Научный журнал


ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ



Pdf көрінісі
бет8/32
Дата15.03.2017
өлшемі2,29 Mb.
#9960
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
42 
түрі  деп  өз  еңбектерінде  көрсеткен.  Кеңіс-
тікте  жан-жақты  бейнеленген,  сомдалған 
көркем  шығарма.  Өнердің  өзге  салала-
рындағы  сияқты  суреттер  мұнда  да  өзінің 
дүниетанымын, дәуірдің асқақ мұраттарын, 
өзгеше  формадағы  образдар  жасау  арқылы 
білдіреді. 
В.Б.  Косминская,  Е.И.  Василева  айт-
уынша мүсіндеу туындылары үнемі көлем-
ді  кеңістікті  береді  және  ол  өзінің  осынау 
ерекше сипаты мен болмысын саз балшық, 
ермексіз  тәрізді  жұмсақ  материалдар 
немесе ағаш, тас тәрізді қатты материалдар 
бойынша  да  көрсете  алады.  Мүсіндеудің 
жұмсақ  материалдардан  жасалуын  жалпы 
мүсіндеу, пластика деп, ал қатты материал-
дардан жасалуын қашау деп атайды. 
Мектепке  дейінгі  шақ  дамудың  бір-
бірінен  әжептәуір  өзгеше  кезеңдерін  қам-
тиды.  Мектепке  дейінгі  балалық  шақтың 
әрбір кезеңі психофизиологиялық дамудың 
өзіне тән ерекшеліктерімен, ал әрбір бала - 
даралық ерекшеліктерімен сипатталады. 
Мектепке  дейінгі  кезеңде  баланың 
психикалық  үрдістері,  тұлғалық  қасиеттері 
дамып,  кішкене  сәби  іс-әрекеттің  түрлі  де 
кең  спектрін  белсенді  түрде  игере 
бастайды.  Дәл  осы  шақта  баланы  оның 
өзіндік санасы мен өзіне баға беру қабілеті 
қалыптасады,  алғашқы  әлеуметтену  кезе-
ңінің есігі ашылып, бала мәдениет әлеміне, 
жалпы  адами  құндылықтарға,  адамдар 
әлемімен,  заттармен,  табиғатпен  және 
өзіндік  ішкі  әлемімен  қарапайым  қаты-
насты  орнатады.  Белгілі  бір  іс-әрекетке 
қатыса отырып мектеп жасына дейінгі бала 
жас  ерекшелігіне  сәйкес  білімді,  іскер-
ліктер  мен  дағдыларды  игеріп,  өзіндік  мі-
незінің ерекшелігін дамытады, психика мен 
мінез құлықтың жеке белгілерін байқатады. 
Зерттеуші  ғалымдар  балаға  тәрбие  негізі 
бес  жасқа  дейін  берілуі  тиіс  -  деп  дәлел-
дейді.  Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  да-
мытып,  қалыптастырудағы  ең  бірінші 
педагог  –  ата  -  анасы  болса,  мектепке 
дейінгі  мекемеге  келген  соң  отбасылық 
тәрбие  негізін  ары  қарай  дамытушы  –
тәрбиеші педагог. 
Мектепке  алғаш  бару  -  бала  өміріне 
үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы 
жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір 
бастамасы.  Баланы  мектепке  дайындау 
дегенде 
көптеген 
ата-аналар 
балаға 
әріптерді  және  санауды  үйретумен  ғана 
шектеледі.  Әрине  баланың  оқуға  дайын-
дығын  ақыл-ойының  даярлығымен  ғана 
шектеліп  қоймай,  оның  оқуға  психоло-
гиялық  жағынан  даярлауды  қарастыру  қа-
жет.  Яғни,  бұл  баланың  мотивациялық  – 
қажеттілік  және  психикалық  үрдістерінің 
дамуы  оқуда,  қарым-қатынаста  қиындыққа 
кезікпегіне  мүмкіндік  береді.  Бұл  қауырт 
кезеңде  мектеп  бірінші  күннен  бастап 
оқушыға  бірнеше  талаптар  қойып  және 
баланы  ұқыптылық  пен  зейінділікке 
тәрбиелейді.  Сондықтан  да  балалар  оқу 
ісіне  машықтануға,  қимыл  -  әрекетерінің 
ықтиярлы  басқарылуы  қабілетін,  ақыл-ой 
еңбегін,  мақсаткерлігін,  дағдысын  қалып-
тастыруға аса көңіл бөлінеді.  
Бейнелеу  өнері  балалардың  өмірге 
деген  көзқарастарын  өзгертеді.  Өнер  - 
эстетикалық  тәрбие  берудің  басты  құралы. 
Себебі,  өнер  адамның  рухани  дамуы  мен 
дүниетанымының қалыптасуына әсер етеді. 
Жас  ұрпақтың  азамат  жас  ұрпақтың 
азамат болып, дүниетанымдық өрісі қалып-
тасатын  балабақша  қабырғасында  оларға 
рухани  эстетикалық  тәрбие  беру,  негізіне 
өнер  пәндері  көркем  әдебиет,  бейнелеу 
өнері,  музыка  пәндері  арқылы  жүзеге 
асырылатыны  белгілі.  «Бейнелеу  өнері», 
«Көркемдік  еңбек»  пәндерін  оқыту  жүйе-
сінде  сәндік-қолданбалы  өнерге  баулу  ай-
рықша орын алады. 
Мектепке  дейінгі  және  мектеп 
жасындағы  балалардың  мінез-құлқын  көп-
теген ғалымдар зерттеген. Олар: С.Т. Шат-
ский, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, В.А. 
Сухомлинский.  Балалардың  суреті,  сурет 
салу  үрдісі,  бұл  баланың  рухани  өмірінің 
бір  бөлігі.  Балалар  қағаз  бетіне  қоршаған 
әлемді  түсіріп  қана  қоймай,  өздері  де  сол 
әлемде  өмір  сүреді.  Сол  өмірінің  әдемі-
лігіне тамсанады. 
Мектепке 
дейінгі 
мекемелерде 
бейнелеу  іс-әрекеті  түрлерінің  бірі  ретінде 
мүсіндеу  технологиясының  ерекшелігі  – 
бейнелеу  аумақтық  әдіспен  жасалады. 
Мүсіндеу  жұмсақ  материалмен  ғана  емес, 
сонымен  қатар  қатты  материалмен  (мра-
мор,  гранит  және  т.б.)  де  жұмыс  жасауды 
қамтитын  скульптураның  бір  түрі  болып 
табылады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар 
қолдың  әсеріне  тез  икемделетін  жұмсақ 
пластикалық  материалдармен-ермек  саз-

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
43 
бен, саз балшықпен жұмыс істеу тәсілдерін 
меңгере алады. 
Балалар 
адамдардың, 
хайуанат-
тардың, 
ыдыс-аяқтың, 
транспорттың, 
көкөністердің,  жемістердің,  ойыншық-
тардың  мүсіндерін  жасайды.  Тақырып-
тардың  алуан  түрлілігі  мынаған  байла-
нысты:  мүсіндеу,  бейнелеу  іс-әрекетінің 
басқа  түрлері  сияқты,  баланың  танымдық 
және  шығармашылық  қажетсінуін  қанағат-
тандыра  отырып,  тәрбие  міндеттерін 
орындайды. 
В.Б.  Косминская  «Балабақшада  бей-
нелеу  іс-әрекетінің  теориясы  мен  методи-
касы»  атты  еңбегінде  материалдардың 
әсемділігі  мен  бейнеленетін  пішіннің  ау-
қымдылығы мектепке дейінгі балаға, сурет 
салуға  қарағанда,  мүсіндеуге  бірқатар  тех-
никалық  тәсілдерді  меңгеруіне  мүмкіндік 
береді  деп  көрсетілген.  Мысалы,  суретте 
қозғалыстың  берілуі  күрделі  міндет  болып 
табылады,  ол  ұзақ  уақыт  үйренуді  қажет 
етеді. Мүсіндеуге бұл міндетті шешу жеңіл. 
Бала  алдымен  затты  статикалық  жағдайда 
мүсіндейді  де  одан  кейін  оның  бөліктерін 
түпкі ойға сәйкес майыстырады.  
Е.И.  Васильева  өз  еңбектерінде  мү-
сіндеуде  заттардың  кеңістіктік  арақа-
тынасын  беру  оңайлатылады  –  объектілер, 
нақты  өмірдегідей,  бірінен  соңы  бірі, 
композиция  ортасына  жақын  не  алыс 
қойылады.  Перспектива  мәселелері  мүсін-
деуде атымен болмайды деп көрсеткен.  
П.И.  Андрианов,  А.К.  Бешенков, 
П.А.  Галагузова,  В.А.  Горский,  С.Е.  Ду-
риев,  Л.В.  Зайков,  И.Ф.Иващенко,  М.М. 
Конышев, С.И Маско, А.А. Михайлов, В.Т. 
Машинистов,  Ю.С.  Столяров  ғалым-
дардың  еңбектерінде  балалардың  іскер-
ліктерін  зерттеу  объектісіне  қарай  шартты 
түрде  екіге  бөлуге  болады:  бірі  еңбек 
іскерлігі және техникалық іскерлігі. 
Қазіргі  заманғы  психологияда  тұл-
ғаның  дамуы  әлеуметтенді  және  даралау 
үдерістерінің диалектикалық бірлігі ретінде 
қарастырылады. Бірақ индивидтің аса әлеу-
меттендірілуі, американ психологы Л. Кол-
бергтің  пікірі  бойынша,  өзінің  ерекшелігін 
жоғалтуға әкеліп соғады. Сондықтан еңбек 
іскерлігі  баланы  әлеуметтендіруде  жас 
ерекшелігіне 
қарай 
дараландырумен, 
дербестікті  меңгерумен,  адамның  өзін,  өз 
қабілеттері  мен  ахуалын  толық  жүзеге 
асыру  мүмкіндігімен,  өзіндік  шығарма-
шылығын көрсетумен тығыз байланысты. 
Ғылыми 
білімнің 
әртүрлі 
салаларында  көптеген  отандық  және  алыс-
жақын  шетелдік  ғалымдардың  еңбекте-
рінде  тұлғаның  субъекті  ретінде  қалыпта-
суында  шығармашылық  мәселесі  басты 
орынға  ие.  Психология  ғылымында  (Г.В. 
Терещук,  Т.А.  Ткачева)  интеграциялық 
даралықтың  әртүрлі  иерархиялық  деңгей-
леріне  жататын,  дара  психологиялық 
қасиеттерді  тиімді  қолдануды  қамтамасыз 
ететін,  әрекетті  ұйымдастыру  мен  жүзеге 
асырудың  қолайлы  формасы  ретіндегі 
оның  дара  стилі  туралы  пікірлер  қалып-
тасты.  Әрекеттің  дара  стилі  орындалатын 
еңбек  іскерлігіне  қойылатын  талаптарға 
бейімделуге  ықпал  етеді,  кейбір  дара 
психологиялық  қасиеттердің  жағымсыз 
жақтарын  жоюға  мүмкіндік  береді.  Дара-
лықтың әртүрлі иерархиялық деңгейлерінің 
қасиеттері 
арасындағы 
байланыстың 
сипатын  үйлесімді  етеді,  адамның  шығар-
машылық  әлеуетінің  толық  ашылуын 
қамтамасыз етеді. 
Психология 
аймағында 
баланың 
іскерлігін  зерттеу  отандық  және  алыс-
жақын  шетелдік  ғалымдардың  жұмыста-
рында  кездеседі:  В.И.  Тютюнник,  А.  Сей-
тешев, Қ. Жарықбаев, Я.А. Пономарев, О.Г. 
Жукова,  В.А.  Моляко,  А.  Живицкая,  С.П. 
Руссков,  М.  Қаламқалиев,  Б.  Тұрғынбаева, 
Қ. Әбдібекқызы, М. Мұхамадин, Б.Н. Қаді-
рова, Г.А. Ахметова және т.б. Олар шығар-
машылықтың  табиғаты,  шығармашылық 
тұлғаның  санасы,  шығармашылық  үде-
рістің  сатысы,  шығармашылық  еңбек  су-
бъекті  санасының  психологиялық  құрылы-
сы,  тұлғаның  дамуына  шығармашылық  іс-
әрекет  түрлерінің  әсер  етуі  ретінде 
мәселелерінің  жақтары  қарастырылған. 
В.И. Тютюнник  еңбек  нысандарын  топтас-
тыру  үшін  негіз  ретінде  еңбек  іскерлігі 
субъектісі  түрткісінің,  үдерістің  немесе 
нәтиженің  сипатын  айрықша  атап  көрсет-
кен. Автордың ойынша, адамның еңбек ету 
талпынысының негізінде өз қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  мақсаты  жатса,  онда  бұл 
тұтыну  еңбегі;  егер  түрткі  негізінде  басқа 
адамдар  үшін  бірдеңе  жасау  ниеті  болса, 
онда  бұл  –  өндіруші  еңбек;  егер  де  адам 
өздігімен  және  ерекше  әрекет  жасағысы 
келсе, онда бұл – шығармашылық еңбек.  

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
44 
Бұл  тұрғыдан,  В.И.  Тютюнниктің 
балабақша  балаларының  шығармашылық 
еңбегі  берілген  анықтамасымен  келісеміз: 
«Шығармашылық  еңбек  ретінде  баланың 
мынадай қызметі саналуы мүмкін, нәтижесі 
не  баланың  өзін  немесе  басқа  адамдардың 
қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  арнал-
ған,  кейбір  негіздерде  түпнұсқа  болып 
саналып және бала мұны түсінеді». 
Шығармашылық еңбекті мақсаттары, 
ойлауы;  еңбек  пәні  материалы  бойынша; 
еңбек  құралдары;  атқару  әдісі;  алынған 
нәтиженің  маңыздылығы  бойынша  жікте-
ген.  Еңбекке  қажеттілігін  субъект  өзінің 
және  басқа  адамдардың  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға  әрекет  ететін,  нәтижеге 
жету 
үшін 
дербес 
жүзеге 
асыруға 
бағытталған  деп  түсіндіреді.  Адам  бір 
нәрсенің  түпнұсқасын  немесе  байқаусыз 
түпнұсқасын  жасауы  мүмкін,  бірақ  еңбек 
шығармашылығының  субъектісі  болып 
танылуы үшін әлдебіреу жасамаған саналы 
қажеттілікпен  жасауы  қажет.  Адамның 
шығармашылыққа  деген  тұрақты  қажет-
тілігі  оны еңбек субъектісі ғана емес тұлға 
ретінде көрінеді. 
Ж.М.  Әбділдин,  М.Б.  Демин,  Н.А. 
Бердияевтің  философиялық  еңбектерінде 
іскерлік адамның қоршаған болмысқа деген 
белсенді  қатынасының  маңызды  формасы 
ретінде  анықталады.  Қазақстандық  фило-
соф  Т.  Ғабитовтың  пікірінше,  адам  іскер-
лігі  саналығымен  ерекшеленетіндігі  бел-
гілі.  Өйткені  іскерлік  басталмай  тұрып, 
оның  қалаулы  нәтижелері  субъекті  сана-
сында  туады,  қалыптасады  және  нақты-
ланады.  Мұнда  алдын  ала  жинақталған 
тәжірибе,  әлеуметтік-психологиялық  сте-
реотип  үлкен  рөл  атқарады.  Ол  бір  жағы-
нан,  шешімдер  мен  іскерлік  тиімділігін 
сілтесе,  екінші  жағынан,  сәтсіз  қадамдар 
мен  қимылдардан  сақтайды;  бұл  тұрғыдан 
жағымсыз  тәжірибенің  пайдасы  жағымды 
тәжірибеден  бір  де  кем  емес,  адамның 
іскерлігі  үстінде  санасы  қалыптасып, 
дамиды,  кез  келген  әрекетте  алдын  ала 
мақсат қойып, жоспарлап, нәтижесін алдын 
ала  болжау  тәжірибенің  ықпалы  арқылы 
жүзеге  асады.  Бұл  тұрғыдан  адамның 
іскерлігі  үстінде  санасы  қалыптасып 
дамиды,  себебі  кез  келген  әрекетте  алдын 
ала  мақсат  қойып,  жоспарлап,  нәтижесін 
алдын  ала  болжау  жағымды  тәжірибенің 
ықпалы  арқылы  жүзеге  асады.  Бұдан 
шығатын  қорытынды  іскерлік  диалек-
тикалық-материалистік  философияға  негіз-
деледі  және  проблемамызды  дұрыс  тұжы-
рымдап,  олардың  шешілу  жолдарын 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Энциклопедиялық  сөздіктерде:  «іс-
керлік  –  адамның  қоршаған  әлемге  бел-
сенді  қатынас  формасы,  мазмұны  жағынан 
мақсатқа  бағытталған  өзгерту  және  қайта 
жасау.  Адамның  іскерлігі  қарама-қарсы 
қойылған 
әрекеттің 
объектісі 
және 
субъектісі:  адам  өзіне  іскерліктің  объекті-
сін  материал  ретінде  қарама-қарсы  қояды, 
адам  оған  әсер  ету  арқылы  жаңа  форма 
және  сапа  алып,  материалдан  іскерлігі 
өнімін  алады.  Кез  келген  іскерліктің 
мақсаты,  құралы,  нәтижесі  әрекеттің 
саналы  екендігін  білдіреді».  Психология-
лық сөздікте «Іскерлік – адамның қоршаған 
шындықпен  белсенді  өзара  әрекеттесуі, 
оның  барысында  адам  субъекті  ролін 
атқарып,  объектіге  мақсатқа  бағытталған 
ықпал  жасап  және  өзінің  қажеттілігін 
қанағаттандыруы» деген түсініктеме беріл-
ген. Жоғарыдағы берілген қай анықтаманы 
алсақ  та, адам  әрекеттің  субъектісі  ретінде 
белсенді рөл атқаратындығын көреміз.  
Мектепке  дейінгі  мекемеде  баланың 
іскерлігінің  дамуының  міндеттерін  сапалы 
жүзеге асыру дамытушы заттық-кеңістіктік 
орта,  педагог  тұлғасы,  оқыту  –  тәрбие  жұ-
мысының  ерекше  жүйесі  сияқты  бірқатар 
педагогикалық 
шарттарды 
ұстанумен 
байланысты.  1,5-3  жасқа  дейінгі  балаларға 
заттық-кеңістіктік  ортаны  құру  кезінде 
қандай  ережелерді  ұстану  керек?  Ең 
бірінші  баланың  жасына  сай  физиоло-
гиялық  және  психологиялық  ерекше-
ліктерін  сонымен  қатар  жоғары  қозғалыс 
белсенділігі  мен  өсіп  келе  жатқан  таным 
әрекеттерін 
ескеру 
қажет. 
Бөлменің 
көлеміне  байланысты  педагог  ондағы 
бұрыштарды  безендіргенде  жиһаздарды 
баланың  ойын,  еңбек,  сабақтарын  (қимыл-
қозғалыстан бастап, ойлануға тыныштықты 
қажет  ететінді  дейін)  жүргізуге  қажетті 
кеңістік қалтыратуындай етіп қояды.  
Жалпы  іскерлік-ұйымдастыру  мәде-
ниетінің  елеулі  нышаны,  іс-әрекеттің 
белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды 
белгісі,  ұтымды  ұйымдасқан,  істің  мүд-
десіне  айқын  бағдарланған  белсенділік; 

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
45 
балалардың  мінез-құлқының  белгісі,  жеке 
басының  қасиеті,  қабілет-қарымы,  еңбек 
сүйгіштігі,  өзінің  шығармашылық  міндет-
теріне  іскерлікпен  қарауы,  еңбек  қызметін 
тиімді  пайдалана  білуі,  іске  жұмылдыра 
білуі.  Мұндай  қадір-қасиетке  ие  болған 
бала  (іскер  бала)  барлық  нәрседен  іс  үшін 
пайдалы  жақтарды,  нышандарды  байла-
ныстарды,  қатынастарды  көре  біледі,  іс 
үшін пайдалы нәрсені ала біледі. 
Баланың  шығармашылық  іс-әрекеті 
іскерлік  пен  дағдының  сәйкес  жиынты-
ғының көмегімен жүзеге асырылады:  
-  іскерлік  пен  дағдыны  тәжірибеде 
қолдану; 
-  іскерлік  пен  дағдыны  бір  пәнді 
басқа пәндермен өзара байланыстыра білім 
алуда кешенді түрде қолдану; 
-  іскерлік  пен  дағды  еркін  ойлауға, 
шығармашыл  тұрғыда  ойлауға  мүмкіндік 
береді; 
-  іскерлік  пен  дағды  өз  ойын  еркін, 
анық  және  логикалық  тұрғыда  байқатуға 
мүмкіндік береді; 
-  іскерлік  пен  дағды  дербес  ойлауға 
мүмкіндік береді; 
-  іскерлік  пен  дағды  мәселені  табуға 
және оны шешуге мүмкіндік береді; 
-  іскерлік  пен  дағды  шешім  қа-
былдауда жаңа әдіс-тәсілдерді қарастыруға 
мүмкіндік береді; 
-  іскерлік  пен  дағды  шешім  қабыл-
даудағы  әртүрлі  нұсқалардың  соңын  және 
нәтижесін болжауға мүмкіндік береді; 
-  іскерлік  пен  дағды  талдау,  синтез, 
салыстыру, жалпылау, жүйелеу; 
- іскерлік пен дағды өзіндік баға мен 
бағалауға мүмкіндік береді; 
- іскерлік пен дағды шығармашыл, өз 
беттілік  қасиеттерімен  ғылыми  ізденіс 
жасау; 
-  іскерлік  пен  дағды  өзіндік  шығар-
машылық  іс-әрекетіне  рефлексия  жасауға 
мүмкіндік береді. 
Іскерлік  пен  дағдының  шығарма-
шылық  қасиеті  білім  алушының  психоло-
гиялық - физиологиялық қабілеттің қалып-
тасуы  мүмкін.  Осының  негізінде  тұлғаның 
кәсіби  өсуінің  дамуы  шығармашылық 
қабілеттің  ашылуына  мүмкіндік  береді 
және ол төмендегі қабілеттерді қамтиды: 
-  жинақталған  заманауи  білімді  дұ-
рыс қолдану қабілеті; 
-  ағымды  ақпаратты  жан-жақты  тал-
дауға қабілеті;  
- эксперимент пен тәуекелге қабілеті; 
- аналитикалық іс-әрекетке қабілеті; 
- өнімді іс-әрекетке қабілеті; 
- жаңа білімді өз беттілікпен жағар ту 
немесе жаңалық ашуға қабілеті; 
-  өз  бетімен  алған  білімді  жаңа  жағ-
даяттарда қолдану; 
-  өз  бетімен  білім  алу,  білімді  мең-
геруге қабілеті. 
Іскерлік  барысында  адам  табиғатты 
өзгертуі  мүмкін,  сөйтіп  өзін  білікті 
субъекті  ретінде  қалыптастырады,  ал  өзі 
игерген  табиғат  құбылыстарын,  жинақ-
таған тәжірибесіне сүйеніп, іскерлік объек-
тісі  етеді.  Бұл  бала  кезден  басталып 
іскерлік  үстінде  заттың  табиғаты  мен 
ерекшеліктеріне  ой  жүгіртіп,  оны  игереді, 
оны  өз  біліктілігінің  мәні  етеді.  Сонымен 
қатар  адам  табиғатпен  өзара  әрекетте 
болып  қана  қоймай,  оны  бірте-бірте  өзінің 
материалдық  және  рухани  мәдениетінің 
құрамына  енгізеді.  Балалар алған  білімінің 
негізінде  еңбек  құралдары  арқылы  жас 
ерекшелігіне  сай  заттар  мен  құбылыстарға 
әсер  етіп,  оларды  өзгертеді,  бірте-бірте 
олар  туралы  тәжірибе  жинақтайды.  Демек, 
іскерлік  –  тіршілік  етудің,  әлеуметтік  бел-
сенділік  көрсетудің  амалы.  Қоршаған 
дүниеге  белсенді  қарым-қатынастың  ерек-
ше адами түрі, оның мазмұны мәдениеттің 
бар  формаларын  меңгеру  мен  дамыту 
негізінде  осы  дүниені  мақсатқа  сәйкес 
өзгерту мен қайта құруды құрайды.  
Іскерліктің  құрылымын  зерттеуші 
А.Н.  Леонтьев  мынандай  тұжырым  жасай-
ды: сыртқы іскерліктің ішкі іскерлікке өтуі 
және  керісінше  мына  жағдайда  мүмкін: 
«сыртқы және ішкі іскерліктің ортақ жалпы 
құрылымы  бар».  Ғалымның  пікірі  бойын-
ша,  кез  іскерліктің  негізі  (сыртқы  және 
ішкі)  оның  заттылығы  болып  табылады, 
себебі  заттық  емес  іскерліктің  ешбір  мәні 
болмайды.  Зат  ұғымында  іскерліктің  маз-
мұны,  заттың  қасиеттерімен  объективті 
байланыстарын тану мақсатындағы субъек-
тінің затпен өзара әрекеті бейнеленеді. 
Сонымен  қатар  осы  затты  өз  қа-
жеттіліктеріне  сәйкес  қайта  құру  үшін 
қажетті  амалдарын  анықтау  мақсатында 
негізге  алынады.  Кез  келген  заттық  әрекет 
қажеттілікке  жауап  береді,  бірақ  түрткісі, 

ПРОБЛЕМЫ СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
46 
басты  мақсаты  және  соған  сәйкес  әрекет-
тері,  орындау  құралдары  мен  амалдары, 
ақырында  іскерлікті  жүргізетін  психофиз-
иологиялық  қызметі  болады.  Баланың 
іскерлігін  дамытудың  жетекші  бір  түрі 
мүсіндеу болып табылатыны белгілі. Соған 
байланысты 
балабақша 
қызметкерінің 
балалармен  жұмыс  барысында  баланың 
іскерлігін,  ойлауын,  тілін,  қиялын,  еске 
сақтауын  дамыту,  қоғамдық  мінез-құлық 
ерекшеліктерін  меңгерту,  сәйкес  дағды-
ларды  қалыптастыру  ойын  іс-әрекеті 
арқылы жүзеге асыра алуы тиіс.  
Баланың балабақшаға келуімен  оның 
жаңа  ортаға  бейімделу  үрдісі  жүзеге  асып, 
көптеген  мәселелер  де  туындайды.  Бірақ 
балабақша  тәрбиешілерінің  баланың  жас 
ерекшелігіне сәйкес бейнелеу өнері арқылы 
іскерліктерін  дамытуын  дұрыс  ұйымдас-
тырып,  жетекшілік  жасауы  көптеген 
мәселелердің  тиімді  шешілуіне  жағдай 
жасайды.  
Осыдан  келіп,  іскерлік  –  баланың  өз 
қажеттіліктерін  қанағаттандыру  арқылы 
дүниеге  қатынасын  анықтайтын  өзгеше 
тұғыр,  іскерлік  арқылы  баланы  ол  таби-
ғатты  және  қоршаған  ортаны  шығарма-
шылықпен  қайта  құруға  белсенді  қаты-
суымен өзіндік және мәнді қажеттіліктерін 
жүзеге  асыруда  өзін  еңбек  іскерліктің  су-
бъектісі  ретінде  көрсетеді  деп  тұжы-
рымдаймыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Косминская  В.Б.,  Василева  Е.И.  Бала-
бақшада бейнелеу іс-әрекетінің теориясы 
мен  методикасы.  -  Алматы:  «Мектеп», 
1983.  
2.  Сокулина  Н.П.,  Коморова Т.С.  Бейнелеу 
іс-әрекеті  мен  конструкциялауды  үйрету 
методикасы. - Алматы: «Мектеп», 1985. 
3.  Сокулина  Н.П.,  Коморова  Т.С.  Балалар 
бақшасындағы  бейнелеу  жұмысы.  – 
Алматы: «Мектеп», 1978. 
4.  «Бейнелеу  өнері»  Қайдаров  М.У.,  құ-
растырған: Асылбекова А.М. 2008. 
5.  Венгер  А.А.  Педагогика  способностей.  - 
М., 1982.  
6.  Бозханов  Қ.  Балаларды  тәрбиелеу  және 
оқыту  жөніндегі  таңдамалы  пікірлер.  - 
Алматы, 1989.  
 
 
 

ПЕДАГОГИКА ВЫСШЕЙ ШКОЛЫ 
 
 
Вестник
 
КАСУ
 
47 
УДК 378 
ТЕХНИЧЕСКИЙ ВУЗ: ФОРМИРОВАНИЕ ИННОВАЦИОННОГО 
СОЗНАНИЯ 
Абдрахманова Т.М. 
 
Учиться  надо  всегда.    До  конца  жизни  не 
только  учили, но и учились крупнейшие  ученые. 
Перестанешь учиться – не сможешь и учить. Ибо 
знания все растут и усложняются. 
Д.С. Лихачев 
 
Важнейшей  характеристикой  совре-
менности  являются  инновационные  про-
цессы, затрагивающие все сферы и уровни 
социальной  реальности  и  жизнедеятельно-
сти  человека.  Решающее  значение  интел-
лектуальных  факторов  в  обеспечении  ус-
тойчивого  социально-экономического  раз-
вития  и  надежной  системы  национальной 
безопасности  обусловливает  необходи-
мость рассматривать вариант интенсивного 
развития    инновационного  потенциала  как 
необходимый.  Но  любые  инновации  обре-
чены на провал, если  они не  связаны с че-
ловеческой  поддержкой,  с  реальной  про-
граммой  воспитания,  обучения  и  развития 
людей, которые должны внутренне принять 
предлагаемые им извне целевые установки.  
Инновационным  развитием  страны 
управляют  специально  подготовленные 
кадры. При подготовке инновационно ори-
ентированных  специалистов  следует  учи-
тывать  некоторые  особенности  системы 
обучения  субъектов  инновационной  дея-
тельности. Во-первых, это обучение прово-
дится  в  рамках  системы  переподготовки  и 
повышения  квалификации  кадров.  Во-
вторых,  система  их  подготовки  должна 
быть  ориентирована  на  те  требования,  ко-
торые  предъявляет  инновационная  дея-
тельность к личности. Эти требования дос-
таточно  велики  и  предполагают  опреде-
ленный  уровень  социальной  зрелости.  То 
есть, при обучении инноваторов мы имеем 
дело не просто со взрослыми людьми, а со 
специалистами,  сознательно  выбравшими 
инновационную  сферу  деятельности  в  ка-
честве профессиональной. 
Важным  аспектом  подготовки  нова-
торов  является  развитие  у  них  инноваци-
онного  сознания.  Инновационное  сознание 
людей  –  это  часть  их  экономического  соз-
нания,  включающая  интересы,  цели,  моти-
вы,  ориентации,  связанные  с  осуществле-
нием  нововведений.  От  уровня  развития  у 
людей инновационного сознания непосред-
ственно зависит степень их инновационной 
активности.  Инновационное  сознание  фор-
мируется  в  процессе  осуществления  ново-
введений  и  во  многом  является  результа-
том  накопленного  специалистом  опыта 
участия  в  них.  Основополагающую  роль  в 
структуре инновационного сознания играет 
мотивация  инновационного  поведения. 
Мотивация современного человека отлича-
ется  сложной  иерархической  структурой, 
ключевое  положение  в  которой  занимают 
так  называемые  смыслообразующие  моти-
вы поведения. В них проявляется структура 
потребностей  личности,  которая,  в  свою 
очередь,  задается  ее  системой  ценностей. 
Активное  содействие  внедрению  нововве-
дений оказывают, как правило, люди, пове-
дение  которых  определяется  смыслообра-
зующими мотивами общественно-полезной 
деятельности  или  личного  продвижения  в 
организационной    иерархии.  В  иерархии 
потребностей 
новаторов 
относительно 
больше  актуализированы  потребности  в 
самореализации  и  отождествлении  с  орга-
низацией  или  сообществом  специалистов. 
Однако  в  настоящее  время  приходится 
констатировать  тенденцию  вытеснения 
внутренней  мотивации  субъектов  иннова-
ционной  деятельности  прагматическими 
мотивами. В ходе проведенного Ю.А. Кар-
повой  социологического  исследования,  по-
священного изучению ценностно - мотива-
ционных  аспектов  деятельности  изобрета-
телей,  в  иерархии  мотивов  изобретателей 
была  отмечена  тенденция  к  возрастанию 
роли  материального  фактора  и  снижению 
собственно  внутренней  мотивации  творче-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет