтамасыз  етушілік  жəне  жергілікті  хандар  мен  бектердің 
осы  саладағы  салыстырмалы  экономикалық  тəуелсіздігі  туралы  ұқсас  ақпараттар I-ші  əңгімеде [363 
б.],  III-ші əңгімеде [374 б.], V-ші əңгімеде [395 б.],VI-ші əңгімеде [397 б.] де кездеседі.  
                                          
3
 Қаланың аты. 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
18  
Жоғарыда аталған феодалдық айрықша белгілер мен мүлікті иемдену құқығы мұрагерлік сипатқа 
ие болып отырған. Ол туралы дəлелдерді I-ші, IX-шы, XI-ші əңгімелерден  [сəйкесінше, 365, 415, 420 
б.]  кездестіруге  болады.  Мəселен, IX-шы  əңгімесінде  ол  туралы  былай  делінген: «Оның  ақсақалды 
əкесі  алдынан  шықты.  Баласын  мойнынан  құшақтап,  риза  көңілін  білдірді.  Қайтып  үйлеріне  келді. 
Қарсы  жатқан  Қаратаудан  баласына  жайлау  берді.  Қара  айғырлы  жүйріктерден  бір  үйір  жылқы, 
ақтылы қойдан шүлен берді …» [415 б.].  
Сонымен, оғыз тайпаларының аумақтық едəуір кең болуы (мысалы, IX-X ғғ. – Сырдария өзенінің 
ортаңғы  жəне  төменгі  ағысының  алабы,  оның  айналасындағы  шөлдер  мен  шөлейттер  жəне  Батыс 
Қазақстанның далалары), олардың арасында өзара бір-біріне тəуелді берік саяси жəне экономикалық 
байланыстардың  болмауы  жəне  сəйкесінше,  жергілікті  ел  билеушілердің  аса  жоғары  əскери-
экономикалық  дербестілігі  оғыз  мемлекетінің  орталық  саяси,  əскери,  экономикалық  билігін 
объективті  түрде  əлсіретіп  отырды  жəне  оның  себебі  болып  орталық  билікке  деген  күресушілік, 
олардың  арасындағы  талас-тартыс,  жайылымдық  жерлер,  дау-жанжалдар  жəне  басқа  да  мəселелер 
табылды.   
«Кітаптың»  əңгімелерінде  құрамында  əрдайым 40 нөкері  болатын  хандар  мен  бектердің  тұрақты 
қарулы жасақтары туралы деректер жиі келтіріледі (I-ші [360, 362, 365 б.], III-ші [374, 380, 381, 385, 
386 б.], IV-ші [387, 388, 390 б.], V-ші [398, 399, 401 б.], V-ші [426 б.] əңгімелерде). Барлық анығын 
айтатын  болсақ,  жергілікті  ел  билеушілерінің  аталған  жеке  гвардияларының  өкілдері  оғыз 
мемлекетінің  жəне  тайпаларының  əлеуметтік  сатылық  құрылымында  өте  ерекше  орынға  ие  болған 
болып  табылады,  өйткені  олар  үнемі  өздерінің  қожайынының  айналасында  болған  (əскери 
жорықтарда,  аңшылықта,  тойларда  жəне  т.б.),  олардың  жəне  отбасыларының  қауіпсіздігін 
қамтамасыз  еткен.  Əрине,  олардың  отбасылық  материалдық  жағдайлары  аталған  басшылармен 
қамтамасыз етіліп отырған.  
Əсіресе  əңгімелерде  оғыздардың  көшпелі  қоғамында  əйелдердің  қандай  орынға  ие  болғандығы 
туралы  ерекше  атап  өтуге  болады. «Қорқыт  Ата  кітабының»  кіріспе  бөлімінде [359, 360 б.]  жəне 
көптеген əңгімелерінде (I-ші [361-364 б.], II-ші [370 б.], III-ші [383 б.], IV-ші [389, 390, 392, 393 б.], V-
ші [396 б.], IX-шы [412-413 б.])  əйелдер  қауымының  өкілдері  өздерінің  ер  азаматтары  сияқты  өз 
тайпаларының жəне оғыз мемлекетінің тең құқылы мүшелері болып табылғандығы туралы жазбалар 
келтіріледі. Олар көшпелі қоғам иерерхиясында өздеріне тиесілі сəйкес орындарға ие болып отырған.  
Көшпелі үй ошақтарының сақтаушысы бола отырып, олар тайпалар немесе отбасылық деңгейде орын 
алатын  аса  маңызды  шешімдерді  қабылдауда  айтарлықтай  дауысқа  ие  болып  отырған,  қажет 
уақытында  жаулармен  соғыс  шайқастарына  да  белсенді  түрде  қатысып  отырған.  Олар,  яғни  оғыз 
тайпаларының ұрпақтарын жалғастырушылар туралы Қорқыт Ата өз кіріспесінде аса зор шаттықпен 
былай деп жазған: «Тізесін бүгіп отырған инабатты əйел көрікті. Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген 
ана көрікті!» [359 б.]. 
Данышпан  жыршы  өз  «Кітабының»  басында  көшпелі  қоғамдағы  əйелдің  ерекше  рөліне  назар 
аудара  отырып,  оғыз  əйелдерін  төрт  топқа  (түрге)  бөліп  көрсетеді.  Оның  ойынша,  аса  еңбекқор, 
қонақжайлы  жəне  тіл  тапқыш  үй  иелері – бұл 1-ші  топтың  өкілдері – олар  оғыздың  қонақжайлы 
көшпелі  үйінің  тірегі  болып  есептелген. «Алыс  қырдан,  жапан  түзден  үйге  бір  жолаушы  келсе,  ері 
болмаса да, ішкізіп-жегізіп, сыйлы жандарын үйден шығарып салар. Бұлар Айша, Фатима нəсілінен 
үлгі-өнеге  алғандар,  хан  ием!  Олардың  үрім-бұтақтары  өсіп-өнсін,  сіздің  ошағыңызға  осындай  əйел 
заты келсін! – деп Қорқыт Ата сөйлейді» [кіріспе, 359 б.].  
2-ші, 3-ші жəне 4-ші топтағы əйелдер қауымын былайша сипаттайды: «Бұл тəрізділердің хан ием, 
үрім-бұтағы  өсіп-өнбесін!  Сіздің  отбасыңызға  мұндай  қатын  келмесін!» [360 б.].  Жоғарыда 
аталғандардың  барлығы  оғыз  отбасындағы,  оғыздың  көшпелі  қоғамындағы  жəне  мемлекетіндегі 
əйелдердің жоғары рөлі туралы куəландырады.  
Шындығында,  оғыз  қоғамындағы  ықпалды  топ  ретінде  Еуразияның  көптеген  елдерімен  сауда 
қатынастарын жүргізіп отырған көпес өкілдері саналды [III-ші əңгіме, 374, 379, 380 б.].  
Ерте  ортағасырлық  оғыз  мемлекетінде  халықтың  негізгі  еңбек  бұқарасын  қарапайым  мал 
бағушылар,  материалдық  игіліктердің  негізгі  өндірушілері  құрады,  олардың  арасында  да  қоғамдық 
еңбек бөлінісі іспеттес өздерінің арнайы əлеуметтік-кəсіби лауазымдық иерархиясы болды. Мəселен,  
шығарманың көптеген əңгімелерінде бас атбегі, табыншы немесе жылқышы, мал айдаушы, бақташы, 
қара  бақташы,  сиыр  бақташысы  сияқты  мал  шаруашылығы  саласындағы  жұмыскерлер  жайында 
баяндалады. Бас атбегі дəрежесі бойынша аса жоғары лауазым иесіне өз қызметін адал атқара білген, 
айлакерлігімен  немесе  ерлігімен  көзге  түскен  малшылар  ие  болып  отырған.  Мысалы, II-ші 
əңгімесінде  Қазанбек  өзінің  бақташысын  шайқаста  көрсеткен  ерлігі  мен  өз  билеушісіне  деген 

№4. 2013  
 
 
19 
адалдығы  үшін  оған  бас  атбегі  лауазымын  беруге  уəде  береді [369 б.]  жəне  туған  жеріне  қайтып 
оралғаннан кейін оны бас атбегі етіп тағайындайды [373 б.].  
Сонымен қатар, оғыз мемлекетінде құл иелену ісінің де кең таралғандығы жөнінде айтып өткен 
жөн.  Оғыз  ақсүйектерінің  меншігіндегі  құлдар  мен  күңдер  туралы  деректер  негізгі  үш  əңгімеде 
суреттелген (II-ші [373 б.], III-ші [383 б.], IV-ші [393 б.]  əңгімелерде.  Дегенмен  де,  ерте  орта 
ғасырдағы  оғыз  феодалдық  қоғамында  құл  иелену  жүйесінің  біртіндеп  жойылу  үдерісінде 
болғандығын  да  айтып  кеткен  жөн.  Мұның  айғағы  ретінде IV-ші  əңгімеде  қырық  құл  мен  қырық 
күңге еркіндік беру туралы сырлар саналады [393 б.]. 
Оғыз  тайпалық  (корпоративтік)  қауымында  дуализм  жүйесі  өмір  сүрген,  ол  бойынша  қоғамдық 
өндіріс, бір жағынан, жайылымдық аумағы (мал шаруашылығы үшін қолайлы) бар жалпы (қауымдық) 
меншік  ретінде  сипатталса,  екінші  жағынан,  отбасының  малға  жəне  басқа  да  мүлікке  деген  жеке 
меншігі  ретінде  қарастырылады.  Бірақта,  жергілікті  ел  билеушілері  көп  жағдайларда  өз  білгендері 
(шешімдері)  бойынша  жайылымдық  жерлерге  билік  ету  құқығын  иемденіп  отырған. V-ші  əңгімеде 
басқа  тұлғаға  жайлауды  жəне  су  көздерін  тайпаның  басқа  да  өкілдерінің  келісімінсіз  пайдалануға 
беру  құқығы  туралы  біржақты шешімнің  болғандығы жөніндегі  жəйттер келтіріледі: «Егерде  (бізге) 
қарсы жатқан менің Қаратау қажет болса, онда айт: ал, ол сенің ... жайлауың; егер менің тастай суық 
құдықтарым  қажет  болса,  онда  олар  оның  ішетін  суы  болсын …» [395 б.].  Осындай  басқа  да 
шешімдерді IX-ші əңгімеде Бекілбек те өзінің баласына жайлауды берген кезде қабылдайды екен [415 
б.].  
Оғыз  тайпаларында  мал  шаруашылығы  жəне  оның  басым  бөлігінде  көшпелі  мал  шаруашылығы 
шаруашылық жүргізудің негізгі нысаны болып саналды. Сондықтан да, біздің көзқарасымыз бойынша, 
«Кітап»  əңгімелерінде  табиғи-жертораптық  түріндегі  көшпелі  мал  шаруашылығын  жүргізудің 
жағдайлары сипатталады [I-ші əңгіме, 362, 363 б., IV-ші əңгіме, 391-392 б., V-ші əңгіме, 396 б., VIII-
ші  əңгіме, 407 б.].  Біздің  болжауымыз  бойынша,  оғыздың  мал  күтушілері  көлденең  орын 
ауыстырумен  қатар,  тігінен  көшіп  отыру  əдістерін  де  жүзеге  асырған.  Ол  жайында V-ші  əңгімедегі 
жайлаулар  туралы  келтірілген  мəліметтер  куə  бола  алады: « … Менің  биік  тауларым  саған  жайлау 
болсын …» [396 б.].  
Көшпелі  оғыз  тайпалары  үшін  су  көздері  аса  маңызды  мəнге  ие  болған,  өйткені  Қазақстанның 
оғыздар  тіршілік  еткен  сол  кездегі  аумақтарында  жер  бетіндегі  су  ресурстары  шектеулі  болған  жəне 
біркелкі бөлінбеген. Жер бетіндегі су көздері туралы деректер «Кітапта» өте көп кездеседі. Сондай-ақ, 
V-ші əңгімеде бектің иемдену жəне пайдалану құқығы болған құдығы туралы да сөз етіледі [395 б.].  
«Кітапта»  айтылған  көптеген  мəліметтер  бойынша  болжайтын  болсақ,  онда  оғыз  тайпаларында 
жылқы,  қой,  түйе  жəне  ешкі  сияқты  үй  жануарларының  аса  кең  таралғандығы  туралы  нақты  айтуға 
болады.  Үй жануарларының  мұндай  көптеген  түрлері оғыздардың  өмір сүрген  аумақтарында  көшпелі 
жəне жартылай көшпелі нысанында шаруашылық етуге аса бейім жəне қолайлы болып табылған. 
Үй  жануарларының  жоғарыда  аталған  түрлерін  сандық  тұрғысынан  алып  қарағанда  аса  бай  оғыз 
феодалдарында  олардың  саны  он  мыңнан  асатын  өте  үлкен  көлемге  жетіп  отырған.  Ол  туралы  оғыз 
феодалының  баласына  қалыңдық  əперу  үшін  талап  еткен  қалың  малына  мың  бас  түйеден,  мың  бас 
жылқыдан, мың бас қойдан беру жайлы шешімдерін келтіруге болады [III-ші əңгіме, 377 б.].    
«Кітаптың» кіріспесінде жəне VI-шы əңгімеде [359, 399 б.] оғыздардың шаруашылығында мүйізді ірі 
қара  малдың  болғандығы  туралы  анық  айтылады.  Бірақ  оғыз  тайпалары  өмір  сүрген  қазіргі 
Қазақстанның  аумақтарындағы  табиғи-климаттық  жағдайлардың  салдарынан  үй  жануарының  осы  бір 
түрінің  санын  өсіруге  аса  қолайлы  бола  қоймаған.  Кіріспеде  келтірілген  мəліметтер  сиыр  малының 
арнайы  тұрғызылған  қораларға  қамалып  отырғандығын  дəлелдейді.  Бізге  белгілі  болғандай,  мұндай 
қораларды  тұрғылықты  тұратын  елді  мекендердің  халықтары,  яғни  отырықшы  жəне  жартылай 
отырықшы  халықтар  тұрғызып  отырған  жəне  оғыз  шаруашылығындағы  ірі  қара  малдың  əсіресе, 
көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  мал  шаруашылығында  аса  кең  таралмағандығы  жəне  аса  маңызды 
орынға ие болмағандығы бұған дəлел бола алады.   
Отырықшы  оғыздардың  азығы  үй  жануарларының  өнімдерімен  қатар,  құстың  етімен  жəне  оның 
жұмыртқасымен толықтырылып отырды. Мəселен, кіріспеде жəне Х-шы əңгімеде тауық пен қаз ұстау 
жəне оларды асырау мен өсіру үшін арнайы тауық қораларды салу туралы мəліметтерді табуға болады 
[359, 416 б.]. 
Егін  шаруашылығымен  тек  жартылай  көшпелі  жəне  отырықшы  шаруашылықтар  ғана  айналысқан 
деп  болжауға  болады.  Бұған  «Кітаптың»  кіріспесінде  берілген  деректер  айғақ  бола  алады,  яғни  онда 
диірменнің  жұмыс  істеуі  жəне  нанның  пісірілгендігі  туралы  айтылады [360 б.].  Негізінен  олар  бидай, 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
20  
арпа  жəне  тары  егумен  айналысқан.  Тіпті  Сырдарияның  жағалауларында  отырықшы  оғыздар  мақта 
өсірумен де айналысқан, ол туралы кіріспеде еске түсіріледі [358 б.].   
Кітаптың  мазмұнын  талдау  оғыздың  отырықшы  елді  мекендерінде  олардың  мынадай  істермен 
айналысқандығына көз жеткізеді, яғни олар бақшагерлікпен (қауын өсірумен), бау-бақшалықпен (алма 
өсірумен)  жəне  жүзім  өсірумен  (жүзім  жəне  шарап  жасаумен)  айналысқан [I-ші  əңгіме, 361 б., XI-ші 
əңгіме, 395 б.]. Сондай-ақ оғыздар бал жинау өнерін де меңгере білген. 
Өндірілген ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеуден өткізудің белгілі бір деңгейде дамығандығы 
жəне  ол  үшін  диірмен  [кіріспе, 360 б.],  май  шайқайтын  күбі  [кіріспе, 359 б.],  тағы  басқалар  сияқты 
өнімділігі  аса  жоғары  еңбек  құралдарын  пайдаланғандығы  туралы  деректер  «Кітап»  көздерінде 
беріледі.  
Оғыздар (ерлері де, əйелдері де) аңшылықпен сондай құмарлықпен айналысқан, ол туралы кіріспеде, 
I-ші, II-ші, III-ші, IV-ші, V-ші, VI-ші, IX-ші, XI-ші  əңгімелерде  аса  жиі  баяндалады,  яғни  ол  кəсіп 
физикалық  белсенділікті  тұрақты  түрде  қолдап  отыруға  жəне  əскери  дайындықтың  сəйкес  деңгейін 
сақтап  тұруға  мүмкіндік  беріп  отырған.  Осымен  қатар  мынаны  да  атап  өтуге  болады,  яғни  аңшылық 
кəсібі азық жинаудың (құстың, бұланның, жабайы ешкілердің жəне басқа да жануарлардың етін), киім 
дайындау  жəне  тұрмыстық  басқа  да  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  үшін  аң  терілерін  пайдаланудың 
аса маңызды көзі болып табылған жəне т.б. [359, 362-363, 366, 375, 399, 403, 413, 420 б.]. Үйретілген 
сұңқарларды асқан шеберлікпен қолдану аңшылық кəсіптің нəтижелілігін көтере түскен [V-ші əңгіме, 
394 б., XI-ші əңгіме, 420 б.]. 
Оғыз  көшпелі  тайпаларының  үй  мүліктерімен  ұзақ  қашықтық  жерлерге  тұрақты  түрде  орын 
ауыстырып отыруы жүк тиейтін көлік құралдарының бар болуын талап етті. Оғыз тайпаларында жылқы 
малы негізгі көлік құралы ретінде пайдаланылды. Үй заттары мен əбзелдерін, үй іші мен бала-шағаны 
алып  жүру  үшін  көшпенділер  арбаны  қолданған [XI-ші  əңгіме, 421 б.]  жəне  шөлдер  мен  далаларда 
жүктерді  түйелерге  артып  тез  жеткізудің  кең  мүмкіндіктеріне  ие  болған,  осы  туралы  көптеген 
əңгімелерде  сөз  қозғалады [360, 365, 381, 395-396, 423 б.].  Сондай-ақ  өгіздерді  де  арбаларға  жегіп, 
қажетті мүліктерді тиісті орындарына тез жеткізіп отырған. 
«Кітапта»  ежелгі  түркі  мемлекетінде  қолөнер  саласының  аса  жеткілікті  түрде  жоғары  деңгейде 
дамығандығы туралы көптеген мəліметтер келтіріледі. Оғыз қолөнершілері, жоғарыда аталып өткендей, 
киім-кешек,  аяқкиім,  əсемдік  бұйымдары,  үй  əбзелдері  мен  безендірулері,  еңбек  құралдары,  көлік 
құралдары  сияқты  бейбіт  өмірге  қажетті  өнімдерді  өндірумен  қатар,  найза,  жебелер,  күрзі,  шоқпар, 
болат  семсерлер  мен  қылыштар,  қорғасын  оқтар,  қорған  бұзғыш  құралдар  жəне  басқа  да  құрал-
саймандар сияқты соғыс іс-қимылдарын жүргізуге қажетті өнімдерді өндірумен де айналысқан [VI-шы 
əңгіме, 401 б., XII-ші əңгіме, 427 б. жəне т.б.].  
Қоғамдық  еңбек  бөлінісінің  тереңдей  түсуі  жəне  оғыз  тайпалары  мекендеген  территориялардың 
транзиттік  жағынан  қолайлы  орналасуы  (Ұлы  Жібек  жолы)  тауар-ақша  қатынастарының  жəне 
мемлекеттік қаржы жүйесінің дамуына мүмкіндік береді. 
Жеке  меншік  қаржы  жүйесіне – қазынаға  орталықтандырылған  мемлекеттің  хандары  ғана  емес, 
сонымен  қоса  жергілікті  ел  билеушілері  мен  бектер  де  иелік  еткен.  Халықтан  салық  жинау  құқығына 
жергілікті  феодалдық  биліктің  өкілдері  ие  болған  деп  болжауға болады  жəне  фискалдық алымдардың 
негізгі  бөлігіне  тайпа  басшылары  ие  болып  отырған.  Сондықтан  да  оғыз  тайпаларының  бектері  мен 
хандары жеке қазынаны басқарып отырған, ол туралы II-ші (366, 371 б.) жəне III-ші (385 б.) əңгімелерде 
сөз қозғалады. 
Алтын мен күміс жалпылама тауарлық эквивалент рөлін атқарған. Қолда бар мал санымен қатар, ел 
билеушілерінің қазынасында алтын мен күміс қорының болуы олардың байлығының белгілі бір жоғары 
деңгейде болғандығын көрсетеді [II-ші (366-367, 371 б.), III-ші (383, 385 б.), V-ші (395 б.), VI-шы (397 
б.), VIII-ші (410 б.), XI-ші (422 б.)  əңгімелер].  Тауар-ақша  айналымында  асыл  металдардан  құйылған 
монеталар қолданылған [VII-ші, 405 б.]. 
Сонымен, «Қорқыт  Ата  кітабындағы»  жүргізілген  əлеуметтік-экономикалық  талдаудан  оғыз 
қоғамында қалыптасқан феодалдық қатынастардың тайпалардағы еңбек бөлінісінің жеткілікті деңгейіне 
жəне Еуразияның басқа да мемлекеттерімен тауар-ақша қатынастарының айтарлықтай дамуына сəйкес 
болғандығы туралы қорытынды шығаруға болады.  
Тарихи туынды «Қорқыт Ата кітабында» көрініс тапқан Еуразия кеңістігінде ерте орта ғасырларда 
қоныс  тепкен  аса  қуатты  тайпалардың  бірі – оғыз  қоғамының  əлеуметтік-экономикалық  тыныс-
тіршілігінің  аспектілері  əрі  қарай  аса  маңызды  тарихи-экономикалық  зерттеулерді  сөзсіз  қажет  етеді. 
Бұл біздің көзқарасымыз бойынша, экономикалық тарих жəне экономикалық ілімдер тарихы бойынша 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет