О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



жүктеу 2.76 Mb.
Pdf просмотр
бет23/24
Дата28.12.2016
өлшемі2.76 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

8.  Төлебай  –  12  жастағы  қыз  баланың  жоқтауы.  Авторы 
Қарпық ақын. Ол – үмбетей руынан. 314 жолдан тұрады. 1990 
жылғы  жинақта  300  жол.  164  бетте:  алдыңғы  11  жол  және 
«Бабасының қалыбы-ай, Мырзалығын сұрасаң, Көңілде нұрдың 
жарығы-ай» деген жолдар түсіп қалған. Түпнұсқадағы: «Ин-
спектор  орысын  –  инспектор  орнына;  Жабықпа,  қалқам!  – 
Қамықпа, халқым!; Асылатын өрмелеп – Асылатын мойнына» 
деп асты сызылған сөздер өзгерген.
9. Төлебай – Төлебайды келінінің жоқтауы. Мұның да ав-
торы Қарпық ақын. 51 жол. 1990 жылғы жинақта 50 жол. 173 
беттегі:  «Белгілі  бекзат  бел  асты»  деген  жол  түсіп  қалған. 

364
Осы бетте: «Табылмас – белгілі, талайы –талабы, алдынан 
– алқалы» болып өзгерген.
10. Төлебай – жамағатының жоқтауы. Түпнұсқада 100 жол. 
1990  жылғы  басылымда  –  97  жол.  Түпнұсқадағы:  «Алланың 
артқан  ауыр  жүк,  Орнады  мұндай  жасымнан.  …Бастан 
жақты айырған, Әмірі күшті алланың, Қайғысына жанғаным» 
деген бес жол қысқарған. Орнына: «Жаз күнінде жайқалтып 
(176 б.)» деген жол толыққан. 
11.  Әйеке  –  Бұдабай  Қабылов  деген  ақын  шығарған. 
Түркістан  жағыныкі.  Руы  шұбыртпалы  деген  мәлімет  беріл-
ген. Жоқтау 373 жолдан тұрады. 1990 жылғы жинақта 421 жол. 
Кейінгі басылымда жоқтаудың толықтырылуын, 1883 жылы – 
Қазақ хрестоматиясында, 1925 жылы – 23 жоқтауда, 1984 жылы 
–  Бес  ғасыр  жырлайды  жинақтарындағы  әр  қалай  нұсқасы 
жарияланғанын  ескертеді.  Берілген  нұсқаның  Ә.Диваевтың 
1897 жылғы «Қазақ халық творчествосы үлгілері» атты кітап-
тан алынды делінген. А.Байтұрсынұлы нұсқасындағы 17 жол 
жоқ. 1897 жылғы нұсқаның соңы 65 жолы берілген. 67 бетте: 
«Әуезім – ауызым, күкіметі – хүкіметі» болып өзгерген.
Тағы  бір  ескерер  жайт:  осы  жоқтау  туралы  2002  жылы 
«Ғалым»  баспасынан  жарық  көрген  «Ақжолтай  Ағыбай  ба-
тыр» атты жинақта әдебиетші Д.Жақан мынадай: «1880 жылы 
Ақмешіт қаласындағы болыс сайлауы кезінде Шиелінің болы-
сы – Әйеке Бекежановты (1839-1880) Әлмәмбет Тұрсынбаев 
(1829-1909) атып өлтіреді. Бұл ел ішінде үлкен дау-жанжал 
тудырып,  белгілі  ақын  Бұдабай  Қабыловтың  (1848-1911) 
Әйекені  жоқтауынан  соң  екі  ру  арасындағы  араздық  басы-
лады. (Әйекенің руы – Шұбыртпалы («Жиырма үш жоқтау» 
жинағы.  51-бет).  «Әйекенің  жоқтауы»  ОҒК-ның  қолжазба 
қорындағы 1169-бумада сақтаулы» (622-б.) деген мәлімет айта-
ды да, жоғарыда аталған жинақта жоқтаудың А.Байтұрсынұлы 
нұсқасы алынғанын жазған. Жоқтаудың мәтіні 269-280-беттер-
де берілген.
12. Қыздың жоқтауы – В.В.Радловтан алынған нұсқа екені-
не сілтеме берілген. 22 жолдан тұрады. 1990 жылғы жинаққа 
енбеген. Себебі көрсетілмейді. 

365
13.  Әбжан  –  бұл  да  В.В.Радлов  нұсқасы.  Тарбағатай 
аймағының  найманы  шығарған.  Түпнұсқада  36  жол.  1990 
жылғы басылымда 40 жол. Мұнда керісінше толықтырылған, 
түпнұсқадағы алдыңғы үш шумақ 1990 жылғы жинақта мүлде 
басқа  нұсқасы  беріледі.  Қай  нұсқаға  сүйенгені  айтылмайды. 
Авторы  анық  көрсетілмеген.  107  беттегі:  «…Қара  бір  ша-
шым жайайын! Жайайын да жыйайын! Қыналы бармақ, жез 
тырнақ,  Конде  қанға  бойайын»  деген  1926  ж.  түпнұсқадағы 
төрт жолы сақталған. Қалған 16 жолы басқа нұсқадан алынса 
керек. Соңғы алты шумақ А.Байтұрсынұлы жинағындағыдай, 
тек «…Көп ішінде қиын да екен, Жалғыз енді сөз бастау» де-
ген жолдар жоқ. 107 бетте: «Қыналы» сөзі «құнарлы» болып 
өзгерген. 
14.  Балқын  қыздың  жоқтауы  –  бұл  да  В.В.Радловтан 
алынған.  Түпнұсқада  20  жол,  бес  шумаққа  топтастырылып 
берілген.  «Шешесінің  жоқтағаны»  деген  мәлімет  бар.  1990 
жылғы жинақта 40 жол. Мұнда өлеңнің 1926 жылғы 23 жоқтауға 
жартылай  берілгені,  толық  мәтінді  В.В.Радловтан  алынғаны 
айтылады. Сонымен қатар бұл жоқтаудың К.Әзірбаевтың «Ба-
зар – Назар» екі ұлына арнаған жырдағы екі шумағының ара-
сында  ұқсастықтар  барын,  келешекте  зерттеуді  қажет  ететіні 
жазылған. Алдыңғы 20 жол басқа нұсқа. Соңғы шумақтарды 
салыстырғанымызда  тек  116  беттегі:  «бетің»  түпнұсқада 
«бетіш» деп беріледі. 
15.  Байжігіт  Мұрат  –  әйелінің  жоқтағаны.  Тарбағатай 
өңірінікі.  62  жолдан  тұрады.  1990  жылғы  жинақта  бұл 
жоқтаудың «1926 жылғы нұсқадан» алынғаны айтылған. Ара-
сында  өзгеріс  жоқ.  Алғашқы  жинақта  6  шумаққа  кестелеп 
берген,  соңғысы  шумақсыз  шұбыртпалы  етіп  берген.  Кейбір 
сөздер аздап емлелік өзгеріске ұшыраған. Мысалы, 46 бетте: 
«сарғая, дариядай, Баянбай, Шаянбай, боятып» деген сөздер 
түпнұсқа бойынша: «сарғайа, дариадай, Байанбай, Шайанбай, 
бойатып» болып жазылады. 
16.  Ысмайыл  хан  –  ханымы  Күнжанның  жоқтағаны,  242 
жол. 1990 жылғы жинақта 191 жол, осында бұл жоқтауды «Мос-
квадан шыққан жинақтан алдық» деген мәлімет береді. Бірақ, 
1926  жылғы  жинақ  нұсқасы  толық  сақталмаған.  Алдыңғы 

366
19  жолы,  әр  тұстарынан  –  24  жол,  жалпы  саны  –  43  жолы 
қысқартылған. 59-61 беттерде: «Айдыны – айбыны, бір – суық, 
асылды – нұрыңды» болып асты сызылған сөздер өзгерген. 
17. Ерторы – келіндерінің жоқтағаны. Торғай жерінікі. 92 
жолдан тұратын жоқтау. Шумақпен кестеленген. 1990 жылғы 
жинақта  бұл  жырдың  «23  жоқтаудан»  алынғаны  айтылған. 
Мұнда  тек  58  жолы  ғана  қамтылған,  шұбыртпалы  шумақпен 
берілген.  34  жолы  қысқарған.  109  бетте:  «баурай»  сөзі  «ба-
уыры»  болып  өзгеріске  түскен.  110  беттегі:  «Шарабан 
гауһарсуындай»  деген  жолдар  түпнұсқаға  сәйкес  келмейді. 
Дұрысы: «Шарапаткәусар суындай».
18. жолдыбай – қызы Гүлжәмиланың жоқтағаны. 27 жол-
дан жинақталған. 1990 жылғы жинаққа енбеген.
19. Есмағамбет – әйелінің жоқтағаны. 38 жолдан тұрады, 
сөзін  «Қарпық  ақын  шығарды»  деген  мәлімет  берілген.  1990 
жылғы басылымда: «23 жоқтауда» бірінші рет басылған, көлемі 
шағын  болғанымен,  мазмұны  терең»  деген  пікір  білдірген. 
Мұнда да 38 жол. Салыстырғанымызда 190 бетте: «Бисмилла 
–  бісміллә,  ұйадан  –  ұядан,  ісләм  –  исләм,  қат  –  хат,  қабар 
– хабар» деген сөздер емлелік өзгеріске түскен.
20.  Ерғазы  –  әйелінің  жоқтағаны.  Сөзін  «Қарпық  ақын 
шығарған» деген мәлімет бар. Түпнұсқа бойынша жыр – 77 жол-
дан тұрады. 1990 ж. жинақта 64 жол, 13 жолы қысқарған. «23 
жоқтаудан» алынғаны, Ерғазының руы – арғын екені айтылған. 
Ерғазы  –  А.Байтұрсынұлының  кіші  әкесі.  Үмбетейлердің 
шежіресінде  Шошақтың  балалары:  Ақтас,  Байтұрсын,  Да-
нияр  (Собалақ),  Ерғазы,  Ермағамбет  деп  жазылады.  192  бет-
тегі:  «Бастан»  деген  сөз  «бастап»  болуы  керек.  Жоқтаудың 
«Орыс,  қазақ  баласы,  …Кемшілікке  шыдамай,  Ұзады  істің 
арасы.  …Қоспады  ма  жақсы  Алла,  Ашылмады  істің  ырасы. 
…Үкіметпен  бенде  ғып,  Облыс  Торғай  қаласы.  Тасқа  тиіп, 
мұқады, Арғымақтың тағасы. …Ұстаудан шығып келген соң, 
Артықша болды қапасы. Решение жасалып, Істің болды ша-
тасы» деген он үш жолы түсіп қалған. 1992 жылғы «Ақ жол» 
жинағында: «…бұл оқиғаны 1883 жылы болған» деген пікір ай-
тады. Дұрысы, 1885 жыл. (ҚР ОММ, 25-қоры, 1-тізбесі, 2350-
іс). 

367
21. Әбдірақман – Абайдың ұлы. Жоқтаудың үш нұсқасын 
да Абай 1895 жылы ұлы қаза болғанда шығарған. 38 жолдан 
тұрады. 1990 жылғы жинақта 159 жол. Толықтырылған. 
1926 жылғы нұсқада бірінші бөлімі 5 шумақпен, екіншісі 4 
шумақ және екі жолы бар. Кейінгі басылымда 29 шумақ және 
екі жол қосылған. 
22.  Ормамбет  –  ұлы  Нармамбеттің  жоқтағаны.  Бұл  1901 
жылы шығарылғаны туралы мәлімет бар, 367 жолдан тұрады. 
1990 жылғы кітапта 342 жол. 25 жолы қысқарған. Кейінгі басы-
лымда қай нұсқаны негізге алғаны айтылмайды. 1926 жылғы 
нұсқаның алдыңғы 9 жолы түсіп қалған. «Асыл әулет асқаққа» 
деген 10 жолдағы «Асыл лаулат асқапқа» деп өзгертіліп баста-
лады. «Мүскін – мүмкін» болып мағынасы өзгеріп кеткен. 
23. Әбдіғапар – ұзын кыпшақ руының ханы, 1916 жылғы ұлт-
азаттық  көтерілісті  ұйымдастырушылардың  бірі.  1920  жылы 
қаза болған. Әйелі Тынышбаланың жоқтағаны. Бізге белгілі де-
рек көзіне сүйенсек, ол А.Байтұрсынұлының құдасы. Ахметтің 
ағасы Қалидың қызы Кәтез Рүстем Әбдіғапар ұлына тұрмысқа 
шыққан.  1990  жылғы  жинақта  23  жоқтауды  негізге  алғанын, 
бірақ  онда  ата  тегі  айтылмағаны  жаза  отырып,  Әбдіғапарды 
«Жанбосынов» деп анықтаған. Жанбосын Әбдіғапардың әкесі. 
Жоқтау көлемі жағынан өте ұзақ 624 жолдан тұрады. Кейінгі 
басылымда 368 жолы ғана қамтылған. 256 жолы қысқарған. 
Осы жинақтың 1991 жылғы басылымына жетекшілік жасаған 
әдебиетші  Р.Нұрғалиұлы:  «…трагедиялық  жырлар  берілген. 
Бұлардың ішінде Бапай батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, бір-
неше тарихи тұлғалар бар, түсініктемелерде дәлді деректер 
бар», – деп еңбекті фольклорлық мұра деп бағалайды. 
Жоғарыдағы  салыстырмадан  шығатын  қорытынды  1926 
жылғы нұсқа толық сақталмаған. Кейінгі 1990 жылғы басылым-
да кітапқа енген 20 жоқтаудың құрастырушы тарапынан редак-
циялануы салдарынан 529 жол қысқартылған. Ал үш жоқтау: 
«Кенесары  –  Наурызбай»  (91  жол),  «Қыздың  жоқтауы»  (22 
жол), «Жолдыбай» (27 жол) тіпті енбеген. Жалпы жиынтығы 
– 679 жол қамтылмай қалыс қалған.

368
ТАБЫлҒАН ТУЫНДЫлАРЫ
«Дағдарыс». «Қазақ» газетінде 1915 жылы желтоқсанның 
16-ы күнгі 161-санында «Оқшау сөз» айдарымен жарияланған. 
Өлең  мазмұнынан  –  сол  тұстағы  әділетсіздік  жайлаған  биле-
уші  заманға  көңілі  қалып,  әділеттілік  күткен  қоғами  орта-
мен бірге дағдарған кейіпкердің бір құдіретке зарлай арнаған 
толғауы іспетті. 1989 жылы әдебиетші Б.Байғалиев осы өлең 
мен  «Туған  тілім»  атты  өлеңді  төте  жазудан  бүгінгі  әріпке 
түсіріп, бірінші рет жариялады. Бірақ, зерттеуші Б.Байғалиев 
«Байқаушы»  бүркеншік  атпен  шыққан  бұл  өлеңдердің 
«А.Байтұрсынұлыныкі»  екенін  қалай  анықтағаны  туралы  де-
рек бермейді. 
Әдебиетші  Ө.Әбдиманұлы  1993  жылы  «Қазақ  газеті» 
атты  зерттеуінде  Б.Байғалиевтің  1989  жылғы  мәліметіне 
сүйене отырып осы «Байқаушы» есімімен үш өлеңнің жарық 
көргенін  айтады.  Ө.Әбдиманұлы  өлеңдердің  жазылу  тарихы 
мен  жарияланған  кезеңдерін  анықтай  отырып,  талдауында 
осы өлеңдерден үзінділер келтіреді. Автор аталған өлеңдерден 
бөлек авторы белгісіз өлең үзінділеріне де тоқталады, сондағы 
өлең құрылымына қарап, зерттеуші мынадай пікір айтады: «...
өлең авторы белгісіз, қол қойылмаған. Бірақ Ахмет қолтаңбасы 
байқалады.  Ахметтің  ...кейін  де  бүркеншік  есіммен  бірнеше 
өлеңдер жариялағанын еске алсақ, «Қазақтағы» өлең-жырдың 
бастауында  өзі  тұрғандығына  күмәндануға  болмайды»  (123 
б.) деп жазады. 
Осы «Байқаушы» бүркеншік аттың құпиясын ашуға Т.Шонан- 
ұлының «Ахмет Байтұрсынұлы халық ағарту ісі және әдебиет 
саласында» атты мақаласы бірден бір көмекші құрал болғаны 
анық.  Т.Шонанұлының  орыс  тілінде  жазылған  бұл  мақаласы 
баспа  бетінде  жарияланбаған.  Аталған  мақаланы  1992  жылы 
әдебиетші  Б.Байғалиев  «Жұлдыз»  журналында  қолжазбадан 
алғаш рет қазақшаға аударып жариялады. Б.Байғалиевтің мұрағат 
қызметкері  болғанын  ескерсек,  оның  1989  жылы  жазылған 
танымдық  мақалаларына  арқау  болған  Т.Шонанұлының  ма-
териалы екені түсінікті. Бұдан шығар қорытынды бұл арнау-
мақаласын «Ахмет Байтұрсынұлы халық ағарту және әдебиет 

369
саласында»  (123-128б/б.)  деп  қазақшаға  аудару  үстінде 
Б.Байғалиевтің  А.Байтұрсынұлының  әдеби  шығармашылық 
мұрасы, басқа да қызметтері жөнінде деректі мағлұмат алуға 
толық мүмкіндігі болған. Демек, «Байқаушының» да жоғарыда 
аталған  өлеңдердің  де  Байтұрсынұлыныкі  екеніне  еш  күмән 
келтіруге болмайды. Ал, зерттеуші Б.Байғалиевтің жарияланған 
мақалаларында  (1989,  1991)  дереккөздеріне  сілтеме  бермеуі 
салдарынан, туындылар ғылыми айналымға түспеген. 
1991  жылы  жарық  көрген  «Міржақып  Дулатов  шығар- 
малары» атты жинақтың құрастырушысы М.Әбсеметов кітап 
соңында  берілген  «Ғылыми  түсінікте»  бұл  бүркеншік  есімді 
«М.Дулатовтыкі»  екенін  айтады  (247  б.).  Мұнда  да  қандай 
дерекке сүйенгені анық көрсетілмейді. 1989, 1993 жылы осы 
«Байқаушы» деген бүркеншік есім, үш өлең туралы жазылған 
материалдар кейінгі басылымдарда ескерілмей елеусіз қалып 
отырған. 
1998  жылғы  «Қазақ»  энциклопедиялық  жинақтың  тақы- 
рып бойынша топтастырылған библиографиялық көрсеткіште 
өлеңдердің  «Байқаушы»  бүркеншік  есімімен  жарық  көрген- 
дігі туралы қысқаша ақпар беріледі, бірақ өлең мәтіні қарас- 
тырылмаған. Және «Байқаушы» бүркеншік есімі «Ашылмаған 
бүркеншік  есімдер»  қатарында  беріледі.  Біз  Т.Шонанұлының 
материалына  сүйеніп,  осы  уақытқа  дейін  күмәнді,  әрі  талас-
ты  болып  келген  «Байқаушының»  М.Дулатовқа  тән  емес, 
А.Байтұрсынұлыныкі  екені  жоғарыда  аталған  мақала  ішін-
дегі  деректі  мәліметтер  арқылы  көз  жеткіздік.  Сондықтан 
«Туған  тілім»  атты  өлеңін  А.Байтұрсынұлының  бес  томдық 
шығармалар  жинағының  3-томына  беташар  өлең  ретінде 
ұсынылды. 
Әдебиетші  Ө.Әбдиманұлының  жоғарыда  аталған  зерттеу 
еңбегінде  осы  өлеңді  талдаған  үзінді  шумақты  түпнұсқамен 
салыстырғанымызда: төртінші шумақтың соңғы жолы «Баяғы 
«Абыл-Қабыл»  тұс  келіп  тұр»  деген,  бесінші  шумақтан  үш 
жолы  қарастырылған  екен.  Сонда  ол  былайша  өрнектеледі: 
«Баяғы «Абыл-Қабыл» тұс келіп тұр.
Мың қоссаң, бәйгіден күш мың келіп тұр,
Өтірік үкі тағып, тұмар байлап,

370
Қосқанмен алдында қай шын келіп тұр» (123 б.)
Осы  шумақтық  «Өтірік  үкі  тағып,  тұмар  байлап»  деген 
жолдары түпнұсқада: «Томардай үкі тағып, тұмар байлап» 
деп берілген. 
Дұрысы: «Мың қоссаң бәйгеден күш, мың келіп тұр,
Өтірік қатарласып тең келіп тұр.
Томардай үкі тағып, тұмар байлап,
Қосқанмен алдында қай шын келіп тұр» 
(Қазақ, 1915, № 116).
Ө.Әбдиманұлының  талдауында  берілген  үзінді-шумақта 
«Өтірік қатарласып тең келіп тұр» деген жол жоқ. Зерттеуші 
өлеңнің соңғы шумағын: «Ақын жалған намыс, жалған ұранмен 
өркениетті  деген  Европа  елдерінің  бір-бірімен  қырқысуын, 
халық  басына  әкелген  зор  қасіретін  өткір  сынайды»  (123  б.) 
– деп жазады да, өлеңнің соңғы шумағын береді. 
«Жер жүзі қызыл қанға боялып тұр,
Ес кетіп, ескі намыс оянып тұр.
Үлгілі Европа ұлттарынан
Үлгі ал деп айтуға ауыз ұялып тұр».
Осындағы асты сызылған тіркестер мен әріптер түпнұсқаға 
сай келмейді. Шамасы, бүгінге әріпке түсірілгенде қазіргі емле 
заңына сүйенсе керек. 
«Қоян». Сол жылдың 31 желтоқсанында 163 санында жарық 
көрген  «Қоян»  атты  өлеңі  де  «Байқаушыныкі»  екені  1998  ж. 
жинақта  айтылғанымен,  мәтіні  берілмейді.  Бұл  өлең  де  1922 
ж.  өлеңдер  жинағына  енбеген.  Аталған  өлеңде  мұсылманша 
жыл қайыру атауына ие болған «Қоян» жылының қашанда елге 
жайсыз тигені жырланады. Өлең 4 шумақ, 19 жолдан тұрады. 
Жыл  он  екі  айда  қайталанатын  табиғат  апатына  мұжықтың 
мазағы қосылған сұм-уақытқа қазақтың қарсы тұрар қауқары 
болмағанына налиды. Өлеңнің құрылымы мен ұйқасынан гөрі, 
сол тұстағы «еңбексіз байлық тілеген адамның пиғылы» мен 
«табиғат апатының» арпалысы ақынды ашындырса керек. Бұл 
өлең  туралы  Ө.Әбдиманұлы  «қазақ  жұртын  қатты  қыста 
қамсыз қалмауға шақырады», (123 б.) – деп қысқа түсінік бе-
реді де жарық көрген уақыты 1916 деп жазған, негізі өлең газет-
те 1915 жылы жарияланды. Газет өте көнеріп, ескіргендіктен 

371
кейбір  жолдар  өше  бастаған,  сондықтан  оқылмаған  тұстарға 
көп нүкте қойылды.
«Туған  тілім».  Бұл  өлең  1916  жылы  қазақ  елінің  жазу 
тілінің тарихы таласқа түскен тұста жазылып, «Қазақ» газетінің 
31  қаңтар,  167-санына  «Байқаушы»  деген  бүркеншік  атпен 
жарияланған. 
Сол  тұстағы  «барлық  түркі  тектес  халықтар  иен  далаға 
кеңінен  тарап,  өріс  алған  татар  тілін,  жазуын  қабылдасын» 
деген  өктем  қысымға  қазақ  оқығандарының  ішінен  бірінші 
болып  А.Байтұрсынұлы  қарсы  шыққан  еді.  Жеті  шумақтан 
тұратын  бұл  өлеңнің  алты  жолы,  яғни,  бірінші  шумағы  мен 
соңғы  шумақтың  алдыңғы  екі  қатары  Т.Шонанұлының  1999 
жылы  «Ғылым»  баспасынан  жарық  көрген  «Ұлттық  рухтың 
ұлы тіні» атты жинаққа енген мақаласында: «Богат и гибок мой 
родной язык, Звуки образуют чудный букет слов. Ты быстр, 
обгоняешь бегунов, Ты несешь нам культуру. ...Тебя ничем не 
заставить  отатариться, Тебя не заставить  валяться в  пе-
редней», (45 б.) – деп өзге ұлт өкілдеріне түсінікті болуы үшін 
орысшаға аударылған және талданған. Б.Байғалиев жариялаған 
1989 жылғы нұсқаны түпнұсқамен салыстырғанымызда кейбір 
сөздердің  өзгергені  анықталды.  Мәселен,  5-шумақтағы  екін-
ші жолы «Құрттай деп жыр дегбені күлетінді» 6-шумақтың 
төртінші жолында қайталанады. Соңғы шумақтағы үш рет ай-
тылатын «десең» сөзі «деме» болып өзгерген.
1993  жылы  әдебиетші  Ө.Әбдиманұлы  «Туған  тілім»  атты 
өлең туралы танымын жоғарыда аталған еңбегінде былайша та-
ратады: «...саналы ғұмырында тіл тазалығы жолында күрескен 
Ахаң, қазақ тілінің өзгелермен араласып, шұбарланып кетпе-
уін қатты қадағалағаны белгілі...», (124 б.) – деп, 7 шумақты 
өлеңнің 4 шумағына тоқталады: 
«...Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң, есігім бос, ен деп ұлтқа.
Балықтай жүзіп адам, құс боп ұшқан,
Түндігің ашулы тұр күн батыстан.
Ғылым мен кереметін кейін тапқан,
Нұр кірер білім-өнер мол жақ тұстан» –

372
Осы  жолдар  туралы  зерттеуші:  «...батыстық  өркениеттен 
үйренуді, солар салған ғылым-білімді игеруді көздегені аңға- 
рылады», (124 б.) – деп жазады. 
Шумақтағы асты сызылған жолдар түпнұсқаға сәйкес кел-
мейді. 
«...Кемсініп кең ордамды адасқандар,
Тіліме жау боп найза қадаспаңдар.
Бір айттым, екі айттым, бұл – үшінші,
Кемсініп кең ордамды адасқандар,
Мен болман болдырамын «татар» десең,
Мен сыйман «бір бөлмеңде» жатар десең.
Өтпеймін тамағыңнан жұтам деме,
Жолым бір, қолым міне, «қатар» десең.
Шекіспей,  бекіспейді.  Бұл  мақала  «Қазақ»  газетінің 
1916  жылы  қаңтардың  31-і  күнгі  167  санында  «Туған  тілім» 
өлеңімен бір уақытта жарияланым көрген. Мақала да, өлең де 
татар тілінде шығатын «Уақыт» газетінде басылған қазақ тілін-
де газет шығару ісіне қарсы жазылған мақалаға жауап ретінде 
арнайы жазылған. Ескерте кетер бір жайт: Өлең 3-томның бе-
ташары ретінде берілген болатын. 
Мақала  авторсыз  «тілшілерден»  деген  айдармен  жарияла-
нады.  1999  жылы  жарық  көрген  «Ұлттық  рухтың  ұлы  тіні» 
атты  ғылыми  жинақта:  «…Т.Шонанов  мақаласында  аталған 
«Шекiспей, бекiспейдi», «Туған тiлiм» сияқты шығармалары 
әлi қолда жоқ» (5 б.) деп мәселе көтерген. Осы өзекті мәселе 
ретінде  көтерілген  мақаланың  мәтіні  1998  жылы  алғаш 
рет  қазіргі  әріпке  түсіріліп,  «Қазақ»  атты  жинаққа  енген. 
Бірақ  онда  мақаланың  авторы  кім  екендігі  айтылмайды.  Бұл 
мақаланың  «А.Байтұрсынұлыныкі»  екенін  Т.Шонанұлының 
1923 жылы орыс тілінде жазылған мақаласы арқылы ашылды. 
Т.Шонанұлы  «Туған  тілім»  атты  өлең  мен  «Шекiспей,  бекiс-
пейдi» мақаласының маңызы туралы ерекше тоқталып өткен. 
Яғни, қос туындының да татар жұртының енді өз алдына де-
рбес  шығып,  қалыптаса  бастаған  «Қазақ»  газеті  мен  қазақ 
тіліне  жасалған  қарсылығына  орай  жазылғанын  аса  жоғары 
бағалап,  төңірегіміздегі  анталаған  жұрттың  наразылығына 
қарсы  жазылған  алғашқы  еңбек  деп,  осындай  қайсар  мінез, 

373
өр қадамды өскелең ұрпағына өнеге етіп, үлкен мақтанышпен 
жазған.
Қалам  қайраткерлері  жайынан.  Мақала  1922  жылы 
шілденің 8-і күні «Еңбекші қазақ» газетінің 29-санында жарық 
көрген. Мақала авторы сол тұстағы сауатты, көзі ашық «қазақ 
оқымыстылары» деп танылған қазақ қаламгерлерінің әлеуметтік 
ортадағы атқаратын рөлі мен оның хал-ахуалына талдау жасай-
ды. Қаламгерлер қауымының қайдан шыққаны, қалай шыққаны, 
келешекте ұлт жұмысы үшін не істеу керектігін саралайды. Бұл 
мақаланы  әдебиетші-ғалым,  профессор  Тұрсынбек  Кәкішев 
«Егемен Қазақстан» газетінің 2000 жылы 5-ақпандағы кезекті 
нөміріне бүгінгі қазақ әрпіне түсіріп, тұңғыш рет оқырман на-
зарына ұсынған болатын. Араға жыл салып мақала 2001 жылы 
ҚР БҒМ, ОҒК тарапынан дайындалған «Ұлы тұлғалар» атты 
ғылыми-библиографиялық сериясымен жарық көрген «Ұлттың 
ұлы  ұстазы»  деген  жинаққа  әдебиетші  ғалым  Т.Кәкішевтің 
дайындауымен енді (Б. 75-80). Бір өкініштісі, жинақтың тара-
тылу тиражы – 200 дана. Сол себепті мақала қайта жарияланып 
отыр.
Мақалада  өзге  тілден  енген  сөздердің  қазақы  дыбыста-
луын мәселен, «сиез» – съезд, «иіуін» – июнь, «өктәбір» – ок-
тябрь,  «иінтернатсійанал»  –  интернационал  (бейбауырмал), 
«кәммүнійст»  –  коммунист,  «иінтернатсійаналист»  –  интер-
националист, «декірет» – декрет, «мілійөн» – миллион» сын-
ды тіркестер сол қалпында сақталды. Бұл сөздер 2000 жылғы 
жарияланымында  бүгінгі  әріпке  түсіру  барысында  қазіргі 
қолданыстағы қазақ тілі емле ережесі негізінде түзетілген екен. 
Сонымен қатар, «сиақты – сияқты, тайақ – таяқ, йағни – яғни, 
йа – я, қойар – қояр, қойыу – қою, жыйыуға – жиюға, айамау 
–  аямау»  деген  сөздердің  де  жазылу  ережесі  сол  қалпымен 
берілді.
Мақсат  Байтұрсынұлы  әліпбиіндегі  дыбыстық  ерекше- 
ліктерді  жаңғырта  отырып,  бүгінгі  өзге  тілден  қисапсыз 
енген  халықаралық  терминдермен  шұбарланған  қойы- 
ртпақ  тілімізге  ескерту  жасау.  Халықаралық  қатынас  тілі 
дәрежесіне  жеткен  ағылшын,  латын,  орыс  харіптерінің  та-
сасында  жүріп  тұншығып,  булыға  бермей,  өзіңнің  үніңдегі 
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет