Наурызым- нұрлы ырысым Қыдыр атаның батасымен ашылады 1-жүргізуші



Дата29.03.2022
өлшемі15,64 Kb.
#29132

Наурызым- нұрлы ырысым

Қыдыр атаның батасымен ашылады

1-жүргізуші:

Армысыздар жаны жайсаң, пейілі ақ жұртым! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студенттер!

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Осыдай әдемі жыр шумақтарынан кейін, бүгінгі ұлы тойымызды бастап беру үшін ауылымызға сыйлы, ел ағасы, ұстазымыз ________________сөз беріледі.



1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

Ортамызда күміс көмей, жез таңдай ару қызымыз СҚкандықова Арманайдың орындауында “Мереке” әні. Қабыл алыңыздар.



1- жүргізуші:

Қазақ- ежелден тойшыл қауым. Бүгін бізде қос тойдың, қос мерекенің куәсі болғалы отырмыз. Олай болса «Береке» ауылының қуанышына бірге ортақтасып, салтанатын тамашалайық.



*көрініс

*хор

1-жүргізуші: Ұлан асыр той мен мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік!

*Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.

1-жүргізуші:

Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға.

Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі.

Тұсаукесер- тек қазақ халқына тән дәстүр, ұлттық болмысымызды танытар игі амал. Бала өмірінде жолы ашық болсын деген үлкен сенім мен үміттен құралған бұл дәстүрдің маңызы зор. Ұлы мереке қарсаңында «Ынтымақ» ауылымызда болып жатқан «Тұсаукесер» тойын тамашалайық. Балаға ақ бата мен ізгі тілегімізді айтып, ауылдастарымыздың мерейін көтерейік.

.

1 -жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!



Ортада ауылымыздың өнерлі қызы Нұрботаның орындауында “ Ерке Сылқым”күйі

Наурыз айы- қара түннің қоюланып, жарық таңның шұғыладай шаттығына бөлер, жақсылыққа бастар мезгілі. Әр күніміз көктемдей, әр сәтіміз мерекедей шаттыққа, ізгілікке толы болсын. Осындай керемет нотада біз мерекелік кештің соңына да жеттік. Қағидалы сөз айтар ұстаздарымыз бен кеш қонақтарына үлкен алғыс білдіреміз. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет