Нашақорлықтың зияндығы



Дата02.05.2023
өлшемі17,63 Kb.
#88947

«О.Тайманов атындағы жалпы орта мектебі»
КММ-нің 9-сынып оқушысы
Амангелді Аяарудың «Нашақорлықтың зияндығы»
атты тақырыбында жазған шығармасы.

Нашақорлықтың зияндығы
Нашақорлық-қазіргі заманның басты дерті болып отыр,сонымен қатар елдің дамуына да орасан зор зиянын тигізуде.
Нашақорлықтың елге танылған,зияндысы – есірткі болып табылады. Әдетте, адамның әрекеттерінде,ой-сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи немесе синтетикалық заттарды «есірткі» деп атаймыз. Мектеп қабырғасында немесе арнайы мекемелерде есірткіге жоламау,сонымен қатар қабылдамау мақсатында жиі айтылып жатады.Бірақ, қазіргі жастарымыз,оны бір рет қабылдап көрсең ештеңе болмайды деп ойлап,тағдырларына балта шауып жатқандары қаншама...
Егер де,адам өзінің болашағын ойлап,есірткі сынды зиянды қоспаларға жоламайтын болса,елінің болашағын ойлап,ертеңін көркейтетін ұрпақтың сара жолы деп білемін.
Есірткіні бір рет қабылдасаң,оған тәуелді болып қаласың деген түсінік қалыптасқан.Бұл дегеніміз- табиғи немесе жасанды жолмен түзілген,адамның психикасына кері әсер ететін химиялық қосылыстардың, адамның миына шабуыл жасап,оны өз ырқына көндіруі деген сөз.Бұл қоспалардың адам ағзасын өзіне тәуелді немесе бағынышты ету мүмкіндігі өте жоғары болғандықтан, жүйке жүйесі әлі толық қалыптаспаған жасөспірімдерге қатты зиянын тигізеді.
Ал,егерде есірткіні пайдаланған жағдайда адамның ұйқысы бұзылады, күні бойы шаршап-шалдығады, көңіл-күйі кенеттен өзгереді,сонымен қатар уақытын бос нәрселерге жұмсап айналасындағы адамдарға кесірін тигізеді. Егерде адам есірткіні ағзасы қажет еткенде, дер кезінде ала алмаса, ,азаптанып,айналасындағыларды жақтырмай,тіпті, кісі өлтіруге де барады. Сондықтан, бұл қауіпті аурудан бірден құтылып кету оңай емес. Былайша айтқанда, есірткі-елдің болашағын ұрлаушы, үлкен қасірет болып тұр. Атап айтқандай, есірткі бір қолданып, тастап кете салатын ойыншық емес,ойланбай отқа түсетін болсаң, ол шыңыраудан енді құтыла алмайсың деген сөз. Менің бұл шығарманы жазудағы мақсатым – елдің болашағы жастар, біздерді, осы зұлматпен хабардар ету, осындай елдің,жасөспірімнің болашағын ұрлайтын зиянды заттардан аулақ қылдыру. Қоғамға зиянын тигізетін көптеген кеселдер туралы мектеп қабырғаларында айтылғанын қалаймын. Еліміздің дамуы үшін, жастарымызды шыңыраудан босатуымыз қажет және нағыз бақытсыздық – НАШАҚОРЛЫҚТЫ жоюымыз қажет.
Сондықтан,барлық адамзат атаулысын нашақорлықты таңдап,азап шегуге емес, бақытты әрі егеменді өмір сүруге шақырамын. Елдің ертеңі – жастардың қолында. Өз ойымды тәмамдай келе, дана Абайдың 31-қара сөзінде айтылғандай: «Күллі ғаламды құртатын ой-кесел,оған құмарпаздық жатады» Ойымызды да,бойымызды да таза ұстап,рухымызды жоғалтпай,аманатқа қиянат жасамайық дегім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет