Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы



бет4/26
Дата15.01.2023
өлшемі461,32 Kb.
#61374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
14
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 10 -сабақ
Сабақтың тақырыбы Бесінші қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.

Сабақ мақсаттары

Негізгі бөлімдегі позицияға қатысты пікірді анықта.

Сабақ соңында Оқушылар

  • Негізгі бөлімдегі позицияға қатысты пікірді анықтай алады.

Тірек сөздер

Негізгі бөлім, позиция, пікір.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

Қажетті ресурстар:

Қағаздар

Тапсырманың негіздемесі:

Негізгі бөлімдегі позицияға қатысты пікірге бағытталған.



1-тапсырма. Берілген тапсырманы толтыр.


Эссе құрылымы. Негізгі бөлім:


Эссе тақырыбы: Мектептегі үйірменің пайдасы. 2.Тезиске қатысты қолдаушы пікір жаз. (6-7 минут)




    1. Тезиске қатысты ойың өзектіліктегі анықталған мәселеге қолдаушы пікір бола ала ма? (3-4 минут)





    1. Пікірге қатысты аргумент жазыңыз.





    1. Зерттеу сұрақтары: Пікірге қатысты аргумент не үшін қажет?





    1. Келтірілген аргументтің маңызды жағын (3-4 минут) анықтап жазыңыз?





    1. Зерттеу сұрақтары: Анализдегі түйсікпен қабылдаудағы жаңа мазмұнға ие болған ой азат жол қорытындысы бола ала ма?





    1. Негізгі бөлімнің бір абзацынан екінші абзацына өтуші сөйлем жаз . (4-5 минут)





    1. Зерттеу сұрақтары: Негізгі бөлімнің бір абзацынан екінші абзацына өтуші сөйлемнің қандай маңыздылығы бар? (4-5 минут) Қысқа мерзімді сабақ жоспары

15



11 -сабақ



Сабақтың тақырыбы Алтыншы қадам. Қорытынды жазыңыз.

Сабақ мақсаттары

Позицияға қатысты пікірге қорытынды жаз.

Сабақ соңында Оқушылар

  • Позицияға қатысты пікірге қорытынды жаза алады.

Тірек сөздер

Қорытынды, позиция, пікір.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

Қажетті ресурстар:

Қағаздар

Тапсырманың негіздемесі:

Қорытынды бөлімге бағытталған.



1-тапсырма. Қорытнды бөлімге берілген тапсырманы толтыр.

Эссе құрылымы. Қорытынды.


  1. Кіріспе бөлімдегі тезиске перифраз (логикалық байланысын басқа сөйлем арқылы жеткізу) жазыңыз. (6-7 минут)





    1. Зерттеу сұрақтары: Перифраздың жасалу жолдарын ата? (3-4 минут)





    1. Негізгі бөлім абзацтарының түйін сөйлемін құрастыр?





    1. Зерттеу сұрақтары: Негізгі бөлімде өзектелікте анықталған әр мәселенің қорытынды шешімін жаз?





    1. Өз талдауың мен сараптауыңның түйінін қорытындылап, ұсынған шешіміңді жаз. (4-5 минут)




16



Қысқа мерзімді сабақ жоспары 12 -сабақ
Сабақтың тақырыбы Жетінші қадам. Кіріспені жазыңыз.


Сабақ мақсаттары

Негізгі бөлім мен қорытындыға байланысты кіріспені жаз.

Сабақ соңында оқушылар

Тірек сөздер

Тезис, көзқарас, мәселе

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті мен қазақ тілі

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

Қажетті ресурстар:

Қағаздар

Тапсырманың негіздемесі:

Негізгі бөлім мен қорытындыға байланысты кіріспеге
бағытталады.

1-тапсырма.


Эссені тиімді жаздыру үлгісі Эссе құрылымы. Кіріспе.


Эссе тақырыбы: Мектептегі үйірменің пайдасы.

  1. Эссе тақырыбын түсінгені туралы сөйлемді жазыңыз. (6-7 минут)





    1. Эссе тақырыбындағы сөз тіркесін табыңыз. (3-4 минут)





    1. Эссе тақырыбындағы анықталған сөз тіркесін түсінгеніңіз туралы (не туралы?) жазыңыз.





    1. Зерттеу сұрақтары: Тақырып не туралы? Түсіну сөйлемін қалай анықтадыңыз?





    1. Тақырыптың өзектілігі туралы жазыңыз. (3-4 минут)

    2. Зерттеу сұрақтары: Тақырып өзектілігінде не мәселе көтеріліп тұр?

    3. Тақырыпқа қатысты көзқарасыңды тезис түрінде (позиция, ұстаным) жаз. (4-5 минут)


17


    1. Зерттеу сұрақтары: Өз көзқарасыңды тезис ретінде берудің маңызы неде?



    1. Кіріспе бөлімнен негізгі бөлімге өтуші сөйлемді жаз (4-5 минут)





    1. Зерттеу сұрақтары: Кіріспе бөлімнен негізгі бөлімге өтуші сөйлемнің қажеттілігі неде? (4-5 минут)

Қысқа мерзімді сабақ жоспары 13 -сабақ
Сабақтың тақырыбы Сегізінші қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.

Сабақ мақсаттары

Эссенің ой-тәртібі мен абзац құрылымын тексер.

Сабақ соңында Оқушылар

  • Эссенің ой-тәртібі мен абзац құрылымын тексере алады.

Тірек сөздер

Абзац, ой-тәртібі, құрылым.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

Қажетті ресурстар:

Қағаздар

Тапсырманың негіздемесі:

Эссенің ой-тәртібі мен абзац құрылымына бағытталған.



1-тапсырма. Эссенің ой-тәртібі мен абзац құрылымына тексер.



Кіріспе (тақырыпқа қатысты түсінік беру сөйлемі, ой үзігі):

Үйірме - оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы. Мектептегі үйірмелер мен клубтар, секцияларға қатысу оқу үдерісінің маңызды бір бөлігі болып табылады.

Тақырыптың, сұрақтың өзектілігін айқындайтын сөйлем:

Мектеп үйірмесінің сабақтары оқушылардың мектеп бағдарламасына қосымша ой өрісін кеңейтуді, оны пайдалана білуді үйретеді.

Тезис:

Менің ойымша, үйірмеге жауапкершілік танытқан оқушы болашағына бағдар алады.

Кіріспе бөлім мен негізгі бөлімді байланыстыратын сөйлем:

Үйірмеге деген жауапкершілігі оқушының бойындағы қандай қасиеттерін қалыптастыра алады?

Негізгі бөлімнің ішкі құрылымы: тезиске қатысты пікір, оны айқындайтын аргумент, ойды қорытындылайтын сөйлем.

1-абзац (ой үзігі)

Тезиске қатысты пікір:

Біріншіден, үйірме сабақтары оқушының тұлға ретінде қалыптасу жолында ой- өрісінің кеңейюіне ықпал етеді.

1-аргумент

Ойымды нақтылау үшін «Шешендік өнер» үйірмесінің мақсатын ұсынамын:

«Оқушының ой-өрісін, сана сезімін жан-жақты дамытып, шешендік сөздерді оқытып, жатқа айтқызу арқылы даналардың ұлағатты нақыл сөздері оқушыларды ойлауға,
сөйлей және жаза білуге төселдіру».

Абзацты қорытындылайтын сөйлем:

Демек, әр оқушының бойында қалыптасып, толыса беретін ой жиынтығы белгілі бір сәттерде өзіндік шешім әрекетіне бастау алады.

2- абзац

Тезиске қатысты пікір:

Екіншіден, үйірме сабақтары оқушының әдебиетке деген ынтасы мен сүйіспеншілігін қалыптастырып, оны өмірде пайдалана білуге үйрететін шығармашылық орынның бірі:

2-аргумент

«Оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру» үйірмесі.

Абзацты қорытындылайтын сөйлем:

Көркем әдебиетті оқытуды машығына айналдырған оқушы - ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін, функционалдық сауаттылығы қалыптасқан тұлға болары сөзсіз.

Қорытынды бөлім

Тезиске қайта оралып, ойды түйіндеу:

Қорытындылай келе, оқушы өз еркімен, ынта-жігерімен қызығып қатысатын мектеп үйірмесі екенін түсінгенде ғана тұлға болып қалыптасуына, өсіп, дамып кемелденуіне әсер етеді.

Эссені қорытындылаушы ой түйіні:

Үйірме тиімділігі - талай дарынды баланың өз талантымен көпті тамсандыратыны сөзсіз.






Қысқа мерзімді сабақ жоспары
14 -сабақ
Сабақтың тақырыбы Тоғызыншы қадам. Қателерді тексеріңіз.

Сабақ мақсаттары

Грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді тексер.

Сабақ соңында Оқушылар

Грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді тексереді.

Тірек сөздер

Грамматика, пунктуация, стилистика

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

Қажетті ресурстар:

Қағаздар

Тапсырманың негіздемесі:

Грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді тексеруге
бағытталған.

1-тапсырма. Қателерді тексер.

1. Берілген тақырыппен танысу

2. Ойды жүйелеп алу

Берілген тақырып аясында қандай мәліметтер маған таныс?

Ақпарат, мәлімет, деректерді жинақтау, салыстыру, талдау
барысында қандай пікірлер туды?

Ой-пікірімді қандай мысал,
дәлел, дерек, дәйексөздермен бекіте аламын?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет