Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


ҮНДЕУІ Алматы қаласы,  1990 жылғы 10 қыркүйек БІРЛІК ПЕН ТОПТАСҚАНДЫҚ ҮШІН



жүктеу 2.62 Mb.
Pdf просмотр
бет14/25
Дата15.03.2017
өлшемі2.62 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

ҮНДЕУІ

Алматы қаласы, 

1990 жылғы 10 қыркүйек

БІРЛІК ПЕН ТОПТАСҚАНДЫҚ ҮШІН

Қымбатты жолдастар, жерлестер! 

Мен республиканың өз дамуындағы жауапты кезеңге 

аяқ басуына байланысты сіздерге сөз арнап отырмын. 

Біз  саяси  және  экономикалық  егемендікке  қол  жет­

кізу  мен  оны  іске  асыруға  тікелей  кіріскелі  тұрмыз. 

Қазақстан тұрғындары үшін бұл идеяның қаншалықты 

тартымды екенін біле тұрып, жаңа Одақтық шарттың 

әзірленіп жатқан жобасына өзіміз ұсынған қағидалар­

дың мән-мағынасын сіздерге түсіндіре кетсем деп едім. 


301

Оның үстіне, нарықтық қатынастарға көшу және соған 

байланысты  туатын  әрбір  еңбек  ұжымының,  әрбір 

қазақстандықтың өз еңбегінің нәтижесіне, саламатты 

моральдық-психологиялық және қоғамдық-саяси аху­

алды сақтауға деген биік жауапкершілігі сияқты аса 

маңызды мәселеге тоқталсам деймін. 

Қайта  құру  барысында  біз  ұлттық-мемлекеттік 

құрылымымыздың  қағидаттарын  қайта  қарауға,  аса 

терең  экономикалық  реформаларды  жүзеге  асыру 

қажеттігіне келіп тірелдік. Біз орталық пен ведомство­

лардың рахымсыз өктемдігі, идеологиялық қасаңдық, 

іс-әрекет  пен  ой-пікірдің  қалыпқа  салынуы,  ұлттық 

мәдениеттердің  бірсарындылығы  меңдеген  әмір­

шіл-әкімшіл жүйенің бұғауларынан арылып жатырмыз. 

Біз өмірді мүлдем жаңа негізде – егемен мемлекет­

тердің  одағында  құруды  бастадық.  Шарттың  кейбір 

қағидалары  әлі  пысықталу  үстінде,  бірақ  оның  мәні 

мейлінше айқын: республикалар өз аумақтарындағы 

барлық ұлттық байлықтарды иеленуге, пайдалануға 

және жұмсауға ерекше құқық алады. Бұған жер, оның 

қойнаулары, сулар, әуе кеңістігі және басқа да табиғи 

ресурстар,  мемлекеттік  егемендіктің  материалдық 

негізі  болып  табылатын  күллі  экономикалық  және 

ғылыми-техникалық әлеует кіреді. Одақтың өзі респу­

бликалардың еріктілігіне, өзара мүдделілігі мен терезесі 

тең серіктестігіне негізделеді. Әрине, республикалар 

өз қалаулары бойынша өкілеттіктерінің біраз бөлігін 

Одақтың  жаңа,  өздері  құрған  басқару  органдарына 

береді. Бұл сөз болып отырған өзінің сипаты бойынша 

ел көлемінде біртұтас басшылықты қажет ететін қызмет 

салалары: іргелі зерттеулер, қорғаныс бағдарламалары, 

бірыңғай  энергетикалық  жүйе,  атом  энергетикасы, 

ғарыштық жүйелер, т. б. 



302

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Жаңа  Одақтық  шарттың  негізіне  айналмақшы 

экономикалық  келісімге  салынған  идеялар  қысқаша 

айтқанда осындай. Республика басшылығы бұл про­

блемаларды  барлық  деңгейлерден,  барлық  мінбер­

лерден дәйектілікпен және табанды түрде айтып келе 

жатқанын қазақстандықтар біледі. Ал олардың шешілуі 

созалаңданып кетсе, ол біздің кінәміз емес. Егер біздің 

Одағымыздың негіздерін түбегейлі қайта қарау қажет­

тігін ертерек түсінгенімізде, еліміз көптеген шиеленісті 

жанжалдарды, экономикалық шығындарды, республи­

кааралық шаруашылық байланыстарының ыдырауын, 

орталықтан  жеріну  үрдістерінің  күшеюін  басынан 

өткермеген болар еді. 

Бүгінде іс-әрекет шындығы саясатта, экономикада, 

рухани салада біртабандап өз шебін ала түсуде. 

Біздің  республикамызда  экономика  аса  маңызды 

бірталай көрсеткіштер бойынша елдің біраз өзге өңір­

леріндегіден едәуір жақсы екенін біз қанағат сезімімен 

атап көрсетеміз. Бұған ең алдымен байсалды, жасам­

паздық жағдай туғызудың арқасында қол жетті. Әрі 

алдағы уақытта да азаматтық келісімді қадірлей білуіміз 

керек,  онсыз  нарықтық  экономикаға  ойдағыдай  өту 

мүмкін емес. Біз нарыққа әлдебір тәжірибе үшін емес, 

адамға лайықты тұрмыс жағдайын жасау, жеке адамды 

асқақтату, өркениетті қоғамда, жалпы адамзаттық құн­

дылықтар әлемінде тереземіз тең өмір сүру үшін бара 

жатырмыз. Адамдардың санасын нарықтық экономи­

каның алдындағы үрейден арылтып, біліктілігі жоғары, 

іскер, жұмыскер адам жалпыға бірдей теңгермешілік 

жағда йындағыдан әлдеқайда жақсы өмір сүретінін түсі­

нетіндей жағдай туғызу керек. Бұл – үлкен саяси маңызы 

бар  міндет.  Бірақ  қазіргі  қиындықтарға  қоғамдағы 



303

жағдайдың тұрлаусыздығына байланысты жаңа қиын­

дықтар жамалатын болса, ол міндетті ешқашан орын­

дай алмаймыз. Соңғы кездері мен еңбек ұжымдарынан, 

жекелеген азаматтардан ашық үрей арқалаған хаттарды 

көптеп алатын болып жүрмін. Оның авторлары елдің 

біраз аймақтарында орын алған ұлтаралық қасіретті 

күйзелістер бізге де қатер төндіріп тұрған жоқ па деп 

сұрайды. 

Турасын айту керек, біздің республикада да қайта 

құрудың,  демократияландыру  мен  жариялылықтың 

мұраттарын  үстірт  және  мейлінше  қате  пайымдай­

тын  адамдар  пайда  болды.  Біліктілігінің  кемдігіне 

немесе,  тіпті  қатты  айтпағанның  өзінде,  саяси  бол­

жамсыздығына  байланысты  олардың  мәлімдемелері 

мен талаптары өмір шындығынан және біздің алды­

мызда тұрған міндеттерден тым алшақ. Менің айтып 

отырғаным республиканың шекарасын қайта құруды 

аңсау шылыққа  да,  оның  аумақтық  тұтастығына  қол 

сұғушылыққа да және, екінші жағынан, бірқатар бей­

ресми қозғалыстардың ұлтшылдық мақсаттарына да 

қатысты. Әрі олар бейбіт жағдайда өмір сүруді, балала­

рын өсіріп, жақсы табыс табуды қалайтын адамдардан 

өздерінің мұндай үндеулері мен әрекеттерін қолдай­

тын-қолдамайтынын да сұрамайды. 

Қазақстан  көпұлтты,  оның  бірегейлігінің  өзі  де 

осында. Біз тек бірге болғанда ғана, тығыз топтасқанда 

ғана  барлық  проблемаларымызды  ойдағыдай  шеше 

аламыз. Басқа жол жоқ. Өшпенділік пен алауыздықтың 

қым-қиғаш  сызаттары  тек  тұйыққа  тірейді,  ал  одан 

ауыр шығындарсыз және адамдардың өлшеусіз қай­

ғы-қасіретінсіз қайта шығу жоқ. 



304

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Қауіптісі – кейбір популистер өздерінің лайықсыз 

мақсаттарын демократия, пікір алуандығы туралы сөз­

дермен бүркемелеген болады. Дегенмен ақылға салып 

көрейікші: жүз, мейлі тіпті мың адамның менмендігін 

қанағаттандыру үшін миллиондаған қазақстандықтар­

дың мүдделерін жығып беруіміз керек пе? Жоқ, ондай 

«демократияға» батыл тосқауыл қою керек. Өздеріңіз 

ойлап  қараңыздаршы:  әлдебіреулер  республиканың 

егемендігі туралы езулеп көп айтады, сөйте тұра, бәріміз 

тікелей қолға алғалы тұрған нақты қайта өзгертулерді 

жүзеге асыруымызға кедергі болады. Адам құқықтарын 

қорғау туралы айтады да, сол арада бір ұлттың мүдде­

лерін екіншісінікінен жоғары қояды, бір кезде онсыз да 

жапа шеккен халықты көшіруді талап етеді. Әлеуметтік 

әділеттілік туралы мәлімдейді де, жерді ұлттық белгі 

бойынша бөлуге ұмтылады. Мен тіпті ондай пікірлердің 

жекелеген, намысқа тиетін сарыны туралы айтып та 

отырған жоқпын. 

Онда біздің жетер жеріміз қандай болмақ? Сондай­

лық бір керемет болашақтың келбетін болжай қоймасы­

мызды білу үшін әулиеліктің қажеті жоқ. Оның үстіне, 

ұлтаралық  текетірестің  өкінішті  мысалдары  жетіп 

артылады. Республикада ұлттық белгісі бо  йынша тайта­

ласқан қоғамдық қозғалыстар құру ниеті пісіп-жетіліп 

келе жатқаны құпия емес. Егер соған жол берсек, онда 

біз қоғамның екіге жарылуы сияқты нақты қауіппен бет­

пе-бет келеміз, құркеуделіктің құрбанына айналамыз. 

Республиканың Президенті ретінде айтайын: кон­

ституциялық  нормаларға  қайшы  келетін  талаптар­

дың, үндеулер мен іс-әрекеттердің бәрі құқық қорғау 

органдарының  тарапынан  тойтарыс  алатын  болады. 


305

Ұлтаралық қырқысты ұйымдастырғандар, мейлі олар 

кім болса да, заң бойынша жауапқа тартылады. 

Мен  мынаны  адамдардың  ақыл-парасатына  сала­

мын: алдымызда алапат істер тұр, тұрмыс дәрежесін 

күрт көтерудің, жеке адамның жан-жақты дамуы үшін 

толыққанды  жағдай  туғызудың  кең  мүмкіндіктері 

ашылып  тұр.  Сонда  осының  бәрін  болмашы  саяси 

даңғойлық пен менменшіл мүдделерді қанағаттандыру 

үшін бәске қоюымыз керек пе? 

Осыған байланысты тағы бір маңызды көзқарас бар. 

Өздеріңіз білесіздер, күрделі экономикалық пробле­

маларды шешу үшін біз шетелдік капиталды белсенді 

түрде тарта бастадық. Бұл шараның қажеттілігін жұрт­

тың бәрі түсінеді. Алғашқы қадамдар жасалды да, атап 

айтқанда, бірлескен кәсіпорындар жұмыс істей бастады, 

жеңіл өнеркәсіп кәсіп орындарында тауар өндіру жөнін­

дегі  шетелдік  желілер  қондырылып  жатыр.  Батыс 

елдерінің іскер топтарымен ынтымақтасудың кең пер­

спективалары ашылуда. 

Біз Азияға есік ашып жатырмыз. Жақын күндерде 

Кеңес Одағы мен Қытай Халық Республикасының темір 

жолдары түйіседі. Бұл – үлкен халықаралық ауқымдағы 

оқиға, өйткені жаңа, неғұрлым қысқа еуразиялық көпір 

ашылмақшы.  Қысқасы,  қазір  Қазақстанға  көптеген 

елдердің іскерлік топтарының назары ауған. Әрі әңгіме 

өзара тиімді ынтымақтастық туралы болып отыр, ал ол 

біздің көптеген әлеуметтік, экологиялық қырсықтары­

мыздың бетін қайтаруға септесетін болады. 

Ал Батыс пен Шығыстың бизнесмендерін Қазақстан 

несімен  қызықтырады?  Әлбетте,  зор  экономикалық 

мүмкіндіктерімен, орасан ұлттық байлығымен, елеулі 

ғылыми, зияткерлік әлеуетімен. Бірақ тек онымен ғана 


306

I  ТОМ. – 1989–

1991 


емес. Бірінші кезекте – тыныш ахуалымен. Республи­

кадағы қоғамдық-саяси жағдаят тұрлаусыз болса, бір­

де-бір фирма, бірде-бір компания жалғыз центін де, 

сынық йенін де іске қоспайды. 

Осының өзі-ақ бейбіт жасанды еңбекке мүмкіндік 

беретін  тұрақтылықты  сақтау  жолындағы  күрестің 

маңыздылығын білдірмей ме?

Экономикалық салада болсын, адамгершілік салада 

болсын, әсіресе, нарыққа өтудің аса жауапты кезеңінде 

жоғары тәртіп болмайынша, бірде-бір қоғам нарықтық 

қатынастар жағдайында өмір сүре алмайды. Саяси және 

қоғамдық  тұрақтылықтың  маңыздылығына  қатысты 

өзінің  салмақты  сөзін  біздің  ең  мәртебелі  заң  шыға­

рушы  органымыз  –  республиканың  Жоғарғы  Кеңесі 

де айтар деймін. Ол қоғамдық тыныштық жандарына 

жақпайтындардан,  ұлттық  сезіммен  ойнап  көргісі 

келетін әртүрлі әуесқойлардан халықты сенімді түрде 

қорғайтын қаулылар қабылдауға құзыретті. 

Турасын айтайын: кімде-кім азаматтық тыныштықтың 

жолына кесе-көлденең тұратын болса, сол республика­

ның болашағына қастандық ойлағаны, біздің ұрпақтар 

алдындағы ортақ борышымызға – Қазақстанды гүлден­

ген, ерікті, жемісті халықаралық ынтымақтастық үшін 

ашық-жарқын елге айналдыруға кедергі жасағаны. 

Мен нақ осындай болашаққа сенемін және республи­

каның күллі тұрғындарын саяси да, экономикалық та, 

ұлтаралық та проблемалардың баршасын өркениетті, 

демократиялық  жолмен  шешудің  үлгісін  көрсетуге 

шақырамын. 


307

«Республиканың болашағы жолында» атты  

Қазақ теледидары арқылы

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1990 жылғы 6 қазан

РЕСПУБЛИКАНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖОЛЫНДА

Қадірлі достар, жерлестер!

Қазір  мен  де,  өздеріңіз  сияқты,  өзгеше  қуаныш 

үстіндемін. Өйткені бүгін біз тарихымызда тұңғыш рет 

Республика күнін атап өтіп отырмыз. 

Бұл саяси және экономикалық өміріміздегі, Кеңестік 

федерацияны  жайластыру  жөніндегі  зор  өзгерістер 

алдында болашақтың есігін ашып, жаңа жолға шығумен 

бірдей. Сонау бастауларымызды жете танып-біліп, өрі 

де, ылдиы да мол өткен кезеңдер сабағын есте ұстасақ 


308

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қана,  осы  жолдан  лайықты  өтетінімізге  сенімдімін. 

Қазақ КСР-і мен Қазақстан Компартиясының 70 жыл­

дық тойына тұспа-тұс келген Республика күні мейрамы 

өткенге  көз  жіберіп,  болашағымыз  қандай  болмақ 

деген сауал төңірегінде ой өрбітуге мүмкіндік береді 

деп білемін. 

Өздеріңізге белгілі, осыдан тура жетпіс жыл бұрын 

– 1920 жылғы қазанда Қазақстан Кеңестерінің І құрыл­

тай съезі Қазақ АКСР-інің құрылғанын жариялады, ол 

кейін, 1936 жылы, одақтас республикаға айналды. Бұл 

күн, сөз жоқ, қазақ халқының көп ғасырлық тарихын­

дағы  аса  ірі  белес  еді.  Мемлекеттікке  қол  жеткізу 

халықтың әділетті әлеуметтік құрылыс жайлы арма­

нының орындалуы болатын. Бірақ басқа халықтармен 

терезесі тең жағдайға жету құқығы әлдебіреудің жоға­

рыдан ұсынған сыйы емес-тін, ол күрделі саяси және 

әлеуметтік күресте жеңіп алынды. 

Республика өміріндегі елеулі өзгерістер – қазақстан­

дықтардың бірнеше ұрпағының, әртүрлі ұлт өкілдерінің 

ынтымақты  іс-қимылының  жемісі.  Біз  бір  жеңнен 

– қол, бір жағадан бас шығара отырып, Түрксіб пен 

Қазақстан Магниткасын, Балқаш пен Жезқазғанды, тың 

шаруашылықтарын  қаз  тұрғыздық.  Республикамыз­

дың тарихы көптеген халықтардың ортақ тағдырына 

айналды. Уақыт сынынан мүдірмей өткен достық дәне­

керлерін той күндері ғана емес, күнделікті қат-қабат 

қарбалас тіршілігімізде де ұмытпағанымыз жөн. 

Кеңес өкіметі жылдары қазақстандықтар өздерінің 

ұйымшылдығын, биік интернационалдық сезімін талай 

танытты. Елімізде қалыптасқан экономикалық, мәдени 

және рухани байланыстарға қатер төне бастаған қазіргі 

күрделі  жағдайдың  өзінде  тұрақты  қоғамдық-саяси 

ахуал бар күш-жігерімізді адамдардың әл-ауқатын жақ­


309

сартуға, олардың жемісті еңбек етуіне жағдай жасау-

 ға  жұмылуымызға  мүмкіндік  беріп  отыр.  Осындай 

жағдайдың арқасында былтыр ұлттық табыстың 80 %-ы 

әлеуметтік  мәселелерді  шешуге  жұмсалды.  Халық 

тұтынатын тауарлар өндіру 1,6 есе өсті. 

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұрғын үйді 

пайдалануға  беру  жөніндегі  бесжылдық  жоспар 

орындалды. Республикамыздың әртүрлі аймақтарын 

экологиялық сауықтыру жұмыстары кең қанат жайып 

келеді. Қазақстанда тұратын халықтың рухани өміріне 

қатысты  проблемаларды  шешумен  мақсатты  түрде 

айналысатын болдық. 

Қазір  де  еңбек  ұжымдарындағы  жұмыс  ахуалы 

жақсы. Биыл республика диқандары бітік егін өсірді. 

Көптеген қиыншылықтарға қарамастан, астық, көкөніс, 

картоп жинау аяқталып қалды. Өнімнің негізгі бөлігі 

қоймаға  құйып  алынды.  Мал  шаруашылығындағы 

жағдай да біршама түзеліп келеді, сүт өндіру былтыр-

ғыдан тәуір, ет дайындау да межелі мөлшерде. 

Әрине,  мұның  бәрі  республиканың  нарыққа,  еге­

менді социалистік мемлекеттің жаңа сатысына көшуіне 

қолайлы жағдай туғызып отыр. Мемлекеттік, экономи­

калық, қоғамдық өмірді құруда біз неге ұмтыламыз, рес-

публикамыздың болашағы қандай болғанын қалаймыз? 

Бұл  сауалдарға  жауап  беру  онша  қиын  да  емес 

сияқты: біз Қазақстан әр адамның, әрбір ұлттың және 

әлеуметтік топтың рухани дамуына, жеке адам құқығын 

жүзеге асыруға мүмкіндік бере алатын қуатты, ерікті 

республикаға айналса екен дейміз. Бірақ бұл мақсатқа 

жету оңай емес. Ол үшін басқару жүйелерін өзгертіп 

қана қоймай, адамдардың жанын жегідей жеп, дербес 

қасиеттерін тұқырта беретін идеологиялық қасаң қағи­

далар мен қиыстырылған аңыздардан арылу қажет. 



310

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Біз адамдардың еркін дамуын қамтамасыз ету үшін, 

оларды жерге, жұмыс орнына, бүкіл қоршаған орта­

сына жатбауыр ететін мемлекеттік езгіден бас тартамыз. 

Сұлбасы айқындала бастаған жаңа Одақтық шартты 

қолдай отырып, бар байлығы мен жасалған әлеуетіне 

халықтың өзі иелік етуін талап етеміз. Біз Қазақстанды 

Одақтан  тыс  санамаймыз,  бірақ  оны  әртүрлі  ведом­

стволардың  емес,  өзара  экономикалық  және  рухани 

мүдделер ортақтастығы арқылы топтасқан тең құқықты 

егеменді республикалардың одағы деп білеміз. 

Біз осы уақытқа шейін «бүкілхалықтық» деп әшейін 

аталып келген, ал шын мәнінде ешқашан да халықтікі 

болып көрмеген ұсқынсыз меншік түрінен бас тарта­

мыз. Қалыпты экономикалық – нарықтық қатынастарға 

қайта  оралу  арқылы  адамдарға  өздерінің  іскерлік 

қабілеттерін  барынша  жарқырата  танытып,  өз  жер­

леріне өздері қожа болу құқын қайтарғымыз келеді. 

Біз адамдардың дара қасиеттерін басып-жаншудан, 

оларды  жаттанды  ойлауға  итермелеуден,  жасанды 

бірауыздылықтан үзілді-кесілді бас тартамыз. Адамды 

ойыншық етіп, халықтың мәдениетін, дәстүрін, тілі мен 

жадын біріздендіру әрекеттерін тоқтатамыз, өйткені ол 

адамдар бойында сенімсіздік туғызып, оларды бір-бірі­

нен ажырата түседі. Ғасырлар бойғы тарихта өркениет 

туғызған жалпыадамзаттық игіліктер, ар-ождан еркін­

дігі, қоғамдық өмірді демократияландыру – міне, біз 

сүйеніш ететін және алда да солай ете беретін басым­

дықтар осылар. 

Біз өзара тиімді экономикалық байланыстарға, озық 

идеялар мен технологияларға, жоғары мәдениетке есігі 

ашық қоғамды жақтаймыз. 


311

Бірақ біз әлі бұл үлкен жолдың басында ғана тұрмыз, 

оны  толық  сеніммен  социалистік  жол  деп  атаймыз, 

өйткені  бұған  дейін  социализмнің  шынайы  мұрат­

тары казармалық, бөліп таратушылық қатынастармен 

шатастырылып келді ғой. Біз алдағы уақытта заң шыға­

рушылық та, атқарушылық та, тәртіпті нығайтушылық 

та, ағартушылық та бағыттарда қыруар жұмыс тынды­

руымыз керек. Біздің борышымыз – адамдарға жаңа 

экономикалық қатынастарға көшу кезінде кездесетін 

қиындықтарды  жеңуге  көмектесу,  әр  адамның  өз 

қадір-қасиетін білуін, істеген ісіне, әрбір әрекетіне жа -

уапкершілік сезімін ояту. 

Біз күрделі де қиын демократия мектебінен өтуіміз 

керек, өйткені бұрыннан бойға сіңген әдет бойынша 

кейде  шынайы  еркіндік  пен  демократияны  ойға  не 

келсе соны істеу деп қабылдаймыз, өз пікірімізді ғана 

әспеттейміз, ал құқық тәртібін өктемдікке саямыз. 

Осы  айтылғанның  бәрін  жүзеге  асыру  үшін  қазір 

бізге  ұлтаралық  татулық,  азаматтық  келісім  мен 

тыныштық  қажет  –  таяуда  республикадағы  барлық 

қоғамдық-саяси күштердің өкілдері осындай байламға 

келді. Біз республиканың күрделі тарихи кезеңдерде 

қалыптасқан аумақтық тұтастығына – егемендігіміздің 

негізіне қол сұғушылардың қай-қайсысына да батыл 

тойтарыс береміз. 

Мен республиканың жарқын болашағына, булыққан 

күшіміз бен іске қосылмаған мүмкіндіктеріміз әлі мол 

екеніне кәміл сенемін. Қазақстандықтардың отаншыл­

дығы мен жасампаздық қуатына сенемін. 

Қымбатты отандастарым! Сіздердің барлығыңызды 

үлкен  мереке  –  Республика  күнімен  шын  жүректен 

құттықтап,  қазақстандықтар  уақыт  биігінен  көрініп, 


312

I  ТОМ. – 1989–

1991 


республиканың гүлденуі мен жалпыұлттық татулықты 

сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп сенім 

білдіруіме рұқсат етіңіздер. 

Бейбітшілік пен бақыт тілеймін, қадірлі достар! Әр 

ошақта, әр шаңырақта қызық пен қуаныш мол болсын! 


313

Қазақ КСР мен Қазақстан Компартиясының  

70 жылдығына арналған Қазақ КСР Жоғарғы 

Кеңесі, Қазақстан Компартиясы Орталық 

Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 

бірлескен отырысында «Тарих тағылымы. 

Болашақты бағдарлау» атты

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1990 жылғы 12 қазан

Жолдастар! 

Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  мен 

Қазақстан  Коммунистік  партиясына  70  жыл  толып 

отыр. 


Әдеттегі  өлшем  бойынша  бір  ұрпақтың  өміріне 

тең келер уақыттың осы бір бөлігі қазақ халқының сан 

ғасыр лық тарихынан ерекше орын алады. Бұл жыл­

дарда  атқарылған  істер  баға  жеткізгісіз.  Республика 

мешеу,  отарлық  өлкеден  экономикалық,  ғылыми 


314

I  ТОМ. – 1989–

1991 


және мәдени әлеуеті дамыған аймаққа айналды. Бірақ 

халықтың осы аршынды қадамы үшін төлеген құны да 

өлшеусіз қымбат болып шықты. 

Бұл мерейтойды атап өте отырып, біз өткен жолды, 

Лениннің сөзімен айтқанда, «теориялық шындық тұрғы­

сынан ғана емес, сондай-ақ практикалық жағынан да» 

бағалауға,  оны  салмақтап  және  объективті  түрде  ой 

елегінен өткізуге тиіспіз.

70 жылдыққа әзірлік барысында кейбір жолдастар­

дың  қазіргі  қиын  кезеңде  мерекелі  даталарды  атап 

өтудің қажеті бола қояр ма екен деген күдік білдіргенін 

жасырмаймын. Базбіреулер бұл мерекені біздің зер­

демізден мүлдем шығарып тастауымыз керек, өйткені 

ол әкімшіл-әміршіл жүйенің, тоталитарлық мемлекет­

тіктің салтанат құруын бейнелейді және халыққа мүл­

дем жат дейтін сөздер де айтты. Әрине, пікір алуандығы 

мен жариялылық жағдайында кез келген ой айтылуға 

тиіс.  Алайда  мынаны  ескерткім  келіп  еді:  тарих 

дегеніміз – халықтың өмірі, ол қандай болса да, оны 

біз енді қайтадан жаза алмаймыз. Оның жақсылығын 

да, кемшілігін де шынайы бағалау керек. Сондықтан 

бір сәттік, көбінесе бақай есептік оймен «тегін білмей­

тін құлға» ұқсап, өзіңнің өткеніңді ұмытудың, халық 

зердесінің  қайнар  бұлағын  таптап  тастаудың  ешбір 

жөні жоқ. Оның үстіне, біздің алдымыздағы ұрпақтар­

дың өмірін жаппай қателікке саю, біздің бүгініміз бен 

болашағымыз жолында тындырған олардың ұлы еңбегі 

үшін перзенттік алғыс айтудан бас тартуымыз мүлдем 

әділетсіздік болар еді. 

Бұл күндері біз барлық одақтас республикалардан, 

Кеңес Одағының түпкір-түпкіріндегі еңбек ұжымдары 


315

мен тұрғындарынан көптеген құттықтаулар алудамыз. 

Интернационалдық  туысқандықтың  ыстық  сезіміне, 

шынайы адамзаттық туыстыққа толы бұл құттықтаулар 

бізге өте қымбат. Жаңа, жаңарған қоғам зор еңбекпен 

және азаппен келіп жатқан біздің үлесімізге тиіп отыр-

ған осынау қиын уақытта біз партия, соғыс және еңбек 

ардагерлеріне, барлық қазақстандықтарға жолданған 

игі тілектерді ерекше алғыс сезіммен қабылдаймыз. 

КСРО Президенті М. С. Горбачевтің Қазақстан ком­

мунистері мен еңбекшілерін құттықтауы және респу­

бликамызда Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға бел­

сене қатысушылардың бір тобын КСРО ордендерімен 

наградтау туралы Жарлығы зор үндестік туғызды. 

Бірақ  қазіргі  мерейтой  қаншалық  ауқымды  және 

маңызды болғанымен, біз оны бұрынғы сән-салтанат­

сыз атап өтіп отырмыз. Мұндай көзқарас дұрыс деп 

ойлаймын. Республика ірі-ірі саяси және экономика­

лық  өзгерістер  табалдырығында  тұр.  Бізде  шешімін 

таппаған  проблемалар,  әлсіз  буындар  көп.  Мұндай 

жағдайда ең дұрысы – алдағы жұмысқа ден қою, өткен­

нің тағылымдары негізінде республиканың болашағына 

көз  жүгірту,  оның  перспективаларын,  біздің  бұдан 

былайғы дамуымыздың саяси бағытын анықтау. 

1920 жылғы қазанда Қазақстан Кеңестерінің құрыл­

тай съезі Қазақ КСР еңбекшілері құқықтарының декла­

рациясын қабылдады. Бұл оқиға біздің мемлекетіміздің 

негізін қалап берді, ол революциялық үдерістермен, 

Кеңес өкіметінің орнауымен ажырағысыз байланысты 

орнықты.  Қазақ  халқы  терезесі  тең  халық  атанудың 

тарихи құқығына ие болып, оны қиын саяси және әлеу-

меттік күресте жеңіп алды. 



316

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Арада жетпіс жыл өткеннен кейін біздің былай деп 

айтуға  толық  хақымыз  бар:  халықтың  таңдап  алған 

жолы,  дүние  жүзіндегі  тұңғыш  социалистік  мемле­

кет  шеңберінде  Қазақ  республикасының  құрылуы 

Қазақстанды  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік 

жағынан қайта құрудың сара бағытын белгілеп берді. 

Бүкіл  еліміз  сияқты  республика  халқының  үлесіне 

тиген барлық тар жол, тайғақ кешуге қарамастан, біз 

өлкемізді өркендетудің іргетасын қалаған, өз тағдырын 

Қазан мұраттарын жүзеге асырумен байланыстырған 

адамдарға  бүгін  ризашылық  сезімімізді  білдіреміз. 

Бірақ социализмнің алғаш жол салушыларына, олар­

дың әділеттілікке, жарқын болашаққа деген қасиетті 

сеніміне құрмет білдіре отырып, біз кеңес адамдары­

ның барлық ұрпақтарының мойнына ауыр жүк болған, 

коммунистік идеяның адамгершілік, ізгілікті мән-мағы­

насын бұрмалаған, бізді терең экономикалық және иде­

ологиялық тұйыққа тіреген қайғылы қателіктерге, теріс 

шешімдерге көз жұмып қарай алмаймыз. Ал бұл арада 

қайшылықтар жоқ, өйткені диалектикалық көзқарас 

қана қоғамдық даму үдерістерін объективті түрде ой 

елегінен өткізуді қамтамасыз ете алады. 

Дәуірлік датаға – жұмысшылардың, шаруалардың, 

жас қазақ интеллигенциясының өкілдері, өлкенің қоғам­

дық ұйымдары мен барлық ұлттарының аманаткерлері 

«қоғамның социалистік ұйымын орнатуға» бір кісідей 

дауыс берген 1920 жылғы қазанның 6-сына ойша ора­

лып, сол күні біздің республикамыз үшін капитализм 

немесе социализм деген басты әлеуметтік таңдаудың іс 

жүзінде шешілгенін мойындамасқа болмайды. Және 

де қазақ халқының ұлттық мемлекеттілігін құру әуел 

бастан өлкенің барлық ұлттары еңбекшілерінің тығыз 



317

бірлікте болуын көздеді. Қазақ халқы өзінің екі бірдей 

езгіден – патша самодержавиесінің және өз феодалдары 

мен байларының езгісінен азат етілуін Қазан революци­

ясымен байланыстырды. 

Кеңес өкіметінің алғашқы қадамдарынан бұқараны 

революцияға  алып  келген  ұрандар  жүзеге  асырыла 

бастады – жер шаруаларға, фабрикалар мен зауыттар 

– жұмысшылардың бақылауына берілді, сословиелік 

және ұлттық артықшылықтар жойылды, халықтардың 

өзін-өзі  билеу принципі негізінде жаңа мемлекеттік 

құрылыс жүргізіле бастады. 

Бүгінде  1920  жылы  негізі  қаланған  мемлекеттілік 

принциптеріне  күмән  келтіру  әрекеттері  жасалуда. 

Осыған  байланысты  мынаны  айтқым  келеді:  қай 

заманда болсын қоғам әрқашан кері шегінбей, ілгері 

жылжу жағына қарай таңдау жасап келді. Біз есімдерін 

бүгін ризашылықпен еске алып отырған Қазақстандағы 

революциялық өзгерістерді ұйымдастырушылардың 

істері  мен  ой-армандары  нақ  әлеуметтік  прогреске 

бағытталған болатын. Олар – Т. Рысқұлов, П. Кобозев, 

Ә. Жангелдин,  Ә. Әйтиев,  С. Сейфуллин,  М. Фрунзе, 

Ә. Майкөтов, В. Куйбышев, Т. Бокин, И. Ружейников, 

Н. Ералин,  П. Виноградов,  А. Кочаровская,  жүздеген 

және мыңдаған басқа да қайраткерлер. 

Кеңестік құрылыстың жеңісі, барлық қазақ жерлерін 

біріктірген ұлттық социалистік мемлекеттіктің нығаюы 

бұқараның  бұрын-соңды  болып  көрмеген  шығар­

машылық белсенділігін туғызды. Жаңа экономикалық 

саясат меншіктің әртүрлі сипаттарына өріс ашты, еркін 

шаруашылық бәсекесін туғызды, қиын азық-түлік про­

блемасын ойдағыдай шешуге мүмкіндік берді, рынокты 

қажетті  бұйымдармен  толтырды.  Өлкені  жаңартуға 


318

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қазақ интеллигенциясы атсалысып, жаңа кадрлар өсіп, 

қалыптасты.  Мектептер,  техникумдар,  жоғары  оқу 

орындары, клубтар, театрлар ашылды. Кооперация­

ның дамуына серпін берген жер реформасы жүргізілді. 

Шаруалар кооперативтерге кіріп, қосшы және жарлы 

одақтарына бірікті. Шаруашылықтардың бір бөлігінің 

ұжымдық шаруашылықтар қатарына: мойынсеріктерге, 

артельдерге,  коммуналарға,  ұжымшарларға  көшуі 

үрдісі де байқалды. Сөйтіп, ауыл мен селоны түбірімен 

қайта құрудың әлеуметтік базасы бірте-бірте нығай­

тыла  бастады.  Сол  кезеңде  тауар-ақша  қатынастары 

көтермеленді, меншіктің сан алуан түрі орнықты, әле­

уметтік-саяси  институттар  демократияландырылды, 

социалистік нарық қалыптасты. Басқаша айтқанда, сол 

кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық 

жағдайына  неғұрлым  толық  сай  келетін  социализм 

үлгісі құрылып жатты. 

Алайда, 1920-шы жылдардың екінші жартысынан 

бастап, социалистік дамудың табиғи және жарасымды 

барысы  үзілді.  Волюнтаристік  шешімдердің,  саясат­

тағы, қоғамдық және партиялық өмірдегі өрескел ағат­

тықтардың, басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістерінің, 

жеке  адамға  табынушылықтың  халыққа  қарсы  ауыр 

қылмысқа ұласқан аса келеңсіз, сыйықсыз көріністерінің 

кезеңі басталды. 

В. И. Лениннің қайтыс болуына байланысты қабыр-

ғаны қайыстырған қайғы-қасірет сейілмей жатып-ақ, 

партияда  Сталиннің,  Троцкийдің,  Зиновьевтің  жеке 

бақталастығымен ушыққан идеялық-саяси күрес күрт 

шиеленісіп кетті. Партия ұйымдарында тазарту, ленин­

дік шыңдалудан өткен коммунистерді қудалау басталды. 

Іс жүзінде партия бұқарасының билігін нысаналы түрде 



319

жою  жүзеге  асырылып,  партиялық  ішкі  демократи­

яны тұқырту үдерісі толық қарқынмен жүріп жатты.  

БК(б)П қатарында партиялық конформист-функцио­

нерлер жігі пайда болды, олардың бүкіл бағалы қасиеті 

«халықтар көсеміне» жеке басының адалдығында еді. 

1925 жылғы қыркүйектен 1933 жылғы қаңтарға дейін 

БК(б)П Қазақ өлкелік комитетін басқарған Голощекин 

осындай функционерлердің бірі болатын. 

«Қазан дауылын қазақ ауылына жеткізуге» шақыр-

ған адам баласына өшпенді ұранның авторы әрі оның 

орындау шысы да нақ сол болды, ал мұның өзі қазақ 

халқы үшін нағыз қайғы-қасіретке айналды. Егер 1926 

жылғы Бүкіл одақтық санақтың мәліметтері бойынша 

республикада  қазақ  халқының  саны  тіпті  шамалап 

алынған деректердің өзімен 3 млн 628 мың адам болса, 

1939 жылғы санақ бойынша ол 2 млн-ға әзер жетті. Тек 

аштықтың  өзі  талай  жүздеген  мың  адамның  өмірін 

қиды. Қазақстаннан сырт жерлерге 1,5 млн адам көшіп 

кетті, оның ішінде 400 мыңға жуығы қайтып оралған 

жоқ. 

Республикада  ұжымдастыруды  жедел  жүргізу 



үшін  теориялық  негіз  де,  экономикалық  жағдай  да 

болған  жоқ.  Дөрекі  әкімшілдік,  жергілікті  кадрлар­

дың бір бөлігінің жеке бастың пайдасы үшін таптық 

күресті ушықтыруға, онсыз да нақты емес «халықты 

жедел отырықшыландыру» қарқынын ширықтыруға 

тырысуы жағдайды шиеленістіре түсті. Ал В. И. Ленин  

РК(б)П-ның  VIII  съезінде  сөйлеген  сөзінде  шығыс 

халықтарына таптық тайталасты Ресей орталығының 

үлгісі  бойынша  таңуға  ешбір  болмайтынын  кейбір 

тағатсыз солшылдарға түсіндірген болатын. «Біз осы 

халықтарға барып: «Біз сіздердің қанаушыларыңызды 


320

I  ТОМ. – 1989–

1991 


лақтырып тастаймыз!» – деп айта аламыз ба? Біз мұны 

істей алмаймыз... Бұл арада осы ұлттың дамып-жетілуін 

күтуіміз керек...» Алайда әсіре революционерлер күткісі 

кел меді. 

Қоғамдық дамудың әлеуметтік астарларын бұлайша 

елемеу индустрияландыру майданында да болды. Сөз 

жоқ, біз нақ сол кезеңде Қазақстанда үшінші көмір-ме­

таллургия базасы – Қарағандының құрылғанын, Балқаш 

комбинатының корпустары бой көтергенін, қазақстан­

дық  Алтайдың  кеніштері  мен  зауыттары  қуат  ала 

бастағанын есептен шығарып тастай алмаймыз. Бірақ 

өнеркәсіптің дамуы негізінен орталық мұқтаж болып 

отырған  бағытта  жүрді.  Республиканың  индустри­

ялық инфрақұрылымында бүгінгі күнге дейін шикізат 

өндіруші  салалар  басым.  Соның  салдарынан  өлкеде 

индустрия ошақтары дейтіндерді жасау мен әлеуметтік 

инфрақұрылымның дамуы арасында орасан үлкен сәй­

кессіздік қалыптасты, мұның өзі қазір де барынша теріс 

ықпал етіп келеді. Өйткені орталық ведомстволардың 

республика  халқының  әлеуметтік  қажеттеріне  деген 

немқұрайлы көзқарасы бүгінгі күні де сақталып отыр. 

1930–1940-шы жылдары мектеп жасындағы барлық 

балалар партаға отырғанын, ересек халықтың арасында 

сауатсыздық жойылғанын әділдік үшін айту керек болса 

да, мәдени революция барысында көптеген жөнсіздік­

терге жол берілді. Кеше ғана қоғамдық-мәдени өмірдің 

ең төменгі сатысында тұрған миллиондаған адамдар 

әлеуметтік  шығармашылық  аясына  тартылды.  Бірақ 

мәселенің екінші жағы да болды, оны да айту қажет. 

Мәдени революцияның идеологиялық бағыты матери­

алдық мәдениет саласын біріздендіруге, адамдардың 

өмір салтын, психологиясы мен ойлау жүйесін, шығар­



321

машылық қызметтің барынша әртүрлі бағыттарының 

бастау алар қағидаттарын бір қалыпқа салуға ықпал 

етті.  Қатал  қолмен  жүргізілген  ол  халықтың  тарихи 

зердесіздігіне, ғасыр лар бойы жасалған тарихи-мәдени 

мұраның жойылуына апарып соқтырды. 

Қазақ  халқы  соғыстың  алдындағы  12  жыл  ішінде 

жазба мәдениетінің екі реформасын бастан кешірді. 

Алдымен 1928–1930 жылдары латын алфавиті енгізіліп, 

ол сан ғасырлық дәстүрі бар араб графикасы негізінде 

аса  көрнекті  тілші-ғалым  А. Байтұрсынов  жасаған 

алфавитті  ауыстырды,  одан  кейін  1940  жылы  жазу 

кириллицаға  көшірілді.  Әртүрлі  деңгейдегі  партия 

және  кеңес  органдарының  көптеген  қаулылары  мен 

шешімдері шығармашылық одақтардың, мектептердің, 

оқу  орындарының,  ғылыми  мекемелердің  қызметін 

қатаң тәптіштеп отырды. БК(б)П Орталық Комитетінің 

«Әдеби-көркем ұйымдарды қайта құру туралы» өзек 

өртерлік белгілі қаулысы (1932 жылғы сәуір), Қазақстан 

Компартиясы І съезінің республикадағы діни көрініс-

терге қарсы күрес туралы қаулысы (1937 жыл) және тағы 

басқалар осылай пайда болды. Олар қоғамның мәдени 

және саяси өмірінің әртүрлі салаларында, ғылым мен 

мәдениеттің жекелеген қайраткерлерінің тағдырында 

қасіретті рөл атқарды. 

Еш жазығы жоқ көптеген адамдардың өмірі нақ осы 

кезде  қайғылы  жағдайда  үзілді.  Олардың  арасында 

қазақ мәдениетінің дамуындағы ірі табыстар өздерінің 

есімдеріне байланысты Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жан­

сүгіров,  Павел  Васильев,  Бейімбет  Майлин,  Ахмет 

Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіп бек Айма­

уытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов сияқты 

Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің аса көрнекті қай­

раткерлері болды. 



322

I  ТОМ. – 1989–

1991 


1930-шы жылдары республиканың қоғамдық өмірі 

мен  экономикалық  дамуының  барлық  жақтарын 

қамтыған бұрмалау үдерістері Қазақстан Компартия­

сына да барынша жайсыз ықпал етті. Сталин мен оның 

жандайшаптарының партияны сілтегені қияс кетпейтін 

«семсершілер тобына» айналдыру ниеті оның сталиндік 

әкімшіл-әміршіл жүйеге байланып қана қоймай, оған 

негізгі  буын  ретінде  тастай  бекіп  орнығып  қалуына 

апарып соқтырды. 

1936–1937 жылдары ғана Қазақстан коммунистерінің 

тең жартысы партиядан шығарылды және де олардың 

арасында «халық жаулары» ретіндегі 9 мыңдай адам, 

яки барлық коммунистердің 17 %, әртүрлі ұлттардың 

өкілдері болды. 1938 жылы 11 облыстық партия коми­

тетінің 10-ы талқандауға ұшырады. Бұл деректерді біз 

сталиншілдіктің  қылмыстары  үшін  бүкіл  партияны 

айыптап, оны жаппай райдан қайтуға шақырушылар 

үшін де келтіріп отырмыз. Бүгінде біз 1930-шы жылдар­

дағы және 1940-шы жылдардың бас кезіндегі жаппай 

жазалаулар кезеңінде 40 мыңға жуық адам – республи­

каның көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері, 

интеллигенция өкілдері, коммунистер мен партияда 

жоқтар зардап шеккенін білеміз. 

Сталиндік  зұлмат  социализм  ісіне  өлшеусіз  зиян 

келтірді, еңбекшілердің партияға деген сенімін қатты 

шайқалтты.  Қызыл  армияның  қуаты  әбден  әлсіреді, 

экономикада терең құлдырау байқалды, адамдар ара­

сында ақылға сыймайтын үрей мен күдікшілдік ахуалы 

қалыптасты. 

Қазір Қазақстанда заңсыздық пен зорлық-зомбылық 

құрбандарын  ақтау  жөнінде  шаралар  қолданылды. 

Республика тарихындағы «ақтаңдақтарды» жою, жеке 



323

басқа табыну құрбандарын мәңгі есте қалдыру жөнін­

дегі жұмыс одан әрі жүргізілуде. Сол өткенді еске алу 

бізді тарихымыздың басқа кезеңдерін де, атап айтқанда, 

қазақстандықтардың  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі 

сұрапыл сыннан өткен жылдарын басқаша бағалауға 

мәжбүр етеді. 1 млн 870 мың адам, яки республиканың 

әрбір  төртінші  тұрғыны  кеңес  Қарулы  Күштері  мен 

еңбек  армиясының  қатарында  болды.  Қазақстанның 

партия және комсомол ұйымдары құрамының үштен 

екісі  майдандарда  шайқасты,  жүздеген  мың  адам 

ерлікпен қаза тапты. 

Соғыс жылдарында республикаға еліміздің еуропа­

лық бөлігінен көптеген кәсіпорындар, жабдықтар, мате­

риалдық және мәдени игіліктер көшірілді. Ол жүздеген 

мың эвакуацияланған адамдарды, сталиншілдік жыл­

дары заңсыз қоныс аударылған тұтас халықтарды: кеңес 

немістерін, қарашайларды, қалмақтарды, шешендерді, 

ингуштерді, балқарларды, месхеттік түріктерді – жалпы 

саны 2 млн-дай адамды қабылдады. 

Тылда да адамдардың титығына жеткен майдандағы­

дай шайқас жүріп жатты. Ақыр соңында жеңістің шын 

құны бізге енді ғана белгілі болып отыр. Арада 45 бейбіт 

жыл өткеннен кейін де соғыстың ауыр жаралары әлі 

жазылмай келеді. Сол бір жантүршігерлік уақыттың 

қайғы-қасіретін біз күні бүгінге дейін сезініп келеміз, 

қазақ  жері  өзінің  аясына  алған  халықтар  жоғалтқан 

отанын әлі тапқан жоқ. Бірақ Ұлы Отан соғысы біздің 

есімізде қайғысымен және қатыгездігімен ғана қалған 

жоқ. Кеңес адамдарын жауға қарсылық көрсетуге топ­

тастырған ұйытқы күш нақ лениндік партия болғанын, 

фашизммен бүкілхалықтық күрестің алдыңғы шебінде 

нақ  коммунистер  жүргенін  ұмытуға  біздің  хақымыз 


324

I  ТОМ. – 1989–

1991 


жоқ. Сол қиын-қыстау кезең біздің интернационалдық 

бірлігімізді,  кеңестік  ынтымақтың  құрыштай  берік 

күшін көз жеткізе паш етті. Ал бұл шындықты бізден 

ешкім тартып ала алмайды. 

Елуінші жылдар біздің қазақстандықтардың жадында 

тың жерлерді игеру жылдары ретінде қалды, ол респу­

бликаны сапалық жағынан жаңа экономикалық және 

әлеуметтік деңгейге шығарды. Еліміздің астық, азық-

түлік балансындағы Қазақстанның рөлі өлшеусіз артты. 

Алайда тың игерудің нәтижелері тіпті де бір мәнде емес. 

Барлық оң нәтижелеріне қарамастан, бұл акцияның 

жеткілікті  дәрежеде  әзірленбегенін,  көбінесе  волюн­

таристік  сипатта  болғанын,  республиканың  ұлттық 

ерекшелігін ескермегенін мойындау керек. Ол ол ма, 

дәстүрлі мал шаруашылығына зиян келтіре отырып, 

ұлан-байтақ  жерді  жыртқанда,  астық  проблемасын 

шешудің экстенсивті жолы үстем болды, тек қазір ғана 

біз жерлердің бір бөлігін жайылымдық мақсат үшін 

қайтара алдық. Қисапсыз көп адамдарды Қазақстанға 

көшіру жөніндегі ұланғайыр науқан бастапқыда рухани, 

адамгершілік  тұрғыдан  алғанда  нұқсанды  болатын. 

Тұңғыш тың игерушілерге көп ретте сендер жабайы 

және құлазыған аудандарға бара жатырсыңдар деген 

бағдар берілді. Мұндай көзқарас кезінде қазақ халқы­

ның  дәстүріне,  әдет-ғұрпына,  мәдениетіне,  тарихи 

ескерткіштеріне оң қабақ танытылуын күту қиын еді. 

Жергілікті  жерлерде  оқу  қазақ  тілінде  жүргізілетін 

мектептердің саны күрт қысқарып, ұлттық әдебиет пен 

мерзімдік баспасөздің таралымы азайып кетті. Нақ сол 

кезде тілдік және демографиялық проблемалар шие­

ленісе бастады. 


325

Әкімшіл-әміршіл жүйе біздің қоғамды 1960-шы жыл­

дардың аяғында өмірдің барлық салаларында дерлік 

қатал тоқырауға ұшыратты. Еліміздің және республи­

каның партия және кеңес ұйымдарының практикалық 

қызметінде формализм, сөз бен істің алшақтығы үстем 

болып, төрешілдік, билікті теріс пайдалану, принцип­

сіздік пен шенге бас ию шілік күшейіп кетті. 

Социализмге жат осынау құбылыстар экономикаға, 

мәдениетке, қоғамның ілгері дамуына кесірін тигізді. 

Ең  жаманы  –  рухани-адамгершілік  ауытқушылық 

әлеуметтік әділеттілік принципіне нұқсан келтірді, ал 

бұл  өз  кезегінде  адамдардың  бұрынғы  мұраттардан 

түңілуін, өмірге деген немқұрайдылығы  мен енжар­

лығын туғызды. 

Халық  шаруашылығындағы  тоқырау  құбылыс-

тары  әміршіл-төрешіл  жүйенің  өндіргіш  күштерді 

жоспарлау мен орналастырудағы қарама-қайшылығы 

мен  кемшіліктерін  ашып  берді.  Қазақстан  еліміздің 

шикізат шылауына айналды, мұнда табиғат ресурста­

рын жыртқыштықпен пайдалану барған сайын күшті 

сезілді,  баяу  әрекет  ететін  экологиялық  «миналар» 

қойылды.  Соның  салдарынан  бір  кездегі  жүздеген 

мың гектар құнарлы жер құлазып, сортаңданды, оның 

үстіне  Қазақстан  егінжайы  топырағының  құнарлы 

қабаты 15–20 %-ға кеміп кетті. Арал теңізі қасіретке тап 

болды. Республиканың ұлан-байтақ аумағы халықтың 

келісімінсіз ядролық және тағы басқа әскери полигон­

дарға бөліп берілді. 

Халық шаруашылығының салалық құрылымы сы -

йықсыз кейіпке ие болды. Мысалы, Орта машина жасау 

министрлігі,  Қара  металлургия  министрлігі,  Түсті 

металлургия министрлігі, Энергетика және электрлен­


326

I  ТОМ. – 1989–

1991 


діру министрлігі, Мелиорация және су шаруашылығы 

министрлігі,  осылар  сияқты  тағы-тағылар  экономи­

каның шын алпауыттары пайда болды. Мемлекеттік 

жоспарлау  комитетімен,  Материалдық-техникалық 

жабдықтау  бас  басқармасымен  және  басқа  монопо­

листермен бірге 100-ден астам министрлік қай жерде 

және қашан тұқым себу, жер жырту, егін жинау, нені 

тасып, нені балқыту керек екенін және т. б. белгілеп 

отырды. Барлық қаржының үштен бір бөлігінен астамы 

өндіруші салаларға жұмсалды, «А» тобы өнімінің үлесі 

индустриялық өндірістің бүкіл көлемінің төрттен үш 

бөлігіне жетті. Ал халыққа қажет бұйымдардың 60 % 

республикадан тыс жерлерден тасып әкелінді. Дамыған 

елдердің  бірде-біреуінде  экономиканың  мұншалық 

бұрмаланған, отарлық құрылымы жоқ. 

Идеологиялық  тоталитаризм  мен  қаржыланды­

рудың  атышулы  «қалдықтық»  принципі  ғылым  мен 

мәдениеттің  дамуына  қатерлі  ықпал  етті.  Қоғамдық 

ғылымдар, соның ішінде тарих ресми саясаттың «құлақ 

кесті құлына» айналды, ал мәдениет ұлттық тамыр мен 

байланысынан  айрылып,  кескінсіз  әрі  сүреңсіз  бола 

түсті. Марксизм-ленинизм классиктерінің идеяларын 

догмалық тұрғыдан түсіндіру тұтас халықтардың асси­

миляцияға  ұшырауына,  тіл  мен  дәстүрлерін  жоғал­

туына апарып соқты. Бұл Қазақстанды да шарпыды.

Сол  кезде  барлық  билік  құрылымдарын,  соның 

ішінде партиялық құрылымдарды да тұп-тура езіп-жа­

ныштаған орталық ведомстволардың ерекше күшейген 

өктемдігі туралы айтпасақ, тоқырау кезеңінің сипат­

тамасы толық болмай шығады. Іс жүзінде КОКП өзі 

өмірге әкелген әміршіл-төрешіл жүйенің аманатына 

айналды, бұл жүйе өз кезегінде елдің, республиканың 



327

бірінші басшыларын және тағы басқаларды өлшеусіз 

асқақтатуға  мүдделі  болды.  Сөйтіп,  барлық  жерде 

жоғарыдан тағайындалатын, жұрт табынатын үлкен­

ді-кішілі жергілікті көсемдер пайда болды, ал орталық 

өзінің өктемдік шеңгелін «Мәскеуден бастап шалғай 

аймақтарға дейін» батыра берді. 

Бұл жүйе бүкіл елде қалыптасты, ол орталықтың 

өзін Қазақстанда да толық билік жүргізетін қожайын 

ретінде  сезінуіне  мүмкіндік  берді,  сын  үшін  жабық 

аймақтар, орталық «өзімдікі» деп санаған жергілікті 

басшылардың кез келген әрекеті мен қылығы күнәсіз 

саналып,  жазаланбайтын  жағдай  туғызды.  Халық  іс 

жүзінде басшыларды таңдауға ықпал ете алмады, ал 

өкіметтің өкілетті органдарының заты емес, аты ғана 

болатын. Іс жүзінде өмірдің барлық салаларына бас­

шылық жасап отырған республика Компартиясының 

Орталық Комитеті Мәскеудің бұйрықтарын екі етпей 

және сөзсіз орындаумен болды, сөйтіп, ол жергілікті 

жерлердегі партия ұйымдарынан да соны талап етті. 

Миллиондаған гектар жайылымдарды жырту керек – 

құлдық, астықты бір дәнін қалдырмай сыпырып алу 

керек – құп болады! Орындалған әрбір «тапсырмаға» 

жеңілдіктер  мен  марапаттар  жұлдыз  болып  жауса, 

халықтың қажетіне қарайтын жай бар ма, ал бірақ елдің 

тұрмысы барған сайын төмендей берді. 

Қазіргі  дағдарысты  жағдайдың  негіздері  нақ  сол 

жылдары  қалыптасқан  болатын.  2,6  млн-дай  адам 

немесе  Қазақстан  тұрғындарының  іс  жүзінде  әрбір 

алтыншысы  ресми  түрде  белгіленген  өмір  сүруге 

қажетті  ең  төменгі  дәрежеден  де  нашар  тұратынын 

айтсақ  та  жеткілікті.  Бізді  басқа  республикалармен 

салыстыруға  әсте  де  болмайды.  Мысалы,  мұндай  аз 


328

I  ТОМ. – 1989–

1991 


табыс  табатындар  Балтық  маңында  халықтың  4 %-ы 

ғана, ал Белоруссияда, РКФСР-да, Украинада 5 %-дан 

8 %-ға  дейін-ақ.  Респуб ликамыздың  селоларында, 

әсіресе,  негізінен  жергілікті  халық  тұратын  шалғай­

дағы және халық аз қоныстанған мекендерде өмір сүру 

жағдайы ешқандай салыстыруға келмейді. Бірақ демо­

кратия мен жариялылық келмей тұрып, бұл туралы 

тіпті ауыз ашуға да болмайтын. 

Адамгершілік  және  саяси  азғындау  үдерісі  бізді 

ғана қозғап қойған жоқ, ол барлық одақтас республи­

каларға және ең алдымен Ресейге қатты тиді. Мәскеу 

ведомстволары өктемдігінің Ресейге және тоқыраудың 

зардабын басқалардан көп болмаса аз тартпаған орыс 

халқына еш қатысы жоқ екенін тағы да атап көрсету 

керек. Әкімшіл-әміршіл жүйенің мадақтаушылары мен 

жоғын жоқтаушыларға бүкіл еліміздің қарсы көтеріл­

гені тегін емес. 

Бүгін  біз  социализм  жөніндегі  өз  көзқарасымы­

зды түбірінен өзгертуге шақырған лениндік үндеудің 

бүкіл терең мәнін түсіндік. Еліміз өз дамуының жаңа 

кезеңіне қадам басты. Оған күні өткен саяси және эко­

номикалық құрылымдарды, идеологиялық жорамал­

дарды үзілді-кесілді теріске шығару, бұқараның нәрлі 

шығармашылығына еркіндік беру, халықтың рухани 

өмірін қалпына келтіру тән. Оның тарихи, практикалық 

және болжамдық мәнмәтіндері әдеттен тыс терең және 

ауқымды. Қайта құру Ұлы Қазан революциясының тіке­

лей жалғасы екенін мәлімдеп, біз сол арқылы қоғамдық 

дамуымыздың сабақтастығын, жаңа құрылыстың негіз 

қалаушы мұраттарына – ізгілікке, халықтардың теңді­

гіне, достығы мен туысқандығына адалдықты қуаттап 

отырмыз. 



329

Алайда тарихи күрт бетбұрыстар оңайға түсіп отыр-

ған жоқ. Қайта құру үдерісі Қазақстанда, еліміздің басқа 

да аймақтарындағыдай, объективті, сондай-ақ субъек­

тивті сипаттағы көптеген қиыншылықтар мен бөгет­

терге тап болды. Жаңару өздеріне ұнамай отырғандар 

өте қуатты қарсылық көрсетті және одан әрі көрсетуде. 

Ескіше ойлау мен жаңаша ойлау жүйесі қақтығысы­

ның, өткір күресінің жарқын мысалы Алматыдағы 1986 

жылғы желтоқсандағы белгілі оқиғалар болды. Алаңға 

шыққан жастар әміршіл-әкімшіл жүйенің сыннан өткен 

әдістеріне деген жалпыхалықтық наразылықты білдірді, 

ол жүйе, бұрынғы кездегідей, республика халқы мен 

қалың  партия  бұқарасының  пікірін  мүлдем  елемей 

отырғанын көрсетті. 

Бүкіл қазақ халқына тағылған ұлтшыл деген асығыс 

әрі беталды айыптаулардың жөнсіз екенін өмірдің өзі 

дәлелдеді. КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының 

бұрынғы қате бағалардың күшін жою туралы шешімін 

біз әділетті қалпына келтіру, қайта құру күштерінің 

ауыр, бірақ әбден қисынды жеңісі деп қабылдап отыр­

мыз. Қазіргі саяси жағдай біздің өмірімізді қайта құру 

бағытының дұрыс таңдап алынғанын тағы да қуаттай 

түсуде.


Кездескен барлық қиыншылықтарға, жол берілген 

қателіктерге қарамастан, қайта құру жылдарында біз 

өткен кездің үйінділерін тазарту жөнінде орасан зор 

жұмыс жүргізгенімізді ескеруіміз керек. Қоғамда демо­

кратияландыру мен жариялылық жағдайы орнықты, 

адамдар өз қадір-қасиетін сезіне бастады. Халықтық 

билік идеялары барған сайын мол мазмұнмен толыға 

түсуде, халық депутаттарды, басшыларды өз ой-ниетін 

емін-еркін білдіре отырып сайлауда. Экономикада, көп 


330

I  ТОМ. – 1989–

1991 


жағынан алғанда әлі де жеткіліксіз болғанымен, бірақ 

нақты өзгерістер болып жатыр. Республика дербестікке 

бірте-бірте қадам басып, өзінің сыртқы экономикалық 

байланыстарын нығайтып келеді. КОКП-да партиялық 

ішкі  өмірді  демократияландыру,  партия  бұқарасы 

билігінің  басымдығын  орнату  жағына  қарай  үлкен 

өзгерістер болып жатыр. Осының бәрі – қайта құрудың 

нақты жемістері. 

Қоғам  мен  партиядағы  түбегейлі  өзгерістердің 

қажет екені түсініліп, ол республика коммунистерінің 

«Қазақстан  Компартиясын  жаңғыртуға  және  респу­

бликаның  жаңа  федерациядағы  егемендігіне  қадам» 

деп аталған, ХVII съезд мақұлдаған Тұғырнамасында 

іске асты. Оның қағидалары мен мақсаттары қазақстан­

дықтарға белгілі. Сондықтан ең бастысына тоқталып 

өтейін. 


Халық  шаруашылығын  құрылымдық  жағынан 

қайта құру, ғылыми-техникалық прогресті жеделдете, 

жалпыодақтық  және  халықаралық  еңбек  бөлісі  мен 

кооперациясына кеңінен қатыса отырып, нарық қаты­

настарына көшу әлеуметтік- экономикалық даму про­

блемаларын шешудің негізі болуға тиіс деп есептейміз. 

Мұның өзі республика тап болып отыр ған бейшара 

экономикалық жағдайдан арылуға, жоғары дамыған 

сан-салалы  халық  шаруашылығын  қалыптастыруға 

көмектеседі. 

Үстіміздегі бесжылдықта экономикалық тұрғыдан 

кейбір оң үрдістер байқалғанын айту керек. 

Экономика  әлі  баяу  болса  да,  адамдардың  мұң-

мұқтажына батыл бет бұра бастады. 

Инвестициялық  саясатта  да  әлеуметтік  саланы 

дамыту жағына қарай өзгерістер болып жатыр. Респу­



331

бликаның халық шаруашылығына бөлінетін мемлекет­

тік күрделі қаржы жалпы алғанда шамамен үштің бірін­

дей ұлғайса, оның тұрғын үй құрылысына жұмсалған 

көлемі 1,5 есе, мәдени-ағарту мекемелеріне жұмсалған 

көлемі екі есе ұлғайды. Сіздер биыл бірінші тоқсанда 

тұрғын үй жөніндегі бесжылдық жоспар орындалғанын 

білесіздер. 

Ауылда  да  елеулі  өзгерістер  болып  жатыр.  Жеке 

қожалықтарды дамытуға бағыт алып, біз еңбекшілер 

дастарқанына  түсетін елеулі үстемеге қол  жеткіздік. 

Өткен  бесжылдықтың  орташа  жылдық  деңгейімен 

салыс тырғанда, ет өндіру 285 мың тоннадан астам, сүт 

650 мың тонна артқанын еске салып өтейін. Сонымен 

бірге,  үстеменің  үштен  бірі  жеке  секторды  жедел 

дамыту  есебінен  ғана  алынды.  Кеңінен  дамып  келе 

жатқан бау-бақша өсіру ісі адамдарды азық-түлікпен 

қамтамасыз етуде үлкен қолғабысқа айналды. 

Биылғы  ауылшаруашылық  жылының  қорытын­

дылары  жайында  ерекше  айтқым  келеді.  Масақты 

дақылдарды ору әлі жүріп жатыр, бірақ қазірдің өзінде  

31 млн тонна астық жиналды, бұл – Қазақстан үшін 

болып  көрмеген  көрсеткіш.  Сонымен  бірге,  2,4  млн 

тонна картоп, 1,4 млн тонна көкөніс дайындалды, мұның 

өзі республика халқының сұранысын толық қанағаттан­

дырады. Және де бүкіл осы аса мол өнім айтарлықтай 

тыныш жағдайда, асып-саспай және бір кездегі күйге­

лектікке салынатын ахуалсыз, «жоғары жақтың» тиісті 

нұсқауларынсыз жинап алынды. 

Қиын  міндетті  ойдағыдай  орындап  шығуда  бізге 

көмектескен не? Біріншіден, біздің диқандарымыздың 

асқан жауапкершілігі, олар ғажап өнімді сақтап қалу 

үшін күш-жігерін аяп қалған жоқ. Оларға тағзым етіп, 


332

I  ТОМ. – 1989–

1991 


барлық  қазақстандықтардың  атынан  шын  жүректен 

алғыс айтамыз! 

Республикада  шаруашылықты  жүргізудің  барған 

сайын алуан түрлі сипат алып отыруы да өнім жинау-

 ды нәтижелі өткізуде маңызды рөл атқарды. Коопера­

тивтік, жалгерлік, фермерлік шаруашылықтар, яғни 

шаруа  өзінің  іс-әрекетінде  еркіндік  алған,  өз  еңбегі 

нәтижелерінің қожа йыны болатын шаруашылықтар 

дамуда. Әлбетте, Ресей Федерациясының, Украинаның, 

Молдованың, Орталық Азия республикаларының меха­

низаторларына – Қазақстанда өсірілген Отан астығын 

жинап алу үшін бізге қол ұшын берген жұрттың бәріне 

зор алғысымызды айтамыз. Өйткені біздің республика 

– бидайды өзінен тысқары жерлерге шығаратын еліміз­

дегі бірден-бір республика. Біз қазір соншалық табан­

дылықпен  жолға  қойып  жатқан  республикааралық 

көлбеу байланыстар нақты жемісін беруде. Егін орағы 

– осының айқын дәлелі. 

Біз тоқырау жылдары осындай рекордты өнім жина­

сақ, Қазақстан төңірегінде, жолдастар, қандай жеңіс 

кернейлері  ойналып,  қандай  насихаттық  даурықпа 

көтерілер еді. Сол бір даңғаза уақыт келмеске кетті. 

Қазір біз үшін басты награда сол – біздің астығымыз 

бар. Демек, қайта құру жоспарларын ойдағыдай жүзеге 

асыру үшін, адамдарға нарықтық экономикаға көшу­

дің неғұрлым тыныш жағдайын қамтамасыз ету үшін 

жақсы негіз бар. 

Біздің  диқандарымыздың  еңбегіне  лайықты  баға 

бере отырып, біз, сонымен бір мезгілде, қол жеткізіл­

ген  деңгейдің  ділгер  болып  отырған  қажеттіліктерді 

тіпті де қанағаттандырмайтынын айтуымыз керек. Бұл 

қазіргі  экономикалық  жағдайда  лайықты  қайтарым 



333

бере  алмай  отырған  бүкіл  республика  халық  шару­

ашылығына қатысты. Республиканың экономикалық 

егемендігі принциптерін нақты іске асырып, экономи­

калық және әлеуметтік дамудың барлық мәселелерін 

дербес шешу ғана бірден-бір нақты жол болмақ. 

Бұл – өзінің ауқымы жағынан зор үдеріс. Ал оның 

бүкіл  күрделі  сипаты,  қарама-қайшылығы  соңғы 

уақытта  еліміздегі  өткір  жанжалдардан,  әлеуметтік 

күйзелістерден айқын байқала бастады. Біз ұлттық-мем­

лекеттік  құрылыс  саласындағы  өктемшіл  әдістердің 

кеңестік федерализмнің лениндік принциптерін қалай 

өрескел  бұрмалауға  апарып  соқтырғанын  көрдік. 

Көптеген халықтардың мүдделері, республикалардың 

мүдделері мүлдем еленбей, бәріне де орталық ведом­

стволардың өктемдігі жүріп келді. 

Адал  сөйлеп,  ашығын  айтайық.  Бұл  өктемдік 

аймақтардың  дамуын  жай  ғана  тежеп  қойған  жоқ, 

оларды,  бүкіл  елімізді  тығырыққа  әкеліп  тіреді.  Ал 

тығырықтан шығар жол біреу – кері қарай жүру. Сон­

дықтан бәрін өз орнына қою үшін біз талай ондаған 

жылдар бойы жүріп келген ақиқатты кері қарай оқыған 

жөн: республикалардың қалай өмір сүретінін орталық 

айқындамайды, қайта орталықтың қандай болу керек 

екенін, оның қандай өкілеттіктері болуға тиіс екенін 

республикалар айқындайды. 

Әңгіме Кеңестік Социалистік Федерацияны прин­

ципті түрде жаңғырту, КСР Одағы мен республикалар 

өкілеттіктерінің ара жігін жіті ажырату туралы болып 

отыр. 


Бұл арадағы біздің көзқарасымыз қандай? Одаққа 

кіретін және егеменді, тең құқықты социалистік мемле­

кеттер болып табылатын басқа республикалар сияқты, 


334

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Қазақстан да өзі ерікті түрде, шарт негізінде еліміздің 

орталық мемлекеттік өкімет және басқару органдарына 

беретін өкілеттіктерінен басқа өз аумағындағы бүкіл 

мемлекеттік өкімет билігін толық иемденуге тиіс. Еге­

мен республикалардың жаңа шартына үстіміздегі жылы 

қол қойылады деген үміттеміз. 

Біз РКФСР-мен, Украинамен, Белоруссиямен және, 

әсіресе, біздің Орталық Азия аймағындағы жақын көр­

шілерімізбен қарқынды түрде көлбеу байланыстарды 

кеңейтуге ерекше көңіл бөлеміз. Сыртқы экономикалық 

қызметте дербестікке қол жеткізу де біз үшін басым 

бағыт болып табылады. Қорытып айтқанда, біз мұның 

бәрін,  өз  пікірімізше,  республикалар  мүдделерінің 

басымдығын баянды етуге, Одақ пен республикалар 

міндеттерінің  аражігін  жіті  ажыратуға  тиіс  жаңа 

Одақтық шартқа көзқарас деп білеміз. 

Бірақ  Одақтық  шарт  –  жалаң  мақсат  емес,  ол  ең 

маңызды мәселені – халықтың тұрмысын едәуір жақ­

сартуды  қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Осыны  бас­

шылыққа ала отырып, азық-түлік, жайлы тұрғын үй 

құрылысы, халық тұтынатын бұйымдар өндіру және 

халыққа ақылы қызмет көрсету, экологиялық, сондай-ақ 

көлік пен байланысты дамыту, денсаулық сақтаудың, 

халыққа білім берудің, ғылым мен мәдениеттің матери­

алдық базасының, қала мен ауыл инфрақұрылымының 

артта қалуын жою бағдарламаларын әлеуметтік-эконо­

микалық саясаттың басым бағыттары деп қараймыз. 

Осыншама ірі шараларды іске асыру қыруар қаржы 

мен материалдық ресурстарды қажет етеді. Ал оларды 

тиімді  жұмыс  істейтін  халық  шаруашылығы,  еңбек 

ұжымдарының дербестігі негізінде, яғни нарық қатынас-

тарына көшу арқылы ғана алуға болады. Орталықтың 

ешқандай әрекеттері шаруашылық өміріне қатысушы­


335

ларды экономикалық жағынан ақталған іс-қимылға дәл 

нарықша, нарықтық мәжбүрлеу сияқты ынталандыруға 

қабілетті емес. Бұл – күрделі іс. Алғашында өндірістің 

құлдырауы да, тұрмыс дәрежесінің уақытша төмендеуі 

де, жұмыссыздық та сөзсіз болады. Осының бәрі нарық 

қатынастарының  объективті  жақтары,  оған  саналы 

түрде бару керек. 

Нарыққа  көшудің  мәселелерін  біз  ойластыра, 

барынша салмақтай отырып шешетін боламыз. Қажетті 

заң актілері, монополияға қарсы шаралар, халықты, 

әсіресе, табысы аз топтарды әлеуметтік жағынан қорғау 

жүйесі іске қосылатын болады. 

Республиканың  экономикалық  егемендігін  және 

реттелетін нарыққа көшуді біз жаңа өндірістік қатынас-

тардың қалыптасуымен, экономиканың басты буыны 

–  кәсіпорынның  рөлін  арттырумен  байланыстырып 

отырмыз.  Өйткені  одақтық  орталықтың  міндеттерін 

республикалық  және  аймақтық  орталықтарға  беріп 

қойып, басқа ештеңені өзгертпей қарап отырса, онда 

одақтық өктемдікті республикалық, жергілікті өктемдік 

алмастырады да, төрешілдіктің бір қабатының орнын 

екіншісі басады. 

Сондықтан  біз  кәсіпорындардың  экономикалық 

дербестігі мен жауапкершілігін арттырудан, орынды 

жерлерінде оларды мемлекет меншігінен алудан, орта­

лықсыздандырудан, ықшамдаудан терең мән-мағына 

көріп отырмыз. Ми  нистрліктік байланыстардан көл­

беу  байланыстарға  көшу,  өзара  тиімді  негізде  жаңа 

құрылымдар  –  қауымдастықтар,  концерндер  құру 

керек. Ұсақ кәсіпорындар құруға батылырақ бару керек, 

оларды, әсіресе, ауылшаруашылық өнімі өндірісінде 

және ғылыми-техникалық прогресс саласында көбейт-

кен жөн. 



336

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Шаруашылық есеп кез келген өндірісте қажеттілікке 

айналатындай, ол оның барлық буындарын жалғастыра­

тындай, әрі оларға өзек болатындай, адамды тиімділігі 

жоғары және сапалы жұмыс істеуге ынталандыратын­

дай етуіміз өте маңызды. Мердігерлікті, жалгерлікті, 

шаруашылықты  жүргізудің  басқа  да  озық  түрлерін 

сөз  бен  қағаз  жүзінде  ғана  емес,  іс  жүзінде  дамыту, 

барынша көтермелеп отыру керек. Тек осы жолмен ғана 

адамдардың қожалық сезімін қайта оятып, өз еңбегінің 

нәтижелеріне деген мүдделілігін арттыра аламыз. 

Біз нарыққа қарай адам өмірінің лайықты жағдайла­

рына жету үшін, жеке адамды асқақтату, шын мәнінде 

өркениетті қоғам орнату үшін бара жатырмыз. Еркін 

нарық қатынастары алдындағы үрейден арылуымыз, 

қалыпты, дүниежүзілік практикада жалпы жұрт қабыл­

даған экономика жағдайында біздің әрқайсымыз бәрін 

бірдей  бөліп  беретін  сыйықсыз  принциптер  үстем 

болып отырған қоғамдағыдан әлдеқайда ауқатты әрі 

толымды өмір сүретін болатынымызды жұрттың дұрыс 

түсінуіне қол жеткізуіміз керек. 

Нашар экономика адамдардың арасына от жағады 

деген сөз де бар. Шынында да солай. Біздің тұрмысы­

мыздағы  жұпынылық  пен  жоқшылық,  дүкендердің 

бос сөрелері, ең қажет нәрсенің үнемі жетіспеуі әлеу­

меттік шиеленістер туғызып, оның өзі қылмыс жасау­

дың көбеюінен, моральдық азғындаудан, еңбек тәртібі 

мен  қоғамдық  тәртіптің  төмендеуінен  көрініс  тауып 

отыр.  Және  ең  қорқыныштысы,  мұның  ұлтаралық 

қатынастардың шиеленісуіне әкеліп соғуында жатыр. 

Кейбіреулер өздерінің қазіргі барлық қырсықтарына 

көршілер  ғана  кінәлі,  сөйтіп,  ұлттық  дуал  қойылса, 

немесе керісінше, басқа жердегі шаңырақ астына қуылса 



337

болғаны, проблемалардың бәрі өзінен өзі шешіледі деп 

ойлайды. Бұл – қауіпті түрде қателесу. Еліміздің басқа 

аймақтарындағы ұлт аралық жанжалдардың адамдарды 

қандай қайғы-қасіретке душар еткенін бәріміз білеміз. 

Әйтсе де, ұлтаралық алауыздықтар негізінде болатын 

күйзелістерден құтқаратын кепілдік жоқ екенін дәлел­

дейтін үрейлі нышандар бізде де пайда болып отыр. 

Өзінікі дұрыс екенін қызылөңештене дәлелдеп, өзара 

талаптар  қойып  отырған  тайталасушы  жақтар  адам 

қырсықтары мен бақытсыздықтарының тізбектері сөзсіз 

басталатын қауіпті шепке таяп қалғанын тіпті байқар да 

емес. Егер ақылға келмесек, арнасынан асқалы тұрған 

қызбалықты дер кезінде басып тастамасақ, көкейкесті 

әлеуметтік проблемаларды шешетіндей жағдайда бола 

алармыз ба! 

Бізде қадір тұтар құндылықтар баршылық. Қазақ-

станда тұрып жатқан халықтың достығы тіпті де бос сөз 

емес. Бүгін атап өтіліп отырған 70 жылдық мерейтой 

шеңберінен  де  асып  кететін  біздің  бүкіл  тарихымыз 

ғасырлар  бойы  қоян-қолтық  өмір  сүріп,  ауыр  сәт­

терде өзара көмек пен қолдау тауып келген ұлттардың 

шынайы достық одағының мысалдарына бай. Интерна­

ционализм қазақ халқының қанында, ол республиканы 

өз үйі деп санайтын барлық ұлттардың ажырағысыз 

ерекшелігіне айналды. Бәлкім, ол нақ қазір, ауыр да 

мазасыз уақытта барлық қиыншылықтарды жеңуімізге, 

өз алдымызда тұрған ауыр проблемаларды шешуімізге 

көмектесетін ең бағалы игілігіміз болар. 

Мұны  айтып  тұрған  себебім:  ұлттық  пәтерлерге 

бытырап, ол проблемаларды жеке-дара шеше алмай­

тынымызға  кәміл  сенемін.  Егер  біз  ішкі  ғана  емес, 

сондай-ақ халықаралық орасан зор маңызы бар саяси 


338

I  ТОМ. – 1989–

1991 


тұрақтылықты  сақтай  алмайтын  болсақ,  оған  үміт 

артуға  тіпті  де  болмайды.  Қазіргі  кезде  республика 

Батыс  пен  Шығыстың  жоғары  дамыған  елдерімен 

сыртқы  экономикалық  байланыстарын  елеулі  түрде 

кеңейтуге, өзара тиімді ынтымақтастығын тереңдетуге 

қадам басып отыр. Бұл жағдайда қоғамдық тыныштық 

халықаралық байланыстарды нығайтудың, демек, эко­

номиканы  және,  сайып  келгенде,  халықтың  тұрмыс 

дәрежесін көтерудің аса маңызды кепілі болуда. Сөйтіп, 

азаматтық татулыққа бізде балама жоқ! Мұны түрлі 

қоғамдық-саяси және ұлттық қозғалыстардың өкілдері 

де түсіне бастаған сияқты. 

Республика  Президенті  ретінде  мен  соңғы  кезде 

осындай  әртүрлі  құрылымдардың  басшыларымен 

кездесіп келемін. Жалпы алғанда, бұл кездесулердің 

сындарлы және пайдалы екенін атап өткен жөн. Респу­

бликаның Жоғарғы Кеңесі де, халық депутаттары да 

азаматтық татулықты қорғап, салмақты сөзін айтып, 

жалпыұлттық келісімді қамтамасыз ететін заң актілерін 

қабылдайды деп ойлаймын. Ашығын айтайын: бүгінде 

кемені шайқалтып жатқандар халықтың игілігін бәрінен 

де аз ойлайтындар, олар тек жеке басының пайдасын, 

билікке ие болуды басшылыққа алатындар. 


Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет