Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы


Калкаманова Дана 10-сынып



бет14/26
Дата15.01.2023
өлшемі461.32 Kb.
#61374
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

Калкаманова Дана 10-сынып.


2. Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзіндегі «Естілік пен білімділікке» байланысты айтылған ақыл-ойын дәлелдеп жазыңыз
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қарасөздері. Абай ақын бұл қарасөзінде дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің ғана нәтижесі мен тәрбиеден туындайтын нәрсе деген ой тастайды. Менің ойымша, Абай атамыз бұл қарасөзі арқылы адамдардың бірден ақылды, атақты, данышпан болып туылуы мүмкін емес екендігін түсіндіреді.
Біріншіден, ақын адам есті болып тумайды, ол ата-ананың есті сөздерін санасына тоқып білімді болатынын: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»,- деп, ақын нақтылап жеткізеді. Сөз түсінбеген, қадірін ұғынбаған, білмеген жерін сұрап, білуге талпынбай сөзге салғырт қараған адамның білімді болып шығуы екіталай.
Екіншіден, сөзге салғырттықпен қарап, одан эстетикалық ләззат ала-алмаған адамды, білуге талпынбайтын жағымсыз қасиеттерді: «Сөз танымайтын жұртқа сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деген екен бір хакім, сол секілді сөз болады»,-деп, А.Құнанбаев алтын уақытыңды ештеңе түсінбейтін надан адамға кетіргенше, білмегенін қайта сұрап талпынатын адамға уақытыңды жұмсағаның мың есе артық деп тұжырымдайды.
Қорытындылай келе, ақын он тоғызыншы қара сөзінде саналы сөзді ата-анадан ұғынып, сөздің қадірін білу, ұғыну - адам өмір тәжірибесінің бағалы ойының жемісі.

Кадырбеков Кайсар




51

№ 3. Ел басының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы ұлы даланың ұлы есімдері


Ұлы даланың жерінде әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тауке мен Абылай, Кенесары мен Абай секілді тұлғалар дүниеге келіп, өз шығармалары арқылы келер ұрпаққа үлгі өнеге болып жүрегінен орын тапқан. Менің ойымша, осы ғұламалардың шығармаларын оқыған ұлы тұлғалар тәрбиенің, білімнің, батырлықтың, ақындықтың қыр-сырын жан-жақты меңгергендігі айдан анық. Неліктен?
Біріншіден, Әл-Фараби өз еңбектері арқылы екінші ұстаз атанған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Фараби «Атталисмуссани» атты философиялық еңбегіне еліктеушілік. Олай болса, бұл өте жемісті еліктеушілік, өйткені ол өзінен кейінгі бүкіл дүние ой пікіріне құрмет көрсеткен Ибн Сина осы кітаптың арқасында грек философиясын үйренген. Оған дәлел: Ибн Сина «Бір кітап дүкенінен сатып алған Фарабидің кітабын оқығанда, бұрын еш түсіне алмаған грек метафизикасын толығымен осы кітаптан үйрендім» -деген жолдарынан көруге болады. Ол Фарабидің асқан ғұлама, данышпан екендігін көрсетеді.
Екіншіден, Абай әл-Фарабидің ғылым-білімді толықтай меңгергені жайында философиялық тұжырым жасайды. Абай мен әл-Фараби өз еңбектері арқылы халықтың жүрек түкпірінен орын тапты. Абайдың
«Жетінші қарасөзінде» ұшырасатын «жанның тамағы» деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс омір сүретін обективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесінде пайда болатын ғылым- білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:
«Құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, жанның тамағы еді»,-деп қайыра түсінік береді. Абайдың көздеген мақсаты адамның бойында туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңіру еді. Қорытындылай келе, Елбасы мақаласы тек қана ел үшін емес қазіргі қазақ жастарының бойына тәрбие сіңіртіп, мақсатына, болашағына зор үлесін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет