Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Жаңарған партияға – жаңарған идеология



жүктеу 2.62 Mb.
Pdf просмотр
бет11/25
Дата15.03.2017
өлшемі2.62 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

Жаңарған партияға – жаңарған идеология

Қазақстан Компартиясының алдында тұрған міндет­

терді талқылай отырып, біз оны жаңартудың, партия 

қызметінің түрлері мен әдістерін жетілдірудің түбегейлі 

проблемаларына баса көңіл бөлуге тиіспіз. Өзіміздің 

«партиялық үйімізде» не болып жатқанын, біздің одан 

әрі қандай жолмен, қандай жалау астында ілгері басаты­

нымызды егжей-тегжейлі анықтап алатын мезгіл жетті. 

Адамдар бізден айқын саяси баға берілуін күтіп отыр. 

Өктемшіл-төрешіл бұрмалаулардан, біртекті қасаң 

ой-пікірден қол үзе отырып, Қазақстан коммунистері 

КОКП-ны  өз  саясатын  Маркстің,  Энгельстің,  Ленин­

нің  мұрасын  қазіргі  заманға  лайықты  талдау  мен 

шығарымпаздық дамытудың негізінде құрып отырған 

социалистік таңдаудың және коммунистік болашақтың 

партиясы ретінде жаңартуды батыл түрде жақтайды. Біз 

үшін бүгін таңда марксизм-ленинизм несімен құнды? 

Ол бізге социализмге жаңаша қарау үшін сенімді 

теориялық негіз береді, меншік түрлерінің сан алуан 

болуын,  тауар-ақша  қатынастарын,  кооперацияны, 

жұмысшылардың өзін-өзі басқаруын дамытуды көздей­

тін социалистік экономиканың мәніне терең үңілуімізге 

мүмкіндік туғызады. Яғни, жоғалған қожайын сезімін 

іс жүзінде қалпына келтіріп, оны адамның бойында 

орнықтыруға, оның өндіріс құралдарынан және өз қыз­


244

I  ТОМ. – 1989–

1991 


метінің нәтижелерінен шеттетілуін тыюға мүмкіндік 

береді. 


Демократия мен жариялылықты дамыту, төрешіл­

дікке қарсы күресу, ұлтаралық қатынастарды үйлесімді 

ету жолдарын іздестіру жөніндегі лениндік көзқарастар 

біз үшін бүгін де аса өзекті. 

Біз халықтың саяси авангарды болуға қабілетті пар­

тия туралы лениндік ілімге, жалпыадамзаттық игілік­

тердің басымдығы туралы, қоғамдық құрылысы әртүрлі 

мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі туралы және 

басқа да көптеген лениндік идеяларға сүйеніп отырмыз. 

Батыстың саясат зерттеушілері, сондай-ақ ленинизм-

нің  қолтума  сыншылары  да  қоғамның  дағдарысты 

жағдайын: коммунистік мұраттың жеткізген жері, міне, 

осы! – деп, социализмнің атына кір келтіру үшін жан­

таласа пайдалануда. Қасақана бұрмалау айдан анық. 

Өйткені  біз  социализм  орнатқандықтан  емес,  қайта 

оны орната алмағандықтан нашар өмір сүріп отырмыз. 

КОКП Орталық Комитеті Тұғыр намасының жобасын 

талқылау барысында да кейбіреулер әміршіл-әкімшіл 

жүйе марксизм-ленинизм классиктерінен бастау алды, 

социалистік ауқым қайта құру үшін тарлық етеді десіп, 

осыған біздің көзімізді жеткізуге тырысып бағуда. Кей­

бір  «идеологтар»  партияның  атынан  «коммунистік» 

деген сөзді алып тастау қажет деген ой тастауда. Ал бұл 

сөз коммунистердің барлық ұрпақтары күресінің ең 

жоғары стратегиялық мақсатын айқындап келді және, 

сөз жоқ, айқындай беретін болады. 

Осының бәрі не үшін жасалып жатыр? Және Ленин 

мен ленинизмге күшейе түскен шабуылды саяси тұрғы­

дан алғанда зияны жоқ ғылыми-теориялық пікірсайыс 

деп  бағалауға  бола  ма?  Бұған  берілетін  жауап  әзір: 



245

біздің қарсыластарымыз әсте де шындықты іздегісі келіп 

отырған жоқ, олардың міндеті – партияның идеялық 

негіздеріне соққы беру, оны іштен ыдырату, саяси аре­

надан тайдыру. 

Лениннің  ілімі  қорғауды  қажет  етпейді  деседі. 

Жалпы  алғанда,  бұл,  тегі,  осылай  шығар.  Өйткені 

бұл  ғылым  бүкіл  Жер  шарындағы  миллиондаған 

адамдардың  ақыл-ойын  билеп  алып,  олардың  жан 

дүниесін адамгершілік жағынан байытты. Социализм 

орнату идеясын әлі күнге дейін ешкім теріске шығара 

алмады,  керек  десеңіз,  бұл  идеядан  асып  түсе  алған 

жоқ. Бірақ қазіргі нақты саяси жағдайда іріткі салуға 

тырысқан  арам  ойлы  адамдардың  белсене  шығып, 

ленинизмге жабылуына көз жұма қарау қате болар еді.  

В. И. Лениннің сөзімен айтқанда, олармен «сөзсіз шай­

қасу» керек. 

Осыған байланысты біз КОКП Орталық Комитетінің 

еліміздің коммунистеріне ашық хатын толық қолдай­

мыз, онда әңгіме, қазір біздің саяси қарсыластарымыз 

көрсеткісі  келетіндей,  әсте  де  дербес  көзқарасы  бар 

адамдардан арылу туралы болып отырған жоқ. Белгілі 

бір проблемалар, оларды шешу жолдары жөніндегі 

пікірлер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ біздің бәрімізді 

– бір партияның мүшелерін – социалистік таңдау бірік­

тіруге тиіс. Міне, бүгінгі таңдағы бірліктің мәні осында. 

Қазақстан  Компартиясының  Орталық  Комитеті 

былай деп есептейді: егер коммунистер КОКП Орта­

лық Комитеті мен республика Компартиясы Орталық 

Комитетінің  Тұғыр намаларында  нық  және  дәйекті 

тұратын  болса,  онда  біздің  қатарымызда  ешқандай 

жікке бөлінушілікке, фракцияшылдыққа, екіжүзділікке 



246

I  ТОМ. – 1989–

1991 


орын болмауға тиіс. Біз төрешілдікке қарсы күрес дейтін 

желеумен партиялық тәртіпті әлсіретуге үзілді-кесілді 

қарсымыз. 

Еліміздің кейбір ірі-ірі қалаларында, Балтық маңы 

республикаларында,  Кавказ  елдерінде,  Молдавияда 

шексіз-шетсіз  саяси  плюрализм  мен  Конституцияға 

жатпайтын күрес түрлері қаншалықты елеулі ушыққан 

үдерістерге бастап отырғаны белгілі. Мұндай күйінішті 

тағылымның тәжірибесі кей ретте Қазақстанда да бар. 

Міне, сондықтан да біз қайта құру мақсаттарын, партия 

мен еліміздің тағдырын, ізгілікті, демократиялық соци­

ализм мұраттарын қымбат тұтатын барлық күштерді 

берік топтастыруды жақтаймыз. 

КОКП-ға  сол  жақ  беттен  төніп  тұрған  қауіпті  де 

айтпауға болмайды. Бізде әлі де кертартпа пиғылдағы 

коммунистердің  жетерлік  екені  құпия  емес,  олар 

«күшті қол» қажет деседі, яғни партия батыл айып­

таған бұрынғы, әкімшіл-әміршіл әдістерге қайта оралу 

керектігін айтады. Бұл жол да жарамсыз, ол бізді тағы 

да сол тұйыққа, біз жаңа ғана шыға бастаған тұйыққа 

апарып тіремек. 

Қысқасы, біз әпербақан көңіл-күйдегі «демократтар» 

да, нағыз демократия мен партиялық ішкі тұрмысты 

сауықтыруды  ұнатпайтындар  да  қандай  мақсат  көз­

дейтінін жақсы білуіміз керек. Біздің республикалық 

партиялық форум, белгілі мақалға сай, шалшық судан 

балық аулап қалудан, КОКП XXVIII съезі қарсаңында 

жікшілдікке  арандатудан  кет  әрі  емес  адамдардың 

шамшыл, ашықтан-ашық пайдакүнемдік ой-ниеттеріне 

айқын әрі анық пікірін білдіреді деп үміттенемін. Қазір 

жағдай мынадай: қайта құрудың жетекші күші – пар­

тиядағы ауа жайылушылық пен бұлталақтау қоғамды 



247

жаңарту үдерістерін тоқтатуды білдірер еді. Бұған жол 

беруге болмайды. 

Сонымен бірге, енді тыйым салу әдістерімен жұмыс 

істеуге,  басқадай  пайымдаулардан  идеологиялық 

тосқауыл арқылы оқшаулануға болмайтынын да айқын 

түсіну керек. Бұл жерде басқадай әдістер қажет, саяси 

пікірталастағы өз көзқарасыңды дәлелді түрде қорғай 

білуің керек. Бізге әзірше мұндай шеберлік жетіспей 

жатыр. Бұрынғы қатып-семген қағидалар мен таптау­

рын болған жайларды уағыздайтын кейбір идеология 

қызметкерлерінің саяси, экономикалық, экологиялық 

және әдеттен тыс әрі көбіне болжап білу қиын плю­

рализмнің кең қанат жаюымен бетпе-бет келіп, қатты 

абыржып қалғаны осыдан емес пе екен? 

Әділдік үшін айта кеткен жөн: абыржушылық тек 

жергілікті жерлерде ғана емес, сонымен бірге, жоғары 

идеологиялық  буындарда  да  байқалды.  Біз  КОКП 

Орталық Комитетінің, оның Идеологиялық бөлімінің 

атына елеулі реніш айтуға хақылымыз, олар әлеуметтік 

және ұлтаралық шиеленістің ең өткір сәттерінде айнала 

қорғанысқа көшіп, байсалды кеңестің, ұсыныстардың 

орнына:  «жағдайға  қарап  қимылдаңдар»  деген  үлгі­

дегі  таптаурын  сөздермен  шығарып  салып  отырды. 

КОКП  Орталық  Комитетінің  идеологиялық  қызмет­

керлерінің іс-қимылдарына талдау жасағанда олардың 

бастамашылдықты жоғалтып алуы, лениндік идеяларға 

көрінеу күйе жағушылар жөніндегі ымырашылдығы 

партияның күштерін елеулі түрде қожыратты деген 

қорытындыға келмеске болмайды. 

Сірә, бүгін таңда өзіміздің саяси-тәрбие арсеналы­

мызда партиялық идеялар мен ұрандарды тиянақты 

сенімге көшіре алатын нанымды әдістер бар ма, жоқ 


248

I  ТОМ. – 1989–

1991 


па, жалпы біздің идеологтарымыз жаңа жағдайдағы 

жұмысқа әзір ме, жоқ па дейтін мәселеге шындап назар 

аударуымыз керек болар. Бұл сұрақтардың, сөз жоқ, 

түсініспестік туғызуы мүмкін: таяуда ғана насихатшы­

лардың,  үгітшілердің,  саяси  хабаршылардың,  бейне 

бір саяси ағарту мен білім жүйесінде белсенді әрекет 

етіп жүрген идеологиялық қызметкерлердің басқа да 

категорияларының  қисапсыз  сандарын  оңды-солды 

келтірмейтін бе едік. Егер мұны «идеологиялық жасақ» 

деп атайтын болсақ, солардың бәрі қазір қайда жүр? 

Олар ешқайда кеткен жоқ. Барлық кадрлар орнында. 

Бірақ олардың қазір елеулі қайтарым бермей отыр-

ғаны өздерінің кінәсінен гөрі, біздің ортақ сорымыз. 

Жалпы алғанда, партия сияқты, идеологиялық корпус 

ұзақ жылдар бойына, ашығын айтсақ, саяси жылыжай 

жағдайында жұмыс істеп келді. Лениндік идеяларды 

қорғау, партияның саясатын бұқара арасында жақтау, 

ол үшін митингілерде, жиналыстарда, демонстраци­

яларда шайқасу қажеттігі болды ма? Митингілер де, 

демонстрациялар  да,  көрінеу  саяси  оппоненттер  де 

мүлдем болған жоқ. Идеологиялық жұмыстың бүкіл 

рөлі кітаптық-ағартушылық және қызмет көрсету мін­

деттеріне сайды. Тіпті осыдан шамалы уақыт бұрын 

«идеологиялық жағынан қамтамасыз ету» деген тер­

мин де болды. Партия қызметкерлері астық жинауды, 

егіс науқанын, мал төлдетуді, басқа да шаруашылық 

науқандарын  дүркін-дүркін  «қамтамасыз  етті».  Егер 

бұл  жұмыс  адамдарды  таптаурын  іс-қимылдарға, 

өткір мәселелерден орағытып өтуге, есептерде тиімді 

жағдайда көрінуге үйретпеген болса, бәлкім, ол пай­

далы болар ма еді. 


249

Кадрлар  да  нақты  міндеттерді  басшылыққа  ала 

отырып іріктелді. Бүгін таңда республиканың партия 

комитеттерінде идеологиялық жұмысты негізінен әйел­

дер жүргізуде. Олар аудандық, қалалық және облыстық 

партия комитеттері хатшыларының арасында 80 %-ға 

жуық. Олардың көбі – білімі жағынан педагогтар және 

мүлдем  болмашы  бөлігі  ғана  заңгерлер,  әлеуметта­

нушылар, философтар, экономистер. Оның есесіне әйел 

адамды және бұған қоса гуманитарлық білімі бар әйелді 

партия комитетінің жетекшісі ретінде тым сирек кез­

дестіресің. Әдетте, қалаларда өнеркәсіп мамандығының 

өкілдері, ал селода агрономдар, зоотехниктер бірінші 

хатшылар болып табылады. 

Әлбетте, әңгіме идеологиялық кадрларды әлдебір 

тазалау немесе өмірін ізгі іске арнаған адамдарға сенім­

сіздік  көрсету  туралы  болып  отырған  жоқ.  Мұндай 

көзқарас партияны жаңартудың түбегейлі идеяларына 

қайшы келер еді. Әңгіме басқа мәселе жайында – идеоло­

гиялық жұмыстың мәні мен мақсатына көзқарасымыз-

 ды өзгертудің көкейкесті қажеттігі жайында, адамның 

ойы мен сезімін бұрынғыдай қалыпқа салудан бас тарту 

жайында, идеологиялық қызметкерлердің сұхбат жүр­

гізуге, адамдардың көзін жеткізуге әзірлігі мен іскерлігі 

жайында болып отыр. 

Қазіргі  кезеңдегі  партиялық  жұмыстың  қисыны­

ның өзі әрбір коммунистің және ең алдымен – партия 

комитеттері басшыларының идеологиялық жауынгер 

болуын  талап  етеді.  Идеологиялық-саяси  тәрбиенің 

негізгі бағыттарын айқындай отырып, идеологиялық 

масылдық  дағдарысынан табанды түрде  арылуымыз 

қажет. Бұл тұрғыдан алғанда Орталық Комитет Идео­

логиялық комиссиясының ең алдымен тіл саясаты мен 


250

I  ТОМ. – 1989–

1991 


тіл  құрылысы,  жастарға  адамгершілік-эстетикалық 

тәрбие беру, мәдениеттің, бұқаралық ақпарат құрал­

дарының жұмыс істеуі саласындағы бірінші кезектегі 

міндеттеріне байланысты идеологиялық қызметтің өз 

тұжырымдамасын әзірлеу әрекеті үміттендіріп отыр. 

Белгіленген міндетті жүзеге асыру үшін қоғамдық 

ғылымдарға соны күштердің келіп қосылуы қажет, өйт­

кені іргелі теориялық талдамаларсыз жаңару жолымен 

қараңғыда қармалап жүргендей боламыз. Әлеуметтану 

мен саясаттану сияқты бағыттарды дамытуға ерекше 

назар аудару керек. Қоғамдық ғылымдар практиктерге 

негізделген ұсыныстар беруге, әлеуметтік-саяси зерттеу­

лер жүргізуге, қоғамдық үдерістердің дамуына болжам 

жасауға тиіс. 

Бүгінде  идеялық-тәрбие  жұмысының  әмбебап 

түрлерін іздеу мағынасыз. Кез келген қадамды жасай 

отырып, нақты экономикалық және әлеуметтік жағдай­

ларды, моральдық-психологиялық ахуалды, басқа да 

объективті факторларды негізге алу керек. Мұның өзі 

ұлтаралық қатынастар сияқты нәзік те шетін саладағы 

идеологиялық қызметті ұйымдастыру кезінде ерекше 

маңызды. Жоғары мәдениет, баға берудегі салмақтылық 

пен парасаттылық нақ осы ұлт саясатында айрықша 

болуға тиіс. 

Осы проблема тұрғысынан 1986 жылғы желтоқсан 

оқиғасына тоқталып өтпеу мүмкін емес. Бұрынғы пар­

тиялық басшылар ұлтаралық мәселелерге мүлдем бай­

ланысты емес нәзік саяси жағдайда адамдардың пікіріне 

құлақ  асуға  ешқандай  құлқы  жоқ  екенін  көрсетті. 

Керісінше,  олар  адамның  сезімдерін  идеологиялық 

жүгенмен ауыздықтауға жан-тәнімен ұмтылды, мұның 

өзі  қызбалық  сезімдердің  өршуіне,  құқық  тәртібінің 



251

бұзылуына, жүгенсіздіктерге сөзсіз душар етті. Соның 

ізінше идеологиялық бүркеме үшін «қазақ ұлтшыл­

дығының» картасын ойынға ебедейсіз қосты да жіберді. 

Республика басшылығы мен әуел баста тек бейбіт 

сипатта  болған  демонстрацияға  қатысушылар  ара­

сында бір-біріне сенім сұхбаты туады деп үміттенуге 

болатын ба еді? Бір жағынан – демократияландыру мен 

қайта құруға шақырған үндеулерді естіген, ал екінші 

жағынан – тоқырау заманының ең нашар дәстүріндегі 

үзілді-кесілді өктемдікке тап болған жастардың, барлық 

тұрғыдан бірдей орынды болмаса да, шын ықыласты 

ашу-ызасын орасан зор өкілеттіктерді арқалай келген 

«орталықтың адамдары» түсінуге ұмтылады деп үміт­

тенуге болатын ба еді? Әлбетте, болмайтын еді. 

КОКП Орталық Комитетінің Қазақ республикалық 

партия  ұйымы  бойынша  қабылданған  қаулысының 

әрбір жолын ақтау үшін қандай идеологиялық дүр­

белең көтерілгені бәріміздің есімізде. Алматыда қазақ 

тілінде тәрбие беретін балабақшаның ашылуы төңіре­

гінде  қаншама  дау-дамай  болды  десеңізші!  Әбден 

қалыпты, тіпті қазіргі өлшемдер бойынша қатардағы 

оқиға  интернационализмді  бүлдіру  деп  көрсетілді. 

Ұлтаралық қатынастар жөніндегі әртүрлі комиссиялар, 

бөлімдер мен секторлар шұғыл түрде құрыла бастады, 

олар,  ыдыс-аяқ  дүкеніндегі  піл  сияқты,  ұлтаралық 

өмірдің шетін саласына өрескел түрде кимелей кірісті. 

Сөз жоқ, қазақтардың орыс халқына, сондай-ақ орыс-

тардың қазақтарға деген ғасырлар бойына қалыптасып 

келген сенім негіздерін осы тәрізді ойластырылмаған, 

нағыз бақай есепке құрылған әрекеттер де шайқалта 

алған  жоқ.  Адамдардың  басым  көпшілігі  ол  әрекет­

тердің науқаншылдық мәнін түсінді, кейбір функцио­

нерлер қоздырып отырған желікке берілген жоқ. 



252

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Олар  сол  әрекеттің  шын  құнын  партиядағы  шен­

ді-шекпенділерге  қарағанда  әлдеқайда  тезірек  ұқты. 

Осы жылдардың бәрінде Қазақстан Компартиясының 

Орталық Комитетіне, сондай-ақ КОКП Орталық Коми­

тетіне қазақ халқын ұлтшыл, менмен, ал республиканы 

масыл деп айыптаумен келіспеушілігін білдірген еңбек­

шілерден, жастардан, мәдениет және ғылым қайрат­

керлерінен хаттар ұдайы келіп жатты. Мынадай бір 

мысал. Шымкент облысындағы Ленгір ұйық-тоқыма 

фабрикасының слесары Алексей Степанович Шачнев 

былай деп жазған: «Тұтас бір халықтың атына әділет­

сіздікпен тағылған айыпты заңсыз және тіпті ұлты орыс 

адам – мен үшін өкінішті деп санаймын... Қазақтардың 

арасында  30  жылдан  астам  уақыт  бойы  тұрып  келе 

жатып  және  олардың  достық  қатынасын  күн  сайын 

дерлік сезіне жүріп, тұтас бір халықтың табан астынан 

ұлтшыл атанып шыға келгенін таңданыспен естіп-біл­

дім. Қазақты ұлтшыл деп атайтын адам, сонымен бірге, 

орыс адамы – менің де жанымды терең жаралайды». 

Және де мұндай мәлімдемелер бірен-саран емес. 

Қазақстан  Компартиясының  Орталық  Комитеті, 

республиканың  Жоғарғы  Кеңесі  КОКП  Орталық 

Комитетінің белгілі қаулысына өз көзқарасын айқын 

білдірді.  Қорытындысында  әділет  салтанат  құрып, 

қазақ халқынан масқара жапсырма алып тасталды. Бұл 

фактіні қазақстандықтардың бәрі орасан зор қанағат 

сезімімен  қабыл  алды.  Оқиғаларға  қатысқаны  үшін 

әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке заңсыз 

тартылған  адамдарды  ақтау  жөнінде  де  соңғы  кезде 

үлкен жұмыс жүргізілді. 

Біз Қазақстан аумағының тұтастығына күмән келтіру 

әрекеттеріне де селқос қарай алмаймыз. Соңғы кезде 



253

пайда  болған  ондай  пайымдаулар  республиканың 

бүкіл  халқының  ерекше  теріс  көзқарасын  туғызып 

отыр. Біліксіз деп күдік келтірудің өзі қиындау соға­

тын, ғылыми атағы бар ғалымдардың осындай аранда­

тушылық тақырыптағы жарияланымдары ерекше ашу-

ыза сезімімен қабылдануда. Мәселен, салиқалы да құр­

метті «История СССР» журналы тарих ғылымдарының 

докторы, академиялық институт қызметкерінің респу­

блика аумағының бір бөлігі, соның ішінде Жетісу да... 

Сібір казактарының иелігінде болған деп шімірікпес тен 

мәлімдеген мақаласын басты. Тарихты білу тарихшы 

үшін қалайда міндетті болса да, бұл жерде ғасырлар 

бойы тұрып келе жатқан халық бұған не дейтіні оны 

онша  ойландырмайтын  сияқты.  Бүгін  біз  съезд  мін­

берінен қазіргі шекаралармен белгіленген республи­

каның бүкіл аумағы көп ұлтты Кеңестік Қазақстанның 

тарихи меншігі болып табылады және оның келісімінсіз 

өзгертіле алмайды деп тағы да мәлімдейміз. 

Республика  коммунистері,  партия  комитеттері, 

халық  депутаттарының  Кеңестері,  КОКП  Орталық 

Комитетінің «Партияның қазіргі жағдайдағы ұлт сая­

саты»  тұғырнамасын  қолдай  отырып,  республикада 

тұратын барлық ұлттар өкілдерінің бір-біріне құрмет­

пен және қамқорлықпен қарауына күш салатын болады. 

Біз барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің мүдделері 

толық ескерілуі, олардың мәдениетін, дәстүрлері мен 

әдет-ғұрыптарын дамытуға көмектесу үшін бәрін де 

істеп келдік және істей беретін боламыз. 

Ұлтаралық қатынастардағы мәселенің мәселесі – тіл 

құрылысы. Мұнда есеп беріліп отырған кезең ішінде зор 

жұмыс атқарылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабыл­

даған Тілдер туралы Заңға сәйкес қазақ тіліне мемлекет­


254

I  ТОМ. – 1989–

1991 


тік мәртебе берілді. Орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі 

деп танылып, оның республиканың бүкіл аумағында 

мемлекеттік тілмен бірдей еркін қолданылуы қамта­

масыз етілді. Заң сондай-ақ әрбір ұлт өкілдерінің тіл 

саласындағы өз мүдделерін қорғау принциптерін де 

көздейді. 

Өздерінің мемлекеттік құрылымдарынан тыс жерде 

тұратын немесе КСРО аумағында ондай құрылымдары 

жоқ азаматтардың құқықтары туралы заң, сондай-ақ 

тіл туралы одақтық заң және басқа құқықтық актілер, 

сөз жоқ, ұлтаралық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. 

Осыған байланысты құқықтық мемлекет құруға кірісе 

отырып, біз өз бойымызда заңның әрпі мен рухын құр­

меттеу және мүлтіксіз сақтау сезімін тәрбиелеуге тиіс 

екенімізді атап айтқым келеді. 

Оны орындау ісінде қолпаштауға да, қандай да бол­

сын асыра сілтеуге де жол беруге болмайды. Өкінішке 

қарай, кейбір лауазымды адамдар осындай айқын шекті 

ажырата  алмай,  құқықтық  актілерді  өзіне  қолайлы 

болатындай етіп бұра тартып түсіндіруге тырысады. 

Атап айтқанда, бізді ба  йырғы ұлттың тілін үйренуге 

мәжбүр ету фактілері алаңдатпай тұра алмайды, мұның 

өзі мүлдем жол беруге болмайтын іс және тілдер туралы 

қабылданған заңға қайшы келеді. 

Мұнда өткен ғасырда-ақ Ресейдің орталық ауданда­

рынан келіп ірге тепкен қоныс аударушыларды қазақ 

тілін үйренуге мәжбүр еткен біреу болды ма? Бірақ аға 

ұрпақ өкілдері Қазақстанда ежелден тұратын орыстар 

да,  украиндар  да,  басқа  ұлттардың  өкілдері  де  тілді 

тамаша  меңгергенін  жақсы  біледі.  Тың  және  тыңай­

ған жерлер жедел қарқынмен игеріле бастаған кезде, 

осыдан 30–35 жыл бұрын, осыған кері үдеріс басталды. 



255

Республика  экономикасын  күрт  алға  бастырған  ұлы 

істің ең алдымен халықтың тілін дамытуға теріс ықпал 

еткен  салқыны  болмай  қойған  жоқ.  Тың  игеруші 

жастарға қандай өлкеге бара жатқанын, онда қандай 

адамдар тұратынын, бұл халықтың мәдениеті мен тұр­

мысының ерекшеліктері қандай екенін түсіндірген адам 

болды ма! Керісінше, олар – алғашқы ізашарлар, адам 

қоныстанбаған, жабайы деуге боларлық жерлерді алғаш 

ашушылар деген сөз баса айтылды. Жергілікті халықтың 

тілін үйреніп әуре болудың керегі жоқ дейтін психо­

логиялық қағида осыдан келіп шықты. Мәселе, әрине, 

шамшылдықта, әсіресе, Қазақстанның астыққа аса бай 

өңірін түлеткен адамдарға қандай да болсын реніште 

немесе кінә қоюда емес. Қазақстан Компартиясының 

Орталық  Комитеті  біздің  көп  ұлтты  ортақ  үйімізге 

айналған республиканың дамуы мен гүлденіп-көрке­

юіне еңбек үлесін қосқан қазақстандықтардың барлық 

ұрпақтарына үлкен алғыс білдіруді, орыс халқымен, 

барлық  туысқан  халықтармен  достықтың  бағасы 

жоғары екенін тағы да атап көрсетуді өзінің борышы 

деп санайды. Нақ осы достықты сақтау мен нығайту 

мақсатында, біздің бірлескен өміріміздің жүздеген жыл­

дары ішінде қалыптасқан бай рухани байланыстарды 

тереңдету  үшін  біз  бүгін  өткенде  жіберілген  қатені 

түзеуге тиіспіз. Қазақстан Компартиясының Орталық 

Комитеті республиканың мемлекеттік тілін оқып-үй­

реніп, толығырақ меңгеруге тырысқан  басқа ұлттың 

өкілдеріне ізгі тілекпен, мен айтар едім, мейірімділікпен 

қарауға барлық күш-жігерін жұмсау – барша қазақтың 

борышы  деп  санайды.  Сондықтан,  әрине,  бұл  үшін 

барлық қажетті жағдайды жасау керек. 



256

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Қабылданған заң, сөз жоқ, тілдерге қоғамдық көзқа­

расты өзгертуге мүмкіндік береді, олардың еркін дамуы­

ның кепіліне айналады. Алайда ана тіліне қамқорлық 

ең алдымен осы тілге ие болып отырған халыққа жүкте­

леді. Демек, біздің ең басты мақсатымыз әрбір халықтың 

өз  тілін  өзі  сақтауы  жөніндегі  өте  қиын  жұмыстың 

адамгершіл мәнін терең сезініп, сонымен бірге, әрине, 

көрші халықтың тілі мен мәдениетін құрметтеуді ұмыт­

пауында болып отыр. 

Біз ерекше көңіл бөлуіміз қажет болып отырған тағы 

бір мәселе. Республика жұртшылығы көптеген жігіттер 

мен қыздардың саяси мәдениетінің төмендігіне, дүние-

танымдық ұстанымдарының тұрақсыздығына, өнегелік 

бағыттарынан  адасқандығына  алаңдаулы.  Осыған 

байланысты  Орталық  Комитет  жастар  туралы  заң 

қабылдау, олардың жарқын рухани өмірі үшін жағдай 

жасауға бағытталған бағдарлама әзірлеу жөн деп есеп­

тейді. Бұған жас ұрпақтың мүддесін неғұрлым толық 

білдіретін серпінді саяси ұйым болуға тиісті комсомол 

белсене араласуы керек. 

Партия комсомол ұйымдарына жұмыстың түрлері 

мен әдістерін таңудан біржолата бас тартты. Алайда 

идеялық-саяси салада бірлесіп шешетін проблемала­

рымыз баршылық. Олардың көбі социалистік игілік­

тер мен мұраттарға деген көзқарастарға байланысты. 

Атап  айтқанда,  бізді  Қарулы  Күштердің,  мемлекет 

қауіпсіздігі органдарының рөлі мен мәнін кемсітушілік 

әрекеттері алаңдатуда. Біз халық пен армияның қаһар­

мандық дәстүрлерін қастерлеп аялауды, әскери қыз­

меттің беделін көтеруді, ардагерлердің, интернациона­

лист-жауынгерлердің, әскери қызметшілердің тұрғын 

үй-тұрмыстық жағдайына нақтырақ қамқорлық көрсе­

туді өзіміздің борышымыз деп есептейміз. Сондай-ақ 


257

жігіттер  мен  қыздарды  бойында  мемлекеттік  рәміз 

атрибуттарына – республиканың Әнұранына, Туына, 

Елтаңбасына  құрметпен  қараушылықты  тәрбиелеу 

қажеттігі де туып отыр. 

Соңғы уақытта Орталық Комитеттің атына ардагер­

лерден, интернационалист-жауынгерлерден көптеген 

хаттар  келіп  түсуде,  оларда  Отанымыздың  тарихи 

өткенін кемсітіп көрсеткен, кезінде жол берілген саяси 

және экономикалық қателіктер үшін кінәні барлық аға 

ұрпақтың коммунистеріне аударған жарияланымдар­

дың қатты алаңдататыны айтылған. Ал мұның өзі нақты 

тарихи тұрғыдан талдау жасалмастан әдейі істелуде, 

шын мәнінде кеңес халқының мақтанышы болып табы­

латын нәрселердің бәрін есептен шығарып тастамақшы. 

Біз мұндай көзқарастарға ортақ бола алмайтынымызды, 

қайта, керісінше, аға ұрпақтардан лениндік партияның 

мұраттарына адалдық, тапсырылған іске берілгендік, 

ұжымшылдық  және  жолдастық  сияқты  қасиеттерді 

қабылдауымыз қажет деп есептейтінімізді бұлталақсыз 

мәлімдеуге тиіспіз. Олардың аса бай тәжірибесі қайта 

құру практикасында, еңбекшілерге, әсіресе, жастарға 

патриоттық және интернационалдық тәрбие беру, иде­

ялық және адамгершілік жағынан шыңдау ісінде толық 

пайдаланылуы үшін қажет нәрсенің бәрін істеу керек. 

Жастарға білім беру мәселелері партияда ерекше 

орында тұр. Мұнда орта және жоғары мектептің педа­

гогикалық практикасының мазмұнын жаңартуға, оның 

материалдық-техникалық  базасын  нығайтуға  жана 

көзқарастар  байқалды.  Соңғы  төрт  жылдың  ішінде 

667  мектеп  іске  қосылды,  осы  мақсаттарға  бөлінген  

776 млн-нан астам сом игерілді, мұның өзі одан бұрынғы 

бесжылдықтағыдан 1,4 есе көп. Алайда бұрынғы жыл­


258

I  ТОМ. – 1989–

1991 


дарда осы салада жол берілген сәтсіздіктердің терең 

болғаны  соншалық,  қолданылып  жатқан  шараларға 

қарамастан,  проблеманың  түбегейлі  шешімі  әлі  де 

болса  алыс  жатыр.  Мысалы,  мектептерде  оқушы 

орындарының тапшылығы 1 млн 300 мың болып отыр. 

Республикада бір студентке шаққанда 1,4 мың сомның 

жабдығы келеді, ал жалпы еліміз бойынша бұл көр­

сеткіш – 2,4 мың сом. Оның үстіне жас мамандардың 

бір бөлігі жұмысқа орналаса алмай жүр. Өткен жылы 

Мемлекеттік  аграрлық-өнеркәсіптік  комитет,  Сауда 

министрлігі, Автомобиль көлігі министрлігі және басқа 

бірқатар министрліктер мен ведомстволар жоғары оқу 

орындарының 400-ден астам түлегін жұмысқа қабыл­

даған. Ал бізде кәсіпорындармен және ведомстволар­

мен тікелей шарттар бойынша мамандар даярлаудың 

тамаша тәжірибесі бар ғой, мұның өзі олардың «артық 

даярлануына» жол бермейді. Егер сол тәжірибе кеңінен 

таратылмай отырған болса, бұл тек қана лауазымды 

адамдардың,  былайша  айтқанда,  артық  жұмыспен 

басын  қатырғысы,  жұмыстың  үйреншікті  ескірген 

тәсілінен қол үзгісі келмеуінен болып отыр. 

Қоғам  өмірін  жаңартуда  адамды  ізгілендірудің 

ең  пәрменді  құралы  –  мәдениет  зор  рөл  атқарады. 

Қазақстан Компартиясы қазақ халқы мен республика­

дағы басқа да ұлттар мәдениетінің өзіндік ерекшелігін 

сақтау,  өнер  мен  әдебиетті  дамыту  бағытын  дәйекті 

түрде  жүргізіп,  рухани  салаға  деген  коммерциялық 

көзқарастарға, ұлттық мәдени мұраға деген нигилизм 

көріністеріне қарсы шығатын болады. Бұл істе біз өз 

интеллигенциямызға ұдайы сүйеніп, оның пікірі мен 

кеңестерін ескеріп отырамыз. Және де шығармашылық 

еркіндігін ала отырып, интеллигенция өкілдері халықты 



259

лайықты  шығармалармен,  ғылыми  жаңалықтармен 

байытып қана қоймай, қайта құрудың жарқын мұрат­

тарын жүзеге асыруда, туған жердің гүлденуін мақсат 

тұтқан жұмыста әрқашанда бізбен бірге болатынына 

сенеміз. 

Халыққа  Ш. Құдайбердиевтің,  М. Жұмабаевтың, 

А. Байтұрсыновтың, Ж. Аймауытовтың, М. Дулатовтың 

шығармалары қайтарылды. Қазақ ауыз әдебиетінің ірі 

өкілдерінің мұрасын зерттеп-үйрену басталды. Дра­

матургия  мен  кинематографияда  соны  шығармалар 

пайда болды. Ақындар айтысы кеңінен таралып, көр­

кем кәсіпшіліктер, ежелгі халық мерекелері қалпына 

келтірілуде. 

Алайда біз рухани жұтаңдықтың қоғамдық өмірімізде 

қандай қатерлі өркен жая бастағанын көріп отырмыз. 

Парықсыздыққа, әдепсіздікке және жадағайлыққа бас 

ұру тым айқын көріне бастады. 

Қазақ КСР Мәдениет жөніндегі мемлекеттік коми­

тетіндегі коммунистердің мәдениет саясатын мемлекет­

тік тұрғыдан жүргізуге, республиканың шығармашыл 

күштерін топтастыруға үйренетін мезгілі жетті. 

Партияның топтастырушы рөлін нығайтуда парти­

ялық баспасөзге маңызды орын беріледі, ол демокра­

тияландыру  мен  жариялылық  үдерістерін  дамытуға 

орасан зор ықпал етуде. Алайда баспасөздің өз үніне 

ие болуы оп-оңай өтіп жатқан жоқ. Көптеген редакция­

лардың жұмысында белгілі бір көпірмелік те, маңызды 

экономикалық  проблемалардың  үстірт  қойылуы  да 

айқын көрінеді. Баспасөздің, телевизия мен радионың 

қызметінде топтық мүдделерді қорғау фактілері, дүр­

лікпе оқиғалардың соңына түсу әлі де жойылмаған. 



260

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Партиялық  баспасөзді  нығайту  жөніндегі  шұғыл 

шараларды әзірлеуге ерекше қамқорлық жасалуға тиіс. 

Бұл жерде не жайында айтылып отыр? Ең алдымен 

–  біздің  партиялық  басылымдарымыздың  және  ең 

алдымен «Социалистік Қазақстан» мен «Казахстанская 

правда» газеттерінің жұмысын батыл түрде қайта құру 

керек. 

Партия  органдары  баспасөздің  адамдарға,  еңбек 



ұжымдарына, партия ұйымдарына бәрінен де жақын 

тұрған  топтарын  ұдайы  нығайтуға  тиіс.  Әңгіме  ең 

алдымен сол басылымдардың кәсіптік деңгейін едәуір 

арттыру,  олардың  құрылымын  жетілдіру  жайында 

болып  отыр.  Бізде  жергілікті  баспасөз  шығынмен 

жұмыс істейді. Ендеше, мысалы, облыстық газеттер мен 

баспалар негізінде облыстық газеттердің аудандық пар­

тия ұйымдарына арналған ауыспалы беттерін шығара­

тын, кітап басу қызметімен айналысатын шаруашылық 

есептегі аймақтық партиялық баспасөз концерндерін 

неге құрмасқа? Бұл – жергілікті баспасөздің тиімділігін 

арттыру жолдарының бірі ғана. 

Біз партия сөзінің беделін ұдайы арттыруға, бұқа­

ралық  ақпарат  құралдарын  партияны  даттау  үшін, 

экстремистік, Конституцияға қарсы мақсатта пайдалану 

әрекеттерін батыл тыюға тиіспіз. 

Соңғы кезде бұқараның күрт саясаттануының нәти­

жесінде әуесқой қоғамдық ұйымдардың белсенділігі 

едәуір өсті. Біздің көз алдымызда бейресми қозғалыс-

тардың жаңа құрылымдары ғана емес, сондай-ақ олар­

дың  идеологиясы  да  қалыптасуда  деп  ашық  айтуға 

болады.  Осыған  байланысты  партия  ұйымдарының 

алдында бейресми ұйымдарға неғұрлым сындарлы жол 

табу, қазақстандықтардың көпшілігінің мүдделеріне 



261

сай  келетін  мақсаттар  жолында  өзара  түсіністік  пен 

бірлес кен іс-қимылдарды жолға қою міндеті тұр. Өйт­

кені бейресми қозғалыстардың негізінен алғанда қайта 

құру шебінде тұрғаны айқын ғой. 

Даму  үстіндегі  жұмысшы  қозғалысына  да  ықпал 

ету  керек.  Біз  оның  күші  –  әлеуметтік  әділеттілікке 

ұмтылуда,  еңбек  адамының  қорғалуы  үшін  күресте 

деп білеміз. Ал бұл жерде ол, өкінішке қарай, бүгінгі 

күні еңбекшілердің көкейкесті мүдделерін қорғаудағы 

енжарлықтың  салдарынан  елеулі  сенім  дағдарысын 

бастан  кешіріп  отырған  кәсіподақтардың  мақсат­

тарымен  тығыз  бірігеді.  Партия  комитеттері  кәсіп-

одақтарға қиын жағдайда өз орнын табуға көмектесуге, 

олардың  жұмысшы  қозғалысымен  топтасуына  күш 

салуға және осының негізінде республикада қайта құру 

үдерістерін тереңдетуге көмектесуі тиіс. 

Партия соңғы сөзді айтушы бір өзі ғана болудан бас 

тартатынын анық мәлімдеді. Ол қайта құруды терең­

детуге ұмтылатын, адамдардың тұрмысын жақсартуды 

мақсат ететін кез келген саяси ағымдардың өкілдерімен 

сұхбат  жүргізуге  әзір.  Алайда  бірлескен  жұмысқа 

шақыра  отырып,  біз  өз  саясатымыздың  принципті 

мәселелерінде шегініс жасай алмаймыз. Бүгінгі таңда, 

мысалы, көппартиялық туралы жиі айтылады, оның 

үстіне көбінесе бұл ұғым терең ой елегінен өткізілмей, 

кейде  тіпті  ынталы  қоғамдық  қозғалыстардың  бар­

лығына бірдей талғамай телінеді. 

Қарабайыр  санаға  есептелген  даңғойлық  сөз­

дерде  «көппартиялылық»  терминінің  өзі  сан-саққа 

жүгіртілуде  және  оның  сыртында  озбырлық  режім 

де, қоғам мен нағыз халық билігі мүдделерінен алшақ 

жатқан халыққа жат кез келген саясат та болуы мүм­


262

I  ТОМ. – 1989–

1991 


кін екені әдейі еске алынбайды. Ұлттық қозғалыстарға 

арналған  демократиялық  және  маркстік  тұғырна­

малардың тым болмағанда бір ғана жалпы көрінісін 

алайықшы. Олардың екеуі де халықтардың өзінің ұлт­

тық-мәдени жаңаруына қатысты заңды талаптары мен 

тек конфедерацияны және тіпті лаңкестік пен қантөгіс 

жолымен болса да билікке қол жеткізуді мақсат ететін 

барып тұрған ұлтшыл және шовинистік топтар қыз­

метінің арасына айырым қоюға әрекет жасамайды. Ал 

бұлайша  аражігін  ажыратпайынша,  мейлі  ол  Одақ 

немесе нақты аймақ деңгейінде болсын бәрібір, қоғамда 

ұлттық проблемаларды шешуге кірісуге болмайды ғой. 

Әрі көппартиялылықты біз күресуімізге тиісті бар­

лық  әлеуметтік  кеселдердің  емі  ретінде  қабылдауға 

ешбір  болмайды.  «Партия»  деген  түсініктің  өзінің 

тасасында, бүгінде кейбіреулер ойлайтындай, ұрандар 

мен декларациялар ғана емес, қоғамның әртүрлі жік­

терінің мүдделері, оларды қорғай білу және қорғауға 

әзірлік, оларды саяси және экономикалық әдістермен 

жүзеге асыру тұр. Партияның рөліне үміткер көптеген 

қозғалыс тар бұл жұмыстың қиын екендігін біле берер 

ме екен. 

Қалай болғанда да, біз әртүрлі саяси тұғырнамалар 

мен қозғалыстардың мақсаттары мен міндеттерін жақсы 

білуге,  олардың  көсемдерімен  дәлелді  түрде  айтыса 

білуге тиіспіз. Бірақ олармен өзара қатынасты құрғанда 

және көппартиялылыққа көзқарас жөніндегі өз ұста­

нымымызды белгілегенде, басқа аймақтарға жалтақтау 

немесе  өмірдің  барлық  жағдайында  молынан  пайда 

болған ақыл-кеңес бергіш «мамандарға» құлақ асу бізге 

жараса қояр ма екен. Сайып келгенде, республикадағы 

оқиғалар  бір  сценарий  бойынша  дамымайды,  бізде 

өзімізге тән ерекшеліктер бар, сондықтан бөтен, оның 


263

үстіне әрқашанда бірдей сәтті бола бермейтін тәжіри­

бені көшіріп алудың жөні жоқ. 

Біз  қазақстандықтардың  бойында  КОКП-дағы 

кінәратсыз күштерге деген терең үміттің, партиямызға 

деген  сенімнің  сақталғанын  ескеруге  тиіспіз.  Осыны 

басшылыққа ала отырып, өз саясатымыз бен іс-қимыл 

бағдарламамызды белгілеуіміз керек. Атап айтқанда, 

коммунистер  саяси  плюрализмді  әлеуметтік  шие­

леністі  ушықтыру  және  жағдайды  тұрақсыз дандыру 

мақсатында  пайдалану  әрекеттеріне  көз  жұмып 

қарай алмайды. Осыған байланысты республиканың 

Жоғарғы  Кеңесіне  заң  шығарушылық  бастамамен 

шығу және Қазақ КСР Конституциясында жаңа саяси 

құрылымдарды құру ережелері мен республикамыздың 

ақиқат шындықтарын ескере отырып, олардың жұмыс 

істеу  тәртібін  бейнелеу  қажеттігі  туған  сияқты.  Бұл 

құқықтық мемлекетке барар жолда қажет. 

Еліміз  бен  республика  бастан  кешіріп  отырған 

жағдайда  саяси-тәрбие  жұмысы  көп  ретте  құқық 

тәртібін, заңдылықты, қоғамдық және еңбек тәртібін 

нығайту  жөніндегі іс-қимылдармен ұштастырылуда. 

Құқық  қорғау  органдарының  беделін  барынша 

көтеру,  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  белсенді 

ынтымақтас тық арқылы олардың жұмысындағы жари­

ялылықты кеңейту маңызды. Партия органдары тәр­

бие жұмысын күшейтуге, адамдардың бойына құқық 

тәртібін құрметтеушілікті дарытуға міндетті. Егер қала­

саңыздар, баршаның бойында заңды құрметтеу сезімін 

тәрбиелеу – біздің тікелей борышымыз. Демократияны 

шектен шыққан жүгенсіздікпен шатастырмау керек. 

Заң шығарушылықты дамытып әрі жетілдіре оты­

рып, біз әрбір құқықтық актінің белсенді жұмыс істеуіне 


264

I  ТОМ. – 1989–

1991 


күш салуға тиіспіз. Ал бізде жақсы заңдар болғанымен, 

олардың, әсіресе, еңбек және тұрғын үй заңдарының, 

сауда  мен  тұрмыстық  қызмет  көрсетуді  реттейтін 

актілердің орындалуына байланысты әлеуметтік салада 

іске асырылуы прокурорлық қадағалаумен қамтамасыз 

етілген жоқ. Азаматтардың құқықтық тұрғыдан қорға­

луы да жеткілікті дәрежеде қадағаланбай отыр. 

Республика өмірінің барлық салаларында заңның 

сөзсіз үстем болуына қол жеткізу, құқықтық норма­

лардан шегіну фактілерінің, сот процестеріндегі сыңар­

жақтық көріністерінің, сөзбұйдалықтың, еңбекшілердің 

арыздарына немқұрайды қараудың жолын батыл кесу 

– құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін комму­

нистердің борышы. 

Идеялық-саяси  арсеналдарды  жаңарта,  рухани- 

адамгершілік  саладағы  шығармашылық  пен  баста­

машылыққа кең өріс аша отырып, Қазақстан Компарти­

ясы адамдардың өз болашағына сенімді болуына, қазір 

бізге соншалықты қажет болып табылатын мұраттар­

дың бірлігін сақтауға мүмкіндік беретін жағдайларды 

жасауға  ұмтылады.  Біз  еркін  еңбекке,  мәдени  және 

ғылыми-техникалық прогреске, әлеуметтік әділеттілікке 

негізделген  ізгілікті,  демократиялық  социализмді 

жақтаймыз. Бүгінгі таңда ең басты өзек болып отырған 

нәрсе, міне, осы, көп қырлы идеологиялық жұмыс та 

осының төңірегінде жүргізілуге тиіс. 



Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет