Нұран Перизат Дулатханқызы Халықаралық қатынастар факультеті. Аймақтану



Дата06.01.2022
өлшемі17,57 Kb.
#13896

Нұран Перизат Дулатханқызы

Халықаралық қатынастар факультеті. Аймақтану

212-группа


  1. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

  2. Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі.

  3. 1938-1939 жылдардағы халықаралық қатынастардағы дағдарыстар

Жауаптары:

1.Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жалпы Кеңес үкіметінің, яғни, КСРОның ыдырауының негізінде құрылған халықаралық үйым болып табылады. Бұл ұйымның құрылған уақыты, 1991 жылы КСРО тарағаннан кейін 21 желтоқсан. Жалпы, 1991 жылы 8 желтоқсан күні Минск қаласында үш елдің, яғни, Ресей, беларусь және Украин басшылары кездесіп, КСРО-ның ыдырауы туралы құжатқа қол қойды.сонымен қатар, осы сәтте, ТМД халықаралық ұйымының құрылуына жол ашты. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы 1922 жылы құрылған болатын, 8 желтоұсан күні ол келісімнің күші жойылып, ТМД құрылуыну туралы келісімге қол қойылды. Осы үш ел қол қойған келісім Беловеж келісімі деп аталды. Себебі Минск қаласының басұаша атауы осылай болатын. 13 қаңтарда Орта Азияның елдері және Қазақстан Республикасы Ашхабад каласында кездесіп, Беловеж келісімін қолдайтыны туралы құжатқа қол қайды. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматы қаласында 21 желтоқсан күні ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.

Жалпы ТМД халықаралық ұйымының әлемдік аренада алатын орны ерекше. СЕбебі, дәл осы ұйымда постсоветтік елдер бас біріктірген, сонымен қатар Ресей және Орта Азияның көптгене елдері бір ұйымда жиналып отыр.  ТМД ны халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды рөл атқарады. Себебі, ғалымдардың айтуы бойынша бұл ұйым Орталық Азия елдері үшін Еуропалық ұйым секілді. ТМД елдерінің ішіндегі ең беделдісі ол Ресей Федерациясы болып табылады. Достастықтың әрбір мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады. ТМД халыұаралық ұйым ретінде Орта Азия және әлемдік проблемаларды ортақ деп қарастырып, тиімді жолмен шешуге атсалысады. Басты мақсаты әрбір елдің егемендігін, тәуелсіздігін сақтап қалу, ОРта Азиядағы тыныштықты қадағалау. Бұл Халықаралық Ұйымдардың басты мақсаты деп ойлаймын.

2.Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастардың ерекшелігі.

Халықаралық қатынастар әр уақытта өз кезеңіне байланысты өзгеріп отырды. Әр ғасырда ғаламдық жағдайларға байланысты халықаралық қатынастардың ерекшелігі де өзгеріп тұрады. Яғни, әлемдік байланыс,халықаралық қатынас тұраұты емес. Мысалға алатын, болсақ 20 ғасырдың басындағ жағдайлар әлемдік өзгеріске алып келді. Қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі экономикалық негізі - әлемнің елеулі өзгерістердің арқасында қалыптасқан жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Осы жағдайдың арқасында халықаралық қатынастарды теңдік, тұрақтылық болмайды.



Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған әлемдік елдер өздерінің экономикалық жағдайын нығайтуда. Ал дамушы елдер дамыған елдерге тәуелді болып, өз саясатын дұрыс жолға қоя алмайда. Бұл да бір қалықаралық саясаттың кұпия кілті деп айтсақта болады. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында Америка құрама штаттары басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Әлемдік саясаттағы 1 орынға деген талас деп те айтуға болады. Жапония өзінің қарқынды түрде дамуының арқасында үздік үштіктен түскен емес. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Тек экономиканың ғана емес, саяси тұрғыдан да жоғары екендігін дәлелдеуі де мүмкін.  Сонымен қатар, Еуропаның дамыған елдері, Азияның дамушы елдері, АФрика елдері де халықаралық қатынасқа өздерінің үлестерін қосуда. Бұл аймақтық ұйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес ұйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.

3.1938-1939 жылдардағы халықаралық қатынастардағы дағдарыстар.

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың зардаптарын жою үшін ірі елдер арасында қарыздар мен төлемдер мәселесін дұрыстау қажет болды. Осыған орай 1931-32 жж. Германия репарация төлеуді, ал Еуропаның елдері АҚШ-тан алған қарыздарын төлеуді тоқтатты. Алайда дамыған елдер дағдарыстан шығу іүин ел ішіндегі салықты арттырды және валютаны алтынмен есептеуді дурыс деп ойлады. Бірақта ұлттық валютаны алтынға айырбастау, ірі елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарын нашарлатты. Халықаралық жағдайдың шиеленісуі ең алдымен фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясатына байланысты болды. Германияда өкімет басына фашистік партияның келуі халықаралық жағдайды шиеленістірді. Фашистік партияның негізгі мақсаты дүниежізін қайта бөлу болды. Батыс Еуропа елдерінің Германияны өздерінің айтқанына көнгізі үшін Мюнхен келісімі қарастырылды. Фашистік мемлекеттер мен батыстың демократиялық елдері арасында әскери қақтығыс болу қаупі Англия мен Францияның Кеңес Одағымен жақындасуы қажет екенін көрсетті. Ресей мен Европа елдерінің арасында осы жағдайға бйланысты көптеген кездесулер жүргізілді.1939 жылы Гитлер Сталинге КСРО мен Германия арасында бір-біріне шабуыл жасамау туралы келісім жасау үшін елшісін қабылдау туралы өтініш жасады .Сталиннің шешімі бойынша, Англиямен және Франциямен жүргізіліп жатқан келіссөздер тоқтатылды да, Германияның министрінің келуіне келісім берді.1939 ж. тамызда Москвада М.В.Молотов пен И.Риббентроп КСРО мен Германия арасындағы бір-біріне шабуыл жасамау туралы келісімге қол қойды.1939 жылғы 23 тамыздағы кеңес- герман келісімі Кеңес Одағының халықаралық беделіне үлкен нұқсан келтірді.Германия екі майданда соғыс жүргізу қаупінен құтылған соң,1 қыркүйекте Польшаға шабуыл жасады. Осылайша



Дүниежүзілік соғыстың басталуы негіз алды, бұл халықаралық қатынастардағы ең үлкен саяси, экономикалық дағдарыстардың бірі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет