О ббк 83. 3 (5 Қаз) б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,76 Mb.
#668
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

23.ӘБДІҒАПАР
Әуелі Құдай, Пайғамбар,
Қақ жолында рай бар.
Келіп қайтқан дүниеге
Мұрсал Пани Сәруар.
Он сегіз мың ғаламды
Оның үшін жаратқан,
Қабибі еді Алланың.
Қақ Мұстапа Пайғамбар,
Дін жолында жолдасы
Төрт Қалима Шақариа.
Қасиетін бұлардың
Қалқым бар ма тамамдар?!
Қақ жаратқан әнбие,
Машайықтар әулие,
Соларға опа бермеді
Бағасы жоқ сұм дүние.
Жиылып келген әлеумет,
Басыма түсті бір нәубет.
Сұлтанымнан айрылдым!
Бастығы еді Уәлейет.
Зақар түсіп асыма,
Ішіме толды қасірет.
Арыстанымнан айрылып,
Туды бізге ақырет.
Басымнан бағым ұшқан соң,
Болмай отыр қасиет.
Сұлтанымнан айрылып,
Қонбай отыр өсиет.
Бақытым кетіп басымнан,
У-шудың бәрі кесапат.
Ағайындар, басым да
Үлкен қасірет-жапам бар.
Пәндешілік болған соң,
Таудай үлкен қапам бар.
«Қайғылының қасында
Тұрма»деген мәтел бар.
Біз ғарыпты сөкпеңіз,

160
Қан толған соң ішіме,
Қабынып тұр өкпеміз
Кім күңіреніп аумайды,
Теңізі жайқын суалса?
Кімнің көркі болады,
Асқар тауы құласа?
Кімдер ақын болмайды,
Арыстаны сұласа?
Кімнің белі сынбайды,
Қамалы туы жығылса?
Кімдер сұрау салмайды,
Сақасы алтын жоғалса?
Кімдер жерлі болмайды,
Терегі құлап, қураса?
Кімдер ғазиз болмайды
Торға түсіп қамалса?
Кім гүлістан болады
Қазан соғып, жел ұрса?
Сайран қылар бақшасын
Сақарада жау болса,
Мен жыламай, қайтейін,
Сұлтанымнан айрылып,
Ағарып көзім, суалса?! 
Біз бір ғарып зарлаған.
Қараңғыны қармаған.
Сөге көрме, жұртым-ай!
Тұрманды тұлпар алдырған
Біз бір емес, орта жүз
Ортаға қойып, қан қылған.
Сұлтанымнан айрылдым
Дұшпанының күнін тар қылған!
Орыс, қазақ баласы 
Қылған ісін таң қылған.
Мен жыламай, қайтейін,
Қасірет оты ішімді
Отын болып жандырған!
Ауылға келді...
Құдайдан безген...
Жеткенше бізге асығып,

161
Қару-жарақ асынып,
Ажалға айла жоқ екен,
Тағдырға бойын ұсынып,
Арыстан туған сұлтаным,
Жүрмек болды қосылып,
Ұқсас келді дажалға,
Себеп болып ажалға.
Елден шыққан...
Еш қоймайды мажалға. 
Атқа мінер шағында,
Көп ойланды толғанып.
Істің түрі не болар,
Кетпесе игі еді ұлғайып?
Жолдасы жоқ ағасы,
Баласы үшін тағасы,
Болмай мінді ғазизім
Жалғыз өзі сыбанып,
Мен жыламай қайтейін?!
Ағайын-туған бар жұрты
Бірі болмай қасында,
Арманда кетті асыл ер.
Демі біткен заманда!
Әрине қылса бәндеге.
Бір жаратқан хақта екен.
Өмірі болса алланың.
Пендесіне қатты екен.
Көзбен көрмей кінәсін,
Басынан не мін тапты екен?
Ал о болса мұсылман,
Кәпірден жаман қатты екен!
Көзбен көрген жері жоқ.
Сол секілді арыстанды
Нағып қиып атты екен?!
Атаңа лағынат атқан жау,
Өлімге қайтып қиды екен!!
Ажалға біткен жалғыз оқ
Айнымай неғып тиді екен?!
Осынша неге кекті екен?
Құр жалада мұндай іс

162
Мұсылманға өкпе екен.
Мен жыламай, қайтейін!
Көңілі барып, нақақтан
Қызыл қанды төкті екен.
Уһ! Дариға, сұлтаным!
Кетті нанып жауға еріп,
Сырын білмей кәпірдің,
Өзіне санап, ел көріп.
Сынамаған дұшпанын
Досыменен тең көріп,
Мен сорлы қайдан білейін?!
Жиылған екен аймағым,
Жат түскен соң жаныма,
Жұртым келді күңіреніп.
Айналайын, жұртым-ай,
Заманым қалды өзгеріп,
Мен жыламай, қайтейін?!
Арыстан туған сұлтаным
Астана жұртын меңгеріп,
Жұртын бақты орта жүз,
Бай нашарды теңгеріп.
Көп жасар ма екен деуші едім,
Өмірін Құдай кең беріп.
Қырық тоғызда ғазизім
Шайыттығын жөн көріп,
Алдын берді Құдайым,
Қайғысын бізге өңгеріп,
Мен жыламай, қайтейін?!
Сұлтанымнан айрылып,
Жүрерміз қалай елге еріп?!
Уа! Дариға, сұлтаным!
Ұраның болған орта жүз.
Орта жүздің ішінде
Қыпшақ ұзын бабамыз.
Ұзыннан бергі неше ата
Жоқ еді бір қатеміз.
Орта жүзге белгілі
Ел билеген атамыз.
Жеті атасы қан болған

163
Шынжырлы қара жотамыз.
Орда босап орнынан,
Болмай қалды сапамыз,
Тау ұшқандай орнынан,
Босап қалды ортамыз.
Тұлпар қашып тұрмайды,
Сұрау салып айтамыз.
Тұғырдан ұшты ақ сұңқар,
Көргенің бар ма, жұртымыз?!
Өрт шыққан соң ордадан,
Қайғы-қасірет тартамыз.
Мен жыламай қайтейін?!
Үміт еткен жұртына
Жеті атадан қара аруақ
Қалып еді артына,
Әділдікпен ел билеп,
Тартып еді салтына,
Жеті атасы қан болған,
Жетесі жақсы арыстаным,
Қашан тарқар қапамыз?
Сұлтанымды сұрасаң,
Ақылы толық кен еді,
Сайасатын сұрасаң,
Патшаменен тең еді.
Түзу байқап қараңыз,
Арғын, қыпшақ ішінде
Адамнан асқан кім еді?
Шалқар көлдің ішінде
Ел сиярлық кеме еді.
Залалы жоқ адамға
Аспан жерден кең еді.
Билігі һаққа мағұлым,
Ізгілігі мол еді.
Әкім болып қалқына
Айтқан сөзі ем еді.
Орыс, қазақ жақсысы
Бір өзіне тел еді.

164
Өзі баққан еліне
Сауабы қайыр кел еді.
Арыстан туған сұлтаным
Алтын болыс Қыпшақтың,
Тірлігі болса ол жақтың 
Мұсылманның баласын
Ұстап беріп кәпірге,
Жылатпасын деп еді.
Мен жыламай қайтейін?!
Орта жүздің ішінде
Обалы сеңгір бел еді.
Жауға жұтын бермеске
Көрмеге мысал көл еді,
Жыламай, нағып шыдайын?!
Арыстан туған сұлтаным,
Рүстем дастан секілді
Сақып қыран ер еді.
Бұл өлекет заманда
Ақыл бар ма адамдар?
Армансыз жан болды ма
Он сегіз мың ғаламда?
Қасірет батты жаныма,
Шешіліп ұшқан ақ сұңқар,
Ғайып болды ұйадан.
Іңкәр қылып ізіне,
Орын алды қыйадан,
Қол жетпеген жиқанға
Мекен етіп санадан.
Нәсіп болып шараптан,
Әпсісін кесіп дүниеден.
Бақша, сарай аралап,
Қанды мейірі миуадан.
Тұлпар қашып көліне,
Шығып кетіп айадан.
Жолдастың жоғын көп іздеп,
Табысушы еді қыйадан.
Мен жыламай, қайтейін?!

165
Пырақ мініп іздесем,
Шырақ жағып кездесем.
Жұрт айтуы шын болса,
Кеткен шығар сұлтаным
Біз жетерлік шамадан.
Арыстан туған қорғаным,
Заманында наркескен
Сынды болат сағадан.
Уа...дариға, ғазизім, 
Нешік болды қаліңіз
Жау алғанда жағадан?
Сұлтанымды сұрасаң.
Ақылы толық орасан.
Орта жүздің ішінде
Жоқ еді бақта таласың.
Бір жасыңа келгенде,
Ата-анаң көңілі май болды. 
Жеті атадан бақ орнап,
Әр түлікке сай болды.
Кемдік көрмей дүниеден
Жұрт қатары бай болды.
Туғаннан тура талпынып,
Құр аттан туған тай болды.
Он жасына келгенде,
Жүрген жері той болды.
Биіксінген қандай бел
Сұлтаным шықса, ой болды.
Айдындағы Алашқа
Шұбар ала ту болды. 
Шалқар көлдің ішінде
Жалғыз қонған қу болды.
Мен жыламай қайтейін?!
Арғын, қыпшақ ұлына
Беріп тәңірі пиғылы,
Он төрттен туған ай болды.
Уа, дариға, ғазизім,
Қабыл болмай ғазалым,

166
Сұлтанымнан айрылып,
Көрдім дүние азабын.
Қаптың тауы секілді,
Дұшпанға қарап мезелім,
Орта жүздің ішінде
Көпке мағлұм озғаның,
Кем кедейдің баласын
Жинастырып тозғанын.
Білінсе, басып таптадың
Ел арасын бұзғаның,
Белдеуімнен ат кетпей,
Шығарып жердің тозғанын
Сұлтанымның барында
Сақарада сайран базарым,
Жетім менен жесірге
Рақымды назарың.
Мен жыламай, қайтейін?!
Арыстан туған сұлтаным,
Тірі де кетпес қуғаның!
Айналайын жұртым-ай,
Түнім базар, күнім ай
 Кеткенің бе заманым?!
Сұлтанымды сұрасаң,
Айтайын, жұртым, тұрасын;
Қан жұтамын қайғымен,
Ішімнің білмей толысын.
Ғажап болды өлімнің
Арғын, қыпшақ туысың.
Шетке шықпай, ортада
Жақпады кімге бір ісің?
Көпті қармап не нетейін,
Өзіңмен өкпе табылсын.
Екі көздің біреуі – 
Тілеулінің баласын,
Бар білгені сол ма екен,
Өлімнің тауып қыйасын,
Мерген алып аулады,

167
Өзінің бірге тумасын.
Құдайдан қорқып, әруақтан
Ұйалмаған оңбасын!
Уа... дариға, ғазизім,
Болдыңыз қалай жазадан?!
Қанша айтсамда қақ ісі –
Күн біткен соң қаза да.
Орта жүздің ішінде
Нәсілің қыпшақ таза еді.
Пайдасы көп қалқына,
Залалы жұртқа аз еді.
Бір біз емес, орта жүз
Маңдайына сыймасы.
Әкім болды алды кең,
Шыбыны жоқ жаз еді.
Әділдіктен аумаған
Үкіметлі қазы еді.
Жұрт бағуға жалықпай,
Жоғары-төмен қалықтай,
Балапанын ерітіп, 
Шалқар қонған қаз еді.
Мен жыламай, қайтейін?!
Арғын, қыпшақ ұлының
Құрмет етіп түсіріп,
Көкорай біткен саз болды.
Қадірін біліп қалқыңның,
Мейманын күтіп алғанға
Қалық қарындас мәз болды.
Уай, дариға, сұлтаным!
Қайратың асқан арыстаным!
Өлгенімше үзілмес
Ғазизім үшін дастаным!
Даңқың шыққан ғаламға
Мемлекет қалқын ұстадың.
Қамал бұзып бақадүр
Қаншама әскер бастадың
Қараңғы тұман желдетіп,

168
Жарлығы келді патшаның, – 
Он сегіз бен отыз бір
Кереге болмай басқаның,
Тауды ұшырған қақарың
Құйындай көріп, саспадың.
Жұртыңды қорқып бермедің,
Қорыққанға азып ермедің,
Қарсы тұрып кәпірге,
Қылмадың ісін басқаның
Зақар шашқан аузынан
Николайдан қашпадың.
Алпыс мыңдай әскермен
Қаласы еді шапқаның,
Азаматы Алаштың,
Басыңды қорып, тоспадың.
Мен жыламай, қайтейін?!
Кәпір менен мұсылман
Арасында нұсқа едің!
Жалғыз жылға жүргізіп
Уалайыттың аспабын,
Қой үстінде бозторғай
Жұмыртқалап ұшқанын.
Заманы болып, қолы жетті.
Ұзын менен қысқаның.
Уа, дариға, ғазизім,
Жазира еді бос атаным.
Сайраған бұлбұл сықылды,
Раушан жарық күндерім,
Кескен дарақ секілді,
Төгіліп қызыл гүлдерің,
Сағындырып жұртыңды,
Қасіретке күйдірдің!
Деген нақыл бар еді.
«Суменен балық тірілген».
Артыңда қалған жұртыңды
Иесіз қалар демедің.
Сынған соң тұлпар тұйағы,

169
Үрпиіп қалды елдерің.
Қаз бен күн кеткен соң,
Күңіреніп қалды көлдерің,
Дарақ ұшып түскен соң,
Көрінбей биік белдерің.
Мен жыламай қайтейін?!
Орта жүздің ішінде
Осынша қол жеткісіз
Қоңыраулы бұйра нар еді.
Теңіз қайнап тасыса,
Су шықпастай жар еді.
Момындарға көл дариа,
Зұлымға тым-ақ еді.
Ел ішінде бұзыққа
Көкпен ұшса – тор еді,
Жермен қашса – ор еді.
Мен жыламай, қайтейін?!
Әділдікпен ел жинап,
Үкіметі зор еді.
Уа, дариға, сұлтаным,
Заманыма қауіптің,
Әдепті емес қалықтың
Ортадан ойып жол салдың,
Сақып қыран атандық.
Мұсылманның ұран –
Шұбар ала ту алдың.
Жау көрмесең – жабығып,
Әскерді көрсең – қуандың.
Сарбаз жинап түзеттің
Майданды қанмен бойадың.
Алтын, күміс, болатты
Әскербасы безедің.
Жай оғындай жайнаған
Мылтық берен кезедің,
Найзағайдай ойнатып,
Саргерді ала неше алуан
Күннің көзін алдырып

170
Майданды жердің тозаңын,
Толғамалы ақ сүңгі
Иесін сайлап найзаның,
Балдағы алтын ақ болат,
Белінде бектер, мырзаның,
Сайран қылдың дүниені,
Ғасірет етіп болжадың
Мен жыламай қайтейін?!
Ақыры тартып салтына қаза тапты...
Шейіт болып ғазизім,
Жолын жуып қамзаның!
Уа, дариға, сұлтаным,
Түйілді дүнием шешілмей,
Қараңғы тұман түсті ғой,
Айсыз бұлт ішіндей.
Тоқтап қалдым айрылып,
Ауған керуен көшіндей.
Теңізде жүрген күнім-ай!
Жаббардан қорқып кеше алмай.
Орта жүздің базары
Ат кетпеген көшедей.
Алды кетті төлімнің
Алыста тойат баса алмай.
Қанаты тегіс шықпаған
Балапандай ұша алмай,
Біз бір ғаріп биікке
Шығып кетіп, түсе алмай,
Жүректегі қайғы, дерт
Дауалы дәрі іше алмай,
Айналайын жұртым-ай,
Сұлтанымнан айрылып,
Тірі отырған жайым бар
Аллаға күнді піше алмай!
Уа, дариға, ғазизім,
Қайғың есті тандырды-ай!
Зақар түсіп асыма,
Өзегімді жандырды-ай!

171
Ақырын Құдай бермесе,
Қара басым қаңғырды-ай!
Ағайын түгел күйініп,
Орыс, қазақ қайғырды-ай!
Мен жыламай, қайтейін?!
Ішіме зақар қайнаған,
Төгіліп ұшқын жайнаған,
Қасіретімнің шеті жоқ,
Азабымды тартқанша,
Жерге тартқан қарындай!
Арыстан туған сұлтаным.
Ұран да болдың орасан
Мың жылқының тауындай.
Көпке пайдаң көп еді.
Көктегі жауындай,
Мен жыламай, қайтейін?!
Орта жүздің баласы
Тұрғаны бар ма налымай?!
Ертеңді – кешті зарламаймын,
Көзімнің десеңіз, қайтейін,
Қан қуса құтып қойайын,
Екі көзден қан төгіп
Қайғыменен ойанып.
Бағыз қанын ағызып,
Көкіректе шыбын жан
Садағасы қылайын.
Бағыз қанын пора ғып,
Қанды жасты құйайын.
Айналайын жұртым-ай,
Сұлтаным үшін бұл жанды
Аз ғана күн қыйайын.
Қарсы болса шарғыға,
Көптің сөзін тыңдайын.
Жұрты үшін сабылған,
Мекені үшін шабылған,
Шапағат еткейсің,
Қадірі мәулі іңкәрім!

172
Саламат бер иманын.
Күн болды ма бұ күнде
Көп айтқан соң қоймаса,
Қақтың ісі болған соң,
Көздің жасын тимасқа,
Сұлтанымнан айрылып,
Болғаннан соң жан басқа.
Біз шырмауық секілді
Талға барып асылған.
Тәубамыздан жаңылып,
Жоқ еді жерім тасыған.
Болмашыдан дық болып,
Көңілім сонша басылған
Ғазабында кәпірдің
Оғы тимей ұсынған,
Есіл сабаз ер қайда,
Самары болды жасыған.
Айналайын жұртым-ай,
Қабырға сайын қайғым бар.
Омыртқа сайын уайым бар.
Күн батқан соң, раушан
Бірден болған ойым бар.
Тұлпарынан айрылып,
Бас білмеген жайым бар.
Мен жыламай қайтейін?!
Ел ішінде тең емес,
Ауданы бізден кең емес,
Мен жақсымын дегенге
Дық болмады елемес.
Тілеулінің баласы.
Бұған көніп отырған
Көрген күнің күн емес!
29
29
 1916-ншы жылғы 25 иіуіннің жарлығына Торғай уезі қарсы болғанда, Әбдіғапар 
елге басшы болып, пеуірал төңкерісіне дейін үкімет әскерімен соғысып келген. 
Торғай елі Әбдіғапарды қан сайлаған. 1920-ншы жылы өлген. Әбдіғапар – ұзын 
Қыпшақ. 
Қ.б.

ТАБЫлҒАН ТУЫНДЫлАРЫ

174
«Табылған туындылар» атты бұл тараудың осылай аталуы- 
ның өзіндік ерекшелігі мен түрлі себебі бар. 1). Ахаңның есімі 
ақталғаннан  кейін  шығармаларын  қайта  бастыру  жұмыстары 
қолға  алынды.  Жинақтар  қысқа  мерзімде  басылғандықтан, 
ғалым мұрасы мұрағаттардан жинастырылып үлгермеді. Жабық 
қорлар тіркеуіндегі кейбір мұраға арнайы мекеменің ұлықсаты 
қажет болды. 2). Тәуелсіздік кезеңдегі ғалымдар арасында Ахаң 
емлесін танитындар некен-саяқ болғандықтан, Алаш мұрасын 
танып-оқуға, зерделеуге, сараптауға біршама уақытпен қатар, 
пайымдаулар  керек  болды.  Өйткені,  кітаптар  төте  (арабша) 
жазумен  басылғандықтан,  оқып  шығуға  «екінің  бірінің  тісі  
батпайтын». 3). Гуманитарлық білім саласында ізденіп жүрген 
кейбір жас зерттеушілердің БАҚ-та тұлғалардың тың туынды-
лар  туралы  мақалалар  жарияланғанына  қарамастан,  ғылыми 
ортада бұл деректер бірде еленсе, бірде еленбеді. Оған басты 
себеп,  алынған  материалдың  дерек  көзі  анық  көрсетілмеуі, 
біржақты баяндалуында болды. 
Сонымен  қатар,  кейбір  көрсетілген  сілтемелердің  ала-
құлалығы:  тура  аталмауы,  мұраларды  сараптауда,  оның 
ғылыми  айналымға  түсуіне  біршама  кедергілер  келтірді. 
Мәселен,  «Байқаушы»  бүркеншік  есімін  зерттеушілер  бірде 
«Міржақыптыкі» десе, тағы бірде «Ахметтікі», не «Әлихандыкі» 
деген  болжамдар  ұсынып  отырды.  Десек  те  талай  жылғы 
ғылыми-зерттеулерді салыстырылуы негізінде, бұл бүркеншік 
аттың «Ахмет Байтұрсынұлына» тән екендігі анықталды. Әрі 
осы атпен 1915-1916 жылдары «Қазақ» газетінде жарық көрген 
үш өлеңі, ғалымның бес томдық шығармалар жинағының 3, 5-
ші томына енді. Бірақ, 2006 жылғы басылымның таратылу тира-
жы – 2000 дана ғана. 1989, 1991, 1992 жылдары қайта басылған 
туындылардың  тиражы  10 000-20 000  данамен  таратылса, 
кейінгі ХХІ ғасырға аяқ басқан тұста жарық көрген кітаптардың 
тиражы  күрт  қысқарды.  Мұндай  ауытқушылық  кітапқа 
сұраныстың  төмендеуінен  емес,  жаһандану  заманындағы 

175
адамзаттың  қоғамдағы  жаңалықтарды  қабылдауында  ақпа- 
раттық  жүйеге  көбірек  ден  қоюынан  болса  керек.  Өскелең 
ұрпақтың ғаламтордағы жаңа сипаттағы электрондық кітапқа 
жүгінуі  себепті,  баспаханалық  кітаптың  шығарылуы  күрт 
төмендеді. 
Жалпы,  басылып  шыққан  кітаптар  өміршең.  Оған:  мұра- 
ғаттардағы  қатталған  кітаптар  куә.  Мәселен,  кітап  бастыру 
жұмысы  ХІХ  ғасырдан  бастап  қолға  алынғаны,  1807  жылы 
«Сейфул-Мәлік»  кітабының  тұңғыш  рет  басылғандығы  тура-
лы мәлімет бар. Бұл кітаптарды оқу қолайлы, әрі денсаулыққа 
қандай да зияны жоқ. Әлі осы кітаптарды «шырақ алып жүріп» 
іздейтін боламыз... Тасқа қашалған жазулар мен басылған кі-
таптарды  мәңгілік  десек,  артық  айтқандық  емес.  «Қаламмен 
жазылғанды, балталап өшіре алмас» деген осы болар, сірә! Сон-
дай-ақ, Алланың сөзін хақиқат деп таныған киелі төрт кітаптың 
ұрпаққа жалғасуы баспа жұмысы арқылы іске асты емес пе?! 
Ендеше, кітап – біздің өткеніміз, бүгініміз һәм болашағымыз. 
ДАҒДАРЫС
Ой Алла, заман нендей түрленіп тұр,
Айтуға тілің жүрмей күрмеліп тұр.
Оң-теріс, обал-сауап құр сөз болып,
Сан заттар «сап» деп жүрген кірленіп тұр.
Көпірген көп қиалдар жел болып тұр,
Негіздік «күрес» пенен «бел» болып тұр.
«Қанқұмар Шыңғыс пенен Темір еді,
Несі одан бұ күнгінің кем болып тұр».
«Мысықтар» Арыстанға жем болып тұр,
Көз жасы көртышқанның көл болып тұр.
Айырылып атадан ұл, құстан сыңар
Алысқан «ауру» «сау» тең болып тұр.
Бәйгеден қосқан жерде күш келіп тұр,
Жолдасып қанша нәрсе істеліп тұр.

176
«Ғайса» жоқ, «Мұхамбетті» қатал дейтін,
Байағы «Абыл-Қабыл» тұс келіп тұр.
Мың қоссаң бәйгеден күш, мың келіп тұр,
Өтірік қатарласып тең келіп тұр.
Томардай үкі тағып, тұмар байлап,
Қосқанмен алдында қай шын келіп тұр.
Жер жүзі қызыл қанға бойалып тұр,
Ес кетіп, ескі намыс ойанып тұр.
Үлгілі Еуропа ұлттарынан,
Үлгі ал деп айтуға ауыз ұйалып тұр. 
(Қазақ, № 161, 1915).
ҚОЯН
Мұз төсеп, қармен басып, құбан қып тұр,
«Мал құтын ойсыратам, ойам» деп тұр.
«Қабанды қоймен өтсе имену жоқ,
Бір жайып жүрегіңді қойам» деп тұр.
Ала көз қимасыңа жетіп алып,
«Малды алып, адамыңды ашықтырып,
Қырамын бәріңді де жойам!» деп тұр.
Ал, Алаш, білге салып, бермен жібер!
Ол қай бір-біріңе неге тобам» деп тұр.
«Әй мұжық, сіз де мына біл!» деп отыр,
«Сөзімді құлағыңа ал!» деп отыр.
«Қорқытып қазақтардан көп қолқа алғыш,
Атақты мен ақ қойан жыл», деп отыр.
Мұжықтар: «Мынау астық, анау пішен!
Солардан өнгендей сен кім?» деп отыр.
«...» да адам қор нар аң ба әйді?» деп,
Кемсініп, келемеж ғып, ендеп отыр.
Қай қазақ нақ осындай балуан боп,
Қойанға қарсылық қып үндеп отыр.
(Қазақ, №163, 1915).

177
ТУҒАН ТІлІМ
Кенің бай, келімің мол, туған тілім!
Дыбыстың теріп сөз ғып, буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен тосып құтыла алмас қусам білім.
Қонып тұр, ордаң міне, жаңа жұртқа,
Салып тұр ұлың «қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң, есігім бос, ен деп ұлтқа.
Балықтай жүзіп адам, құстай ұшқан,
Түндігің ашулы тұр күн-батыстан.
Ғылым мен кереметтің кенін тапқан,
Нұр кірер білім, өнер мол жақ тұстан.
Кірлетпей келген сақтап анам бұрын,
Ордаңды шала қоймас енді құрым.
Алыстан әлде қандай жат көргенсіп,
Кіргендер тамсанатын танып сырын.
Біреулер мұнараға «мінетін-ді»,
Құрындай деп жыр дегбеге күлетін-ді.
Биіктен төмен түсіп қарағанда,
Көзінің жаңылғанын білетін-ді.
Кемсініп көбің ордамды адасқандар!
Тіліме жау боп найза қадасқандар!
Бір айттым, екінші айтам, бұл үшінші,
Жорта бер, жолың алыс, адассаңдар.
Мен болман болдырамын «татар» десең,
Мен жатпан «бір бөлмеңде» жатар десең!
Өтпеймін тамағыңнан «жұтам» десең,
Жолым бір, қолым міне, «қатар» десең!».
(Қазақ, №167, 1916).

178
ШЕКІСПЕЙ, БЕКІСПЕЙДІ
«Қазақтың»  162-ші  нөмірінде  басылған  «Медресе  Ғалиа» 
шәкірттерінің хаты туралы әріптестеріміз «Уақыт» газетасының 
бетінде  түрлі  сөздер  айтып  өтті.  Бұл  сыйақты  сөздер  газе-
та  жүзінде  болғанымен,  ауыз  айтылуы  «Қазақ»  газетасы 
шыққаннан бері бар еді. Енді ғана газета жүзінде шығып отыр. 
«Бүйректен сирақ шығарған» сыйақты – татардан бөлек өз ал-
дарына әдебиет түзейін деп жүрсіңдер деп, газета шыққаннан 
бері ноғай бауырларымыздың «білімдімін» дегендерінің көбі-
ақ айтып келеді. Ана жылы Упаға бардым. Онда да осы сөз ал-
дымнан шықты. Былтыр Садри әпенде Мақсұдовты көрдім. 
Ол  да  көргеннен  сөзін  осыдан  бастады.  «Уақыт»  бетінде 
болған ереуіл сөздер, бұ да сонан шығып отыр. Әйтпесе, қазақ 
баласын қазақша оқыту керек деген сөзден дау шықпасқа тиіс 
еді.
Олай  дейтінім  «Қазақ»  балаларын  бастауыш  мектепте 
ана  тілінде  оқыту  керек  деген  сөз  «Қазақ»  бетінде  сөйленіп 
отырғаны  жалғыз  бұл  емес  еді,  ауылнай  ышколдар  туралы 
да  талай  айтылып  еді.  Әуелі,  қазақша  оқу  деген  сөз  «Қазақ» 
газетасының  бетінде  шығып  отырғанда  даулы  болатын  орны 
жоқ. «Қазақ» қазақша шығып отырып, қазақша оқу керек десе, 
ол онша қалыптан тысқары сОрақы көрінерлік нәрсе емес еді. 
Екінші, басқа газеталар жүзінде бола қалса да, дау шығаратын 
орны тағы жоқ еді. Өйткені, бастауыш мектепте балалар ана 
тілінде  оқуы  тиістілігі,  миссионерлер  болмаса,  басқалар  та-
ласпайтын  ақиқат  еді.  Үшінші,  шәкірттердің  хаты  татар 
мұғалімдеріне емес, қазақ мұғалімдеріне жазылған ат еді. Олай 
болса,  ноғай  бауырларымыздың  шиқанының  аузын  жұлып 
алғандай онда еш нәрсе жоқ еді. Төртінші, татар мұғалімдері 
туралы  айтыла  қойғанда  да  ана  тілінде  оқудың  артықшылғы 
мұғалімдер  үшін  неге  құрбан  етілмейді  деп  өкпелеуге  орын 
жоқ еді. Өйткені, қалық мұғалімдер үшін қалық болып отырған 
жоқ, мұғалімдер қалық үшін мұғалім болып отыр еді. Даудың 
асыл түбі шәкірттердің қатында емес, қазақша газета һәм кі-
таптар  шығып  отырғанында.  Қазақша  кітаптар  һәм  газета 
шықпаса, шәкірттер балаларды қазақша оқыту керек деп та ай-

179
тпас еді. Сөз түбі бізге тірелетін болған соң, қазақша газета һәм 
кітаптар шығарып отырған біз сөйлеп, газета һәм кітаптардың 
неге  қазақша  шығарып  отырғанымызды  байандап,  даудың 
түбін  арылтпасқа  болмады.  Мұнан  былай  да  сәл  нәрседен 
осындай ереуіл сөздер шыға бермес үшін, анықтап ашып, бір-
жолата кесіп айтпасқа болатын емес. Қазақша газета һәм кітап-
тар  шығарғанымызға,  қазақша  оқығанымызға  өкпелейтіндер 
біржолата өкпелеп күдерлерін үзер, өйтпесе қазақ үшін татар-
ша газета һәм кітаптар шығару амалын тауып берер, болмаса, 
қақтықпа сөздерін қойар.
Біздің  ойымызша,  неге  қазақша  газета  һәм  кітаптар 
шығарасыңдар  деп  өкпелеу,  қазаққа  неге  газета  һәм  кітаптар 
таратасыңдар деп өкпелеумен бірдей. Қазаққа газета һәм кітап 
қажет емес деу керек, қажет болса, ол газета мен кітаптар қазақ 
тілінде шықпайынша шарасы жоқ. Басқа тілде шыққан газета 
һәм кітаптар қалық ықыласын түсіре алмайды. Қалық ықыласы 
түспеген  газета  һәм  кітаптар  қалыққа  тарап,  оқылмайды. 
Қалыққа таралмаған газета һәм кітаптар пайда болады деп айта 
алмаймыз. Егерде осы шығарып отырған газетамыз татар тілін-
де шықса, Түркістанда шығып тоқтаған газеталардың айағын 
құшар еді. Бұл – бір. 
Екінші,  қазақша  газета  һәм  кітаптар  шығарып  отырған 
біздер,  татарша  газета  шығарамыз  десек  те,  шығара  алмай-
мыз.  Олай  болған  соң  қазақ  қалқы  татарша  газета  һәм  кі-
тап  шығаратын  болса  туын  көтеруге  керек  болады.  Татар 
бауырларымыздың қазақ үшін татарша газета шығаратын көңілі 
болса, мезгіл жеткілікті еді. Татар үшін талай газеталар шығып 
жатты, бірақ қазақ үшін шыққан газета да көре алмадық. Қазақ 
мәселелері  үшін  газеталарымыздың  бір  бұрышын  бер  деп, 
сұраған  қазақтарға  да  қазақ  мәселелері  оқушыларымыздың 
керекті мәселе болмаған соң, керексіз сөзбен газетаның бетін 
алдырсақ, оқушыларымызға жәбір болады деп, оны да қабыл 
етпеген. Қабыл етпеулері газетаның бір бұрышын қимағандық 
емес, газета мәселесі сыймағандықтан. Қазақ үшін өз алдына 
газета ашпаса, татар газеталарының бір бұрышына сыймайды. 
Газеталарының бұрышын бер деп сұраушылардың сұраулары 
білместік, біздің қазақша газета шығаруымыз қыйсық болып, 

180
әлде  болса,  татар  бауырларымыздың  қазақша-татарша  газета 
шығарамыз десе біз тоқталдық. 
Біздің  қазақша  газета  шығаруымызды  «бүйректен  сирақ 
шығару» деу де жетіспегендік, қазақ пен татар тілі бүйректей 
бірігіп тұрғанда, біз келіп газетаны қазақша шығара бастасақ, 
сонда айтылса, дұрыс болар еді. Бүйректей болып жігі бірік-
кен  қазақ  пен  татарда  тіл  жоқ.  Бұған  дейін  бірікпеген  тіл 
жігі,  мұнан  былай  да  екі  қалық  тең  жасап  отырса,  бірікпей-
ді.  Тең  жасамай  бір  жағы  кем  жасаса,  келесі  артық  жағынан 
аударылмақшы, Мақсат қазақ тілін татарша аудару болса, та-
тарлар қазақ жұртының қатар жасамасына тырысу керек. Оны 
істемей, қатар жасауын тілесе, тіл жігі осы күйінде кете бермек-
ші. Өйткені, қазір жұрттың бәрі тырмысып, ілгері ұмтылып жа-
тыр. Бұл күнде айанбай жатып қалған жұрт, кетіп бара жатқан 
жұрттардың айағының астанда қалмақ. Қазақ қалқы болып жа-
саймын десе, ілгері ұмтылып талпынатын кезі осы. Жайғасып 
жататын бұрынғы кеңшілік заман жоқ. Басқа жұрттың екпіні 
жатқызып қоймайды. Газета һәм кітаптар қалық ойанып ілгері 
ұмтылуына себепші зат болса, олардың да шығатын кезі осы 
шақ. Сондай заманда «шай алмасақ қант та жоқ» деп отырған 
осы күнгі саудагерлер сыйақты. Татарша болмаса, газета да, кі-
тап та жоқ деп татар тілін білмейміз деп қамалып, біз отырсақ, 
татар үшін ол жағымды болса болар, бірақ қазақ үшін қалай 
болады? Құрбандық тым зор болмас па?!
Қазақтың татар болуын тілеушілер ертерек ойанарға, ерте-
рек ойларға керек еді. Көбінесе қазақтың елтірі, сең-сең, 5-10 
тиын садақасын жыйыуды мақсұт көрген «азғындарыңды жі-
бермей, медресе, мектеп ашып, қазақты татарластыру жолында 
еңбек етерлік идейа иесі «адамдарыңды» қазақ ішіне жіберіп 
іс қылу керек еді. Сонда қазақтар бүгінге дейін не татар тіліне 
ауып болар еді, йа татар әдебиетін түсінерлік адамдары көп бо-
лып, қазақша газета шығарудың қажеті болмас еді. Сонда һәм 
қазақ көзін ашқан біз деп зілденулерің де орындырақ болар еді. 
Ондай еңбек сіңірмей, қазақты адам қылған біз едік деген сөз 
байағы «ноғай мен қазақ айтысқан» өлеңдегі сөздерге ұқсайды. 
Біреуді  адамдыққа  жеткізу  әуелі,  өзінде  адамдық  боларға  ке-
рек. «Қазақтың» татар матбұғатына еркелерлік қақы жоқ, тиісін 

181
айтуға  қақылы.  Біздіңше  баласы  ғана  ата-анасына  еркелейді. 
«Қазақты» тудырған татар емес, татар тәрбиесінде өскен жұрт 
та  емес,  татар  әдебиетінен  үлгі  алған  адамдар  да  емес.  Сон-
дай болған соң «еркелеу» деген сөздің қанша орынды-орынсыз 
айтылғанын айыру қиын да емес. 
Қысқасы,  басқалар  қалай  ойласа,  олай  ойласын.  Қалай 
сөйлесе,  олай  сөйлесін.  Татар  тілін  қабыл  етпесең,  саған  га-
зета да, кітап та жоқ деп қазақты бір жарға қамай алмаймыз. 
Олай саудаласуға уақыт тар. Барымызды «ал» деп алдына са-
лып,  жалынып,  тезірек  алғанына  Алла  разы  болсын  айтып, 
тапқанымызды  бере  беру.  Біздің  бұлай  істеуіміз  басқалардан 
бөліну үшін емес, амалсыз «барымен базарлау». Мұны басқаша 
түсінетіндер болса, татар тілінде қазаққа газета һәм кітаптар 
шығарып, қазақ ішіне таратып, міне деп, бізге жол көрсетсін. 
Әйтпесе, арзан пәлсапа алысқа апара алмас.
Біздің  әуелден-ақ  айтып  келе  жатқанымыз,  қатар  жүріп, 
аптықпай екі жұрттың да тең жасап, көркейіуіне қолдан кел-
генін  істеу.  Татар  балаларын  татарша  оқытқанына  қазақ  іші 
тарылмай, қазақ балаларын қазақша оқытқанына татар іші та-
рылмай, көңіліміз кең болып, жасауымыз тең болса, бетіміз де 
жөн болар. Оны азсынсаңыздар өздерің білесіңдер. Қайырлы 
сапар болсын дейміз!
1916 жыл.

182

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет