Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады?



Дата11.10.2022
өлшемі271,5 Kb.
#42459

 Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады?

Орындаған:Жұмабек Алижан

Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған.

 Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін.

Кейбір мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерінің төмендігінен баланың балғын балалық шағына дақ түсірулері олардың ата-аналар алдында, әріптестері алдынла беделін төмендетеді, абыройын түсіреді және олардың жіберген қателігі баланың өмір бойы жүрегінде қалады. Өкінішке орай ондай мұғалімдер өздерінің кемшіліктерін байқамай сәтсіздік жағдайларда оқушыларды кінәлап, олардың болашағына үулкен күмәнмсн қарайды. Ал оқушы қателігі кешірілуі керек, себебі олар әлі өз күштері мен мүмкіндіктерін шамалай алмайтын, даму үстіндегі жандар.

 Мұғалім профессиограммасы. Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған.

Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады

Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылык, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауга тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп, күрделеніп отыруы нәтижесінде педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды.

Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:

- жалпы адамзаттық қасиеттері;

- кәсіби-педагогикалық касиетгері;

- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.

Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы оның ішкі әлеуетін ашуға мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына айналуы мүмкін.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет