О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,76 Mb.
#668
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

16. ГУБЕРНАТОР ӨзГЕРІлУІ
Семей губернаторы Тройнитскій Тулаға губернатор болып, 
оның Туер уитсе-губернаторы Шернетсов деген келмекші. Трой-
нитскій  қазақтың  қазақ  екендігін  ұмыттырмай,  есіне  түсіріп 
отыратын губернатор еді. С.синод пен жер жұмысының бас ме-
кемесі қазақ пен орысты ауыл үй қондырып, жақындастырып, 
дінін, атын жоғалтып, орыс қылып, сен – қазақ, біз – орыс, оны 
ұмытпа, – деп, қазақтардың есіне салып отыратын еді. Семей 
қазақтарының  көбіне  Тройнитскійдің  қазақ  баласына  суық 
жүзбен  қарағаны  тынышсыз  көрінсе  де,  бірсыпыраларына 
жағымсыз да болмап еді: адал кәсіппен тамағын асырай алмай 
жүрген  бейшаралардың  көбіне  тамақ  асырарлық  кәсіп  табы-
лып еді. Адал жолмен адамдыққа жете алмай жүргендерге жол 
табылып еді. Жалған жала, жасырын шағым деген жауыннан 
соңғы кенедей қаулап, өріп еді. Сондықтан, ойлаймын, Трой-
нитскій кеткеніне сүйінетін де, күйінетін де қазақтар боларға 
керек  деп.  Бұл  Семей  облысының  ғана  қазақтары  туралы 
айтылған сөз.
Қазақ  жұртын  түгел  алып  сөйлегенде,  қазақ  облыстары-
на қойылатын губернаторлар туралы екі түрлі пікір бар. Бірі-
бүгінгіні  ойлағандығы  айтылатын  пікір,  екінші  –  ертеңгіні 
ойлағанда  айтылатын  пікір.  Соңғы  пікір  бойынша,  қазақ  об-
лыстарында – Семейде болған Тройнитскій, Торғайда болған 
Астырақовскій  сыйақты  губернаторлар  бір  жағынан  қазаққа 
жайсыз болғанымен, екінші жағынан жағымды болмақшы: он-
дай губернаторлар, әуелі, қазақтың қазақ екендігін ұмыттырмай, 
есіне  салып  отырмақшы,  екінші,  қазақты  қысып,  тықсырып, 
тынышсыз болса, қалықтың ұйқысы сергек болмақшы. Қойға 
қасқыр шаппаса, қойшы да, қожа да қорағы келер қорынышты 
ұмытады  дейді.  Қазақ  жерін  мұжыққа  бере  бастаған  соң 
ғана қазақ қайда отырғанын біле бастаған. Қазақтың ұйқысы 
бөлініп,  сана  түсіп,  алдым  қалай  болар  деп,  алысқа  көз  сала 
бастағаны жерін ала бастағаннан берлі. Сондайдан тәжірибе ай-
тып, бірсыпыра адамдар ойлайды: қалықты қанша қысқанмен, 
қысылғаннан жаны шықпайды, қысқан сайын шынығып, қалық 
ширай береді. Ұйықтағандардың ұйқысы ашылып, ой түсуіне 

252
ондай губернаторлар себепкер болады. Сондықтан Тройнитскій 
мен Астырақовскій сықылды губернаторлар қазақ облыстарын-
да болып кеткені де пайдалы деп. Бірсыпыралары ол жағының 
пайдасынан  безіп,  ондай  губернаторларды  көрсетпесін  деп, 
қолын жайып, Құдайдан тілек тілейді.
Тройнитскій кеткеніне кім сүйініп, кім күйініп жатқанынан 
хабарым жоқ. Өз басым Тройнитскійге алғыстан басқа еш нәрсе 
айтпаймын.  Өйткені  жалған  жала,  жасырын  шағымға  ина-
бат етіп, бұлдаушы болмаса, менің үстімнен жасырын шағым 
болмас  еді.  Жасырын  шағым  болмаса,  мен  Қарқаралыдан 
Орынборға қуылмасам, Қарқаралыда тұрып осы істеп отырған 
ісімді  істей  алмас  едім.  Елу-алпыс  балаға  ғана  арнап  берген 
сабақтан алты міллійон қазақты алаламай істеп отырған ісімді 
артығырақ көремін.
1914 ж.

253
17. СОҒЫСУШЫ ПАТШАлАР
Еуропа  патшалары  көптен  берлі  өзара  соғысқан  жоқ. 
Өзара  соғыспай,  өзгелермен  соғысып,  иа  тіпті  соғыспай,  ты-
ныш  отырып,  соғысқан  патшалардың  арасына  билік  айтып, 
үлкен  ауылдың  сыбағаларын  алып,  жай  отыратын  еді.  Екі 
ұлық  патшаның  арасынан  соғыс  шықса,  ол  соғысқа,  арала-
рында  байласқан  уағдалары  бойынша,  басқаларыда  кірісіп, 
соғыс  ұласып,  ұлғайып,  ақыры  немен  тынарына  көз  жетпей, 
бәрі де өзара соғысудан тартынушы еді. Соғыспаса да, қару-
жарақтарын бәсекемен сайлап, соғысатындай күтініп, бірін-бірі 
аңдумен келе жатыр еді. Тариқ жүзіне көз салсақ, таласпаған, 
соғыспаған қалық көрінбейді. Бұл күндегі қалықтар да, қанша 
ғылымды, өнерлі, білімді, мейірімді болдық десе де, аталары-
нан ұзап алыс кете алған жоқ. Соғыспай тұратын күйге әлі жет-
кен жоқ.
Еуропа патшаларының нағыз зорлары соғысқа бел байлап 
кірісіп тұр, ұсақтары әскерлерін жиып, бірсыпырасы қалай бо-
лар деп, соғыстың аңысын бағып тұр, бірсыпырасы басылып, 
жаншылып, соғысқандардың айағының астында қалмасқа қам 
қылып жатыр.
Соғысқа қазірінде кірісіп тұрған бес ұлық патша, үш ұсақ 
патша. Соғысатын қандай жұрттар, қай жағының күші басым 
екенін оқушыларымыздың білетіндері де, білмейтіндері де бар 
болса  керек.  Сондықтан  әрқайсысының  жайынан  қысқалап 
мағлұмат бергеніміз теріс болмас деп ойлаймыз.
Ресей,  Пырантсия,  Ангылиа  –  үш  ұлық  патша  бір  жақ, 
бұларға  үш  ұсақ  патша  қосымша  болып  тұр.  Олар:  Сербиа, 
Қаратаулық  һәм  Белгійа.  Германійа  һәм  Аустіриа  –  екі  ұлық 
патша бір жақ. Осы екі патша құзырында үш ұлық патша, үш 
ұсақ патшамен соғыспақшы. Соғысатын патшалардың бәрі де 
қиристиан дініндегі патшалар, бірақ түрлі мазһабінен болады.
Біздің  Ресейден  басталық:  Ресейдің  жері  19  міллійон  99 
мың 165 шаршы шақырым. Елі 160 міллійоннан астам. Ресей-
дегі қалықтар түрлі дінді, түрлі тілді екендігі оқушыларымызға 
мағлұм. Бірақ солардың арасында көбі орыс затынан. 160 міл-
лійон жұрттың 105 міллійоны орыс нәсілінен. Дінге бөлгенде 

254
де  сол  шамалысы  прауослауный  болып,  басқалары  ғана  өзге 
діндік болады. Жайшылықтағы әскерінің саны 1 міллійон жа-
рым, соғыс кезінде 4 міллійон жарымдай.
Ресейге жақ патша – Пырантсиа. Бұл патшалық Еуропаның 
күнбатыс шетіне тайау. Жері, колониасын қоспағанда, 471 мың 
412 шаршы шақырым. Елі 40 міллійон шамалы. Бәрі болмаса 
да,  көбі  жалғыз  пырантсуз  тұқымынан,  басқадан  жарты  міл-
лійон  италанетс,  міллійон  жарымдай  британетс,  500  мыңдай 
йаһуди бар. Діні қиристиан котолік. Ғылым өнер жағынан бас 
патшаларының  бірі.  Жайшылықтағы  әскері  600  мың,  соғыс 
кезінде 4 міллійон жарымдай.
Ресейге  жақ  патша  –  Ангылиа.  Бұл  Еуропаның  күнбатыс 
жақ шетіндегі аралдағы патша. Колониасын қоспағанда, жері 
275 мың 990 шаршы шақырым. Елі 46 міллійон шамалы, екі 
тұқымнан: келт пен англо-саксист деп аталады. Діні қиристиан 
лотериан. Ғылым, өнер һәм байлыққа келгенде нағыз бас пат-
шадан саналады. Жайшылықтағы әскері 560 мың, соғыс кезін-
де  1  міллійон  200  мың.  Ангылиа  пылоты  (соғыс  кемелері) 
дүниадағы нағыз күшті пылот. Екі патшаның пылоты қосылып, 
қандай ұлық патшалар болса да, бір Ангылиа пылотына жете 
алмайды.  Пылотқа  келгенде  Ангылианың  дүниада  теңі  жоқ. 
Бұлардан  басқа  Ресей  жағындағы  ұсақ  патшалықтар  бар  деп 
жоғарыда айттық. Олар көмекшілікке жарамаса, соғыс бағының 
бетін олай-бұлай аудару қолдарынан келмейтін патшалықтар. 
Сондықтан оларды қойа тұрып, Ресейге жау болып тұрған пат-
шалар жайынан сөйлейік.
Ресейге  жау  патшаның  бірі  –  Ауыстриа.  Бұл  Еуропаның 
орталық  жеріндегі  патшалық.  Екі  патшалықтан  құралып 
болған патшалық. Сондықтан Ауыстро-Уенгіриа деп, көбінесе 
екі аты қабат аталады. Жері 593 шаршы шақырым. Елі 52 міл-
лійон.  Қалқы  әр  тұқымнан.  Олардың  ішінде  көбірек  біздің 
орыспен тектес слауиан. Олар 23 міллійон, 13 міллійон неміс, 
8 міллійон бізбен тектес түрік нәсілінен мадиар деген жұрт. 4 
міллійоны  румын,  3  міллійоны  йаһуди,  1  міллійоны  италиа-
нест. Патшалық неміс қолында. 3 міллійоны прауослауный, 3 
міллійоны йаһуди, 3 міллійон жарымдай лотерианнан басқасы 
қиристиан котолік дінінде. Ғылым, өнер жағынан бас патша-

255
лардан саналады. Жайшылықта әскері 400 мың, соғыс кезінде 
2 міллійон жарым шамалы. 
Ресейге  жау  патшаның  екіншісі  –  Германійа.  Бұ  да 
Еуропаның  орталық  жеріндегі  патшалық.  Германійа  импери-
асына қарайтын 25 патшалық. Бәрінің қалқы неміс нәсілінен 
ұйымдасып күш қосып, басқалардан басын қорғау үшін ірілі-
ұсақ  болып  бірігіп,  күшті  болған  патшалық.  Бұл  ынтымаққа 
кіргендер  бірліктен,  айтысқан  серттері  бойынша,  оқшау 
шықпайды һәм ешкім бөлек шығармайды да. Өзді-өзіне тиісті 
істерін әрқайсысы өз бетінше істейді. Көпке тиісті істерді ор-
тасынан шығарған сойызный соуетке салады. 25 патша орта-
сынан  біреуін  аға  тұтады.  Ол  Германійа  императоры  атана-
ды.  Басқалары  королл  герітсог,  книаз  атанады.  Бәрінің  жерін 
қосқанда, Германійа патшалығына қарайтын жер, колонійасын 
санамағанда, 474 мың 802 шаршы шақырым. Елі 65 міллійон. 
Оның ішінде 4 міллійондай ғана басқа текті жұрт бар, өзгесінің 
бәрі де неміс. Діні қиристиан протестант, азырақ католик һәм 
йаһуди  дініндегілер  бар.  Ғылым,  өнер  жағынан  нағыз  бас 
патшаның бірі. Әскері жайшылықта 600 мың, соғыс кезінде 4 
міллійон жарым. Құрғақтағы соғыста әскерінің күші, соғысқа 
керек өнері, ісі ең бірінші дәрежеде саналады. Мықтылығынан 
«темір жұдырық» деп атанатын патшалық осы. Мұның пыло-
ты да күшті. Ангылиадан соңғы күшті пылот осы Германійада. 
Германійа құрлықтағы соғыс ісіне бірінші, судағы соғыс ісіне 
екінші патшалық деп саналады. 
Жоғарыда  жазғаннан  көрінеді:  Ресейге  жақ  болып  тұрған 
ұсақпатшаларды былай қойып, ұлық патшаларды ғана алсақ та, 
Ресей жағындағы патшалардың әскері 10 міллійон болмақшы. 
Алты ұлық патша үш-үштен бөлінсе, бәлкім, тең болар еді. Ита-
лиа соғысқа қосылмаймын деп қабар қылып тұр. Италиа Гер-
манійа мен Ауыстыриаға одақ еді. Бірақ одақтасқан сертінде 
бұлар басқаға өздері тимей, басын қорғау соғыс болса, Италиа 
кіріспекші екен. Бұл соғыс Германійа мен Ауыстырианың бас 
қорғау соғысы емес, басқаға тиіу соғысы болып тұр. Сондықтан 
Италиа бас тартып, бойын сақтап тұр.
Италиа кіріспегені Ресейге өте жағымды болып тұр. Құрда 
Ресей  жағындағы  әскердің  саны  жау  әскерінен  басым,  суда 

256
Ресей  жағындағы  пылоттың  күші  басым.  Әскердің  көптігі 
мен  пылоттың  күштілігімен  жеңетін  болса,  әскердің  көбі  де, 
пылоттың  күштісі  де  Ресей  жағында.  Осыны  көре  тұра,  Гер-
манійа мен Ауыстыриа соғысқа шығуы иа өнеріне сенгендік, 
иа бөтен жағынан дәмелі болғандық деп тұр. Олар иа Ангы-
лиа соғысқа қосылмас деп ойлайды, иа Ресейдің іші ала, те-
гіс намысқа шаппас деп дәмелі болды деседі. Өнеріне сенген 
болса,  өздері  біледі.  Басқа  жағынан  дәмелі  болса,  алданған 
болар: Ангылиа соғысқа қосылды, Ресейдің ішкі алалығы да 
жоғалады. Жайшылықтағы алалықты тастап, жау келе жатқанда 
бәрі күшін қосып, қарсы шықпақшы болып тұр. Жау жағына 
жаңадан  қосылатын  патшалар  болмаса,  қазірінде  жауласып 
тұрған екі патшаны жеңеміз деген Ресейдің үміті тым-ақ зор.
 1914 ж.

257
18. БҰ зАМАННЫң СОҒЫСЫ
Өткен нөмірде соғысқа кіріскен патшалардың қай жағының 
әскері көп, қай жағынан пылоты күшті екенін айтып едік. Енді 
бұл  заманның  соғысқа  жұмсайтын  құралдары  һәм  заманың 
соғысқа жұмсайтын құралдары һәм соғысу тәртібі қандай екен-
дігі айтып өтпекшіміз.
Әуелі,  соғысқа  керек  –  әскер,  сондықтан  әскерді  жиып, 
соғысатын жерге төгу үшін істейтін істер жайынан бастайық. 
Әскерді  тез  жиып,  соғысатын  жерге  тез  түсіруге  отарба  сай 
боларға  керек.  Кей  патшалар  сол  үшін  арнап  темір  жолдар 
салдырады; мәселен, Германійада әр корпус әскердің өз алды-
на отарбасы бар. Германійа әскері жер шегіне жетіп, соғысқа 
дайар болуына төрт-ақ күн керек. Пырантсиа жерінің шегіне 
бір  сөткеде  міллійон  жарым  әскер  төгуге  жолы  сай.  Отарба 
сайлылығы  жалғыз  әскер  тасуға  емес,  әскердің  азық-түлігін, 
қару-жарақ, оқтарын соғысатын жерге жеткізу керек. Жолы сай 
емес патшалар әскерін атпен, түйемен, өгізбен жыйып жеткіз-
генше, жолы сай патшалар тезірек келіп, шабан жыйылғанның 
жерін алып қоймақшы. Төбелескенде шапшаң адамның қолы 
бұрын тигені сыйақты, кейде бұрын қимылдағаны соғыс тіз-
гінін қолына алғанға есептеп, бұл замандағы соғысқа тез жиы-
лып, жауға тайағы бұрын тигеніне көп мағына береді.
Екінші, соғысқа керегі – қару-жарақ, иағни мылтық, зеңбірек 
оғайри  сондай  қарулар.  Өткен  Балқан  соғысында  зеңбірегі 
күшті  һәм  тигіш  жағы  жеңіп  отырды.  Бұ  күнгі  зеңбіректер 
бұрынғы зеңбіректер емес. Бұрынғы зеңбіректер бес минөтте 
бір оқ шығаратын еді. Бұл күнде төрт зеңбіректі бір батерейа 
минөтіне  40  шырапнел  шығарады  (шырапнел  ішінде  200  оқ 
болады).  Олай  болғанда,  бір  батерейа  бір  минөтте  8  мың  оқ 
шығармақшы. Бұрынғы мылтықтармен бір солдат бір минөтте 
бір оқ ғана шығаратын еді. Бұ күнгі мылтықтармен бір солдат 
бір минөтте 40 оқ шығара алады.
Мылтықпен зеңбіректен басқа пулемет деген бір пәле тағы 
да бар. Оның біреуі бір минөтте 600 оқ шығарады. Бұрынғы 
зеңбіректер құр шошыту болмаса, көбінесе тимейтін еді. Бұл 
күнде дала зеңбіректері 5 шақырым жерден, кеме зеңбіректері 
10 шақырым жерден тиеді. Бұрынғы зеңбіректердің оғы 5 пұт 

258
болушы еді. Бұ күнгі зеңбіректердің оғы 40 пұт. Осы соғысып 
жатқан  патшалар  неше  түрлері  қарудың  бәрін  өз  зауытынан 
жасап шығарған патшалар. Бұлардың қару-жарағында кемістік 
жоқ.  Бұ  замандағы  қару-жарақтың  нағыз  жақсысы  осыларда. 
Қамтамасыз қаруларының қызығын көретін жері осы Еуропа 
соғысы.
Үшінші,  соғысқа  керек  нәрсе  –  плот  (соғыс  кемелері).  Бұ 
заманда  патшалар  жалғыз  құрылық  жағын  ғана  қорымайды, 
су  жағын  да  қориды.  Бұрынғы  соғыстар  құрда  болып,  суда 
кем болушы еді. Бұ заманда кемелерге зеңбірек орнатқан се-
бептен  судағы  соғыс  та  зор  болмақшы.  Соғыс  бағының  беті 
аууына  бұ  күндегі  пылоттылық  себепкер  болатын  нәрсенің 
бірі.  Сондықтан  осы  күнгі  патшалар,  бірінен-бірі  қалыспай, 
бәсекемен пылот сайлаудың әлегінде. Бәсекелесіп, соңғы кез-
де  соғыс  кемесінің  өте  зор,  зеңбіректі  көп  орнататын  түрін 
шығарады.  Бұл  күндегі  діредноуіт  деген  кемелердің  бата-
рейасынан  бір  атқанда  2  мың,  4  мың  пұт  оқ  шығады,  құты, 
Түркианың Америкадан сатып алған «Рио-де-Жанейро»деген 
діредноуітынан бір атқанда 5 мың пұт оқ шығады дейді. Пы-
лот  мықтылығының  пайдасы  атысқан  жерде  жеңуге,  сумен 
әскер һәм азық-түлік тасытпасқа керек жерде тиеді. Ангылиа 
пылоты Германійа пылотынан күшті болған себепті, Германійа 
пылотын  ешқайда  шығармай  басқа  жерден  кемелерді  келтір-
мей,  су  жағынан  Германійаның  қолын  кеспекші.  Сондықтан 
Германійаның Ангылиа жақ тұсына қойған кемелері жағадағы 
қорғандардың зеңбірегін сайалап, басын қорғамаса, пәлендей 
қару  қылып,  күш  көрсетер  деп  айтуға  қиын.  Германійаның 
орыс жақ тұсына қойған пылоты күш көрсетпесе, бұл соғыста 
Германійа плотының қызығын көре алмайтын шығар.
Төртінші,  соғыста  жеңу  иа  жеңілуге  зор  себепкер  бо-
латын  әскербасы.  Бұл  күндегі  әскербасылар  бұрынғының 
әскербасындай  биікке  шығып,  соғысты  көзімен  көріп  отыр-
майды, ілгері ұмтылу керек жерінде ұмтылтып, шегінту керек 
шегінде шегінтіп басшылық етуі бұл күнде жоқ. Бұ заманның 
әскербасылары  соғыстың  қарасын  көрмей-ақ,  үйінде  отыра-
ды. Қарайтыны соғыс емес, соғыс болып жатқан жердің пыла-
ны. Бұйрығын телегырам, телепон арқылы істейді. Соғыстың 
қабарын телегырам, телепон арқылы алады.

259
Соғыстың қарасын көрмейтін себебі – бұл күнде әскерлер 
соғысқа  қоралы  қойша  иірілген  тобымен  кірмейді,  қадамға 
тұрып, қатар түзеп, екі жақ қанатын алысқа созып, жайып жі-
беріп атысады. Әскердің көптігіне қарай екі жақ қанаты көп жер-
ге жайылмақшы. Орыс пен иапон жауласқанда, Мукден соғысы 
деген зор соғыста иапондардың 300 мың әскері қанатын жайып 
соғысқа кіргенде, бір шетінен бір шеті 100 шақырым болған. 
Сонша алысқа жайылған әскердің соғысын көзбен көріп отыру 
мүмкін бе? Пыланға қарау, телегырам, телепон арқылы қабар 
алу нақ өз көзімен көріп отырғандай болмайды, бірақ олай етпей 
амал  жоқ.  Сондықтан  бұрынғының  әскербасылық  етуінен  бұ 
күнгінің әскербасылық етуі қиын. Соғыстағы әскербасылардың 
ісі дойбы ойнаған сыйақты; жалғыз қата жүрістен күллі ойын- 
ның берекесі кетіп, ұтылмақшы. Сондай-ақ, бір қаталасқан ісінің 
салдарынан соғыс бағының бетін аударып, жеңіліп қалмақшы. 
Әскербасылық етудің қиыны сол: әскердің жүру-тұру билігін 
түгел  қолына  алуға  –  бәрін  көзімен  көріп  отырған  жоқ;  әр 
әскердің  әр  табының  билігін  бастықтарына  беруге  –  әр  ауыл 
көш-қонын өзі билеген сыйақты болмақшы, бірі ерте, бірі кеш 
көшкен, бірі ілгері, бірі кейін қонған ауылдай, әскердің бір табы 
атысып жатқанда, екінші табы қарап тұрмақшы; бір табы ілгері 
ұмтылғанда, екінші табы кейін шегінбекші; сөйтіп, бір мезгіл-
де бір беткей қару қылмай, әскер жеңілмекші. Сондықтан бұл 
заманның әскербасына батырлықтан гөрі соғыстың ғылымын, 
әдісін жақсы білетін адам сайланбақшы.
Бесінші,  бұл  замандағы  соғыста  жұмсалатын  нәрсе  –  ас-
пан кемелері. Бұлар қызыметінің зоры – жау әскерінің жатқан 
жерін білу. Жау жерін біліп алып атқан зеңбіректің оғы жаудың 
дәл үстіне түспекші.
Осы жоғарыда айтылғандар біреуден жерін қорғау үшін де, 
біреудің жеріне түсу үшін де керектер. Бекіну үшін жасалған 
нәрселер  –  қорғандар.  Жауды  ішкері  жібермеске  жер  шегіне 
әр патша қорған салдырды. Қорғандардың мықтыларын бұзып 
алу қиын жұмыс. Нағыз мықты салдырған қорғандарды иа тіп-
ті  бұзып  ала  алмайды,  иа  бұзса  да  көп  адамын  шығындатып 
барып алады. Еуропа ұлық патшаларының бәрінде де салынған 
мықты қорғандар бар.
1914 ж.

260
19. В.л. БУРТСЕВ
20-ншы  ғинуарда  Петірогырад  судебный  палатасы 
В.Л.Буртсевті  Сібірге  айдауға  бұйырды.  Бұл  орыс  жұртын 
бақытқа  жеткізем  деген  жүйріктің  бірі.  Абайды  оқытқан 
Михайлістің  жолдасы.  Біздің  орысша  білетін  қазаққа  белгілі 
Буртсев «Былое» журналының шығарушысы еді. Ана бір күн 
шығып,  жақсылық  болғаннан  бұрын  Пырантсиа,  Ангылиаға 
қашып барып, сонда жүрді, 1905-нші жылы патша манипесі се-
бебті Ресейге қайтып, қараңғы тұман қайта түскенде, тағы бөтен 
ұртқа  жан  сауғалап  қашып  барған  еді.  Мына  Еуропа  соғысы 
басталғанда, ердің қаны қызып, елге қайтып, күкіметпен бірге 
жұртыма қызымет қылам деп, өзі келіп еді.
1915 ж. 
20. лЕНиННІң ЕлУ жАСЫ
Биыл 23 апірелде әлемге аты шыққан, істеген ісі жер жүзене 
жайылған,  Ресей  шаруаларының  қолын  теңдікке  жеткізіп, 
асты-үстіне шығарып Октиабір төңкерісін жасаған Ленин жол-
дасымыз және басшымыздың дүниеге келгеніне 50 жыл толды. 
«Ленин» деген – өтірік аты, иағни, жазған сөздеріне, шығарған 
кітаптарында  тұратын  аты.  Шын  аты  –  Владимир  Улианов. 
Жұрт сөзін, кітаптарын оқып, шын атынан да өтірік атын қанық 
біліп,  «Улианов»  дегеннен  «Ленин»  деген  ат  халықа  мәшһүр 
болып кеткен. Сондықтан газет жүзінде, басқа орындарда шын 
атын жүргіземіз.
Ленин Симбір губернасының қарашекпен затынан шыққан 
адам. 18 жасқакелгенде, патша өкіметі ағасын асып өлтірген. 
Жазығы  –  патша  өкіметіне  қарсы  істеген  ғамалы.  Ағасын 
өлтірген  өкімет  Ленин  оқып,  адам  болу  жағына  көп  кедер-
гілер қойы қараған. Бірақ Ленин жігерімен орта оқуды бітіріп, 
университетке кірген. Бірақ онда көп бола алмаған. Бір айдан 
соң  өкіметке  қарсы  ғамалдарын  сезіп,  университеттен  қуып 
шығарған.  Әйтсе  де  Ленин  4  жылдай  өз  бетімен  оқып,  уни-
верситет  емтиханын  беріп  шыққан.  Онан  кейін  әр  уақыт  ад-
вокат болып тұрған. Бірақ ол көңілі бүтіндей жұрт жұмысына 
шыққан. Патша заманында жұрт жұмысына бүтіндей кіріскен 

261
адамның  көретін  күні  белгілі  –  абақты  мен  айдау.  Абақтыда 
болған,  айдауда  болған,  бірақ  тұтқан  жолы  мен  бағытынан 
айрылмаған. Түрлі сайаси партиалардағы адамдармен жолдас 
болған.  Түрлі  жолдармен  танысқан.  Көп  жолдан  бір  жолды 
қалап алған да, сол жолын мықтап ұстап, жолдастары да, ұстаз 
есебінде болып, бұрын жол көрсеткен адамдар да тұтқан жол-
дарынан тайып, айнып жатқанда, Ленин, жалғыз қалатын бол-
са да, олармен бірге таймаған да, айнымаған да. Сол ұстанған 
жолымен,  таймастан,  айнымастан  отырып,  мақсатынан  келіп 
жетіп отыр.
Лениннің  тұтқан  жолы  –  жоғарыны  төменге  түсіріп,  тө- 
менді жоғары шығарып теңестіру. Зорлық қылғандардың зор- 
лығын жоғалту, қорлық көргендерді қорлықтан құтқару, адам 
баласының  арасында  туыс  жағынан  болсын,  түскен  түрлі 
жіктерді  жоғалтып,  алыс-жақын  дегенді  қойғызып,  бәрін  бір 
адамның баласындай ету. Адам баласының бірі – зор, бірі – қор 
екенін, бірі – бай, бірі – жарлы екенін көріп, теңгеру жолын ізде-
ген жалғыз Ленин емес. Бұрынғы пайғамбарлар да, данышпан- 
дар  да  адам  баласының  арасында  теңдік  жоқ  екенін  көріп, 
олар  да  қайғырған,  қалай  етсе  зорлық-зомбылық,  жамандық 
жоғалып, жақсылық орнап, адам баласы дүние рақатпен өмір 
шегу  жағын  қарастырған.  Түрлі  пікірлер  жайған.  Түрлі  жол-
дар шығарған. Бірақ адам баласының қолы рақатқа, теңдікке 
олардың жолымен жетпеген. Айтуға жолдың бәрі жақсы болған, 
бірақ іс жүзінде көздегендей болып шықпаған. Ақырында, да-
нышпандар адам баласы дүниесі теңелмей, теңелу жоқ деген 
пікірге келген. Дүниесі теңелу үшін мал-мүлік ортада болып, 
менікі-сенікі жоғалу керек деген. Мұны Еуропа тілінде «сотси-
ализім» дейді.
Сотсиализім  қалайша  жарыққа  шығып,  қалайша  дүниаға 
орнайтын жолын ғылыми түрде басқарушы Карл Маркс деген 
Еуропа ғалымы болған. Адам баласын теңгеру жолын іздеген 
Еуропа кісілерінің бәрі Марксті ұстаз етіп, соның көрсеткен жо-
лымен жүріп, дүниаға сотсиализім орнатпақ болған. Маркстің 
айтуынша, дүниа билігін кемшілікте, қорлықта жүргендер ал-
май, адам баласын теңдікке жеткізу, сотсиализім орнатуға бол-
майды. Қорлықта жүргендер кім екені мағлұм. Бай қызметіндегі 
жалшылар,  жұмысшылар,  кедейлер,  иағни  тепкісінде  жүрген 

262
нашарлар,  мұны  Маркс  жолына  ерген  адамдардың  бәрі  де 
біледі. Бірақ билікті нашарларға қайткенде алатын жеріне кел-
генде, бағыттары айырылады. Біреулер жұмысшылардың көзі 
ашылып, жол танып, жөн біліп, жетіліп барып билікті алуға бо-
лады деген де, біреулері кез келген жерінде жұмсшылар жетіл-
мей тұрып та билікті қолға алып кетуге болады деген. Соңғы 
пікірлердің басы Ленин. Бұл пікірдің дұрыстығын іс жүзінде 
көзбен көрмей отырмыз ба?
Еуропа  соғысы  бітіп,  дүние  алай-түлей  болғанда  Ленин 
секілді адам баласын теңгеру жолында жүрген, Ресей мен Еуро-
па адамдары қандары қызып, намыстары қозып, өкіметтерінің 
жәрдемінде,  тілегінде  болып  кеткенде,  Ленин  соғыс  керек 
емес,  соғысты  керек  қылып  отырған  буыны  мас  болған  бұқа 
сйыақты  малына  мас  болған  байлар.  Олар  үшін  жарлының, 
жұмысшылардың, момын қара шарулардың қаны төгіледі деп, 
соғысқа ешкім бармасқа, өкіметке жәрдем бермеске керек де-
ген. Соғыс қызып, Ресей жеңіліп, керек нәрсе азайып, ел ішін-
де наразылық өсіп, Николай тақтан түсіп, ескі өкімет жоғалып, 
жаңа өкімет беки алмай тұрған мезгілде, кезіне келді деген осы 
болады деп, Ленин Октиабір төңкерісін жасап, Ресей билігін 
жұмысшыларға алып барді.
Сөйтіп,  білімі,  өнері  көп,  көзі  ашық  Еуропа  мен  Амери-
ка  жұмысшылары  әлі  күнге  дейін  құлдықтан  құтыла  алмай 
отырғанда, білімі кем, өнері аз Ресей жұмысшылары құлдықтан 
құтылмақ  түгіл,  мемлекет  тізгінін  қолына  алып,  іс  жүргізіп, 
дәурен сүріп отыр.
Бұл Ленинің адам баласының алдында қызметі – жаңадан 
жол  салып,  көп  заманнан  бері  жете  алмай  келе  жатқан 
мақсатқа алдымен жетіп бәйге алып, өзгеге өнеге болатын іс 
істеп шығарғаны. Бастаушы табылған соң, қостаушы , әрине, 
табыла  бермекші.  Аз  заманның  арасында  Лениннің  істегенін 
басқалар да істеп, дүниа билігін адам баласының бейнетқорлар 
табы алып, жоғарыдағылар төмен түсіп, төмендегілер жоғары 
шығып,  адам  баласы  теңдікке  жетіп,  Маркс  айтқан  жолын-
ша  дүниаға  сотсиализім  орнатуы  осы  болмақ.  Жер  жүзіне 
өнеге боларлық іс істеп, ойдағы үмітті көзге көрсеткен Ленин 
жолдасымыздың өмірі ұзақ болсын!
1920 ж.

263

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет