«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



Pdf көрінісі
бет20/55
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20583
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
 

4.1.2 

Қалыптастырушы бағалаудың әдістері 

Күнделікті  тәжірибеде  білім  алушылардың  ілгерілеуін,  меңгеру 

деңгейін  өлшеу  үшін  қалыптастырушы  бағалаудың  түрлі  әдістерін 

қолдануға  болады:  «Екі  жұлдыз,  бір  тілек»,  «Қолмен  белгі  беру», 

«Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», 

«Сөйлеу  үлгілері»,  «Үш  минуттық  үзіліс»,  «Ауызша  бағалау», 

викториналар, сұрақтар және т.б. (4-қосымша). 

 

 



Қалыптастырушы 

бағалаудың 

әдістерін, 

оқу 


әрекеттерін 

ұйымдастырудың  әр  кезеңінде,  тақырыпты  түсіндіру,  тапсырманы 

орындау,  білім  алушыларға  кері  байланыс  беру  кезінде  қолдануға 

болады.  Қалыптастырушы  бағалаудың  әдістерін  жеке,  жұптық  және 

топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.  

Қалыптастырушы  бағалаудың  ажырамас  элементі  мұғалім 

тарапынан және білім алушылар арасында қойылатын сұрақтар (сауал, 

диалог,  әңгімелесу  және  т.б.)  болып  табылады.  Сондықтан  сұрақтарды 

тиімді  құрастыру  техникасын    меңгеруі,  сыныпта  диалогті  қолдану 

мәдениетін  дамытуы  маңызды.  Сұрақтардың  түрлеріне  қарай  көптеген 

топтастырулар  бар.  Көбінесе  қолданылатын  сұрақтар  тобы:  ашық  және 

жабық сұрақтар.  

Ашық  сұрақтар  талдауды  және  бағалау  ақпараттарын  талап  етеді, 

қиялдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандырады.  

Жабық  сұрақтар  қысқа  жауапты  қажет  етеді,  мысалы,  деректің, 

оқиғаның кезеңін атау, түсінгенін анықтау және т.б.  

Сұрақты  дұрыс  қойғанда  өз  ойын  айтуға,  ақпарат  алмасуға, 

17 


 


диалогтік  оқуды  дамытуға,  маңызды  кезеңдерге  назар  аудартуға, 

оқудағы  бастамашылдығын  қолдауға  мүмкіндік  беруі,  қызықтыруы 

мүмкін.  

Осылайша, сұрақ білім алушы қалайтындай, жауап бере алатындай 

немесе оқуда, жауап іздеуде қызықтыратындай берілуі қажет.  

Алайда  сұрақты  қолдану  кезінде  кейбір  пікір  білдірілмейтін, 

толықтырылмайтын, жауап алу ұзаққа созылатын сұрақтар механикалық 

түрде  қайталана  берген  жағдайда  қиындықтар  туындауы  мүмкін 

(Геффрой Э. К., 1997). 

Осындай қателіктердің алдын алу үшін: 

• 

негізгі  және  екінші  кезектегі  мәселелер  көтерілген,  жетекші  және 



басқа да сұрақтарды қою; 

• 

егер  білім  алушылар  тапсырма  жауабын  білетінін  алдын  ала 



білсеңіз ондай сұрақтарды қоймау;  

• 

сұрақты  қысқа  етіп  құрастыру,  әр  білім  алушы  үшін  түсінікті, 



қисынды болуын қамтамасыз ету;  

• 

әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған, білім алушыларға өздерінің 



қателескен  тұстарын  анықтай  алуға  мүмкіндік  беретін  сұрақтар 

құрастыру;  

• 

оқытудың  тиімділігін  арттыратындай  сұрақтарды  алдын  ала 



жоспарлау  ұсынылады.  Сондай-ақ,  қашан,  қандай  сұрақтарды  қоюды, 

мүмкін  жауаптарды,  қате  жауаптарды  қалай  жөндеуге  болатынын, 

күтпеген  сұрақтарды  қалай  қабылдайтынын,  жауапты  қалай  жақсартуға 

болатынын анықтау да ұсынылады.  

Қалыптастырушы  бағалау  әдістерін  жеке,  жұптық  және  топтық 

жұмыстарда қолдануға болады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет