Нн ретІ республикалық «Жас өрен» байқауын өткізу туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомрарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы»



бет1/4
Дата10.10.2022
өлшемі30,05 Kb.
#42170
түріКонкурс
  1   2   3   4

НН ретІ республикалық «Жас өрен» байқауын өткізу туралы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомрарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп атады. Осы ретте Мемлекет басшысы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. «Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық –демографияық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия 2022 жылды шілде айының 25 жұлдызынан бастап балалар әні және балалар поэзиясына (өлең ,жыр,тақпақ) арналған ақындар мен композиторлар арасында республикалық байқау жариялайды.


Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:

  • өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

  • жас ерекшелігі талабына сай жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу;

  • отандық авторларды қолдау;

  • балабақша және мектеп жасындағы бщалалардың репертуарын толықтыру;

  • Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын мәдени өнімдерді жасау



Конкурстың өткізу тәртібі
Конкурс 2022 жылдың 25 шілдесінен бастап 15 қазан аралығында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Шығармалар еркін тақырыпта (отансүйгіштік, ата-анаға деген махаббат, елді қорғау, табиғат жайында және т.б.) жазылады. Конкурс шығармалардың түрі бойынша келесі екі номинацияларға бөлінеді:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет