Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы



бет7/26
Дата15.01.2023
өлшемі461.32 Kb.
#61374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Қажетті ресурстар:

Қағаздар

Тапсырманың негіздемесі:

Қорытынды бөлім, негізгі бөлімдерге қатысты шешім немесе түйінді ойды жасауға бағытталады.



1-тапсырма. негізгі бөлімдерге қатысты шешім немесе түйінді ойды анықта.
Қорытындылай келе, оқушы өз еркімен, ынта-жігерімен қызығып қатысатын мектеп үйірмесі екенін түсінгенде ғана тұлға болып қалыптасуына, өсіп, дамып кемелденуіне әсер етеді. Үйірме тиімділігі - талай дарынды баланың өз талантымен көпті тамсандыратыны сөзсіз.





Қысқа мерзімді сабақ жоспары

  1. -сабақ



Сабақтың тақырыбы Қорытынды бөлім, негізгі бөлімдерге қатысты шешім немесе түйінді ой.

Сабақ мақсаттары

Қорытынды бөлім, негізгі бөлімдерге қатысты шешім немесе түйінді ойды анықта.

Сабақ соңында оқушылар

Қорытынды бөлім, негізгі бөлімдерге қатысты шешім немесе түйінді ойды анықтай алады.

Тірек сөздер

Шешім, түйінді ой.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті мен қазақ тілі

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

Қажетті ресурстар:

Қағаздар

Тапсырманың негіздемесі:

Қорытынды бөлім, негізгі бөлімдерге қатысты шешім немесе түйінді ойды жасауға бағытталады.



1-тапсырма. Сәйкестендір.

1




2




Шешім сөйлем

Үйірме тиімділігі - талай дарынды баланың өз талантымен көпті тамсандыратыны сөзсіз.

Түйінді ой

Қорытындылай келе, оқушы өз еркімен, ынта-жігерімен қызығып қатысатын мектеп үйірмесі екенін түсінгенде ғана тұлға болып қалыптасуына, өсіп, дамып кемелденуіне әсер етеді.




Қысқа мерзімді сабақ жоспары

  1. -сабақ



Сабақтың тақырыбы Еркін тақырыпқа эссе жазу.

Сабақ мақсаттары

Еркін тақырыпқа эссе жазады.

Сабақ соңында оқушылар

Еркін тақырыпқа эссе жаза алады.

Тірек сөздер

Позиция, дәлел, пікір, қорытынды

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті мен қазақ тілі

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

Қажетті ресурстар:

Қағаздар

Тапсырманың негіздемесі:

Еркін тақырыпқа эссе жазуға бағытталады.

36
1-тапсырма. «Мектептегі үйірменің пайдасы» тақырыбына эссе жаз.

Кіріспе (тақырыпқа қатысты түсінік беру сөйлемі, ой үзігі):




Тақырыптың, сұрақтың өзектілігін айқындайтын сөйлем:




Тезис:




Кіріспе бөлім мен негізгі бөлімді байланыстыратын сөйлем:




Негізгі бөлімнің ішкі құрылымы: тезиске қатысты пікір, оны айқындайтын аргумент, ойды қорытындылайтын сөйлем.

1-абзац (ой үзігі)

Тезиске қатысты пікір:




1-аргумент




Абзацты қорытындылайтын сөйлем:




2- абзац

Тезиске қатысты пікір:




2-аргумент




Абзацты қорытындылайтын сөйлем:




Қорытынды бөлім

Тезиске қайта оралып, ойды түйіндеу:




Эссені қорытындылаушы ой түйіні:




37




Қысқа мерзімді сабақ жоспары 33 -сабақ
Сабақтың тақырыбы Тақырыптық эссе жаз.

Сабақ мақсаттары

Тақырыптық эссе жазады.

Сабақ соңында оқушылар

Тақырыптық эссе жаза алады.

Тірек сөздер

Позиция, дәлел, пікір, қорытынды

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті мен қазақ тілі

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

Қажетті ресурстар:

Қағаздар

Тапсырманың негіздемесі:

Тақырыптық эссе жазуға бағытталады.

1-тапсырма. «Абай Құнанбаев «Қара сөздерінің» өмірлік мәні
» тақырыбына эссе жаз.

Кіріспе (тақырыпқа қатысты түсінік беру сөйлемі, ой үзігі):




Тақырыптың, сұрақтың өзектілігін айқындайтын сөйлем:




Тезис:




Кіріспе бөлім мен негізгі бөлімді байланыстыратын сөйлем:




Негізгі бөлімнің ішкі құрылымы: тезиске қатысты пікір, оны айқындайтын аргумент, ойды қорытындылайтын сөйлем.

1-абзац (ой үзігі)

Тезиске қатысты пікір:




1-аргумент




Абзацты қорытындылайтын сөйлем:




2- абзац

Тезиске қатысты пікір:




2-аргумент




Абзацты қорытындылайтын сөйлем:




Қорытынды бөлім

Тезиске қайта оралып, ойды түйіндеу:




Эссені қорытындылаушы ой түйіні:









Қысқа мерзімді сабақ жоспары
34 -сабақ


Сабақтың тақырыбы Эссені талдау.

Сабақ мақсаттары

Эссені талда.

Сабақ соңында оқушылар

Эссені талдай алады.

Тірек сөздер

Позиция, дәлел, пікір, қорытынды

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті мен қазақ тілі

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

Қажетті ресурстар:

Қағаздар

Тапсырманың негіздемесі:

Эссені талдауға бағытталады.

1-тапсырма. «Абай Құнанбаев «Қара сөздерінің» өмірлік мәні
» тақырыбындағы эссені талда.

№1. Абай Құнанбаев «Қара сөздерінің» өмірлік мәні


Абай Құнанбаев қазақ халқының маңдайына біткен жауһары, сөз өнерінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы (түсіну сөйлем). Қара сөздерімен өрнектелген қырық бес сөзі, адамның өткен шағын, осы шағын, болашағын бейнелеп тұрғандай-ақ (өзектілік ). Менің ойымша, ақынның қарасөздері, өмірлік ұстанымда, өмірлік жолда, адам болып қалыптасуға зор үлесі бар (позиция). Неліктен? (кіріспеден негізгі бөлімге өтуші сөйлем). ( Кіріспе, 41 сөз).
Абай Құнанбаев адам болып ерте кезден қалыптасу үшін, дұрыс тыңдай білудің өзі өнер екендігін айтқан. «Бір нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар (пікір). Әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек, екінші сол нәрсені көргенде, я естігенде ішінен бірнеше рет қайталау
керек...»-деп, дұрыс тыңдай алу үшін, сол нәрсеге зер салып, іштей қайталап, зейін қойып тыңдай білу керектігін айтады (дәлел).
«Тыңдалмаған сөз - жетім» демекші сөздің терең ойын түсіну, қадір- қасиетін ұғыну адам өміріне керекті ең басты қасиет (анализ және бөлімге өтуші сөйлем)
Өмірдің бастауы ғылым мен білімде екенін (пікір): «Егер балаларыңыздың ақылды болғанын қаласаңыз, оны оқытыңыздар. Ғылым-білімнің барлығы орыстарда»-деп, Абай атамыз өзге тілді меңгеру дүниеге деген көзқарасты өзгертетінін әрі ғылымға бір қадам жақындауға септігін тигізетінін жеткізген. Ендігі бір ойында: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» -дей отырып (дәлел), ақын қанша жерден өзге тілді білсең де, өз тіліңе деген махаббатың, сүйіспеншілігің әрқашан биік тұру керек деген мақсат қояды. Яғни өз ана тілін қадірлеп, сүйе білген әр адам өзге тілді де солай құрметтейді, аялайды (анализ және бөлімге өтуші сөйлем).
Абай Құнанбаев өмірлік жолда өз-өзіңді шыңдау үшін ақылды бола білу керек екендігін(пікір): «Ақыл, қайрат, жүректі теңдей ұста, Сонда ғана боласың елден бөлек», - деп (дәлел), хакім Абай ақыл дараланбайды, ол тек жалынды қайратпен, мейірімді жүрекпен бір тұтас қасиет деген(анализ және бөлімге өтуші сөйлем).(190 сөз).
Қорытындылай келе, Абай атамыз өмірдің жолы – соқпақ жол, сондықтан да, оны дұрыс таңдау, ғылым - білімді меңгеруде саналы түрде өмір сүруге болатындығын айтқан (позицияға перефраз). Қарасөздердің тұжырымы ретінде, өмірлік ұстаным ретінде, Абай Құнанбаевтың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтан»( айтылған үш ойдың түйіні) (57 сөз).

40





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет