Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі іс-тәжірибені транслиатциялау. Іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру



бет1/4
Дата12.01.2023
өлшемі25,37 Kb.
#61113
түріСабақ
  1   2   3   4

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі іс-тәжірибені транслиатциялау. Іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі іс-тәжірибені транслиатциялау. Іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру
Зияткерлік мектептер білім берудің жаңа модельді жобасын бастауыш, орта, жоғары мектепте іске асыратын, зерттейтін, талдайтын, дамытатын,енгізетін эксперименттік алаң болып танылады.Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылардың бойында тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту және отандық, халықаралық деңгейдегі жоғарғы оқу орындарына түсуге қолдау көрсету мақсатында лингвистикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Осы мақсатқа жету үшін Біздің мектебіміз төмендегі 7 бағыт бойынша жұмыс жасайды.

Мектеп миссиясы да еліміздің зияткер әлеуетін дамытуға, Қазақстанның дамуына үлес қосуға құлшыныс танытатын, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу болып табылады. Бұл бірден-бір ұстаздар қауымына жүктелген абыройлы міндет. Соған орай ұстаздар өз біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасып отыруы уақыт талабы. Біздің мектебіміз осы бағытта үздіксіз, талмай жұмыс істеп келеді. Аймақтың жалпы білім беретін мектептеріне тәжірибе тарату мектебімізде дұрыс шешімін тапқан. Біздің білім ордамыз білім мен инновацияның, зерттеудің, сыни ойлау мен патриотизмді көрсетудің ашық алаңы болып табылады. Мектебіміз қала мектептерімен және жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста. Жыл сайын қалалық деңгейде «Жалпы білім беретін мектептерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін трансляциялау» тақырыбында семинар-практикум өтіп тұрады. Мен, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шаяхметова Гульнар Алшановна «Іс- әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру» тақырыбы аясында өз іс-тәжірибеммен бөлістім.Семинар-практикум екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Іс- әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру барысы жөнінде теориялық түсінік берілсе, екінші бөлімде практикалық жұмыстар жасалынды. Теориялық тұрғыдан қаралған сұрақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет