ҚҰндылықТЫҢ бірі – Ұлттық ойындар



бет1/3
Дата20.01.2022
өлшемі37,52 Kb.
#24124
түріСабақ
  1   2   3




ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ БІРІҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

( Белсенді –қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар)
БАҒДАРЛАМАСЫ

Түсінік хат
2019-2020оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатта көрсетілгендей, , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты,жалпы білім беретін пәндердің,бастауыш сыныпқа арналған факультативтердің үлгілік оқу бағдарламасына сүйене отырып « Құндылықтың бірі-ұлттық ойындар» бағдарламасы жасалды және 2021-2022 оқу жылына сәйкес белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар жүктемесі вариативті бағдарлама негізінде қайта толықтырылды.

Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған барлық пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының «Оқыту мақсаттарының жүйесі» атты 3-тарауы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары 2016 жылы 1 қыркүйектен бастап 1 сыныптардың білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларына енгізілсе,2017 жылы 2сыныптарға , 2018-2019 оқу жылы 3-сыныптардың, 2019- 2020 оқу жылында

4- сыныпқа жалпы білім берудің оқу бағдарламаларына енгізілді.

Осы бағдарламаның негізінде құрылып отырған аса құнды мұраларымыздың бірі –«Құндылықтың бірі -ұлттық ойындар» бағдарламасы.

Адам өмірінде ойындардың алатын орны ерекше. «Бала ойынмен өседі» деген сөз жайдан –жай айтыла салмаған.Адамның өсіп жетілуі үшін,тұрмыс-тіршілікте қажетті дағдыларды меңгеруде қимыл-қозғалыс ойындары үлкен маңызға ие болады.

Халқымыздың тарихи –мәдени мұраларының түрлері өте көп. Солардың қай-қайсысы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған.Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі-ұлттық ойындар болып табылады.

Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен ,дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор.Ұлттық ойын-баланың дамып жетілуіне,адамгершілік қасиеттерінің артуына,психикасына да тигізетін әсерін тигізеді.Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын,жерін,даму сатысын,әдет-ғұрпын,қонақ жайлылығын айқындап көруге болады.Балалардың бойында ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке,достыққа,сыйластыққа,кішіпейілдікке тәрбиелей отырып,яғни,адамгершілік қасиеттері де қалыптастырады. Басқа ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындар тәртібін бұлжытпай орындауы оқушыларды ойын барысында тәртіп сақтауы,бала кезден бастап тәртіпке,жинақылыққа,әділдікке баулып,адал,қайратты,қайырымды,өжет болуға тәрбиелейді. Жалпы,қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса,ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениетті болғанын айқындайды. Ата бабаларымыз ұлттық ойындар арқылыұрпақтың береке-бірлігімен ынтымағын жарастырып отырған.

Бұл курс бағдарламасы дене шынықтыру пәнінің ұзақ мерзімді жоспарының бөлімдері мен оқу мақсаттарына сүйене отырып құрылды.

Бұл курс бағдарламасы бастауыштың 2-4 сыныптарына арналған. Әр сыныпта аптасына 2-4сыныптарга - 34 сағатты құрайды.

Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай,баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі керек.

Мақсаты:- Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын,жерін,даму сатысын,әдет-ғұрпын көрсету; қимыл-қозғалыс ойындарында

танымдық іс-әрекет пен қабілеттерін ояту;

- Ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс-жүзінде ұғындыру;

-Оқушыларды әділдікке,адамгершілікке,шыдамдылыққа,достыққа,батылдыққа баулу;

- Патриоттық сезімге баули отырып,ұлтжандылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру;

- Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет