«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2014 жылдың



Pdf көрінісі
бет26/32
Дата07.01.2022
өлшемі0.57 Mb.
#20783
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
8.6  Емтихан материалдарын дайындау 

Балл  қою  схемалары  мен  сұрақ  кітапшаларын  жасау  білім  мен 

тәжірибені  және  дағдыларды  талап  етеді.  Әрбір  сұрақ  кітапшасы  

бағалау мақсатына ғана сәйкес болып қоймай, сондай-ақ оқытудың кез 

келген  деңгейінде  әрбір  емтихан  өткізуде  бағалау  стандартын  сақтауы 

тиіс.  Емтихан  материалдарының  сұрақтарын  құрастыру  төменде 

сипатталған моделімен жасалады.  

Сұрақтарды  құрастырушы  барлық  емтихан  тапсырмалары  мен 

оған балл қою схемасын жасау үшін тағайындалады.  

Сұрақтарды  құрастырушы  жасаған  емтихан  тапсырмасының 

бірінші нұсқасы бағалаушы ұйым арқылы оған түсініктеме беретін және 

жұмысты  қалай  жақсартуды  ұсынатын  редакторға  жіберіледі.  ПӨО-

ның  пән  маманы  осы  кезеңде  түсініктеме  енгізе  алады.  Сұрақтарды 

құрастырушы  редактордың  түсініктемелеріне  сәйкес  жұмысты 

жақсартып,  оның  қайта  өңделген  нұсқасын  жасайды.  ПӨО-ның  пән 

маманы, редактор және сұрақтарды құрастырушы, сондай-ақ басқа пән 

бойынша  сұрақтарды  құрастырушылар  мен  редакторлар  пән  бойынша 




15 

 

15 



 

Емтихан  материалдарын  бағалау  жөніндегі  комитет  құрайды  (ЕМБК, 



аудармашының  ескертпесі:  ағылшын  тіліндегі  аббревиатурасы  – 

QPEC). ЕМБК барлық жұмыстар мен балл қою схемаларының өңделген 

нұсқаларын  қайта  қарап,  түзетулерді  талқылайды  және  сұрақнаманың 

соңғы нұсқасын бекітеді.  

Сарапшы сұрақ кітапшасындағы  немесе балл қою схемаларында 

баспа  қателерінің  жоқтығына,  олардың  тест  спецификацияларға 

сәйкестігіне  кепілдік  беру  үшін  сұрақ  кітапшасының  соңғы  нұсқасын 

тексереді. Бұл кезеңде сарапшы емтихан нұсқасын бірінші рет көреді.  

Сұрақ  кітапшасы  мен  балл  қою  схемаларын  жасаудың  үздіксіз 

үдерісі,  әдетте,  бір  жарым-екі  жылға  созылады,  бірақ,  қажет  болған 

жағдайда,  мерзімді  қысқартуға  болады.  Бірақ  бұл  мұғалімдер, 

оқушылар, мектептер, ата-аналар және басқа да мүдделі тараптар үшін 

жалпы емтиханның негізі болып табылатын емтихан материалдарының 

сапасына  кепілдік  бойынша  үдерістердің  сенімділігіне  әсерін  тигізбеуі 

керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет