Нұсқаулар 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі313,99 Kb.
#10647
түріНұсқаулар

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 

ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіби практикадан өту бойынша  

әдістемелік нұсқаулар 

5В011900 - «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Мазмұны 

1.

 



Жалпы ережелер                                   

2.

 



Оқу практикасы 

3.

 



Педагогикалық практика 

4.

 



Өндірістік практика 

5.

 



Практика базасы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

1.

 

Жалпы ережелер 

 

Кәсіби  практика  жоғары  оқу  орнында  алған  теориялық  білімді  бекіту, 

тәжірибелік машықты және құзыреттілікті арттыру үшін, сонымен бірге озық 

тәжірибені меңгеруге бағытталған. 

Оқу  үрдісі  кезінде  «Шет  тілі:  екі  шет  тілі»  мамандығының  студенттері 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  сәйкес  төмендегідей 

кәсіби практика түрлерінен өтеді: 

- оқу практикасы; 

- педагогикалық практика; 

- өндірістік практика. 

    Практиканың  барлық  түрлеріне  студенттердің  жолдамасы  ректордың 

бұйрығымен бекітіледі. Жолдамада практиканы өту мерзімі, практика базасы 

мен жетекшілері көрсетіледі. 

  Практика  жетекшілері  ретінде  шет  тілін  оқыту  және  мектепте  тәрбие 

жұмыстарын  өткізу  әдістемесін  жақсы  меңгерген  кафедраның  тәжірибелі 

оқытушылары – доценттер, аға оқытушылар тағайындалады. 

  Практика  жетекшісі  студенттерді  мектептерге  жолдайды.  Практика 

мерзімін және мазмұнын қадағалайды,  студенттерге сабақ жоспарын жазуға 

әдістемелік  көмек  көрсетеді.  Практика  басталмас  бұрын  бекіту 

конференциясын 

өткізіп 

практика 

ережелерімен, 

талаптарымен 

таныстырады,  құжаттарды  толтыру  бойынша  кеңес  жүргізеді,  практика 

бағдарламасына сәйкес студенттермен кеңес өткізеді, практика өту барысын 

қадағалайды,  практика  қорытындысын  бағалайды  және  практикадан  өту 

бойынша қорытынды есепті жазбаша түрде өткізеді. 

Студент-практикант  практикаға  дайындық  және  практикадан  өту 

барысында: практикадан өтетін ұйымды, мекемені таңдауға; топ жетекшісіне 

әдістемелік  көмекке  және  туындаған  мәселе  бойынша  практика  базасы 

әкімшілігіне  жүгінуге;  практика  жетекшісінің  келісімімен  педагогикалық 

кеңеске,  семинарларға  және  басқа  іс-шараларға  қатысуға;  практика 

нәтижесімен  студенттік  ғылыми  конференцияда  сөз  сөйлеуге;  практика 

кезінде  курстық  және  дипломдық  жұмыстарға  материалдар  жинақтауға; 

практиканы  ұйымдастыруды  жетілдіруге  ұсыныс  енгізуге;  ұйымдағы 

әдебиеттерді, техникалық құралдарды, қажетті құжаттарды, дерекқорды және 

оргтехниканы қолдануға құқылы. 

  Студент – практикант практикадан өту барысында міндетті:  

-  практика  бағдарламасында  қарастырылған  тапсырмаларды  толық 

орындауға; 

- практикадан өтетін мектептің ішкі ережелеріне бағынуға;  

-  практика  күнделігін  толтыруға,  барлық  атқарылып  жатқан  іс 

шараларды күнделікке түсіруге, бақылау нәтижелерін және оларды талдауға; 



-  кафедраға  практика  орнының  мөрімен  расталған  және  қол  қойылған 

практика бойынша есепті (пікір немесе мінездеме, жазбаша есеп) уақытында 

өткізуге; 

-  практика  бағдарламасы  бойынша  тапсырманы  уақытында  орындауға, 

өз уақытында есеп беруге,  қорытынды конференцияда белсенділік танытуға

 -  бекітілген  мерзімде  денсаулығына  байланысты  немесе  басқа  да 

дәлелді себептермен практикадан өтпеген жағдайда, басқа мерзімде практика 

бағдарламасын өтеуге. 

 

1. Оқу практикасы 

 

  Оқу  практикасы  күндізгі  оқу  бөлімінің  1  курсының  1  және  2 

семестрінде  ұйымдастырылады.    Оқу  практикасы  «Шет  тілі:  екі  шет  тілі» 

мамандығы  туралы  бастапқы  мәліметтер  беруге  және  ерекшелігімен 

таныстыруға негізделген. 

  Оқу  практикасының  міндеті  болашақ  кәсіби  қызметтің  негізімен 

таныстыру,  студентті  бастапқы  кәсіби  іскерлікпен  дағдыландыру.  Практика 

институт шартқа отырған практика базасы ретіндегі мектептерде өткізіледі. 

  Оқу  практикасы  бағдарламасы  (мектеп  күні)  2012  жылдағы  барлық 

педагогикалық  мамандықтарға  арналған  және  Еуразия  гуманитарлық 

институтының педагогика кафедрасында дайындалды.  

  Оқу 


практикасының  мақсаты  студенттердің  педагогика  және 

психология  бойынша  білімдерін  кеңейту,  оқушылармен  оқу-тәрбие 

жұмыстарын ұйымдастырудағы педагогикалық шеберліктер мен дағдыларды 

тудыру.     

Оқу практикасының негізгі міндеттері: 

-  студент-практиканттың  мұғалімнің  оқу-тәрбие  қызметінің  жүйесі  мен 

мазмұнын зерделеуі; 

-  студенттердің  психологиялық-педагогикалық  білімдерін  кеңейту  және 

бекіту  және  осы  мақсатқа  сәйкес  педагогикалық  шеберлік  пен  дағдыны 

қалыптастыру;  

-  студенттерде  мұғалімнің  педагогикалық  қызметін  және  оқушылардың 

іс  әрекетін  байқау,  оны  талдау  шеберлігін  қалыптастыру  және  практика 

кезіндегі оқу-тәрбие жұмысына өзіндік талдау жүргізу. 

Оқу практикасы бойынша студенттердің құзыреттіліктері: 

Студент білу керек: 

- педагогикалық қызметтің формаларын, құралдарын және әдістерін; 



Істей алу керек: 

- жеке тұлғаға психологиялық мінездеме беру



Меңгеру керек: 

- оқу-тәрбиелік жағдайды талдау; 

- педагогикалық мәселені айқындау және шешу. 

Оқу практикасының қорытындысы бойынша студент орындалған жұмыс 

есебін,  практика  күнделігін,  мектеп  мұғалімінің  мінездемесін,  практика 

жетекшісінің пікірін кафедраға тапсырады.  



 

 

 

 

2. Педагогикалық практика 

 

Педагогикалық практика институттың практика базасы ретінде таңдаған 



мектептерде  ұйымдастырылады.  Маман  моделіне  сәйкес  студенттердің 

практикасы  мектептегі  мұғалім  жұмысына  дайындығын  шыңдауға 

бағытталады 

және 


келесі 

қызметтерді 

орындайды: 

құрылымдық 

жоспарлаушы,  тәрбиелеуші,  ұйымдастырушы,  ынталандырушы,  ақпараттық 

технологиялық.  Педагогикалық  практика  3  курстың  6  семестрінде 

ұйымдастырылады.  

Шетел  тілдері  кафедрасында  педагогикалық  практика  бағдарламасы 

орыс және қазақ тілдерінде дайындалған. 

3  курстағы  педагогикалық  практиканың  мақсаты  ағылшын  тілін  оқыту 

әдістемесінің  негізін  меңгеру,  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  дайындауды 

жетілдіру. 

Педагогикалық практика бойынша студенттің құзыреті: 

Білу керек: 

- тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; 

- шет тілін оқыту психологиясын; 

- шет тілін оқыту әдістемесін. 



Істей алу керек: 

-  жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиетін, психологиялық -

педагогикалық іскерлікті дамыту; 

- мектептің оқу-тәрбие үрдісінде белсенділік таныту және ат салысу

-  практика  бағдрламасын  орындау,  бекітілген  үлгі  бойынша  күнделікті 

жүргізу. 

Студент меңгеру керек

- теориялық білімді тәжірибе жүзінде қолдана білу; 

-  мұғалім-новатордан,  оқытудың  әр  түрлі  кезеңіндегі  педагогикалық 

үрдістен озық тәжірибе алу; 

- педагогикалық өздігінен білім алудағы қажеттілікті қалыптастыру;  

- өзінің практикалық іскерлік пен машық деңгейін тексеру. 

Педагогикалық практика қорытындысы бойынша студенттер атқарылған 

жұмыстың  есебін,  практика  күнделігін,  пән  мұғалімінің  және  сынып 

жетекшісінің  мінездемесін,  қорытынды  сабақтарының  жоспарлары  мен 

материалдарын,  тәрбиелік  іс  шараларының  1-2  жоспарын,  практика 

жетекшісінің пікірін кафедраға тапсырады. 

 

3. Өндірістік практика 



 

Өндірістік  практика  студенттер  теориялық  және  практикалық  оқыту 

бағдарламасын меңгергеннен кейін жүргізіледі. Практиканың бұл түрі жалпы 


және  кәсіби  құзыреттілікті  дамытуға  және  тереңдетуге,  дипломдық 

жұмыстарды  орындау  дайындығын  тексеруге,  өз  бетінше  жұмыс  жасай  алу 

қабілетін тексеруге бағытталған. Өту мерзімі 4 курс,  8 семестр. 

  Шетел  тілдері  кафедрасында  өндірістік  практика  бағдарламасы  орыс 

және қазақ тілдерінде дайындалған. 

  Өндірістік  практика  мақсаты  –  негізгі  құзыретті  бекіту,  практикалық 

шеберлікті және оқып жатқан мамандық бойынша кәсіби қызмет тәжірибесін 

меңгеру. 

Өндірістік практика бойынша студенттің құзыреті: 

Білу керек: 

- шет тілін ерте жастан оқыту әдістемесін;  

- шет тілін оқытудың арнайы-бағытталған әдістемесін; 

- тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; 

- шет тілін оқыту психологиясын; 

- шет тілін оқыту әдістемесін. 



Істей алу керек: 

- жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиетін, психологиялық-

педагогикалық іскерлікті дамыту; 

- мектептің оқу-тәрбие үрдісінде белсенділік таныту және ат салысу; 

-  практика  бағдарламасында  көрсетілген  барлық  тапсырмаларды 

уақытында және толық тапсыру

- практикажетекшісінің нұсқауларын орындау. 

Студент меңгеру керек

- зерттеу әдістемесін меңгеру және өздік жұмысты жүргізу; 

- теориялық білімді тәжірибе жүзінде қолдана білу; 

-  мұғалім-новатордан,  оқытудың  әр  түрлі  кезеңіндегі  педагогикалық 

үрдістен озық тәжірибе алу; 

- педагогикалық өздігінен білім алудағы қажеттілікті қалыптастыру;  

- өзінің практикалық іскерлік пен машық деңгейін тексеру. 

Өндірістік  практиканың  қорытындысы  бойынша  студент  практика 

есебін  кафедраға  өткізеді.  Практика  жетекшісі  тексергеннен  кейін  студент 

кафедра меңгерушісінің өкімімен құралған комиссия алдында қорғайды.  

 

4.



 

Практика базалары 

«Шет  тілі:  екі  шет  тілі»  мамандығының  студенттері  үшін  өндірістік 

практиканың  базалары  практика  базасы  ретінде  таңдалған  мектептер  болып 

табылады. 

  Жоғары 

оқу  орны  практика  базаларымен  кәсіптік  практика 

ұйымдастырудың  типтік  келісімшартының  үлгісіне  сәйкес  келісімшартқа 

отыруы  тиіс.  Практика  базаларымен  келісімшарт  өндірістік  практика 

басталғанға дейін кем дегенде 1 ай бұрын жасалады. 

  Шетел  тілдері  кафедрасындағы  «Шет  тілі:  екі  шет  тілі»  мамандығы 

студенттерінің кәсіптік практикадан өтуі үшін  келесі практика базаларымен 

келісімшарттар бекітілді: 

 


 

 

 



 

 

Практика базаларымен (мектептер) қазіргі келісімшарттар 



 

№ 

Ұйым (мекеме)атауы  



Келісімшарт 

жасасқан күн  

Келісімшарт 

аяқталатын күн  

№5  гимназия Астана қ. 



12.11. 2013жыл 

2018ж. 


№38 лицей-мектебі,  Астана қ. 

26.08.2013жыл 

2018ж. 


№34  орта мектеп.  Астана қ. 

11.01.2012жыл 

2017ж. 


№32 орта мектеп Астанақ. 

03.09.2011жыл 

2016ж. 


№68 орта мектеп.  Астана қ. 

26.08.2013жыл 

2018ж. 


№63 мектеп-лицейАстана қ. 

26.08.2013жыл 

2018ж. 


№58 мектеп-гимназия. Астана 

қ. 

26.08.2013жыл 



2018ж. 

№35 мектеп-лицей Астана қ. 



26.08.2013жыл 

2018ж. 


№8 орта мектеп Астана қ. 

13.08.2012жыл 

2017ж. 


10 

С. Мәуленов атындағы №37 

орта-мектеп Астана қ. 

02.08.2012жыл 

2017ж. 

11 


Т. Айбергенов атындағы  №16 

орта мектеп  

03.01.2013жыл 

2018ж. 


12 

№10 мектеп-гимназия 

22.08.2012жыл 

2017ж. 


13 

№65 мектеп-гимназия 

03.01.2013жыл 

2018ж. 


14 

№67 гимназия Астана қ. 

26.08.2013жыл 

2018ж. 


15 

Назарбаев Зияткерлік мектеп 



 

28.01.2016 жыл 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет