1. Берілген тақырыппен танысу
2. Ойды жүйелеп алу
|
Берілген тақырып аясында қандай мәліметтер маған таныс?
|
Ақпарат, мәлімет, деректерді жинақтау, салыстыру, талдау барысында қандай пікірлер туды?
|
Ой-пікірімді қандай мысал, дәлел, дерек,
дәйексөздермен бекіте
аламын?
|
3. Нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін әрекет, әдіс-тәсілдерді қолдану
|
Мәселен, тақырыпқа
қатысты өзі білетін ұғым, сөз, атау тізбегін жазып шығу.
|
Дереккөздермен (кітап, баспасөз, интернет және т.б.) дереккөздермен жұмыс жасау.
Пікіралмасу мүмкіндіктерін
қарастыру.
|
Тезис түрінде пікірлерді, ерекше әсер еткен ой, сұрақтарды жазып қою.
|
4. Жазылу құрылымы талаптарына сай бөлімдерді анықтап алу
|
Кіріспеде не айтамын?
|
Негізгі бөлімде не жазамын?
|
Қалай қорытындылаймын?
|
Бұл – ашылатын тақырып
пен мәселеге бастайтын ой басы.
Тезис беріледі.
|
Тақырыптың мазмұны ашылатын бөлім. Тақырып немесе мәселе туралы
тоқтамды ой, толғандыратын сұрақ,
дәйекті ой, дәлел, шынайы пікір жазылу керек. Жеке
пікір өте маңызды.
|
Мәселеге, тақырыпқа
қатысты тұжырымды пікірімді білдіруім керек.
|
5. Өз жұмысын тексеру
|
Эссе бөлімдерінің
мазмұны талапқа сай ма?
Тезис дұрыс берілді ме?
|
Аргумент, фактілер, дәлел, дерек,
мәлімет, дәйектеу қалай
жүзеге асты?
|
Жеке пікір бұрынғы айтылған пікірлерді
қайталап тұрған жоқ па?
|
Ойды айқын, нақты да дәлелді жеткізе алған ба?
|
Ой екпіні, ішкі көңіл- күй,
интонацияғ а қарай тыныс белгілері дұрыс
қойылды ма?
Сөз саны қанша?
Эссе
көлемі талапқа сай ма?
|
46
Қазақтың ғұлама ғалымы Ж. Аймауытов айтқандай: «Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» дегендей, бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі инновациялық технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді.
Дебат - қандай да бір жиылыста, мәжілісте пікірталасу, жарысу, айтысу. Пікірсайыс дегеніміз - белгілі тақырып көлемінде арнайы ережелермен шектелген сөз жарыстыру, білім таластыру өнері. Пікірсайыс – бұл көңілді ойын-сауық интеллектуалды ойын, келешек қоғам көшбасшылары – белсенді жастар үшін жарқын болашақ.
Достарыңызбен бөлісу: |