Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділердің жиынтығын айтады. Ол жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық негізі болып табылады



бет1/2
Дата19.10.2022
өлшемі25,93 Kb.
#44220
түріҚұрамы
  1   2

Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділердің жиынтығын айтады. Ол жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық негізі болып табылады. Нейрон құрамында төрт құрылым болады: торша тұлғасы-денесіне (сома), қысқа өсінділер – дендриттер, ұзын өсінді – дендрит немесе аксон ұшы немесе терминалдар. Нейронның аталған бөліктерінің әрқайсысы өзіне ғана тән қызмет атқарады.
Нейрон тұлғасы (сома) синтез процесін жүргізеді. Оның құрамында ядро, рибосомалар, эндоплазмалық тор және басқа қосындылар болады. Мұнда медиаторлар, торша белоктары және басқа компоненттер түзіледі. Ол зақымданса бүкіл нейрон қызметі бұзылады.
Аксон – тітіркеністі басқа торшаларға – жүйке, ет немесе секреторлық торшаларға – жеткізеді. Аксон – жүйке торшаларының ұзын өсіндісі. Ол Орталық жүйке жүйесін шеткі ағзалармен байланыстырады.
Сезімтал (сенсорлық) нейрондар аксоны тітіркеністі шеткі рецепторлардан Орталық жүйке жүйесіне жеткізеді. Қозғағыш (моторлық) нейрондар аксоны тітіркеністі Орталық жүйке жүйесінен дене еттеріне жеткізеді. Орталық жүйке жүйесі ішкі ағзалармен де аксон арқылы байланысады. Аксонның қызметі – тітіркеністі өткізу. Тітіркеніс электр потенциялының туындауы нәтижесінде пайда болады да, аксон бойымен сомадан нерв ұшына дейін толқын сипатта таралады.Аяқталар жерінде аксон тарамданып, жіңішке тармақтар (терминалдар) түзеді де, әрбір терминал өздері жалғасатын торшалармен арнаулы жалғамалар – синапс, құрайды.
Дендриттер – нерв торшаларының қысқа өсінділерінің бұтақтана тармақтануының нәтижесінде пайда болады. Әрбір нейрон дендриттерімен жүздеген, тіпті мыңдаған аксон терминалдары жалғасады. Әр бір қозған терминал медиатор бөледі де, дендрит мембранасының өтімділігіне әсер етіп, электр потенциялын тудырады. Дендритте пайда болған синапстық потенциял одан әрі сома арқылы аксонның басқа сегменттеріне – ұшына беріледі.
Нейрондар атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа тітіркеністі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізетін нейрондар жатады. Оларды сезімтал немесе орталыққа тепкіш жүйке талшықтары дейді.
Нейрондарың екінші тобы қозудың ОЖЖ-нен басқа торшаларға, ұлпаларға, мүшелерге жеткізіледі. Олардың эфференттік немесе қозғыш нейрондар деп атайды. Бұл нейрондардың шеткей жүйке тамырлар құрамына енетін ұзын өсінділерін орталықтан тепкіш немесе қозғыш жүйке талшықтары дейді.
Нейрондардың үшінші тобына сезімтал және қозғыш торшаларды бір-бірімен байланыстыратын аралық немесе жалғастырушы жүйке торшалары жатады. Жалғастырушы нейрондар тек ОЖЖ-сі аумағында орналасады.
Орталық, немесе нейрон аралық, синапс деп аксон ұшының басқа жүйке торшаларының денесімен не өсінділерімен жалғасқан жерін айтады. Бір аралық не қозғыш нейрон беткейімен басқа жүздеген, тіпті мыңдаған нейрондар аксондары жанасады. Орталық синапстар орын тепкен жеріне қарай аксосомалық, аксодендриттік, аксоаксолық болып бөлінеді. Аксон басқа жүйке торшаларының денесімен жалғасса оны аксосомалық, дендритімен жалғасса – аксодендриттік, ал аксонымен жалғасса – аксоаксолық деп атайды.
Қызметіне қарай орталық синапстар қоздырғыш және тежеуші болып бөлінеді. Қоздырғыш синапстар негізінен аксодендриттік болып келеді. Олардың синапстық саңылауы кеңірек (300 А шамасында), артық шептік мембранасы қалың және тығыз болады. Синапс саңлауында табақшалар түрінде бос жатқан қосындылар кездесді, медиаторлы көпіршіктері ірі, дөңгелек пішінді келеді. Тежегіш синапстар саңылауы қоздырғыш синапстар саңылауынан 1,5-2 есе кем, артық шептік мембранасы жұқа, медиаторлы көпіршіктері майда, сопақша келеді де, саңлауда қосындылар болмайды.
Аксон ұшына жеткен тітіркеніс әсерімен синапс көпіршіктерінен медиатор бөлінеді. Бұл мембранаға жақындап, онымен жабысады да, медиатор синапстық саңлауға бөлінеді. Бұл құбылысты экзопитоз деп атайды. Медиаторы бөлініп, солға көпіршік мембранасы алғы шептік мембранаға қосылсып кетеді де, оның беткейін үлкейте түседі. Оған кейін алғы шептік мембрананың бір жері аксон ұшының ішіне қарай томпайып шығады да, қайтадан медиатор жинақтайтын көпіршік пайда болады. Бұл құбылысты эндоцитоз дейді.
Орталық жүйке жүйесі өз қызметін рефлекс түрінде атқарады. Рефлекс деп организмнің әр түрлі ішкі немесе сыртқы әсерлерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабын айтады. Ал, рефлекстің атқарлуын қамтамасыз ететін анатомиялық жолды рефлекс жолы, немесе рефлекс доғасы дейді.
Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Дененің белгілі бір рефлекс тудыратын аймағын рефлексогендік аймақ, немесе рефлекс өрісі деп атайды.
Рефлекс алуан түрлі болады, сондықтан оны бірнеше принципті негізге ала отырып жіктеуге болады.
Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректік, сақтану, жыныстық, ұрпақ қорғау бағдарлау т.б. болып бөлінеді.
Рецепторлар табиғатына қарай рефлекстер экстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік болып бөлінеді.
Нейрондардың орналасуына қарай рефлекстер жұлқындық, бұл барлық, межэнцефальдық, диэнцефалдық және қырсықтық болып жіктеледі.
Рефлекстің бұл негізінде жіктелуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады, себебі Орталық жүйке жүйесі әр түрлі құрылымдары арасында тығыз морфологиялық және функционалдық байланыс болады.
Нерв орталығы деп организмнің белгілі бір қызметін реттейтін Орталық жүйке жүйесіндегі нейрондар жиынтығын айтады. Организмде қанша рецепторлық қызмет болса, сонша нерв орталығы болады.
Мысалы, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, сілекей бөлу, жылу реттеу т.с.с.
Нерв орталығына бірнеше физиологиялық қасиеттер тән.
Қозуды бір бағытта өткізу. Орталық жүйке жүйесінде қозу тек бір бағытта – афференттік нейроннан аралық нейрондар арқылы эффекттік нейрондарға өткізіледі. Бұл қасиетті Белл-Мажанди заңы деп атайды, ол орталық синапстың болуына байланысты.

синапстың



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет