«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



Pdf көрінісі
бет24/55
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20583
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
4.1.3 

Кері байланыс беру  

Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім 

алушылармен  үздіксіз  өзара  әрекет  етуін  жүзеге  асыруға,  нәтижесінде 

оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.  

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:  

• 

білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;  



• 

тапсырманың  дұрыс  орындалмағанын  нақты  түсіндірмей  тұрып, 

«олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы; 

• 

білім  алушылардың  жұмысын  жетілдіру  немесе  кемшілік 



тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі; 

• 

кері  әсер  ететін  сөздерді,  білім  алушыларды  кекету, 



келемеждеуге  қатысты,  мысалы,  «орынсыз  жауап»,  «осыны  ойлауға 

ақылың  қалай  жетті»  деген  сияқты  сөздерді  мүлдем  қолданбауы 

ұсынылады. 

Кері  байланыс  беру  кезінде  мұғалім  де,  білім  алушы  да  4-кестеде 

ұсынылған сұрақтарды негізге алғаны дұрыс. Аталған сұрақтарға толық 

жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.  

 

4-

кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары  



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет