Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде. Дайындаған: Мусабек Ә



Дата20.04.2023
өлшемі5,97 Kb.
#84813

Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде

Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде.

Дайындаған:Мусабек Ә

Мұратбай Б

Құндылық туралы


  • Құндылық туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алған. Сократ үшін құндылық "адамның өмірді бақылауы" екен. Ал Аристотель "жақсылық", "игілік" ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданады. Құбылысты, затты жағымды бағалау үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. "Ізгілік" сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайда адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани - адамгершіліке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген.

  • Аристотельдің пайымдауында "этиканың мақсаты - таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани - адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани - адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді" - дейді.

  • Педагогикалық сөздікте "құндылық-адамның ішкі құқығы, ізгілігі адамдармен қарым-қатынасы, іс-әркект кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, мейірімділік тәрбиесі",-делінген. Сондықтан біз құндылық ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз.

  • Өмірдің мәнін түсіну жағымды эмоционалдық жағдай ретінде мақсатқа ұмтылушылқ пен қарым-қатынастағы өз орнын сезумен, басқа адамдарға деген қызығушылықпен, олармен бірігу сезімімен белгілі ережелерді ізгілік ережелері ретінде қабылдаумен, болмыстағы өз орнын сезінумен қоса жүреді.

Тұлғаның рухани негіздері


  • Тұлғаның рухани әлемінің қалыптасуына жалпы әлеуметтік жоспардағы көптеген факторлар әсерін тигізеді және сонымен бірге жеке тұлғаны қоршаған тікелей микро – ортасы және адам өмірінің нақты жағдайлары, психологиялық ерекшеліктері де өз әсерін тигізеді. Әлеуметтік орта тұлғаның рухани бейнесіне өз таңбасын қалдырады.

  • Тұлғаның құндылық бағдарының қалыптасу процесінде еліктеу, идеалдың болуы маңызы зор.

  • Тұлғаның адамгершілік идеалы ретінде жастардың орындалуына талпындыратын белгілі бір мақсат көрінеді. Тұлғаның даму барысында, оның идеалға қозғалысынан жаңа мақсаттар мен перспективалар болады. Сондықтан тұлғаның рухани дамуы шексіз. А.С. Макаренконың пікірінше, перспективті жолдар қызықты ерекшелікке ие, олар адам зейінін қанағаттанушылық әлі тумаса да жалпы қанағаттанушылық түріне аударады. Бұған жету жолында әр – түрлі кедергілерді жеңуге кететін, тартымды, ертеңгі жаңа жоспарлар пайда болады

Қызығушылық


  • Қызығушылық - бір нәрсе туралы жағдайға қарай білуге құмарлық, дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс-әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады.

  • Қызығушылық мазмұны мен бағытына қарай:

  •  • материалдық,

  •  • қоғамдық,

  •  • саяси,

  •  • кәсіптік,

  •  • танымдық,

  •  • эстетикалық болып сараланады


http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет