Невада Семей қозғалысы Семей полигоны



Дата15.03.2023
өлшемі1,77 Mb.
#74514

Невада Семей қозғалысы

Семей полигоны

  • Сынақ барысында адамдар мен төрт түлік мал уақытша басқа жерге көшірілді. Бірақ жарылыс біткен соң олар үйлеріне қайтып оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйдің терезесінің шынысын ұшырып, қабырғаларын қиратты. Кейде отбасылар үй-күйсіз қалып жатты.
  • 1949 жылы алғашқы сынақ жүргізілген уақыттан бастап Семей және Павлодар облыстарында радиациялық сәуленің әсерінен түрлі ауруға ұшырағандардың саны көбейді. Себебі, иондалатын радиация гендік кодты өзгерте алады. Осының салдарынан адам өкпе мен сүт безі рагына және ісіктің көптеген басқа түріне шалдығады. Сондай-ақ, нәрестелер кемтар болып туып жатты. Адамдар ғана емес, жер де зиян шегіп, радионуклидтердің жинала беруінің салдарынан құнарлығы азаяды. Темір, мыс, магний сынды металдар әртүрлі дәнді дақыл арқылы адам ағзасына енді
  • Болған жағдай туралы хабар алған Қазақ КСР коммунистік партиясының Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев КСРО орталық комитетіне сынақты тоқтатуды талап еткен шифограмма жібереді. Мұнымен қатар, газдан уланған халыққа көмек көрсетуді сұрайды. Бұл — осы уақытта ядролық қаруға қарсылықты білдірген алғашқы шаралардың бірі болды.
  • "Невада-Семей" деп аталатын антиядролық қозғалыс құру туралы үндеуді 1989 жылы 28 ақпанда КСРО депутаттарының I съезіне қатысқалы отырған Олжас Сүлейменов тастады. Осыдан кейін Семейде "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының облыстық бөлімшесі құрылып, Марат Оразалин төрағасы болып сайланды. Ол қозғалысты құруда екі мақсат болғанын айтады. Біріншісі — халықты бұл жағдайға бей-жай қарамауға шақыру, екіншісі — полигонды жабу үшін күрес жүргізу және зардап шеккен халыққа көмек көрсету туралы заң қабылдау.
  •  Дүниежүзіндегі ядролық қауіпті жоюды мақсат еткен "Невада-Семей" қозғалысының арқасында Қазақстан жеріндегі ядролық сынақтар тоқтатылды. Дәлірек айтсақ, 1989 жылы алдын ала жоспарланған 18 ядролық сынақ жетіге дейін қысқарды. Сондай-ақ, осы жылдың қазан айынан бастап Семей қаласындағы полигонда сынақ жасау мәңгілікке тоқтады.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет