О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,76 Mb.
#668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

ІІІ.
Батыр Сайын келгенше
Ел хабарын білгенше,
Бөкембай мен Киікбай,
Қобыландыға барыпты,
Аттанып елге келіпті.
Жасанғанда қайтпаған,
Со сықылды Қобыланды,
Екеуінен көріпті.
«Е, Қобыланды сен болсаң,
Топтың бетін көрмеген,
Көрген кісі әлемде
Маңдайы құлаш ер деген,
Қас ермен тең деген,
Қалған жерден алып кел!
Өлтірген жауын тауып бер!
Үйде жатқан әкемді,
Жау жеріне тастадың;

63
Бармасаң да барарсың,
Бармай нағып қаларсың?»
Қобыланды сонда айтады:
«Алдыңа түсіп барайын,
Іздемей неге қалайын!
Қалмаққа бүлік салайын!»
Мың кісіні алады,
Аттанып кетіп барады,
Айшылық жатқан қалмаққа
Барып бір соғыс салады.
Қалмаққа барса, ор екен,
Оры терең зор екен.
Киікбай сонда айтады:
«Әй, Қобыланды, Қобыланды!
Бүйтіп бұған тұрмалық!
Қорыққан кісі сықылды,
Тұрып кеңес құрмалық!
Ордан әрмен өтелік!
Қалмаққа тегіс тиелік!»
Бөкембай мен Қобыланды,
Киікбаймен үшеуі,
Ордан әрмен өтеді,
Қалмаққа кіріп кетеді.
Бөкембай мен Қобыланды
Екі батыр қашады,
Ордан бері асады.
Қобыландының мінген ат,
Ордан өтті кідірмей,
Бөкембайдың Көкала ат,
Артқы аяғы ілінді.
Ер-тоқымын құшақтап,
Орға түсіп жүгірді.
Киікбай шапты қалмаққа,
Көкала атты борбайлап,
«Бауырым, деп ойбайлап!
Қармақ құрған қамалдың,
Бұл жағынан шапқаннан,
О жағына бір өтті,
Ар жағынан шапқаннан,
Бер жағына бір өтті.

64
Батырлары ақырды,
Балуандары шақырды:
«Тұс-тұсына барыңыз!
Бірер арқан алыңыз!
Шаба тұрған жағына
Керме ұстай қалыңыз!
Кермелеп ұстап алыңыз!»
Көздеп тұрып Киікбай,
Ала сақылған арқанның
Үстінен өтіп кетеді,
Биік қылған арқанның
Астыменен кетеді.
Тап сегіз күн болғанда,
Бәрін қырып кетеді.
Ордан қан бір асады.
Орда жатқан Бөкембай,
Қанмен ағып барады.
Қобыланды со батыр,
Сонда суырып алады.
Қалмақтың жерін өрт қылып,
Топырақтай ғып ұшырып,
Барлық малын көшіріп,
Жалғыз өзі Киікбай
Айдап шықты қаладан.
Қалмаққа мал қоймай-ақ,
Қызығына тоймай-ақ.
Қасқаның көңілі тынған соң,
Қалағанын қылған соң,
Жылқыны төске салған соң,
Қалмақтан кек алған соң,
Қол түстеніп жатқанда.
Келе жатыр бір адам,
Туралықтай туы бар.
Мың кісінің дуы бар.
Артында қанша жаны бар.
Қобыланды батыр айтады:
«Киікбай батыр барыңыз!
Қандай дұспан болады,
Алды, артын шалыңыз!»

65
Соныменен Киікбай,
Тұрымтайдай түйіліп,
Қылармын деп кіжініп,
Қарсы шығып келеді.
Келе жатыр Ер Сайын,
Өлген жерден тіріліп.
Жиылып жатқан қалмақтың,
Соғысы бар деп кіжініп.
Киікбай оны танымай,
Екі есе күшті жас ұлан:
«Ет жүректің басы деп,
Өлер жерің осы» деп,
Табандап найза салады.
Ер Сайын сынды әкесін,
Танымады со бала.
Сайын сонда айтады:
«Сайын әкең мен! – деді,
Көріселік, кел! – деді,
Есенбісің сен? – деді.
Аттан түсе қалады,
Суырып найза алады.
«Жазалы болды қолым-ай!
Ерлік қылған құрысын!
Мұнан былай жоламай!»
«Құрымасын жолың, деп,
Жазалы болмас қолың, деп, 
Әкең мұны не ғылсын?
Неше ердің көрмедім,
Бұ сықылды найзасын.
Көріп жүрмін жасаған,
Бір Алланың пайдасын.
Әкең мұнан өлмейді,
Тек жүрегің қорықпасын!
Бар, Киікбай, бар! – деді,
Қобыландыдай атаңнан,
Барып сүйінші ал! – деді.
Тастап кеткен Ер Сайын,
Жазылып келді, сау! – деді».
Киікбай қолға шабады,
Ат айамай барады,

66
Соныменен теңселіп,
Қобыландыға келеді.
«Болып тұрған бұл шақта,
Қобыланды батыр, көріңіз!
Жаралы болған келіпті,
Сайын атты ініңіз,
Озып келдім мен сізге,
Не бересіз, батырым?»
«Қуантқан үшін сүйіншіге,
Тартып пішкен торсықтай,
Өзі сұлу Тайбурыл,
Ырас болса келгені,
Ал, сыйладым мен сізге!»
Сонда Сайын келеді,
Келгенін көріп Қобыланды,
Танып көрісіп біледі,
Атқа мініп жылады.
Көп шүкірлік қылады.
Атқа мініп қайтысты.
Сайын есен келген соң,
Ноғайлының көп жұртына,
Көрісіп, сәлем берген соң,
Боз Мұнай тұрып той қылды.
Аттанған жауын алысып,
Көңілдері тынысып,
Аман-есен қайтқанға,
Аллаға шүкір көп қылды.
Той тарқап кеткен соң,
Батыр Сайын сөйледі:
«Енді түзге жүрмелік!
Қолға найза алмалық!
Жауға енді тимелік!
Киікбай мен Бөкембай,
Қобыландыдай батыр-ай!
Екі ұлыңа бата бер!
Жолымызды берелік,
Үйіңе бар да жата бер!»
Айтқанынша Сайынның,
Қобыланды батыр береді,
«Алла ашсын жолыңды!

67
Ұзын қылсын қолыңды!
Танып жүргіл, е балам,
Оңың менен солыңды!»
Сөйтіп бата берген соң,
Қобыланды батыр қайтады.
Үйіне барып со батыр,
Батырлық қылмай жатады.
Екі ұлының тұсында,
Сайындайын батырдың,
Іргесін дұспан баспады,
Қолынан дәулет қашпады.
Ел шетіне жау келсе,
Сайын сынды батырдан,
Киікбайдың ерлігі
Анау құрлы асады.
Екі ұлының тұсында,
Бәрі тең болды тірлігі.
Үш Алашқа жайылды,
Екі ұлының ерлігі.
Өлген жерден тірілткен,
Қалмаққа атын жүгірткен,
Бір Құдайдың кеңдігі.
Сайын сынды батырдың
Сондай екен кеңесі,
Адамнан артық денесі.
Соңы.
Ахмет  өңдеп  өткерген  Ер  Сайынның  жыры  батыр  Сайын 
деп  В.В.Радлов  жазған  жырмен  бір  екен.  Екеуінің  айырмасы 
мына осы Ер Сайынның «айағы» деп басылған.
Өзге жырлар айтушыға қарай өзгеше бола береді. Өзге жыр-
да жырдағы кісілер ғана өлеңдетіп келеді, өзге әңгіменің бәрі 
қара сөзбен айтылады.
Ер Сайын, Қара қыпшақ Қобыланды (Ташкенде басылған), 
Манас қана алғы өлеңмен келеді.
Тыңдаушы жаратқан соң, жыршылар жырдың қара сөзін де 
өлеңге аударып жіберген ғой. Манас қырғыз тілінде. Мұны да 
«Күншығыс баспасы» басады. 
Қыр баласы.

68
ГРиГОРиЙ НиКОлАиШ ПОТАНиН
Г.Н.Потанин  Қызылжар  ойазындағы  Сібірдің  атты 
казагының  баласы.  Әкесі  казак-орыстың  жүз  басысы  Байан 
ауыл аймағындағы Сүйіндікті билеп тұрған. Сол уақытта ка-
зак-орыстың  Иамышепскайа  қазақша  аты  Тұз  қала
4
  дейтін 
қаласында  21-нші  сентиабірде  1835-нші  жылы  Г.Н.Потанин 
туған. 
Бала туған соң 3 ай өткенде әкесі Қызылжар ойазына көшкен. 
Бекетке  келсе,  құндақтағы  бала  шанадан  түсіп  қапты.  «Мен 
туған  соң  3  айда  дүние  кезбек  болып  шанадан  түсіп  қалып, 
жоғалып табылған, дүниені кезіп білуді сонан бастадым» деп, 
Г.Н. күлетін.
Г.Н.  Омбыда  кадетский  корпусте  Уәлиқан  ұлы  Шоқанмен 
бірге оқыған. Шоқанмен дос болған. Қырық жыл қоймай қуып 
жүріп 1904-нші жылы Шоқанның екі кітабын бастырды. 
Корпусты  бітірген  соң  1955-нші  жылы  казак-орыстың 
бастығы болып Жетісу барған, Алматыны Г.Н. салдырған. 1859-
ншы  жылы  П.П.Семенов-Тианшанский  атанған,  Түркістанға 
барып, жер суын оқып қайтып келе жатып, Омбыда Г.Н.-пен 
Шоқанға  жолығып  сөйлеседі,  екі  жас  оппитсердің  өзгеше 
екенін  сезеді.  Сендер  мұнда  жүріп,  айақ  асты  болмаңдар, 
Петербор  барып  университеттен  оқу  оқыңдар  деп,  Г.Н.  пен 
Шоқанға ақыл береді.
Екі жас Петербор барып университетке түседі. Г.Н. мұнда 
жүріп  ботаниканы  –  жерге  шығатын  шөп,  ағаш,  білімі,  әр 
жұрттың әдебиеті, тұрмысы, жер білімінің жолын әдемілеп із-
деніп жақсы білген.
1863-нші  жылы  Қытай  мен  Ресейдің  шегін  шектеген 
комиссианың  ағзасы  болып  жүріп,  қазақша  жазу  үйреніп, 
қазақтың Алтайдағы түрік жұртының әдебиетімен салыстырып 
адам баласының тариқы жолында көп мағыналы іс шығарған. 
«Восточные  мотивы  в  средневековым  европейском  эпо-
се» деген кітабында күнбатыстың әдебиетіне қор болған, үлгі 
болған күншығыстың ауыз айтып жүрген ертегі, жыр, мақал, 
өлеңі деп келеді.
4
 Тұз қаладан бұрын салынған Ертісте қала жоқ. Бұл жер бұрын қазақ пен жоңғордың 
айырбас қылатын жері екен.

69
Мұсылманның  Құранында  көп  әңгіме  Інжілден  алынған, 
Інжілдің өзі Мұсаның – еурейдің – дін кітабынан алынған. Ал 
енді еурейдің кітабының жалынғаны күншығыстан келген дей-
ді Г.Н. 
Мұны Г.Н. жер үстіндегі тәмам жұрттың ертегісін, мақалын, 
өлеңін салыстырып тапқан.
Төрт мың жылдан бұрын Тигр-Ефрат өзендерінің өлкесінде 
осы күні бұл өлкені «Месопотамиа» дейді, Вавилониа, Асси-
риа деген екі зор патшалық болған. Еуропа білгіштері жоғалып 
жермен жер болып кеткен осы патшалықтың астанасын тауып 
алып, қазып іздеп жүріп, талақтай-талақтай өртеген балшыққа 
жазған сол екі жұрттың әдебиетін тапты. Еурейдің дініне негіз 
болған кітаптың бір сөзі осы Вавилониа, Ассириа әдебиетінің 
сөзі болып шықты. 
Г.Н.-дың айтқаны расқа шықты.
1863-нші  жылы  осындай  данышпанды  «сен  Сібірді  бөліп 
аутономиа қылам деп жүрсің» деп неше жолдастарымен үкімет 
ұстап абақтыға салып байлады. 
Омбыда абақтыда бір жыл отырды. Г.Н. қарап жатуды біл-
мейді.  Омбыдағы  кеңселердің  ескі  қағаздарын  қарастырып, 
қазақтың Абылай қан заманындағы тариқы туралы көп әңгіме 
тапты.
Семенов-Тианшанский екеуі неміс Карл Риттердің «Азиа» 
деген кітабын орыс тіліне басып, «Азиаға» қазақ тариқы тура-
лы Г.Н. көп қосымша жазған.
Бұл қосымшаның бірі мынау: Абылай қанның Қошқарбай 
деген батыры (Қошқарбайдың жұрағаты осы күні Шарлақ ойа-
зы Ақмола губерниасы, Қараөзек деген жерде, Ертістен 10-15 
шақырым. Қошқарбай – қыпшақ) Омбы қаласы тұрған жерден 
жоңғарды Об өзенін өткізе қуып тастаған. Бұл туралы Барна-
уыл ойазында Сібір мұжығының айтып жүрген әңгімелері бар. 
Мұжық та Қошқарбай жоңғарды Об өзенін асыра қуды дейді.
Бір жыл байлап Г.Н., Иадринтсев, Шашаповты үкімет асып 
өлтіруге бұйырған.
Иадринтсев  пен  Шашапов  ертең  таң  ертең  асады  деп, 
түнімен құшақтасып жылап шығады.
Г.Н. ертең асады дегенді естіп: «Менің неміс тілі оқулық кі-
табымды қайда қойдыңдар?» деп, жылап жүрген жолдастары-
нан сұрайды. 

70
Іздеп  кітабын  тауып  алып,  ертең  таң  ата  асылатын  Г.Н. 
түнімен неміс тілін оқып шыққан.
Міне, Г.Н.-тің өзгеде жоқ, бір бүкір мінезі.
Үшеуін де аспай, каторжный жұмысқа қосып, Г.Н. Финлин-
диада Суйаборғ қорғанында кісендеулі жүріп жер қазған. Өстіп 
жазған  кітабын  Петербордағы  жерді  оқытып  білгіштердің 
қауымына  жіберген.  Бұлар  оқып  көріп,  мұндай  данышпанды 
бұл күйде ұстаған ұйат деп, патшаға арыз қылып, Г.Н.-ты бо-
сатып алған.
1871-нші  жылы  Парижде  коммуна  болып,  коммунист 
партиасының ішінде дүниеге аты шыққан Елизрек Лу болған. 
Прантсиа  үкіметі  коммунарларды  жеңіп  алған  соң,  бәрін 
атқан.  Елизрек  Лу  атылуға  бұйырылды  дегенде,  Еуропадағы 
оқымыстылар, данышпандар қозғалып, мыналарын адам бала-
сына жоғалмас таңба, Елизрек Лу атылмасын деп сұрап ерді 
ажалдан алып қалған.
Г.Н:  пен  Елизрек  Лу  өзге  адамның  тонына  сыймайтын 
кісілер.
Г.Н.  Таңғұт,  Монғол,  Күнбатыс  Қытай  жеріне  үш  қайтара 
барып,  кезіп-аралап,  бұлардың  жерін,  жұрттың  тұрмысын 
түгелдей жазды.
Мұндағы көрген білгенін жазған кітаптары неше мың бет: 
В издании Р.И.Г.О. басқан бұлар менің жазуыма сыйатын емес. 
Күншығыс  елін  білем  деп  талаптанған  жастар  Г.Н.-тің  бұл 
жазғандарын оқымаса болмайды.
Г.Н.  жалғыз  білім  жолын  ғана  қумай,  өлгенге  шейін  өз 
пікірін елге жайам деп, газета, журналдарға сайаси мақала жа-
зып  таласып  келді,  жастарды  жыйып,  қамқор  болып,  жақсы 
жолға сілтеп өтті.
Сайаси жолындағы бізге жылы көрінетін бір негізді пікірі 
мынау: «Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш ба-
сын алып жүре алмайды. Олай болса көп ұлттан құралған Ре-
сейді бір орыстың билеймін дегенінде мағына жоқ. Ресей өзге 
тілі, тұрмысы, қаны басқа жұртқа аутономиа беруі керек» дей-
тін Г.Н.
«Қазақты  аутономиа  қылсақ,  Қараөткел  Алаштың  ортасы, 
сонда  университет  салып,  қазақтың  ұлын,  қызын  оқытсақ, 

71
«Қозы-Көрпеш – Байанды» шығарған, Шоқан, Абай, Ақымет, 
Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін еуропа сонда білер-
ау» дейтін Г.Н. 
«Қозы-Көрпеш  –  Байанды»  Байан  мақаббат  жолында  өзін 
құрбан  қылған.  Мұны  шығарған  жұрт  мақаббатты  сынай, 
бағалай біледі. Мұндай жұрттың қатыны келешекте ұл тауып 
тұр, бәйгеден келіп тұр. Қазақ жұрты келешекте кіммен болса 
да қатар отыруға ұйалмайды» дейтін Г.Н.
Г.Н.-тың қысқаша адамшылық мінезін жазайын. Өзінің көп 
өмірінде  (Г.Н.  1920-ншы  жылы  жазды  күні  Томда  дүниеден 
қайтты) бір адамның көңілін ауыртып бір ауыр сөз айтпаған, 
өскен қыз мінезді десек мақтаған болмайды. 1904-нші жылы 
ауғыста Томда Г.Н.-тың үйінде отыр едім, 10-12 жаста екі қыз 
кіріп  келіп:  «Біз  гиназиаға  түстік,  бізге  енді  оқуға  төлейтін 
ақша керек, кітап, қағаз, қалам-қарындаш, қыздардың киімі ке-
рек» деді Г.Н.-ға. «Жарайды бәрі-бәрі болады, ертең сағат 10-да 
келіңдер, керектеріңнің бәрін сатып алайық» деді Г.Н. Қыздар 
қуанып  лақтай  ойнап,  секіріп  шығып  кетті.  Г.Н.-тан  «бұлар 
кім?» деп сұрадым. «Кім екенін өзім де білмеймін» деді күліп.
Биыл жазғытұры екеуі келіп: «Біз оқу оқиық дейміз, бірақ, 
әке-шешеміз кедей. Біз сізден ақша-көмек сұрай келдік» деді. 
«Олай болса жарайды, мен сендерді оқытайын, күз сендер 
гимназиаға түсіңдер, онан әрі тағы көрерміз» дедім. Сонымен 
жаздай екі баланы оқытып едім, енді бұлар гимназиаға түсіпті, 
осы» деп күлді Г.Н.
1915-нші жылы Г.Н. 80 жасқа толды. Г.Н. атына бағыштап 
шәкірттері кітап басты. Соған қосылып қазақтың өлеңін, жы-
рын, мақалын біздің қазақ жастары да баспақ болды. Мына «Ер 
Сайын»  мұның  басындағы  Ақыметтің  «Г.Н.-ға  тартуы  сонда 
басылмақ болған еді.
«Күншығыс баспасы» баспақ болып отырған Баржақсыұлы 
Ақымет жиған «Мың бір мақал» да Г.Н.-ға қалап басылмақ еді.
Қыр баласы

72
ГРиГОРиЙ НиКОлАиШ ПОТАНиН
Осы  келер  жаз  Потанин  Семей  облысы,  Қарқаралы  уезі, 
Тоқырауын өзені бойына барады. Иіуіннің басында «Қойанды» 
жәрмекеңкесінде болады. Тоқырауында жаздай жатып, қазақ- 
ты аралап көрмекші, қазақтың ертегі, жұмбақ, мақал, ескі жақ- 
сыларының сөзін жинамақшы.
Потанин дүниедегі тілдердің бәрінде айтылған неше жұрт- 
тың  іргелі  мақал,  өзге  сөздерін  қарастырып,  сонан  қай  жұрт 
қай жұрттан өнеге-үлгі алғанын шығарып отыр.
Неше  жүз  пұт  құмды  жуса  бір  аз  мысқал  алтын  шығады. 
Потанин көп ертегіні ақылдың елегіне салып елеп, ішіндегі аз 
алтынын тауып береді. Мысалы: қазақтың «тәңірі» деген сөзі. 
Монғол тілінде: аспан – көк, қытай мағынасында. Қазаққа бұл 
«тәңір»  деген  сөз  монғолдан  қалған  бұрынғы  уақытта,  қазақ 
мұсылман болмай тұрып монғолмен «дін» дос еді.
Тағы  Потанин  жазады:  қытай  мен  монғол  шекарасында 
«Ордост» деген орын бар, бұл губерниа аты, «Қуанқе» деген 
өзен  бойында  монғол  монастыры  (сопылар  тұратын  мекен) 
бар. Осы монғол сопылары тұратын жерде үш ақ киіз үй бар. 
Бұл үйлердің бірінде Шыңғыс, қалған екеуінде Шыңғыстың екі 
қатынының сүйегі бар дейді. Сопылар бұл үйлерге адам кіргіз-
бейді. Потанин өзі де кіре алмаған. Осы үш үйдің айналасында 
бір ақ боз ат арқандаулы тұрады. Бұл ақ боз ат не ат? Жоғарыда 
айтылған  Шыңғыс  монғолдың  зор  «тәңірісі»  еді.  Осы  Құдай 
Шыңғыстың  жұмыртқаның  ағындай  боз  аты  бар  еді,  алтын 
қазыққа  бір  монғол  ұрлады.  «Тәңірі»  Шыңғыс  ұрыны  тауып 
алып, өзің ұрлаған алтын қазық орнына қазық бол деп жерге 
қағып, ақ боз атын ұрының мойнына арқандаған дейді. Жылда 
9-ншы иіуінде монастырға жұрт жиылып, «Тәңірі» Шыңғыстың 
сүйегіне намаз оқып, осы ақ боз атты құрбан шалады. 
Шаларда  бір  монғолды  тұрғызып,  айағын  топырақпен 
көміп, ақ боз атты осының мойнына арқандаған болып, ырым 
қылады.  Осы  монғол  байағы  алтын  қазық  ұрлаған  ұрының 
тұқымы-мыс.
Ақ  боз  аттың  етін,  терісін  жапырақтап  жұрт  бөліп  алады. 
Осы  бір  жапырақ  ет,  теріні  «Шыңғыс  бағы»  дейді.  Шыңғыс 

73
бағын алған адам бақытты болады-мыс. Осы құрбан шалу 9-
ншы иіуінде болатыны 9-ншы иіуін жыл ішінде ең ұзақ күн. 
Қазақ  сөйлеп  жүрген  бір  сөз  бар:  «аспанда  екі  ақ  боз  ат 
өрелеулі,  темір  қазық  жұлдызына  арқандаулы»  деген.  Темір 
қазықты күнде бір айналатын шөміш сыйақты жеті жұлдызды 
қазақ: «екі ақ боз ат аңдыған жеті ұры» дейді. Егер осылар атты 
ұрласа, қыйамет қайым болады-мыс. 
Осы «ақ боз ат», «жетіқарақшы» туралы айтылған сөздерді 
күншығыста  неше  жұрт  түрге  салып  сөйлеп  жүр.  Бұрынғы 
уақытта  адам  баласы  аспандағы  жұлдызға,  күнге,  айға 
табынған.  Тегі  қазақтың  «жеті  қарақшы»,  «ақ  боз  ат»  деген 
сөздері бұрынғыдан қалған ертегі сөз ғой.
Жылда  құрбанға  шалып  тауыспайтын  тәңірі  Шыңғыстың 
«ақ боз атының» ертегісі мен қазақ ертегісі бір тұқымдас ғой.
Дүниені  алып  дүрлеткен  соң  «Тимушин  хан»  Шыңғыс 
атанған.  Темушинге  тәңірі  Шыңғыстың  атын  қойған.  Қан 
Шыңғыс аты осыдан келеді. Потаниннің бар жазғанын алақан- 
дай «қазаққа» сыйғызып болмайды.
Потанин 1835-нші жылда 21-нші ғинуарда Тұзқалада (Иа-
мышепскі)  Ертіс  бойында  туған.  Оқуды  Омбы  корпусында 
Шоқан
5
 (Уәлиқанмен бірге оқыған).
Сібірді бөлем деген жастардың ішінде болдың деп 1865-нші 
жылы сот Потанинді 10 жыл каторыжнайа работаға бұйырды
6

Үркіп  жүріп  жазған  кітабы,  атын  дүниаға  жайып,  академиа, 
жерді оқитын обшестба арқылы прабосын қайтарып алды.
Қазақты  туғанындай  жақсы  көрді.  «Бейшарасың»  деп 
қазаққа қорған болады. Өз ғұмырында қылған жұмысы, жүріп 
тұрған мінезі анық әулиенің ісіндей.
Қыр баласы.
(«Қазақ»), 1913, №15.
5
 Орысша оқыған қазақтың ең естісі. Артында кітап қалдырған осы Шоқан.
6
 1855-нші жылы Алматыны салған. Потанин 1863-нші жылы Алтайды Қытаймен 
орыс бөлгенінде болды. 1870-89-ншы жылдары Қытай, Монғолиаға төрт барып 
қайтты.
 

74

75
жер жүзінің еңбекшілері бірігіңдер!
23 
жОҚТАУ
Қазақ тариқының төрт жүз жылын алады
жинаған, түзеген: Байтұрсынұлы Ақымет,
Қыр баласы
Кеңес одағындағы елдердің Кіндік баспасы
Мәскеу, 1923 жыл

76
Бастырушыдан:
Кеңес  Одағындағы  елдердің  Кіндік  баспасы  бұл  «жоқтау- 
ларды» бастырғанда, мынадай ойменен бастырды: 
Дүниеде  ешбір  тіл  өз-өзінен  шықпайды.  Дүниеде  ешбір 
тілді  бір  шешен  кісі  ойлап  шығарған  жоқ  та,  шығармайды 
да.  Тіл  деген  нәрсе  қалың  елдің  күндегі  тұрмыс  қазанында 
қайнап  пісіп,  дүниеге  келеді.  Сонан  соң  ғана  шешендер,  бұл 
«тіл көсемдері» тілді безеп жолға-жөнге салып жүйесін айы-
рып өсіреді. Сондықтан әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы 
тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған 
қазақ  әдебиетін  алғанда,  мұны  естен  шығармау  керек.  Ел 
аузындағы тіл дегенімізде, нені үлгі-өрнек етіп аламыз? Әрине, 
осындай жоқтауларды, мақалдарда, жұмбақтарды, ертегілерді, 
өлеңдерді тағы тағы осындайларды!
Тіл  туралы  Ленин  секілді  көсемдердің  айтқан  сөздерін, 
үгіттерін  оқыған  не  естіген  кісі  жолымыздың  тура  екендігін 
басқаса керек.
Бұл «жоқтаулардың» ішінен әзіргі заманның жас тілшілері, 
жазушылары талай материал табар деген үмітіміз бар. Мәнісі 
көбірек қазақ тариқына тиісті болса да, тілін үйрену, тексеру, 
тілінен пайдалану  осы заман  жастары үшін  де керек жұмыс. 
Қазақтың әзіргі тілі бай, жалпақ түсінікті, өткір, қысқа суретті 
болса, көп құрал-жарақтан бірінің жөнделгені де.
СЫРШЫ
Құйрық атып құлиа,
Түлкідей қашқан жымиа,
Қараңды үзіп барасың
Бізден де қайран дүниа.
Көп жылдар қудым артыңнан,
Лашындай сызып жер қиа.
Бірде шығып шарыққа,
Бірде сарықтым тұңғыйа.
Күнім базар, түнім той,
Замандас жаран жиылып,
Сауық-сайран өне бой.
Шад-шадыман күндерім 
Демедім бастан өтер ғой.
Дәурен өтіп, жас жетіп,
Замандас құрбы адамдар
Азайып келіп о бітті,
Көрген түстей бәрі де,


Көзімнен болды зым-зыйа.
Шағалалары көлдер шалқыған,
Күмістей жүзі балқыған,
У-шу болып құстары,
Қаз, үйрегі қалқыған.
Суына жылқы жабылса,
Шуақтап жатқан көп балық
Судың бетін үйіріп,
Тереңге қарай бұлқыған. 
Судың бетін жел есіп,
Кесе-кесе жалданса,
Иіндесіп, тіркесіп,
Көбіктеніп толқыған.
Сондай бір көлдер суалса,
Бұлағы кеуіп, құм алса,
Ақыры оның не болар?
Тартқан айбар ту сыртың,
Айбатпен қозғап жақ ұртын,
Ауылдап жүзген нән балық
Басын соғып қайраңға,
Ит пен құсқа жем болар.
Зауалы үшін айдын көл
Қара жермен тең болар.
Бұтағы көкке қараған,
Жапырағы жайқалып,
Тамыры жерге тараған
Бәйтеректер қуарса,
Мұнарланып, буланып,
Әуелгідей көрінбес
Жолаушыға қыйадан.
Қаршығасы шаңқылдап,
Лашын құсы қаңқылдап,
Басынан оның ұшар ма
Мамығын төккен ұйадан?!
Күні өткен бәйтерек
Желмен құлар әлсіреп.
Іріп, шіріп жатумен
О да қара жер болар.
Заманы өтсе жастағы,
Сонда білер кей адам
Құтылмасын баршаның
Лауықта маңдайына жазғаннан.
Шәңгерей

78
1. МАМАЙ БАТЫР
(Мамайдың шешесі Қараүлектің жоқтап айтқаны)
Ай, Орағым, Орағым
Жалғыз қалдың, қарағым!
Мамайжан еді ырысың,
Бір құрсақтан дүреген
Екеу еді туысың.
Екеуің жауға барғанда,
Қалмақты жеңді ұрысың.
Серіксіз қалдың, Орағым,
Дүние шіркін құрысын!
Қарағым, Орақ, ай, Орақ,
Алштап ұран шақырса,
Айбалтасы қонды, Орақ,
Құбысының алды, Орақ.
Мамай кетіп алдында
Туғансыз жалғыз қалды Орақ!
Атыңды дұшпан атаса,
Мамай еді серігің,
Оркөз еді көлігің,
Артыңда жалғыз сен қалып
Мамайдың көрдім өлігін.
Мамайжан бойға біткенде,
Арыстан, бәрі етін жеп,
Қанып еді жерігім,
Мамай еді қуатын.
Екі жыл шөлге қамады,
Қалмақтың бермей суатын.
Айқай енді күн қайда
Қойға тиген бөрідей
Жапыра қалмақ қуатын!?
Құлыны өлген ақ байтал,
Енді саған күн қайда
Ондай бала туатын?!
Қасыңа әскер ерітсең,
Мамай еді жолдасың.
Мамай тірі жүргенде,
Өткір еді алмасың,

79
Қалмақтың басы Қараман –
Оны ұстап өлтіріп,
Кесіп едің қан басын.
Қаты қан атты Қалмақтың,
Үш аттанып келгенде,
Отқа жақтың қаңқасын.
Мыңды байлап атқанда,
Дарымады етіне
Қой боғындай қорғасын,
Сол қызықтың үстінде
Неге өлмедім, сор басым
Мамай еді дәрменің,
Екеуің қатар жүргенде,
Беріп еді арманың,
Бәрін міндің қатарлап,
Жұрттағы сұлу жорғаның.
Есімқанның ары үшін
Қаты қанынан қалмақтың
Жеті бозды қорғадың.
Мамайжан тірі жүргенде,
Еліңді жауға бермедің,
Қолыңды айға сермедің,
Ормамбет биді қалдырып,
Ноғайланы тергедің.
Алтын шақтың үстінде
Қанмен қатар көлбедің.
Пәни дүние, қайтейін,
Екеуінің алдында
Қазам жетім, өлмедім!
Айналайын Орағым,
Жау жайлайтын жарағым,
Тайды жеген бөрідей.
Тәуір еді талабың.
Тарқамаса жақсы еді
Тау бетінде қонағың.
Дұшпандарға тіреген
Аумаса игі ед табаның.
Сарала туың салбырап,
Қалмақтың бұздың қамалын,

80
Қандардың білдің амалын!
Көзімнің Мамай нұры еді
Қан кеңесі құрылса,
Сымбатты сұлу құрылса,
Жау кеңесі құрылса,
Жасқанбай шапқан ер еді.
Сасқандар ақыл сұраса,
Ойы терең өр еді.
Қан тарығып, қалық сасса,
Жабықпаңыз, ноғайлы,
«Жауың қайда?» – дер еді.
Белдемешесін белденген,
Көкірегі желденген,
Қара қошқыл қан жұтып,
Қан жұтпаса, шерленген,
Болатын шарға қайраған,
Бедеу атын байлаған,
Шағанның бетін шаң қылып,
Төрт түлік малды айдаған
Ауылдың сыртын шаң қылып,
Жылқыны топтап байлаған,
Орданың сыртын қоршатып,
Тең азамат жинаған,
Күндердің күні болғанда,
Құдайдан пәрмен болған соң,
Маңдайыма сыймаған!
Күмістен ожау ойдырған,
Қысаң қара сабаны
Тұс-тұсынан қойдырған.
Алты қанат ақ орда
Ішіне Жібек жаптырған.
Егескен қанды күніңде
Алтын тақтан тайдырғанн.
Қараүлек анаң жоқтаған,
Тым-ақ, Алаш мақтаған,
Дұшпанды жерге таптаған,
Досты сыйлап, сақтаған,
Әбеу кескінді батырды
Басын кесіп күнінде,

81
Аш бөрідей аттаған.
Ақ сүңгінің қыйағын
Күміспенен қаптаған.
Ноғайлыны жау алса,
Үйде қарап жатпаған.
Ақ кіреуке сауыттым,
Аш құрсағым ауырттың!
Жылай-жылай жалықтым,
Қайғы жұтып, жабықтым.
Тас емшегім жібіттің,
Қу сүйегім еріттің,
Өкпе, бауырым суыттың,
Кәрі шешең қайғымен
Ағар бұлақ құрыттың.
Өзің тірі жүргенде,
Күдерін Жаудың үздірдің,
Тоқсандағы шешеңді
Қайратыңмен «мәз қылдың».
Қасіретіңменен бүгінде
Бұрымым желге тоздырдың.
Сары ала туды құлаттың,
Ел-жұртыңды жылаттың,
Құдай салды, мен көндім,
Бұл сапарды ұнаттың.
Өзіңді қылмақ қамады,
Ақ ордаңды талады.
Артыңда қалған жас бала
Қашан сендей болады?
Қырық ұл туса бір күнде.
Орның қалай толады?
Жұртыңды қалмақ ториды,
Кім мініп атқа, қориды?
Жерді құртқан жез аяқ
Мінбей түспей ариды.
Көзінің жасы көл болып,
Қараүлек шешең қартайды.
Ақ үйімнің арыстаны,
Боз үйімнің бостаны,
Алысқа кетіп, келмедің

82
Жасым жетіп мұңдандым.
Анаңнан болып туған соң,
Атқа мінбей өлмедім.
Басыма қара күн салдың,
Ертеңді-кеш үн салдым.
Жауатын күндей құрсаңдың.
Жауды көрсең, жар салдың.
Өңім-түсім біле алмай,
Ертеңді-кеш тамсандым.
Артыңда қалды жиғаның,
Тарқап кетті мейманың.
Ұжмақты қылып Құдайым,
Жолдасың болсын иманың!
Өлді Мамай, қор болдың,
Тірлікте зор болдың,
Дұшпанға құрған тор болдың,
Қараүлек шешең зар болды.
Сауытың қалды сандықта,
Алмасың қалды тұлдықта,
Аңдысқан дұшпан көп еді – 
Елің қалды құлдықта.
Қараүлек шешең шерменде,
Таудай болған көңілім,
Тал бойыңда көргенде.
Нағып тірі отырмын,
Мамайжан бүгін өлгенде?!
Өлдің Мамай қор болдың!
Қарадан туып, қан болдың,
Ерлігің мен билігің
Он сан атты ноғайға
Көрсе, күнде таң болдың.
Жаяуларға жол болдың,
Аттыларға тіл болдың.
Өлдің, Мамай, күл болдың,
Күл ұшырған жел болдың,
Иманың болғай жолдасың
Топырақпен тең болдың

.

 Мамай – Едіге бидің нәсілінен, ХҮІ ғасырда өмір сүрген ноғайлының батыры.

83

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет