Нанокіріспе: «Төменнен-жоғары» әдістер. Олардың түрлерін келтіріп, рөлін түсіндіру



бет1/12
Дата06.10.2022
өлшемі1,39 Mb.
#41604
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Нанокіріспе:


  1. «Төменнен-жоғары» әдістер.Олардың түрлерін келтіріп, рөлін түсіндіру.

Төменнен жоғары әдістер дегеніміз белгілі бір бөлшектердің қосылуы арқылы нанобөлшектердің пайда болуы.Бұған жататын әдістер: газфазалық синтез, электрдоғалық буландыру, золь-гель әдісі, гидротермалды әдіс,химиялық будан тұндыру.Мысалға, золь-гель әдісі бізде гомогенді ерітіндінің зольге, одан соң гельге ауысуына негізделген әдіс.Химиялық будан тұндырумен салыстыратын болсақ, бізде зол-гель әдісінде көбіне коллоидты ерітінділер пайдаланылады, ал свд да қатты субстрат пайдаланылады.Свд да әртүрлі табақшалар қолданып, әртүрлі температурада жүргізуге болады. Плазмохимиялық синтезде газды конденсациялау арқылы нанобөлшектерді алу, яңни тез қыздырады, тез салқындатады. Сол кезде нанобөлшектердің тез өсуі жүзеге аспайды, көп мөлшерде алуға болады.Газфазалы синтезге келетін болсақ, нанобөлшектерді біз белгілі бір температура мен төменгі қысымда буландырып, конденсациялау арқылы алады. Наноматериалдарды алуда біз көбіне СВД әдісін қолданамыз.




  1. «Жоғарыдан-төмен» әдістер.Олардың түрлерін келтіріп, рөлін түсіндіру.

Жоғарыдан төмен әдістер дегеніміз белгілі бір өлшемді затты ұнтақтау, бөлу арқылы нанобөлшектер алу әдістері.Жалпы жоғарыдан төмен әдістерге жататын әдістер: механикалық ұнтақтау, сонохимия, гетерогенді жүйенің компонентін жою (фотолитография). Ұнтақтау дегеніміз - сыртқы күштердің әсерінен (мысалы, механикалық, жылу және т.б.) қатты заттардың құрылымының бұзылып жеке бөлшектерге айналу (деформациялану) процесі. Материалды механикалық ұнтақтау процестерінде оның бастапқы құрылымын бұзып ыдратуға: ұсақтау, бөлшектеу, қажалу, соққылау операциялары қолданылады. Оларды ұнтақтауға мельницалар пайдаланылады. Шаровая мельница, вибрационная мельница, планетарная мельница. Сонохимия дегеніміз ультрадыбыстық толқындар арқылы химиялық реакциялар мен процесстерге әсер ету. Сонохимия процесі дыбыстық немесе ультрадыбыстық жоғары қарқындылықпен сәулелену кезінде акустикалық кавитация пайда болуымен байланысты. Кавитация деп- бумен және газбен толтырылған, көпіршіктер пайда болған сұйық ағынының жарылуын айтады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет