О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



жүктеу 2.76 Mb.
Pdf просмотр
бет12/24
Дата28.12.2016
өлшемі2.76 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

6. ЖАУАП ХАТ
Құрметті Жанша мырза!
Сіздің  де,  біздің  де  ойлағанымыз  қазақтың  азып-тозбас 
қамы.  Сіздің  де,  біздің  де  ниетіміз  қазақтың  азып-тозбасына 
қызмет  ету.  Тілегіміз  қазақ  қалқы  басқа  қалықтармен  қатар 
жұрт қалпында ғұмыр шегуге басқаларға теңелсе екен деген. 
Сол үшін әркім білгенін, қолынан келгенін істеп жатыр. Сіз сиез 
жасаймын деп жатырсыз, біздер «Домострой»… кәкір-шүкірді 
қазақшаға  аударып,  арзан  рисалалар

жазып,  газета-мазета 
шығарған болып тырбанып жатырмыз. Соның бәрін қазақтың 
көзі  ашылып,  көкірегіне  сәуле  кіруіне  себепкер  бола  ма  деп 
істеп жатырмыз. Орыстың мақалы айтқандай «ұжмаққа барғым 
келсе де күнәләрім жібермейді» деп, қазақ үстіне ұжмақты бір 
күнде-ақ орнатқым келеді, бірақ қолымнан келмейді. Арзан ри-
салалармен қазақ жұмысы бітті деп, «гүл жастанып» көсіліп, 
рақаттанып қарап жатқаным жоқ, білгенімше, қолымнан кел-
генінше істеп жатырмын. Бірақ ұсақ іс істеп жүргеніміз зор іс 
істеп  жатқан  сізге  айып  көрінетін  шығар.  Бай  жарлының  ке-
дейлігін  бетіне  басады,  сұм  аңқаудың  аңқаулығын  бетіне  ба-
сады,  іскер  жалқаудың  жалқаулығын  бетіне  басады:  өзіңіз 
қымбат  рисала  жазған  соң,  арзан  рисала  жазғанымды  бетіме 
басып отырсыз; өзіңіз күндіз дамыл, түнде ұйқы көрмей, жұрт 
жұмысында жүрген соң, менің «гүл жастанып», көсіліп рақатта 
жатқанымды  бетіме  басып  отырсыз;  өзіңіз  буыныңыз  өсіп, 
бұғанаңыз  қатып,  ер  жетіп,  есіңіз  кіріп,  ақылыңыз  толысқан 
соң,  емшек  табы  ернінен  кетпеген  шәкірттердің  балалығын 
бетіне басып отырсыз; өзіңіз шенеуніктің жалтыр түйме, жан 
қылышын  ….(оқылмады)  жұрт  үшін  құрбан  қылып,  шене-
уніктігін  қимай,  20-ншы  шисламен  жалоуаниа  алып  отырған 
адамдардың  шенеуніктігін  бетіне  басып  отырсыз,  көкіректі 
керіп,  көкке  қарап  көпіріп,  күпініп  әркім-ақ  сөйлер,  бірақ 
маңызы қанша? Мағынасы не . . . . .(оқылмады).
Переуоды арзан рисалада айыу (аю) маймылға айтқан екен: 
«Маймылжан, бір азырақ етсең төзім! Менің бар жалғыз ауыз 
айтар сөзім. Әуре боп бөлелеріңді санағанша, абайлап қарашы 
әуел өзіңе-өзің!» деп.
1
 Кітап

223
Кекесін  сөйлеп  кеміткендей  асқан-тасқан  еш  нәрсе  жоқ, 
қай-қайсымыздың да істеген ісіміз шамалы ғой. Бай кедейді ке-
кетсе, байып отырып айтушы еді; сұм аңқауға күлсе, сұмдығын 
асырып  отырып  күлуші  еді;  іскер  жалқауды  кемсітсе,  ісін 
асырып  отырып  кемітуші  еді;  олай  болғанда,  арзан  рисала 
жазушыға қымбат рисала жазған адам күлу тиіс еді. Сіздің не 
жөнмен кеңесіп сөйлеп, кемітіп отырғаныңыздың мәнісін біле 
алмадым.
Жұрт алдындағы адамшылық борышымыз: әркім білгенін, 
қолдан  келгенін  істеу  емес  пе?  Жұрттың  әр  жұмысының  әр 
түрлі орны бар емес пе? Олар үшін әр нәрсе өз орнында керек 
емес пе? Рисала-мрисала, газета-мазета, шәкірт-мәкірт – бәрі 
де өз орнында керек емес пе? 
Шәкірттерден, біздерден ғали таһсил алған сіздің біліміңіз 
көп  шығар,  бірақ  бір  кісі  қанша  білімді  болғанмен,  жұрт 
жұмысының  бәрін  істей  алмайды  ғой.  Сіз  иурист  (адвокат), 
мен  –  утшител,  әрқайсымыз  арнап  үйренген  иа  жаттығып 
істеген ісімізге шеберміз, онан басқа іске әркім ортақ. Сондай 
істің бірі – сиез. Сиез жалғыз иіуірістің, иаки утшителдің арна-
улы жұмысы емес. Көп ортасындағы жұмыс. Ол турада әркім 
пікірін айтса, жеріме түстің деп иіуіріс те, утшител де айта ал-
майды. Олай болғанда, тарылып, таусылып сөз айтқандай еш 
нәрсе жоқ еді.
Мен  сиез  турасында  жазғанда,  сіздің  ойлаған  сиезіңіздің 
үстінен  түсе  алмадым.  Олай  болғаны,  сиездің  түрліше  бола- 
тындығынан. Сиездің бір түрі: жұрт жұмысын түзеуге қызмет 
ететін адамдар ақылдасып, бір бағыт, бір жөнмен жұмыс істеу 
үшін бас қосу. Оған жиылған адамдар бас қосқанда, ұнатқан 
жөнмен еліне барып басқаларға басшылық етіп, іс қылмақшы. 
Екінші  түрі:  өзін  ілтипатқа  алмай,  сөзіне  құлақ  салмай, 
қомсынғандарға жұрт қомақты екенін білдіріп, бел көрсетуге 
бас қосады. Үшінші түрі: жұрт жұмысының кемшілік жағын 
қалай түзетсе жақсы жақсы болатын жайын ойлаған адамдар 
ақылдасып, ойласып, болашақ іске пройекті (жоба) жасап, жұрт 
алдына салып, ұнатса, батасын алып, жолға бас қосу. Пәлендей 
сиез....деп  жазылмаған  соң,  менің  ойыма  келгені  сиездің  үш 
түрінің бастапқысы болды. Басқа түрлері болмас деп ойлағаным: 

224
серкесі  суға  түссе,  серпіле  қашатын  қойлар,  зорлап  салмаса, 
тоғытқа түспейді. Сол сыйақты күйде тұрғанда бел көрсететін 
сиез жасайды деп ойлауға ешбір орын жоқ. Үшінші түрі болар 
деп ойлағаным: қазақ ісінің жайынан пәленшелердің дайарла-
нып жасап қойған докыладтары (жұрт алдына салатын) бар деп 
естілмеуші еді. Сіздің сиезіңіз, қатыңыздың сөзіне қарағанда, 
қазақтың сқодтары, шерезуытшайный сиездері сыйақты, иаки 
губернатор,  генерал-губернаторлардың  жасаған  сиездеріндей 
болмақшы. Бұлай болады деп сиезді жеңілдету үшін айтатын 
шығарсыз,  он  облыстың  қазағынан  болыс  басына  екеуден 
шақырған сиез сқод иа шерезуытшайный сиездей болмас. Ең 
жеңіл болғанда, генерал сиездеріндей болар. Генерал сиездері 
қазақтың не игілігіне болып, қазақ не керегін алып, не кемтігі 
толғанын мен білмеймін. Ол заман қазақтың көңілін аулап, ау-
анына қарап іс ететін заман еді. Крижанопыский, Кауыпман, 
Колпакопыский  заманы  тай  ноқталаған  сықылды  іс  қылатын 
заман. Ноқталағанша һәм ноқталағаннан кейінгі істелетін істер 
басқа-басқа. Ол кездегі сиезде қазақтың сөзі тыңдаулы, тілегі 
қабыл шығар, ол заманмен бұл заман бір емес. Сондықтан ер-
тедегі емес, жақындағы болған генерал сиездері қазаққа қанша 
жақты, жағымсыз болғанына қарау керек емес пе? 1907-ші жылы 
Дала уалайатының генерал-губернаторы Надаров сиез жасады. 
Сол сиезде қазақтың осы күнгі керек деп отырған нәрселерінің 
бәрі болмаса да, бірсыпырасы-ақ айтылды. Бірақ бүгінге шейін 
қазақтың сұрағанынан қолына тиген еш нәрсе жоқ. Жұрттың 
көбі ойлап жүр: «Қазақ тілегі хүкіметтің құлағына тимей жа-
тыр, күкімет қазақтың мұңын білмей жатыр», – деп. Олай ой-
лау қате. Керегін қазақтың өзі қандай білсе, күкімет һәм сон-
дай біледі, қазақтың тілегін күкімет бермей тұрса, білмегеннен 
емес, беруші мен алушының есебі тура келмегенінен. Алушы 
да,  беруші  де  әрқайсысы  өзіне  жағымды  жағын  көздейді. 
Қазақтың ақысы ауысып отырған жалғыз күкімет пе? Қазақты 
кім  жем  қылмай  отыр?  Қазақтың  ақысы  қазақпен  араласқан 
жұрттың бәріне де ауысып жатыр.
Қазақ  өзі  теңеліп,  ақысын  ауыстырмайтын  дәрежеге  жет-
кенше қазаққа қай жағынан да болса теңдік жоқ. Жұрт қолы 
теңдікке  теңелсе  жетеді.  Жұрт  азаматының  жұмысы  жұрты 

225
теңеліп,  теңдікке  жетер  ме  деген  үмітпен  істеледі.  Жұрт 
теңелуіне көп жұмыс, көп уақыт керек. Жасаймыз деген сиез 
сол көп жұмыстың бірі. Көбі ойлайды: «Сиез болса, қазақтың 
қажетінің  бәрі  болмаса  да,  көбі  сонымен  табылып,  қазақтың 
қолы дегеніне жетіп қалады», – деп. 
Сиез болатын, жұртқа керек нәрселер сөйленетін, тілегіміз 
мынау деп тапсырылатын, керегімізді айтып, тілегімізді сұрап, 
жұмыс бітіріп келдік деп, еліне барып сиезшілер жататын. Еш-
кім қозғап, әурелемейтін тыныш орын таптым деп, ышкаптың 
бір бұрышынан орын алып, олардың тілегі жататын. Бұл сөз 
сиез жасау керек емес, сиез пайдасыз деген емес; сиез керек 
жұмыс,  пайдалы  жұмыс;  сиездегі  тілек  ышкап  бұрышында 
жатса,  пайда  жоқ.  Қазақ  –  жоқшы,  жоғын  іздеген  қуғыншы. 
Қуғыншы қандай болса, мал қайтпақшы?
Сиез турасында айырық сөз қыр баласы – Бөкейханов һәм 
менен ғана шығып тұрған көрінеді. Басқалардың бәрі жануға 
түскен пышақтай жалаңдап, дайар тұрған көрінеді. Біздер сиез 
пайдасыз  жұмыс  демейміз  һәм  дегеніміз  жоқ.  Бірақ  міністір 
бұйрығын  көріп,  қалай  болар  деп,  мен  әуелі  сақтық  жағын 
айттым. Екінші, сиезді тоқтата тұрып, сиезде кеңеске түсетін 
нәрселерді газета, журнал арқылы, оған сыймаса, қат арқылы 
ақылдасалық дедім. Олай болсын дегеніміз, сиезге шақырған 
адамдар тойға шақырған сықылды болмай, сиездегі жұмысқа 
күтініп  келсін  деген  ой  еді.  Қазір  де  сайлаған,  күтінген  еш 
нәрсе жоқтығын қыр баласы – Бөкейхан да айтты. Он облыс 
қазақтан жиылатын сиез ауылнай болыс сайлауындай болады 
деп, сіз жеңіл қарағанмен, ондай жеңіл бола қоймас. Қазақта 
кемшілігі мол істер толып жатыр, солардың түзеліп, оңдалуына 
жасалатын сиез болса, әрқайсысына жоба жасалып, жол бел-
гіленіп, дайар болып келмесе, сиездің аз уақыты оның бәріне 
жетер ме?
Жоба  жасап,  жол  белгілеген  докладтарыңыз  дайар  болса, 
сақтанарлық  қауіп  жоқ  болса,  тоқтатып,  кейінге  қалдыруға 
жөн жоқ. Дайар тұрған нәрсеге не дайарлану керек! Ал сиезді 
жасалық!
Жұбекен мырзаның айтуына қарағанда, Орал облысы дайар 
көрінеді. Басқа жерлер де сондай дайар шығар. Ол мырзаның 

226
айтуынша,  қисық  сөйлеп,  алауыздық  қылып,  жұрттың  шы-
рышын, ұйымын бұзып тұрған қыр баласы – Бөкейхан һәм мен 
болсам керек. Дәлелсіз, дәнемесіз ол мырзаның қисық дегені 
қисық болып, дұрыс дегені дұрыс болатын болса, оған айтар 
не сөз бар?
Біздің сиез турасында айтқан пікіріміз ұйым бұзар сөз болып 
жүре алатын болса, жұрттың бәрі де Жұбекен мырзаның сөзін 
айтып  тұрса,  көптің  дегенімен  болайық.  Солай  болмағанда, 
жұрт сиез жасап, тілегенін алып, дегеніне жетіп, қарық болып 
қалатын еді деген түбінде зор өкініш болар. Біздің ойлағанымыз 
жұрт сиезге күтінусіз шығар, жұрт күтінсін, дайарлансын де-
ген  еді.  Жұрт  күтініп,  дайар  тұрса,  жұрттың  біздің  ойлаған 
жерімізден шыққаны: біз жұрт жайын білмегеніміз. Талпынып 
тұрған  жұртты  тартыншақтық  етіп  тоқтатқан,  әрине,  дұрыс 
емес. Жұрт дайар болса, сиез басшылары, бастаңыздар, біз де 
қостап, қолдан келген көмегімізді айамаймыз.
Шеттеп  жүрген  біз  болсақ,  қосылдық,  енді  алалық  жоқ. 
Жалғыз-ақ  айтатын  сөз  мынау:  құр  аты  сиез  болмай,  сиез 
сыйақты болсын; қазақ сиез жасады деген соң, сиезде сөйлескен 
сөзімізге күкімет құлағын сала ма, салмай ма (ол былай тұрсын), 
қазақ  сиезінде  не  сөйленді  екен  деп  күкіметтен  басқалардың 
құлақ салатыны болар. Сиезде де балгер сөз сыйақты дәлелсіз, 
құр мынау былай, анау олай десек, мұның дәлелі қайда демей 
ме?  Сондықтан  дайармыз  деген  мырзалардың  дайындығы  ат 
ерттеліп, киімін киіп, тойға жүруге дайындалған дайарланыс 
емес, сиезге алып келіп салатын дәлелді докладтары дайар деп 
ұғамыз (түсінеміз). 
Ақымет.
P.S.  Бұл  хат  –  Жаншаның  «Айқаптың»  13,  14,  15-ші 
нөмірлерінде жазылған хатына жауап.

227
7. БАС ҚОСУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛМЕДІ
«Айқап»  журналының  16-шы  нөмірінде  Жанша  мырза 
Сейдалиннің  Қостанай  уезіндегі  қазақтардың  басын  қосып, 
болашақ сиезге прогырамма жасаймыз деген сөзін оқып едік. 
Сол  айтуы  бойынша  Қостанай  шаһарында  октиабр  басында 
болатын Покыров жәрмеңкесіне барып, көшпелі иа отырықшы 
болу  жайын  кеңесу  үшін  ақсақалдардың  басын  қосуға  деп, 
Жанша мырза Сейдалин Торғай губернаторынан рұқсат сұраған 
екен. Рұқсат берілмепті. 
Біз бұл хабарды «Уақыттан» оқып, онымен қатар алынған 
«Айқап» журналының 17-ші нөмірінде бұл туралы ешбір сөз 
жеңіл қарағанмен, ондай жеңіл бола қоймас. Қазақта кемшілігі 
басынан қайдан шыққан қабар екендігін сұрастырып едік, олар 
бұл қабарды «Русское слово» газетасынан алған екен. 
«Русское  слоуоның»қабарлары  ұшқалақ  болушы  еді  деп, 
оған қанағаттанбай, нағыз анығын білетін орындардан сұрап, 
әбден анығына жеттік. Рұқсат сұралғаны да, рұқсат берілмегені 
де рас екен.
Сиез деген сөз бастаған кезде заманның түріне қарап, ты-
нымы осылай болар дегенімізде, жұрттың көбі жаратпай, құр 
әншейін  сары  уайым,  сар  қайғы,  тартыншақтық,  қорқақтық 
деп,  бірсыпыралары  құр  алауыздық,  ұйым  бұзарлық,  сөз  жа-
рысы,  ерегіс  деп,  кейбіреулері  сиезді  біз  керек  қылмағандай 
көріп,  кейбіреулері  жұрттан  сиезді  біз  бейне  қызғанатындай 
көріп  еді.  Бірақ  онымыз  бұл  айтқандардың  бірі  де  емес  еді. 
Сиез жақсы нәрсе, керек нәрсе, бірақ жақсы нәрсенің жасалуы 
қиын  болатындығын  айтып  едік,  біздің  сөзімізді  жұрт  теріс 
түсініп,  ойымызды  қисық  жорып,  қыңыр  қарап,  алауыздық-
құлауыздыққа  санап  бара  жатқан  соң,  біздің  міндетіміз  біл-
генімізді  айту  еді  ғой,  айтарымызды  айттық,  мойыннан  бо-
рыш  түсірдік,  алмаса,  жұрттың  өзінен  қалар,  сиез  болса, 
соқырдың тілегені екі көзі, болмаса, жұрт болмағанын көрер, 
айтқанымызды  алмаса,  біз-ақ  жұрт  ауанымен  бола  қойалық 
деп, сөз көбейіп бара жатқан соң, сөзді қысқарту үшін біз де 
сиезшілерге  қосылып,  қолдан  келген  көмегімізді  істеуге  бел 

228
байлап  едік.  Он  облыс  қазақтың  жиылысы  түгіл,  бір  уезд 
қазақтардың  бас  қосуына  рұқсат  бермей  отыр,  бұл  екі  сиез 
арасы жер мен көктей. Облыс жиылысы айтқан ауызға оңай, 
жылында,  айында,  күнінде  болып  жатқан  қазақтың  ауылнай, 
уалостный  сқодтарындай  иашерезуытшайный  сиездеріндей-
ақ көрінеді, істей бастасақ, бұлардан он облыс түгіл, бір уезд 
жиылысы да бөтен болып шығады.
Бас  қосу  жақсы  нәрсе  (жұрттан  ондай  жақсылықты  неге 
қызғанайық), бірақ жақсы нәрсенің қолға түсуі жаман нәрседен 
гөрі  қиынырақ  болады.  Біздің  айтқанымыз  да  сол  қиындығы 
еді.
1913 ж.
8. БАС ҚОСУ
«Қазақ»  басқармасы  төменде  Жанша  мырза  Сейдалиннің 
хатына газета бетінен орын бермек болған соң, оқушылардың 
алдынан кешірім сұрап өтуді борыш көреді.
Сиез мәселесінің сөзі де, ісі де бітіп болып еді. Әркім білген 
қалінше  айтып,  майданға  салып,  ақырында  рұқсат  сұралып, 
берілмеген  соң,  сөз  тынып  еді.  Сиез  туралы  жақсы,  жаман 
сөйленген сөз сонымен бітуге тиіс еді. Сиез сөзі құр арам тер 
төгіске айналып бара жатқан соң, ерегіс тоқталуы үшін, ойы-
мыз дұрыс болса да, таласпай, көндік, ыңғайымен боламыз деп 
алдақашан айтып едік. Біз ерегістен қашсақ та, ерегісті қуып, 
соңыңнан  қалмайтын  адамдар  бар  көрінеді,  төмендегі  хат  – 
сондай адамның хаты. 
Сиез мәселесін қозғаған әуелде Мұқамеджан мырза Сера-
лин, онан соңғы Райымжан мырза Марсеков еді. Өшіріп, жапы-
рып, оңай істеп тастайтындай болып, әркімге қақтыға, соқтыға 
Жанша  мырза  шыға  келіп,  ортасынан  киліге  кетті.  Оған 
соқтықты,  бұған  соқтықты,  бұлқынды,  жұлқынды,  көпірді, 
лепірді – ақырында біздің сөзіміз теріс емес екендігін көзімен 
көріп, қолымен ұстағандай болды. 

229
Сиез турасында мұнан кейінгі ереуіл сөз сиез жұмысының 
кеңесі болмай, құр ерегіс, сөз талас болады ғой, сиезге рұқсат 
сұрамай тұрғанда жазған хатын енді басудың қажеті жоқ болар 
деп: Басамыз ба? Жоқ па? – деп сұрасып едік. Жанша мырза 
бас деп жауап қайырды.
Жанша  мырзаның  бастырудағы  мақсаты  не  екенін  біле 
алмадық, иағни жұртқа өнеге, үлгі боларлық сөз болғандықтан, 
мезгілі өтіп кетсе де, далада қалмасын деп бастыра ма? Иа бол-
маса,  ұрыншақ  мінезбен  ұшқалақ  сөйлеген  сөзін  жұрт  оқып, 
ғали таһсил алған адамның сөзі мұндай болады екен-ау демек 
үшін бастыра ма? Оның мәнісіне түсіне алмадық.
Сиез  мәселесі  біткеннен  кейін,  ендігі  ереуіл  сөз  жұмыс 
үшін  емес,  құр  ерегіс,  сөз  талас  үшін  екендігін  де  білеміз, 
газетаның міндеті ерегіске қызмет ету үшін емес екендігін де 
білеміз,  орынсыз,  жөнсіз,  қисынсыз,  томардай  топас  кекес-
ін сөзде жұртқа өнеге, үлгі боларлық еш нәрсе жоқ екендігін 
де  білеміз  –  бәрін  көре-біле  тұра,  төмендегі  қатты  басамыз, 
Жанша мырзаның көңілі бітіп, ризалық табу үшін. Бұл қатты 
басқанымыз үшін оқушыларымыздан кешірім өтінеміз.
1913 ж.

230
9. ОРЫНБОР. 13-
НшІ
 ОКТИАБР
Қазақ  турасындағы  закондарды  өзгертуге  Ішкі  іс  міністірі 
Г.думаға  закон  проектерін  (жобаларын)  кіргізді  деген  хабар 
естіліп  тұр.  Ішкі  ордалық  туралы  өзгеріліс  болатын  көшесін 
газеталардан  көрінген  күйінше  төменде  жазып  жазып  отыр-
мыз.  Қазақтың  басқа  облыстары  туралы  қандай  өзгеріліс  бо-
луынан қазір де ашылған қабар жоқ. Бірақ 4-нші думадан қазақ 
туралы закон шыға қалса, жағымы қандай болуын күн бұрын 
айтуға сәуегейлік онша керек емес. Бұл думаға кіретін проек-
тер – қазақ облыстарында қызмет етіп тұрған орыс төрелерінің 
пікіріне сүйеніп жасалаған проектер. Олардың көбі қазақтың 
қалпын, салтын, мінезін жақсы білмейді. 
Законның асыл түбі, әуелі, күкімет пен халық арасына са-
латын, екінші күкіметке қараған адамдардың араларына сала-
тын жол. Әр халықтың бұрыннан жүріп келе жатқан дағдылы 
жолы бар, ол жолда түзеткенде жарамды жеріне тимей, жарам-
сыз жерін ғана өзгерту тиіс. Олай етпесе, соныдан ойып салған 
жолмен жұрттың көбі жүрмей, бұрынғы дағдылы жолымен кете 
береді. Әсіресе, көзі ашылып, көңіліне сәуле түспеген қараңғы 
қалық болса, ондай жаңадан салған жат жолмен жүру оған тым 
қиын, сондықтан законның түп үлгісі бір болғанмен, әркімнің 
бойына  қарай  киім  пішкен  сыйақты,  әр  қалықтың  қалпына, 
салтына, мінезіне қарай закон шығарылады. Солай болған соң 
да, закон шығарушылар қалықтың қағидалы қалпын, салтын, 
мінезін жақсы білу тиіс. Оны білмей шығарған закон қалықтың 
түзелуіне емес, бұзылуына себеп болмақшы. 
Степное  положение  онша  жаман  закон  емес.  Күкімет  пен 
қазақ арасына салған жолының кейбір жеріндегі таршылығын 
былай  қойып,  қазақтың  өз  арасындағы  жұмыстарына  салған 
жолын алғанда, жап-жақсы закон. Басшылық етіп, ел бағатын 
жақсыларыңды  өздерің  сайла  деп,  дұрыстық  айтып,  дау 
бітіретін  адамдарыңды  өздерің  сайла  деп,  би,  болыс,  ауыл-
най  сайлауды  қазақтардың  өз  еркіне  беріп  қойған  жаман  за-
кон емес. Жер турасында да степное положение қазақ қамын 
ойлап, қазаққа пайдалы жағын көздеген жоқ. Егерде қазақтар 

231
степное положениемен пайдалана алмай, оның пайдалы жағын 
зарарға  аударса,  оған  степное  положение  кінәлі  емес,  кінә 
қазақтың  өзінде.  Степное  положениені  шығарушылар  ойлай-
ды: лауазымды қазақтар қалыққа жағымды жақсы адамдарын 
сайлар, обырларын, жебірлерін сайламас деп. Күкімет тарапы-
нан қалап қойылатын болса, қалқына жайлы, пайдалы адамын 
біле алмай, зарарлы адамдарын қалауы да ықтимал деп, еткен 
сақтық еді. 
Қазақ олар ойлаған жерден шықпады. Әуелі, «ауылдастың 
аты озғанша, аталастың тайы озсын» деп, жақынын сайлады. 
Екінші, «жеген ауыз жесін» деп, жебірлерін сайлады. Үшінші, 
«аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» деп, малдысын сай-
лады. Мынау елге жағымды, жайлы болар, мынадан дұрыстық, 
туралық  шығар  деп  сайлаған  қазақ  болмады.  Сондықтан 
жақсы закон пайдалы болудың орнына зарарлы болып шықты. 
Жұрттың бәрі шулайды; сайлау жұртты бұзды, сайлау жұртты 
аздырды, тоздырды деп. Жұрттың азғаны, тозғаны, бұзылғаны 
рас, ол бұзылу, азу қалықтың өзінен, екінші, степное положе-
ние де себепкер болудан құр емес. Жүктің ауыр жағынан бұрау 
келген сыйақты, қазақтың бір шетін жеріне степное положение 
қолайсыз келіп, істің көбі сонан бүлінді.
Степное  положениені  шығарушылар  шығарып  отырған 
закондарының  жақсы  екенін  білген,  бірақ  қалықтың  мінезін, 
салтын  білмеген.  Қазақта  туралық,  адалдық,  адамгершілік 
кем екенін білмегендіктен, қате істеген. Әуелі, би мен болыс 
екеуі  жеңген  жақтан  болмасқа  шара  көздемеген.  Екінші,  би 
жолдан шығып бара жатса, жолың мынау деп қайырарлық еш 
орын белгілемеген. Үшінші, билердің қолына жыл жарымдық 
абақты кесерлік күш берген. Жыл жарым абақтыда отыру оңай 
іс емес, жөн-жосықты білмей, жолсыз көшетін билердің қолына 
ондай  нәрселерді  беру  –  зор  қате.  Тиісі  қазақтың  қағидасын 
жиып, қағида бойынша билерге іс еттіру еді, оны істеуге бол-
маса, билердің қуатын көбейту емес, азайту керек еді. Билерге 
қағида бойынша күкім етсін дейді, қағида бойынша істеген, іс-
темегенін ашатын ешбір орын жоқ. 
Билердің салған күкімі қағида бойынша дұрыс, бұрысын аша-

232
тын орын керектігі түсінікті болу үшін степное положениенің 
бастапқы шыққан кезінде Торғай уезінде болған бір уақиғаны 
айтып өтейін. Тосын болосының қазағы Байғабыл Тауман ба-
ласы Шұбалаң болосының қазағы Жаманбай Ақбай баласының 
үстінен арыз берген: Ақбай баласының қызын Ерғабыл деген 
ініме айттырып, тоғыз түйе қалың мал беріп едім. Айттырған 
қыз алмай тұрып өліп қалды, кейінгі қызын бермейді деп.
Ол арыз Шұбалаң болосының сиезінде 1893 жылы 15-нші 
мартта қаралған, жауапкер Ақбай баласы сиезге келмеген. Би-
лер сыртынан былайша билік айтқан: «Ақбай баласы Тауман 
баласының інісіне өлген қызының орнына тірі қызын берсін. 
Олай етпесе һәм қалың мал алғаным жоқ деп тапса, екі елу-
лік  елдің  адамынан  Таумановтың  қалаған  адамының  жанын 
өткізсін,  әйтпесе  Таумановке  270  сом  тұрарлық  жарамды  9 
түйе төлесін, қарындас болған халда 135 сомдық мал төлесін. 
27 сом билік, 4 сом ат майы, 2 сом қалам ақы», – деген.
Ақбай баласы бұл билікке риза болмай, губернатырға арыз 
берген.  Арызда  айтқаны:  «Қалың  малға  Тауман  баласынан 
алғаным 9 түйе емес, 6 жылқы еді, қызым өліп қалды, алған 
мал  1879-шы  жылғы  жаман  қоянда  жұттан  қырылып  қалды. 
Кіші  қызымды  аламын  десе,  қазақ  қағидасы  бойынша  бал-
дыз қалың төлеп алуға тиіс, қызым өлгелі 12 жыл болды, онан 
бері үндемей жүріп, биыл сөз шығарып отырғаны, өткен 1892 
жылғы қоянда 7 жылқысын асырап шыққаныма Тауман баласы 
50 сом бермекші еді, соны бермеске салып отырған бұл байба-
лам дауы», – деген.
Областное положение қарағаннан кейін арызына қайырылған 
жауап:  «Қазақтың  қағидасын  біз  білмейміз,  қандай  уақиғаға 
қазақтың қай қағидасын алып, қалай мағына беріп, хүкім салу 
билердің ықтиарына берілген», – деген.
Билердің  салған  күкімінің  дұрыс-терісін  тексеріп,  лағып 
шыққандарын жолға салуға белгіленген орын болмаса, област-
ной мекемелер қазақ қағидаларын білмесе, билердің бәрі пері-
штеден болу керек, олай болмаса, билер бетімен жайылмай, кім 
жайылар? Солай болған соң, ақын Әбубәкірдің айтқаны келеді: 
«Ақша  жеп,  арамдардан  кәкім  қойдың,  келтіріп  қорқағыңды 

233
батыр  қойдың.  Арасын  ақ-қараның  айырмайтын,  алдына 
жүгінесің жылқы, қойдың», – деп.
Жоғарыда айтылған сыйақты оқиғалар қазақ арасында көп 
болады. Областное положениелер құр білмейміз деп қайырмай, 
даулы жұмыс турасында қазақта қандай қағидалар барын біліп 
қайырып отырса, қағидалар құралып, қазақ арасына бірте-бір-
те жол түсер еді. Қазақ ішінде осы кезде жол дегеннің жұрнағы 
жоқ. Жолы қайсы, жолсызы қайсы – айырып іс істелмейді. Жол 
іздеген адам еш орнынан таба алмайды. Қазақта тіпті әуелден 
жол  жоқ  шығар  деп  айтуға  болмайды,  қазақ  бұрыннан-ақ 
зорлықшыл, әлдісі әлсізіне теңдік бермейтін қалық болсын-ақ, 
сонда  да  жолы  боларға  керек.  Күштісі  мен  нашарының  ара-
ларында жол болмаса да, терезесі теңдерінің арасында жолы 
боларға керек қой. Ол жол осы күнде қайда? Ол жолмен еш-
кім жүрмеген соң, бітелген, жоғалған. Жұрт жолды-жолсызды 
айырмайтын  салтқа  түскен.  Түзіктік  қайсы,  бұзықтық  қайсы 
– тексеретін жұрт жоқ. Дұрыстық-бұрыстықты білмеген жұрт, 
әрине, азбақшы.
Степное положение бойынша билерге қайыру жоқ болған- 
дықтан, билер бетімен жайылып, жұртты бездіріп отыр. Степ-
ное  положение,  жұрт  асылына  түсініп  пайдалана  алмаған 
соң,  жұртты  бұзуға  себепкер  болған  закон  болып  табылып 
тұр.  Сол  степное  положениені  енді  өзгертуге  Думаға  проект 
кірді  деген  сөз  бар.  Ол  өзгертіліп,  төртінші  Думада  қазаққа 
жаны ашитын жақсы депутаттар: «Қазақ жайын білмей, жай-
сыз закон шығарып, қазақтардың обалына қаламыз, қазақ ту-
расында  шығатын  закон  Думада  қаралғанда  қазақ  депутаты 
болмағаны жарамайды», – деп жатыр. Биыл Торғай мен Орал 
облыстарының земский сметасы қаралғанда Мәскеу депутаты 
Щепкин  айтқан:  «Бұ  қалай?  Қазақ  сөзін  Упа,  Баку,  Забайкал 
депутаттары  сөйлеп  жатыр.  Қазақтың  өз  депутаттары  қайда? 
3-нші иіуін законын өзгерту керек, иағни қазақтан Думаға де-
путат келу тиіс», – деген.
Қазақтың дүниада болған-болмағанымен жұмысы жоқ депу-
таттар, хкүкімет кіргізген проект қандай болса да, жарайды деп 
қабыл ете салады. Қазақ үшін ойланып бастарын ауыртпайды. 

234
4-нші Думадағы депутаттардың көбі иа сондай басын ауырт-
пайтындардан, иа тегі басқа жұртқа күн тумасын дейтіндерден. 
Олар көп болған соң, олардың дегені болмақшы. Думада көп 
жағының ұнатқаны закон болып шықпақшы. Олардың дегені 
болып шыққан закон қазақты не оңдырмақшы?!
Жоғарыда айтылған сөздерге қарағанда, 4-нші Дума қазақ 
жайындағы закондарды өзгертіп, жайлы етіп шығарады деп үміт 
етерлік орын жоқ. Бұл сөзді жазып отырғандағы мақсатымыз да 
жұртқа соны сездірмек. Екінші, опырып істеп, орнына келтіріп 
тастамаса  да,  аз  да  болса  пайдасы  тиер  еді,  қазақтан  Думаға 
депутат барса деп, жұртқа соны айтпақ. Үшінші, депутат сұрап 
ала алмаса, өз пікірін проект етіп, қазақтар Думаның алдына 
салу тиіс.
1913 ж.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет