Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 2.62 Mb.
Pdf просмотр
бет6/25
Дата15.03.2017
өлшемі2.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Жолдастар

Экономикалық қатынастарды өзгертудің басты мәні – 

оларға адамгершіл сипат беру. Алдағы жұмыстың түпкі 

қорытындысы – адамның игілігі, оған біз жол берілген 

қателіктерді түзей алғанда, социализмнің орасан зор 

әлеуетін миллиондаған адамдардың бақытты өмір сүруі 

үшін пайдалана алғанда ғана жете аламыз. 

Осы үлкен, біз үшін принципті жаңа іске кірісе оты­

рып, бастамалардың табысты болуы шешуші дәрежеде 

қоғамның моральдық көңіл-күйіне, өміріміздің эконо­

микалық базисін өзгертуді адамдардың қандай оймен 

және  қандай  үмітпен  қолға  алатынына  байланысты 

екенін түсінудің маңызы зор. Бүгінде бізге толық бір­

лік, рухани, адамгершілік күштерді толық топтастыру 

бұрынғы қай кездегіден де болсын қажет. 

Міне, сондықтан да бүгінде коммунистердің негізгі 

міндеттерінің бірі – бар күш-жігерін, бар саналылығын 

адамдардың  қалыпты  өмір  сүруі  мен  еңбек  етуіне, 

өздерін  туысқан  халықтардың  көпұлтты  отбасының 

ажырамас бөлігі деп сезінуіне бөгет жасайтын кедергі 

атаулыны жоюға жұмылдыру. 

Бүгінгі қауырт, турасын айтайын, мазасыз уақытта, 

адамдардың ұлттық белгісі бойынша жікке бөлінуіне, 

іргені ажыратуына жол бермеу үшін, ерекше қырағылық 

таныту керек. 


142

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Егер біз орасан зор жұмысқа кіріспей жатып, оны 

ұлт аралық жанжалдардың күл-қоқысы астына көміп 

тастайтын болсақ, ұрпақтар оны бізге ешқашан кешір­

мейді деп ойлаймын. Айтпақшы, Тәурат тарихында дәл 

солай болған деседі...

Қазір  де  кейбіреулердің  қайта  құру  мұраттарын 

өздерінің  өркөкірек  пиғылдарына  құрбан  етуге  әзір 

екені құпия емес. «Этностық тазалық» және «ұлттық 

басымдық»  жайындағы  лепірме  сөздердің  неге  апа­

рып соғатынын, кеңес халықтарының ұлттық «пәтер­

лер»  бойынша  ірге  ажыратуын  уағыздау шылардың 

адамдардың жан-дүниесіне көпке дейін жазылмайтын 

қандай жарақаттар салатынын айқын көріп отырмыз. 

Өздерінің не істеп жатқанын олар білмейді деп ойлау 

қиын. Керісінше болса керек. Сондықтан өз достығы­

мыздың мөлдір бұлағын лайлаудың пасық әрекеттеріне 

батыл қарсы тұруымыз, өзімізді біріктіретін нәрселерді 

біртұтас майдан болып қорғап, аражігімізді ажырата­

тын нәрселерді аулақ серпіп тастауымыз керек. 

Сталиншілдіктің қылмыстары, жол берілген ауытқу­

лар мен бұрмалаулар, ұлтаралық өзара қатынастардың 

лениндік қағидаттарының бұзылғаны туралы біз енді 

жақсы  білеміз.  Партия  бастаған  қайта  құру  кеселді 

проблемаларды айқындап қана қоймай, сонымен қатар 

оларды жоюдың жолдарын да көрсетіп берді. Ендеше, 

осы бағыттағы мақсатты жұмыстың орнына әр жерден 

бір өткір жанжалдар бұрқ ете қалып, ол аз болғандай, 

адамдар құрбан болатыны қалай? Жағдайға баға беру­

дегі байыптылық, реализм қайда? 

Осыған байланысты тілдер туралы заңның жария­

ланған жобасы жөніндегі өз көзқарасымды білдірмей 

тұра алмаймын. Оның үстіне, ол республикада қызу 



143

талқылануда, баспасөз беттерінде әртүрлі пікірлер мен 

бағалаулар  жарық  көруде.  Қазақ  тіліне  мемлекеттік 

тіл мәртебесін беру идеясына Қазақстанның көпұлтты 

бүкіл халқының іс жүзінде түсіністік пен қолдау көрсет­

кені ерекше қуантады. Бұл – біздің интернационалдық 

байланыстарымыздың құрыштай берік екендігінің тағы 

бір айғағы, көпұлтты Қазақстан жерінде туып-өскен 

кеңес адамдарының туысқан халықтың мұқтажы мен 

қам-қарекеттеріне  терең  ортақтасуының  дәлелі.  Бұл 

үшін  үлкен  рахмет,  жолдастар!  Қазақ  ұлтының  тілі 

өмір сүріп, дамуы үшін өмірлік маңызы бар осы мәселе 

жөнінде сіздер көрсеткен әдептілік пен түсіністікті қазақ 

халқы ешқашан ұмытпайды. 

Заң жобасында орыс тілінің рөлі мен маңызы туралы 

нақ сондай жауапкершілікпен айтылған. Екінші бапта 

былай делінген: «Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас 

тілі  ретінде  Қазақ  КСР-інің  аумағында  мемлекеттік 

тілмен қатар еркін қолданылады». 

Сонымен қатар, талқылау барысында заң жобасы­

ның  кейбір  баптарына  түрлі  көзқарастар  бар  екені 

де  анықталды.  Атап  айтқанда,  17-ші,  20-шы  және 

21-ші баптардың онша ойластырылмай тұжырымда­

луы  жұртшылықтың  әділетті  сын-ескертпесін  туғы­

зып  отыр,  онда,  біздің  ойымызша,  оқу  орындарын 

бітірушілердің,  қызметкерлер  мен  басшылардың 

жекелеген  санаттарының  қазақ  тілін  білуі  қажеттігі 

тым үзілді-кесілді айтылған. Өйткені В. И. Ленин тіл 

мәселесіне келгенде, ешқандай күштеудің болмауын 

және болуға тиіс еместігін ерекше атап көрсеткен еді 

ғой! Ал бізде қысым жасау  ға, аса күрделі проблеманы 

нақты  жағдайды  ескерместен  бір  сілтегенде  шешіп 

тастауға ұмтылушылық айқын аңғарылуда. Тарих мұн­

дай асығыстықты кешірмейтіні мәлім. 



144

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Мысалы, 17-ші баптағы «басшы... мемлекеттік тілді 

білуге тиіс» деген сөзді «ведомстволардың басшылары 

азаматтарды қабылдап, олармен ана тілінде сөйлесуді 

қамтамасыз етеді» деген сөздермен алмастыруға болмас 

па еді? Бұдан істің мәні өзгермейді, оның есесіне тұжы­

рымның күштеушілік сарыны жойылады. 

Оқу орындарын бітірушілер жөнінде де осыны айтуға 

болады. Бүгінде оныншы сыныпта немесе институттың 

бесінші  курсында  оқи  бастағандардың  аттестатына 

немесе дипломына қазақ тілінен баға қойылуы әділетті 

бола қояр ма екен? Әлбетте, әділетті болмайды. Егер 

бұл ереже қазіргі бірінші сынып оқушыларына немесе 

бірінші курстың студенттеріне қолданыла бастаса, онда 

бұл бір басқа. Олардың тілді оқып-үйренуі үшін уақыты 

жеткілікті болады. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  жобаны  әзірлеу  жөніндегі 

комиссияның  әлі  де  табандылықпен  жұмыс  істеуі, 

жұртшылық пікіріне сәйкес қажетті түзетулер енгізуі 

керек. Республика Жоғарғы Кеңесінің депутаттары да 

заңды  бағалауға  осындай  жауапкершілікпен  қарап, 

жетілдірілмеген, күмән туғызатын құжат қабылдануына 

жол бермейтін болады деп ойлаймын. Мұндағы басты 

өлшем  тілді  оқып-үйренуде  күштеудің  зәредей  де 

емеуріні болмауы, ал оның үстіне – тіл белгісіне қарай 

адамдарға қандай да болсын кемсітушілік жасалмауы 

тиіс. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті 

осы талапты табандылықпен ұстанатын болады. 

Қазақстанды  мекендейтін  халықтар  отбасына  жік 

салу немесе тіпті зәредей де болсын жатсыну белгісін 

туғызу ешкімнің қолынан келмейтінін турасынан ашық 

айту  керек.  Солақайлықпен  асыра  сілтеуге  әуесте­

нушілердің де, ашық консерваторлардың да, ал соларға 



145

қосылып  алып  социализмге  қарсылық  тұрғысынан 

қайта құруға тиісіп жүргендердің бәріне де оны бүл­

діріп, даттауына жол беріп қоймаймыз. 

Сіздердің  атыңыздан,  жолдастар,  республиканың 

партия ұйымы елімізде социализмді түбегейлі жаңар­

тудың  күрделі  проблемаларын  шешуге,  ұлтаралық 

қатынастарды сауықтыруға барлық күшін жұмсайды 

деп партиямыздың Орталық Комитетін, оның Саяси 

Бюросын тағы да сендіруіме рұқсат етіңіздер. Осынау 

ғаламдық міндеттер партияның басшылығымен ғана, 

республикалардың  КСР  Одағы  құрамындағы  эконо­

микалық және саяси егемендігі негізінде ғана іске асы­

рылуы мүмкін екеніне сенімдіміз.



146

I  ТОМ. – 1989–

1991 


КСРО Орталық Комитетінің пленумында  

«Қазіргі жағдайдағы партияның  

ұлттық саясаты туралы»  

тақырыбында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Мәскеу қаласы, 

1989 жылғы 19 қыркүйек

Жолдастар!

Партия тұғырнамасының жобасы біздің федераци­

ямызда жаңа өзара қатынастар жасаудың жақсы негізі 

болып табылады, жанжалдардан жасампаздыққа қарай 

бет бұру жолдарын белгілейді, ал олар елімізде жүріп 

жатқан қайта құруға өте-мөте қажет. 

Шешен-Ингушетиядан сайланған халық депутаты­

ның сөзі жүрегімізге қатты батқанын жасырмаймын, ол 

КСРО Жоғарғы Кеңесі сессиясының мінберінен бізден 

Жаңаөзендегі оқиғалар үшін кешірім сұрауды талап 

етті. Республиканың атынан мен кешірім сұраймын, 


147

бірақ ол Қазақстаннан өз еркінен тыс кетуге мәжбүр 

болған  адамдардың  жан-жүрегіндегі  өкініш  сезімін 

баса алар ма екен. 

Бірақ осы парызымды орындап, мынаны сұрағым 

келеді: қазақ халқының туған жері зорлықпен ЛАГББ 

(ГУЛАГ) филиалдарына айналдырылғаны үшін одан 

кім кешірім өтінеді? Күшпен басқа жаққа қоныс ауда­

рылған, өзіне және өзінің балаларына біздің даламыздан 

баспана іздеуге мәжбүр болған миллиондаған адамдар­

дан кім кешірім өтінеді? Меймандостықтың ғасырлар 

бойғы дәстүрлерін қастерлеп құрметтейтін қазақ халқы 

сталиншілдік  қаңғыртып  жіберген  осы  адамдардың, 

оның ішінде шешендер мен ингуштардың Қазақстанда 

екінші  отанын  табуы  үшін  қолдан  келгеннің  бәрін 

істеді.  Бірақ  үйлесімді,  алаңсыз  өмір  сүрудің  негізі 

әуел бастан аяусыз зорлық-зомбылық, жантүршігерлік 

адам қасіреті болса, арада ондаған жылдар өткенімен, 

оған қол жеткізу мүмкін бе? Қазір де әлі бәрі бірдей 

келмеске кете қойған жоқ. Әрбір халық жеке алғанда 

және бәріміз бірге ортақ бір жауымыздан – төрешілдік 

ұлтшылдықтан туындап жатқан нақты қауіп-қатердің 

күйреткіш ықпалын бастан кешіріп отырмыз. Біздің 

барлық,  ең  алдымен,  әлеуметтік  проблемаларымыз 

нақ соның ықпалымен айқын ұлтшылдық сипатқа ие 

бола бастады. Басқарудың қатаң орталықтандырылуы, 

орталық министрліктер мен ведомстволардың құдіретті 

өктемдігі біздің Одақты іс жүзінде унитарлық мемле­

кетке айналдырып жіберді. 

Осыған байланысты біздің федерациямызды жаңғыр-

 ту  жөніндегі  кезек  күттірмес  шараларға  тоқталсам 

деймін. 


148

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Қазақстанда әскери ведомстволар ғана миллиондаған 

гектар  жерді  шаруашылық  айналымынан  шығарып 

тастады.  Біздің  аумағымызда,  міне,  40  жылдан  бері 

ядролық қару толық ауқымда сыналып келеді. Жұрт­

шылықтың  оны  тоқтату  талаптары  елеп-ескерілер 

емес. Уранның қарқынды түрде өндірілуі душар ететін 

зардаптар халыққа беймәлім. Әрине, мұның бәрі тұтас-

тай  еліміздің  мүдделерін  қорғау  үшін  қажет,  бірақ 

адамдарға осы қажеттілікті түсіндіру, онымен байла­

ныс ты шығындардың орнын толтыру керек қой. Алайда 

ондай ештеңе істеліп отырған жоқ. Өктем шешімдердің 

әй-шайсыз қабылдануы халықтың ұлттық ой-сезімін 

қозғамай тұра алмайды. Қысқасы, бізге жер және жер 

пайдалану туралы заң ауадай қажет. 

Республикалардың  экономикалық  дербестігін 

халықаралық  шаруашылық  келісімдерін  жасау 

құқығына  дейін  кеңейтетін  заң  актілері  жайында  да 

осыны айту керек. Ал әзірше сыртқы аренада біз сон­

дай бейшара күйдеміз. Біздің халық аралық келісімдер 

жасау мүмкіндіктеріміз Остап Бендердің мүмкіндігінен 

кең емес, ал оның коммерция шеңбері «мүйізбен және 

тұяқпен» шектелгені белгілі. Бізде осы «ассортимент­

тен» басқа тағы да стандартсыз шикізат пен қайталама 

ресурстардың жекелеген түрлері бар екені рас, бірақ 

оларға  әзірше  орталық  ие.  Пайдалы  қазбалардың 

бірегей қазынасы бар республика үшін мұндай жағдай 

қорлық емей немене? 

КОКП тұғырнамасында одақтас республикалардың 

өз жеріне, оның қойнауына, орман мен су және басқа 

да  ресурстарға ие  болу,  оларды  меншіктеу  құқығын 

осы байлықтардың бәрін пайдалану құқығымен неге 

толықтырмасқа? Мұндай шешуші құқықсыз республи­



149

каның егемендігі декларациядан басқа түк емес. Аса 

ірі шикізат аймағы – Қазақстан үшін бұл принципті 

мәселе. КОКП тұғырнамасында жергілікті органдарға 

экономикасының  теңдестірілмеуі  үшін,  олардың  өзі 

кінәлі-міс деп айып тағылуы түсінбеушілік туғызады. 

Басқалар үшін айтпай-ақ қояйын, бірақ өндіруші сала­

ларды басым дамытудың осы қатаң бағыты Қазақстанға 

әрқашан орталықтан күшпен таңылып келді. 

Мұны  бір-бірімізді  күстәналау  үшін  емес,  бүкіл-

одақтық  экономиканы  дамытудың  қазіргі  күрделі 

кезеңінде жекелеген республикалардың «масылдығы» 

туралы  ойдан  шығарылған  тезиспен  қатар  оларды 

қамтамасыз етуді әрқашан дерлік дұрыс түсіне бермей­

тінімізді, ал бұл саяси жағдайды тек қана шиеленістіре 

түсетінін атап көрсету үшін айтып тұрмын. Біздің баға 

белгілеуіміз  сындарлы  жүйеден  гөрі  қисық  айналар 

патшалығын  көбірек  еске  түсіретін  жағдайда  кімнің 

ұлттық  табысын  кім  «жалмап»  жатқанын  талқылау, 

бері салғанда, үстірттік. Республикаларға федерация 

шеңберінде толық экономикалық дербестік беру қажет. 

Сонда «федерация» деген ұғымның өзі де шын лениндік 

мәнге ие болады. 

Қазіргі кезеңде Одақтың меншігінде қорғаныс сала­

лары, коммуникация құралдары қалуға тиіс, ал арқау-

лық салалардың кәсіпорындарына иелікті республи­

каларға беру керек әрі оларды республика және КСРО 

министрлігі бірлесіп басқаруы керек деп есептейміз. 

Саяси дербестікке келетін болсақ, ол Конституцияда 

айқын  белгіленген  нақты  шекте  болуға  тиіс.  Мұнда 

асыра сілтеудің болмауы, елді орталықсыздандыруға, 

қиын-қыстау  шекке  дейін  жеткізбеу  маңызды,  ал 

бұл  шектен  кейін  анархия  басталады.  Қазіргі  тауар 


150

I  ТОМ. – 1989–

1991 


тапшылығының  аса  қиын  жағдайында  орталықтың 

үйлестірушілік рөлінен айрылуы қолда бар коопера­

тивтік байланыстардың үзілуіне, өзара өкпе-реніштерге, 

республикалар  арасындағы  жанжалдарға  апарып 

соқтырады. 

Партиялық ішкі қатынастарды орталықсыздандыру­

дың толғағы жеткен мәселелеріне де осындай сарабдал­

дықпен, абайлап қарау керек. Іс жүзінде демократи­

ялық  централизм  өзінің  қосбірлікті  диалектикалық 

мәнін  әлдеқашан  жоғалтқаны,  демократияға  нұқсан 

келтіріп, централизм жағына қарай күрт ауғаны құпия 

емес. Мысалы, партиялық бюджеттің әрбір сомын жұм­

сауға тек қана орталықтың қол қоятыны шынымен-ақ 

қалыпты жәйт пе? Ал партиялық ішкі өмірдің кадр­

ларды  іріктеу  және  орналастыру  сияқты  саласын 

алайық. Мұнда орталық аппарат тарапынан бұрынғы­

сынша қатал өктемдік, сенімсіздік сезілуде. Баламалы 

сайлау жағдайында, мысалы, облыстық комитеттердің 

хатшыларының кандидатураларын Орталық Комитетте 

келісу практикасы анахронизмге айналғаны анық. Бірақ 

біз бұған үйреншікті әдет бойынша көз жұма қараймыз. 

Мұндай мәселелерді одақтас республикалар Компар­

тияларының Орталық Комитеттеріне сенетін кез келді, 

олардың құқықтарын едәуір кеңейту қажет. 

Алматыда 1986 жылғы желтоқсанда болған белгілі 

оқиғалардың  себептеріне  талдау  жасағанда,  біздің 

пікірімізше, экстремистік бас көтерулерге көп ретте 

арандатқан  аса  маңызды  бір  жағдай  турасында  осы 

кезге дейін ұялшақтап, жұмған аузымызды ашпаймыз. 

Мен Компартия Орталық Комитетінің осы оқиғаның 

алдында  болған  пленумын  айтып  тұрмын.  Бұл  пле­

нум  тоқырау  кезеңінің  нашар  дәстүрлері  үлгісімен 



151

өткізілді, республика партия ұйымының аса маңызды 

мәселесіне – Орталық Комитеттің бірінші хатшысын 

сайлауға арналған ол тура 18 минутқа созылды. Генна­

дий Васильевич Колбиннің кандидатурасына ешкімнің 

ешқандай  қарсылығы  болмағанын,  тек  ең  болмаса 

партия  активінің  пікірін  де  толық  елемеушіліктің 

ашу-ыза туғызғанын айтуға тиіспін. Адамдармен ақыл­

дасып-келіспестен,  қол  көтеру  арқылы  қабылданған 

шешімнің республикада теріс пікір туғызғаны табиғи 

жәйт. Оны ұлтшылдық пиғылдағы элементтер дереу 

пайдалана қойды. 

Айтқандайын, мұндай волюнтаризмге біз Қазақ  стан-

 да талай рет тап болдық. 1979 жылы Целиноградтағы 

бұқаралық  толқу  да  облыс  аумағында  неміс  автоно­

миясын құру туралы мүлдем әзірленбеген, жасырын 

қабылданған шешімге байланысты туды, сонан соң оның 

дереу күшін жоюға тура келді. 

Қазақстан жөніндегі белгілі қаулыны да нақ осындай 

асығыс, ойластырылмаған іс-қимылдардың қатарына 

жатқызу  керек.  Онда  тек  дәйексіз  тұжырымдарға 

ғана емес, сонымен бірге, халықты қорлайтын тұжы­

рымдарға да жол берілген. Мысалы, «қазақ ұлтшыл­

дығы»  деген  ұғым  айтылған.  Бірақ,  тегінде,  қандай 

да  болсын  тұтас  халықтың  бойында  адамгершілікке 

жат осындай қасиет болуы мүмкін бе? Мүмкін емес 

екеніне кәміл сенімдімін. Әрі ұлттық демократияның 

болмайтыны сияқты, қазақ, орыс, өзбек, латыш және 

т. б. ұлтшылдығы да болуы мүмкін емес. 

Республика  коммунистері  мен  жұртшылығының 

пікірін  білдіре  отырып,  Орталық  Комитеттен  қазақ 

халқының  ар-намысы  мен  қадір-қасиетіне  нұқсан 

келтіретін, оның интернационалистік мәніне көлеңке 


152

I  ТОМ. – 1989–

1991 


түсіретін қаулының осы қате қағидаларын қайта қарау-

 ды өтінемін. 

Мүлдем қисынсыз өктемдіктің мысалдарын шексіз 

келтіре беруге болар еді. Сонымен бірге, ол керемет 

түрде  жігерсіздікпен  және  енжарлықпен  ұштасты­

рылып отырғанын атап өтпеуге болмайды. Коммунис-

тер мынадай сұрақты әділ қойып отыр: КОКП Орталық 

Комитеті,  еліміздің  Жоғарғы  Кеңесі,  үкіметі  кеңес 

республикаларының  бірлігіне,  интернационализм 

ісіне нақты қауіп төндіріп отырған оқиғаларға тұтас 

жыл бойына принципті баға бермегені неліктен? Кеңес 

Одағы Коммунистік партиясына соқтығушылыққа үнсіз 

төзуіне не себеп? 

Кеңес Одағының Коммунистік партиясы – бөлінбей­

тін саяси организм, оның тұтастығы – біздің көпұлтты 

социалистік мемлекетіміз күш-қуатының кепілі. 

Бүгіндері  «этностық  тазалық»  дейтінді  өрекпи 

жақтау шылардың,  «ұлттық  басымдықтың»  идеясын 

уағыздаушылардың  кейбіреулері  белгілі  бір  ұлттар­

дың  барлық  қырсықтарын  оп-оңай  аудара  салатын 

ішкі жаудың тұрақты бейнесін адамдардың санасына 

сіңіруге бар күшімен тырысып отыр ғаны құпия емес. 

Сол бейнені орыс халқына телу, сталиншілдіктің бар­

лық күнәсін нақ соған таңуға тырысу әрекеттері бізді 

алаңдатпай тұра алмайды. Ондай әрекеттердің астары 

айқын. Ол – орыс ұлтының топтастырушы маңызын 

кеміту,  орыс  халқын  еліміздегі  көптеген  ұлттармен 

және ұлыстармен байланыстырып отырған достық пен 

туысқандықтың ғасырлардан келе жатқан дәнекерлерін 

әлсірету, біздің Одағымызды ыдырату. Біздің ұлы Ота­

нымызды әлсіреткісі келетіндердің аңсаған арманы осы 

емес пе екен? Біз бұған келісе аламыз ба, оған жол бере 

аламыз ба? 


153

Қазақ халқы он сегізінші ғасырда, өзіне толық құрып 

кету қатері төнген кезде Ресейден көмек сұрап, онымен 

өз тағдырын байланыстырды. Әннен сөзді алып тастау-

 ға болмайтыны сияқты, тарихтан да патша өкіметінің 

отаршылдық саясатынан туындаған жүз жылғы езгіні 

шығарып  тастай  алмайсың,  біздің  халық  «ақтабан 

шұбырынды» кезінде, қазақ ұлты құрып кете ме, жоқ па 

деген мәселе тұрған кезде Ресейдің қолұ шын бергенін 

ұмытқан жоқ. 

Ресеймен достық – біздің өткендегі тарихымыз ғана 

емес. Ол бүгінгі таңда да экономикалық дамудың ғана 

емес, сондай-ақ болашақта біздің жерімізге ықтимал 

(кім білсін) қол сұғылмауының кепілі болып отыр. Бұл 

туралы бәріміздің ойланғанымыз артық болмайды. 

Баршамыз  соншалықты  ынтызар  болып  отырған 

демократия мен жариялылық халықтар арасында есе 

қайтару үшін негіз болмауға тиіс; ғасырлар бойғы дәне­

керлерді үзбей, қайта оларды нығайтуға тиіс – қайта 

құру бізді осыған шақырады. Ал біз қазір «достық», 

«туысқандық»,  «отан»,  «патриотизм»  деген  сөздерді 

айтудың өзіне қысылатын болдық. 

Сондай-ақ ұлттық тілдердің проблемасына тоқтала 

кетсем деймін. Халықтардың өз тілін құрдымға кеткелі 

тұрған жерінен құтқарып қалуға деген жалынды тіле­

гін түсінбеске болмайды. Мұндай нақты қорғанысты 

адамдар түбегейлі шарадан – ұлт тілдеріне мемлекеттік 

мәртебе  берілуін  заң  жүзінде  бекітуден  көріп  отыр. 

Республикаға аты берілген халықтың тілін мемлекеттік 

тіл деп жариялай отырып, оның аумағында тұратын 

барлық басқа ұлттар тілдерінің еркін дамуына да заң 

жүзінде кепілдік беру қажет. 



154

I  ТОМ. – 1989–

1991 


КСРО Конституциясының қайта қаралатынын ескере 

отырып, жаңа редакцияда орыс тілін кеңес мемлекеті 

халықтарының  ұлтаралық  қатынас  тілі  деп  міндетті 

түрде жариялау керек. 

Қорыта  келе  айтарым:  бүгінгі  таңда  жағдай  қан­

шалықты  күрделі  болса  да,  алға  қойылған  мақсатқа 

жету жолында бізге қандай қиыншылықтар кездессе 

де,  адамдардың  басым  көпшілігі  қайта  құруға  бізде 

балама жоқ екенін айқын түсінеді. Не біз оны, былайша 

айтқанда,  жеңіске  дейін  жеткіземіз,  немесе  тоқырау 

тұйығына  қайтып  ораламыз.  Сондықтан  Қазақстан 

коммунистерінің КОКП Орталық Комитетіне, Саяси 

Бюроға аманаты – белгіленген жұмыстарды батылырақ 

жүргізе беру. 



155

КСРО халық депутаттарының  

ІІ съезінде

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Мәскеу қаласы, 

1989 жылғы 13 желтоқсан 

Құрметті депутат жолдастар!

Қайта құру барысында өмір бізді басым бағыттарды, 

күшімізді жұмсайтын басты орындарды іздеп, табуға 

мәжбүрлеуде. Бүгінгі таңда экономика – негізгі буын. 

Сондықтан қазір ең басты нәрсе – дамудың мейлінше 

түбегейлі, сонымен қатар, қазіргі өмір шындығына сай 

келетін неғұрлым оңтайлы жолын таңдау. 

Экономикамызды жылдам теңдестіре алатын еркін 

нарыққа дереу көшу керек деген дауыстар естіліп жүр. 

Әрі бұл идеяны жақтаушылар өндірісті ұйымдасты­

руды  капиталистерден  үйренуге  шақырған  болатын 


156

I  ТОМ. – 1989–

1991 


деп  В. И. Ленинге  сілтеме  жасайды.  Иә,  оның  бұған 

шақырғаны рас, алайда ол ескірген емес, озық тәжіри­

бені айтқан болатын. Ал бізді еркін бәсеке дәуіріндегі 

капитализмге қарай тартуда. Бұл болған нәрсе, бірақ 

өндіргіш күштер дамуының мүлдем басқа деңгейінде 

болды, ал кезінде оның немен тынғанын білеміз. Оның 

үстіне,  біздегі  астам  монополия,  тапшылық  жағда-

йында бұл жол қалыптасқан өндірістік байланыстардың 

бұзылуына, бағаның шырқап өсуіне апарып соғатыны 

сөзсіз. 


Осы тұрғыдан алғанда, КСРО үкіметі ұсынған эко­

номиканы реформалау тұжырымдамасының жобасы 

негізінен қолдауға лайық деп ойлаймын. Алайда оның 

кейбір тұжырымдарын сынға алмай болмайды. Тым 

болмағанда  біздің  республиканың  ерекшеліктеріне 

байланысты жерлерін сынауға тура келеді. 

Естеріңізде  болса,  КСРО  халық  депутаттарының 

бірінші  съезінде  мен  жалақы  мен  еңбек  өнімділігі 

өсуінің арақатынасына бақылау жасаудың әкімшілік 

әдістерін қатты сынағанмын. Орталық ведомстволар­

дың  кейбір  басшылары  маған  ренжіп  те  қалды,  ал 

онысы бекер енді. Өйткені еңбексіз табылған ақшаның 

айналымға қосылуы азайған жоқ, қайта, керісінше, өсе 

түсті.  Жалақы  –  өнімнің  өзіндік  құнының  құрамдас 

бөлігі. Оны пайдамен шатастыруға, бірдей мөлшерде 

үдемелі салық салуға бола ма екен? Қазақстан кәсіп-

орындарының  көптеген  директорлары  «Правда» 

газетіндегі «Іскерлік клубына» жиналып, бұл салықты 

жалақыға  контрибуция  деп  өте  дәл  атады.  Ал,  ең 

бастысы, бізде жалақы қоры бұрынғысынша атышулы 

сом есебіндегі жалпы көлемге телініп отыр. Бағаның 

өсуі, өнімнің арзан түрлерінің азайып кетуі де осыдан. 

Нақты  өнім  шығарудың  бұрынғы  деңгейі  сақталып 


157

отырған  жағдайда  ғана  емес,  сонымен  қатар,  көбіне 

ол  азайып  отырған  жағдайда  жалақының  көбеюі  де 

осыдан. 


Партияның XXVII съезінде экономиканың өсімі мен 

тиімділіктің  артуының  жалған  қарқынымен  еселене 

түсуінің құпиясы батыл әшкереленген еді. Содан бері 

төрт жыл өтті, ал біз не көріп отырмыз? Бізде тауардың 

жан  төзгісіз  жалпы  көлемі  қайтадан  «атқа  қонған». 

Ұлттық өнім көрсеткішін пайдалану жөніндегі шешім 

немқұрайды  орындалуда.  Турасын  айтқанда,  қайта 

құруға  қарсы  осындай  жағдай  ХІІІ  бесжылдықта  да 

сақталар ма екен? 

Экономикалық реформаның даусыз ережелерінің 

бірі мынада: өндірістің тиімділігін арттыру, халықтың 

әл-ауқатын  жақсарту  аймақтардың  дербестігі  мен 

ынта-ықыласын  күшейтумен  тығыз  байланысты. 

Алайда  КСРО  халық  депутаттарының  бірінші  және 

екінші  съездері  аралығындағы  кезеңде  бұл  тұрғы­

дан алғанда өзгере қойған нәрсе шамалы, басқаруды 

орталықсыздандыру  үдерісі  бәсеңдеп  қалды.  КСРО 

үкіметінің баяндамасынан біз республикаларға үлкен 

құқықтар беру қажеттігі жайындағы жалаң сөздерді 

ғана естідік. Бірақ ұсынылып отырған нақты шаралар, 

керісінше, орталықтандыруды күшейте түсуде. Баянда­

маның сыртқы рынокқа шығаруға болатын өнімдерді 

орталықтың лицензиялауы жайындағы тезисін осылай 

деп түсінуге болады. Бояуын тым қалыңдату болар деп 

қауіптенбей-ақ айтайын, мұндай көзқарас – бұрынғы 

әкімшілік әдістердің қорынан алынған және онымен 

келісуге болмайды. Мұны дәлелдеу үшін мысал кел­

тірейін. 

Ақтөбе  облысындағы  кен  байыту  комбинаты 

КСРО-да  өндірілетін  хром  рудасының  95 %  береді. 



158

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Оның 1 тоннасы үшін комбинатқа 27 сом төлейтін баға 

белгіленген. КСРО Сыртқы экономикалық байланыс-

тар министр  лігі руданың 1 тоннасын шет елдерге 100 

инвалюталық сомға сатады, бұл – сомның сатып алу 

қабілетін ескергенде, алғашқы бағадан кемінде 23 есе 

артық.  Ал  Балқаш  мысы  жөніндегі  айырмашылық 

16 есеге жетеді. Әрі мұндай мысалдар аз емес. КСРО 

Сыртқы  экономикалық  байланыстар  министрлігі 

бұдан түсетін валютадан кәсіпорынға да, аймаққа да 

ешнәрсе бермейді. Мұны тапа-тал түсте тонағандық 

деуден  басқаша  атай  алмайсың.  Осы  министрлік, 

лицензиялау  құқығын  пайдаланып,  енді  тіпті  біздің 

съездің атынан кәсіпорындардың сыртқы экономика­

лық аренаға шығуға тырысқан әрекетіне жол бермейтін 

болады. Республикаларды одақтық ведомстволардың 

қас- қабағына қарату әділдік пе? Бүгінде олар лицензия 

бере тұрар-ау, ал ертең – көңілі келсе көл, көңілі келмесе 

шөл,  «маңғыт,  аузыңа  саңғыт»  деп  шыға  келмей  ме. 

Әріптестермен ұзақ мерзімдік келісім мұндай волюн­

таризмге төзбесе керек. 

Бізде  шығыстағы  аудандарды  шикізат  базасы  деп 

атау  әдетке  айналған.  Бірақ  осы  базаны  өз  қолымен 

жасап  отыр ған  біздің  шахтерлердің,  кеншілердің, 

мұнайшылардың тұрмысына қарап көріңіздерші. Орта­

лық  ведомстволар  басшыларының  ішінде  республи­

каларда әлеуметтік мәселелерді шешуді басым бағыт 

деп  есептейтіндер  бар  ма  екен?  Ресурсқа  соншалық 

бай өлкені ата-бабасынан мұра ретінде сақтап қалған 

халыққа оның тұрмыс деңгейі, еліміздің көптеген басқа 

аймақтарына қарағанда, неге төмен екенін қалай түсін­

діруге болады? 


159

Біз Қазақстанда түбегейлі экономикалық реформа 

жөніндегі өз тұжырымдамамызды әзірлеп жатырмыз. 

Ол жаңа және, біздің ойымызша, іргелі негіздерге сү -

йенеді. Осы тұжырымдама бойынша меншіктің әртүрлі 

пішіндерінің  және  нарықтық  қатынастардың  тара­

луына нарықтық жағдайға неғұрлым бейім өндірістік 

құрылымдар  мен  технологиялық  концерндер  құру 

көмектеспек. Бұлар әртүрлі министрліктердің кәсіп-

орындарынан құрылып, экономиканың берік негізін 

қалайды, ведомстволардың өктемдігі мен өндірушінің 

монополиясын  күйретеді,  ірі  өнеркәсіп  өндірісі 

жағдайында өндірушілердің өз еңбегінің нәтижелері­

нен  шеттетілуін  жоюға  мүмкіндік  береді.  Одақтық 

министрліктердің қарсылығына қарамастан, олардың 

кәсіпорындары осындай концерндер құра бастады. 

Ұсынылып  отырған  құрылым  шеңберінде  өндіріс 

көлемі  мен  өнім  түрлерін  белгілеген  кезде,  өнім 

өндіруші мен тұтынушының арасында байланыс орна­

тылған  жағдайда  ұжымдық  меншік  пен  кәсіпорын­

дардың толық дербестігіне көшу барынша ыңғайлы. 

Мемлекеттің де салық салуды реттеуіне ыңғайлырақ 

болады. Біздің тұжырымдамамыз өнімге емес, өндіргіш 

күштерді дамытуға орталықтандырылған  басқаруды 

құруды  көздейді,  ол  республикалық  технологиялық 

кешеннің сапалық күйін жақсартуға бағытталған. 

Мұндай жағдайда социалистік экономиканың өзекті 

проблемасы  шешіледі  –  жоспар  мен  шаруашылық 

есептің  бірігуіне  қол  жеткізіледі.  Ойға  алған  ниетті 

жүзеге асыру үшін республикалардың федерация шең­

беріндегі толық экономикалық дербестігі, өз аумағына 

меншік құқығы болуы керек, орталықпен, ведомство­

лармен,  шетелдік  әріптестермен  өзара  қатынасында 

кепілдік еркіндігі қажет. 



160

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Өз еңбегімен тапқан қаржыны одақтық ведомство­

лардан қолын жайып сұрау еңбек ұжымдарын әбден 

мезі қылғанын ашық айтқым келеді және де олар істі 

өз қолдарына алған соң бұл қаржыны тиісінше пай­

далана  алатынына  сеніңіздер.  Мысалы,  бізде  Батыс 

Қазақстанның мұнай және газ конденсатының орасан 

зор  қорларын  жергілікті  жерде  өңдеуге  мүмкіндік 

жоқ.  Егер  аймақты  өз  күшімізбен  дәстүрлі  кесте 

бойынша  игеретін  болсақ,  алға  қойған  міндетті  үш 

мыңыншы жылы ғана орындай алмақпыз. Сондықтан 

біз Батыс Қазақстанда еркін экономикалық аймақ құру 

туралы мәселенің толғағы жетті деп есептейміз. Міне,  

20 жылдан бері өнім алынып келе жатқан аса бай Жарма 

полиметалл кен орны де осылай деуге болады. Алайда 

бұл жерде көзге көрінерлік нәтиже әлі күнге дейін жоқ. 

Ұсынылып отырған тұжырымдама жобасына сәй­

кес  базалық  салаларға  көңіл  бөлу  бәсеңдейтіндіктен 

де  мұндай  көзқарастың  көкейкесті  сипаты  бар.  Біз 

халықтың тұрмысын жақсартуға бағдарланған осынау 

объективті  қажет  шараны  түсінеміз.  Дегенмен,  бұл 

орайда  базалық  салалардың  шоғырлануы  барынша 

жоғары  Қазақстанның  экономикасы  сөзсіз  ақсайты­

нын да жақсы түсінеміз. Республикалардың шығын­

дарын барынша азайту үшін, тым болмаса өндірістің 

жинақталып қалған сан миллиардтаған қалдықтарын 

өңдеуге шетел капиталын тарту, сондай-ақ мемлекет­

тік тапсырысты 70–80 %-ға дейін кеміту қажет. Қалған 

өнім  ұжымдардың  толық  билігінде  қалуға  тиіс.  Бұл 

жергілікті  жерлерде  әлеуметтік  проблемаларды  да 

тезірек шешуге мүмкіндік береді. 

Белоруссияға, Литваға, Латвияға, Эстонияға шару­

ашылықты дербес жүргізу құқығының берілуі өзінің 



161

қисынды жалғасын талап етеді. Елімізде экономикалық 

қатынастардың үйлесімділігі нақты шындыққа айналуы 

үшін,  осындай  көзқарасты  барлық  республикаларға 

тарату қажет. 

Егер  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  таяудағы  айлардың 

ішінде меншік, жер, салық және баға туралы заңдарды 

қабылдамайтын болса, егер баға қайта қаралмайтын 

болса,  онда  шаруашылық  есеп,  аймақтық  өзін-өзі 

басқару,  селодағы  мердігерлік  туралы  әңгіме  қозғап 

керегі не? Заңдардың бұл жиынтығынсыз тауар-ақша 

қатынастарын кеңейту, республикааралық өзара пай­

далы  байланыстарды  қамтамасыз  ету  мүмкін  емес, 

елімізде пәрменді нарық құру және жердің, фабрика­

лардың, зауыттардың шын мәніндегі қожайыны болу 

мүмкін емес. 

Қайта құру – ұйымшылдыққа, аймақтық мүдде мен 

еліміздің ортақ мүдделерін ұштастыра білуге елеулі 

сын. Ол экономиканың құрылымында шұғыл өзгеріс-

тер жасауды талап етеді, ал бұған көп қаржы керек. 

Сондықтан да қайта құру – өте қымбат бастама. Ал біз 

еліміз үшін осы күрделі жағдайда не істеп жатырмыз? 

Ереуілдерге шақырамыз, мемлекеттік заңдарға қарсы 

дауыс береміз, ұжымдық өзімшілдікті ашықтан-ашық 

қолдаймыз, тіпті кейде ұлтаралық қақтығыстарға аран­

датамыз. 

Осының бәрі қайта құруға ауыр соққы болып тиеді, 

миллиондаған  қарапайым  адамдардың  ол  табысты 

болады дейтін үмітін үзеді. Қызбалық кейде шындықты 

көруге  кедергі  жасайды,  жағдай  талап  етіп  отырған 

жерде  орталықтың  тиімді  ықпалын  қиындатады. 

Елімізде тәртіп нашарлап кетті, оған директорларды 

сайлап қоюдың әмсе дұрыс бола бермейтін практика­

сының тигізген салқыны аз емес. 



162

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Батыс елдерінде болып қайтқан халық депутатта­

рының  онда  демократия  заңдар  шеңберінде  қатаң 

түрде жүзеге асырылатынына көздері жетті. Мемлекет 

басшыларына  халық  пен  мемлекет  мүдделері  талап 

еткен кезде дереу қимыл жасау өкілдіктері берілген, 

КСРО халық депутаттары бұл жөнінде ойлануы керек. 

Егер біз тұйықталуды жойғымыз келсе, елімізді дүние-

жүзілік экономика жүйесіне қосқымыз келсе, одақтық 

ведомстволардың республикалар жөніндегі кертарт­

палығынан құтылғымыз келсе, бәрін орталықтан бөлу 

практикасын түбірінен өзгертіп, республиканың еге­

мендігін практикалық мәнмен байыту қажет. 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет