Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 2.62 Mb.
Pdf просмотр
бет17/25
Дата15.03.2017
өлшемі2.62 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

Депутат жолдастар!

Осыншалықты ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру 

үшін Қазақ КСР-інің Конституциясына өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу қажет, өйткені біз республикадағы 

билік пен басқару органдарының қазіргі өкілеттіктерін 

түбірінен қайта қарап жатырмыз.

Сіздерде бұл мәселе бойынша заң жобасымен танысу 

мүмкіндігі бар. Мен оның түйінді жақтарына тоқтала 

кетейін. 

Қазақ КСР Президенті Мемлекет басшысы ғана емес, 

сондай-ақ оның ең жоғары атқарушы билігінің басшысы 

болып табылады деп көзделген. Мұның өзі оның Мини­

стрлер кабинетінің қызметіне тікелей басшылық етіп, 

бақылайтынын білдіреді. Президенттің өкілеттіктеріне 



384

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Премьер-министр мен кабинет мүшелерін тағайындау 

және  босату,  комитеттер  мен  ведомстволарды  құру 

және тарату енгізілген. 

Әрине, барлық осы мәселелердің шешімі бақылаусыз 

болмауға  тиіс.  Заң  жобасында  Президенттің  маңыз-

 ды  мәселелер  бойынша  Жарлықтарын  республика 

Жоғарғы Кеңесі бекітуге тиіс деп көзделген. 

Президенттің қосымша өкілеттіктері арасында заң 

жобасында Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығын­

дағы кезеңде Қазақ КСР-інің заңдарына өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы жарлықтар шығарылып, 

оларды Жоғарғы Кеңестің бекітуіне беру құқығы көз­

делген. 

Бұл  құқық  меншік  қатынастары,  халық  шару­

ашылығын басқаруды ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу 

мен баға белгілеу, құқық тәртібін нығайту мәселелері 

бойынша нормативті актілерді шұғыл түрде шығаруға 

байланысты қажет болып отыр. 

Өтпелі  кезеңде  республикалық  және  жергілікті 

биліктің өзара байланыстарын күшейту мақсатымен, 

бұл жайында бұрын да айтылған болатын, заң жоба­

сында Президентке облыстық Кеңестің төрағасы қыз­

метіне кандидатура ұсыну құқығы, сондай-ақ төраға 

өзінің қызмет бабындағы міндеттерін тиісінше орында­

маған немесе беделін түсіретін теріс қылықтар жасаған 

жағдайда оны атқарып отырған қызметінен мерзімінен 

бұрын босату туралы ұсыныс жасау құқығы беріледі. 

Әрине, мәселенің түпкілікті шешімі Кеңестің өзінде 

болып келді және солай болып қала береді. 

Бүгінгі  таңда  Кеңестердің  басшылығына  жаңаша 

ойлайтын, өзіне жауапкершілік алудан қорықпайтын, 

бірақ бұл орайда тек өз аумағының ғана емес, сонымен 



385

бірге,  бүкіл  республиканың  игілігі  үшін  іс-қимыл 

жасайтын адамдар келуге тиіс десем, халық депутаттары 

менімен келіседі ғой деп ойлаймын. Орталық органдар 

шешімдерінің, оның ішінде Жоғарғы Кеңес қабылдай­

тын заңдардың орындалмауына бұдан былайғы жерде 

төзуге болмайды.

Министрлер Кабинетінің құзыреті, оның ұйымдас-

тырылуы мен қызметінің тәртібі «Қазақ КСР Мини­

стрлер Кабинеті туралы» Заңда айқындалуға тиіс, оны 

әзірлеуге дереу кірісу қажет.

Мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын түбе­

гейлі түрде қайта құру жөніндегі Қазақ КСР Жоғарғы 

Кеңесіне ұсынылып отырған шараларды жүзеге асыру 

республика  экономикасының  бұдан  былайғы  жерде 

тұрақсыз саяси ахуал, құқықтық нигилизм және митин­

гілік демократия жағда йында қалыпты жұмыс істеп, 

дами алмайтынына тікелей байланысты. Экономиканың 

жітілік пен тәртіпті, билік пен басқару органдарының 

іс-қимылдарындағы  жауапкершілік  пен  жүйелілікті 

талап ететін өз заңдары мен қағидалары бар. 

Қалыптасқан жағдай қайта құру үдерістерін кеше­

уілдетуге  мүмкіндік  бермейді,  жауапты  шешімдер 

қабылдауды талап етеді. Қазіргі кезең қиын, серпінді 

кезең, ол ырғалып-жырғалуды көтермейді. Осыған бай­

ланысты Жоғарғы Кеңестен Президенттің Жарлығымен 

қараша айының басында-ақ жекелеген жаңа ведомство­

лардың басшыларын таға йындауға өкілеттілік берілуін 

сұраймын.  Әңгіме  монополияға  қарсы,  мемлекеттік 

мүлікті басқару, келісім-шарттар жөніндегі комитеттер, 

өнеркәсіп министрлігі туралы болып отыр. 

Біз Қазақстанда билік пен басқарудың соншалықты 

түбегейлі реформаларын тұңғыш рет жүргізбек болып 


386

I  ТОМ. – 1989–

1991 


отырмыз. Алда жан баспаған жолдар, біздің баршамыз 

үшін көп ретте таныс емес жұмыс күтіп тұр. Бірақ біз 

республика халқының тұрмысын жақсарту үшін оған 

кірісуге белді бекем будық. Сөйтіп, біз халық алдында 

аса зор жауапкершілікті мойнымызға аламыз. Сіздердің 

қолдауыңыз  бен  көмегіңізге  үміт  артамын,  құрметті 

депутат жолдастар. 


387

КСРО халық депутаттарының  

ІV съезінде

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Мәскеу қаласы,

1990 жылғы 18 желтоқсан 

Құрметті халық депутаттары!  

Құрметті Президент! 

Көптеген парламент тілшілеріне соншалықты ұнап 

қалған астарлы сөзді тағы да бір қолданып қалмақпын. 

Иә, біздер айтарлықтай кең, бәлкім, сондықтан да болар, 

тым шабан әрі икемсіз кемемізде осымен төртінші рет 

жиналып  отырмыз.  Егер  бұрын  саяси  теңіз  сәл  ғана 

толқып жатқан болса, қазір өте қатты буырқанып, тіпті 

шамырқанып тұр. Жол бастау шының сенімсіздігін көр­

ген команданың бір бөлігі басқару тізгінін қолына алып, 

бағытты өзгертуге тырысып отырғанына таңдануға бола 



388

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қояр ма екен? Екінші бір бөлігі жүзу сапарын дербес 

жалғастыруға үміттеніп, құтқару қайықтарына мінуге 

асығып жатыр. Ал үшінші бөлігі біз әлі де болса онша­

лықты ұзай қоймаған ескі жағалауға қайтып оралуға 

көп үміт артып отыр.

Бұған  Брежневтің  бұрынғы  серіктері  арасындағы 

жандану дәлел бола алады. Біз 6 жылдан бері табан 

тіресе күресіп келе жатқан әміршіл-әкімшіл жүйенің 

қанаты  қайырылғаны  тек  елес  қана  ғой.  Ол  әлі  де 

сынған емес. Орталық аппараттың қатаң уысы босаң­

сып,  республикалардың  жария  етілген  егемендігі 

ведомстволардың тастүйін айқындамаларын шайқалта 

алды  ма?  Ашығын  айтайын,  біздің  егемендігімізге 

олар  түкірмейді  де.  Сыртқы  экономикалық  қызмет 

бұрынғысынша солардың қолында, біздің валюта табу 

әрекеттерімізге үкімет әзірлеген экономикалық заңдар, 

күштейтін  Президент  Жарлықтары  бұрынғысынша 

тосқауыл болуда. Заңдас тырылған тонауға көніп, өзі 

тапқан валютаның 95 %-ын мемлекетке беретін аңғал 

атымтайды қайдан табуға болатынын айтыңыз даршы? 

Нарыққа  көшудің  жалпы  ешқандай  бағдарламасын 

қабылдамай, нақты жоспарды ешқандай міндет жүк­

темейтін негізгі бағыттармен ауыстырып, біз жеңіліске 

ұшыраған жоқпыз ба? 

КСРО  Министрлер  Кеңесінің  соңғы  әрекеттерін 

жалпы  алғанда  еліміздің  бірыңғай  экономикалық 

кеңістігін  бүлдіруге  бағытталған  ашықтан-ашық 

диверсиямен ғана салыстыруға болады. Мен шикізат 

ресурс тарына нақты көтерме сауда бағаларын енгізу, 

ауылшаруашылық өнімін сатып алу бағасын арттыру 

және салық салудың жаңа тәртібі туралы айтып тұр­

мын, сол бойынша кәсіпорындар (бәлкім, кейбіреулер 



389

білмейтін шығар) келесі жылы пайдадан 98 % салық 

төлеуге тиіс болады.

Гәп тіпті барлық осы актілердің республикаларға 

елеулі экономикалық нұқсан келтіріп отырғанында да 

емес. Басқа бір нәрсе – үкіметтің бөлшек сауда бағала­

рын аймақтардың қарауына беруі әлдеқайда қауіпті. 

Мұның неліктен істеліп отырғаны түсінікті: қақпақыл 

ойнаудың  қандайы  болсын  халық  арасында  абырой 

әпермейді. Міне, сондықтан да үкімет жауапкершілікті 

республикаларға жүктеуге тырысуда. Бірақ, айталық, 

Өзбекстанда бір баға, Қазақстанда басқа баға, ал Ресейде 

үшінші  баға  болса,  елде  қандай  алыпсатарлықтың 

басталатынын,  халықтың  иығына  қандай  қосымша 

ауырт палық түсетінін көз алдыңа елестету оңай. 

Мүлдем ашық айтатын мезгіл жетті: экономикалық 

реформаны  жүзеге  асырудағы  қателіктер  елді  оның 

тарихында болып көрмеген, келесі жылы басталатын 

дағдарыс  шебіне  жеткізді.  Біз  өз  Президентіміздің 

дипломатиялық  дарынын  бағалаймыз,  бірақ  сол 

дарынды батыл іс-қимылдарға нұқсан келтіре отырып 

үсті-үстіне  пайдалану  ащы  жемісін  бере  бастағанға 

ұқсайды. Үкіметтің нарыққа көшу жөніндегі өлі туған 

бағдарламасына үкіметтің беделін сақтау үшін жасанды 

түрде жан бітіру – тіпті де мәз боларлық мәміле емес. 

Жабы ат пен сұлу құралайды бір арбаға жегуге бол­

майтыны  белгілі  ғой.  Ал  біз  болсақ,  бүкіл  болмысы 

бір-біріне қарама-қайшы екі жақты «құдаластырып», 

енді табиғатқа қайшы некенің салдарынан, былайша 

айтқанда, қандай құбыжықтың пайда болатынын күтіп 

отырмыз. 

Саяси  ептеп-септеушілік  біздің  нарықтық  эконо­

микаға қарай алға басуымызды құр елеске айналды­


390

I  ТОМ. – 1989–

1991 


рып отыр. Еліміз миллиардтаған несие алып жатыр, 

ал  олардың  орынды  пайдаланылатынына  ешқандай 

кепілдік жоқ. Біз нарыққа даярлығы мол, нарықтық 

қатынастарды бүге-шігесіне дейін білетін адамдарсыз 

нарыққа қадам басып отырмыз. Экономикадағы мұн­

дай жауапсыздыққа тіпті тоталитарлық жүйе де бара 

алмас еді. Естеріңізге түсіріңіздерші, индустрияландыру 

қарсаңында жүздеген кеңес инженерлері тағылым алу 

үшін батыс елдеріне жіберіліп, біздің өнеркәсіп орын­

дарымызда соншама шетелдік мамандар жұмыс істеген 

еді ғой. Ұзақ мерзімді іскер перспективаға емес, қайта 

әп-сәттік  экономикалық  сұғанақтыққа  бағдарланған 

отандық кәсіпкерліктің тым тұрпайылануына таңдану 

қажет пе?

Өзімді жұрттың дұрыс түсінгенін қалаймын және 

анық болуы үшін айтайын: стратегиялық тұрғыдан мен  

М. С. Горбачевтің бағытына қосыламын, бұл жөнінде 

өзімді оның серігі деп санаймын және осы ұстанымда 

нық тұрмын. Алайда қайта құру саясаты, менің ойымша, 

ел ішінде тактиканы өзгертуді, аса маңызды бағыттарда 

батыл іс-қимылдар жасауды талап етеді. Демократи­

яландыру  туралы  әсем  сөздердің  сірнесіне  қақалған 

еліміздің ырзық іздеп, Еуропаның бай «дастарқанда­

рына» телміре бастаған саясатпен келісе алмаймын.

Жәбір шегіп, қорлық көрген халық мынаны сұрауға 

хақылы:  біздің  машина  жасау  саламызды  жаңғырту 

жөніндегі уәденің және соншалықты кеңінен жарнама­

ланған конверсияның жемісі қайда? Ғылыми-техника­

лық прогрестің өз кезінде белгіленген бағдарламасының 

нақты нәтижелері қайда? Қаулы арқылы бөлінген және 

ұқсату өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытуға 

жұмсалады дейтін 77 млрд сом қайда? Біз қайта құруды 



391

бастаған осы практикалық қадамдар әбден дұрыс бола­

тын. Алайда ізгі ниеттер, құмға сіңгендей, саяси көпірме 

сөздің астында қалды.

Бүгінгі таңда қорғаныс кәсіпорындарының таңдаулы 

инженерлері,  ең  білікті  жұмысшылары  қарапайым 

кәстрөлдерді қалай шығарамыз деп бас қатыруда. КСРО 

Мемлекет қауіпсіздігі комитеті Батыста шығарылатын 

қарапайым халық тұтынатын бұйымдар көрмесін әзір­

легенін айтсам, мемлекеттің үлкен құпиясын ашпаспын 

деп ойлаймын! Көрме шынында да көз тартады. Мемле­

кет қауіпсіздігі органдары осындай істермен шұғылдана 

бастаған болса, бізге Министрлер Кеңесінің аппараты 

не үшін керек? Бұл туралы айту ұят әрі жанға батады.

Осыған  байланысты  мынаны  сұрағым  келеді: 

жіберілген қателерді нәтижесіз сынаумен және өзімізді 

өзіміз кінәлаумен біз әлі қашанғы айналыса бермекпіз? 

Мына съезде біз осы сұрақтарға жауап алуымыз керек. 

Егер  баға  қымбаттайтын  болса,  өтем  бола  ма?  1991 

жылға Одақ пен республикалардың бюджеті қандай 

болмақ?  Біз  нарықтық  экономикаға  жалпы  алғанда 

көшеміз бе? Әзірше жауаптар жоқ. Нарыққа көшуді 

қазіргі үкіметке сеніп тапсыру – істі күні бұрын «көрге 

тығу» деген сөз. Нарықтық қатынастарды жасау – оған 

мүлдем жат міндет.

Сондықтан батыл қадам жасап, ақыл-парасатқа және 

Шаталин-Явлинский бағдарламасының  тұжырымда­

масына қайтып оралып, оны қабылдауға шақырамын. 

Әлбетте, пысықтау арқылы ғана: жағдай қыркүйектен 

желтоқсанға  дейін  өзгерді.  Айтпақшы,  Явлинский 

жолдастың  орнынан  түсу  жөніндегі  өтінішін  ақыр 

соңында  біздің  үкіметімізге  мүлдем  сөз  өтпейтініне 

жұртшылықтың назарын аударудың жанкешті әрекеті 

деп бағалау керек.



392

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Соңғы кезде «егемендіктер шеруі» дейтіндер жөнінде 

көптеген мысқылдар айтылып жүр. Иә, шеру болып 

өтті, бірақ одан тек жершілдіктің, тек қана шамшылдық 

мүдделер белгісін көріп, сол үдерісті туғызған терең 

себептерді байқамай отырғандар қатты қателеседі. Ал 

себептер орталық биліктің дәрменсіздігінде, өздерінің 

өктемшіл құқықтарынан айрылғысы келмей отырған 

ведомстволардың менмендігінде жатыр. Экономиканың 

қожырауы  да,  қылмыстың  өсуі  де,  ұлтаралық  жан­

жалдар да, қан төгілуі де содан. Өздерін орталықтың 

тұрақсыздандырушы саясатынан аздап болса да шек­

теуге тырысып отырған республикаларға тас лақтыруға 

бола ма? Төніп келе жатқан аласапыран кезінде өзін өзі 

сақтаудың қалыпты сезімдерін көрсетіп отырғаны үшін 

ғана оларды жікшілдер деп айыптауға бола ма?

Одан да зорын айтайын: өткен ондаған жылдардың 

ішінде орталықтың ұйымдастырушылық рөліне үйрен­

ген біздер егемендік туралы декларациялар барынша 

тиімді бола алатын, көлбеу байланыстар бұзылуының 

қар көшкініндей екпінді үдерісін тоқтата алатын сәтті 

өткізіп  алдық.  Республикалар  ендігі  жерде  одан  әрі 

күте алмайды, олар дербес іс-қимыл жасап, Одақ үшін 

жауапкершілікті өзіне алып отыр. Олардың саяси және 

экономикалық дербестігі – әрбір республиканың жеке-

жеке және барлық республикалардың бірге қалыпты 

дамуының бірден-бір ықтимал жолы.

Мен, мысалы, біздің Одақ ыдырай бастады дегенді 

естіген  кезімде  үрейге  берілуге  бейім  емеспін.  Бұл 

үшін орталықты тым қатты кінәлауға да бейім емеспін. 

Неліктен? Өйткені ерте ме, кеш пе, мұндай нәрсе болуға 

тиіс еді. Іргетасы дұрыс қаланбаған ғимарат ұзақ тұра 

алмайды және 1985 жылғы сәуірдегі қисынды ойдың 

алғашқы самалы бізге осыны көрсетіп берді. 


393

Біздің  ортақ  үйіміздің  дұрыс,  іс  жүзіндегі  ленин­

дік  жобасын  қолынан  ештеңе  келмейтін  прорабтар 

жүзеге асырып келді. Өйткені орталықтың төңірегіне 

республикалар  бірікпей,  қайта  республикаларды 

өзіне орталық байлаған болатын. Міне, сондықтан да 

қазір ыдыраудың объективті үдерісі өтіп жатыр. Және, 

сонымен бірге, жаңа Одақ пайда болып келеді, бұл, 

сірә,  біздің  күнделікті  күйкі  өміріміздегі  ең  жарқын 

оқиға  болар.  Мен  бір-бірінің  егемендігі  танылған, 

қалыптасқан шекаралары қуатталған, ең тиімді тіке­

лей  экономикалық  байланыстар  орнатылып,  әрбір 

жақтың мүдделері үйлестіріліп жатқан республикалар 

арасындағы шарттарға қол қойылуын айтып тұрмын. 

Жаңа Одақтық шарттың негізі, біздің жаңарған Феде­

рациямыздың іргетасы, негізгі құрылымдары нақ сол 

құжаттар  екеніне  кәміл  сенемін,  Қазақстан  осындай 

Федерацияны жақтайды. 

Республикалар  екіжақты,  көпжақты  шарттармен 

өздерін орталыққа қарсы қойып отыр деген сөздер бар. 

Ал біз бұған дау айтпаймыз: шынында да қарсы қойып 

отыр. Бірақ нақ тоталитарлық, бәрін де, барлығын да 

басып-жаныштайтын, әміршіл-әкімшіл жүйенің бей­

несі болып табылатын, елді терең тұйыққа тіреген орта­

лыққа қарсы қойып отыр. Ал тұ  йықтан шығатын жол 

біреу – артқа қарай жүру. Сондықтан біз талай ондаған 

жылдар бойы көз жұмып сеніп келген, соңғы уақытқа 

дейін мызғымай тұрған шындықты кері қарай оқу керек. 

Сонда бәрі де орын-орнына келеді: республикалардың 

қалай өмір сүруі керегін орталық айқындамайды, қайта 

орталықтың қандай болатынын, оған қандай өкілеттік­

тер беру керек екенін республикалар шешеді.



394

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Біз  Одақтық  шарттың  нақты  мазмұнын  бірлесіп 

анықтауымыз  керек.  Бірақ  жарыссөздің  қай  кезінде 

болсын, түпкілікті шешім әзірлеудің қай сәтінде болсын 

оның басты мақсатын ұмытпайық. Ол, меніңше, былай 

тұжырымдалуға тиіс: біздің көпұлтты елімізді, егемен 

мемлекеттер одағын интеграция, рухани бірлік, біздің 

барлық халықтарымыздың саяси, әлеуметтік-экономи­

калық топтасуы жолында батыл түрде жаңарту керек. 



395

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің  

III пленумында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1991 жылғы 9 ақпан

Жолдастар!

Бүгін  таңда  әлеуметтік-экономикалық  жағдайды 

тұрақтандырудан асқан маңызды міндет жоқ. Жағдайға 

нақты баға бере отырып, еліміздің бірқатар аймақта­

рында қоғамдық-саяси жағдайдың ушығуынан эконо­

микадағы дағдарысты құбылыстардың күшейе түскенін 

және  осы  келеңсіз  үдерістің  табиғи  салдары  ретінде 

еңбек  және  өндірістік  тәртіптің  құлдырағанын  атап 

көрсетуге тура келеді. 

Экономикалық  өзара  байланыстардың  бұзылуы, 

шарттық міндеттемелердің ұдайы орындалмауы респу­


396

I  ТОМ. – 1989–

1991 


бликаның халықшаруашылық кешенін елеулі шығынға 

ұшыратты. Өткен жылы бізде ұлттық табыстың, өнер­

кәсіп өндірісі көлемінің, қоғамдық еңбек өнімділігінің, 

алынған пайданың көптеген жылдар ішінде тұңғыш рет 

кемуіне жол берілді. Күрделі қаржының көлемі, негізгі 

қорлардың, оның ішінде тұрғын үйлердің, жалпы білім 

беретін мектептердің, ауруханалардың іске қосылуы 

қысқарды.  1989  жылғымен  салыстырғанда  ет  пен 

жұмырт  қа аз өндіріліп, мал мен құс кем сатып алынды. 

Қабылданып жатқан басқару шешімдерінің жарты­

кештігі, көрінеу дәйексіздігі де жағдайды ушықтырып 

отыр.  Олар  жағдайды  жақсартудың  орнына  халық 

шаруашылығындағы үйлесімсіздіктің одан әрі күше­

юіне, нарық пен ақша айналысының теңдестірілмеуіне, 

жаппай  жайлаған  тапшылыққа  апарып  соқтыруда. 

Мұның  бәрін  республиканың  әрбір  облысы,  қаласы 

мен ауданы, әрбір тұрғыны қатты сезініп отыр. Билік 

құрылымдары, әсіресе, атқарушы билік қызметінің дең­

гейі осы кезге дейін төмен болып отырғаны да адамдар­

дың назарынан тыс қалмайды. Республикада да, жалпы 

елімізде де экономиканың теңдестірілмеуінің ең басты 

себебін мен нақ соның әлсіреуінен деп білемін.

Жершілдік, жауапсыздық біздің өміріміздің сипатты 

құбылыстарына айналды. Бәрі де өнімді, тауарларды, 

материалдарды  және  басқаларды  дер  кезінде  және 

толық көлемде тек өздеріне берілуін ғана талап етеді, 

ал олар өз өнімін өндіруге, өз өнімінің жеткізілуін қатаң 

орындауға мүлдем қамқорлық жасайтын емес. Турасын 

айтсам, бүгінгі таңда, шаруашылық кешені аласапыран 

жағдайға душар болып отырған кезде өзіңнің қарекет­

сіздігіңді ақтау өте оңай. Өзінің жақсы жұмыс істеуіне 

бөгет жасап отырған «объективті проблемалар» дей­



397

тіннің толып жатқан дәлелдерін «тоғыту» кез келген 

басшыға  түкке  тұрмайды.  Проблемалардың,  оның 

үстіне аса өткір проблемалардың бар екеніне дау жоқ. 

Бірақ билік берілген басшылардың міндеті осы про­

блемаларды жеңе білуінде емес пе? Әйтпесе олардың 

тіпті қажеті не? 

Барлық мәселе кейбір адамдардың өз күш-жігерін 

өзінің қанағаттанғысыз қызметін ақтайтын себептерді 

іздестіруге жұмсауында, ал басқа біреулердің қиын­

дықтарды  жою  жолдарын  тауып,  табысқа  қол  жет­

кізуінде болып отыр. Жұмыстың осындай екінші, нағыз 

сындарлы үрдісін ұстанған адамдар бүгін таңда бізге 

жетіспей жатыр. 

Айтпақшы, республика Жоғарғы Кеңесінің кезекті 

мәжілісінде осы жайында риясыз әңгіме қозғалды. Біз 

жергілікті жерлерде атқарушы өкімет билігін батыл 

күшейтуіміз,  сонымен  бірге,  жергілікті  коммунист 

басшылардың жауапкершілігін де арттыруымыз керек. 

Осыған байланысты Жоғарғы Кеңестің алдағы сессиясы­

ның күн тәртібінде жергілікті өзін-өзі басқару туралы 

мәселе тұр. Егер біз осы салада тиісті тәртіпті жолға 

қоймасақ, онда өзіміздің азық-түлік рыногымыз  ды да 

біржолата қожыратамыз, қазақстандықтардың тамақта­

нуын  нашарлатамыз.  Оның  неге  апарып  соғатынын 

сіздер  жақсы  түсінесіздер.  Сондықтан  республика 

Президентінің мемлекеттік тапсырысты әрбір шару­

ашылыққа  жеткізу  және  азық-түлік  беру  жоспарын 

орындамайтындарға қатаң айып санкцияларын қолдану 

туралы арнаулы қаулысы әзірленді. Бүгінде көкейкесті 

қажеттілік болып табылатын бұл шараларды партия 

органдары қолдауға тиіс деп ойлаймын. 



398

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Сонымен қатар, бүкіл билікті халық депутаттары­

ның Кеңестеріне беру үдерісінің қаншалықты қиын­

шылықпен  өтіп  жатқанын  көрмеуге  болмайды.  Бұл 

жағдайда  барлық  деңгейдегі  партия  комитеттерінің 

экономиканың көкейкесті проблемаларын шешуден 

шет қалуға ешқандай да хақысы жоқ. Орталық Коми­

теттің,  облыстық,  қалалық  және  аудандық  партия 

комитеттерінің, бастауыш партия ұйымдарының басты 

назарында халық шаруашылығы салаларының құрылы­

мын жетілдіру, шикізаттық бағытты түпкі өнім шыға­

руға қайта бағдарлау есебінен сенімді экономикалық 

база жасауға байланысты мәселелер, еңбек өнімділігін 

түбегейлі арттыру мен өнім сапасын жақсарту, ғылы­

ми-техникалық прогресті енгізу, шарттарды дер кезінде 

жасасу мен орындау болуға тиіс. 

Әлбетте, біз мұны әміршіл-әкімшіл жүйеге қайтып 

оралу  немесе  партия  комитеттерін  өкімші-шару­

ашылық міндеттеріне «тартудың» кері үдерісінің баста­

луы деп түсінбеуге тиіспіз. Әңгіме экономикалық қаты­

настарды кешенді тұрғыдан жаңартудың және оларды 

жергілікті нақты жағдайды негізге ала отырып жетіл­

дірудің пәрменді жолдарын іздестіру жайында болып 

отыр. Меншіктің сан алуан және тең құқылы түрлерін 

қалыптастыру, адамдардың тапқырлығы мен іскерлік 

белсенділігін дамыту үшін барлық жағдайларды жасап, 

түпкілікті нәтижелер үшін олардың жауапкершілігі 

мен материалдық мүдделілігін арттыру қажет. 

Әрбір партия комитеті, барлық коммунистер мен 

бүкіл актив партияның экономикалық саясатын нақты 

жүзеге асырумен тікелей шұғылдануы керек, дағдарыс-

тан шығудың бірден-бір дұрыс жолы – нарықтық қаты­

настарға адамдарды әзірлеу мақсатымен кең көлемді 



399

түсіндіру жұмысын жүргізуі керек. Мұның өзі КОКП 

XXVIII съезі мен Қазақстан Компартиясы XVII съезінің 

шешімдерінен туындайтын біздің тікелей міндетіміз. 

Сол шешімдерде нарықтық экономикаға көшу жөнін­

дегі басты бағыттың айқын қолдау тапқаны, елімізде 

және  республикада  нарыққа  көшудің  бағдарламасы 

бекітілгені  мәлім.  Бұл  бағыттағы  алғашқы  қадамдар 

қазірдің өзінде жасалды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 

түбегейлі  экономикалық  реформаға  жол  ашқан 

бірқатар аса маңызды заңдар қабылдады. Демек, ком­

мунистердің, барлық еңбекшілердің белсенді қызмет 

етуі үшін негіз қаланған. Түпқазық бар, соған сүйене 

отырып, өнімді жұмыс істеуге, адамның бойында өз 

тағдыры мен әл-ауқатының қожайыны сезімін тәрбие­

леуге, экономикадағы монополизмге және біркелкілікке 

қарсы белсенді түрде күресуге болады. 

Бастапқы  жақсы  жағдайлар  жасалғанына  қара­

мастан, біз бір орында бұрынғысынша неліктен тапжыл­

май тұрмыз? Тұрғын үйлерді, ұсақ кәсіпорындарды 

жеке меншікке беру туралы айтпағанның өзінде, нағыз 

жалгерлік, кооперативтік, шаруа қозғалысы және басқа­

лары  неліктен  тежеліп  отыр?  Кейбір  партия,  шару­

ашылық басшыларын тыңдап көрсең – оларды тіпті 

«қайта құру бұлбұлдары» деп қаласың, реформаларды 

сөз жүзінде бәрі де жақтап, оларға бірде-біреуі қарсы 

шығып  отырған  жоқ.  Адамдар  оларға  сеніп,  жақсы 

өзгерістер болатынына үміттенеді. Іс жүзінде ешқан­

дай нақты қадамдар жасамастан, сол сенімді қашанғы 

сынай беруге болады! Ұлтарақтай жерді, шаштаразды, 

дүкенді, кәсіпорынды жалға алғысы келген қатардағы 

еңбеккер  толып  жатқан  бюрократтық  сергелдеңнен 

және кемсітуден неліктен өтуге тиіс? Егер партия орган­


400

I  ТОМ. – 1989–

1991 


дары, коммунистер нарықты жақтап отырған болса, 

олардың нақты қолдауы қане? 

Соңғы жылдар бізге көп нәрсені, әсіресе, келеңсіз 

оқиғалардың алдын алу тұрғысынан көп нәрсені үйре­

туге тиіс сияқты еді. Партия нақ айқын шешімдерді 

қабылдауға байланысты жиі кешеуілдеп, қоғамды демо­

кратияландыру үдерістерінің соңынан салпақтап оты­

рудың салдарынан адамдардың көз алдында көп нәрсе­

ден айрылды. Және біз тағы да артта қалып отырмыз, өз 

атымызға әділ сын айтылуы үшін тағы да өз қолымызбен 

негіз әзірлеп, атышулы «партиялық аппараттың» және 

«партократияның» ту сыртынан тағы бір зіл батпан тас 

лақтырудан кет әрі емес адамдардың қолына барлық 

мүмкіндіктерді беріп отырмыз. Дербестік пен іс-қимыл­

дар бостандығын жақтаған облыстардың, қалалар мен 

аудандардың басшылары бүгінгі таңда нақ соның өзін 

еңбек ұжымдарына бергісі келмей отыр. 

Кеңшарлар  мен  ұжымшарлардың  басшылары, 

естеріңізде  болар,  жоғары  тұрған  ведомстволардан 

бостандықты бәрінен де қатты талап еткен еді ғой. Олар­

дың айтқаны дұрыс болатын, өйткені ауыл объективті 

түрде,  онда  қалыптасқан  өндірістік  қатынастардың 

сипатына байланысты нарықтық экономикаға жақсы 

бейімделген  еді.  Мұны  дүниежүзілік  практика  да, 

атап айтқанда, Қытайдың, Вьетнамның мысалдары да 

көз жеткізе дәлелдеуде. Бірақ таңқаларлық оғаш жәйт 

мынада болып отыр: төрағалар мен директорлардың 

қолына еркіндік тізгіні тиген бойда-ақ, олар жалгер­

лердің, фермерлер мен кооператорлардың жолындағы 

берік тосқауылға айналды. Кез келген адамнан сұрап 

көрсеңіз,  мал  шаруашылығында,  егіншілікте  шару­


401

ашылықты жүргізудің бұл нысандарының тиімділігіне 

еш  күмәнсіз  келіседі.  Бірақ,  былайша  айтқанда,  өз 

дегенім болсын дейтіндер енді, міне, осы үдерістің одан 

әрі қалыпты дамуына мүмкіндік бермей отыр. Қазір 

енді олардың көбі тың жағдайында, оның ұлан-байтақ 

алқабына  байланысты,  фермерлік  жұмыс  тәсілінің 

болашағы жоқ дегенді дәлелдеуде. Тіпті де олай емес! 

Тыңда да 5–8 гектардан егістік жерді жалға ойдағыдай 

алуға болатынын ондаған мысалдар дәлелдеуде. 

Қысқасы, партия және шаруашылық басшылары сөз 

жүзінде бір нәрсені, ал іс жүзінде мүлде қарама-қарсы 

нәрсені қорғайтын, экономиканы басқарудың ескі әдіс-

терінен айрылмай отырғанын көрсететін көптен белгілі 

құбылыстарға қайта-қайта тап болып отырмыз. Мұндай 

екіге жарылушылықтан арылатын кез жетті. Және де 

ең алдымен партия ұйымдастырушылары уақыт тала­

бынан қалғысы келмесе, осылай етуге тиіс. 

Мені  дұрыс  түсінулеріңізді  өтінемін:  біз  жұмыс 

онсыз да жеткілікті дәрежеде тиімді жүргізіліп жатқан, 

ұжымдары көп пайда алып отырған кәсіпорындар мен 

шаруашылықтарда шаруашылықты жүргізудің жаңа 

әдістерін күштеп енгізуді жақтаушылар емеспіз. Бірақ 

банкротқа  алдымен  ұшырайтын  дотациялы,  рента­

бельділігі төмен шаруашылықтар бізде толып жатыр 

ғой.  Олар  жайында  ойлану  керек!  Ал  бүгінгі  таңда 

нарық жағдайында жападан-жалғыз өзімен өзі қалатын 

еңбеккерлердің болашағына партия қалай қамқорлық 

жасап отыр? Міне, жолдастар, әңгіме не жайында! Біз 

үшін ең бастысы – экономикаға деген атүсті көзқарас 

емес, адамдардың болашағы.

Кейбір  өресіз  басшылардың  нарыққа  қарсы 

көңіл-күйінің себептері олардың тек қарапайым еңбек­


402

I  ТОМ. – 1989–

1991 


керлердің мүдделерімен ғана тыныстамауында емес, 

оларға жүргізетін өз билігін кез келген тәсілмен сақтап 

қалуға тырысып отыр ғанында екеніне кәміл сенемін. 

Кейбіреулер «пәлсапалық жасауға», өз айқындамасын 

қорғау үшін уәждеме келтіруге, біз шынымен-ақ нашар 

тұрамыз ба, шынымен-ақ қайырымдылықтан қайырым­

дылық іздей ме екен деуге әлі де тырысуда! Бұл адам 

тұрмысының дәрежесі туралы дәстүрлі, дүниежүзілік 

өлшем бойынша тым төмен түсініктерге негізделген 

шірік пайымдаулар. Біздің идеологиямыз ең ізгілікті 

және озық идеология, біздің өмір салтымыз ең жақсы 

салт  деп  ондаған  жылдар  бойы  адамдардың  миына 

құйып келдік. Және де, сонымен бірге, еңбекшілердің 

өздерінің жеке тұрмысын, қазір айтылып жүргеніндей, 

«арғы бетте» орнатылған тұрмыспен салыстыру мүмкін­

дігіне жол бермедік. Адамдар онда не болып жатқанын 

білген жоқ және біздің сөзімізге сенді. 

Нарықтық  экономиканың  нәтижелерін  сол  жыл­

дарда-ақ  өз  көзімен  көрген  болса,  олардың  не  айта­

тынын  елестетіп  көріңіздерші!  Жалаң  насихаттың 

бұрынғы  әдіс тері  ендігі  жерде  жарамайтынын  олар 

қазір  жұқалап  болса  да  біледі.  Сондықтан,  егер  өз 

атымызға біржолата кір келтіруді қаламайтын болсақ, 

шөп өсіп кеткен окоптардан батыл түрде шығуымыз 

керек. Бірақ нарықтық қатынастарға ескі дәлелдермен 

шабуылдау үшін емес, қайта, керісінше, оларды қорғау 

үшін шығуымыз керек. Кеңес халқының мүлдем басым 

көпшілігінің ең көкейкесті ой-тілектерін қорғау үшін 

шығуымыз керек. 

Мемлекеттік  және  шаруашылық  органдарында 

жұмыс істейтін коммунистерден халықтың табысы ең 

аз топтарын, нарықтық экономика жағдайында оның 

ауыртпалықтарының қыспағында қалатындарды әлеу­


403

меттік жағынан қорғау шараларын барынша тез әзір­

леуді талап ету қажет. 

Қазақстанның экономикалық тұйықтан өз бетінше 

шыға  алмайтынын  айқын  түсіну  керек.  Біз  одақтас 

республикалармен,  шетелдік  фирмалармен  жолға 

қойып жатқан көлбеу байланыстарды күшейту керек. 

Бірақ бұл жерде де дәл есеп қажет. Партия комитет­

терінің міндеті – бір сәттік пайда табуды ұнататындарға 

бекем қарсы тұру, тұрақты және ұзақ мерзімді эконо­

микалық байланыстардың қалыптасуына жәрдемдесу. 

Ағымдағы  кезең  КОКП  қатарын  ұйымдық-саяси 

жағынан нығайтуды қажет етеді. Қазақстан Компар­

тиясы Жарғысының, КОКП-ның бірқатар нормативтік-

әдіс темелік  құжаттарының  бекітілуімен  партия 

ұйымдарында республикадағы істің жайына олардың 

ықпалын күшейту үшін жақсы жағдайлар жасалған. 

Алайда саяси және әлеуметтік тұрақсыздықтың күр­

делі жағдайында, сарыуайымның, кейбір бұқаралық 

ақпарат құралдары жомарттық жасап отырған болашақ 

жөніндегі  көңілсіз  болжамдардың  үнемі  үдетілуінің 

ықпалымен жекелеген коммунистер абыржып және, 

турасын  айтайын,  сақтықта  қорлық  жоқ  дегендей, 

партиядан  шыққанын,  «демократтар»  шекпенін 

кигенін, алайда, сонымен бірге, іс-қимылдың реакци­

яшыл нысандарын қолданудан тайынбай отырғанын 

мойындамауға болмайды. Ал шынайы коммунистер 

саяси бұлталақтың мұндай тактикасын ашық қабыл­

дамайды. Олар өз ар-ожданын аяқасты ету ешқашан 

және ешкімді жақсылыққа жеткізбегенін айқын түсіне 

отырып, моральдық және саяси азғындауды ашықтан-

ашық айыптауда.

Біз саяси өзін-өзі билеудің бүгінде болып жатқан 

үдерістеріне жайбарақат және селқос қарай алмаймыз. 



404

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Олардың бәрі бірдей ізгі бастаудан туып отырған жоқ. 

Партиясыз, коммунистердің сол үдерістерге белсенді 

түрде  қатысуынсыз  Одақтың  бүліну  қаупі  өлшеусіз 

арта түсетіні айқын. Бұл жөнінде ешқандай қиял мен 

қарабайырлық болмауға тиіс. КОКП Орталық Комитеті 

мен Орталық бақылау комиссиясының біріккен Плену­

мының саяси мәлімдемесінде саяси аренада социалистік 

таңдауды жақтаушыларды биліктен шеттетуге, болып 

жатқан өзгерістерге халыққа жат сипат беруге тыры­

сушы күштер пайда болып, іс-әрекет жасап жатқаны 

ашық айтылған. 

Қазақстан  Компартиясы  XVII  съезде  өзінің  саяси 

бағытын  белгілеп,  ол  республика  тұрғындарының 

жан-жақты қолдауын тапты, сондықтан бүгін Орталық 

Комитеттің  пленумы  елде  шиеленісіп  келе  жатқан 

жағдайды  ескере  отырып,  Егемендік  туралы  қабыл­

данған декларация негізінде Одақты жаңарту идеясына 

біздің берік адалдығымызды тағы да мәлімдеуге, ком­

мунистерді біздің одақтық мемлекетіміздің ыдырауына 

жол бермеуге бағытталған батыл іс-қимылдарға шақы­

руға хақылы. 

Өздеріңіз білесіздер, КОКП Орталық Комитеті мен 

Орталық бақылау комиссиясының біріккен Пленумы 

өзінің саяси мәлімдемесінде одақтас республикалар­

дың  егемендігін  орнықтыру  үдерісін  қолдады,  оны 

біздің  мемлекетімізді  республикалар  мен  халықтар­

дың  шынайы  дербес  одағы  етіп  өзгертудің  шарты 

деп санайды. Тіпті басқаша бола алмайды да, өйткені 

партия жалпыодақтық қоғамдық бірлестік болып табы­

лады, ал оның ұйымдары КСРО-ның бүкіл аумағында 

өмір сүріп отыр. Оның үстіне, олардың бәрі бірыңғай 

іргелі  бағдарламалық  және  жарғылық  қағидаттар 



405

негізінде жұмыс істеуде. Осынау идеялық қуатты әлеует 

конституциялық  құрылысқа  дұшпандықпен  қарай­

тындарға,  социалистік  таңдау  мен  КСРО  халықтары 

достығының мүмкіндіктерін жіті бағаламайтындарға 

қарсы  пәрменді  түрде  пайдаланылуға  тиіс.  Біздің 

Одақтың  болашағы  туралы  референдумға  әзірлік 

кезеңінде коммунистер КСР Одағының болу-болмауы 

нақ өзінің ұстанымына байланысты екені туралы пікірді 

республиканың әрбір тұрғынына жеткізу үшін өздеріне 

байланысты нәрсенің бәрін істеуге міндетті. Осы кезең­

дегі бүкіл партиялық-саяси жұмыс Қазақстан халқының 

өз  ықтиярын  еркін  білдіруінің  қалыптасуына,  шын 

демократизмнің орнығуына және тең құқықты егемен 

республикалардың жаңарған федерациясы ретіндегі 

Одақты нығайтуға бағытталуға тиіс. Әрбір коммунистің 

аса мәртебелі патриоттық борышы осында. Мен бүгінгі 

пленумда Қазақстан аумағында өткізілетін референдум 

туралы арнайы қаулы қабылдаған дұрыс болар еді деп 

ойлаймын.

Республиканың партия комитеттері «қоршаудағы 

қамал» дүрбелеңінен, қоғамда ішкі қожырауды туғызып 

отырған күштердің қыспағынан туындап отырған бел­

гілі бір абыржу мен қожыраудан тезірек арылуы керек. 

Көбінесе  партияны  сатып  кеткен  адамдар  бағыттап 

отырған коммунизмге және партияға қарсы қызметтің 

күшейтілген  тасқыны  шын  коммунистердің  рухын 

жасыта алмайды. Олар осы шүйлігудің қайнар көздерін 

де, олардың шын мақсатын да танып-білуді үйренуге 

тиіс. Жаңа демократтардың плюрализм ұранымен тек 

өз  бағытын  ғана,  мәселелерді  өздерінің  қоюын  ғана 

танытуға деген ұмтылысын бүркемелеп жүргенін түсіну 

керек. Ал мұның өзі саясаттағы бұрынғы монополизмге 


406

I  ТОМ. – 1989–

1991 


қайтып оралудан, кез келген бөгде пікірді басып-жа­

ныштаудан басқа ештеңе емес. Біз идеялардың өркени­

етті, демократияланған жарысын, оның үстіне тек сөз 

жүзінде ғана емес, сонымен бірге, нақты іс-қимылдар 

бағдарламасы деңгейіндегі жарысын жақтаймыз. 

Шешіліп  қойған  мәселелер  бойынша  шексіз, 

титықтататын және жеміссіз пікірсайысқа уақытты зая 

жібермей, коммунистердің толғағы жеткен проблема­

ларды озық тәртіппен көтеріп, шешу қабілетін қайта 

түлету  керек  және  әлеуметтік  қорғау,  азаматтардың 

құқықтары мен бостандықтары, шынайы интернаци­

онализмі, Кеңестік Қазақстан халықтарының ұлттық 

өзіндік  ерекшеліктерін  өзара  құрметтеуінің  жақсы 

дәстүрлері жолындағы күрестегі басымдықты ешкімге 

бермеу керек. Республика Компартиясы өзінің осынау 

принципті  ұстанымымен  сөзсіз  күшті  болып  келді 

және азаматтық татулық пен жалпыұлттық келісімді 

қамтамасыз етуді алдағы уақытта да өзінің ең бірінші 

міндеті деп есептеуге міндетті. 

Сындарлы  тұрғыда  іс-қимыл  жасаушы  күштерге 

сүйене отырып, қоғамдық ұйымдармен және қозғалыс-

тармен ынтымақтастықты кеңейтіп, тереңдету, кәсіп-

орындармен,  комсомолмен,  жұмысшылар,  әйелдер, 

ардагерлер қозғалыстарының өкілдерімен қатынасты 

уақыт рухына сай құру керек. 

Қазіргі  жағдайда  парламенттік  қызмет,  комму­

нистердің  Кеңестердегі  және  олардың  атқарушы 

органдарындағы жұмысы Компартияның аса маңыз-

 ды  саяси  міндеттерінің  біріне  айналып  келеді.  Оны 

саяси күштердің нақты орналасуына орай, қоғамдық 

мүдделер  мен  нақты  әлеуметтік-экономикалық  мін­

деттердің сан алуандығын ескере отырып қарау керек. 



407

Бүгінде барлық деңгейдегі Кеңестерде депутаттардың 

көпшілігі – коммунистер. Көптеген Кеңестерде фрак­

циялар, дербес бастауыш партия ұйымдары құрылған. 

Кеңестердің, тұрақты комиссиялардың төрағалары да 

көбінесе – КОКП мүшелері. Енді мынадай сұрақ туады: 

олардың парламенттік мінберді бастамашылықпен пай­

далануына, партияның бағытын бұлжытпай жүргізуіне 

не және кім бөгет болып отыр? Әрине, бізде парла­

ментаризм тәжірибесі әлі де болса жоқ, бірақ партия 

органдарын ұйымдық-функциялық жағынан қайта құру 

барысында жұмыстың парламенттік әдістерін тезірек 

игеру,  Кеңестердегі  партия  қызметінің  практикасын 

қорыту солғұрлым маңызды. 

Біздің қызметімізде бастауыш партия ұйымдарының 

проблемаларын шешу басты орын алуға тиіс. Турасын 

айтайық, соңғы жылдарда біз сынмен, «өзімізді жегі­

дей жеумен» тым әуестеніп кетіп, партиялық жұмыс-

тың  озық  тәжірибесі  бар  екенін,  оның  күннен-күнге 

жинақталып жатқанын мүлдем ескермейтін болдық. 

Коммунистердің  экономикалық,  әлеу меттік,  саяси 

мәселелерді шешудегі, ұжымдарда тұрақты мораль­

дық-психологиялық  ахуал  орнатудағы  табанды  да 

дә  йекті күш-жігерлері әрқашан да өз жемісін беріп, 

партия беделінің артуына қызмет етіп келеді. 

Әлбетте,  бастауыш  пария  ұйымдары  өздерінің 

әлеуметтік елеулі істерімен, өмірлік маңызы бар про­

блемаларды шешу жөніндегі жаңа көзқарастарымен, 

ұжымдағы жағдайға, әлеуметтік-экономикалық мәсе­

лелерді  жүзеге  асыруға,  кадрларды  орналастыруға, 

партиялық жолдастық, қолдау мен өзара көмек рухын 

қалпына келтіруге саяси әдістермен ықпал ету шебер­

лігімен өзін неғұрлым нақты көрсетуі тиіс. Коммунис-

терді  орналастыруда,  партияға  қабылдау  практика­



408

I  ТОМ. – 1989–

1991 


сын жетілдіруде оң өзгерістер болғанын дәлелдейтін 

мысалдар  бізде  жеткілікті.  Ондай  мысалдар  Гурьев, 

Жамбыл,  Қызылорда,  Талдықорған  және  Шымкент 

облыстық партия ұйымдарында бар. Солардың үлгісі 

бойынша біздің бәріміз партияға өз мүдделерін қоғам 

мүдделеріне бағындыруға әзір жұмысшылардың, шару­

алардың, интеллигенцияның, халықтың басқа да әлеу­

меттік санаттары өкілдерінің, қайта құруды белсенді 

жақтаушылардың қабылдануына қамқорлық жасауы­

мыз керек. Және оны партияға қабылдауға байланысты 

істің жайы партия ұйымдарының пәрменді жұмысы 

мен беделінің негізгі белгілерінің бірі болатындай етіп 

істеу керек. 

Қазір партияға қабылдау мәселелерінде, сондай-ақ 

партиядан шығу мәселелерінде жеке жұмыс түрлері 

мен әдістерін қайта қарауымыз қажет. Ол қатаң түрде 

сараланған сипатта, терең ойластырылған және бай­

салды болуға тиіс. Ол жөнінде жеңіл-желпі көзқарас 

болмауы  керек.  Біздің  ойымызша,  коммунистермен 

алдын  ала  әңгімелесу  практикасын  қалпына  келтіру 

артық болмас еді. Бұл партиялық ішкі тәртіпті нығай­

туда баға жетпес көмек көрсетері айқын. КОКП ардагер­

лері де өздеріне назар аударуды талап етіп отыр. Олар­

дың партия ұйымының өміріндегі рөлі баға жеткісіз. 

Ақыр  соңында,  бастауыш  партия  ұйымы  хатшы­

сының жеке тұлғасы туралы мәселе партиялық ішкі 

өмір үшін бұрынғысынша көкейкесті және өте елеулі 

күйінде. Бүгінгі таңда бұл адамдар, партиялық жетек­

шілер аса қиын жағдайда қалып отыр, көбінесе көбейе 

түскен  проблемалармен  жападан-жалғыз  қалуда. 

КОКП Орталық Комитеті мен Орталық бақылау комис­

сиясының жуырдағы пленумында қабылданған құжат­

тардың арасында хатшының мәртебесі туралы ереже 


409

бар. Мұндай мәртебе, өздеріңіз білесіздер, Қазақстан 

Компартиясында  қазірдің  өзінде  бар.  Әрине,  біздің 

съезімізден кейін бастауыш партия ұйымдары өзіне 

деген ықыластың күшейтілгенін сезінді. Бірақ бұл аз. 

Жағдай жігерлі іс-қимылдарды талап етіп отыр. Мұнда 

көп нәрсе партия комитеттеріне де байланысты. Сон­

дықтан осы пленумға қатысушылардың бәрі бастауыш 

партия ұйымдарында жиі болуы, практикалық көмек 

көрсетуі қажет. Партиялық ішкі жұмыстың мазмұнына 

мұқият талдау жасау, партия жиналыстарында абы­

рой, ар-ождан, борыш, партиялық жолдастық туралы 

әңгімелесу, ұжымдарда бар ізгі дәстүрлерді барынша 

пайдалану керек. 

Сөзімді  аяқтай  келе,  адамдардың  бізден  белсенді 

іс-қимылдар күтіп отырғанын тағы да атап көрсетуді 

қажет деп есептеймін. Дағдарыстың барынша тереңді­

гіне және өткірлігіне, кейде болып жатқан оқиғалардың 

шиеленісті  сипатына  қарамастан,  еліміздегі  жағдай, 

оның үстіне біздің республикадағы жағдай үмітсіз емес. 

Біз партия ұйымдарының жұмылдырушы қуатын қайта 

түлетуіміз, қазір сөз бен істің арасындағы алшақтыққа, 

басталған істі нақты аяқтау талап етіліп отырған кезде 

орта  жолда  тоқтап  қалуға  қаншалықты  жол  беруге 

болмайтынын түсінуіміз қажет. Келеңсіз фактілердің 

төңірегінде шексіз «аһылап-үһілеуден» оларды батыл 

жоюға көшетін кез жетті. 

Қазіргі  жағдайда  тек  ұйымдасқан  және  идеялық 

жағынан  топтасып,  жаңарған  Коммунистік  партия 

демократиялану  жолына  түсе  және  өз  жұмысында 

адамға қарай бет бұра отырып, халықтың көз алдында 

өзінің беделін сақтай алады. Оның қолында сенім атты 

қуатты қаруы бар. Тек оны толық тиімділікпен пайда­

лана білу керек. 


1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет