Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы


Өз көзқарасыңды тезис ретінде беру – дәлелдейтін немесе негізгі идеялардың бірін қысқаша пайымдайтын тұжырымдама



бет10/26
Дата15.01.2023
өлшемі461,32 Kb.
#61374
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

Өз көзқарасыңды тезис ретінде беру – дәлелдейтін немесе негізгі идеялардың бірін қысқаша пайымдайтын тұжырымдама.




    1. Кіріспе бөлімнен негізгі бөлімге өтуші сөйлемді жаз (4-5 минут)





    1. Зерттеу сұрақтары: Кіріспе бөлімнен негізгі бөлімге өтуші сөйлемнің қажеттілігі неде? (4-5 минут)

Эссе тақырыбы: Мектептегі үйірменің пайдасы.


Үйірме - оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы. Мектептегі үйірмелер мен клубтар, секцияларға қатысу оқу үдерісінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Мектеп үйірмесінің сабақтары оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді, оны пайдалана білуді үйретеді. Менің ойымша, үйірмеге жауапкершілік танытқан оқушы болашағына бағдар алады. Үйірмеге деген жауапкершілігі оқушының бойындағы қандай қасиеттерін қалыптастыра алады?
Біріншіден, үйірме сабақтары оқушының тұлға ретінде қалыптасу жолында ой-өрісінің кеңейюіне ықпал етеді. Ойымды нақтылау үшін
«Шешендік өнер» үйірмесінің мақсатын ұсынамын: «Оқушының ой- өрісін, сана сезімін жан-жақты дамытып, шешендік сөздерді оқытып, жатқа айтқызу арқылы даналардың ұлағатты нақыл сөздері оқушыларды ойлауға, сөйлей және жаза білуге төселдіру». Демек, әр оқушының бойында логикалық ой ұшқырлығы қалыптасып, толыса беретін ой жиынтығы белгілі бір сәттерде өзіндік шешім әрекетіне бастау алады.
Екіншіден, үйірме сабақтары оқушының әдебиетке деген ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып, оны өмірде пайдалана білуге үйрететін шығармашылық орынның бірі: «Оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру» үйірмесі. Көркем әдебиетті оқытуды машығына айналдырған оқушы - ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін, функционалдық сауаттылығы қалыптасқан тұлға болары сөзсіз.
Қорытындылай келе, оқушы өз еркімен, ынта-жігерімен қызығып қатысатын мектеп үйірмесі екенін түсінгенде ғана тұлға болып қалыптасуына, өсіп, дамып кемелденуіне әсер етеді. Үйірме тиімділігі - талай дарынды баланың өз талантымен көпті тамсандыратыны сөзсіз.

Кіріспе (тақырыпқа қатысты түсінік беру сөйлемі, ой үзігі):

Үйірме - оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы. Мектептегі үйірмелер мен клубтар, секцияларға қатысу оқу үдерісінің маңызды бір бөлігі болып табылады.

Тақырыптың, сұрақтың өзектілігін айқындайтын сөйлем:

Мектеп үйірмесінің сабақтары оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді, оны пайдалана білуді үйретеді.

Тезис:

Менің ойымша, үйірмеге жауапкершілік танытқан оқушы болашағына бағдар алады.

Кіріспе бөлім мен негізгі бөлімді байланыстыратын сөйлем:

Үйірмеге деген жауапкершілігі оқушының бойындағы қандай қасиеттерін
қалыптастыра алады?

Негізгі бөлімнің ішкі құрылымы: тезиске қатысты пікір, оны айқындайтын аргумент, ойды қорытындылайтын сөйлем.

1-абзац (ой үзігі)

Тезиске қатысты пікір:

Біріншіден, үйірме сабақтары оқушының тұлға ретінде қалыптасу жолында ой- өрісінің кеңейюіне ықпал етеді.

1-аргумент

Ойымды нақтылау үшін «Шешендік өнер» үйірмесінің мақсатын ұсынамын:
«Оқушының ой-өрісін, сана сезімін жан-жақты дамытып, шешендік сөздерді оқытып, жатқа айтқызу арқылы даналардың ұлағатты нақыл сөздері оқушыларды ойлауға,
сөйлей және жаза білуге төселдіру».

Абзацты қорытындылайтын сөйлем:

Демек, әр оқушының бойында қалыптасып, толыса беретін ой жиынтығы белгілі
бір сәттерде өзіндік шешім әрекетіне бастау алады.

2- абзац

Тезиске қатысты пікір:

Екіншіден, үйірме сабақтары оқушының әдебиетке деген ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып, оны өмірде пайдалана білуге үйрететін шығармашылық орынның бірі:

2-аргумент

«Оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру» үйірмесі.

Абзацты қорытындылайтын сөйлем:

Көркем әдебиетті оқытуды машығына айналдырған оқушы - ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін, функционалдық сауаттылығы қалыптасқан тұлға болары сөзсіз.

Қорытынды бөлім

Тезиске қайта оралып, ойды түйіндеу:

Қорытындылай келе, оқушы өз еркімен, ынта-жігерімен қызығып қатысатын мектеп үйірмесі екенін түсінгенде ғана тұлға болып қалыптасуына, өсіп, дамып кемелденуіне әсер етеді.

Эссені қорытындылаушы ой түйіні:

Үйірме тиімділігі - талай дарынды баланың өз талантымен көпті тамсандыратыны

сөзсіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет