Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 2.62 Mb.
Pdf просмотр
бет21/25
Дата15.03.2017
өлшемі2.62 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Қазақстан халқына

ҮНДЕУІ

Алматы қаласы,

1991 жылғы 19 тамыз

Қымбатты қазақстандықтар!

Республика Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Ми -

нистрлер Кабинетінің мүшелерімен кеңесе келіп, мен 

сіздерге мынадай мәлімдеме жасамақпын. 

Еліміз үшін осынау жауапты сәтте сіздерді байсал­

дылық  пен ұстамдылық  сақтауға  шақырамын.  Қазір 

бұл  ерекше  қажет,  өйткені  біздің  әрқайсымыздың 

тарапымыздан жасалған қандай да болсын қызбалық, 

ойластырылмаған іс-әрекет аса ауыр әлеуметтік сілкініс-

тердің бастамасына айналуы мүмкін.

Мен сөзімді барлық азаматтарға, біздің көп ұлтты 

республиканы мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстар­



506

I  ТОМ. – 1989–

1991 


дың өкілдеріне арнаймын. Бұл күндері біз өзіміз үшін 

әрқашанда бірлік пен өзара түсіністіктің негізі бо лып 

келген халықтар арасындағы достықтың ғасырлар бо -

йы на жинақталған тәжірибесіне арқа сүйеуге тиіспіз. 

Мен  сөзімді  Қазақстанның  еңбек  ұжымдарына 

арнаймын. Қазір жоғары саналылық пен ұйымшыл­

дықты сақтау аса маңызды. Халық шаруашылығында 

аласапыранға жол беруге болмайды. Егіннің, азық-түлік 

ресурстарының тағдыры қолында тұрған ауыл еңбек­

керлеріне ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Мен сөзімді республиканың барлық саяси күштері 

мен қозғалыстарының өкілдеріне арнаймын. Өткінші 

алауыздықтан бойды аулақ салу, ақыл-парасатты, халық 

алдындағы  жауапкершілік  сезімін  басшылыққа  алу, 

егеске жол бермеу өте маңызды.

Мен Қазақстан аумағында орналасқан КСРО Қарулы 

Күштері,  Мемлекет  қауіпсіздігі  комитеті  және  Ішкі 

істер министрлігі бөлімдері мен бөлімшелерінің әскер 

құрамын конституциялық нормаларға адалдыққа, жеке 

адамның  құқықтары  мен  жергілікті  өкімет  органда­

рын  құрметтеуге  шақырамын.  Қазақстан  аумағында 

төтенше  жағдай  енгізілмейтінін,  бүкіл  өкімет  билігі 

Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы қабыл­

данған декларациясына және Конституциясына сәйкес 

толығымен кеңес органдарына тиесілі екенін ерекше 

атап көрсеткім келеді.

Мен республиканың егемендігін нығайту саясатына 

және демократия, Одағымыздың бірлігі қағидаттарына 

адалдықты қуаттаймын, басталған реформаны жүзеге 

асыруға бекемдік білдіремін. Қазақстан халқы жоғары 

саналылық,  қырағылық  пен  топтасқандық  танытады 

деп кәміл сенемін. 



507

Қазақ КСР Президентінің

МӘЛІМДЕМЕСІ

Алматы қаласы, 

1991 жылғы 20 тамыз

К

еше мен Қазақстан халқына арнап сөз сөйлеп, онда 

байсалдылық  пен  ұстамдылық  сақтауға  шақырдым. 

Республикадағы жағдайға қарағанда, еңбекшілер менің 

ұстанымымды қолдап отыр, бұл үшін оларға шын ниет­

пен ризалық білдіремін. 

Сонымен бірге, бізге қазақстандықтардан, одақтас 

республикалардан,  кеңес  және  шетелдік  бұқаралық 

ақпарат  құралдарынан  елде  қалыптасып  отырған 

жағдай  жөнінде  пікір  білдіруді  сұраған  көптеген 

өтініштер келіп түсуде.

Мен  түйінді  екі  мәселені  бөліп  көрсеткен  болар 

едім. Біріншіден, мемлекеттің экономикалық, шаруа-


508

I  ТОМ. – 1989–

1991 


шылық, сондай-ақ саяси өмірінің одан әрі қоғамның 

толық  және  түпкілікті  күйреуі  басталатын  қатерлі 

шепке  тақап  келгеніне  ешқандай  күмән  жоқ.  Айт­

пақшы,  КСРО  халық  депутаттарының  IV  съезінде 

М. С. Горбачев  ті саяси енжарлығы үшін, өзі бастамашы 

болған қайта құру бағытын бекем жүргізуге қабілет­

сіздігі  үшін  сынаған  кезімде  мен  нақ  осы  жайында 

айтқан болатынмын.

Алайда Президент пен оның үкіметі тиісті тұжы­

рымдар  жасай  алмады.  Ашығын  айтқанда,  елдегі 

жағдай дереу араласуды талап етуде еді. Бірақ осы фак­

тіні атап көрсете отырып, мынаны анық айта аламын: 

төтенше  жағдайды  тек  конституциялық,  құқықтық 

негізге сүйене отырып қана жариялауға болар еді. Оның 

үстіне біз құқықтық мемлекет орнатуға ұмтылып отыр-

ғанымызды  бүкіл  дүние  жүзіне  мәлімдедік.  Ерекше 

бөліп көрсеткім келген екінші мәселе, міне, осы.

Үш адам құрған, КСРО Жоғарғы Кеңесі мен респу­

бликалар қатыспаған комитет әуел бастан-ақ заңсыз 

құжаттарды дүниеге әкелуде, олар, басқаларына қоса, 

егемендік  туралы  республикалық  декларацияларды 

аяқ асты етуде, нарықтық экономикаға көшудің таңдап 

алынған бағытын елеп-ескермеуде.

Біз  халыққа  жағдайдан  шығудың  қандай  жолын 

ұсына аламыз? Оның тек конституциялық негізде ғана 

мүмкін болатынына сенемін. Егер біз заңсыздықтың 

қиралаң жолымен одан әрі жүре беретін болсақ, халық 

оны  бізге  кешірмейді.  Ең  алдымен  ел  үшін  осынау 

қиын-қыстау күндерде М. С. Горбачевтің өзінің пікірін 

естігіміз келеді, ол өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге 

асыра алмайтын күйде екенін тікелей қуаттауға тиіс.


509

Сондай-ақ  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  мәжілісінде 

саяси  жағдайды  дереу  қарауды  ұсынамын.  Он  күн 

мерзім ішінде КСРО халық депутаттарының төтенше 

съезін шақырып, онда КСРО Президентінің бүкілха­

лықтық сайлауын өткізудің және де барынша қысқа 

мерзім ішінде өткізудің нақты уақытын белгілеу керек.

Кейінге  қалдыруға  төзбейтін  тағы  бір  аса  маңыз-

 ды  проблема  –  сегіз  республиканың  парламенттері 

мақұлдаған Одақтық шартқа қол қою. Осы құжаттың 

бекітілген мәтініне қандай да болсын өзгерістерді тек 

сол республикалардың ең жоғары өкімет билігі орган­

дарының келісімімен ғана енгізуге болады.

Қазақстан  Жоғарғы  Кеңесінің  Төралқасы,  үкіметі 

және халқы қуаттап отырған менің ұстанымым, жал­

пылама  алғанда,  міне,  осындай.  Мен  елдің  барлық 

республикаларының парламенттері мен халықтарынан 

айтқан ұсыныстарыма қолдау көрсетуді өтінемін. 



510

I  ТОМ. – 1989–

1991 


КОКП Саяси Бюросы және  

Орталық Комитетінің құрамынан шығатыны 

туралы КОКП Орталық Комитетінің  

Саяси Бюросына

МӘЛІМДЕМЕСІ

Алматы қаласы, 

1991 жылғы 20 тамыз

19–20  тамыз  аралығында  Қазақстан  Компартиясы 

Орталық Комитетінің атына КОКП Орталық Комитеті­

нен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет 

дейтіннің іс-әрекеттері мен қаулыларын КОКП Орталық 

Комитетінің Хатшылығы қолдап отырғанын бұлтарт­

пастан растайтын біраз құжаттар келіп түсті. Мәселен, 

бір  құпия  жазбада,  атап  айтқанда,  былай  делінеді:  

«…Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланыс ты комму­

нистердің КСРО-дағы Төтенше жағдайлар жөніндегі 

комитетке жәрдемдесуге қатысуы турасында шаралар 


511

қолданыңыздар».  Осынысы  арқылы  КОКП  Орталық 

Комитетінің Хатшылығы беделін түсіріп, өзін қатар­

дағы коммунистерге қарсы қойды, халықтың шынайы 

мұқтаждары мен мүдделерінен қол үзгендігін, тотали­

тарлық ойлауға бейімдігін көрсетті. 

Мұның сыртында, КОКП Орталық Комитеті Саяси 

Бюросының мүшесі ретінде маған келген КОКП Орта­

лық Комитеті мәлімдемесінің жобасында, шын мәнінде, 

ТЖМК-ке (ГКЧП) қолдау көрсетіліп, оның масқаралық 

әрекеттері ақталыпты. Осы құжатқа қол қою туралы 

ұсынысқа мен үзілді-кесілді қарсы болдым.

20 тамызда КОКП Орталық Комитетінің кезектен тыс 

Пленумын  шақыру  әрекетінен  антиконституциялық 

комитет  мүшелерінің  көпе-көрнеу  мүдделілігі  бай­

қалды, бұл КОКП Орталық Комитеті Хатшылығының 

ТЖМК-ке (ГКЧП) қолдау жасамақшы болған пиғылын 

тағы да танытты. Мен бұл Пленумға үзілді-кесілді қарсы 

екенімді білдірдім.

Осы  айтылған  жайларға  байланысты  өзім  қазіргі 

Саяси  Бюроның  және  КОКП  Орталық  Комитетінің 

құрамында бола алмаймын деп есептеймін және осы 

органдардан шығатынымды мәлімдеймін. 

Қазақстан  партия  ұйымының  басшысы  ретінде 

республика коммунистерінің алдына Қазақстан Ком­

партиясының  КОКП  құрамынан  шығып,  өз  алдына 

дербес партия құратыны туралы мәселе қоймақшымын. 


512

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі  

он екінші шақырылымының кезектен тыс  

V сессиясында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы,

1991 жылғы 24 тамыз

Құрметті депутат жолдастар! 

Мен Мәскеуден жаңа ғана оралдым, онда КСРО Пре­

зиденті М. С. Горбачевтің төрағалық етуімен Федерация 

Кеңесінің мәжілісі болды. Әңгіменің негізгі тақырыбы 

– ағымдағы кезеңге баға беру, әдеттен тыс ауыр, тіпті 

мен айтар едім, қайғылы дағдарысты бастан кешірген 

елдегі істің жай-күйіне саяси және экономикалық тал­

дау жасау әрекеті, сондай-ақ өздеріңіз білетін кейбір 

кадр мәселелері.

Мемлекеттегі  бірнеше  ай  бойына  ушыға  түскен 

тұрақсыз жағдайға байланысты біздің барлық қаупіміз 


513

кенет ақиқатқа айналған сол бір шым-шытырық күндер 

мен түндердің аласапыран жағдайында философиялық 

пайымдаулар жайына қалды. Мен сіздерге оқиғалардың 

қалай өрбігенін, менің жеке өзім және республика бас­

шылығы жағдайды анықтау мен бүлікшілерге белсенді 

түрде  қарсы  іс-әрекет  жасау  үшін  қандай  шаралар 

қолданғанымызды дәл сағаттар мен минуттар бойынша 

баяндай аламын.

Төңкеріс туралы хабардың төбеден жай түскендей 

болғанын жасырмаймын. Өйткені, сіздер сияқты, мен 

де болған жағдайды тек тамыздың 19-ы күні таңертең 

ғана білдім. Шындығында, Янаев тобы нақ тұтқиыл­

дық  факторына  баса  үміт  артты,  армия,  Мемлекет 

қауіпсіздігі комитеті және Ішкі істер министрлігі қол­

даған күш көрсету қысымы бүлікшілер өктемдігіне кез 

келген қарсылықты дәрменсіз етеді деп негізді түрде 

ойлады. Мәскеуден менің кабинетіме алғашқы телефон 

қоңырауын Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің бұрынғы 

төрағасы  Крючковтың  соққаны  кездейсоқ  емес.  Ол 

тәкаппарлана,  менменси  сөйлеп,  орталық  өкімет 

билігінің ТЖМК (ГКЧП) қолына көшкенін хабарлады, 

бұл комитет қылмыс пен мафияны жояды деді. Оның 

үстіне комитеттің іс-әрекетінің заңдылығын қандай да 

болсын талқылау мүлде орынсыз дегенді сездірді. Менің 

М. С. Горбачев  қайда,  оқиғалардың  бұлай  өзгеруіне 

оның пікірі қандай деген сұрағыма Крючков КСРО Пре­

зиденті Қырымда әл үстінде жатыр, мемлекетті мүлде 

басқара  алмайды  және  қабылданған  шешімдермен 

келіседі деп жауап қайтарды. Бұл акт құжат жүзінде, 

барлық  заңды  рәсімдерді  сақтай  отырып,  таяудағы 

сағаттарда қуатталады-мыс деді.



514

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Мен дереу КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Лукья­

новпен байланыс жасадым. Алайда ол демалыс тан жаңа 

ғана оралғанын, жағдайдың тізгіні қолында емес екенін 

тілге тиек етіп, жөнді ештеңе түсіндіре алмады.

Келесі әңгіме премьер Павловпен болды. Крючков-

тан өзгеше түрде ол әңгімені сенім арнасына көшіруге, 

былайша  айтқанда,  жауырды  жаба  тоқымдауға 

тырыс ты.  Еліміздің  экономикасы  құрдымға  қарай 

сырғығанын,  дағдарыстан  шығу  үшін  төтенше  соны 

шаралар қажет екенін, ал бұл үшін барлық құралдар­

дың жақсы екенін айта бастады. Мұнда конституциялық 

іс-қимылдар жайына қалады деді. Төтенше жағдай тек 

белгілі бір жерлерде қысқа мерзімге енгізіледі, үкімет 

түбегейлі  экономикалық  реформаларды  бұрынғы­

сынша жүргізеді деп сендірді. 

Бұл әңгімелермен жарты күн өтті. Сағат 14-те мен 

Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы мен Министрлер Каби­

нетінің,  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитеті 

Саяси  Бюросы  мүшелерінің,  Алматы  облысы  мен 

қаласы басшыларының төтенше мәжілісін шақырдым, 

алынған ақпаратты ортаға салдым, Қазақстан халқына 

үндеудің  мәтінін  жариялауды  ұсындым,  оны  сол 

жерде оқып бердім. Бұл мәтін сіздерге мәлім. Егемен 

республиканың  Президенті  ретінде  мен  ең  алдымен 

нақ біздің аумағымыздағы тұрақтылықтың сақталуы 

жөнінде қам-қарекет жасадым, өзімнің ең басты мін­

детім  әскерлерді  енгізу  үшін  сылтау  беретін  қандай 

да болсын жанжалдардың тууына жол бермеуде деп 

білдім. Ал мұндай қауіптің, өздеріңіз де түсініп отыр­

сыздар, болуы мүмкін еді. Төтенше жағдай республи­

када енгізілмейтінін және Қазақ КСР Конституциясына 

сәйкес бүкіл өкімет түгелімен жергілікті жерлердегі 



515

кеңес органдарына тиесілі екенін жарияладым. Мен 

демократия  қағидаттарына  өзімнің  адалдығымды 

және  басталған  реформаны  жүргізуге  бекемдігімді 

қуаттадым. 

Оқиғалардың бұдан былай өрбуі біздің іс-қимылда­

рымыздың дұрыстығын, біз таңдаған, барлық ықтимал 

мән-жайлар ескерілген сарабдал ұстанымның өте-мөте 

дұрыстығын дәлелдеді. 

Сол  күні,  яғни  тамыздың  19-ында,  Янаев  телефон 

соқты. Тегінде, РКФСР басшылығының белсенді қар­

сылығына,  Мәскеудегі  шиеленістің  күшейе  түсуіне 

байланысты  алаңдаған  ол  біздің  қолдауымызға  үміт 

артуға тырысқан болса керек. Тіпті мені басқа респу­

бликалар  өзі  басқаратын  комитетке  адал  қарайды 

дегенге сендіріп, тура теріс хабарлама беруге барды 

(айтпақшы,  ол  белгілі  баспасөз  конференциясында 

да осындай теріс хабарлама жасады). Мен Янаевқа ол 

құрған Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет 

және КСРО Президенті міндетін атқаруды өз мойнына 

алуы заңсыз екенін тура айттым, КСРО Конституциясын 

тікелей бұзып отырғаныңызды түсінесіз бе? – деп сұра­

дым. Жалған атақты малданған «Отанды құтқарушы» 

жағдай конституциялық нормаларға толық сай келетін 

іс-қимыл жасауға мүмкіндік бермейді, кейін, былайша 

айтқанда, біраз күн өткен соң КСРО Жоғарғы Кеңесі 

мұның бәрін заңдастырады деген мағынадағы пікірін 

арсыздықпен ашық айтты. Мұндай жауаптан соң бүлік­

шілердің шын ниеттері жөнінде менің жеке басымда 

ешқандай күдік қалған жоқ. Біз оқиғаларға өзіміздің 

принципті бағамызды бейнелейтін мәлімдеме әзірлеуге 

шұғыл түрде кірістік. Өздеріңіз білесіздер, ол тамыздың 

20-сында жарияланды. 


516

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Төтенше  жағдай  жөніндегі  мемлекеттік  комитет 

мүшелері дереу іс-қимылға басты. Республикаға теле­

фон соғу тоқтатылды, Орталық телевизия мен газет­

терге менің мәлімдемемді ешбір жағдайда жарияламау 

жөнінде әмір түсті. Алайда біздің аузымызға қақпақ 

қоюдың реті келмеді. Біздің баспасөз қызметіміз мәтінді 

әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде 

шетелдік ақпарат құралдарына жедел түрде бере білді. 

Қазақстанның кесімді сөзін бүкіл дүние жүзі естіді.

Бірақ үрей үдей берді. Тамыздың 20-сында кешке 

маған РКФСР Жоғарғы Кеңесінің ғимаратына әзірленіп 

жатқан шабуыл туралы дерек келіп түсті. Мен бірден 

Крючковпен байланыстым. Мемлекет қауіпсіздігі коми­

тетінің бұрынғы төрағасы ештеңе болмайды деп ант-су 

ішті.  Оған  сенуге  болмайтынын  түсініп,  мен  РКФСР 

Жоғарғы Кеңесінің ғимаратында жұмыс істеп тұрған 

жалғыз  аппарат  арқылы  бірнеше  рет  Б. Н. Ельцин­

мен байланыстым, ол үрейлі хабарды растады. Борис 

Николаевичке  өзімнің  қолдау  көрсететінімді  айтып, 

бірден Янаевтың номерін тердім де, оған үзілді-кесілді 

наразылық білдіріп, РКФСР Жоғарғы Кеңесіне қарсы 

кез  келген  күш  қолдану  әрекетінің  ең  ауыр  зардабы 

болатындығын  қатаң  түрде  ескерттім.  Содан  кейін 

Язовқа телефон соғып, өз Президентін қорғаушы жас 

адамдардың  қанымен  қолын  былғау  қылмыс  екенін 

мәлімдедім. Сірә, осылар әсер еткен болу керек, өйт­

кені бірнеше минуттан кейін Б. Н. Ельциннің көмекшісі 

маған танкілердің ғимаратқа қарсы қозғалысы тоқтаға­

нын хабарлады.

Басқа  республиканың  да  басшыларымен  тұрақты 

байланысып отырдым, Ақаевты, Кравчукті тауып алып, 

олардан «комитет» деп аталатынмен байланысып, олар­

дың іс-қимылына қарсы наразылық білдіруді өтіндім.


517

Басқа да жайсыз минуттар болды, Төтенше жағдай 

жөніндегі мемлекеттік комитет деп аталатынның жан­

таласты іс-қимылының алдын алу немесе, ең болмаса, 

бетін  қайтару  үшін  өзімнің  барлық  беделімді  және 

басқа амалдарымды қолдануыма тура келді. Комитеттің 

сондай жанталасты іс-қимылына біздің жақын көршіміз 

– Қырғызстанға қысым көрсету әрекетін жатқызамын. 

Тамыздың 21-інде түнгі 1 сағат 30 минутта президент 

Ақаев маған өз деректері бойынша Бішкекке әскер кір­

гізуге әрекет жасалып жатқанын хабарлады. Осындай 

жазалау акциясының ықтималдығы туралы ойдың өзін 

жоюға әрекет жасау үшін шұғыл араласуға тура келді.

Сол  күндері  Президенттің  жанынан  оқиғаға  тал­

дау жасайтын және ұсыныстар әзірлейтін жедел топ 

құрылды. Қысқасы, бүлікшілер жасаған арандатудың 

лағынетті  ақырына  дейін,  Қырымнан  М. С. Горбачев 

телефон  соққанға дейін жұмыс қауырт,  тәулік  бойы 

жүріп  жатты.  Еліміз  бен  республиканың  тағдыры 

үшін қауіпті осынау сағаттарда мен Президент ретінде 

өзімді  жалғыз  сезінбегенімді  терең  қанағатпен  атап 

өтемін. Достар мен серіктер басыңа күн туғанда белгілі 

болады деп дұрыс айтылған. Мен біздің демократиялық 

жеңістерімізге қол сұққандарға, біздің қоғамның қиын­

шылықтарын пайдаланып, халыққа қамқорлық дегенді 

бүркеніп, елімізді тоталитарлық режімнің шырмауына 

қайтып оралтуға әрекет жасағандар жөнінде ымырасыз 

біржақты айқындама ұстаған Қазақстанның депутаттық 

корпусына терең ризашылығымды білдіремін. Қазақ 

КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының табанды және мәмі­

леге келмейтін мәлімдемесі – оның бұлтартпас айғағы. 

Жалпы алғанда, республикада қол жеткізілген саяси 

тұрақтылық, ұлтаралық келісім осы қиын күндері өзін 


518

I  ТОМ. – 1989–

1991 


толығымен көрсеткенін айта кету керек. Қазақстанның 

халқы да, басшылығы да, көптеген қатардағы комму­

нистері де өздерінің ұмтылыс-талабы мен баға беруде 

бірауызды болды. Адамдар маған келіп, ізгілікті қол­

дау  сөздерін  айтып,  өзімнің  табандылығымда  бекем 

болуыма қол ұшын беруге тырысты. Бұл бізге, былайша 

айтқанда, өзіміздің тылымызға алаңдап қарамай, демо­

кратияны қорғауға, жүгенсіз кеткен саяси содырларға 

«жоқ» деп табанды түрде айтуға мүмкіндік берді. 

Болған оқиға қайта құру жылдары текке кетпегенін 

тағы  да  қуаттады.  Халық  демократия  үдерістерін 

қабылдады.  Реакцияны  нақ  демократия  күйретті. 

Біз  бүлікшілердің  басты  соққысына  кеудесін  тосқан 

мәскеуліктерге, Ресей басшылығы мен Парламентіне, 

РКФСР Президенті Б. Н. Ельцинге өзіміздің терең риза­

шылығымызды білдіруге тиіспіз. Олар осы тегеурінге 

батылдықпен төтеп берді. Болып өткен оқиға республи­

калардың, біздің еліміздің барлық халықтарының бірлі­

гін нығайтуға, қоғам мен экономикадағы реформаларды 

тереңдету  жолымен  жүруге  олардың  табандылығын 

арттыруға ұйытқы болатынына біз сенімдіміз. Мұнда 

басты  рөл  РКФСР-ға  тиесілі.  Ресейліктер  өздерінің 

игілікті борышында әрқашан да биіктен табылатынына 

сенеміз. 

Бұл туралы айтып тұрғаным, бүгінде кейбіреулер, 

жеңістің қызуымен, оқиғаға баға беруде тиісті табан­

дылық  көрсетпеді-міс  деп  республикалармен  «есеп 

айырысуға» әрекет жасауда. Бұл ретте не айтуға болады? 

Қазақстан ондай жазғыруды қабылдамайды. Және де 

қиын күндері біздің ұстанымымыз бір мәнді – демо­

кратия  мен  заңдылықты  қолдау  болғандықтан  ғана 

емес. Бүгінде ұялмай кінә тағатындар республикалар 



519

жүргізген күрес туралы барлық толық дерекке ие емес 

екендігіне сенімдімін. Оларды парасатты ақыл емес, 

күйгелектік  сезімі  билеген.  Егер  республикалардың 

табанды бағыты болмаса, бүлікшілердің әлі де қанша 

тұратындығы және кеңес халқының қаншалықты құр­

бандыққа ұшырайтыны белгісіз еді... 

Бірақ бұл – мәселенің бір жағы ғана. Басқасы, мүм­

кін неғұрлым маңыздысы, осындай кез келген кінә тағу 

республикалардың арасына жік қоюға әкеліп соғып, 

оларды  «ақ»  пен  «қараға»  бөледі,  жаңа  ғана  қанат 

жайып келе жатқан саяси және экономикалық ынты­

мақтастыққа соққы болып тиеді. Сондықтан менмен­

дікке басып, қазір біздің бірлігімізге қауіп төндіруге 

бола ма деген сұрақ қойғым келеді. Әрине, жоқ. Кеше 

болып өткен Федерация Кеңесінің мәжілісіне қатысқан 

барлық республикалардың басшылары осындай пікір 

білдірді.

Халық қашанда өзінің батырларын құрметтегенін, 

ал қарапайым батырларын еселей құрметтегенін еске 

салып өткім келеді. 

Бүгінде тағы да бір қауіп нақты байқалуда. Демо­

кратиялық өрлеу толқынында шовинизм мен ұлтшыл­

дықтың лайсаң көпіршігі пайда болуы мүмкін екендігі 

туралы айтып тұрмын, ал ол ұлт республикаларында 

сөзсіз  қарсы  әрекет  туғызып,  ұлтаралық  жанжалды 

жаңадан  ушықтырады.  Бұған  ешбір  жағдайда  жол 

беруге болмайды. 

Біз оңшыл террордың солшыл террормен ауысуына 

жол бере алмаймыз. Біздің еліміздің тарихы мұндай 

оқиғаларды қазірдің өзінде біледі. Бұл қайғы мен азап­

тан, миллиондаған құрбандықтардан басқа ештеңе де 

әкелген  жоқ.  Біз  Қазақстанда  мұндай  келеңсіздікке 


520

I  ТОМ. – 1989–

1991 


жол бермейтінімізді бекем түрде айта аламын. Біздің 

өзіміздің  егеменді  республикамыз,  өзіміздің  айқын 

саясатымыз бар, ол – біздің көпұлтты Қазақстанның 

барлық халқының мүдделеріне сай болу. Және де біз 

оны берік ұстанатын боламыз.

Демократиялық  күштердің  сөзсіз  жеңісін,  бүлік­

шілердің жолына тас қамал болып тұрған халықтың 

қайта  құру  жылдарында  саяси  және  адамгершілік 

сана-сезімінің өлшеусіз өскенін лайықты атап көрсете 

отырып, бүкіл елімізді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға­

лардың тағылымдарынан да айналып өте алмаймыз. 

Біздің күні кешеге дейін үйреншікті тіркеске айналған: 

қайта құру қайтарымсыз деген сөзді қандай сеніммен 

айтып келгенімізді еске түсіріңіздерші. Бүгінде бізде 

мұндай қалтқысыз сенім жоқ қой деп ойлаймын. Тек 

саяси салаға ғана бағытталып, экономикалық базиске 

қатысты болмаған демократиялық өзгерістердің құны 

көк тиын болып шықты. «Төтенше жағдай» бастамашы­

ларының басты соққысы нақ осы әлсіз тұсқа бағытталды. 

Олар экономиканың, еңбек, өндірістік және шарттық 

тәртіптердің  қожырауын  әрі  бағаның  шексіз  өсуін, 

халықтың тұрмыс деңгейінің құлдырауын, мафиялық 

құрылымдардың  етек  алуын,  қылмыстың  көбеюін, 

қанқұйлы ұлтаралық жанжалдардың өршуін ескерді. 

Барлық осы келеңсіз құбылыстар шынында да еңбек­

шілердің жаппай наразылығын туғызуда.

Бірақ біз мұны бұрын білген жоқ па едік? Әрине, 

білдік және де оларға ел Президентінің назарын ауда­

руға, экономикада қатаң тәртіптің қажеттігіне, рефор­

маларды тиімді жүргізу және дағдарыстан шығу үшін 

халық  сеніміне  бөленген  үкіметтің  қажеттігіне  көзін 

жеткізуге талай рет әрекеттендік те.



521

Ең  болмаса,  КСРО  халық  депутаттарының  IV 

съезіндегі менің сөзімді еске түсіріңіздерші. Мен онда 

М. С. Горбачевті  саяси  және  экономикалық  бағытты 

жүргізудегі енжарлығы, қабылданатын шешімдердің 

дәйексіздігі  үшін  жеткілікті  деңгейде  қатты  сынаған 

болатынмын, бірақ оның өзі де, үкімет органдары да 

тиісті  қорытындылар  жасамады,  адамдардың  өмірі 

жақсарған жоқ, экономика төмен қарай құлдырай түсті. 

Михаил  Сергеевичке  қайта  құрудың  бастамашысы 

ретінде үлкен құрмет көрсете отырып және қазір өзіміз 

білетін төңкеріс күндері оның басынан өткізуге тура 

келген ауыр қиыншылықтарына ортақтастығымызды 

білдіре отырып, әрине, мұндай ащы сөздерді айтпай 

кете алмаймын.

Немесе, мысалы, ол жүргізген кадр саясатын алайық. 

Президенттің сатқын болып шыққан ең жақын серігі – 

Янаев сол съезде сайланды. Ал оны басқа біреу емес, 

нақ  М. С. Горбачевтің  өзі  ұсынды.  Оның  таңдауына 

таңқалған мен мәжілістер арасындағы үзілісте, алғашқы 

дауыс  берудің  нәтижесінде  кандидатура  өтпеген 

уақытта,  Михаил  Сергеевичтен:  «Неліктен  нақ  осы 

Янаев?» – деп ашық сұрағаным есімде. Горбачев сол 

жолы ештеңе деп жауап қайтарған да жоқ, Янаевты 

табанды түрде ұсынуды жалғастыра берді және басқа 

кандидатура туралы естігісі де келмеді. Аяғы айтар­

лықтай трагедияға соқтырған «кадр іріктеу» ісі, міне, 

осындай.


Егер  Одақтық  шартқа  қол  қоюдың  кешеуілдеуіне 

де ел басшылығы кінәлі десем, ақиқатты аттап өтпеген 

болар едім. Орталық төрешілдік машинаның, әскери-ө­

неркәсіптік кешеннің ықпалды өкілдерінің шылауында 



522

I  ТОМ. – 1989–

1991 


бола отырып, М. С. Горбачев алғашқыда өздерінің еге­

мендігін, республикааралық көлбеу байланыстардың 

жолға қойылуын бекіткісі келген республикалардың 

заңды  ұмтылысына  жете  мән  бермеді,  тіпті  сенім­

сіздікпен  қарады.  Әлбетте,  ақыр  аяғында  бәрі  де  өз 

орнына келді, біз «9+1» келісіміне келдік, бірақ қымбат 

уақыт уысымыздан шығып кеткен еді. Ең болмаса, осы 

тарихи  құжаттың  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  оңшыл 

қанатының өршеленген қарсылығына тап болғанын еске 

түсіріңіздерші. Ал бұл Янаевтың жақтастарына бүлікші 

топтың  төңірегіне  тығызырақ  топтасуына,  іс-қимыл 

жоспарын жасап, Шартқа қол қоюға тура бір тәулік 

қалған ең қиын-қыстау кезеңде соққы беруіне объективті 

мүмкіндік туғызды. Олар, біздің көзіміз жеткендегідей, 

уақытты босқа өткізген жоқ.

Істің бар мәні Одақтық шарт пен біздің нарықтық 

экономикаға қарай беттеген бағытымыз тоталитарлық 

жүйені түпкілікті талқандауында, орталықтың орасан 

зор аппаратын мүлдем қажетсіз етуінде болып отыр. 

Өктемдік  етуге  және  үлестіруге  үйреніп  қалғандар 

өздерінің билігінен біржола айрылды.

Тамыздың 20-сындағы өз мәлімдемемде мен респу­

блика  парламенттері  мақұлдаған  Одақтық  шарттың 

мәтініне  өзгеріс  енгізудің  қандай  да  бір  әрекеттерін 

табанды  түрде  кері  серпіп  тастадым.  Қазір  де  осы 

ұстанымда нық тұрмын. Алайда өзіміз бастан кешкен 

төңкеріс қаупіне байланысты мұндай оқиғалардың қай­

талануына жол бермейтін кейбір нақты кепілдіктердің 

Шартта көзделгенін жөн деп санаймын. Республика­

лардың жоғары заң шығарушы органдары менің бұл 

ұсынысымды қолдайды деп ойлаймын.


523

Өткен  жылдың  өзінде  де,  республиканың Мемле­

кеттік  егемендігі  туралы  декларацияны  қабылдау-

дың  алдында  мен  Декларацияның  тек  ниет  болып 

табылатынын  талай  рет  айтқан  болатынмын.  Біздің 

дербестігіміз нақты мазмұнмен толығуы үшін нақты 

нәтижелер қажет. Ал олар әзірше өте аз. Мүмкін, біз 

экономикалық  жобаларды  талдап  жасау  саласында 

ілгерілеп  кеткен  шығармыз,  алайда  оларды  жүзеге 

асыру  үшін,  жарытымды  ештеңе  істелген  жоқ.  Оған 

объективті себептердің болғаны да сөзсіз. Ең бастысы 

– Одақтық шарттың, жергілікті жерлерде толық эко­

номикалық  дербестіктің,  сондай-ақ  республикалар 

мен орталықтың арасындағы міндеттер мен меншіктің 

аражігін ажырату мәселесінде айқындықтың жоқтығы 

себеп болғаны анық.

Мұның  бәрі  қалай  ұмтылғымыз  келсе  де,  біздің 

ойдағыдай  ілгері  басуымызға  мүмкіндік  бермейді. 

Адамдар біздің қызметіміздің нақты нәтижелерін көріп 

отырған жоқ. Бүлікшілердің арандатушылық мәлімде­

мелерінің, әсіресе, адамға өмірлік маңызды әрі түсінікті 

азық-түлік және материалдық жайларға қатысты мәлім­

демелерінің біздің республика халқының да бір бөлігі­

нен қолдау табуы сондықтан емес пе екен? Құқықтық 

нормалар туралы тым күңгірт түсінігі бар, бірақ өмірдің 

ауыртпалығынан құтылуды тағатсыздана күтіп жүрген 

адамдардың басына осы үшін кінәні үйіп-төгуге сіздер 

мен біздің хақымыз жоқ. Біз «құбыжық іздестірумен», 

дұшпандарды іздеумен айналыспауға тиіспіз, мұның 

бәрі  бұрын  болған.  Бұл  жазғыруларды  ең  алдымен 

сылбырлық көрсетіп отырған үкімет құрылымдарына 

жолдау керек. Өйткені істердегі нақ біздің сылбырлығы­

мыз бен оралымсыздығымыз бүлікшілердің қолтығына 


524

I  ТОМ. – 1989–

1991 


су бүрікті, олардың қылмыстық акцияны өрістетуі үшін 

негіз жасауына мүмкіндік берді.

Жеңіске жеттік деген тәтті қиялға берілмей, жағдайға 

байсалды қарайық, «Қазақстанда жеке алғанда саяси 

дағдарыс  болуы  мүмкін  бе?»  деген  сұрақты  өзімізге 

қояйық. Мемлекет, кеңес, партия құрылымдарының, 

облыс басшыларының осынау мемлекеттік төңкерістің 

қиын-қыстау күндері мен түндеріндегі іс-әрекеттеріне 

өзім үшін талдау жасай келе, мен мүмкін деген даусыз 

қорытынды  жасадым.  Мен  осылай  деймін,  өйткені 

республикада  тұрмысты  түбегейлі  жақсарту,  эконо­

миканы реформалау бағытын жүргізу бізде облыстар, 

министрліктер,  ведомстволар  басшыларының  тым 

едәуір бөлігінің және олар басқаратын аппараттардың 

ұстанымы салдарынан едәуір дәрежеде қиындап отыр. 

Ал бұл ұстаным – қарапайым: осында, Алматыда, 

Жоғарғы Кеңесте, Президент резиденциясында ойына 

келгенін айта берсін, біз үнсіз қаламыз, өз қалауымызша 

істейміз. Бірақ мен өзгерістер шаужайдан ала бастаған 

кезде бұл адамдардың шабуыл жасауға да бейім екеніне 

күмәнім жоқ.

Біз бұл тақырыпты қашанда әлдеқалай орағытып 

өтумен  келдік,  әйтсе  де  мен  жасырын  дұшпандар­

мен  істес  болғаннан  гөрі  ашық  дұшпандармен  істес 

болғанды артық санаймын деп мәлімдеген болатынмын. 

Соңғы күндердің оқиғалары бізден бұл мәселеге нүкте 

қоюды талап етеді.

Егер кейбір қарапайым адамдар мемлекеттік төң­

керісті бастапқыда тұрмысты жақсарту үміті деп қабыл­

даған  болса,  номенклатура  мүлдем  басқа  көкжиекті 

көрді: бұрынғы өмірге, қожайынның мығым қолына, 

аппараттың  өктемдігі  мен  тежеусіз  билігіне  қайтып 



525

оралу деп білді. Бұл жоспарлардың орындалуын тағ­

дыр жазбады. Алайда бүлікшілерге адал берілгендік 

сезімінің  көрініс  табуының  өзі  бізді  болған  оқиғаға 

баға беруге міндеттейді. ТЖМК-ті (ГКЧП) іс жүзінде 

мойындауға бағытталған іс-әрекеттер қолданған барлық 

басшылар, әрине, қызметтен кетуге өздері ұйғармаса, 

атқарып  отырған  қызметтерінен  босатылады.  Біздің 

алдымызда қыруар жұмыс күтіп тұр. Сондықтан олар­

дың жолы бізбен бірге емес. Осыған байланысты мен 

комиссия құрмақшымын, ол болған оқиғаны егжей-те­

гжейлі және объективті түрде байыптайды. 

Мен  жоғары  республикалық  органдарда  мұндай 

болған жоқ деп мәлімдеуге тиіспін. Бірақ уақыт ағысы 

алғашқы  күні  бейне  бір  тоқтап  қалғандай  болғанын 

айтпай  тұра  алмаймын.  Бәрі  де  әлдененің  аңысын 

аңдап бақты. Тіпті біздің оперативтік кеңестерімізде 

де бұта-бұтаның түбінде бұғып, бас сауғалауға шақыр-

ған үргедек дауыстар естілді. Көбінесе болып жатқан 

үдерістердің мәнін түсінбеу себептеріне емес, нақ осы 

себептерге байланысты менің шешімдер қабылдауым 

оңайға түскен жоқ. Жасыратын несі бар, аталған құжат­

тарда  –  Қазақстан  халқына  үндеуде  және  еліміздегі 

саяси жағдай жөніндегі мәлімдемеде – мен баяндаған 

ұстаным кейбір кеңесшілеріміз тарапынан қолдау тап­

пады. Мен оларды тыңдадым, бірақ шешімдерді өзім 

қабылдадым.

Мұның  бәрі  қатты  ойлануға  мәжбүр  етеді.  Ең 

алдымен  республикамыздың  егемендігін  нығайту 

жөніндегі бұдан былайғы қадамдар туралы ойлануға 

мәжбүр етеді, өйткені өткен оқиғалардың тағылымы 

осыны талап етуде.



526

I  ТОМ. – 1989–

1991 


«Қазақ  КСР-і  Конституциясына  (Негізгі  заңына) 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң осы 

сессияның негізгі қорытындысы болуға тиіс деп ойлай­

мын. Бұл құжаттың жобасы сіздердің қолдарыңызда. 

Оның практикалық және саяси мәні даусыз. Заң респу­

бликаның егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтуға, өкімет 

пен басқару органдарының қалыпты қызметіне кепілдік 

беруге тиіс.

Осы құжаттың кейбір негізді қағидаларына тоқта­

лайын.  Заңда  құқық  қорғау  органдарындағы  саяси 

партиялардың,  басқа  да  қоғамдық  бірлестіктердің 

ұйымдық құрылымдарының қызметіне жол берілмейді 

деп танылған. Осы заңдық норма тамыздың 22-де шыға­

рылған Жарлығымда дәйектелген ережелерді конститу­

циялық жолмен реттеу деңгейіне шығарады. Бұл мем­

лекеттің аса маңызды қызметінің бірі қоғамдық-саяси 

қозғалыстардың идеялық тұғырнамасына тәуелді бола 

алмайтын заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз 

ету болып табылатынына негізделген.

Мәскеуде болған соңғы күндердің қайғылы оқиға­

лары  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлерін 

басқа ештеңеге емес, тек заңға ғана бағындыру қажеттігі 

туралы объективті қорытынды жасауға мүмкіндік берді. 

Мен  ерекше  атап  өткім  келген  тағы  бір  мәселе. 

Саяси құрылымдардың қызметіне аталған тыйымды 

енгізгенде, заң, соған қарамастан, азаматтардың кон­

ституциялық құқықтарын ешбір шектемейді. Әңгіме 

адамдардың партияға мүшелігін жою туралы болып 

отырған жоқ. Белгілі бір партияда бола ма немесе жоқ 

па – оны тек адамның өзі ғана шешеді.

Конституция жаңа құрылым – Қазақ КСР Қауіпсіздік 

кеңесін  енгізеді.  Бұл  орган  не  үшін  қажет?  Бірінші 



527

кезекте  Қазақстанның  мемлекеттік  егемендігін, 

қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын сенімді қорғау 

үшін қажет. Біршама дәрежеде орган республика ішінде 

заңдылық пен құқық тәртібін нығайтумен байланысты 

өмірлік маңызды мәселелерді де шешетін болуға тиіс.

Республика жариялаған егемендік республикалар 

арасындағы өзара қатынастардың белгілі бір экономи­

калық тетіктеріне және еліміздің біртұтас экономика­

лық кеңістігіне сүйенуге тиіс. Қол қою үшін келісілген 

Одақтық  шарт  экономикалық  өзара  қатынастардың 

ең алдымен саяси негіздерін және тек басты қағидат­

тарын  белгілейтін  құжат  болып  табылады.  Бұл  тек 

біздің іс-қимылдарымыздың өзіндік бір пішіні. Олар 

нақты  қандай  болуы  керектігімен,  келісілген  әлеу-

меттік-экономикалық саясатты қалай жүргізу керекті­

гімен біз белсенді жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл үшін негіз 

қазірдің өзінде бар. Ресей Президенті Б. Н. Ельциннің 

Қазақстанға сапары кезінде «Біртұтас экономикалық 

кеңістік туралы» бірлескен мәлімдемеге қол қойылған 

болатын, ал ол барлық республикалардың экономика­

лық келісімінің тұжырымдамасын жасауды көздейді. 

Мәлімдемеде мәселелердің осы тобын Одақтық шартқа 

қол қойылғаннан кейін шұғыл қарау қажеттігі ерекше 

атап көрсетілген.

Нақ  осы  экономикалық  келісімде  егемен  респу­

бликалар мен одақтық органдардың әлеуметтік-эко­

номикалық  саясатты  жүзеге  асырудағы  құзырлығы 

айқын анықталуға тиіс. Келісім біртұтас экономика­

лық кеңістік, ақша-несие саясатын құру, одақтық және 

республикалық бюджеттерді жасау, одақтық бюджет 

шығындары  мөлшерінің  де  бағытын  қоса  алғанда, 

келісілген баға белгілеу саясатын, сыртқы саяси қыз­


528

I  ТОМ. – 1989–

1991 


метті  және  басқаларын  құру  принциптерін  жасау 

тәрізді маңызды проблемаларды қамтуға тиіс сияқты 

көрінеді.

Мен келісімнің жеке тарауы ретінде Одақтық шартқа 

қол қоймаған республикалармен сауда-экономикалық 

қатынастардың  принциптері  көрсетілуге  тиіс  деген 

көзқарасты ұстанамын.

Одақтық  және  республикалық  меншік  пен  кәсіп-

орындарды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру 

жөніндегі функцияларды бөлуге көзқарас тұрғысынан 

республикалар  мен  бұрынғы  одақтық  құрылымдар 

арасында үлкен алшақтық бар. Мұнда маңызды мәселе 

– Одақтың меншігіне берілетін объектілерді белгілеу. 

Осы мәселенің шешілуін күтпей-ақ, орталықта қазірдің 

өзінде КСРО мемлекеттік мүлкінің қоры туралы ере­

жені бекітіп те үлгерді. Онда, бекітілген мәтінді орап 

өтіп, бірлесіп басқарылатын кәсіпорын дейтін түсінік 

енгізілген.  Ал  мұнымен  республика  келісе  алмауда. 

Одақтық шарттың жобасында Қазақстанның халқына 

қарайтын меншікті беру туралы емес, бірлесіп басқару 

жөніндегі  міндеттерді  жүзеге  асыру  туралы  нақты 

айтылған.

Сондай-ақ КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Кәсіп-

орындарды мемлекет иелігінен алу мен жекешелен­

дірудің басты негіздері туралы» Заң және әсіресе оны 

күшіне  енгізу  туралы  қаулы  көпшілігінде  Одақтық 

шарттың  ережелеріне  қарама-қайшы  келетінін  атап 

өткім келеді. Мысалы, жалпыодақтық меншіктегі және 

КСРО мен республикалардың бірлесіп басқаруындағы 

кәсіпорындарды  мемлекет  иелігінен  алу  және  жеке­

шелендіру туралы республикалардың заң актілерінің 

заңдық күші жоқ деп мәлімденеді.



529

Осының барлығы республика Министрлер Кабинеті 

экономикалық келісімді жасау үдерісінде экономика 

саласындағы республика егемендігінің берік кепілдігін 

қамтамасыз етуге тиіс екендігіне тағы да көз жеткізеді.

Республика  мен  кәсіпорындардың,  одақтық  мен­

шіктің  объектілері  дейтінді  қоса  алғанда,  түбегейлі 

жаңа қатынастарын орнату Қазақстанның егемендігін 

біршама нығайтатын маңызды элемент болуы керек. 

Әңгіме  болашаққа  есептелген  әрі  еліміздің  біртұтас 

экономикалық кеңістігінде және әлемдік рынокқа өтуде 

жұмыс істеу жағдайын ескеретін үйлесімді іс-қимыл 

бағдарламасы туралы болып отыр.

Өкінішке қарай, бұл мәселеде Министрлер Кабинеті 

салалық концерндер құрып және одақтық министрлік­

термен немесе оларды алмастырған құрылымдармен 

екіжақты келісімдер жасай отырып, әзірге ескі көзқа­

растар  жолымен  жүріп  келеді.  Осы  уақытқа  дейін 

кәсіпорындардың одақтық концернге және қауымдас-

тыққа  немесе  басқа  «сәнді»  салалық  құрылымдарға 

енуіне қатысты анық айқындама жоқ, ал оларды құру 

шын  мәнінде  өзін  ақтамаған,  дұрысырақ  айтқанда, 

өзінің  абыройынан  айрылған  ескі  басқару  жүйесін 

қайта жандандыру әрекеті болып табылады. Ал әлемдік 

тәжірибе  өндіруші  және  өткізуші  кәсіпорындардан, 

ғылыми-зерттеу орталықтарынан, қаржы мекемелері­

нен тұратын, әрі кей жағдайда ел ішінде және шетел­

дерде жүздеген компанияларды біріктіретін көп салалы 

акционерлік корпорацияларды немесе өнеркәсіп топ­

тарын құрудың жоғары тиімділігін қуаттады.

Көлемінің ірілігі мен көп салалық сипаты корпора­

цияларға бірқатар басымдық береді.



530

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Біріншіден, жаппай өндірісті ұйымдастыруға және 

қызметінің көлемі есебінен үлкен үнем алуға жағдай 

туғызады. Сонымен бірге, елеулі қаржы ресурстарын 

жұмылдыру олардың өндіріс пен басқаруды ұйымдас-

тырудың басқа бірде-бір тұрпатының шамасы жетпей­

тін сүбелі инвестициялық жобалар мен ғылыми-зерттеу 

бағдарламаларын жүзеге асыру үшін қаржы жұмса­

уына мүмкіндік береді.

Екіншіден, көп салалы ірі корпорацияларды немесе 

өнеркәсіптік топтарды құру – монополиялық күрестің 

және өркениетті бәсекені дамытудың икемді құралы.

Республика шеңберінде осы аталған құрылымдарды 

құру  көп  ретте  халық  үшін  мемлекет  иелігінен  алу 

мен жекешелендіру үдерісін оңайлататынын, купонды 

тетікті пайдалану мүмкіндігін ашатынын атап көрсету 

керек. Акцияларды сату жолымен бұл үдеріске басқа 

республикалардың мүдделі кәсіпорындарын біріктіру 

мүмкіндігі жасалатыны да маңызды.

Қазақстан  үкіметі  аталған  бағдарламаны  тұжы­

рымдауға кірісуі және оны ең қысқа мерзім ішінде нақты 

жүзеге асыруы қажет. Мұндай көзқарас республиканың 

КСРО  министрліктерімен  және  ведомстволарымен 

өзара қатынастарының негізіне алынуға тиіс.

Республика халық шаруашылығының тұрақты эко­

номикалық  және  қаржы  жағдайын  қамтамасыз  ету 

мақсатында және «Қазақ КСР-індегі банктер мен банк 

қызметі туралы» Қазақ КСР Заңына сәйкес республи­

каның  алтын  қорын  құру  жөніндегі  шараларды  іске 

асыруға дереу кірісу қажет.

Көптеген  жылдар  бойына  біз  бағалы  металдар 

мен тастарды өндіру жөніндегі негізгі және ең ауыр 

жұмыс ты орындаумен келдік, сонан соң шала өнімді 



531

басқа республикаларға тиеп жөнелттік. Бүкіл эконо­

микалық пайда болмашы шығынмен олардың қолында 

қалды.  Сондықтан  Қазақстан  қойнауының  қайтары­

мын арттыру мақсатында асыл металдарды өзімізде 

өңдеуді  ұйымдастыратын,  тазартылма  өндірістің 

қуаттарын іске қосатын және ұлттық байлықтардың 

іс  жүзінде  қожа йындары  болатын  кез  келді.  Сірә, 

жұрттың бәрі біле бермейтіндіктен, мысал үшін айта 

кетейін, Қазақстан Одақ көлемінде өндірілген күмістің 

65 %  береді  және  алтынның  едәуір  бөлігін  өндіруді 

қамтамасыз етеді.

Ұлттық  мемлекеттік  банктің  құрамында  арнаулы 

бөлімше – Қазақ КСР Игіліктерін мемлекеттік сақтау 

құру  және  Мемлекеттік  банкке  алтынды,  басқа  да 

бағалы металдар мен тастарды қабылдау, сатып алу 

мен сақтау жөніндегі міндеттерді жүктеу қажет. Бағалы 

металдарды, оның ішінде зергерлік бұйымдарды да -

йындауға арналған бағалы металдарды, өткізуді Қазақ 

КСР  Ұлттық  мемлекеттік  банкі  республика  Прези­

дентінің өкімімен жүзеге асыратын болуы тиіс.

Алтын  қорын  құру  біздің  шетелдік  инвесторлар 

несиесінің кепілдіктерін қамтамасыз етуімізге мүмкін­

дік береді.

Және де айтқым келген ең соңғы мәселе. Бірде-бір 

жағдай,  тіпті  республика  егемендігінің  түбегейлі 

жағдайы да өзінен өзі оң нәтиже бере алмайды. Мұнда 

атқарушы өкімет органдарының белгіленген экономи­

калық саясатты нақты іске асыру жөніндегі қажырлы, 

күн сайынғы жұмысы қажет.

Естеріңізде болар, республика Жоғарғы Кеңесінің 

соңғы сессиясында Министрлер Кабинетінің табанды 

түрде өтінуімен оның қарамағына нарықтық қатынас-


532

I  ТОМ. – 1989–

1991 


тарды  реттеу  жөніндегі  барлық  жаңадан  құрылған 

мемлекеттік органдар – мемлекеттік мүлік, жаңа эко­

номикалық құрылымдарды қолдау және монополистік 

қызметті  шектеу  жөніндегі  мемлекеттік  комитеттер 

берілді.  Осылайша,  үкімет  барлық  қажетті  өкілет­

тіктер – парламент бекіткен заңдық негізді, іс-қимыл 

бағдарламасын, нарықтық қатынастарды жеделдету мен 

экономикалық егемендікті іске асыру үшін ұйымдық 

құрылымдарды иеленіп отыр.

Менің көзқарасымша, бүгінгі жағдай және респу­

бликаның егемендігін нығайту жөніндегі бірінші кезекті 

шаралар, міне, осындай. 


1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет