Нұрсұлтан Назарбаев



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата17.01.2017
өлшемі10,92 Mb.
#2115
  1   2   3   4   5   6   7

№1 (873) қаңтар 2012 жыл

Мәртебелі болашақ туралы армандай отырып,

                                    мерейлі өткенімізді де жадымызда сақтағанымыз абзал.       

Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – 

Қазақстан дамуының басты бағыты» 

Жолдауы ЖариялаНды

2012  жылдың  27  қаңтар  күні  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаев  Парламент  палаталарының  бірлескен  отырысында 

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» 

атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 

Елбасының  биылғы  Жолдауын  Махамбет  Өтемісов  атындағы  Батыс 

Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  ұжымы  ұйып  тыңдады.  Жолдау 

университеттің  әр  оқу  ғимараттарының  акт  залында  тікелей  эфирде 

көрсетілді.

Құрметті 

Асхат Сәлімұлы!

Сізді  Батыс  Қазақстан  облыстық 

мәслихатына № 22 сайлау округы бойынша 

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар-

тиясы атынан депутат болып сайлануыңызбен 

шын жүректен құттықтаймыз. Депутаттық 

сайлауалды  тұғырнамаңызда  көрсетілген  

н а қ ты  м а қ с а т т а р   м е н   м ін де т те р 

облысымыздың  өркендеуін,  әлеуметтік-

экономикалық  дамуын,  облыс  тұрғындары 

әл-ауқатының одан әрі жақсаруы мен білім 

саласындағы қызметкерлерге қолдаудың ар-

туын  қамтамасыз  ететініне  университет 

ұжымының атынан ерекше сенім білдіреміз. 

  Сізге  ұзақ  ғұмыр,  мықты  денсаулық 

және  алға  қойған  ортақ  мақсаттарға  қол 

жеткізуде толағай табыстар тілейміз! 

 М. Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымы

1996 жылдан бастау алған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 

жыл  сайын  жаңа  мақсат-міндеттер  мен  тапсырмаларды 

қамтитын Жолдауы биыл да өз жалғасын тауып, жаңа үкімет пен 

жаңа парламентпен тарихи кезеңде, барша қазақстандықтарға 

биылғы  жылға  арналған  кезекті  тапсырмалардан  тұратын 

жаңа  Жолдауын  халық  назарына  ұсынды.  Жолдау  он  басым 

бағыттарға негізделген. Олар: 1.Жұмыспен қамту мәселесі. 2. 

Қол  жетімді  баспана.  3.Өңірлерді  дамыту.  4.  Қызмет  көрсету. 

5.Ел  басқару  саласындағы  жаңашылдық.  6.  Сот  жүйесінің 

жаңаруы. 7. Адами капиталдың дамуы, яғни білім беру, денсаулық 

сақтау. 8. Зейнеткерлік. 9. Индустриалды-инновациялық жоба. 

10.Ауылшаруашылықтың дамуы. 

Оқу  орнының  басшылығы,  белді  ұстаздары,  студенттер 

қауымы Мемлекет басшысының бұл жолғы Жолдауының осы он 

басым бағыттарын негізге ала отырып, өз ойларын ортаға сал-

ды. Оқу орнының ұстаздары мен студенттері жас мамандарды 

жұмыспен  қамтуға  байланысты  айтылған  Жолдаудағы  басым 

бағыттар,  әсіресе,  ауылдық  жерлерде  жұмыс  орындарының 

көптеп ашылуына зор ықпалын тигізеді дейді.



Балхия Бақтығұлова, 

ҚР  тарихы  кафедрасының  

аға оқытушысы:

-  Е л б а с ы н ы ң  Қ а з а қ с т а н 

халқына Жолдауын тыңдап отыр-

мыз. Тақырыбы ерекше. Жолдауда 

адамдарды  ж ұмыспен  қамт у 

мәселесі  көтеріліп  жатыр.  Және 

шағын  қалалардың  жағдайын 

көтеру  ескерілген.  Жұмыспен 

қамту  мәселесін  қарастыратын 

болсақ, біз педагог мамандарын дайындайтын болғандықтан, бұл 

бізге де өте жақын тақырып. Педагог мамандар көбіне жұмыссыз 

қалып қоятыны бар. Солардың жағдайын ойлап, мемлекет арнайы 

бағдарлама жасап, іске асыруға Президент тапсырма беріп жатыр. 

Студенттердің жыл сайынғы шәкіртақысын көбейтуде. Жастарға 

ерекше көңіл бөлуде. Соған біз өте қуаныштымыз және үлкен 

сенім артамыз. 



Альфия  Жақсығалиева,  тәрбие  ісі  жөніндегі  бөлім 

психологы: 

-    Биыл  да  Елбасымыз  халыққа  он 

бағыттан  тұратын  Жолдауын  ұсынып 

отыр. Мені өзімді білім беру саласын-

да  қызмет  ететін  қызметкер  ретінде 

жетінші  бағыт  -  адами  капиталдың 

дамуы,  яғни  білім  беру  саласы  мен 

денсаулық  сақтау  саласын  дамытуға, 

модернизациялауға арналған жобалар 

мен  бағдарламаларға  қуанып  отыр-

мын.  Дана  ғалымдар  бекер  айтпаған, 

білім  -  адам  баласының  болашақ  ка-

питалы деп, сондықтан Елбасы білімге 

баса  назар  аударуы,  болашақта  тек 

адам адамнан біліммен ғана озатынын 

көрсетеді.  Ел  тізгінін  ұстап  болашақ 

елдің  іргесін  қалайтын  жастарымызға 

Елбасы Президенттік корпуста өзін шыңдайтын мүмкіншілік жа-

сауы, болашақ жастардан үлкен үміт күтетіні сезіледі, сондықтан 

ардақты менің құрдастарым, ардақты студенттер Елбасымыздың 

сенімін бірге ақтайық дегім келеді.

Эдуард Имашев, руководитель 

отдела НИР: 

- Необходимо отметить, что в своем 

послании Президент страны подчер-

кнул  важность  модернизации  сферы 

образования  и  науки.  Ведь  будущее 

любой страны зависит от уровня раз-

вития образования и науки. Запущен 

механизм  системной  модернизации 

научной  деятельности  в  Казахстане, 

основой которой стал утвержденный 

18  февраля  2011  года  новый  Закон 

«О науке».

Одним  из  приоритетных  направ-

лений, озвученны Главой государства, 

является  региональное  развитие  и  внедрение  индустрально-

инновационных  проектов.  Однозначно  Президентом  страны 

отмечено,  что  индустриально-инновационное  развитие  явля-

ется  главным  вектором  модернизации  экономики  Казахстана. 

Индустриально-инновацинное  развитие  формирует  новую 

парадигму региональной политики и пространственной органи-

зации хозяйства и населения страны, имеющую немаловажное 

значение в региональном развитии. Дальнейшая реализация про-

граммы индустриально-инновационного развития страны в целом 

и ее регионов невозможна без разработок и внедрения инноваци-

онных проектов. Роль Западно-Казахстанского государственного 

университета им. М.Утемисова в индустриально-инновационном 

развитии Западно-Казахстанской области заключается в подго-

товке высококвалифицированных кадров, разработке и внедре-

нии в производство инновационных проектов.

Құрметті оқырман қауым! 

Биыл 2012 жылдың күз айында білім ордасы 80 жылдығын 

тойламақ.  Мерейтойға  арналған  университетішілік  бірнеше 

шаралар  жоспарлануда.  Оған  бәріміз  бір  кісідей  қатысып, 

атсалысуға міндеттіміз. Осы 80 жыл ішінде университеттің алған 

асулары өлшеусіз. Алмағайып кезеңді бастан өткерген білім 

ордасы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі өмірінде де 

айтарлықтай оқиғаларға  куә болып,  биік белестерді бағындыра 

білді.  Қазір  әлем  мойындаған  елдердің  қатарында  болсақ, 

1932 жылдан өз бастауын алған білімнің қара шаңырағы бүгінгі 

таңда әлем елдерінің жоғары оқу орындарымен терезесі теңдес 

болып,  үлкен  рейтингке  ие  болды.  Білім  сапасының  деңгейі 

жоғарылап,  профессор-оқытушы  қауымының  әлеуеті  артып, 

материалдық базасы нығайды. Қасиетті қара шаңырақтың абы-

ройын асқақтатып, биік шыңнан көрінуіне өз үлестерін қосқан 

іскер әрі шебер басшылардың еңбегі ерен деп айтуға болады. 

Сан  жылдарға  толы,  өткен  тарихи  күндерден  сыр  шертер 

естелік әңгімелер мен жырларыңыз болса, «Өркен» газетінің 

бетінен «Таңғажайып өмір» деген тақырыппен ашылып отырған 

айдарға жолдауларыңызға болады. Пікірлеріңізді білдіріп, қалың 

оқырманмен ой бөлісуге шақырамыз. 



Біздің мекен-жайымыз: Сарайшық көшесі, 34, 106 бөлме, БАҚ 

және баспа орталығы, байланыс телефоны: 8(7112)50-76-52.



«Өркен» газетінің редакциясы

ИнспекцИонный аудИт 

системы менеджмента качества

Целью  ежегодно  проводимых  инспекционных  ауди-

тов  является  оценка  результативности  и  непрерывного 

улучшения СМК ЗКГУ им. М.Утемисова  в соответствии с 

требованиями стандарта СТ РК ИСО 9001 при предостав-

лении образовательных услуг. 

В период с 25.01. по 26.01. 2012 года в университете  про-

шел  инспекционный  аудит  по  подтверждению  соответствия 

системы менеджмента качества требованиям СТ РК ИСО 9001. 

Инспекционная проверка проводилась экспертом-аудитором 

Западно-Казахстанского филиала АО «Национальный центр 

экспертизы и сертификации» Махлеевой В. Г. Аудит проходил 

в 16 подразделениях вуза согласно плана ЗКФ АО «НаЦЭкС», 

согласованном  с  руководством  университета.  Экспертом-

аудитором были охвачены практически все основные процессы 

жизнедеятельности  университета,  влияющие  на  качество 

предоставляемых  образовательных  услуг.  По  результатам 

инспекционного аудита были отмечены следующие сильные 

стороны: лидерство руководства, высокая компетентность и 

профессионализм  персонала,  использование  современных 

методов  обучения,  совершенствование  процессов,  необхо-

димых для ее функционирования. 

Инспекционный  аудит  установил  соответствие  си-

стемы ЗКГУ им.М.Утемисова требованиям стандарта СТ 

РК ИСО 9001.

 

Оқырман назарына



80

жыл


Құрметті 

Тұяқбай Зейітұлы!



Сізді М. Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымы 

атынан Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты 

сайлауының табысты өтуімен және облыстық 

мәслихат сайлауындағы сенімді жеңісіңізбен 

шын жүректен құттықтаймыз. 

Аудан тұрғындарының бірлесе қолдау жа-

сауы – Сіздің білім, білік, бірлікке негізделген, 

алдағы уақытта жүзеге асыратын болашақ 

жоспарларыңызға  деген  сенімінің  айқын 

көрінісі.  Әрдайым  денсаулығыңыз  мықты, 

ғұмырыңыз ұзақ болып, күш-қайратыңыз арта 

берсін!

                        М. Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымы

Ґ

№ 1 (873)

 қаңтар 

2012 жыл


2

Өткен жылдың 30 желтоқсанында М.Өтемісов атындағы 

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректораты 

болып өткен еді. Онда жемісті еңбегімен жетістікке жеткен 

жеңімпаздар марапатталып, күн тәртібіндегі мәселелер 

қаралды.


Марапаттаулар: Мельников Владимир Леонидович 

қысқы  Президенттік  көпсайыста  ҚР  кубогында  І  орын 

алғаны үшін дипломмен марапатталды.

Жарылғасов  Бағдат  Ашот  Макарян  жүлдесі  үшін 

VІІІ халықаралық самбо турнирінде ІІІ орын алғаны үшін 

грамотамен марапатталды.

Күн  тәртібінде:  Қашықтан  оқыту  технологиясы 

бөлімінің  жетекшісі  З.М.Габдуллина  университетте 

қашықтан  оқыту  технологиясын  енгізу  барысы  туралы, 

ТІ  және  ӘМ  жөніндегі  проректор  Т.М.Даришева  ЖОО-

дағы  тәрбие  жұмысын  ғылыми-сараптамалық  және 

әдістемелік қамтамасыз ету мен негізгі бағыттары туралы, 

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор Ә.Қ.Мұқтар «М.Өтемісов 

атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 

академиялық қауымдастырылған профессоры (доцент), 

академиялық профессоры ғылыми атақтарын беру тура-

лы» ережені бекіту туралы, ғылыми хатшы А.С.Ниетова 

А.Б.Ниязбекованың «Химиялық экология», «Химия пәнінен 

сарамандық жұмыстар» оқу құралдарын Абай атындағы 

Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  “Білім” 

тобындағы мамандықтар бойынша ОӘС-ның грифін алуға 

ұсыну туралы сөз қозғап, қаулылар қабылданды.

2012  жылдың  9-шы  қаңтарында  оздырылған  ректо-

ратта университет ректоры Асхат Сәлімұлы Иманғалиев 

Ғылыми кеңесте

Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы 2012 жылы қаңтар айының 23-і күні  Орал 

қаласында журналистер, заңгерлер және БАҚ басшылары мен баспасөз хатшыларына арналған «Журналистер 

мен БАҚ-тың құқықтық және лингвистикалық қауіпсіздігі» тақырыбында семинар өткізді. 

Шырайлы 


ректорлық бал кеші 

Ж

асыл шырша 



анында

Өткен  жылдың  30  желтоқсан  күні  университетте 

белсенді  жастардың  жаңа  жылдық  шыршасы  болып 

өтті. Мерекелік кешке арнайы келген университет түлегі, 

ҚР  Парламенті  мәжілісінің  депутаттығына  үміткер 

Тарасенко Елена Ивановна, университет түлегі, жастар 

көшбасшысы, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер 

Сатыбалдиев  Марс,  «Нұр  Отан»  ХДП  БҚО  филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары,  университет  түлегі, 

облыс  мәслихат  депутаттығына  үміткер  Сарқұлов 

Асланбек, облыс мәслихат депутаттығына үміткер, ректор 

Иманғалиев Асхат Сәлімұлы қатысты. Проректорлар 

Ә.Тасмағамбетов,  Т.  Даришева,  Ғ.  Жүсіпқалиева  және 

жастар  даму  орталығының  белсенді  түлектері  де  осы 

кештің куәсі болды. Думанға толы кеште Е.Тарасенко сөз 

сөйлеп, осы білім ордасының түлегі екендігіне мақтаныш 

сезімін білдіріп, студент жастарды оқып-білім алуға, елдің 

патриоты болуға сенім артып, жаңа жылдық мерекемен 

құттықтады. Сондай-ақ кеше ғана білім ошағынан түлеп 

ұшқан, жас та болса бас болып, ел игілігі жолында еңбек 

етіп келе жатқан Асланбек Сарқұлов та өз лебізін жастарға 

арнады.  Ректор  А.Иманғалиев  жастардың  білім  алуына 

қазіргі таңда бар жағдайдың жасалып жатқандығын атап 

өтіп, жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Одан әрі жаңа 

жылдық  кеште  аяз  ата  мен  ақшақардың  қатысуымен 

өнерпаз  жастардың  өнері  тамашаланды.  Жастар  даму 

орталығының  жетекшісі  М.Исатаев  университеттің  оқу 

үрдісінде, мәдени шараларында белсенділік танытқан бір 

топ студенттерді марапаттады. Жастарды адамгершілікке 

баулып, тәрбиелейтін, жастар арасынан өз көрермендерін 

тапқан  «Серпін»  жастар  театрының  жетекшісі  Жігер 

Мұрзалиевке арнайы алғыс білдіріп, сый-сыяпат табыс етті. 

Жасыл шырша жанындағы ерекше құттықтаулар мен әдемі 

әндер студент жастарды әсем көңіл-күйге бөледі.



Өз тілшіміз

Өткен  жылдың  28  желтоқсан  күні  «Университет» 

кафесінде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 

және мүгедектігі бар студенттерге арналған жаңа жылдық  

«Ректорлық  бал»  мерекелік  кеші  ұйымдастырылған 

болатын.  Кешке  ректорат  мүшелері,  отбасы  үлгісіндегі 

балалар үйінің директоры және университеттің белсенді 

студенттері  қатысты.  «Ертегілер  әлемі»  деп  аталған 

кеште  «Серпін»  студенттер  театры 

«Жаңа жылдық  ертегілер ассортиі» 

деп аталған қойылымын шақырылған 

қонақтар назарына ұсынды. Кеш бары-

сында І проректор Ә.С.Тасмағамбетов 

студенттерді  Жаңа  жыл  мерекесімен  құттықтап,  жаңа 

табыстар мен жетістіктер тіледі. Әрі қарай университеттің 

«Қорған»  тобы,  «Намыс»  КТК  командасы,  Ә.Орашев 

пен  Д.Рамазанов,  Б.Оразғалиева  және  балалар  би 

студиясы әсем ән және көңілді бимен кештің шырайын 

келтірді. Сонымен қатар жаңа жылдық мерекенің басты 

қонағы,  әр  адам  асыға  да  тағатсыздана  күтетін  Аяз 

ата  және  Ақшақар  да  бұл 

кештің құрметті қонағы бол-

ды. Олар ескі жылда болған 

жетістіктерді атай отырып, 

жаңа  жылда  жаңа  асу-

ларды  бағындыратынына 

сенім білдіріп жаңа жылдық 

ыстық  лебізін  білдірді. 

Кеште арнайы дайындалған 

мерекелік  торт  кесіліп, 

с т уд е н т т е р г е   б а ғ а л ы 

сыйлықтар  табыс  етілді. 

Сонымен қатар кеште түрлі 

ойындар ұйымдастырылып, 

кейін би кешімен жалғасын 

тапты.  


Айжангүл  ПеРғАлИевА, 

студенттік 

кәсіподақ төрайымы

ҚазҰтА  өткізген семинар 

Аталмыш шараға Батыс  Қазақстан 

облысы  мен  Орал  қаласының  БАҚ 

басшылары,  редакторлар,  журна-

листер,  заң  саласының  мамандары 

қатысты.  Семинар  Батыс  Қазақстан 

облысы  мен  Орал  қаласының  БАҚ 

б а с ш ы л а р ы н ы ң ,   з а ң г е р л е р д і ң , 

ж урналистердің  констит уциялық 

құқықтары  мен  міндеттерін,  БАҚ-тың 

жауапкершіліктерін  және  т.б.  заңдық 

дәрежелерін  жоғарылату  мақсатында 

ұйымдастырылды. 

Семинар барысында  БАҚ-қа қатысты 

мәселелер,  құқықтық  және  этикалық 

стандарттар, ақпарат алу және тарату 

бостандығы, БАҚ өкілінің құқықтары мен 

міндеттері, ар-намыс, іскерлік беделді 

қорғау туралы талап арыздар, мәтіндік 

сараптаманың қажеттілігі, оны жүргізу, 

журналистердің  құқықтық  мәдениеті, 

лингвистикалық  қауіпсіздікті  сақтау, 

журналистердің  қоғамдағы  рөлінің 

ерекшелігі  сынды  келелі  тақырыптар  талқыланып,  осы 

тақырыптар аясында шеберлік сабақтар өтті.  Семинарды 

белгілі  журналист,    тәжірибелі  тренер  Әженова  Ғалия 

Хакімқызы жүргізді. Бұл семинарға біздің университеттен 

де өкілдер қатысып қайтты. 

Бүгінгі  дамыған  ақпараттық  қоғамда  бұқаралық 

ақпарат құралдарының  рөлі мен  журналистердің кәсіби 

және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы 

семинарлардың  жүргізілуі  БАҚ  өкілдері  үшін  маңызды 

болмақ.


Рита СұлтАНғАлИевА, 

М. Өтемісов атындағы БҚМУ 

баспасөз хатшысы

филология факультетінің деканы м.а. Утегенова Қарлыға 

Тасқалиқызын 50 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, 

университет атынан «Құрмет грамотасымен» марапатта-

ды және  алғыс хат, ақшалай сыйлық  пен гүл шоғын табыс 

етіп, университет ұжымы атынан ізгі тілегін білдірді.

Қаңтар  айының  11-ші  жұлдызында  М.Өтемісов 

атындағы  БҚМУ-дың  кезектен  тыс  Ғылыми  кеңесі 

өткізілді.

Күн  тәртібінде  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ  құрметті 

профессоры,  танымал  ақын  А.Б.Бақтыгерееваның  «Ақ 

айдын»  жинағын  Қазақстан  Республикасының  әдебиет 

және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына  ұсыну 

туралы сөз қозғалып, қаулы қабылданды.

Қаңтар  айының  20-сы  күні  М.Өтемісов  атындағы 

БҚМУ-дың ректораты өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселелер 

қарастырылды. 

Тарих  және  қ ұқық ,  экономика  және  басқ ару 

факультеттерінде  БҚМУ  түлектерінің  еңбек  нарығында 

сұранысқа  ие  болуын  қамтамасыз  ету  мақсатында 

элективті  пәндер  каталогы,  мамандану,  оқу  үрдісінің 

кестесін қалыптастыру бойынша жұмыс берушілер және 

сараман  базасымен  жұмысты  ұйымдастыру  және  2010-

2011  оқу  жылында  ПОҚ-тың  республиканың  жетекші 

оқу  орындарында  біліктілік  арттыруының  нәтижесі 

мен  жетілдіру  жолдары  туралы  маңызды  мәселелер 

талқыланып, қаулы қабылданды.

Айгүл НИетовА, 

ғылыми хатшы 

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінің  ұйымдастыруымен  2010  жылдың 

24-26  қараша  күндері  аралығында  студенттердің 

ғылыми-зерттеу  жұмыстары  (СҒЗЖ)  конкурсының 

университетішілік кезеңі сәйкес факультеттерде өткен 

болатын. 

Жалпы  университетішілік  конкурсқа  барлығы                 

167  жұмыс  тапсырылды.  Комиссия  шешімі  нәтижесінде 

54  жұмыс  іріктеуден  өтіп,  конкурстың  республикалық 

кезеңіне жіберілді. Республикалық СҒЗЖ - 2010-2011 оқу 

жылындағы конкурсына жіберілген 54 жұмыстың ішінде 

Е.Попова,  Е.Соловей,  М.Ханафеева,  А.Молдашева, 

Ә.Елешев, О.Карташова, Л.Иманкулова, А.Абоимов сынды 

студенттеріміздің жұмысы комиссия шешімімен үздік деп 

танылып, министрліктің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен 

марапатталды. 

2012 жылдың 29 қаңтары мен 26 сәуір аралығында 

академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша 

университетіміздің  9  студенті  Польшаның  Быдгощ 

қаласындағы  Халықаралық  туризм  және  мәдениет 

институтына оқуға барады. 

Сондай-ақ  Гутенберг  атындағы  университетпен 

жасалған  келісімшарттың  негізінде  университетіміздің         

3 студенті аталған университетке оқуға кеткелі жатыр.



Бүкіләлемдік  қысқы  универсиада  –  2017  жоспа-

рына сәйкес бастапқы әскери дайындық және дене 

шынықтыру бөлімі студенттерінің арасында 9 қаңтар 

күні шаңғы спортының біріншілігі өтті. 

Бұл жарыс Хан тоғайында ұйымдастырылды. Жарыс 

қорытындысы  бойынша  Абулхайров  Ерлан  І  орынға, 

Андреев  Алексей  ІІ  орынға,  Облатков  Артем  ІІІ  орынға 

ие болды.

Еліміздің  бас  қаласы  –  Алматыда  шаңғы  спор-

тынан  Қазақстан  Республикасының  чемпионаты 

оздырылды. 

Бұл  додада  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік университеті дене тәрбиесінің теориясы мен 

әдістемесі  кафедрасының  оқытушысы  В.Л.Мельников           

І орынға қол жеткізді.

Ағымдағы  жылдың  11-13  қаңтар  күндері  Орал 

қаласындағы Айтиев атындағы спорт залында жастар 

арасында дзюдодан облыстық чемпионаттың іріктеу 

кезеңі өткізілді. 

Бұл бәйгеде С.Бақытжан 66 кг. салмақ дәрежесінде      

І орынға, Б.Қаделов 70 кг. салмақ дәрежесінде ІІ орынға, 

Н.Мәдениетов  55 кг. салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие 

болды.

БҚГА-ның  ұйымдастыруымен  11  қаңтарда 

оқытушылар  арасында  үстелді  теннистен  ашық 

біріншілік өтті. 

Жарысқа  4  құрама  команда  қатысты.  М.Өтемісов 

атындағы  БҚМУ-дың  дене  тәрбиесі  кафедрасының 

оқытушысы А.Х.Жұмағалиев І орынға ие болып, БҚАТУ 

оқытушысы  С.Ержанов  ІІ  орынға  қол  жеткізсе,  БҚГА-

ның  оқытушысы  К.Досов  ІІІ  орынды  місе  тұтты.  Жалпы 

командалық  есепте  БҚМУ  құрама  командасы  жүлделі         

І орынды қанжығаларына байлады.  



Ґ

№ 1 (873)

 қаңтар 

2012 жыл


3

2011 Жыл Жетістігі



Мұхадес Әпсанасы 

Жазушы-прозик, халықаралық «Алаш» 

сыйлығының лауреаты Мұхадес Еслямғалиев 

әу баста «жағырафия» факультеті студенті 

 Білім ордасына 80 жыл

атанып, кейін филфакқа көп «әупіріммен» 

ауысқан. Бірде мен: «Мұхадес, көп шәкірт 

институттағы  таң даулы  факультет-

жаратылыстану-география  факультетіне 

әзер түседі, ал сенің одан безгенің не?» - 

десем: «Әй, Секе, сенің не білгенің бар, онда 

бақа-шаянды оқытады екен ғой, Сіздерде 

әйтеуір «адамтануды» үйретеді емес пе?, - 

деп қарап тұр?!



«Ленин» орденді оқытушы

Шәндә  Жұмағазықызы  өте  қатал, 

әділ,  көп  сөзсіз,  еңбекшіл  оқытушы  еді. 

Әуелі қиын мәтінді диктантпен группаны 

«құлатып,  құлатып»  алып,  сосын  грам-

матика  сиқырын,  сауаттылық  сырын 

ғажап  ашады  екен.  Оқытушыларды 

«сортқа» бөлудің майталманы, өте сауат-

ты, Ленин  атындағы  стипендиат Сембай 

Қаңтарбаев:

-  Әттең,  Шәндә  апай  орта  мектепте 

жұмыс  істесе  мына  сауат,  мына  мінсіз 

қызметімен  әлдеқашан  «Ленин»  орденін 

алар еді, институтта қор болған өмір мен 

еңбегі-ай, - деп қажып отыр.

Таңғажайып өмір



Жер бетінде университет секілді қастерлі орын сирек. Университет 

- адамдар зердесінде ұшқын атып, жалын шашып, мәңгілік маздап тұрған 

Прометей оты. Бұл аз. Университет - баладан Сіз секілді дана тәрбиелейтін 

орын.  Бұл  да  аз.  ұлттық  университет  -  сол  ұлттың  есеюі,  парасат 

әлеміндегі паспорты, -  деді ұлы Зейнолла Қабдолов.

Айтса  айтқандай,  университетте  қаншама  ғұлама  ғалым,  тамаша 

студенттер  болмады десеңізші?! Солардың әрбіреуі университеттің 80 

жылдық  шежіресіне  бір-бір  парақ  өнеге-үлгі,  жарқын  оқиғалар  қалдырып 

кетті. Біз сонау шежіренің ең үздіктерін жариялағымыз келеді. «таңғажайып 

өмір» рубрикасына, қош келдіңіздер!

«Мен 18-ге толдым, алғаш рет 

дауыс беремін!» акциясы өтті 

 Сайлау - 2012



Мықты мен күшті

Менің  группа ласым  Серікболат 

Закировтің бойы 188 сантиметр, салмағы 

120  килограм  еді.  Ал  досым  Ұзақбай 

Рахметуллин тапал, жалпақ, 32 килограм 

кіртасын 32 рет көтеруші еді. Біздің «жынды» 

қыздар әп-сәтте қанатты сөз ұшырған: «О, 

алла, Серікболаттың астына, Ұзақбайдың 

уысына  түспегейсіздер,  -  деп.  Екеуі  де  о 

дүниелік болып кетті. О, опасыз дүние.



Пах, пух!

70-ші жылдары жас оқытушылар сту-

денттермен  мидай  араласап  жүруші  еді 

ғой. Қазір оларды бір азамат, не Ұлы Отан 

соғысынан келген ардагер дерсіз...

Бірде  Шыңғыс  Айтматовтың  бір 

әңгімесінен 646-топ студенттері бір актілі 

пьеса қойды. Акт залында ине шаншар жер 

жоқ.  Фабула  бойынша  оқытушы  Байжан 

Молдағалиев  соғыстан  қашып  жүрген 

міскінді (студент Қожахмет Демеубергенов) 

атып  жіберу  керек.  Тарс  еткен  дыбысты 

магнитофон шығаруға тиісті. Ол бұзылса 

керек.  Байжекең  ауызбен  «Пух»  деді  де 

«құла»,  «құла»  деп  зілдене  сыбырлады. 

Зал «қырылып» қалды.



Көрген, естіген 

Серікқали ШАРАБАСов

Алғыс хат




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет