Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет13/40
Дата22.12.2016
өлшемі7,17 Mb.
#26
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40

ЛИТЕРАТУРА 
 
[1] Материалы «круглого стола» // Государство и право. - 2011. - № 1. - С.3-35.  
[2] Байдельдинов Л. Республика Казахстан как политическая реальность: перспективы демократии // Центральная 
Азия  и Кавказ. - 2012. - № 4 (16). – С. 127-136.  
[3] Чиркин В.E. Человеческие ценности и современное государство // Государство и право. - 2012. - № 2. - С.10-17.  
[4] Гаджиев K.С. Концепция гражданского общества: идеологическая основа и основные вехи развития // Проблемы 
философии. - 2007. - № 7. - С.13-20.  
[5] Акмамбетов Г.Г. Особенности формирования гражданского общества в Казахстане // Известия Нац. Акад. Наук 
РК. Серия общ-х наук. – 2008. – № 3. – С. 30-37. 
[6] Черниловский З. М. Гражданское общество: опыт исследования // Государство и право. – 2012. – № 6. – С.150-
161. 
[7] Матюхин А.А. Гражданское общество в Казахстане. Политико-правовой анализ // Мысль. – 2010. – № 12. – С.9-
17. 
[8] Баймаханов М.Т. Проблема этатизма и ориентация на преимущественное использование правовых ценностей // 
Правовая реформа в Казахстане. – 2014. – № 3. – С.8-17. 
[9] Злотников С.М. Правовое обеспечение институтов гражданского общества в Казахстане // Правовая реформа в 
Казахстане. – 2014. –  № 1. – С.7-15. 
 
REFERENCES 
 
[1] Proceedings of the "round table" // State and law. - 2011. - № 1. - P.3-35. (in Russ.). 
[2]  Baideldinov  L.  Republic  of  Kazakhstan  as  a  political  reality:  the  prospects  for  democracy  //  Central  Asia  and  the 
Caucasus. - 2012. - № 4 (16). – P. 127-136.  (in Russ.). 
[3] Chirkin V.E. Human values and modern state // State and law. - 2012. - № 2. - P.10-17.  (in Russ.). 
[4]  Hajiyev  K.S.  The  concept  of  civil  society:  the  ideological  origins  and  major  milestones  formation  //  Problems  of 
Philosophy. - 2007. - № 7. - P.13-20. (in Russ.). 
[5]  Akmambetov  GG  Features  of  formation  of  civil  society  in  Kazakhstan  //  Proceedings  Nat.  Acad.  of  Sciences.  Series 
Society's science. - 2008. - № 3. - P. 30-37. (in Russ.). 
[6] Chernilovsky Z.M. Civil society studies experience // State and law. - 2012. - № 6. - P.150-161. (in Russ.). 
[7] Matyuhin AA Civil society in Kazakhstan. Politico-legal analysis // idea. - 2010. - № 12. - P.9-17. (in Russ.). 
[8]  Baimakhanov  MT  The  problem  of  etatism  and  focus  on  the  pre-emptive  use  of  legal  values  //  Legal  Reform  in 
Kazakhstan. - 2014. - № 3. - P.8-17. (in Russ.). 
[9] Zlotnikov S.M. Legal maintenance of the civil society institutions in Kazakhstan // Legal Reform in Kazakhstan. - 2014. 
- № 1. - P.7-15. (in Russ.). 
 
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам қалыптасуының теориялық алғышарттары мен тарихы 
Аюпова З.К., Құсайынов Д.Ө. 
zaure567@yandex.ru 
 
Кілттік  сөздер:  азаматтық  қоғам,    саяси  жүйе,  өндіріс  құралдарына  жеке  меншік,  саяси  партиялар, 
саяси құрылым, демократиялық құндылықтар, тоталитарлықтан кейінгі мемлекет, азаматтардың еркіндіктері 
мен құқықтары, азаматтық мәдениет, плюрализм.   
Ескертпе.  Қазіргі  заманда  қалыптасқан  ғылыми  әдебиеттердегі  қөзқарастарға  сүйенсек,  дамыған 
азаматтық  қоғам  құқықтық  мемлекет  қалыптастырудың  тарихи  алғышарты  болып  есептеледі.  Жетілген 
азаматтық  қоғамсыз  демократиялық  саяси  жүйе  құру  мүмкін  емес.  Тек  қана  саналы,  еркін  және  саяси 
белсенді  азаматтар  ғана  ұжымдық  өмірдің  рационалдық  формаларын  құра  алады.  Басқа  жағынан  алсақ, 
мемлекеттің басты мүддесі азаматтардың еркіндіктері мен құқықтарын жүзеге асыру. 
Азаматтық қоғам дегеніміз-  еркін азаматтардың өзін-өзі анықтауы және коммерциялық емес бағыттағы 
ассоциациялар  мен  ұйымдардың  бизнес  құрылымдары  мен  мемелекет  тарапынан  ықпал  етілмей  өз 
еріктерімен  бірігуі.  Дамыған  азаматтық  қоғам  құқықтық  мемлекет  құрудың  ең  маңызды  алғышарты  және 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
104  
оның  тепе-тең  құрамдас  бөлігі.  Азаматтық  қоғамда  ғана  адам  құқығы  теңінен  сақталады,  мемлекеттегі 
биліктік құрылымдарда да, коммерциялық құрылымда да барлық құқықтар қамтамасыз етілген. 
Егерде азаматтық қоғамның басты белгілерін көрсететін болсақ: дамыған демократия; қоғамда өндіріс құралдарына 
жеке меншік қамтамасыз етілген; азаматтардың барлық құқықтары қорғалған; белгілі дәрежеде қалыптасқан азаматтық 
мәдениет  бар;  халықтың  білім  дәрежелері  жоғары  және  азаматтық  белсенділік  дәрежелері  жетілген;  азаматтардың 
еркіндіктері  мен  құқықтары  жүзеге  асырылған;  өзін-өзі  басқару  іске  асқан;  қоғамда  азаматтардың  бір-бірімен 
бәсекелестігі жүзеге асқан; қоғамдық ой-сана мен пікірлер және плюрализм еркін даму үстінде, мемлекеттің әлеуметтік 
саясаты  күшті  дамыған;  көпсалалы  экономика  қалыптасқан;  қоғамдағы  орта  таптың  қоғамдық  құрылымдағы  үлесі 
жоғары.   
Қазіргі заманда азаматтық қоғам дегенде біз демократиялық сипатта дамып жатқан құқықтық мемлекеттің ішіндегі 
нарықтық  қатынастар  талаптары  мен  санаса  отырып  қалыптасып  жатқан  қоғамның  еркін  тең  құқықты  индивидтерінің 
мемелекеттік билікпен қарым қатынаста өз мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін айтамыз. Азаматтық қоғамда  мемлекеттік 
құрылымдармен  салыстырғанда,  мемлекеттегідей  вертикалдық  (иерархиялық)  байланыстар  емес,  керісінше 
горизонталдық  байланыстар-  заң  жағынан  еркін  және  тең  құқықты  іскерлердің  бәсекелестік  заңдарын  сақтай  отырып 
өмір сүру қатынастарын жетілдіреді деуге болады.       
 
AYUPOVA Z.K.  
 
DOCTOR  OF  JURIDICAL  SCIENC1ES,  PROFESSOR,  CHAIR  OF  INTERNATIONAL  LAW,  DEPARTMENT  OF 
INTERNATIONAL RELATIONS 
Kazakh national university named after Al-Faraby, Kazakhstan, Almaty 
Theoretical background and history of the formation of civil society in the Republic of Kazakhstan 
 
KUSSAINOV D.U.  
DOCTOR  OF  PHILOSOPHY  SCIENC1ES,  PROFESSOR,  CHAIR  OF  SOCIO-HUMANITARIN  DISCIPLINES, 
DEPARTMENT OF HISTORY 
Kazakh national pedagogical university named after Abai, Kazakhstan, Almaty
 
 
 
Поступила 19.02.2015 г. 
 
 
 
.
 

 
 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
105 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 2, Number 300 (2015), 105 – 111 
 
UDK 327.(331.56)+65.125.31 
 
World experience of fight against poverty: 
on the example of the Netherlands, Germany, China 
 
Zhanakova N.
1
, Babazhanova Zh.
1
 
nazikzhan@mail.ru
, Babazhanova_zh@mail.ru 
1
Kazakh University of Economics, Finance and International Trade, Astana, Kazakhstan 
 
Key words: poverty, fight against poverty, world experience 
Abstract.  The  aim  of  work  is  a  study  of  world  experience  of  fight  against  poverty  on  the  example  of  such 
countries, as the Netherlands, Germany, China. Methodology of work was made by the methods of empiric research, 
supervision, comparative method, principles of historical and logical cognition. Work performances was a conclusion 
that for the decline of level of poverty investment investments are needed in a human capital, and also development 
of methods of estimation of their efficiency. The author grounds, that for every country the methodology of going is 
specific near a fight against poverty.  
An  application  of  the  results  got  the  author  of  the  article  domain  is  perfection  of  methods  of  fight  against 
poverty. The conclusions of author can be used in the process of teaching on the economic faculties of disciplines of 
economic cycle. 
 
 
УДК 327.(331.56)+65.125.31 
 
Кедейлікпен күрестегі әлемдік саясат: 
Нидерланды, Германия, Қытай тәжірибесі 
 
Жанакова Н.Н. 
1
, Бабажанова Ж.А. 
1
 
nazikzhan@mail.ru
, Babazhanova_zh@mail.ru 

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы 
 
Тірек сөздер: кедейшілік, кедейлікпен күрес, әлемдік саясат. 
Аннотация.  Жұмыстың  мақсаты  Нидерладны,  Германия,  Китай  сияқты  елдердің  мысалында 
кедейлікпен күресудің әлемдік тәжірибесін зерделеу болып табылады. Жұмыстың әдістемесін эмпирикалық 
зерттеулер  әдістері,  бақылау,  салыстырмалы  әдістер,  тарихи  және  логикалық  таным  қағидалары  құраған. 
Кедейлік деңгейін төмендету үшін адам капиталына инвестициялық салымдар қажеттігі, сондай-ақ олардың 
тиімділігін  бағалау  әдістерін  әзірлеу  қажеттігі  туралы  қорытынды  жұмыстың  нәтижесі  болып  табылады. 
Автор, әр ел үшін кедейлікпен күресудің өзіндік өзгеше тәсілі болатындығын негіздеуде. 
 Мақала авторының қол жеткізген нәтижелерін қолдану аумағы кедейлікпен күресу әдістерін жетілдіру 
болып  табылады.  Автордың  қорытындылары  экономикалық  факультеттерде  экономикалық  пәндерді  оқыту 
барысында пайдалануға жарамды.  
 
Кез  келген  экономикалық  жүйелермен  қатар  жүретін  құбылыс  ретіндегі  кедейлік  даму 
деңгейіне  қатыссыз  әлемнің  барлық  елдерінде  болған  және  қазір  де  бар.  Кедейлік  адамдардың 
тұрмыс  деңгейіне  ғана  емес,  сонымен  бірге  қоғам  өмірінің  әлеуметтік  және  саяси  салаларына  да 
әсерін  тигізеді,  көптеген  жағдайларда  ол  қылмыстылықтың  өсуі  мен  әлеуметтік  жағдайлардың 
туындауына  себеп  болады.  Соның  салдары  ретінде,  кедейлік  ауқымдарын  азайту  міндеті  бүкіл 
әлемдік қоғамдастықтың алдында тұр. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
106  
Қай мемлекетте болмасын кедейлікпен күрестің өзіндік жолдары бар. Міне осындай бірнеше 
мемлекеттердің тәжірибелеріне шолу жасап көрерлік: 
Нидерланды.  Нидерландының  әлеуметтік  көмек  жүйесінің  ресми  жарияланған  мақсаты  – 
кедейшілікпен  күрес.  Әлеуметтік  минимум  жыл  сайын,  кедейшілік  шегі  болып  саналатын  өмір 
сүру минимумының негізінде есептелінеді. 
Нидерландыда,  бүкіл  Батыс  Еуропадағыдай  абсолютті  кедейшілік  емес,  салыстырмалы 
кедейшілікпен күреседі, бұл заңды құбылыс: егер өмір сүру минимумы тек сөз жүзінде ғана емес, 
Біріккен  Еуропаның  Орталық  банкінің  банкноттарымен  де,  яғни  нақты  қаржы  түрінде 
кепілдендірілсе, онда әлеуметтік проблема ретіндегі абсолютті кедейшілік те болмайды. 
Күшіне  енген  мемлекеттік  көмек  туралы  заң  (National  Assistanse  Act)  әлеуметтік  бюджетті 
қалыптастыру  мен  жоспарлаудың  жаңа  ережелерін  орнатты,  ендігі  жағдайда  бұрын  қолданылған 
жай  ғана  әлеуметтік  жәрдемақыларды  тарату  тиімсіз  болып  саналады.  Муниципалитеттер  үшін 
әлеуметтік  жәрдемақыларға  қаражаттарды  үнемдеу  үшін  және  жұмысбастылыққа  көмектесуге 
барынша  күш  салу  үшін  қаржылық  стимулдар  жасалынған.  2004  жылдан  бастап  осындай 
әлеуметтік  қауіп-қатерлерді орталық  үкімет  өз  мойнына  алады,  ол  екі  бөлікке  бөлінген  тіркелген 
бюджетті  қалыптастырады  -  әлеуметтік  жәрдемақылар  бюджеті  және  «реинтеграция»  бюджеті. 
«Реинтеграцияның» мәні қиын жағдайға ұшыраған адамды қоғамға қайта енуіне бейімдеу. 
Бұл  елдегі  кедей  адам  деген,  бұрыннан  бері жұмыс  істемейтін және жұмыссыздық бойынша 
жәрдемақы  алмайтын  адам.  Бұл  жағдайдың  себебі  әртүрлі  болуы  мүмкін  –  созылмалы  ауру, 
жергілікті  тіл  білмеу,  моральді-психологиялық  проблемалар,  алкоголизм,  нашақорлық, 
отбасындағы  ауыр  келеңсіздіктер  және  т.б.  Егер  осындай  адам  әлеуметті  қызметке  көмек  сұрап 
келсе, онда ол қиын жағдайда деген сөз және қызметкерлер оны түсінеді. 
Бұл  қалай  көрінеді?  Қабылдау  бөлмесіне  түскен  соң,  сіз  өз  кезегіңізді  күтесіз.  Бұл  процесс 
сыртынан  кәдімгі  банктардағы  және  батыс  аэропорттарының  анықтама  бюроларындағы 
клиенттерді  қабылдаудан  еш  ерекшеленбейді:  эргономикалық  креслолар,  қабылдау  терезесінің 
алдындағы «ресми» кеңістікті шектейтін қалың түсті жолақ, және тәртіпті қадағалаушы қаруланған 
полиция қызметкері. 
Сіздің кезегіңіз келгеннен кейін, символикалық жолақтан өтіп, қабылдаушы қызметкерге бет 
аласыз. Мұнда бәрі ұсақ-түйекке дейін ойластырылған: әлеуметтік осал клиенттерді қабылдайтын 
адамның  жұмыс  орнының  орналасуы  мынадай:  біріншіден,  мықты  терезенің  артында;  екіншіден, 
сізден бір басқа жоғары – осы арқылы ол билікті білдіреді. 
Полиция  қызметкерлері,  анық  шектеуші  жолақ,  алғашқы  қабылдау  залындағы  жоғары  және 
қол жетпейтіндей отырған қызметкер, мүмкін болатын агрессияны басуға арналған психологиялық 
қысым  жағдайын  жасайды.  Осы  жердегі  қоғамдық  дәретханалардың  жарығы  да  айрықша 
(флюоресециациялайтын,  көк  спектрлі),  бұл  психикалық  ақыл-есі  кем  клиенттердің  суицид 
жасамауы үшін жасалынған. 
Осылайша, мұқтаж адамдардың қиын жағдайын ескеріп, әлеуметтік қорғаудың голландиялық 
жүйесі  бәрін  ұсақ-түйегіне  дейін  ескерген,  тек  кедейлердің  әлеуметтік  қауіпсіздігін  ғана  емес, 
сондай-ақ  солармен  жұмыс  істейтін  әлеуметтік  қызметкерлердің  физикалық  қауіпсіздігі  мен 
психологиялық қолайлы жағдайына да қарастырылған.  
Мұндай  шаралар  экстрималды  мінез-құлық  көріністерін  болдырмау  үшін  қарастырылған. 
Әдетте,  бәрі  тыныш,  сенімді  өтеді.  Тәртіп  бүкілінде  сақталады,  менеджерлер  мен  клиенттердің 
өзара сыйластығы  – елдің азаматтық және коорпоративті мәдениетінің ажырамас элементі болып 
табылады. 
Осындай  клиенттерді  қабылдауды  ұйымдастыру,  130  жұмыспен  қамту  мен  табыстардың 
муниципалитет аралық орталықтарына (Center for Work and Income CWI) тән. Олардың мақсаты - 
әлеуметтік көмек алатындардың санын азайту және жұмысқа орналасуға барынша көмектесу. 
Бірінші  кездесуде  персоналды  менеджер,  сіздің  осындай  ауыр  халыңіздің  себептерін  іздейді. 
Кейз-менеджердің  бірінші  міндеті  –  бұрын  не  істегенін,  қандай  жоспарлары  бар  екенін  білу. 
Реинтеграция  жоспары  дәл  осы  үшін  арналған.  Оны  дайындаған  кезде  менеджер 
муниципалитеттердің салалық қызметтеріндегі өзінің әріптестерімен еңбек нарығы, кәсіби оқыту, 
медэкспертиза, қаржы мәселесі бойынша кеңес алады. Ол декларацияның қажетті формасын дұрыс 
толтыруға көмектеседі, сіздің жағдайыңызда әлеуметтік жәрдемақыны белгілеу қаншалықты заңды, 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
107 
қай  мерзімге,  оны  алу  үшін  не  істеу  керектігін  анықтап  береді.  Заңнамаға  сәйкес  жәрдемақыны 
белгілеу немесе қайтарып тастау туралы шешім сегіз апта ішінде қабылдануы тиіс
Кейз-менеджердің  негізгі  міндеті  –  клиенттің  еңбек  нарығына  дейінгі  «ара  қашықтығын» 
анықтау.  Осы  «ара  қашықтықты»  анықтау  төрт  балдық  шкалаға  негізделген.  Бірінші  топтың 
клиенттерін салыстырмалы түрде жұмысқа тұрғызу оңай. 
Мұқият  құрылған  және  келісілген  реинтеграция  жоспары  реинтеграцияға  маманданған  жеке 
фирмалардың конкурс негізінде таңдау жүргізуі үшін тендерлік пакетке енгізіледі. 
Персоналды  консультант  –  кейз-менеджердің  қызметінде  One-stop-shop  –  «бір  терезе» 
принципі  іске  асырылады.  Ол  клиентті  қоғамға  реинтеграциялау  арқылы  әлеуметтік  тағдырын 
анықтап, жеке ісін жүргізеді. 
Бұл әлеуметтік жұмыскерлер кімдер? Әдетте, жоғары маманданған, жақсы дайындықтан өткен 
жас, талапты мамандар – түрлі базалық мамандақтары бар, жақында бітірген университет түлектері 
(экономисттер,  социологтар,  финансисттер,  т.б.).  Жұмыс  барысында  маман  көтерілуіне  немесе 
ақысы бұдан да жоғарырақ жеке секторға өтуіне құнды тәжірибе алады. 
Жалпы  алғанда,  Нидерландының  әлеуметтік  көмек  механизмі  эксперимент  сатысында  тұр. 
Кедейшілікпен  күрестегі  «реинтеграция  жоспарын»    инновациялық  технологияларға  жатқызуға 
болады.  Аталған  кейз-менеджерлердің  деңгейі,  жұмыспен  қамту  және  табыстар  муниципалитет 
аралық орталықтарының ұйымдастырылуы Нидерланды елінің жоғары мәдениеттілігін көрсетеді [1]. 
Германия.  Қор  жинау,  пайда  табу,  үздіксіз  байып  отыру  өндіріс  құралдары  иелерінің  – 
капиталисттердің  басты  мақсаты  болып  қала  береді.  Алайда  ХХ  ғасырдың  басында  үкіметте, 
кейіннен  мемелекеттің  билік  басында  социал-демократиялық,  социалисттік  және  басқа  да 
оппозициялық  күштердің  өкілдері  пайда  болғаннан  кейін  баю  мүмкіндіктері  шектеле  берді.  Бұл 
әсіресе  олардың  билік  басына  келіп,  еңбекші  қауымның  өмірін  жақсарту  үшін  ірі  әлеуметтік 
шаралар  жүзеге  асыра  бастағанда  байқала  бастады.  КСРО-ның,  кейіннен  социалисттік  жүйенің 
пайда болуынан кейін капиталисттер де жұмысшылардың жағдайына қамқорлық көрсете бастады, 
осы арқылы істі социалисттік революцияға дейін жеткізбеуге мәжбүр болды. 
Еуропа  елдерінде  буржуазиялық  қоғамның  нарықтық  шаруашылық  жағдайындағы 
адамдардың  өмірін  жақсартудың  едәуір  тәжірибесі  жинақталған.  Біздің  елдің  ерекшеліктерін 
ескере  отырып, әлеуметтік  мемлекет  қалыптастыру  процесінде көп жақтарын  пайдаланып көруге 
болады. 
ФГР-дің екінші канцлері, ғалым әрі саясаткер Людвиг Эрхард (1897-1977) өткен ғасырдың 50-
60 жж. Батыс Германияда елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін түбегейлі өзгерткен кең ауқымды 
экономикалық  реформа  жүргізген.  Эрхардтың  теориялық  көзқарастары  ресми  мемлекеттік 
доктрина  дәрежесіне  дейін  қойылған  және  экономикалық  бағдарламаның  негізі  болып  саналған 
«әлеуметтік  нарықтық  шаруашылық»  теориясына  негізделді.  Эрхардтың  пікірі  бойынша, 
әлеуметтік  нарықтық  шаруашылық  бастапқы  кезден-ақ  тек  теория  ғана  емес,  елдің  келбетін 
түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берген практикалық әдіс те болды. 
«Әлеуметтік нарықтық шаруашылық» концепциясы өзінің теориялық ұстанымдары бойынша 
жанама  реттеудің  кейнсиандық  теориясына  жақын  болды.  50-60  жылдары  Еуропада  ағылшын 
экономистті  Дж.М.Кейнспен  (1883-1946)  ұсынылған  және  ізбасарларымен  жетілдірілген 
шаруашылық саясаты тараған болатын [2]. 
«Әлеуметтік  нарықтық  шаруашылық»  идеологиясы  Эрхардпен  «қалыптасқан  қоғам» 
концепциясын  негіздеу  үшін  қолданылды,  ал  оның  мақсаты  ретінде  қарама-қайшы  қоғамдық 
мүдделердің  плюрализмін  жаппай  игіліктің  ортақ  шешіміне  әкелу  арқылы  жеңу  жарияланды. 
Эрхард  нарықтың  әлеуметтік  бағыттылығы  принципіне  негізделген  толыққанды  экономикалық 
реформаны  жүзеге  асырды,  бұл  реформа  ең  алдымен  қоғамдық  басымдықтарды  таңдау,  іс-
әрекеттің белгілі бір сфералары мен бағыттарын мақсатты түрде қолдап отыруды көздеді. 
Эрхард  экономикалық  прогресс  болмай,  ешқандай  әлеуметтік  даму  болуы  мүмкін  емес  деп 
тұжырымдаған.  Екпін  өнімді  қайта  таратуға  емес,  өндірісті  дамытуға  (шаруашылық 
экспансиясына),  барлық  еңбек  етушілерге  еңбек  өнімділігінің  өсіміне  сәйкес  үнемі  жалақыны 
көтеріп отыруды қамтамасыз етуге жасалынды. 
Эрхардтың  реформаларының  барысында  бағаларда  төмендету  жалақыны  көтерумен  қатар 
жүрді.  Бағаларды  тұрақтандыруға  деген  ұмтылыс  орнықты  бағалардаң  тізімін  мерзімді 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
108  
басылымдарда жариялап отыруда көрініс тапты. Өз бетімен (келісімсіз) бағаларды көтеруге қарсы 
заң  қабылданды.  Эрхард  экспортты  үш  есе  ұлғайта  алды.  Оның  бағалауы  бойынша,  әлемдік 
рыноктағы  жағдайды  тек  валютаның  тұрақтылығын  қамтамасыз  еткен  жағдай  да  ғана  бекітуге 
болады. 
Әлеуметтік  нарықтық  шаруашылық,  Эрхардтың  пікірі  бойынша,  салық  ауыртпалығын 
жұмсарту, жаңа қызметкерлерді алуға тыйым салу, жалақыны көтеру, қызметтік сапарларды азайту, 
жүйелі түрде шығындарды қысқырту арқылы мемлекеттік бюджетті тәртіпке келтірусіз іске аспай 
қалады. Ол ең алдымен ұсынылатын тауарлардың сапасын әрқашан жақсарту арқылы номиналды 
табыстарды ұлғайтуды көздеді. Төмен салық, антитресттік және антижазалаушы заңдар, еркін жеке 
инвестиция салу үшін жеңілдіктер, сыртқы бәсекелестерден ішкі нарықты қорғау – осы және басқа 
да көптеген шаралар азаматтардың еркіндігі мен қорғалғандығын қамтамасыз етіп, «экономикалық 
ғажап» жасады [2]. 
Әлеуметтік  бағытталған  нарықтың  салыстырмалы  түрде  дербес  элементі  тиімді 
жұмысбастылық  жүйесін  құру  болды,  жұмыс  орындарының  санын  ұлғайту  мен  жұмыссыздықты 
азайту  бойынша  оң  шаралар  қабылданды.  Нарықтың  әлеуметтік  бағытталғандығы  өзінің 
механизміне халықты әлеуметтік қорғаудың арнайы жүйесін ендіруді талап етті. Эрхардтың пікірі 
бойынша,  әлеуметтік  саясат  –  бұл  миллионерлердің  мүддесіне  арналған  саясат  емес, 
миллиондағандар үшін саясат. 
Оның ең маңызды аспектісі салық саясаты болды: қоғамның барлық аз қамтылған қабаттарын 
салық  салудан  босату,  жанама  салықтарды  көтеруден  бас  тарту,  әлеуметтік  бағдарламаларды 
қаржыландыруды  ауқатты  азаматтарды  кейбір  субсидиялардан  айыру  мен  жоғары  салық  салу 
есебінен  жүзеге  асыру.  Реформа  барысында  зейнетақы  мен  басқа  да  мемлекеттік  жәрдемақылар 
бірнеше есе көбейді. 
Нарықтың  әлеуметтік  бағыттылығы  қоғамның  барлық  сфераларының,  ең  алдымен  оның 
экономикалық негізін мемлекеттік реттеуді күшейтуді қарастырды. Эрхард қоғамды қалыптастыра 
алатын,  «конституциялайтын»,  «басқаратын»  және  «реттейтін»  күш  ретіндегі  қуатты  мемлекет 
идеясын  ұстанды.  Іс  жүзіне  келгенде  де,  мемлекет  Эрхард  тұсында  «әлеуметтік  нарықтық 
шаруашылықты» қалыптастыруға нақты бағыт алған әлеуметтік-экономикалық процеске белсенді 
әрі мақсатты түрде араласып отырды. 
Дәл  Эрхард  тұсында  ғылыми  айналымға  монетаристтік  типтегі  мемлекетке  қарама-қарсы 
«әлеуметтік мемлекет» термині енді. 
Монетаризмнің мәні – мемлекеттік басқарудан бас тартып, нарықтық конъюктураны орнатқан 
кезде халықтың жұмысбастылығы мен бағалардың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Монетаризм 
әлеуметтік  сақтандырудың  мемлекеттік  жүйесіне,  мемлекеттік  медициналық  көмек  мен  білім 
беруге, стихиялық нарықтық  экономикаға мемлекеттің араласуына қарсы шығады. Монетаризмге 
қарағанда  әлеуметтік  мемлекет  қоғамдық  процестерді,  соның  ішінде  нарықты  реттеп  отырады; 
барша  халықтың  мүддесі  үшін  әлеуметтік  саясат  жүргізеді.  Әлеуметтік  мемлекет  барлық 
жұмысшыларға  жақсы  өмір  сүруге  қол  жеткізуіне,  ұжымдық  іс-әрекеттер  арқылы  әл-ауқаттылық 
пен  еңбек  жағдайларын  жақсартуға  құқық  береді.  Бұл  халық  ауқаттылығын  жаппай  көтерудің 
факторы болып табылады. 
Эрхардтың тұсында жан-жақты әрі өзара байланысқан әлеуметтік-экономикалық, валюталық-
қаржылық,  ғылыми-техникалық,  инвестициялық  және  экономикалық  саясат  арқылы  мемлекеттің 
нарықтың  қызмет  ету  механизміне  ықпалы  күшейді.  Директивті  нақты  көрсеткіштердің  орнына 
белгілі бір индикативті көрсеткіштерді орнатуды қарастыратын индикативті жоспарлау тәжірибеге 
енгізілді. 
Индикативті  жоспарлар  көп  жағдайда  баспа  беттерінде  ешкімді  ешнәрсеге  міндеттемейтін 
көрсеткіштердің  жиынтығы  ретінде  баяндалады.  Осылайша,  еріксіз  негізі  жоқ  «классикалық» 
формуласы туындайды, яғни барлық директивті емес жоспарлар – бұл «болжам-жоспарлары», «бал 
ашу-жоспарлары».  Дегенмен,  ФГР-дағы  индикативті  жоспарлар,  бұрынғы  КСРО-дағы  директивті 
жоспарлардан  жалпы  алғанда  жақсы  орындалды.  Индикативті  жоспарлардың  жоғары  тиімділігі 
бірқатар факторлармен анықталынды, ең алдымен оларды орындау кезінде мықты экономикалық, 
құқықтық,  әкімшіліктік  инструментарий  іске  асырылды.  Соғыспен  әлсіреген  ФГР-дың  60  ж. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
109 
соңына  қарай  АҚШ-пен  тең  дәрежеде  бәсекелесе  алуы,  көп  жағдайда  сәтті  индикативті 
жоспарлаумен түсіндіріледі. Бұл сәттіліктің негізін келесідей факторлар құрады: 
-
 
әлемдік  экономикалық  ғылымның  түгел  жетістігін  қолданған,  жоспарлауды 
құраушылардың жоғары квалификациясы; 
-
 
осы  жоспарларды  жүзеге  асыру  кезіндегі  инструментарий  мен  әдістердің  әртүрлілігі, 
қандайда да болсын догматизм мен ыңғайлардың тарлылығының жоқтығы
-
 
кәсіби  мемлекеттік  аппараттың  табандылығы  мен  бірізділігі,  саяси  тұрақтылық 
сақталмаған  жағдайларда  да,  ол  қабылданған  бағдарламаларды  жүзеге  асыруда  келеңсіздіктерге 
жол бермеді; 
-
 
жақындағы және алшақтағы перспективаларға әлеуметтік-экономикалық дамудың басты 
мақсаттарына кең ауқымды ұлттық келісімді жасап шығару; 
-
 
біртіндеп  таптық  конфронтацияны  әлсіретіп  отырған  әлеуметтік  серіктестік 
атмосферасы,  жұмысбастылық,  еңбек  жағдайы  мен  табыстар  аймағындағы  саясаттағы 
келісімдерсіз елде индикативті жоспарлаудың негізін бұзушы жаппай бас көтерулер жалғасушы еді. 
ФГР-дағы  әлеуметтік  бағытталған  нарыққа  өту  тек  шаруашылық  жүргізудің  формаларын 
өзгертуге  ғана  емес,  сонымен  қатар  бірқатар  әлеуметтік-мәдени  проблемаларды  шешумен  де 
байланысты  болды:  миллиондағандардың  өмір  сүру  образын,  мінез-құлық  пен  ойлау 
ерекшеліктерін өзгерту. 
ФГР-дағы реформаларды зерттеп қарастырған ресей социологтары Эрхардтың реформаторлық 
қызметін  қорытындылай  келе,  оның  мақтан  тұтарлық  жетістіктерге  жеткенін  атап  өтуде.  «Неміс 
ғажайыбы»,  ең  алдымен,  қоғам  дамуының  әлеуметтік  бағытталған  моделін  дұрыс 
таңдағандығының  арқасында  жүзеге  асты.  Эрхард  жүргізген  экономикалық  реформа 
экономикалық-саяси  мәселелер  бойынша  шешімдерді  қабылдау  мен  жүзеге  асыру  процесінде 
азаматтардың  қатысуынсыз,  көпшіліктің  қатысуынсыз  жетістіктерге  жетпес  еді.  Сонымен  қатар 
реформаның сәттілігі Эрхардтың өз елінің ғалымдарының көмегін пайдаланғанына да байланысты 
болды.  Мысалға,  мемлекеттік  заңға  сәйкес,  ФГР-дың  жалпы  экономикалық  дамуын  бағалау 
бойынша  эксперттік  кеңес  құрылған,  кеңес  үкіметтің  шаруашылық-саяси  шешімдер  қабылдауы 
үшін қажетті бастапқы ұсыныстарды жасап отырған [2]. 
Көріп  отырғанымыздай,  ФГР-дағы  әлеуметтік  мемлекет  құру  бойынша  реформа  сәтті 
жүргізілген, соғыстан кейінгі кезеңде елдің экономикасын, әлеуметтік әл-ауқатын көтеру маңызды 
басымдыққа айналды. Әрине, соғыстан кейін қандай да болсын елдің басты мақсаты елдің еңсесін 
көтеру,  Кеңес  елі  де  соғыстан  кейінгі  кезеңде  үлкен  жетістіктерге  жетті.  Алайда  Кеңес  Одағы 
құрған экономикалық жүйе ұзаққа бармады, 80 жылдары ол құлдырауға ұшырады, керісінше, ФГР 
қазіргі  таңда  дамыған  елдердің  қатарында,  экономикалық  дамуындағы  жетістіктері  жоғары, 
тұрғындарының әл-ауқаты да лайықты дәрежеде. 
Қытай:  реформалар  және  олардың  нәтижелері.  Қытайдың  саяси  аймағында  нақты  жағдай 
қалыптасса,  (Қытай  компартиясы  билікті  өз  қолынан  жібермей  отыр  және  болып  жатқан  әлеуметтік 
процестердің  ықпалымен  дербес  демократиялық  қайта  құру  жолымен  жүруде),  елдегі  әлеуметтік-
экономикалық даму қарама-қайшылықтарға толы. 
Бірқатар проблемалар «бір қалыпсыз дамуға» деген саяси бағытпен туындады, бұл бағыт Пекинде 
Дэн  Сяопиннің  кезеңінен  бері  жүргізілген.  Бұл  бағыттың  мәні:  байлық  –  бұл  зұлымдық  емес,  егер 
қоғамның  бір  бөлігі  басқалардан  тез  байып  кетсе,  онда  ол  мемлекет  үшін  жағымды  әсер  береді  және 
қоғамның бүкіл мүшелеріне материалдық әл-ауқатын синхронды түрде жақсарту мүмкін емес. Осылайша 
біреулерге басқалардан жақсы өмір сүруге құқық берілді. Нәтижесінде қазіргі КХР-ның түрлі әлеуметтік 
топтары мен түрлі аймақтарының даму деңгейінде қатаң алшақтық бар және бұл нақты проблема болып 
табылады. 
Бұл  проблема  екі  деңгейде  көрініс  табуда.  Бірінші  деңгейде  –  бұл  қоғамның  таптарға  бөлінуі. 
Қытайда реформа жылдары екі анық көрініс тапқан байлар мен тым кедейлер қабаты пайда болды. 
Ресми статистика бойынша, соңғылары халықтың 3% құрайды (25 жыл бұрын олар 25% құраған). ҚХР-
ның 10% ең кедей отбасыларына жиынтық мүліктің 1,4% келеді, ал 10% ең бай отбасыларына 45% 
келеді [3]. 
Бұрын кедейлік тек ауылдық жерлерге ғана тән болған. Қазіргі кезде табысы аса жоғары емес күн 
көріс  минимумынан  төмен  табатын  қалалықтардың  саны  Дамудың  азиялық  банкінің  есептеулері 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
110  
бойынша 37 млн. адамға жеткен, немесе қалалық тұрғындардың жалпы санының 8%-ын құрайды. Бүгінгі 
таңда  қала  мен  ауыл  халқының  табыстарының  алшақтығы  3,24:1  құрайды.  Сонымен  қатар  елде 
жұмыссыздық өсуде. Қалаларда ол 10%-ға жетіп, қауіпті шегіне жақындауда. ЖІӨ жылына 7%-ға өсуімен 
қосымша  жаңа  10  млн.  жұмыс  орындары  ашылуда.  Алайда  мемлекеттік  мекемелерден  жұмыстан  өз 
еркімен  шыққандар  мен  ресми  тіркелген  жұмыссыздарды  жұмысқа  орналастырудағы  жыл  сайынғы 
қажеттілік бұл көрсеткіштен екі жарым есе асып түседі [3]. 
Екінші деңгейде – шығыстағы жағалаулық аймақтар мен ішкі батыстық аймақтар дамуындағы 
айырмашылық. Бұл алшақтықтың үлкендігі соншама, Шығыс аймақтар басшыларының бекітілген 
жобалар  шеңберінде  Батыстың  артта  қалған  аудандарына  көмек  көрсету  бойынша  орталықтың 
директиваларын  орындаудан  бас  тартып  отыр.  Шығыс  Қытайдың  ең  бай  провинциясы  Батыс 
Қытайдың ең кедей провинциясынан он есе бай екен. Қытайдағы донор-провинциялардың жүйелі және 
жаппай көмекті қажет ететін провинциялардан аз болуы проблеманы қиындатуда. 
Қоғамның  таптарға  бөлінуі  –  қазіргі  заманғы  ҚХР-ның  осал  жері,  алайда  фактілер 
коммунисттік  басқару  саясатының  тиімділігін  көрсетуде.  Қытай  үкіметінің  әлеуметтік 
бағдарламаларды  бірқалыпты  жүзеге  асыруы  жоғары  баға  беруге    лайық.  Бірнеше  жыл  бұрын 
Пекиннің  әлеуметтік-экономикалық  саясаты  «біреулер  басқалардан  жылдамырақ  байысын»  деген 
саясаттан, қытай қоғамының едәуір көпшілігін және елдің артта қалған аймақтарын дамыту мен қолдау 
бағытына  қарай  ауысты.  Бұндай  бетбұрыстың  нәтижесі  2001  жылғы  үкіметтің  әлеуметтік  саясатының 
негізі ретінде жарияланған «Сяокан» бағдарламасы болды [3]. 
Бүгінгі таңда ел «сяокан қоғамын құру» деген ұранмен өмір сүруде, яғни «шағын әл-ауқаттылық» 
қоғамы, дәстүрлі мағынада бұл бүкіл тұрғындарды минималды материалдық игіліктермен қамтылған 
және  оның  ешқандай  да  бөлігі  өзінің  материалдық  мүмкіндіктерінің  кесірінен  қандай  да  бір 
өркениеттің жетістіктеріне қол жеткізе алмай қалмайтын елді білдіреді. Сонымен қатар, сяокан  өмір 
деңгейін    елеулі  тұрғыда  жоғарлатуды  ғана  емес  (халқының  табысы  орташа  елдердің  деңгейіне 
немесе  тіпті  біршама  жоғарғы  көрсеткіштерге  дейін),  сондай-ақ  білім  беру  дәрежесін  көтеруді, 
өмірдің ұзақтығын арттыру, ауыл тұрғындарының едәуір бөлігінің жоқшылығын  жоюды білдіреді. 
Бұл  процесс  қытай  басшылығы  қалағандай  жылдам  болмаса  да,  осыған  қатысты  елдің  жағдайы 
жақсара  түсті.  Сонымен  қатар,  Пекинде,  біріншіден,  көп  жылдық  тоқыраудың  салдарларын  және 
қоғамға жасалған экономикалықтан тыс қысымды, екіншіден, өз дамуын өз бетінше қамтамасыз ете 
алулары  үшін  барлық  аймақтардың  экономикалық  өмірін  қалпына  келтіру  және  үшіншіден, 
қоғамдағы барлық дисбаланстарды қысқарту үшін қажетті құралдар бар. 
 «Қытайдың  батыс  аймақтарын  кең  ауқымды  игеру  стратегиясы»  бағдарламасының  маңызы  зор. 
Бұл  бағдарлама  90  жылдардың  соңынан  іске  асуда  және  бағдарламамен  қамтылған  ҚХР-ның 
Батысындағы 12 әкімшілік субъект үшін оң нәтижесін берді. 
Бүгінгі таңдағы Қытай туралы айта отырып, бірінші кезекте билік басындағы Компартия жүргізген,  
бұрын-соңды  болмаған  экспериментке  зейін  аударылады.  Социализм  мен  нарықтық  экономиканы 
біріктіру  – 20 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан осы эксперименттің мәні, және бұндай 
симбиоздың  болу-болмауы  туралы  талас-тартыстар  әлі  күнге  дейін  толастамауда.  Іс  жүзінде  бұл, 
планетадағы  ең  халқы  көп,  ХХ  ғасырдың  80-жылдарының  бас  кезінде  кедейлікте  өмір  сүрген  және 
апаттық артта қалған елді, халықаралық саясаттың жаңа беделіне, әлемдегі экономикалық алыптардың 
біріне, үшінші ғарыштық державаға, өзінің жаңа жетістіктерге қабілетімен өзіне бүгінгі таңда ешкім де 
ескермей кете алмайтын көзқарастар мен пікірлерді тартатын мемлекетке айналдыра отырып, аймақтық 
көшбасшылардың қатарына шығаруға мүмкіндік берді [3]. 
Шет  елдік  тәжірибенің  жағымды  жақтары  ол  -    аз  қамтылған  отбасылардың  өзінің  өміріне 
жауапкершілікті  белгілейтін  нормалардың  болуы,  сондай-ақ  жұмыспен  қамту  түрлерін  кеңейту 
отбасыны  терең  кедейліктен  шығару  және  адами  капиталға  инвестиция  тартуға  мүмкіндік  беретіндігі 
болып табылады. 
Бұл жоғарыда айтылған тәжірибелер кедейлікпен күресте  еңбек әлеуетін жандандыру және қолда 
бар  ресурстарды  тиімді  пайдалану,  екі  тараптың  өзара  міндеттемелерін,  әрекеттерін  көрсете  отырып, 
әлеуметтік  және  кәсіптік  бейімдеу  бойынша  қызметтер  көрсету  есебінен  отбасының  өмірлік  қиын 
жағдайлардан шығуының жеке жоспарын құруды тиімді жолдар ретінде көрсете білді. 
 
 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 2. 2015  
 
 
111 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет