Нұрсұлтан Назарбаев



жүктеу 17.44 Mb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата12.01.2017
өлшемі17.44 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

№15 (872) желтоқсан 2011 жыл

Біздің жастарымызға мақсаткерлік, болашаққа деген шүбәсіз сенім, 

                         мойымас жігер, кез келген істі қолға алуға деген құлшыныс тән.       

Нұрсұлтан Назарбаев

80 жылдық тарихы бар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай университет студенттері арасында бұрын-соңды болмаған, нағыз сұлулар мен сымбатты 

арулардың  «Фотосәнгер БҚМУ – 2011» байқауы өткізілген болатын. Екі ай көлемінде талай қызықты басынан өткізген, білім 

мен білгірлікті қатар ала жүріп, сұлулық әлеміне саяхат жасаған «Фотосәнгер БҚМУ – 2011» байқауының шешуші, қорытынды 

кеші университеттің акт залында күтпеген заманауи сәттерге толы, тың жаңалықтар мен үлкен табыстарды игерген таңғажайып 

мерекелік кеш ретінде өтті. 

Түрлі тақырыптарды фотосуретпен байланыстырып, қоғамдағы 

өзекті  проблемаларды  фотосурет  тақырыбына  арқау  еткен  бұл 

байқауға қатысуға ниет білдіргендердің саны аз болмады. Қырыққа 

жуық қыз кастингке келіп, он бесі негізгі байқауға таңдалды. Апта 

сайын фотосессия қорытындысы бойынша бір ару қызымыз апта 

жеңімпазы атанса, енді бірі тақырыпты аша білу қабілеті мен фото-

суретке  түсу  өнері  бойынша  сарапталып  байқаудан  тыс  қалып 

отырды. Байқау басталғалы екі ай көлемінде, қырық қыздың ішінен 

топ жарып, мәреге жеткен төрт арудың қатарында «халықаралық 

қатынастар» мамандығының 1 курс студенті Айзада Қасиетова, «ди-

зайн» мамандығының 1 курс студенті Эльмира Қазиева, «музыкалық 

білім» мамандығының 1 курс студенті Ару Байғалиева, «биология» 

мамандығының 1 курс студенті Гүлназ Атаева болды. 

Байқау барысында қатысушыларымыз экология тақырыбында 

суретке  түскенін  айтып  кеткен  абзал.  БҚМУ  жанындағы  «Fashion 

exclusive» сән театрының дизайнері, «Фотосәнгер БҚМУ» байқауының 

арт-менеджері  Нұрлан  Ақжігітовтың  қолынан  шыққан  туындылар 

олардың  тақырыптарының  аша  білулеріне  үлкен  көмек  болды. 

Фотосессия соңында қатысушыларымызбен бірге өзен жағалауына 

сенбілік жүргізген болатынбыз. Қаламыздың мөлдір бұлағы Жайық 

өзенінің ластануы бүгінгі таңдағы толғандырар өзекті мәселе екені 

 Фотосәнгер БҚМУ - 2011

АйзАдА -


университеттің  фотосәнгері 

ақиқат.  Сонымен  қатар,  соңғы  апталардың  бірінде,  байқауға 

қатысушыларымыз  ретро  стиліндегі  киімдермен  фотосуретке 

түскен  болатын.  Фотосессия  болмас  бұрын  тың  дайындалған 

қатысушыларымыз 70-80 жылдағы киноларды қарап, сол заманның 

тарихына да көз жүгірте білді. Осы аптада рэтро жанры бойын-

ша  биші  әрі  сәнгер  А.Тілеуғалиевтен  шеберлік-класын  алған 

болатын. 

Бұл қорытынды кешке екі ай бойына арулармен жұмыс жасаған 

білікті мамандар, сондай-ақ демеушілер қатынасты. Қорытынды 

кеште мәдениет және өнер факультетінің деканы М.М. Нағымова, 

«Эля» сән үйінің білікті шебері Ш.М. Сапарова, «Жастар жана-

ры» облыстық жастар газетінің бас редакторы В.М.Гайнуллина, 

БҚМУ  түлегі,  биші,  білікті  сәнгер  Аслан  Тілеуғалиев,  «АсНұр» 

студиясының  директоры  А.Ғабдрашитұлы,  «БҚМУ  Студенттер 

кәсіподағы»  ЖҚБ  төрайымы  А.Перғалиева,  «Step  up»  би 

үйірмесінің жетекшісі С.Даутов, тәрбие ісі жөніндегі бөлім психо-

логы А.С.Жақсығалиева, мәдени-демалыс жұмысының жетекшісі 

М.Қ.Сүлейменов, «Фотосәнгер БҚМУ» байқауының арт- менеджері 

Н. Ақжігітов төрелік етіп, қимыл-қозғалыстарын сараптап, әділ 

бағасын берді.

(Жалғасы 4 бетте)

Қадірлі әріптестер және студенттер!

Сіздерді Жаңа 2012 Ұлу жылымен шын жүректен құттықтаймын!

Өркениетті еліміздің халықаралық үлгідегі жоғары білім мен 

тәрбие беру ісіндегі абыройлы еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге 

саулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін. 

Тәуелсіздігіміз баянды болып, салиқалы саясат пен бағдарлы 

бағыт арқасында кемел келешегімізге кепіл бола білетін 

жастарымыздың, терең білімді, бәсекеге қабілетті 

маман болып қалыптасуларына тілектестігімді білдіремін.

Жаңа жыл жаңа бастамалардың жаршысы, 

табыс пен жақсылықтың жылы болғай! 

                            

    

Ізгі тілекпен,

       Асхат Сәлімұлы Иманғалиев,

 М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 

   мемлекеттік университетінің  ректоры                 


Ґ

№ 15 (872)

 желтоқсан 

2011 жыл


2

В Западно-Казахстанском государственном университете им. М.Утемисова 

состоялся  on-line  семинар  «Выполнение  параметров  Болонского  процесса  в 

ЗКГУ им.М.Утемисова», посвященный Дню образования и проводимого в рамках 

Акции «20 звездных дней - 20 вершин Независимости».

 Университет тынысы

Модернизация образования в Казахстане: 

практика внедрения болонского процесса

Качество высшего 

образования долж-

но отвечать самым 

высоким междуна-

родным требованиям. 

Вузы страны должны 

стремиться  войти 

в рейтинги ведущих 

университетов мира.

 Н.А.Назарбаев

Вопросы  образования  затрагивают 

интересы всех граждан любой страны. От 

доступности и качества образования зави-

сят перспективы успешного развития госу-

дарства, рост благосостояния населения и 

успехи личной карьеры каждого отдельного 

человека.

В Казахстане идет серьезная модерни-

зация образования и введение новых требо-

ваний к его качеству.  Для международного 

признания национальных образовательных 

учебных программ, обеспечения мобильности 

обучающихся и преподавателей организаций 

образования, а также повышения качества 

образования и обеспечения преемственности 

всех уровней образования в организациях 

образования реализуется единая кредитная 

технология обучения. 

В ЗКГУ им. М.Утемисова предпринима-

ются  практические  шаги  по  осуществле-

нию эффективного внедрения параметров 

Болонского процесса: академической мо-

бильности обучающихся и преподавателей, 

модульных образовательных программ, дву-

дипломных программ, сетевых консорциумов 

вузов, академических обменов между вузами-

партнерами и др.  На  оn-line семинаре речь 

шла об этих актуальных вопросах. 

Оn-line семинар предоставил участникам



 

необходимые знания по широкому кругу во-

просов, касающихся внедрения кредитной 

технологии обучения в ЗКГУ им. М.Утемисова, 

и дал возможность выработать необходимые 

меры


 по развитию кредитной технологии обу-

чения, стимулировать его реформирование и 

модернизацию, а также определить конкрет-

ные пути решения имеющихся проблем.

Участниками  мероприятия  стали 

профессорско-преподавательский  состав 

университета, представители учреждений 

высшего профессионального образования 

города, представители общественных и про-

фессиональных организаций, ассоциаций и 

объединений в сфере образования, предста-

вители средств массовой информации.

Интерактивный  оn-line  семинар  отли-

n-line  семинар  отли-

-line  семинар  отли-

line  семинар  отли-

  семинар  отли-

чался от других проводимых мероприятий 

рядом ключевых особенностей. Во-первых, 

в работе семинара был задействован весь 

профессорско-преподавательский  состав 

университета, во-вторых, была осуществлена 

многоканальная оn-line связь между шестью 

корпусами университета. 

Мероприятие имело ярко выраженную 

практическую  направленность:  участники 

имели возможность получить актуальную 

информацию от ведущих экспертов о состоя-

нии дел во внедрении параметров Болонского 

процесса в университете, задавать вопросы 

спикерам сразу после их выступлений, что по-

зволило участникам своевременно получать 

необходимые комментарии и разъяснения.

Семинар начался с осуществления мно-

гоканальной оn-line связи с шестью корпусами 

университета.  Спикеры корпуса № 1 начали 

семинар с обсуждения вопроса о разработке 

образовательных  учебных  программ  при 

КТО в ЗКГУ им.М.Утемисова в соответствии 

с Дублинскими дескрипторами. Для показа 

практически  разработанных  модулей  по 

специальностям «Физика», «Математика», 

«Биология» была осуществлена оn-line связь 

с корпусом № 5.  Семинар продолжился в 

корпусе № 1 для обсуждения следующих 

актуальных вопросов: «Механизмы опреде-

ления  наполняемости  кредитов  по  типу 

ECTS»  и  «Академическая  мобильность  в 

рамках казахстанской модели перезачета 

кредитов по типу ECTS: организационные 

вопросы и механизмы реализации». Оn-line 

связь с корпусом № 2 позволила узнать об 

осуществлении международного сотрудни-

чества в рамках академической мобильности 

студентов  и  магистрантов  на  факультете  

экономики  и  управления.  Оn-line  связь  с 

корпусом  №  7  и  корпусом  №  3  показала 

мастер-класс «Интерактивные методы орга-

низации самостоятельной работы студентов 

в университете». Оn-line семинар закончился 

обсуждением вопросов обеспечения каче-

ства высшего образования в Евразийском 

пространстве в корпусах № 1 и № 4. Особый 

акцент был поставлен на критериях междуна-

родной аккредитации специальностей.

Галия  Жусупкалиева,  проректор  по 

учебной работе ЗКГУ им.М.Утемисова, от-

метила: «Спикерами о������ �еми�ара �в���



������ �еми�ара �в���

����� �еми�ара �в���

���� �еми�ара �в���

 �еми�ара �в���

ют�� �юди, о�ицетвор�ющие �обой и��о�

вацио��ое развитие �ашего у�ивер�итета. 

Объеди�е�ие таких �пециа�и�тов �а од�ой 

п�ощадке, �озда�ие у��овий д�� обме�а �а�

коп�е��ого ими опыта – за�ог у�пеш�ого 

в�едре�и� кредит�ой тех�о�огии обуче�и� 

в �ашем у�ивер�итете».

По мнению участников, оn-line семинар 

был своего рода площадкой для дискуссий. 

Общение  с  коллегами  дало  возможность 

найти принципиально новые пути решения 

существующих вопросов.



Карлыга УТЕГЕНОВА, 

дека� фи�о�огиче�кого факу�ьтета, 

ка�дидат педагогиче�ких �аук, доце�т

ҚазаҚ елінің жарҚын бетбұрысы



 

М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-да  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің                               

20 жылдығына арналған «Қазақ мемлекеттілігі: жарқын бетбұрыс, жойқын ұмтылыс 

(1991 – 2011 жж.) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. 

Конференция жұмысына тарих ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік туризм 

және сервис университетінің профессоры Дина Ахметжанқызы Аманжолова, Түркия елінен 

тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры 

Әбдіуақап Қара,филология ғылымының докторы, Түркологиялық зерттеулер институтының 

ізденушісі Мұрат Сабыр, Қазақстан, Ресей, Украина мен Өзбекстанның жетекші жоғары оқу 

орындарының оқытушылары он-лайн режимінде баяндамаларын ұсынды. Сондай-ақ тарих 

ғылымының докторы, БҚО тарих және археология орталығының директоры М.Сдықов, БҚО 

ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары М.Төрегелдиев, университеттің профессор-

оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.              

Конференция барысында Қазақстан мемлекеттілігі қалыптасуының құқықтық негіздері, 

Батыс және Шығыс Қазақстанның даму тарихы, ТМД елдерінің бірігу үрдістері, Қазақстанда 

көркем әдебиет қалыптасуының тарихи аспектілері, мемлекеттік тіл дамуының мәселелері, 

қазақ пәлсапасының ерекшеліктері мен оның дамуының мәселелері талқыға салынды. 

Сондай-ақ  ғалымдар  Қазақстанның  конфессияаралық  жағдайы,  еліміздің  тәуелсіздік 

жағдайындағы тұрақты экономикалық дамуының қалыптасуы сынды өзекті мәселелерге 

ой өрбітті.

Инновацияны дамытуда жас ғалымдардың рөлі 



Үстіміздегі  жылдың  13  желтоқсан  күні  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Тұңғыш 

Президенті Қорының қолдауымен «Қазақстанның инновациялық дамуындағы жастар 

ғылыми шығармашылығының рөлі» атты аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік 

конференция болып өтті. 

Тәуелсіздікке 20 жыл: 

дін, қоғам және заң

Батыс Қазақстан  облысы  ішкі саясат басқармасының  қолдауымен  «Жайық» 

деструктивті  діни  ағымдардан  жапа  шеккендерге  көмек    орталығы»  қоғамдық 

бірлестігінің ұйымдастыруымен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ акт залында Тәуелсіздіктің 

20 жылдығы аясында «Тәуелсіздікке 20 жыл: дін, қоғам, және заң» тақырыбында 

республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. 

Конференцияға  БҚО  ішкі    саясат  басқармасының    бастығы  Т.И.Имашев,  Қазақстан 

Мұсылмандар діни басқармасының оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі С.С.Сейтбеков, БҚО Дін 

істері департаментінің директоры Т.Р.Нығметов, БҚМУ ректоры, академик А.С.Иманғалиев 

және профессор Б.Б.Траисов қатысты.

Тарих  ғылымдарының    докторы,  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ    бірінші  проректоры 

Ә.С.Тасмағамбетов, БҚО Дін істері департаментінің бас маманы Ғ.Ж.Мәжитов, БҚАТУ жастар-

мен жұмыс  бөлімінің  жетекшісі  М.С.Ержақыпов, БҚО ішкі  саясат басқармасының  бас мама-

ны Л.Шағатай және БҚО ЖОО және арнаулы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, 

аудан әкімінің орынбасарлары, облыс, аудан, қала мешіт имамдары, мектеп психологтары 

қатысып, өз баяндамаларын ұсынды. Конференция барысында Батыс Қазақстан облысы 

ішкі саясат басқармасының қолдауымен дәстүрлі емес дін ағымдары жайында түсірілген 

бейне-фильмі көрермен назарына ұсынылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 

20 жылдығы қарсаңында өткен конференция жұмысында діни жағдай, жастарымыздың діни 

сауаттылығын арттыру мақсатында  жасалып жатырған және жасалатын жұмыстар туралы 

айтылып, дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізде көбейіп отырғандығы, олардың жастарға 

әсері, зиянды әрекеттерінің алдын алу жолдары туралы айтылды. Десек те, жастарға дәстүрлі 

дінді түсіндіріп, жат ағым жетегінде кетуден сақтану жолында әлі де ауқымды шаралардың 

жасалатындығы сөз болды.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Батыс Қазақстан облысы тәуелсіздік жылда-

рында» атты экономикалық тақырыптағы факультетішілік конференция өтті. 

Еліміз тәуелсіздік жылдарында

Студенттерді ғылыми тұрғыдан біліктілігін арттыру, ел тәуелсіздігінің 20 жылындағы 

экономикасының дамуына және болашақта гүлденуіне өз ізденістері арқылы үлестерін 

қосатын студенттерді тәрбиелеу шараның мақсат-міндеті болатын. Шараға Жәңгір хан 

атындағы БҚАТУ профессоры Т.Н.Траисов, Шағын бизнес орталығының экономист ма-

маны К.Д. Махмудова және университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері 

қатынасты.

Оқытушылар мен студенттер аталмыш тақырыпта баяндамаларын көпшіліктің на-

зарына ұсынып, ғылыми ізденістерінің нәтижелерімен бөлісті. 2 секция бойынша өткен 

отырыста білім берудегі инновация, Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет, 

еліміздің 20 жыл ішіндегі экономикасының дамуы және инновациялық даму стратегия-

лары, өндіріске жаңа технологиялар, заманауи ақпараттық бағдарламалар енгізу сынды 

мәселелер көтерілді. 

Озық тәжірибелерін ортаға салған бір топ ғалым-ұстаздар мен студенттер қазіргі таңда 

менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету, елдегі туризм индустриясының қазіргі жағдайы 

және оның ел экономикасына әсерін, олардың шешу жолдарын қарастырды.

Конференцияның  басты  мақсаты  - 

студенттердің  ғылыми-шығармашылық 

мүмкіндік терін  белсендендіру,  жаңа                     

идеялар мен ұсыныстарды талқылау, елдің 

инновациялық  дамуына  қосар  үлесі    мен 

талантты жас ғалымдарды анықтау.

 

Конференция  жұмысына  филология, 

жаратылыстану-математикалық, тарих және 

құқық,  экономика  және  басқару,  мәдениет 

және өнер, педагогикалық факультеттерінің 

студенттері,  «Жас  экономист»  жастар 

қоғамдық бірлестігі және «БҚО жас ғалымдар 

кеңесі»  жастар  қоғамдық  бірлестігінің 

мүшелері қатысып, баяндамаларын оқыды. 

Жиынға  Орал  қалалық  ішкі  саясат 

бөлімінің  бас  маманы  Р.Р.Кушигенов, 

М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ  ҒЖ  және  ХБ 

жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының 

докторы,  профессор  Ә.Қ.  Мұқтар  және 

факультет  декандары  мен  оқытушылар 

қатысты.


Конференция барысында Қазақстанның 

инновациялық  дамуының  ерекшеліктері, 

елдің индустриалды-инновациялық дамуы, 

инновацияны дамытуда жас ғалымдардың 

рөлі сынды мәселелер қарастырылды.

-  Жас  ғалымдарды  еліміздің  ғылыми 

мүмкіншіліктерін  дамытуға  тарту  үшін 

қазіргі  таңда  мемлекетіміздің  тарапынан 

үлкен жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, осы 

білім  ордасында  ғылыммен  айналысуға 

қызығушылық танытқан жастар үшін «Жас 

экономист»  жастар  қоғамдық  бірлестігі 

және  «БҚО  жас  ғалымдар  кеңесі»  жастар 

қоғамдық  бірлестігі  тұрақты  жұмыс  жасап 

келеді.  Жас  ғалымдарға  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарымен жұмыстану бағытында ақыл-

кеңестер беріп, түрлі шараларға дайындап 

келеміз. Елдің инновациялық дамуына жас 

ғалымдардың үлесі зор. Сондықтан жастар 

білім мен ғылымды ғылыми және тәжірибелік 

тұрғысынан  жетік  меңгеруі  қажет,  -дейді 

тарих және құқық факультетінің деканы м.а. 

С.Ғиззатов өз ойымен бөлісіп. 


Ґ

№ 15 (872)

 желтоқсан 

2011 жыл


3

    28  қараша  мен  11  желтоқсан  аралығында 

гуманитарлық  бағытта  оқитын  1  курстың  21  ма-

гистранты  «Актуальные  вопросы  современных 

гуманитарных  наук»  атты  бағдарлама  аясында 

тағылымдамадан өтті. Бұл бағдарлама Ресей халықтар 

достығы  университетінің  базасында  жоспарланды. 

Тағылымдаманың мақсаты қазіргі гуманитарлық ғылымның 

өзекті мәселелерін, мультипәндік тұрғыны ұғыну болып та-

былады. Магистранттар Ресей ғылымдар академиясының 

профессорлары  Е.Ф.Тарасов,  Н.В.Уфимцева,  профес-

сорлар У.М.Бахтикиреева, В.П.Синячкин, Г.Т.Хухуни және 

т.б. дәріс пен шеберлік-кластарынан өтті. МАКМИЛЛАН 

баспаханасының ұйымдастыруымен «Speaking and writing 

natural English» дәріс курсынан өтіп, сертификат алды.



 М.Өтемісов  атындағы БҚМУ-дың әр  факультетінде  

студенттерге ЖҚТБ туралы толық мәлімет беру, салау-

атты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында «Біз 

өмірді  таңдаймыз!»  атты  ЖҚТБ-ның  қазақстандық 

және әлемдегі аурудың алдын алуға арналған шара 

өтті.  Жиынға  қаламыздағы  СПИД  орталығының  ма-

мандары  эпидемиолог  А.М.Аслямова,  эпидемиология 

бөлімінің меңгерушісі Р.Н.Еламанова, дәрігер-нарколог  

Р.Р.Құрманғалиева қатысып, студенттерге ақыл-кеңестерін 

айтып, ой-пікірлерімен бөлісті. Студенттер арасында «Адам 

организмінде аурудың қандай белгілері бар» тақырыбында 

тренинг өткізілді.

  Ел  Тәуелсіздігінің  20  жылдығына  арналған  

«Жұлдызды 20 күн» аясында университеттің Ғылыми 

кітапханасында «БҚМУ - ғылымның шыңында» атты 

көрме  өткізілді.  Ұйымдастырылған  көрме  «Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың  кітаптары»,  «БҚМУ  ғалымдарының 

еңбектері»  тақырыптарында  екі  бөлімнен  тұрды. 

Тәуелсiз еліміздің 20 жыл уақыт аралығында М.Өтемiсов 

атындағы БҚМУ профессор-оқытушыларының ғылыми 

саласындағы табысы мен жетістіктерін көрсету мақсатында 

ұйымдастырылған  көрмеде  Елбасымыздың  еңбектері, 

Елбасына  арналған  және  Елбасымыздың  ел  басқару 

жолындағы  дамуы  туралы  кітаптар  мен  оқу  орнының 

профессор-оқытушыларының кітаптары, диссертациялары 

мен ғылыми еңбектері орын алды. Кітап көрмесіне 500-дей 

баспа басылымы қойылды.    



 Экономика және басқару факультетінде «Алтын 

теңге» интеллектуалды сайысы өткізілді. Мақсаты 

ұлттық валютаның тарихы мен маңызын түсіндіру, 

жастарды  үнемділікке,  қанағаттылыққа  тәрбиелеу 

болатын. 

Шараға  БҚО  филиалының  директор  орынбасары                   

Г.К. Сатыбалдина, бас маман А. Габдушев, қаржы, экономи-

ка, құқық мамандығының студенттері қатысты.

Теңгенің шығу  тарихы мен бүгінгі күндегі безендірілуі 

туралы  бейнефильм  көрсетіліп,  валютаның  тарихы, 

өзгерісі, маңызы туралы мәліметтер ойын негізінде сұрақ 

қою  арқылы  жүргізілді.  Сайысқа  түскен  топтар  ішінен 

жеңімпаздар анықталып,  марапатталды.

 Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай студент-

тер арасында «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы 

қабырға газеттерінің сайысы өтті. Студент жастарға 

эстетикалық  және  патриоттық  тәрбие  беру,  еліміздің 

тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін мадақтау және 

насихаттау сайыс мақсаты болатын. Қабырға газеттерінің 

сайысы  университеттің  барлық  оқу  ғимараттарында 

өткізілді. Арнайы оқытушылар мен студенттер қатарынан 

құрылған комиссия мүшелері барлық оқу ғимараттарын ара-

лап, студенттердің жұмысын бағалады. Қабырға газеттеріне 

қойылатын басты талап – Қазақстан тарихынан, оның 20 

жылда жеткен жетістіктері мен айтулы күндерінің қамтылуы 

және әсем безендірілуі. 

  Экономика  және  басқару  факультетінде 

«Менеджмент  және  кәсіпкерлік»  кафедрасының 

оқытушысы  Егзалиева  Әсел  Болатқалиқызы  мен 

экономика,  маркетинг  мамандығы  студенттерінің 

ұйымдастыруымен «Желтоқсан жаңғырығы!» атты 

ашық сабақ өткен болатын.

Кешке экономика және басқару факультеті деканының 

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ю.Жұмағалиева, «ме-

неджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының оқытушылары 

мен студенттері қатысты. 1 курстың бір топ студенттері 

Желтоқсан  оқиғасы  жайындағы  баяндамаларын  оқып, 

слайд, фильмдер арқылы өз ойларымен бөлісті. 


Каталог: images -> stories -> downloads -> gazetaorken -> 2012
2012 -> Нұрсұлтан Назарбаев
gazetaorken -> Ұмытылмас есім
gazetaorken -> Мы студенты зкгу!
2012 -> Нұрсұлтан Назарбаев
gazetaorken -> №2 (917) 29 ақпан 2016 жыл 1 марта 1995 года в Казахстане была
gazetaorken -> 8 января на факультете истории, экономики и права состоялся круглый стол, посвященный обсуждению статьи Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева «План нации путь к казахстанской мечте»
gazetaorken -> №3 (887) ақпан 2013 жыл ПодПисан меморандум


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет