Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы



бет12/26
Дата15.01.2023
өлшемі461,32 Kb.
#61374
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

Пікірсайыс құндылықтары:


Мақсаты:
А) Дағды мен іскерлікті қалыптастыру; Б) Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;


В) Талқыланатын сұрақтың мәнін ұғыну, өз ұстанымын дәлелдеу. Мүмкіндіктер:
Әртүрлі деңгейдегі қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысу. Білімді жүйелі түрде пйдалануды үйрету.
Қолдану: Семинар, конференция, дөңгелек үстел, әлеуметтік жобаларды қорғау, т.б

«Дебат» әдісі арқылы эссе жазудың тиімділігі


«Дебат» әдісі ауызша да жазбаша да оқушының сауаттылығын әрі әр спикердің бір-бірімен логикалық байланысы тығыз екенін түсіндіреді. Ал, эсседе де кіріспе, негізі, қорытынды бөлімдердің логикалық байланысы маңызды. «Дебат» әдісі әр оқушының белгілі бір тәртіппен, реттілікпен сөйлеуін және айтылған пікірге кері байланыс жасай білу шеберлігін ғана ұштап қоймайды, сонымен қатар, эссенің құрылымын зерттей отырып, жазуға қалыптастырады. Күнделікті іздену барысында
«Дебат» әдісіндегі әр спикердің міндеті эссенің құрылымымен тікелей байланысты екеніне көз жеткіздім. «Дебат» әдісінде 1-спикердің міндеті
«кеис» құрастыра білуінде болса, эссе жазуда «кіріспе» бөлімді дұрыс құрастыруда.
47
2 -спикердің міндеті пікір мен дәлел, анализ жасау болса, эссе жазуда «негізгі» бөлімде де дәл осы мақсат қойылған, 3-спикер барлық айтылған ойға қорытынды жасап, шешім шығара білуі маңызды, ал эссе жазуда «қорытынды» бөлімде де осы шешім шығару оқушының ойының ұшқырлығын танытады. «Дебат» әдісінде де, эсседе де тақырыпқа қатысты мәселе тудырып, оның шешу жолдарын айқын көрсету, қорытынды жасағанда шешім ұсыну маңызды екенін әр оқушы түсініп, соны жасағанда ғана толыққанды спикер, эссе жазушы екенін ұғынады. Сондықтан оқушыларды «Дебат» әдісімен оқыту эссені түсініп, ізденіп, зерттеп жазуға жетелеп, көркем әдебиетті оқуға міндеттейді.
«Дебат» әдісі әдебиет пәнінде көркем шығармаларды оқытуда тиімді әдістердің бірегейі болып отыр. Әсіресе, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерге талдау жасағанда жақтаушы мен даттаушы бола отырып, жағымды кейіпкердің жағымсыз әрекетін, жағымсыз кейіпкердің жағымды әрекетін анықтауға болады. Бұны анықтау үшін оқушы шығарманың мазмұнын түгел оқып, меңгеруі керек. Мысалы, М. Әуезовтің «Қараш-Қараш» оқиғасындағы Бақтығұл образын талдауда берілген тақырып: «Бақтығұл жағымды кейіпкер (жағымсыз кейіпкер)», Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесіндегі Майқанова образына тақырып: «Сабира Майқанова жанашыр ұстаз (қатыгез ұстаз)», Қожа образына «Қожа тәртіпті оқушы (тәртіпсіз оқушы)», Шұғаның махаббат жолындағы құрбандығы дұрыс па, бұрыс па? Тақырыбын талдау үшін «Дебат» әдісі өте тиімді.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы: Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесіндегі Шұғаның махаббат жолындағы құрбандығы дұрыс па, бұрыс па?
Оқу мақсаты:
9.1.3.1 Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау. Сабақ мақсаты:
1.Шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды. 2.Шығарманың өзекті мәселесін талдап, өз ойын дәлелдейді.
3.Шығармада көтерілген мәселені бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, пікірталас орнатты.

  1. тапсырма.

«Жақтау» тобы
Шұғаның махаббат жолындағы құрбандығы дұрыс деген көзқарасты дәлелдейді
«Даттау» тобы
Шұғаның махаббат жолындағы құрбандығы бұрыс деген көзқарасты жоққа шығарады
(«Т» кестесі) Дескриптор:

  1. Әңгіме желісінен кейіпкерлер арқылы шығарма идеясына қатысты кейіпкерлерге байланысты үзінділерді табады.

  2. Екі шығарманың басты кейіпкерлерін салыстыра алады. 3.Шұғаның өмірі мен қазіргі қыздар өмірін байланыстырып, талдау жасай алады.

  1. тапсырма.

Бүгінгі тақырыпты екі топ өз көзқарасы бойынша жеткізе алды ма, жоқ па ? Сұрағына сарапшылар
«ПОПС формуласы» тәсілі арқылы өз ойларын дәлелдеу. 1-сөйлем: «Менің ойымша, »

  1. сөйлем: «Мен оны былай түсінемін »

  2. сөйлем: «Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын »

  3. сөйлем: «Осыған байланысты мен мынандай қорытынды шешімге келдім: »

Дескриптор:

  1. Ойларын дәлелді түрде нақты жеткізе алды.

  2. Өз пікірін сыни көзқараста өмірмен байланыстыра алады.

Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына


әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет