Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



жүктеу 2.62 Mb.
Pdf просмотр
бет8/25
Дата15.03.2017
өлшемі2.62 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі  

он бірінші шақырылымының  

XVI сессиясында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 

төрағасы болып сайлануына байланысты

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1990 жылғы 22 ақпан

Құрметті депутат жолдастар!

Мені Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы етіп 

сайлағандарыңыз үшін алғыс сезімімді білдіруге рұқсат 

етіңіздер. Бұл сенімді мен республика партия ұйымы­

ның қайта құруды тереңдетуге, демократияландыру мен 

жариялылықты дамытуға, біздің қоғамдық өмірімізде 

жемісті, жасампаз еңбекке мүмкіндік беретіндей жағдай 

туғызуға бастайтын бағытын депутаттардың бірауыздан 

қолдағаны деп бағалаймын.

Еліміз бен республикамыз үшін қиын-қыстау шақта 

–  халық  депутаттары  Кеңестерінің  алдына  билікті 


187

жеңіп алудың тарихи міндеті бар болмысымен қайта 

қойылған кезеңде өзіме аса жауапты міндет қабылдап 

отырғанымды  айқын  сезінемін.  Дәл  осылай:  билікті 

жеңіп алу міндеті, өйткені Кеңестер «жоғарыдан» сыйға 

берілген іс-қимыл еркіндігін күтуден бас тартып, мем­

лекетті басқару тетігін өздері шындап әрі батыл қолға 

алғанда ғана «Барлық билік Кеңестерге берілсін!» дейтін 

лениндік ұран қайтадан нақты мазмұнмен толығатын 

болады. Қазір нақ сондай сәт туған болар деп ойлаймын. 

Бұл сенімнің тиянағы неде? Ол ең әуелі тереңдеп бара 

жатқан қайта құру үдерістерімен байланысты қалып­

тасқан нақты саяси жағдайға негізделген. 

Бәріміз  партияның  1985  жылғы  сәуірден  бастап 

әміршіл-әкімшіл жүйемен табандатқан, дәйекті күрес ті 

қалай жүргізгенінің куәсіміз. Ол қоғамдық өмірдің бар­

лық салаларындағы дерлік билікті басып алған жүйе 

болатын. Саяси, экономикалық және рухани төрешіл­

діктің  ондаған  жылдар  бойы  тамыр  жайған  тірегін 

шайқалту оңай емес екен. Алайда өзі де антидемокра­

тиялық, авторитарлық өткеннің кіріптарлығына түскен 

КОКП-ның өз тарихындағы шұғыл бетбұрысты бастап 

берген батыл қадам жасауға тәуекелі жетті.

Ол қадам КОКП Орталық Комитетінің 1990 жылғы 

ақпан Пленумының шешімдері мен оның өзі партияның 

ХХVІІІ съезіне арнап әзірлеген Тұғырнаманың жобасы 

болды. Партия саяси монополизмнен, өзінің айрықша 

жағдайын  конституциялық  жағынан  бекітуден  бас 

тартты  және  сонысы  арқылы  бізде  сталиншілдіктің 

заманынан  бері  өмір  сүріп  келген  биліктің  парти­

ялық-мемлекеттік формасына елеулі соққы берді.

Өз  құзыретіне  тек  саяси  басшылықты  қалдырып, 

КОКП, сонысы арқылы, Кеңестерге даңғыл жол ашып 


188

I  ТОМ. – 1989–

1991 


берді, бұлар болса, қазіргі сәттің қолайлы жағдайларын 

пайдаланып, белсенділік танытуы, шынайы халық билі­

гін орнатуда партияға көмектесуі тиіс. Сөйтіп, өздеріне 

тән  емес  міндеттерден  арылған  партия  органдары 

күш-жігерін маркстік-лениндік теорияны тұжырымдау 

мен тереңдетуге, қоғамдық дамудың тиімді бағдарла­

маларын әзірлеуге, ұйымдастырушылық және тәрбие 

жұмысына жұмылдыруға мүмкіндік алады. Экономи­

кадағы нақты істерге, мемлекеттік және шаруашылық 

басқарудың тактикасы мен әдістеріне жауапкершілік 

толығымен  Кеңестерге  жүктеледі.  Ал  олар  осыған 

дайын ба?

Республикадағы партия және кеңес органдарының 

міндеттерін саралау әзірге тым баяу жүріп жатқанын 

мойындамасқа  болмайды.  Тіпті  Кеңестер  билікті  өз 

қолдарына  алуға  онша  асыға  қоймайтындай  көрінуі 

мүмкін. Бірақ мұнда әңгіме оны қалауда немесе қала­

мауда емес, ең алдымен осы заманғы мемлекеттік басқа­

рудың әдістерін меңгеріп, адамдарды соңынан ертіп, 

іс-қимылдың сындарлы бағдарламасын белгілей алатын 

тұлғалардың тапшылығында болып отыр. Бүгінгі басты 

міндет – кеңес органдарын кеңінен қарпып, осы заманға 

сай әрі дербес әрекет етіп, ойлай алатын кадрлармен 

нығайту болатыны осыдан.

Тіпті  болмағанда  біз  жер-жердің  бәрінде  дерлік 

Кеңес тердің  басшылығына  партия  комитеттерінің 

бірінші  хатшылары  келгендіктен  де  ондағы  жағдай­

дың  тез  өзгеретінін  күтуге  хақылымыз.  Қызметтерді 

бұлайша  үйлестіру  –  өзінен  өзі  бола  қоятын  үдеріс 

емес. Ақыры біз билікке ие болу туралы айтқан екенбіз, 

енді бұл жұмысқа билікке нақты ие болған, аймақтар­

дың  көкейкесті  міндеттерін  де,  оларды  дамытудың 



189

болашағын да білетін адамдардың араласқаны керек. 

Жаңа  салада  жұмысты  ұйымдастырудағы  олардың 

жауапкершілігіне баға жетпейді. Кеңес органдарының 

қызметін жандандырып, оны жаңа, қайта құру мазмұ­

нымен байытып, шешіліп жатқан проблемалардың бар 

салмағын осында ауыстыру керек. Олардың өздері де 

халыққа жаңа қырынан – қоғамды жаңғыртудың бел­

сенді жақтаушысы тұрғысынан көрінулері тиіс.

Кеңестердің жаңа төрағаларының алдынан партия 

комитеттері  аппаратының  жұмысы  туралы  мәселе 

міндетті түрде шығады. Өйткені ол енді сайланбалы 

партия органдарына ғана емес, Кеңестерге де қызмет 

ететін болады ғой. «Қызмет ету» дейтін сөз біреулердің 

шамына тисе де, бұл өте маңызды екені рас. Партия 

комитеттері  ойластырып,  өмірге  енгізетін  идеялар, 

ұйымдастырушылық жаңалықтар халық билігі органда­

рына қызмет етуге қосылуы тиіс. Сонда партаппараттың 

өзіне өзі қызмет етуі дейтін халық мін тағып жүрген 

құбылыс өздігінен-ақ жойылатын болады.

Кеңестердің төрағалығына сайланған партия коми­

теттері бірінші хатшыларының көбі өздерінің алдында 

тұрған міндеттерді нақ осы тұрғыдан түсінгенін риза­

шылықпен  атап  өткім  келеді.  Тек  кеңес  органдары 

жұмысының қалыптасу үдерісін ұзаққа созбай, жайба­

рақаттанбай, батыл түрде іске кірісу керек.

Кеңестердің,  соның  ішінде  Жоғарғы  Кеңестің  де 

жұмысындағы  басым  бағыт  дегенде  мен  нені  айта­

мын?  Алдымен  ол  –  республиканың  саяси,  әлеумет­

тік-экономикалық, рухани өміріндегі басталып кеткен 

жаңғыртуды жалғастыру мен қарқындату. Біздің күллі 

қызметіміз адамдарға қамқорлық жасау, олардың өмір 

сүруі мен еңбек етуіне лайықты жағдай туғызу, әлеу­


190

I  ТОМ. – 1989–

1991 


меттік әділдік қағидаттарын орнықтыру, жеке тұлғаның 

жан-жақты  даму  мүмкіндіктерін  кеңейту  мақсатына 

бағынуы тиіс. 

Барлық  республикалық  органдардың  іс-әрекеті, 

соның ішінде Қазақстанның экономикалық егемендігіне 

жету  жөніндегі  іс-қимыл  да  осынау  ізгі  мақсаттарға 

қызмет  ететін  болады.  Аумақтардың  иелері  ретінде 

Кеңестер бұл істе неғұрлым маңызды рөл атқармақшы. 

Әңгіме аймақтардың экономикалық құқықтарын елеу-

 лі түрде кеңейту қажеттігі туралы болып отыр, ал ол 

республиканың  экономикалық  қуатын  арттырудың, 

орталық  ведомстволардың  өктемдігі  жағда йында 

шешілуі қиын, күрделі проблемаларды ойдағыдай іске 

асырудың зор мүмкіндіктерін ашып береді.

Өкінішке қарай, бүгінде одақтық министрліктердің 

қас-қабағына қарап, тойымсыз «тәбеттерімен» санасуға 

тура  келеді.  Республика  өз  аумағындағы  өнеркәсіп 

өндірісі көлемінің небәрі 7,5 %-ына ие болып отырғаны, 

өзгесінің бәрі орталықтың құзырында екені мәлім. Сон­

дықтан мұндай әділетсіздіктен жақын арада арылуымыз 

керек.

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыста­



рын ұлғайту, шетелдік компаниялармен қарым-қаты­

насты орнату айрықша маңызға ие. Республикада еркін 

экономикалық аймақтарды құрудың мәселелерін шешу 

қажет. Осының бәрі Кеңестердің құзыретіне жатады. 

Өзін-өзі  басқару  мен  өзін-өзі  қаржыландырудың 

жолына түсу республиканың әлеуметтік-экономикалық 

дамуын тездетуге ғана емес, сонымен бірге, бүкіл елдің 

мүддесіне,  онсыз  дамуды  елестетуіміздің  өзі  мүмкін 

емес  кеңестік  федерацияны  нығайтуға  қызмет  етеді. 

Экономикалық  дербестік  одақтық  республикалар 



191

арасындағы өзара қарым-қатынасты сенімді құқықтық 

негізде, іскер әріптестік ынтымақтастықта нығайтуға 

көмектеседі. Сондай-ақ ол адамды өз еңбегінің нәти­

жесінен шеттетуді жоюға, әрбір егеменді мемлекеттік 

құрылымның, әр аймақтың, еңбек ұжымының, демек, 

әрбір жеке тұлғаның да шығармашылық әлеуетін арт­

тыруға мүмкіндік береді.

КСРО  Жоғарғы  Кеңесінде  меншік,  жер,  өзін-өзі 

басқару туралы аса маңызды заң жобалары талқыланып 

жатқан бүгінгі таңда көп нәрсе біздің жерлестеріміздің – 

КСРО халық депутаттарының ұстанымына байланысты. 

Олар республиканың ұсыныстарын қолдайды, жауапты 

шешімдер, тіпті мен айтар едім, Қазақстан үшін тағдыр-

шешті шешімдер қабылдауда қайта құруға сай айқын 

шепті ұстайды деп сенім артамын.

Біріншіден, жерге, оның қойнауларына, орманда­

рына, жануарлар әлеміне және т. б. меншік болмаса, 

республиканың КСРО Конституциясы жариялаған еге­

мендігі де болмайды. Мұндай жағдай КСРО үкіметіне 

ұнайды, сондықтан оның министрліктері қолдарындағы 

биліктен айырылғысы келмейді.

Екіншіден,  КСРО-ны  құру  туралы  1922  жылғы 

Декларацияға сәйкес, Қазақстан өз аумағын меншік­

тену құқығын ешкімге берген емес. Онда республика 

өзінің жекелеген құқықтарын ерікті түрде орталыққа 

уәкілдікке беретіні айтылған болатын.

Әкімшілік жүйе бұл қағидаларды өзгертті, ал біз 

оларды естен шығарып алдық. Сондықтан республи­

каның  Жоғарғы  Кеңесі  өз  аумағындағы  меншік  иесі 

қағидасын  басшылыққа  ала  отырып,  дереу  заң  бел­

гілеуге  кірісуі  керек.  Жергілікті  Кеңестер,  заңгерлер 

тиісті ұсыныстарды тұжырымдап, оларды Қазақ КСР 

Жоғарғы Кеңесіне енгізетін болсын.



192

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Үшіншіден, біздің федерациямызды республиканың 

және тұтас елдің мүддесіне сай жетілдіру мақсатымен 

республика  1922  жылғы  шартты  қайта  қарау  және 

КСРО-ның мемлекеттік құрылымы туралы жаңа заң 

қабылдау туралы мәселе қоюы тиіс.

Кеңес  органдарының  жұмысында  бұрынғысынша 

әлеуметтік саланы дамыту мәселелері басымдық ала­

тын болады. Азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар 

өндірісінің, тұрғын үй құрылысының қарқынын елеулі 

түрде күшейту міндеті тұр. ХІІІ бесжылдыққа арнап 

жасалып жатқан жоспарлар осыған бағытталуда. Бүкіл 

халық шаруашылығында өнім өндіруді 2 есе ұлғайту 

көзделсе,  әлеуметтік  мақсаттағы  өнім  өндіру  4  есе 

өсетінін айтсақ та жеткілікті. Үстіміздегі жылдың өзін­

де-ақ 13,5 млрд сомның халық тұтынатын тауарларын 

шығару,  яғни  өткен  жылғы  деңгейден  11 %  арттыру 

жоспарланды. Әрі десе, бұл көлем – халықтың ақшалай 

табысы мен шығынын теңгеру мақсатын көздеген ең аз 

шама.

Республиканың  құрылысшылары  осы  жылдың 



алғашқы тоқсанында-ақ тұрғын үйлерді пайдалануға 

берудің  бесжылдық  жоспарын  орындаулары  керек. 

Сөйтіп, 41,7 млн шаршы метр тұрғын үй беріледі, бұл 

белгіленгенінен 7,5 млн-ға артық. 4 млн-ға жуық адам 

тұрғын  үй  жағдайын  жақсартады.  Әрбір  қазақстан­

дықтың тұрғын жаймен орташа қамтамасыз етілуінің 

жалпы алаңы 14 шаршы метр болады. Құрылыс инду­

стриясын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл мақсатқа 

2 млрд сомдай күрделі қаржы жұмсалмақшы. 

Жақында  ауыл  шаруашылығы  қызметкерлерінің 

республикалық кеңесінде азық-түлік өндірісін ұлғайту 

жөнінде байыпты әңгіме болды. Ауылдағы экономи­



193

калық  қатынастарды  қайта  құру,  агроөнеркәсіптік 

кешеннің материалдық-техникалық базасын нығайту 

үстіміздегі  жылы  халықтың  жан  басына  шаққанда 

ет  тұтынуды  –  2  килограмға,  сүтті  –  31  килограмға, 

көкөніс пен бақша өнімдерін 13 килограмға арттыруға 

мүмкіндік  беруі  керек.  Биыл  ауыл  шаруашылығына 

жұмсалатын  4  млрд  сом  күрделі  қаржының  үштен 

бірінен астамы ауылдың әлеуметтік саласын дамытуға 

бағытталатын болады.

Республикалық әлеуметтік бағдарламаның жалпы 

сұлбасы осындай. Оның іске асуы көбінесе жергілікті 

Кеңестер басқарудың әкімшілік әдістерінен экономика­

лық әдістеріне көшуде қандай орыннан табылатынына, 

шаруашылық, қаржылық дербестікті кеңейтуде қандай 

белсенділік танытатынына байланысты. Қазір негізінен 

халық тұтынатын тауарлар өндірісін кеңейту есебінен 

қосымша пайда көздерін іздеуде оларға әлдеқайда мол 

мүмкіндіктер  беріліп  отырғанын  айту  керек.  Кеңес-

тер  ауыл  шаруашылығының  тиімділігін  арттыруға, 

рынокты  тауарлармен  қанықтыруға,  туризмді  және 

қызмет көрсетудің басқа да табысты түрлерін дамы­

туға, сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтуге 

неғұрлым көп көңіл бөлсе, олардың иелік жағдайлары 

солғұрлым нақтылана түседі. Олар еңселерін көтеріп, 

іс-әрекетіне еркіндік алады, адамдар да оларды сүйеніш 

көретін болады – көрінген себеппен орталыққа шапқы­

лау тыйылады.

Экологиялық проблемаларды шешуде де Кеңестер 

белсенді тұрғыдан көрінулері тиіс. Мұндағы мақсаттар 

мен міндеттер баршаға аян. Семейдегі 40 жылдан бері 

жұмыс істеп тұрған ядролық полигонды жабу жөніндегі 

жұмыс жалғасын табады. Осы уақыт ішінде ол адамдар 


194

I  ТОМ. – 1989–

1991 


бауыр басқан аймақтың ортасында қалды, сондықтан 

біздің борышымыз – қалай болғанда да мұндай қауіпті 

көршіліктің көзін құрту. Сенім ұялататындай нәтиже­

лер де бар: сіздер мен біздердің әскерилермен табан 

тірескен әңгімеміздің арқасында төрт айдан бері Семей 

маңында сынақ өткізілген жоқ.

Сондай-ақ Кеңестер Арал мен Балқашты аман алып 

қалу, Алматыдағы, Қарағандыдағы, Жамбылдағы, Шым­

кенттегі, Шығыс Қазақстандағы, басқа да аймақтардағы 

экологиялық  жағдайды  жақсарту  жөніндегі  шара­

ларға барынша дәйектілікпен қатысатын болады. Тегі, 

бұл  мәселеде  жергілікті  Кеңестерден  басқа  күшке 

сенім артудың жөні де жоқ. Мүдделі адамдардың іс 

бастағыштығына да батыл сүйеніп, халықтың қалың 

бұқарасының  арасынан  одақтастарды  іздеп,  тауып, 

республикадағы  экологиялық  жағдайды  сауықтыру 

үшін қыруар жұмыс тындырып жүрген бейресми бір­

лестіктерді де ортақ іске тарта білу керек.

Кеңес  органдары  адамдардың  қам-қарекеті  мен 

мұқтаждықтарына шұғыл жауап қайтарып, солардың 

үмітімен және сенімімен өмір сүрулері керек. Бүгінде 

халықтың өз балаларына ешбір қауіп төнбейтін, ал бел­

гілі бір ұлтқа қатыстылығы секемшілдік пен араздыққа 

себеп болмайтын жайбарақат, бейбіт жағдайда өмір 

сүруден асқан толғақты қажеттілігі жоқ. Кавказ сырты, 

Орталық Азия өңірлеріндегі оқиғалар қазақстандықтар­

дың да белгілі қауіптенуін туғызғаны жасырын емес. 

Республиканың партия және кеңес органдары біздің 

көпұлтты ортақ шаңырағымызда ізгі көршілік, достық 

қатынастарды  сақтау  үшін  барлық  күш-жігерлерін 

жұмсап келді және жұмсай беретін болады. Ұлтшыл­

дық пен шовинизм қайта құрудың тағдырына, адамдар­



195

дың амандығына айрықша қатерлі екенін сезіне отырып, 

біз барлық ұлттарды қамтитын қазақстандықтардың 

өзара түсіністігін нығайтуға, әрбір ұлттың тіліне, мәде­

ниетіне және талап-тілектеріне қарай теңдігіне қатысты 

бағытымызда қайтпас табандылық танытуымыз керек. 

Бұл жұмыста жергілікті Кеңестер басқа органдардың 

қай-қайсысынан  да  асқан  ұйымшылдық  танытып, 

адамдардың жанына халықаралық алауыздықтың улы 

дәндерін себудің кез келген әрекеттеріне батыл қарсы 

тұруға қабілетті болулары тиіс.

Сондай-ақ  ұйымшылдық  пен  тәртіпті  нығайтпа-

йынша, қатаң құқық тәртібін орнатпайынша, қоғамдық 

өмірде  тұрақтылық  жағдайын  туғызу  мүмкін  емес. 

Бұл мағынада қылмыстың өсуін тоқтату, құқық қорғау 

органдарының беделі мен мүмкіндіктерін арттыру үшін 

Кеңестер көп жұмыс атқарулары керек.

Дегенмен әлеуметтік қорғалғандықты жеке адамның 

қандай да бір қылмыстық әрекеттен сенімді қорғалуы 

деп қана ұқпау керек. Тегі, билік адамдарды күнделікті 

өмірдегі сан түрлі төрешілдік бұрмалаушылықтардан, 

көргенсіздіктерден  және  сол  сияқты  көріністерден 

қорғап  отыруға  тиісті  емес  пе?  Біздің  өз  өмірімізді 

улайтын жағымсыз жайларға көндігіп кеткеніміз сонша, 

өзімізде қалыптасқан адами өзара қатынастардың күй­

кілігін байқамаймыз, мәдениетті астық сияқты шеттен 

тиеп әкелуге болмайтынын түсінуді қойдық. Оны тек 

өзіміз жасауымыз керек.

Сондай-ақ  адамдар  төрешілдік  көріністерімен 

көбінесе нақ осы кеңес органдарында, яғни оралым­

сыздықтың, созбұйдашылдықтың, адамның қадір-қа­

сиетін  аяқасты  етушіліктің  кез  келген  көрінісімен 

аяусыз күрес жүргізуге тиісті құрылымдардың өзінде 


196

I  ТОМ. – 1989–

1991 


бетпе-бет келетінін де айту керек. Адамдар үшін өмір­

лік  маңызы  бар  мәселелерді  шешу  жүйесінің  өзін 

өзгертпейінше, кеңес қызметкерлерінің – депутаттардан 

бастап аткомдардың қызметшілеріне дейін – әл-ауқаты 

халықтың  талап-тілегін  қанағаттандыру  дәрежесіне 

байланысты болатындай қатаң тәртіп орнатпайынша, 

қолымыздан пәлендей ештеңе келе қоймайды.

Өміріміздің қай саласына көз салсақ та, бүгін жер-

жердің бәрінде іскерліктің, ойға алған ниет пен іс-әре­

кеттің,  ынта-ықыластың  құны  мейлінше  шарықтап 

тұрғанын  көреміз.  Осыған  байланысты  республика 

халық  депутаттарының  алдағы  сайлауы  туралы  айт­

пай кете алмаймын. Қазір сайлау науқаны нағыз қызу 

шағында тұр: тіркеу аяқталып, депутаттыққа кандидат­

тармен кездесулер өтіп, адамдар олардың бағдарлама­

ларымен танысып жатыр. Бұл – аса жауапты сәт.

Сайлаушыларға  былайша  сөз  арнауды  өзімнің 

борышым санаймын: республиканың болашағы, оның 

қайта құру жолымен ойдағыдай алға басуы көп ретте 

сіздердің  таңдауларыңызға  байланысты.  Депутаттар 

корпусы қандай болса, Жоғарғы Кеңес қалай қалып­

тасса, Қазақстандағы жоғары билік органының іскерлік 

қабілеті  де  сондай  болады.  Болашақ  депутаттардың 

айқын ұстанымдарына, олардың мемлекеттік тұрғы­

дан  біліктілікпен,  жауапкершілікпен,  дербес  ойлай 

білуіне көп нәрсе, өте көп нәрсе байланысты болмақшы. 

Сондықтан  сайлаушылар  кандидаттардың  қайсысы 

халықтың қам-қарекеті үшін жаны ашып, нақты істі 

ұйымдастыра алатынын, ал қайсысы жел сөзді жайдақ 

мініп,  әйтеуір,  билікке  жету  үшін  жауапсыз  уәдені 

оңды-солды үйіп беретінін ажырата білулері керек. 


197

Жергілікті  Кеңестердің  өткен  сайлауы  негізінен 

алғанда  сайлаушылардың  дұрыс  таңдау  жасағанын 

көрсетті. Жергілікті Кеңестердің құрамында республи­

када тұратын барлық ұлттардың дерлік өкілдері бар, 

депутаттардың жартысынан астамы – коммунистер. Ал, 

ең бастысы, мұнда белсенді, іскер жандар іріктелген. 

Оларға арқа сүйеп, небір күрделі жоспарларды іске асы­

руға батыл түрде кірісуге болады. Қазір де сайлаушылар 

өз борыштарын орындауға ең бір биік өлшемдермен 

қарағанын қалар едім. 

Ақыр соңында өзімнің жаңа сападағы – республика 

Жоғарғы  Кеңесінің  Төрағасы  ретіндегі  жұмысымды 

қалай түсінетінім жайында бірер сөз. Ашық айтайын: 

осы қызметті Қазақстан Компартиясы Орталық Коми­

тетінің бірінші хатшысы қызметімен үйлестіре алып 

жүру  туралы  ұсыныс  менде  белгілі  бір  күдік-күмән 

туғызып, елеулі ойларға жетеледі, сондықтан шешім 

іштейгі күрессіз қабылданды деп айта алмаймын. Ал 

менің бұл ұсынысты қабылдауыма түрткі болған не? 

Өздеріңіз білесіздер, елде және республикада дүбірлі 

өзгерістер болып жатыр, жергілікті Кеңестерде жаңа 

құрылымдар  пайда  болды.  Осындай  өтпелі  кезеңде 

абдырап қалмаудың, аса мәнді мемлекеттік шешімдерді 

жүзеге асырудың сәтін өткізіп алмаудың маңызы зор. 

Өмірдің  өзі  бүгін  ырғалып-жырғалуға  мұрша  бер­

мейді. Бүгін талап етіліп отыр ған жұмысты ертең істеу 

кеш болады. Ал бізде билікті Кеңестерге беру үдерісі 

біршама кешеуілдеп те қалды. Сондықтан да әрісі мен 

берісін түгел таразылай келіп, мен республика Жоғарғы 

Кеңесінің  жаңа  құрылымының  сайлауын  күтпей-ақ 

оның билігін қолыма алуға келістім, қоғамдық-саяси 

өмірдің даму қисыны да осыны қалайды ғой деп ойлай­

мын.


198

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Жаңа  қызметте  жаңғырту  саясатын  іске  асыру, 

республиканың  әлеуметтік-экономикалық  дамуын 

жеделдету,  Кеңестердің  рөлі  мен  беделін  арттыру, 

қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту үшін барлық 

күш-жігерімді аямай жұмсаймын деп сендіргім келеді. 

Жоғарғы Кеңеспен өзара түсінушілік тауып және соның 

көмегімен,  сіздермен  бірге,  жолдас  депутаттар,  әрі 

көпұлтты республикамыздың барша халқының қолда­

уымен практикалық істерде нақты алға басушылыққа 

жетеміз деп үміттенемін.



199

КСРО халық депутаттарының ІІІ съезінде  

КСРО Президентінің қызметін  

тағайындау жөнінде

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Мәскеу қаласы,

1990 жылғы 14 наурыз

Құрметті депутат жолдастар!

КСРО Президентінің қызметін тағайындау төңіре­

гіндегі айтыс осы мәселе бойынша пікірлердің аражігін 

барынша  айқындап  берді.  Сайып  келгенде,  осында 

айтылғанындай, бүгінгі кем-кетіктерді, бәлкім, осы қыз­

метті тағайындамай-ақ жамап-жасқауға болар еді, дәл 

сондай-ақ, ол құрылғаннан кейін де біздің көкейкесті 

міндеттерімізді шешу оңай бола қоймас. 

Біз өкімет билігінің жаңа тетігін тек жеке адам мен 

қоғам қауіпсіздігінің қазір өткір қойылып отырған про­



200

I  ТОМ. – 1989–

1991 


блемаларын еңсеру, туындаған әлеуметтік шиеленісті 

жою үшін ғана іске қосуға тиіс емеспіз деп ойлаймын, 

әйткенмен, бұл да өзінен өзі төтенше маңызды. Басқа­

рудың президенттік формасынан еліміздің болашағы­

ның бейнесін, заң шығарушы және атқарушы өкіметтің 

парасатты  арақатынасының  белгілерін  көру  жүз  есе 

маңыздырақ. Қоғамның әділетті, ізгілікті, демократи­

ялық құрылымын іздестіру (ал өмірдің барлық сала­

ларындағы сан алуан жаңалықтар ең алдымен өзінің 

демократиялық  мәнімен  көрінуде)  оларды  қорғау 

ке пілдіктері туралы мәселені сөзсіз алға қояды. 

Президенттік өкімет билігі, біздің кәміл сенімімізше, 

осындай кепілдік бола алады, өйткені оның негізінде 

мемлекеттік өкімет билігінің барлық түрлеріне жара­

сымды тұтастық бере алатын реттеуші қайнар-бастау­

лар бар. 

Енді КСРО Президенті қызметін тағайындау туралы 

біздің қарауымызға ұсынылған заң жобасының кейбір 

даулы сәттері туралы. Ашығын айтайын: Президент 

өзінің  міндеттерін  орындай  алмайтындай  жағдайда 

оның өкілеттігінің неліктен Жоғарғы Кеңестің Төраға­

сына, шын мәнінде спикерге көшетіні онша түсінікті 

емес. Біздің көзқарасымызша, еліміздің вице-президенті 

қызметін  тағайындау  әлдеқайда  қисындырақ  болар 

еді. Одақтас республикалардан сайланған депутаттар, 

әлбетте,  КСРО  Президенті  қызметін  тағайындауға 

байланысты  мәселелерге  жергілікті  проблемалар, 

аймақтардағы  қоғамдық-саяси  жағдай  тұрғысынан 

қарайды. 

Осы  қырынан  келгенде,  көптеген  проблемалар 

орталықтың  көзқарасы  тұрғысынан  алғандағыдан 

мүлдем басқа белгілерге ие болады. Иә, президенттік 



201

өкімет билігін біздің федерацияның бірлігінің, әсіресе, 

қазіргі шиеленісті кезеңдегі бірлігінің маңызды кепілі 

деп білеміз, бірақ дағдарысты құбылыстар мәңгі-бақи 

жалғаса бермейді ғой. Ерте ме, кеш пе, біз қиын кезеңді 

міндетті түрде артқа тастаймыз. Міне, сол кезде басқа 

проблемалар  бар  сұлбасымен  бой  көрсетеді.  Мен 

бірінші кезекте республикалардың егемендігін меңзеп 

тұрмын. 

Біз өзіміз кеңестік федерация шеңберінен тыс бола 

алмайтынымызды атап көрсеткім келеді. Біз ұмтылып 

отырған өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыру 

тек республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына 

ғана емес, сонымен бірге, бүкіл Кеңес Одағының мүдде­

леріне де қызмет етеді. Алайда мұндай жағдайда еліміз­

дегі президенттік өкімет билігі біршама басқа сипатқа 

ие болып, әрбір республикада осындай президенттік 

өкімет билігінің міндетті түрде болуын ескеруге тиіс. 

Бұл арада мәселе, әлбетте, қоғамдық құрылымдарды көз 

жұмып көшіре салуда емес, еліктеушілікте емес немесе 

өкілеттікті әлдекіммен бөлісу тілегінде емес, мемлекет­

тік егемендіктің табиғатының мәнінде, біздің Одақты 

егеменді кеңестік социалистік мемлекеттердің бірлестігі 

ретінде түсіндіретін КСРО Конституциясының мәнінде. 

Ортақ міндеттермен қатар, олардың әрқайсысы өзін­

дік міндеттерін де, кейде көршілеріндегіге қарағанда 

мүлдем қарама-қайшы міндеттерді де шешуге мәжбүр 

болатыны сөзсіз. Ал мұндай жағдайда аймаққа мемле­

кеттік тәртіпті нығайту, заңдардың жүзеге асырылуын 

қамтамасыз ететін қайта құруды қорғау тетігі де қажет 

болады. Еліміздің Президентінің билігін толып жатқан 

жергілікті проблемаларды шешу үшін пайдалану, оны 

жалпыодақтық стратегиялық мәселелерден алаңдату 

тиімсіз, оның үстіне орынсыз да болар еді. 



202

I  ТОМ. – 1989–

1991 


Екінші  жағынан,  республикаларда  президенттік 

өкімет билігі институтын құру президенттік идеясы мен 

республикалардың өз дербестігін кеңейтуге ұмтылуы­

ның арасындағы қазірдің өзінде байқалып отырған қара­

ма-қайшылықты жоюға мүмкіндік берер еді. Әйтпеген 

күнде централизмді күрт күшейтуді республикалық 

егемендікті кеңейту үрдісімен ұштастыру қиын болады. 

Сонымен бірге, Президент кеңесін құру айқын мәнге ие 

болар еді, айтқандай, Федерация кеңесі сияқты, оның 

функциялары да ұсынылып отырған жобада мүлдем 

күңгірт. Осынау қондырмалық құрылымдардың таза 

консультациялық рөлі олардың пайда болу фактілерін 

ақтай алуы екіталай. Егер Президент кеңесі нақты мем­

лекеттік құрылымның өкілі болып табылатын нақты 

билік берілген адамдардан құралатын болса, онда олар­

дың алдында тұрған міндеттер де мүлде басқаша қойыл­

мақ. Осыған байланысты, біздіңше, ұсынылып отырған 

Президент кеңесінің қызметін реттейтін арнайы заңға 

деген қажеттілік бар. 

Сөз  жоқ,  КСРО  Президенті  қызметін  тағайындау 

заң шығарушы билікті едәуір нығайтуды талап етеді. 

КСРО халық депутаттарының өткен екі съезінің қоры­

тындыларын ой елегінен өткізгенде, съезд, біз қаласақ 

та, қаламасақ та, КСРО Жоғарғы Кеңесі жауапкершілі­

гінің едәуір бөлігін өзінің мойнына алатынына барған 

сайын көбірек көз жеткізесің. Жолдастар, депутаттарда, 

әсіресе, күрделі жағдайда, түбегейлі шешімдер қабыл­

даудан жалтару мүмкіндігі пайда болғанына келісерсіз­

дер. Кейбіреулер өзін өзі жұбатып: егер мәселені КСРО 

Жоғарғы Кеңесінде шешпесек, оны съезге береміз деп 

арқасын кеңге салады. Соның салдарынан осындай екі 

сатылы билік, дәлірек айтсақ, кез келген нақты, бүгін 



203

таңда қажетті іс тежеліп отырған кеселді шеңбер пайда 

болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі сессиясының КСРО-дағы 

меншік туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы осының 

айқын мысалы, оған енгізілетін түзетулерді де біз бүгін 

қабылдамақпыз. Қаншама уақыт сарп етілді, қаншама 

қызыл кеңірдек болдық, ал түбегейлі шешім, біздің ойы­

мызша, қабылданбай-ақ қойды! Қорытындысында осы 

съездің бекітуіне ұсынылған заңда біз келісе алмайтын 

ережелер бар болып шықты. 

Жерге, табиғат байлығына меншік туралы мәселенің 

Қазақстан үшін шешуші маңызы бар, өйткені жалпы 

қоғамдық өнімнің жартысын республика жерді және 

оның  қазыналы  қойнауларын  пайдаланудан  алады. 

Әлбетте, өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыру­

дың республикалық тұжырымдамасын әзірлеу кезінде 

біз  осыны  ескермей  тұра  алмадық,  сөйтіп,  жерді, 

табиғат байлықтарын Қазақ КСР-інің ерекше меншігі 

деп жариялауды ұсындық. Сонда не болды дейсіздер 

ғой? Одақтық министрліктердің барлығы дерлік қарсы 

шықты. Мұның өзі әкімшілік-ведомстволық өктемдік 

тіреуіштерінің қайта құру басталғаннан кейін бес жыл 

өткен соң да, өздеріне сенімді күйде қалып отырғанын 

дәлелдейді. 

Айтқандайын, егер тарихқа жүгінетін болсақ, онда 

1922 жылы қабылданған КСРО-ны құру туралы Декла­

рацияға  сәйкес  республика  өз  аумағын  меншіктеу 

құқығын  ешкімге  берген  жоқ,  ол  тек  өзінің  кейбір 

құқықтарына  ғана  ерікті  түрде  орталыққа  өкілдік 

берді. Бірақ әкімшілік жүйенің осындай заң жүзіндегі 

шетін мәселелерде шаруасы қанша! Бұл жаңа Одақтық 

шарттың көкейкесті қажеттілігін тағы да дәлелдейді. Ал 

сессияда қабылданған заң не ұсынып отыр? Онда жер 


204

I  ТОМ. – 1989–

1991 


және басқа табиғат ресурстары бүкіл кеңес халқына 

және, сонымен бірге, одақтас республиканың аумағында 

тұратын  халыққа  тиесілі  болуға  тиіс  делінген.  Осы 

тұжырымның  авторы,  мысалы,  Қазақстанның  ерек­

шелігін, көп ұлтты сипатын ескерген бе? Өйткені заң 

жобасында негізі қаланған екіұшты қисынға жүгінетін 

болсақ, бір жағынан, бізде тұратын барлық ұлттар мен 

ұлыстардың жерге меншік құқығы бар. Екінші жағынан, 

тек республикаға аты берілген халықтың ғана (осындай 

түсініктеме де әбден орынды болғандықтан) жерді мен­

шіктену құқығы бар, ал қалған ұлыстар жалшы болып 

жүре берсең де мейлің. Қанеки, ойластырып көрелікші, 

біз  сенімсіздіктің,  ұлттық  күдікшілдіктің  тууы  үшін 

желеу беріп отырған жоқпыз ба, біз болашақ ұлтаралық 

жанжалдардың негізін өз қолымызбен қалап отырған 

жоқпыз ба? 

Бірақ  мәселе  мұнымен  де  бітпейді.  Былайша  ізгі 

сияқтанған,  бірақ  мүлдем  күңгірт  «қоғамдық  мен­

шік» деген ұғымның тасасында орталық ведомстволар 

өздерінің  жеке  мүдделерін  бүркемелеуге  тырысуда. 

Оларға республиканың егеменді саясатында тым көп 

нәрсе тиімсіз. Тағы да ведомстволардың шырмауына 

түспеу үшін біз жерді, табиғат ресурстарын иемдену 

құқығының субъектісі халықтар емес, қай ұлтқа жата­

тынына  қарамастан,  өзінің  барлық  азаматтарының 

ерік-жігерін  білдіретін,  орталық  ведомстволардың 

өктемдігі алдында олардың мүдделерін қорғай алатын 

егеменді мемлекеттік құрылым ретіндегі республика 

болуы керек екенін мойындауға тиіспіз. 

Жер мен оның қойнауларын қорғаныс және басқа 

одақтық мақсаттар үшін пайдалануға келетін болсақ, 

онда ол шарттық және өтемді негізде, өз аумағының 



205

жеке-дара  меншіктенушісі  болып  табылатын  респу­

бликалардың келісімімен пайдаланылуға тиіс. Респу­

бликаның сыртқы экономикалық байланыстары сала­

сындағы құқығы да, әлбетте, меншік құқығын танудан 

туындайды. Әзірге мұнда да, турасын айтсақ, жағдай 

баяу өзгеруде. Үкімет бірде есігін айқара ашады, енді 

бірде тағы да тарс жауып алады. КСРО Министрлер 

Кеңесіне деген құрметімді білдіре тұрсам да, ол қабыл­

дайтын шаралардың жартыкештігін атап өтпей қала 

алмаймын. Реформа жүргізуге тырыса отырып, үкімет, 

сонымен бірге, ведомстволардың табаны астында тап­

талып,  олардың  мүдделерін  қорғауға,  өзгерістердің 

қалыпты барысын тежеуге мәжбүр болып отыр. Үкімет 

қай құдайға сыйынады, кімге қызмет етеді – ведомство­

лық астамшылдыққа ма немесе кеңес халқына ма, оның 

осыны бекем айқындайтын кезі келді. 

Сыртқы байланыстар саласындағы бұғауды лақты­

рып  тастау  керек,  әйтпесе  Қазақстан  мүмкіндіктері 

тұсалған республика болып қала береді, әлеуметтік- 

экономикалық дамудағы апатты артта қалушылықтан 

арыла алмайды. Назарды тек шикізат базасына ғана 

шоғырландырып, көпшілік қолды тауарлар мен әлеу­

меттік және мәдени-тұрмыстық сала сияқты ұсақ-түйек 

мәселелерге  мән  бермеуді  талап  еткен  орталықтың 

өзімшіл саясатының құны тым қымбатқа түсіп отыр. 

Орталық сіздерді жетімсіретпейді деседі! Ал оның қазір 

бізбен айналысуға мұршасы жоқ. Республикааралық 

жеткізілім тәртібі сақталмайды, атқарушы билік дәр­

менсіз болып шықты. Ал адамдар: ескі стратегиялық 

қателіктерді олар қайтсін! – деп, зығырданы қайнауда. 

Айтпақшы, экономикадағы қателіктерден біз бүгін де 

сақтандырылған  жоқпыз.  Бүкіл  дүниежүзілік  прак­


206

I  ТОМ. – 1989–

1991 


тика халықаралық еңбек бөлісіне қатыспайынша, кең 

көлемді  кооперация  болмайынша,  дамудың  да  бол­

майтынын әлдеқашан-ақ дәлелдеді. Соған қарамастан, 

біздің  экономикалық  саясатымыз  бұрынғысынша 

томаға-тұйықтық, аймақтардың өзін өзі қамтамасыз 

етуі  арнасына  қарай  көрінеу  ойысуда.  Сөйтіп,  бізді 

тығырыққа итермелеуде. 

КСРО Жоғарғы Кеңесінің жайбарақаттығы респу­

блика Жоғарғы Кеңесінің жуырда өткен сессиясында 

ол  жерді,  оның  қойнауларын,  суды,  орманды  және 

басқа  табиғат  ресурстарын  республиканың  меншігі 

деп  жариялау  құқығын  өзінде  қалдырады,  оларды 

иелену және пайдалану құқықтарына өкілдікті халық 

депутаттары жергілікті Кеңестерінің қарамағына береді 

деп мәлімдеуге мәжбүр етті. Жолдастар, біреулердің 

бір  мәлімдемені  үзілді-кесілді  талап  ретінде  немесе 

өз  бетімен  билеп-төстеушілік  әрекет  деп  бағалауын, 

әсіресе, қаламас едік. Жоқ, мәселе бүгінгі таңда былай 

қо  йылып отыр: не біз осылай істейміз, не халық сенімін 

едәуір дәрежеде жоғалтамыз. 

Біздің мұндай шиеленіске жеткізуге хақымыз бар 

ма? КСРО Жоғарғы Кеңесінің көптеген республикалар­

дың пікіріне таскерең күйінде қалғанын, міндеттерді 

орындай алмағанын ашық мойындаған, сөйтіп, оған 

меншік туралы заңды жетілдіруге қайтарған жөн бол­

мас па? Бүгінгі таңда біз осыдан бір жыл немесе екі жыл 

бұрынғы сияқты орталықтың оралымсыздығын, мейлі 

әділ  болса  да,  мүлдем  нәтижесіз  сынаумен  шектеле 

алмаймыз. Басқа, неғұрлым батыл шешімдер қажет. 

Ендеше, бізге берілген Президент  бейнесіндегі атқа­

рушы  өкімет  билігін  түбегейлі  нығайту  мүмкіндігін 

уыстан шығарып алмайық. Біз Президенттің бірінші 



207

кезектегі  іс-қимылы  Одақтық  шартты  жаңартуға, 

респуб ликалардың егемендігін нығайтуға бағытталады 

деп қатты үміт артамыз, өйткені біз бұрынғысынша: 

күшті  республикалар  –  күшті  держава,  күшті  Одақ 

дейтін тұжырымның дұрыстығына кәміл сенеміз. 


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет