О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



жүктеу 2.76 Mb.
Pdf просмотр
бет6/24
Дата28.12.2016
өлшемі2.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

8. ТӨлЕБАЙ
(Он екі жасар әйел баласының жоқтағаны)
Әуелі адам Пайғамбар,
Екінші сөзім Мұқамбет.
Дүниеге шықсаң – бар өлім,
Мұқамбетке болса үмбет.
Азырақ дастан айтайын,
Дұғада болған әлеумет.
Жыламайын десем де,
Ішімде жылан, сыртым дерт.
Ұйадағы сұңқарға,
Дүбірлі туған тұлпарға
Тағдыр еткен құдірет.
Елу алты жасында
Дүниеден қайтты арыстан – 
Әруақты туған атақтым,
Тойат тілеп алыстан
Бабасынын сөйлесем,
Белгілі бекзат данышпан.
Еділден өтіп ер шақшақ,
Дұшпандармен тоғысқан.
Шілтеңдер жырақ болмапты
Аманжол деген дабыстан.
Онан бергі ер Қосай,
Қалмақты қатар жарыстан.
Сол бабамның алты ұлы
Бос қалмапты намыстан.
Үмбетей атам, Жәнібек,
Бабалардың руқы
Бұларға келіп қауышқан?!
Қатар шыққан екі ердің
Қариалары жоқ еді
Билік айтып тауысқан.
Бергі атамыз Аралбай,
Шыға бір шапқан қамалға-ай.
Қыдыр дарып ер болып,
Нәсілі қалды заманға-ай.

106
Өз атасын сұрасаң,
Мырза Көбек, Танабай,
Келмеген ешкім жолына-ай.
Байлық, бектік, жомарттық – 
Бәрі де келді қолына-ай.
Тулап өткен істерін
Келтіреді тәңірім оңына-ай.
Кешегі менің әке-кем,
Жиырманың ішінде
Атанып едің Төлебай.
Қулығың сал, дос-жарлар,
Бір азғана зарым-ай.
Заманына лайық
Қараның болды-ау қанындай.
Дұшпандарын ықтатты,
Беткейден соққан дауылдай.
Алашқа жеңсік көрінді,
Шамсаттық сары қауындай.
Бабалардың руқы
Қолдаған екен жаңылмай.
Батырлығын сұрасаң,
Бабасының қалыбы-ай.
Мырзалығын сұрасаң,
Көңілде нұрдың жарығы-ай.
Дұшпандардан саспаған,
Құданың берген сабыры-ай!
Баласына үш жүздің
Кетіп еді дабылы-ай!
Айтылса қайғы босайды,
Болғаң соң істің анығы-ай!
Үш уездің қазағы
Басықара датқаның,
Басын қосқан асында.
Болғандардан естимін,
Болмасам да қасында.
Сұқ қылышты сонша жұрт
Әкекем сынды асылға.
Қыпшақтың өңкей манабы
Кез болыпты ашуға.

107
Балқожаұлы Ыбырай
Артын жиып жөнелді,
Басын қорғап қашуға.
Мұны көріп әке-кем,
Аманжолдап ат қойды,
Тасыған көңілің басуға.
Қуып жетіп соңынан,
Ағалығын білдірген,
Көрмегенін көргізген,
Боз балаға айдатып,
Қайтарып топқа кіргізген.
Бекмұқамбет болысын,
Иініспектір орысын,
Жұмылған көзін аштыртып,
Өкшесінен бастыртып,
«Жан сауға, батыр!» – дегізген.
Талай жерде, әкеке-ай,
Бітіп еді арманың,
Бәрін де міндің қатарлап
Жұрттағы сұлу жорғаның
Көңіліңе жақпаған
Дұшпанның бұздың қорғанын.
Жомарттық еттің артықша.
Дүниенің біліп жалғанын.
Орыс, қазақ әкімге
Ықпалыңды жүргізіп,
Жауатын күндей торлардың.
Менменсіп келген талайды.
Қолыңмен илеп толғадың.
Жолды жолсыз болса да,
Бетіңе алған ісіңнен
Абыройсыз болмадың.
Бәсеке өткен туғанда,
Асылмен белің буғанда,
Күншілік кіріп көңіліне,
Жауыздық жолын қуғанда,
Айамасаң жылаттың.
Ізгілік етсең-ұнаттың
Жайауына ат болып,
Жалаңашқа тон болып,

108
Сылап – сипап жұбаттың.
Жұртыңды жауға бермедің,
Алысқа қолың сермедің,
Өрге жүзген жайындай,
Ашынған сайын өрледің.
Қалық иесі қандармен
Қалықты қатар тергедің.
Заманыңдағы ерлердің
Тағында қатар көлбедің.
Сол сықылды әкемнен,
Қабыл болып, күн туып,
Құрбан да болып өлмедім.
Осындай менің әкекем,
Ордалы бектің нұры еді.
Тамам Алаш бас қосса,
Айтулы тудың бірі еді.
Рүстем мен Дастандай
Заманындағы сері еді.
Жау кеңесі құрылса,
Жасқанбаған ер еді.
Сасқандар ақыл сұраса,
Жабықпа, қалқам!» – дер еді.
Қырғыздың Алатауындай,
Дұшпандар аспас бел еді.
Іздегенің табылған,
Белгілі шалқар көл еді.
Азғана күн дүниесі 
Қолымен сермеп жөнеді,
Екіталай жерлерде
Дүние жолдас демеді.
Сол секілді әкемнен,
Айналайын аталар,
Айналсам, калай айып етеді?!
Заманында әке-кем,
Қандардың жиған құралын.
Шымшыр канар дүниеге
Келтіріп еді оралын.
Атадан жалғыз туса да,
Мал үстіне, мал беріп,
Қанат, құйрық – жал беріп,

109
Жеткізген Алла мұрадын.
Бес отауын түсіріп,
Көркейтіп еді жанабын.
Қатар қосқан дұшпанның
Тарылушы еді танабын.
Азамат жинап ат байлап,
Істеді бестік талабын.
Еркінше жүріп ішінде,
Аралады әке-кем
Тобыл, Торғай алабын.
Келмейтін еді белсеніп
Естіген қазақ қабарын.
Дұшпаныңа тірелген,
Айналайын әкеке-ай,
Аумайтын еді табаның.
Бір күндерде әке-кем
Арғымақ бедеу байлаған,
Болатын шарға қайраған,
Наурызым, Сыпсың-екеу су.
Жағалап көшіп жайлаған.
Ауылдың сыртын шаңдатып,
Торлантып бие байлаған.
Орданың ішін қоршатып,
Тең азамат жинаған.
Күнде жиын, күнде той,
Дастарқанын жыймаған
Мәжіліске мәз болып,
Тарқатуға қимаған.
Осындай қайран әке-кем
Азғана күн дүниеде
Маңдайыма сыймаған.
Қалай десе жарасар,
Әке-кемдей сындарға?
Нашар туған үш бала,
Қайғыңды аштым тыңдарға.
Көлеңкелі дарағым,
Құламаса, мін бар ма?
Темір қанат балапан
Ұша алмай қалса, сын бар ма?

110
Айағым салып қойнына,
Асылатын мойнына,
Әке-кем келер күн бар ма?
Жолы қиын біздерге
Ата менен ананың,
Қандай болып өтеді
Атасыз күні баланың?
Қазынасын күтелік
Жаратушы алланың.
Ташмұқамбет Ақымет,
Тілегін қатты тілейік
Қадірлі екі ағаның.
Руқы қолдап, жар болғай
Бұрынғы өткен бабаның!
Ерназар, Бекет, Ғабдолла,
Бірің – өңір, бірің – бой,
Алтын да сауыт жағаның.
Береке, бірлік деген бар,
Айналайын ағалар,
Болғайды мұның қабарың.
Ортаңда қалған үш анаң,
Қайтара көрме назарын.
Ақыл салып әжеме,
Айналайын әке-кем,
Сақтаушы еді ажарын.
Басып кеткен зіңді
Енді қайдан табамын?!
Бір кеткен соң қабар жоқ,
Зарлай, зарлай барамын.
Жаннаттан болып қорының,
Ұжмақтың ашқай шарабын.
Қысқартайын, қош енді,
Мұқтасар айлап тамамын,
Азырақ сабыр етсеңіз,
Үлкен-кіші, ағалар!
Көңіліміз ойран, көзде жас,
Қайғылы қасірет сана бар.
Мұндай жолдың қабарын
Ақылды бектер шамалар:
Алладан тағдыр-ажалды, оқ,

111
Біздерде мұндай жара бар.
Жақсылар көңіл жұбатса,
Қайғыны дәру жағалар.
Жылады деп сөкпеңіз,
Жұрт иесі ағалар?
Арыстан туған әке-кем,
Салтанатын асырып,
Достарын қашан аралар?
Елестейді көзіме
Қалың топқа кіргендей.
Сағынамын достарын,
Мәжілісінде жүргендей,
Өрбігеді көңілім,
Сіздермен еріп келгендей.
Қатарланған жорғадан
Сүйгенін таңдап мінгендей.
Алтан қынап ақ алмас
Беліне байлап ілгендей,
Арқауы таза ақ жібек,
Жағадан ұстап кигендей.
Біздерге туар қайда
Арыстан туған әке-кем
Маңдайымнан сүйгендей?
Қанатын тосып қақпалап,
Шырағым деп күлгендей?
Мезгілің болды-ау, әкеке,
Қайырылып қабар білгендей.
Күн болар ма біздерге
Көзін жасын игендей?
Келмес те болсаң, әкеке,
Өзегім отқа күйгендей.
Дауысы болмай кезеулі оқ
Кешегі менің әке-кем
Айнасы еді елінің.
Ит жүгіріп, құс салса,
Көркі еді екі көлінің.
Тойаты қанған сұңқардай
Базары еді бегінің.
Бәрі қасірет біздерге

112
Жүріп, тұрған жерінің.
Қайғыңды тастап артыңа, 
Қайрылмастай көріндің.
Опасы жоқ дүние-ай,
Бекер екен сенімің.
Қарашаның қаны әкем,
Бұқараның бегі әкем.
Көлеңкесі күндік жер
Асқар тауға тең әкем.
Қол айағын жимаған.
Етек-жеңіл мол әкем.
Мұнарланған сеңгірдей
Дұшпандарға бел әкем.
Құрағы көктеп, гүлденген
Айдын да шалқар көл әкем.
Қыйадан дұшпан табылса,
Жасқанбайтын ер әкем,
Достарға ауыр жүк түссе,
Қатарланған нар әкем.
Көрген түстей біз болдық:
Осы ма екен, ұйада
Былтырғы жылы бар әкем,
Келмесіне көз жетті.
Жанаттан болғай талабың,
Ашық та болғай жауабың.
Нұрға толғай қабырың,
Жоғары ұшқай сауабың.
Үмбетім деп Мұқамбет,
Шапағат еткей назарын.
Әулиелер жар болып,
Ұжмақтың ашқай шарабын.
Он екі имам, шадиар
Артылдырғай қадамын.
Дұғасын қабыл алғайсың,
Артыңда ізгі баласының.
Айта берсем, сөз көп-ті,
Дүниеден қайтпай кім кетті?
Дұғадан жоқтап жақсылар,
Бағышла айет қыламын.

113
9. ТӨлЕБАЙДЫ КЕлІНІНІң жОҚТАУЫ
Рұқсат болса азырақ
Отырған достар, ағадан;
Өлімге мирас жыламақ.
Бұрынғы өткен бабадан.
Ажал ортақ әмбаға,
Атамыз Адам, Қауадан;
Пәндасына үкімет
Рақымы күшті Алладан;
Бағасы қымбат ата-екем,
Мысалында шәйіттің
Рақылат етті дүниадан;
Қайырылып қабар алмады
Айғайын туған баладан.
Белгілі бекзат бел асты,
Табылмас достар шамадан.
Ертеңді-кеш зарлатып,
Қайғысы асты қападан.
Ордалы қуда сын бар ма
Басшысынан адасқан?
Ата-екем келер күн бар ма 
Талай тауға таласқан?
Алтында қылыш ай-балта
Асынса, ерге жарасқан.
Қалық иесі қандардан
Қайулы сағат жол ашқан.
Жан қуанған біз түгіл,
Жақсылар іздеп жанасқан.
Ай басқандай іс болып,
Бізге түсті қара аспан.
Айырылса, кімдер қайғырмас,
Жұрт иесі манаптан?
Тасқа салса қайтпаған
Адасты жұртым болаттан.
Қыйадан ілген қыран құс
Қайырылды ұшар қанаттан.

114
Ата-екемдей ер қайда?
Аузына жұртты қаратқан,
Сақилығын жүргізіп,
Алдынан кеңес таратқан.
Белгілі жұрттың бектері
Кездесті әрбір тараптан.
Қатарынан Құдайым
Тұлғасын артық жаратқан.
Көрген түстей айырылдық
Көлеңкелі дарақтан.
Тойған марал секілді,
Таудан аққан бұлақтан,
Ағасы елдің ата-екем,
Бұл сапарды ұнатқан.
Ағайын, туған әулетін
Қайғыға қамап жылатқан.
Сайранға жаққан панардай
Айрылды қалқы шырақтан.

115
10. ТӨлЕБАЙДЫң жАМАҒАТЫНЫң жОҚТАУЫ
Кешегі менің бегімнің
Бір азғана дастаны.
Жылады деп сөкпеңіз,
Жиылып келген достары
Алтын да кеудем жер болды
Үстімді тұман басқалы.
Ертеңді – кеш зарлаймын
Көңілімді ашқалы.
Күнде қызық, күнде той,
Мәжіліс еді басқаны.
Құлақ естіп, көз көрген
Жүргізді бір нұсқаны.
Тоғыз орда тіктіртіп,
Толтырып асыл жинаған.
Тоқсан қонақ келсе де,
Асып – саспай сыйлаған.
Сапырулы қымыз, салқын үй,
Мәжілісін тыймаған.
Ит жүгіртіп, құс салып,
Қыйаға бедеу қинаған.
Құмай тазы, қыран құс
Көзінен таса қылмаған.
Күнінде тойат алдырмай,
Сағат көңілі тынбаған.
Осынша дәуір үстінде
Күн шығарып тұрмаған.
Бес уақыт намаздан
Тоқталып мойын бұрмаған,
Шалғынсыз жерге қонбаған.
Төрт түлік малын өгізіп,
Күншілік жерді шарлаған.
Тоғыз қатар орданы
Тоқсан нарға қомдаған.
Айыр өркеш атанға
Айағымды салмаған.

116
Үш пәуеске тройке
Тоғыз атқа парлаған.
Балапан ерткен қаздай ғып,
Көзінен таса қылмаған.
Миуасы піскен дарақтай
Құдайым артын аңдаған.
Толысып тұрған күнінде
Шын сапарға жолдаған.
Ұлың мен қызың артыңда,
Әке-кем деп зарлаған.
Қадам басқан ізіңді
Басқа жанға қимаған.
Азғана күн дәуірім
Маңдайыма сыймаған.
Арыстанымнан айырылып,
Тарқады базар басымнан.
Алланың артқан ауыр жүк,
Орнады мұндай жасымнан.
Алтын да тұғыр ақ сұңқар
Ұшырдым жұртым, қасымнан,
Орын алған сұлтаным
Әр таптағы асылдан,
Жанған да отқа күйемін
Құрдасын көріп бегімнің
Қыйадан іздеп қосылған.
Сіздермен бірге келер деп,
Күтуші ем қабар досыңнан.
Балалы арқар баурайды
Мезгілсіз оққа тосылған.
Артында қалып қайғырдым,
Жөнеліп керуен асудан.
Көрген түстей дәуірім
Жана түсіп басылған.
Бастан жақты айырған
Әмірі күшті Алланың
Қайғысына жанғаным.
Арыстанының тұсында

117
Бітіп еді арманым.
Бұл дүниенің құрметін
Көрсетіп еді күң жалым.
Күннен күнге күн өтіп,
Қызығына қанбадым.
Қолымнан топты тарқатып,
Адасып мұндай зарладым.
Жаралы Құдай ыңыранып,
Артында жылай қалғаным.
Адастырған опасыз
Дүние, сенің жалғаның.
Заманында бегімнің
Дәуірлеп тасып – толғаным.
Кеңесін қолдан өткіздім
Қатарланған орданың.
Жылама деп айтады
Өсиеті молданың
Бұрын соңды ажалдан
Қалары жоқ бәденің.
Қосқанынша Құдайым,
Қош аман бол, алғаным.
Ризалықпен күтелік
Құдайдың басқа салғанын.
Нұрға толып қабірің,
Жолдас болсын иманың,
Қызыр болсын мейманың.
Қадірің өтіп күн сайын,
Көзімнің жасын тыймадым
15
.
15
 Төлебайдың жоқтауын шығарған Қарпық ақын. Үмбетейден Таңбай мен Қасқатай 
бір туысқан. Таңбайдан Шошақ, онан – Байтұрсын, онан – ақын Ақымет; Қасқабайдан 
– Қожырбай, онан – Шолақ, онан – ақын Қарпық.
Қ.б.

118
11. ӘЙЕКЕ
Әуелі Құдай, Пайғамбар!
Екінші сөзім Мұқамбет.
Еңбекті басқа бір өлім
Мұқамбетке болса үмбет.
Жылады деп сөкпеңіз;
Жиылып келген әлеумет!
Ақырын Құдай бермесе,
Орнады бізге бір нәубет.
Ағайын, бізден қабар ал
Әуезім – жалын, ішім – дерт.
Қарадан шығып қан болса,
Бекер екен үкімет.
Үкіметі құрысын.
Тартқызып кетті қасірет.
Өлімі құрысын! 
Өрт екен.
Өзекке түскен дерт екен.
Өртенеді өзегім,
Өртетпейін десем де,
Мезгілсіз келді кезегім...
Әуелеп ұшқан сұңқардай
Білінбей кетті дерегің.
Бір бізге емес, бар еді
Орта жүзге керегің.
Көлеңкелеп отырған.
Құлады, қалқым терегім.
Бұл күндегі адамнан
Артық тұрған ер едің.
Ай батқандай қылдың да
Адастырып жөнелдің.
Артында қалған көп жұртың
Иесіз қалар демедің.
Ақылың көп болса да,
Азғана болды көмегің.
Ішіне сыймай, қабынды

119
Қайратың мен өнерің.
Өрге жүзген на андай
Өнеріңнен не көрдің?
Ақырында ажалға
Қайратың болды себебің.
Айналайын әкежан,
Қараның болдың қанындай.
Қарайғанды ықтаттың
Қамысқа түскен жалындай.
Орта жүздің көркі едің
Қоңыраулы бұйра нарындай.
Ағайынды жинадың 
Алпыс үйлі ауылдай.
Орынды болдың орасан
Мың жылқының қауындай.
Көпке пайдаң көп тиді
Көктемдегі жауындай.
Жерілмей қалды жеңсігің
Жаңа піскен қауындай.
Көре алмай қалдым өтерде,
Елестеп кетің сағымдай.
Өте шықты сұм заман
Бәйге атының шаңындай.
Адыра қалды ақ ордаң
Иесіз қалған ауылдай.
Көріне келген бәледен
Көрінбей келген қиын екен,
Қайратыңды күндедің-ау!
Артықша жауы біз бе екен?
Осыншама не ғылып,
Құдайдан күдер үзді екен?
Ауылда жатып есіттім,
Сейсенбі күні атылды.
Атылғаннан екен ғой
Жанға бір жара батулы.
Сыр бермеді шошыр деп,
Бала-шаға, қатынды.
Жолекке келген жеріңде,

120
Аттандырдық батырды.
Арыздасып кетпедің,
Шақырып алып қалқыңды.
Айта алмай кеттік арманда
Өсиет нама нақылды.
Ағайынның азбайтын
Айтпай кеттің ақылды.
Үкіметпенен өткіздік
Бес күн жалға ғапылды.
Артықша тудың анадан
Ай мүйізді қошқардай.
Қақарланып келгенде
Қоршаған бұлт аспандай.
Қайратың болды көкежан,
Рүстем мен Дастандай.
Сақилығың бар еді
Байазит пен Бостандай,
Емелетке белді байладың
Құданың шері Арыстандай.
Әділдігін бар еді
Әзіреті Омар, Оспандай.
Үлгіменен сөз айттың,
Тәпсірден шыққан дастандай.
Құрама жиып, ел еттің,
Еспенің көзін ашқандай.
Артықша Құдай бақ берді,
Қарадан шығып тасқандай.
Жасаған, саған не жаздым,
Тасқанымда басқандай?!
Айналайын көкежан,
Алтынан соққан табақтай,
Орта жүздің ішінде
Опалы сеңгір қабақтай.
Елде тентек қоймадың
Жайынан қашқан шабықтай.
Көкежан, сенен айырылдым
Көлеңкелі дарықтай!
Арбаның дауысы шыққан соң,

121
Көңілім тұрды ұнатпай.
Ішім жаман мұздады.
Бөрі көрген ылақтай.
Тап Жолекке келгенде,
Жан тапсырады ұзатпай.
Бұйрық болды Алладан,
Сәскелік жерге шыдатпай.
Намаздыгер шағында,
Дауысы шықты арбаның.
Бір ауыз сөзін естімей,
Артықша болды арманым.
Ой, бауырым, деп ат қойып,
Күңіреніп кетті жан-жағым.
Мен сорлы қайдан білейін,
Жыйылған екен аймағым.
Ылажым бар ма, қайтейін!
Қабары күшті Алланың.
Жан үшін дем айналсам,
Болар ма еді қайраның?!
Ауылға дейін ат болды.
Абдолдың
16
 берген арбасы,
Қазақтан бетер қайырымды,
Бөлек де болса таңбасы.
Әшір менен Тәшімнің
Таусылған екен қайласы.
Қабар таббай қарсы ұрды,
Інісі мен ағасы.
Үске досы кез келді,
Үзеңгі өңкей жолдасы.
Садағасы кетейін.
Жұрттың тиді пайдасы – 
Сүйегін үйден шығарды,
Жиналып, қайым, қарындасы.
Сәрсенбі күні сәскеде,
Жерге тиді жамбасы.
Кешке таман болғанда,
Аға-екем келді сүйектен.
16
 Ауылға дейін Әйекеңнің сүйегін алып келуге Абдол деген ноғай арбасын берген.

122
Өкпемді баспай өксітіп,
Қабынтып кетті жүректен.
Ойымда бар ма өлер деп,
Оқ тигенде білектен?
Сыр бермей кетті жан көкем,
Жан шыққанша иектен.
Бар көргенім сол екен,
Бір күн үйге түнеткен.
Арыстандай екен ғой
Жарасы құрғыр жүдеткен.
Жөлекке келген жерінде,
Жарадан ақты қызыл қан.
Құдіреті Құдайының
Алпыс екі алуан.
Ақыры мұндай боларын
Ақылменен таныған.
Үйдің ішін көре алмай,
Арманда болып берді жан.
Ағайынды көргелі
Шыққан екен қаладан,
Мүддесіне жете алмай,
Арманда кетті даладан.
Балдағы алтын Зұлпұқар
Шаппай сынды сағадан,
Қарадан қан, қарғадан
Сұңқар туған көкежан.
Солқылдағым, сүйрігім, 
Қанатым, жалым, құйрығым,
Керме иығым, келбетім,
Кемеңгерім, тұйғыным,
Ұсынса қол жеткісіз
Ұстын болған түндігім.
Қарадан туып қан болып,
Тұлпардан туған дүлділім.
Орта жүзден орасан
Ойқастап озған жүйрігім.
Қылау салмай қырғында,
Жеткізді Құдай бұйрығын.

123
Ағайыннан айырылған
Мүсәпір болған мұңдығым!
Кешегі менің жан көкем
Елестейді алдымда-ай.
Емін-еркін көре алмай,
Арманда болып қалдым ба-ай?!
Сәлем депті кетерде
Аты ағайын арғынға-ай.
Зарлатып кеттің қайтейін,
Ертедегі Тарғындай.
Көп жасар ма екен деуші едім,
Жолдасынан айырылмай.
Ертелі-кешті зарлаймын,
Көзімнің жасы жаңбырдай.
Сарының қалды басылмай,
Таудан аққан қарғындай.
Айналайын көкежан,
Суырылып топтан сөйлеген.
Жүйесін тауып айтқан соң,
Бетіне ешкім келмеген.
Басып озған жүйріктей,
Сөйлеген сайын өрлеген.
Арғымақ мініп, ат жиып,
Ақырға байлап жемдеген.
Өз дегені болмаса,
Дұшпанға теңдік бермеген.
Аз ғана күн орта жүз
Адасқанын жөндеген.
Қошқар туған қозыдай,
Келбет, бар ма келмеген?
Кешегі қойдай шуладық,
Тілеуді Құдай бермеген.
Арман болды мен сорға
Өз көзіммен көрмеген.
Көре алмай қалып көкемді,
Шыбыным жүр өлмеген.
Көкежан, сіздей еш пенде
Қарадан шығып қан болмас.

124
Енді сіздей басқа адам
Айырдан туып нар болмас.
Бойлап біткен қарағай
Бойағанмен тал болмас,
Ішім толды зақарға,
Ішкенменен бал болмас.
Қазаға амал жоқ екен.
Қайғырғанмен қарындас,
Енді бізден пайда жоқ,
Иманың болсын жан жолдас
Ағайын-туған, құлақ сал,
Көке-екемнің дастаны
Мен бір дастан бастайын,
Жат етіп, Жаппар патсаны.
Біз түгіл өткен дүниеден
Құдайдың сүйген достары – 
Әбубәкір, Ғали мен
Әзірет, Ғұмар, Ғұсманы.
Қаққа пенде болған соң,
Өлімнен бар ма қашқаны?
Сіздерге шағып, жылайын,
Өксігімді басқалы.
Жалған деп ешкім айта алмас
Орта жүзден асқаны.
Артықша туған жан көкем,
Жоқтаусыз неғып тастайын?
Жоқтамайын десем де,
Жоғалды алтын, ақ сақа.
Бес күн жалған сұм дүние
Болар ма мұнша би опа?
Біз түгіл, өтті дүниеден
Құдайдың досы Мұстапа,
Ғайып ерен, қырық шілтен,
Ойсыл қара, зеңгі ата.
Жаны ашыған ағайын,
Дұғадан жоқтап, қыл бата.
Жан көкемнен айырылып,
Көңілім болды көп қапа.

125
Болмас жерде дақ салып,
Тарттырдың Құдай бір жапа.
Өлген үшін өлмек жоқ,
Жүреміз де айта-айта.
Жел аударған қаңбақтай,
Желкені қалып, көл кетті.
Адыра қалған адырдай,
Өзені қалып, ел кетті.
Мың қойымның ішінде
Көк қасқа қошқар келбетті
Өлгеннен соң көкежан,
Қадірің жұртқа енді өтті.
Ағасынан айырып,
Арғынды Құдай еңіретті.
Ажалға сабыр жоқ екен,
Ақырын берсін әлбетті.
Жыламай неғып тұрайын,
Мезгілсіз салды нәубетті.
Ағаш атқа мінген соң,
Келмесіне көз жетті.
Ауылдан кеттің аттанып,
Барғалы, көке қалаға-ай.
Қалада жатып, жолықтың
Ажалға біткен жараға-ай.
Қанша кінә тапты екен
Өлімге қиып атқандай?
Арманда кеттің, жан көке.
 Қарауыл қойып, сақтанбай.
Атасы бөлек нәкіс деп,
Сартты ұстадың жалаға-ай,
Айтар сөзге кемшілік.
Дұшпанға қалдың табаға-ай.
Алдында жүріп армансыз,
Болмай бір қалдым садаға-ай.
Арманда кеттің, қайтейін,
Ойбай, көке, жаным-ай.
Алды – артында боламады

126
Қанат, құйрық – жалың-ай,
Жалғыз жүріп, жұрт алдың
Күш атасын танымай.
Айтілеу болса қартайды,
Тұрғыдан қалған жабыдай.
Аға деп арқа сүйеуге,
Арқада жатыр Ағыбай,
Қарайған қазақ ықтауы
Боранға соққан шалыдай.
Орта жүздің баласы
Тілеулес болды жабыла-ай.
Турадан құрық салған соң,
Болмады себеп тарыдай.
Жан көкемнің заманы
Келер ме екен тағы да-ай?
Енді түсті есіме
Ағайынның көптігі.
Әттең, дүние, аздықтың
Болады екен сепкілі.
Қанша жерге шыдасын
Бір басынын екпіні?
Арманда қылып, көкежан,
Кеттің тастап, қайтейін,
Қаракесек шектіні
Енді сізге не пайда
Қаракесек, Тоқадан?
Табылғанда бөз артық
Таңдап киген торқадан.
Ағайысып айтайын
От шыққанға ортадан.
Ауылдас болып отырмын,
Шын әруақтан қорқамын.
Арғын Қыпшақ – аты егіз,
Жақын едің өзге елден.
Көріне көңілім қалған жоқ,
Ағайыным, сендерден.
Өскенбай мен Жүзекем

127
Жолдасы келді көз көрген.
Жан көкемнен айрылдым
Азды көпке теңгерген.
Көрдің бе деп сұраймын
Кеткен менен келгеннен.
Бұрынғыдан, соңғыдан
Бар ма екен келген өлгеннен?
Бір кеткен соң, көкемнің
Келмесін қайдан білейік?
Бізді сөйтіп шулатпай,
Келе ме деп жүр едік.
Келмейді деп қалық айтса,
Енді күдер үзейік.
Тәңірі алдына барғанда,
Иманын бер деп тілейік.
Қаңлыбайдың Бектасы
Қаладағы жолдасың, – 
Жолдасыңнан айырылып,
Неғып бір жаттың, жолбарысым?
Себеп болды ажалға
Құмалақтай қорғасын,
Кәлима – көптің баласы,
Ағайын біздің болмасын.
Өткен заман басыма
Енді неғып орнасын?
Қажыбайдың баласы
Досың еді Тоқпамбет.
Сүйіп болған бір құдаң
Алшынбай менен Есембет,
Ердің көзі кетті деп,
Әруаққа болма шет.
Бір сүйінішім сендердің,
Маңдайымнан сипап кет.
Жетімдігі құрысын.
Ішім тола жанған өрт
17
17
 Бұдабай ақын шығарған. Түркістан жағыныкі. Әйекеңнің руы Шұбыртпалы.
А.Б.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет