Научный журнал


ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ



жүктеу 2.29 Mb.
Pdf просмотр
бет6/32
Дата15.03.2017
өлшемі2.29 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
31 
дагогикалық  ұжымдары  ұсынып  отырған 
көп  нұсқалыққа  байланысты  өздерінің 
қалауына  сәйкес  кез  келген  үлгі  бойынша 
қызмет етуіне мүмкіндік алды [5]. 
Бұл  бағытта  білім  берудің  әртүрлі 
нұсқадағы  мазмұны,  құрылымы,  ғылымға 
және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, 
жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүр-
лі  оқыту  технологияларын  оқу  мазмұны 
мен  оқушылардың  жас  және  психология-
лық  ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тәжі-
рибеде  сынап  қараудың  маңызы  зор. 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың 
озық  технологияларын  меңгермейінше 
сауатты,  білікті  маман  болу  мүмкін  емес. 
Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің 
интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік, 
рухани,  азаматтық  және  де  басқа  көптеген 
адами  қабілетінің  қалыптасуына  игі  әсерін 
тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие 
үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмек-
теседі. 
Ал,  жалпы  білім  беретін  мектептер 
үшін  педагогикалық  технология  мынадай 
төрт  басты  шартты  қанағаттандыруы  тиіс 
(В.П. Беспалько): 
а)  педагогикалық  технология  оқыту-
дағы  педагогикалық  экспромттарды  жоюы 
қажет; 
ә)  оқушының  оқу  танымдық  қыз-
метінің құрылымы мен мазмұнын анықтай-
тын  оқу-тәрбие  үрдісінің  жобасына  негіз-
делуі қажет; 
б)  оқу  мақсатын  диагностикалық 
зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілуі 
сапасын  дәл  тексеріп  бағалауды  қажет 
етеді; 
в)  практикада  оқу  үрдісінің  толық-
тығын қамтамасыз етуі тиіс. 
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу 
– оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін бас-
қарудың негізгі бір буыны. 
Сабақ  біздің  заманымызда  да  оқы-
тудың  негізгі  түрі  ретінде  қала  бермек, 
бірақ  оның  ерекшеліктері  мен  мүмкін-
діктері  мүлде  жойылған  жоқ,  өзгеріп 
жаңаруда.  Соңғы  кездерде  сабақ  түрлерін 
жетілдірудің  түрлі  жолдары  пайда  болып, 
оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан басқаруға, 
оқу  технологияларын  қолдануға  көңіл 
бөліне  бастады.  Соның  айғағы,  соңғы 
жылдарда  мерзімдік  баспасөз  беттерінде 
оқытудың  жаңа  технологиясы  туралы 
көптеген  мақалалар,  пікірлер  жарияланып 
келеді. 
Қазіргі  заманғы  оқыту  технология-
ларын меңгеру – өте күрделі де ұзақ үрдіс. 
Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті 
әдіс-тәсілдерінен  арылуды  талап  етеді. 
Сондықтан  мұғалімге  оқыту  технология-
ларын  үйретуді  арнайы  кәсіби  тұрғыдан 
ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр. 
Қазіргі  кезеңгі  қоғам  талабына  сай 
оқытуда  жаңа  технологияны  пайдалана 
отырып,  оқушылардың  іс-әрекетін  белсен-
дірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің 
маңызы зор. 
Жаңа технология үрдістерінің талабы 
–  оқушыларға  білім  беруде  оқушылардың 
іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу - 
танымдық  іс-әрекетін  белсендіре  отырып, 
белгіленген  мақсатты  жүзеге  асыруға  қол 
жеткізу. 
Психологияда  белсенділікті  іс-әрекет 
деп  атайды.  Жеке  тұлғаның  белсенділігі 
оның  қажеттіліктерінен  туады  (материал-
дық  және  рухани,  жеке  немесе  қоғамдық 
қажеттіліктер).  Жануарлардан  айырмашы-
лығы  адамның  қажеттіліктері  сәби  жасы-
нан  бастап-ақ  қоғамдық  қажеттіліктермен 
реттелінеді.  Адамның  белсенділігі  (немесе 
оның әрекеті) оның себептеріне, мақсат пен 
міндеттерін  дұрыс  қоя  алуына,  оларды 
орындау  тәсілдерін  дұрыс  таңдай  алуына 
байланысты. 
Белсенділіктің өзіне және жеке тұлға-
ның  қоршаған  ортамен  тәрбиелік  (сыртқы) 
әсерлерге  қатысты  ішкі  ұстанымдарына 
байланысты  ол  әр  түрлі  бағыттарда 
қалыптасуы  мүмкін.  Егер  оқушының  осы 
әсерлерге  деген  көзқарасы  теріс  болса,  ол 
тәрбиешісі  қалағанынан  қайшы  бағытта 
дамиды.  Мысалы,  мұғалім  оқушылардың 
білімін тексеру кезінде оқушының бағасын 
төмендетіп  қояды  да,  оқушы  оған  ренжіп 
қалады.  Мұндай  жағдайда  мұғалімнің 
үлгерімді  жақсартуға  шақырған  әрбір  сөзі 
оқушыда  жасырын,  кейде  тіптен  ашық 
қарсы  әрекет  тудырады.  Тәрбиеші,  оның 
педагогикалық  әсері  ішкі  өрісте,  яғни 
тәрбиеленушінің  санасы  мен  сезіміне  оң 
әсерін  тигізбесе,  барлық  жағдайларда 
әрдайым осылай болып отырады. 
Осының нәтижесінде, жеке тұлғаның 
дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын 
барлық  әсерлер  мен  ықпалдар  екі  топқа  - 

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
32 
ішкі  және  сыртқы  болып  бөлінетін  болды. 
Қоршаған  ортаның  әсері  мен  тәрбие  жеке 
тұлғаның дамуының сыртқы факторларына 
жатады.  Табиғи  әсерлер  –  бейімділік  пен 
әуестік,  сонымен  қатар, адамның  сезімдері 
мен  күйзелістері,  оның  сыртқы  әсерлердің 
ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен 
қажеттіліктері – барлығы ішкі факторларға 
жатады.  Жеке  тұлғаның  дамуы  мен 
қалыптасуы  осы  екі  фактордың  өзара 
байланысының нәтижесі болып табылады. 
Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен 
жұмысы  кезіндегі  белсенділігіне  деген 
іштей  ықпалына  әсер  ететін  болса,  онда 
оның  жеке  тұлғаның  дамуында  шешуші 
рөл  атқара  алатыны  түсінікті.  Осы 
бейімділік  пен  өсіп  келе  жатқан  адамның 
жеке  тұлға  ретінде  жетілуіне  деген  өзіндік 
ынтасы  ғана  түбінде  оның  дамығанын 
анықтайды.  Осылайша  бұл  процесс,  шын 
мәнісінде, 
өзін-өзі 
дамыту, 
өзін-өзі 
тәрбиелеу  сипатына  ие  болады.  Л.Н. 
Толстойдың  адамның  дамуын  жеміс 
ағашының өсуімен салыстыруы тегін  емес. 
Өйткені,  сөздің  тура  мағынасында  оны 
ешкім  өсірмейді,  ол  өздігінен  өседі.  Адам 
тек  қана  топырағын  қопсытады,  тыңай-
тқыштар  себеді,  артық  бұтақтарын  кеседі, 
яғни  оның  өзіндік  мүмкіндік  беретін 
қажетті  сыртқы  жағдайларын  жасайды, 
оған дем береді. Ал өзіндік даму өзінің ішкі 
заңдары бойынша жүреді. 
Оқушылардың 
іс-әрекет 
белсен-
ділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлен-
діріп  өткізудің  маңызы  ерекше.  Мұндай 
сабақтардың  тиімділігін  атап  көрсетсек: 
сабақ  құрылымының  ұйымдастырылуы, 
сыныптағы 
оқушылардың 
іс-әрекетін 
бақылауға  қолайлылық,  оқу-танымдық 
тапсырмаларды  орындаудағы  ұжымдық 
бірлескен  әрекеттің  жүзеге  асуы,  оқыту 
уақытының үнемделуі. 
Мектептегі  оқу  процесі  оқушы-
лардың  ізденімпаздығын,  танымдық  бел-
сенділігін арттырып, шығармашылық әлеу-
етін дамытуына жол ашуы қажет. 
Оқыту  үрдісі  –  екі  жақты  процесс 
болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, 
дербес  іс-әрекеті  мұғалімнің  басшылы-
ғымен  қатар,  олардың  ізденімпаздығын, 
белсенділігін,  өз  ықыласымен  жасайтын 
әрекетін 
де 
керек 
етеді. 
Осыған 
байланысты  кейбір  педагогтар  мен  психо-
логтар  оқушылардың  өзіндік  жұмыста-
рының  негізгі  ерекшеліктері  –  олардың 
ықыласына  және  өз  еркімен  әрекет 
жасауына байланысты деп пікір айтады. 
Оқушылардың  іс-әрекетін,  ізденім-
паздығын  белсендіру  үшін  сыныптан  тыс, 
жеке,  ұжымдық  жұмыстар  ұйымдастыруда 
шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен 
ғылыми-шығармашылық  апталық,  жоба-
лар,  пәндік  үйірмелер  мен  факультативтік 
сабақтардың  маңызы  зор.  Барлық  жұмыс-
тарда  оқушылардың  қалауы,  таңдауы  мен 
ұсыныстарын ескеру  қажет. Оқушылардың 
танымдық  белсенділіктері  мен  ізденім-
паздығын, шығармашылық бағыттылығына 
негізделген  жұмыс  түрлерін  пайдалану  – 
олардың  танымдық  қажеттіліктерін  қа-
нағаттандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі 
пәндік  олимпиадалар,  сайыстар,  көркем 
өнер  және  техникалық  көрмелер,  түрлі 
шығармашылық  кештер  оқушылардың 
ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге 
жетуге ықпал етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Тұрғынбаева Б. Жаңаша оқыту - жетістік 
көзі // Бастауыш мектеп. - 2002. - № 1. - 
8-12 б. 
2.  Сардарова  Ж.  Жаңа  ақпараттық  техно-
логияның  шығармашылық  қабілеттің 
дамуындағы  ролі  //  Бастауыш  мектеп.  - 
2003. - № 5. - 5-8 бет. 
3.  Проект  Государственной  программы 
развития  образования  РК  на  2011-2020 
годы 
4. Таубаева Ш., Барсай Б. Оқытудың қазірri 
технологиялары  //  Бастауыш  мектеп.  - 
1999. - № 3. - 3-8 б. 
5.  Баймұханов  Б.,  Барсай  Б.  Оқытудың 
жаңа технологияларының негізгі ерекше-
ліктері // Бастауыш мектеп. - 2000. - № 8-
9. -3-7 б. 

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
33 
УДК 371.4 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 
МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ 
Кауменова Н.О.
 
 
Бастауыш  мектепті  жаңарту  үйрену-
шіге  толық  мәнді  дербестік  тұрғысынан 
қатынасты  қамтамасыз  ету  мақсатында  бі-
ліми  кеңістікті  ұйымдастыруда  өзгерістер 
енгізумен  қатар,  оқыту  мазмұнында  да 
өзгеріс жасай отырып, оқу пәндерінің кіріс-
тірілу  басымдылығын  қамтамасыз  ету  көз-
деледі. 
Жалпы орта білім беруді жаңарту құ-
жаттарында  көрсетілгендей,  білім  берудің 
мақсаты  баланың  қоршаған  адамдармен, 
тұтастай  әлеммен  және  өз  -  өзімен  оқы-
тудың  алғашқы  кезеңінен  бастап  қарым-
қатынаста  субъект  ретінде  дамуы  орын 
алған. Аталған нұсқаулардың практика жү-
зінде  жүзеге  асуы  білім  үрдісті  ұйым-
дастырудың  әдістері  мен  формаларының 
өзгеруін,  әрекеттік  тұрғыдағы  және  тұл-
ғалық-бағдарлы  оқытудың  жүзеге  асуын, 
ақпараттық  технологиялардың  кең  қолда-
нылуын,  сондай-ақ  барабар  педагогикалық 
негізделген  инструментарийді,  оны  қол-
дану  әдістемесін,  мұғалімнің  онымен  жұ-
мыс істеу даярлығын көздейді [8]. 
Қазіргі  ақпараттық  технологияны 
бастауыш  мектепте  қолданудың  тиімді 
жолдарын  анықтау  барысында  біз  «Кіш-
кене  балаларға  компьютердің  қажеті  қан-
ша?»  деген  сауалға  тоқталмай  кете  ал-
маймыз. Алайда, бұл мәселе жөнінде айты-
латын пікір сан түрлі мазмұнда. Кейбір пе-
дагогтардың  айтуынша,  бастауыш  сынып-
тарда компьютер –оқушы назарының ауыт-
қуына  себепші  болады  десе,  екіншілері 
компьютерді  үнемі  пайдалану  оқушы-
лардың  компьютер  болмаған  жағдайда  қа-
рапайым  қосу,  азайту  амалдарын  орындай 
алмауларына  соқтырады  деген  негізсіз 
қауіп  айтады.  Сонымен  қатар  компьютер 
мектепте  лингафон  кабинеттері  немесе 
теледидар  сияқты  қайран  қалатын  құлық 
және  оның  мектеп  біліміне  маңызды  әсері 
болмайды  деген  пікір  де  қалыптасқан  [8]. 
Біз  бұл  тұрғыда  мектептің  ақпараттық 
ғасырға  бейімделуінен  басқа  таңдауы  жоқ 
деген пікірге толық қосыламыз және қазіргі 
ақпараттық 
технологиялармен 
танысу 
осындай  бейімделудің  кішкене  ғана  бөлігі 
болып табылады. 
А.П.  Ершовтың  және  т.б.  авторлар-
дың  [9]  жұмыстарында  көрсетілгендей, 
оқушылардың  информатиканың  негізгі 
ұғымдарын  меңгеруі  операциялық  деп 
атауға  болатын  қазіргі  ойлау  стилін 
қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл 
информатиканың мектепке оқу пәні ретінде 
енуіне  себепші  болды  және  соған  сәйкес 
бұл  пәнге  оқытуда  оқушылардың  жас 
шамасы шектеулігі мәселесі пайда болды. 
Ақпараттық  технологиялардың  қар-
қынды  дамып,  ақпараттық  қоғамның  қа-
лыптасуына  байланысты  біздің  елімізде 
және  дамушы  шет  елдерде  де  ақпараттық 
мәдениет  қалыптастыру  қажеттігі  бай-
қалды.  Бұнда  ақпараттық  мәдениет  ұғымы 
оқушылардың  қазіргі  ақпараттық  техноло-
гияларды  меңгеруі  ғана  емес,  сонымен 
қатар  әлемге  жаңа  көзқарас  тұрғысынан 
қарау, жаңа қоғам талабына барабар ойлау 
стилін  қалыптастыру  деп  түсінілді  [10]. 
Сөйтіп,  мектепте  информатиканы  оқыту-
дың  базалық  кезеңіне  мектептің  оқу 
үрдісіне информатиканың бастапқы курсын 
кірістіру - бұл қолданыстағы білім жүйесін 
толықтыру  қажеттігін  мойындауы,  уақыт 
талабына  сәйкес  оның  бейімделуі  болып 
табылады.  Білімде  бұндай  төмен  қарай 
«жылжу» (оқу пәнін бастауыш сыныптарда 
оқыту)  айтарлықтай  жиі  болуда  және  оны 
жетілдірудің бір тәсілі болып есептеледі. 
«Бұнда  басты  ескерілетін  мәселе  - 
бұл информатика пәні не мектеп пәндерінің 
ешбіреуін  алмастыруды,  не  оның  жалпы 
жүйесінде пәннің ролін өзгертуді, не гума-
нитарлық  және  жаратылыстану  пәндерінің 
қарама-қатысын  қайта  бөлуді  мақсат 
тұтпайды. Ол тек мектепте оқылатын әрбір 
пәнге  жаңа,  өте  жетілдірілген  деңгейдегі 
құралды ұсынады және ол құралды қолдана 
алатын  мұғалімге  оқушылар  алдында  өз 
пәнінің мәнін терең және тиімді түрде аша 
алуына  көмектеседі.  Сондай-ақ  ерекше 
атап  көрсетілетіні  оқушылардың  ақпарат-
тық  технологиямен  қарым-қатынасын  жас 

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
34 
ерекшелігіне қарай шектеуін анықтауда ба-
лалардың 
компьютерде 
және 
пери-
фериялық  құрылғыларда  жұмыс  істеудің 
техникалық  дағдыларын  меңгеру  қабілеті 
туралы  ғана  сөз  етілмейді.  Керісінше, 
бұндай  құрылғыларды  түрлі  ойындарда 
қолдану  машинамен  қарым-қатынасты  тек 
тәрбиелік  жағынан  мәнді  етумен  қатар, 
қызықты  да  қол  жетімді  етуі  мектеп 
жасына  дейінгі  балалардың  ең  сүйікті 
ойыншығы  ретінде  компьютерді  таңдау-
ларына себепші болады» [11]. 
Аталған  зерттеу  жұмыстарын  талдау 
барысында  байқайтынымыз  –  бұл  Е. 
Смирнов  бір  пән  «информатика»  шеңбе-
рінде барлық пәнге оқытуды қолдаса, ал В. 
Буцик  информатиканың  бөлек  курс  болып 
бөлінуін  құптайды.  Б.  Хантер  компьютер-
лік  техниканы  бастауыш  мектеп  оқушы-
ларының  оқу  үрдісінде  қолданудың  басты 
дәлелін  «білім  алуға  тең  құқылы»  ұста-
нымымен  түсіндіреді.  «Егер  барлық  бала-
ларға  есептеу  техникасының  барлық  мүм-
кіндіктерін  қолдануға  үйрету  міндеті  қой-
ылса,  компьютерді  үйрену  тек  жоғары  сы-
нып  оқушыларының  құзырында  ғана  бола 
алмайды» [12]. 
Екінші  сауаттылық  біріншімен  бір 
уақытта  меңгерілуі  тиіс  деген  пікір  логи-
калық тұрғыда тиімді болып табылады. Бұл 
жөнінде  журналист  Е.А.  Кубичева  тілші-
лердің берген сұхбаттарын жалпылай келе, 
мынадай тұжырымға келеді: «Егер бүгін ел 
көлемінде  екінші  сауаттылықты  меңгеру, 
соған  орай  белгілі  деңгейде  жаңа  сапалы 
ұрпақ  қалыптастыру  туралы  сөз  қозғалып 
жатса,  ал  сол  екінші  сауаттылықты  және 
оған  сай  мүлдем  жаңа  дағдыларды  қалып-
тастыруды  барынша  ерте  бастауға  болмай 
ма?»  Автордың  пікірінше,  екінші  сауат-
тылық  біріншімен  қатар  меңгерілу  қажет. 
Және  ол  тек  бірмезгілде  емес,  тұтастай 
сіңісу  негізінде,  яғни  сан,  әріп,  буын, 
олардың күрделі өзара қарым-қатынасы өте 
көрнекі  де,  қашан  да  өз  көмегін  ұсынудан 
жалықпайтын  және  ашу  мен  дауыс  көте-
руге  жол  бермейтін,  сонымен  қатар  өзінің 
құпиялығымен,  күрделілігімен  тартымды 
көмекші ЭЕМ көмегімен меңгерілуі тиіс. 
Ақпараттық технологияларды бастау-
ыш  сыныптың  оқу  үрдісіне  енгізу  туралы 
өз  пікірін  И.  Белавина  былайша  білдіреді: 
«Компьютердің жаңалығының мәні онымен 
өзара әрекет  етуде  ерекше  көтеріңкі  көңіл-
күй  сезіміне  толы.  Бұл  іс-әрекеттің  интел-
лектуалды  құрамы  үшін  ғана  емес,  соны-
мен  бірге  анықталған  ынталы-тұлғалық 
білім  үшін  де  қолайлы  жағдай  туғызады». 
Автор  бұған  қоса,  компьютермен  жұмыс 
ересек  адаммен  немесе  құрбысымен 
ынтымақтастықтың  қажеттілігін  қалып-
тастырады деген тұжырымға келеді [13]. 
Белгілі  психологтар  В.В.  Давыдов, 
В.В.  Рубцов,  А.А.  Криницкийдің  оқу  іс-
әрекетін  ұйымдастыруда  компьютерлік 
жүйелерді  қолдану  проблемасы  бойынша 
жүргізген  зерттеу  қорытындысы  бойынша, 
компьютер  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру 
қызметін  атқарады,  бұл  өз  кезегінде  ойлау 
үрдістерінің  дамуының  алғы  шарттарын 
құрайды  (жоспарлау,  рефлексия,  талдау, 
түсіну). 
Көптеген  мамандардың  пайымдау-
ынша,  компьютерді  оқу  үрдісінде  қолдану 
оқыту  технологиясында  маңызды  өзгеріс-
терге  себепші  болады.  Басқа  техникалық 
құралдармен  салыстырғанда  компьютер-
лердің  басты  басымдылығы  мен  жетістік-
тері неде десек, оны Е.И. Мащбиц былайша 
сипаттайды:  компьютер  оқу  ақпаратын 
ұсыну  мүмкіндіктерін  кеңейтеді  және  ол 
түс,  графика,  мультипликация,  дыбыс  пен 
барлық  қазіргі  бейнетаспа  техникасы 
арқылы жүзеге асады. Ашып айтсақ: 
1)  Компьютер  оқуға  деген  ынтаны 
күшейте алады. Бұған компьютердің жаңа-
лығы,  берілетін  материалды  басқару  мүм-
кіндігі,  мұғалім  тарапынан  берілетін  түрлі 
ой-пікірлерді  болдырмау,  дұрыс  емес 
жауаптан қорқуды жою себепші болады; 
2) Компьютер  оқушыларды оқу үрді-
сіне  белсенді  жұмылдырады.  Оның  көме-
гімен әрбір оқушыға материалды меңгеруге 
қажетті  қарқынмен  қоюға,  оны  бақылауға 
алуға, керек кезінде қайтадан материалдың 
керек  жерін  қайталауға,  оқушы  тарапынан 
басқару  және  онымен  қарым-қатынасқа 
енуге, оқу үрдісінің жүру деңгейі бойынша 
пікір айтуға болады; 
3)  Қолданылатын  оқу  есептері  жина-
ғы едеуір  кеңейеді. Оқушылар нақты есеп-
терді шешу мүмкіндігіне ие  болумен қатар 
оларды  шешуді  басқара  алады  және  бұнда 
ол  әрекеттің  жалпыланған  тәсілін  меңгере 
алады.  Әрекеттің  жалпыланған  тәсілін 
меңгеру  оның  анықталған  типтегі  тапсыр-

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
35 
маларды  шешуді  үйренді  дегеннің  кепілі 
бола алады; 
4) Компьютер оқушылардың әрекетін 
бақылауын сапалы түрде өзгертуге мүмкін-
дік  беріп,  оқу  үрдісін  икемді  басқаруды 
қамтамасыз етеді. Компьютердің көмегімен 
бір мезгілде бірнеше оқушы сұралып, олар-
дың  жауаптары  тексеріліп  және  қателік-
терінің  болу  себептері  нақты  анықтала 
алады. 
5)  Компьютер  оқушылардың  өз  іс-
әрекеттерінің  рефлексиясының  қалыпта-
суына  көмектеседі.  Ол  оқушыларға  өз  іс-
әрекеттерінің нәтижесін ұсынуға мүмкіндік 
береді  немесе  тестілеу  программасының 
көмегімен  олардың  тұлғалық  ерекше-
ліктерін  бағалауға,  яғни  ынтасын,  өзін-өзі 
бағалау  дәрежесін  анықтауға  көмектеседі 
[14]. 
Бастауыш  мектептегі  практик-мұға-
лімдердің  тәжірибесіне  сүйенсек,  ақпарат-
тық технология қолдану арқылы бастауыш 
сынып  оқушыларын  математикаға,  қазақ, 
орыс,  ана  тілдеріне,  еңбекке,  геометрияға 
және  құрастыруға  үйретуде  төмендегі 
мазмұндағы жетістіктер байқалған: 
-  компьютермен  жұмыс  оқушы-
лардың оқу ынтасын арттырып, дамытады; 
-  компьютермен  жұмыс  барысында 
оқушыларда  өз  мүмкіндіктері  туралы 
нақты өзіндік бағалау қалыптасады; 
-  бағдарламалық  қамтамасызданумен 
жұмыс  нәтижесінде  оқушыларда  іс-әрекет 
құрылымы  мен  жүру  тәртібі  туралы  нақты 
мағлұмат қалыптасады; 
-  алгоритмдерді  оқытуда  немесе 
материалмен  жұмыс  барысында  қолдану 
оқу  үрдісінің  уақытын  қысқартып,  оның 
тиімділігін арттырады [15]. 
Ақпараттық  технологияларды  бас-
тауыш  мектептің  пәндерін  оқытуға  ендіру 
оқу  техникасының,  бағдарламалық  қам-
тамасыздандыруға  және  мұғалімнің  мақ-
сатына  қарай  түрлі  деңгейде  көрініс  таба 
алады [16]: 
-  ақпараттық  технологияны  дәстүрлі 
курстардың  кейбір  тарауларында  ішнара 
қолдану  (бақылау, керекті дағдыны қалып-
тастыру және кейбір үрдістерді демонстра-
циялау үшін); 
-  дәстүрлі  курстар  үшін  компью-
терлік  қолдауды  жасау  (ақпараттық  техно-
логия  курс  материалын  өтуде  үнемі  қол-
данылады); 
-  түрлі  пәндер  бойынша  жаңа  ком-
пьютерлік  курстар  жасау  (оқыту  техноло-
гиясы  сапалы  деңгейде  өзгереді,  компью-
тер  курстың  бөлінбейтін  бөлшегі  болып 
табылады). 
Ақпараттық  технологияның  баланы 
дамыту  құралы  есебінде  ролі  зор.  Өйткені 
мамандардың  айтуынша,  кез-келген  бала-
ларға  арналған  компьютер  программасын 
дамытушы  есебінде  қарастыруға  болады 
және  олар  қабылдау,  есте  сақтау,  елестету 
сияқты 
жеке 
тұлғаның 
маңызды 
психикалық  қасиеттерін  дамытуға  көмек-
теседі.  Алайда,  соның  ішінде  жеке  тұлға-
ның  нақты  қасиеттерін  дамытуға  бағыт-
талған және психологиялық-педагогикалық 
мақсатқа  сәйкес  жасақталып,  бастауыш 
сынып  оқушысының  психикалық,  психо-
физиологиялық 
даму 
заңдылықтарына 
негізделген  бағдарламалық  қамсыздан-
дыруларды  қолданғанда  ерекше  тиімді 
нәтиже алуға болады деп атап көрсетеді. 
Бұған қоса ақпараттық технологияны 
оқушылардың  информатика  элементіне 
үйрету  үрдісінде  пайдалану  танымдық  іс-
әрекеттің  иносферасына  нақты  әсер  етуіне 
қатысты зерттеу деректері орын алған және 
бұл  мәселемен  қазіргі  кезде  педагогтар, 
философтар, психологтар айналысуда. 
Оқытудың  қазіргі  ақпараттық  техно-
логиясын  және  дәстүрлі  оқытуды  қолдану 
деңгейіне  қарай  жалпы  педагогикалық, 
яғни  білім  беру  жүйесінің  әр  саласында 
қолайлы  (соның  ішінде  оқу,  тәрбие 
үрдісінде).  ОҚАТ  өзінің  философиялық 
негіздемесіне  сәйкес  кез-келген  басқа  ди-
дактикалық  технологияға  және  жеке 
алғанда,  оқытудың  дәстүрлі  технология-
сына (ҚО) да бейімделуге бейім келеді. 
Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  қазақ-
стандық ғалымдардан компьютерлік техно-
логияны  оқу-тәрбие  үрдісінде  пайдалануда 
оқушылардың  танымдық  белсенділігін 
арттырудың  педагогикалық  мүмкіндіктері 
алғаш Ж.А. Қараевтың ғылыми-зерттеу ең-
бегінде жете зерттелген. Алайда бүгінгі зор 
қарқынмен  дамып  келе  жатқан ақпараттық 
қоғамда  интернет  желісі  сияқты  жаңа 
телекоммуникациялық  жүйелердің  пайда 
болуымен  байланысты  компьютерлік  тех-
нологияның  да  педагогикалық  мүмкін-
діктері артты. Осыған орай, осы жаңа мүм-
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет